Қант қызылшасы жылу сүйгіш өсімдік



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Орман, жер ресурстары және фитосанитария факультеті
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Алматы облысы Алакөл ауданы жағдайындағы қант қызылшасының негізгі зиянкестері мен аурулары және оларға қарсы қорғау шараларын ұйымдастыру
Орындаған студент______________ 4 курс, мамандығы, 5В081100 - Өсімдік қорғау және карантин
Жұмыс жетекшісі _______________________Бекназарова _З.Б____РНD ксхн_______________________________ ______________
(тегі, есімі, әкесі, ғылыми дәрежесі мен атағы, қолы)
Диплом жұмысы қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі ___________________________________ _________
(тегі, есімі, әкесі, ғылыми дәрежесі мен атағы, қолы
___ ______________2019 __ж.

Алматы 2019 ж.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
факультеті

мамандығы ___________________________________ _______________________________
___________________________________ ________________________кафедрасы

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
(аты-жөні)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жұмыс (жоба) тақырыбы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
___________________________________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ _______________________________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Университет бойынша 20___ж __________________ № _____ бұйрығымен бекітілген

Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 20___ж __________________

Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері:
2018 жылы Алматы облысы Алакөл аудандық филиалында өндірістік тәжрибеден өткен уақытта жинақталған материалдар және ғылыми әдебиеттердің деректері.
Дипломдық жобада жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі___________________________________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ _________________
___________________________________ _______________________________
___________________________________ ______________________________
___________________________________ _______________________________
___________________________________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ _________

Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
___________________________________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ______________________________
___________________________________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ______________________________
___________________________________ ______________________________

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
___________________________________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ __________
___________________________________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ ______
___________________________________ _____________________________

Графикалық материалдардың тізбесі (қажетті сызбалар, суреттер, фотосуреттер) ___________________________________ _______________________________
___________________________________ _______________________________
___________________________________ _______________________________
___________________________________ _______________________________
___________________________________ _______________________________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер ___________________________________ ___
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
___________________________________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ _________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
___________________________________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ _________ ___________________________________ __________
Дипломдық жұмыс тарауларын орындау мезгілдері
Бөлімдер
Атаулары
Орындау мезгілі
I

II

III

V

VI

Тапсырма берілген күні ___________________________________ _________
Диплом жұмысының жетекшісі:
Қауым. профессор
Тапсырманы орындауға :

Жұмыстын (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшіле

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ГРАФИГІ

Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі

Ескертулер

Кафедра меңгерушісі___________________________________ _____________________
(қолы) (аты, жөні)
Жұмыс (жоба) жетекшісі___________________________________ ___________
(қолы) (аты, жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент___________________________________ _______________
(қолы) (аты, жөні)

МАЗМҰНЫ

1
Кіріспе
3
1.1
Ғылыми әдебиеттерге шолу
6
1.2
Қант қызылшасының биологиялық және өсіру технолгиясының
ерекшеліктері

8
2
Алматы облысы Алакөл ауданы ауданы жағдайының табиғи-географиялық жағдайы, климаты

14
2.1
Шаруашылық орналасқан жердің табиғи климаттық жағдайы.
17
2.2

Шаруашылық орналасқан жердің топырағы мен өсімдік жамылғысы.
20
2.3
Зерттеулер материалдары мен оны жүргізу әдістері мен тәсілдері
22
3
Негізгі бөлім

3.1
Қант қызылшасы егістігіндегі зиянкескестердің түр құрамы
27
3.2
Қант қызылшасы алқабында кездесетін зиянкестердің морфологиялық, биологиялық, қөректену ерекшеліктері мен таралуы
28
4
Қант қызылшасының жапырақ бітесіне қарсы қолданылған инсектицидтердің биологиялық және экономикалық тиімділігі
47
4.1
Тәжірибе қортындыларының экономикалық тиімділігі
49
5
Еңбек қорғау
54

ҚорЫтынды
59

Ұсыныстар
60

Қолданылғн әдебиеттер.

62

Кіріспе

Ауылшаруашылығының ең ірі салалары - егіншілік пен мал шаруашылығы бір - бірімен тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып отыратын салалар. Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен өзгешелігі - ол табиғатқа, ең алдымен топырақ пен ауа райы жағдайына тәуелділігі. Бұл саланың басты ерекшелігі мынада: егер өнеркәсіпте негізгі құрал-жабдықтар тозып, оны жиі-жиі алмастырып отыру қажет болса, дұрыс пайдаланса жер тозбайды, қайта жақсарып , жыл сайын оның құнарлығы арта түседі. Ауыл шаруашылығы дақылдарын қазіргі заман талабына сай нарықтық экономикалық бәсекеге байланысты, шығынды аз жұмсап, өнімді жоғарылату бүгінгі ғылымның басты бағыты.
Қазіргі кезде көптеген дақылдардың егіс көлемі қысқарып, өнімділігі төмендеп кетті. Сондықтан егістік жерден тұрақты және жоғары өнім алу үшін, дақылдарды зиянкестерден қорғау маңызды шара болып саналады. Дүниежүзілік егіншілік тәжірибесі көрсеткендей, өнім деңгейі қолданылатын агротехникалық, селекциялық және дақылдарды жүйелі қорғау деңгейіне де байланысты болады.. Әрі ауыл шаруашылығында өндіріс уақыты мен жұмыс маусымы өсімдік пен жануарлардың биологиялық өсіп-жетілі процесіне тәуелді. Халыққа - тағам, малға - азық, өнеркәсіпке - шикізат ретінде қажет өсімдіктерді өсіретін ауыл шаруашылығының бір саласын егіншілік екені мәлім. Егіншілікке егін егу , көкөніс, тамыр - түйнекті жемістер (қант қызылшасы), жүзім және тағы да басқа дақылдарды өсіру осы саланың басты міндеті және оның мақсатына - жерді тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдарынан жыл сайын тұрақты, сапалы, мол өнім алуды қамтамасыз ету. Соңғы уақытта нарықтық экономикаға байланысты ауыл шаруашылығы өндірісінде еліміздің азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында айтарлықтай өзгерістер болуда, осыған орай өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бәсекеге қабілетті өнім өндіру, аса маңызды ауыл шаруашылық дақыладарының заманауи технологияларын жасау және өндіріске енгізу бағытында ауыл шаруашылығы саласының алдына жаңа міндеттер қойылуда. Бұл қарастырылып отырған дипломдық жұмыста елімізде қант қызылшасы туралы айтылып, оның еліміздегі алатын орны, бұл дақылдың маңызыдылығы және оның өсіру технологиясы туралы қарастырылмақ. Қант қызылшасы елімізде Қазақстанның оңтүстік өңірінде, оның ішінде Алматы мен Байзақ облыстарында өсіріледі.
Еліміздің ауыл өндірісіндегі салалық қатынастар түбегейлі өзгеріп жатқан кезеңде ет, сүт, қант және тағы басқа өнімдер өндіретін фермерлер жаңа құрылымдағы төрт түлік малды жоғары сапалы азықпен қамтамасыз етуде өнімділігі мен белок шығымы жоғары, қарқынды технологияларға жарма және қант өнімділігін арттыруды қант қызылшасының маңызы өте зор. Осыған байланысты қант қызылша егістігін пайдалану тәсілдерін жетілдіру, жаңа технологиялар жасау, қант қызылшасының зиянкестермен күресу одан өндірілетін азық-түлікті арттырудың басты факторларының бірі болып табылады.
Қарқынды технологияның жетіспеушілігінен қолда барының талаптары орындалуының азық ысырабына жол беріліп отыр. Оның себебі қант шығымаы жоғары қант қызылшасының өнімділігін интенсивті технологияны қолданбаудан және олардың зиянкестеріне қарсы жаңа қарқынды технологияны пайдалану арқылы өндіріске енгізу шараларының әлі де дұрыс жолға қойылмауында.
Алматы облысында қант қызылшасының аудандастырылған өндірістік тиімділігі жоғары қант қызылшасы жаңа технологиямен егілуде. Бұлардың өнімділік деңгейі щаруашылық талаптарына сай. Осыған байланысты қант қызылшасының бұл аймаққа лайқты зиянкестерге басқа да түрлерін өндіріске енгізу өзекті мәселе. Шаруашылықтар қант қызылшасының суармалы егістігін тиімді пайдалану болып келеді. Сондықтан қант қызылшасын зиянкестерден қорғау, қазіргі уақыт талабына сай тек химимялық улы заттар қолдану арқылы өнімділігін арттыру шараларының бірі болып табылады.
Еліміздің оңтүстік, оңтүстік суармалы аймақтарында қант қызылшасын өндірудегі мүмкіндіктері айтарлықтай жоғары. Қант қызылшасының қанттылығы жоғары тұрақты мол өнім өсіру жөніндегі шаралар жүйесінде, өте сапалы әрі тұрақты өнім алуда, осы дақылдың тұқым шаруашылығы аса маңызды роль атқарады. Өнімнің өсуінің 100co агротехника, сорт, мелиорация т.б. шаралардың үлесіне тиеді деп есептегенде, дақылды зиякестерден қорғамаса сол өнімнің 70%-нан айрылып қалу қауіпі бар. Қант қызылшасы -- бағалы техникалық дақыл. Ол халық шаруашылығында ерекше орын алады. Тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде орташа есеппен алғанда 17-19 co қант болады[2].
Республикадағы барлық қант қызылшасы шикізат өндірісінің 60co жуығы Жамбыл облысының үлесіне тиеді. Қазақстанда 1990 жылы қант қызылшасының егіс көлемі 42 мың гектар болды. Оның 1981-1985 жылдар ішіндегі орташа өнімділігі әр гектардан 256 ц болса, 1990 жылы бұл 268 ц жетіп, 1127 мың тонна тәтті түбір жиналды [3, 4].
Қант қызылшасын өсіру әдісінде жұмсалатын шығынның аз, ал өнімнің өзіндік құны 2-3 есе арзан болуы, оның өсіру барысында қызылшаны сирету, жинау, бірлеу, тамыр жемістерін сақтау, көктемгі өскіндерін бірлеп, тұқымдық түйнектерін іріктеп алу, қайта іріктеу, отырғызу және зиянкестерден қорғау сияқты жұмыстарды уақытында жүргізу арқылы өнімді өндіру және қорғау қант қызылшасын өсірудің негізгі жүйелік технологиясы болып табылады.
Алакөл қант зауыты - агроөндірістік кәсіпорын 1934 жылы құрылған. Бағалы техникалық дақыл - қант қызылшасын өңдейді. 1960 жылы қайта жөнделді. Қазіргі кезде қант зауыты тәулігіне 3500 тонна қант қызылшасы мен 600 тонна қант шикізатын өңдеп, 500-550 тонна қант өндіреді. Жетісу өңірінде 1991 жылдан бастап қант қызылшасының екі сұрпы, яғни Авантаж және аудандастырылып себіледі.
Зиянкес тердіғ ішіндегі ауыл шаруашылық дақылдарының ішіндегі қант қызылшасына аса қауіпті зияндылық келтіріп, өнімнің сапасын төмендетуге себепші тобына жататын көптеген туыстастары және түрлері бар [5, 6]. Олар өсімдіктің тамырларымен, гүлімен, сабағымен, бүршігімен, тамыржемісімен, жапырағымен т.б. ағзаларымен қоректеніп өсімдіктердің өсуін тежейді. Сөйтіп, ақырында өсімдікті, кей кездері зиянкес жаппай көбейген кезде өсімдіктерді мүлдем жойып жібереді. [7].
Жоғарыда аталып өткен мәселерге байланысты қант қызылшасын зиянкес-бөжектерден қорғау шараларын ұйымдастыру үшін, зиянкес-бөжектердің түр құрамын, олардың биологиялық ерекшеліктерін, оңтайлы даму сатыларын анықтау тақырыптың өзектілігі болып саналады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Алматы облысы Алакөл ауданы жағдайында қант қызылшасы дақылын зақымдайтын зиянкестермен аурулардың түр құрамының тізімін жасау, биологиялық ерекшеліктерін, оңтайлы даму сатысын анықтау және зиянды түрлеріне қарсы инсектицидтерді пайдалану
Зерттеудің негізгі міндеттері:
- зиянкестер түр құрамы, биологиялық ерекшеліктері және
фенологиялық күнтүзбесін жасау;
- инсектицидтерді зиянкестерге қарсы сынау және биологиялық тиімділігін анықтау;
- қолданған инсектицидтердің экономикалық тиімділігін есептеу.


1.1 Ғылыми әдебиеттерге шолу
Бүкіл жер шары бойынша, жыл сайын қант қызылшасының өнімі зиянксткрден және аурулардың әсерінен 8,3% -ке кеміп отыратыны белгілі. Біздің елімізде, ауылшаруашылық дақылдарымен қоректенетін және зиян келтіретін 400-ден аса түрлі зиянкестер мен аурулар тіркелген, соның ішінде қант қызылшасымен қоректенетін - аса ең қауіпті 40 түрі кездеседі [8 - 16 ].
Орта Азия мен Қазақстанда қант қызылшасының зиянкестерін зерттеген ғалымдардың айтуынша қант қызылшасына 214 - 226 түрден астам бөжек зыйан келтіретінін анықтаған[17-18].
Қант қызылшасының зиян келтіретін зиянкестер таксономиялық дәрежесі бойынша, алғашқы орында қаттықантатылар тобының - 143 түрі, жалпы зиянкестер есебіне қарағанда (55,2 %), олардың - 70 түрі бізтұмсықтар туыстасына жатады. Қалған фитофагтар жартылай қатты қанаттылар - 34, теңқанаттылар - 31 және қабыршақ қанаттылардың - 31 түрі тіркелген. Сонымен қатар тікқанаттылар тобының - 13 түрі, жарғақ қанаттылардың - 3, екіқанаттылар, тері қанаттылар, трипстердің үлесіне, 2, 1 және 1 түрі тіркелген. Кенелер табының бір ғана түрі зиян келтіреді [19 - 21].
Қант қызылшасының фитофагтарын қоректену тізбегіне қарай екі топқа бөледі. Біріншісі олигофагтар - бұлар қант қызылшасымен қоректеніп және осы өсімдіктің туыстығына жататын басқа өсімдіктермен де қоректеніп тіршілік ететіндер ( алты нүктелі цикада, қызылша тамыр бітесі, қызылша және дала қызылшасы, қоңыр және қара бариды, төрт нүктелі, әдемі кші тамыр және кәдімгі бізтұмсықтар, минерлік шыбындар және тағы басқалар). Фитофагтардың осы түрлерінің саны - 51.
Олигофаг дегеніміз бір тұқымдасқа жататын бірнеше түрлі өсімдіктерді залалдайды.
Полигофагтарға барлық отрядтың (тура қанаттылар, тері қанаттылар, трипстер, жарғақ қанаттылар, қабыршақ қанатылар), тең қанаттылар, жартылай қатты қанаттыла, қатты қанаттылар, қос қанаттылар - осы аталған бөжектердің көпшілігі, өрмекші тәрізділірден Түркістан тор кенесі полифаг болып есептелінеді. Барлық полигофагтар (178 түрі) зиянкестердің 70% ғана қант қызылшасының әртүрлі мүшелерін зақымдап, зиян келтіреді [23].
Полифаг дегеніміз өсімдіктерді әр түрде жататын көптеген туыстармен қоректенеді. Қалған бізтұмсықтардың 31 түрінің қоректік тізбегі әрі анқыталған жоқ деуге болады, бірақ бұлардың барлығы олигофагтарға жатады.
Қазақстанның суармалы жерлдеріндегі егілген қант қызылшасының зиянкестерінің түр құрамын, көршілес жатқан Қырғыз Республикасның және таяудағы мемлекеттерде егілген қант қызылшасының зиянкестерімен салыстырғанда, солтүстік Кавказда, Ресейде 242 түрі кедеседі [24]. Оңтүстік Оралда - 95, Батыс Сібірде -102, Еуропалық аймақта, Ресейде - 250-ден астам, Украинада -188, Югославияда - 212, Оңтүстік Азияда - 94 түрі кездеседі [26-27].
Айта кететін жәй, жоғарыда аталған зиянкестердің қант қызылшаны барлығы бірдей залалдамайды. Соңғы 20-30 жылдай зерттеген еңбектерінде ауылшаруашылық маңызы бар қант қызылшасының фитофагтарын 3 топқа бөледі: біріншісі - қант қызылшасын өте қатты залалдайтындар; екіншісі - бірінші топқа қарағанда айтарлықтай зиян келтірмейді; үшіншісі - қант қазалшасының зиянкестерімен бірге биоценозда болғанымен зиян келтірмейді. Енді біз жоғарыда аталған үш топқа жеке-жеке тоқталамыз.
Бірінші топқа 17 түр кіреді. Олар: Түркістан торлы кенесі (Tеtrаnукtus turкеstаniсus), сары цикадасы (Емроаssа рtеridis), қызылша тамыр бітесі (Ремрнigus fusсiсоrniс), сары қызылша бізтұмсығы (Р.Соgnаtus), дала бізиұмсығы (Аdеlрнсоris linеоlаtus), дала бізтұмсығы (Lуgus рrаtеnsis), оңтүстік қандалалар (Снаеtоснема вrеviusсulа), кәдімгі қандалашықтар (С.Соnсinnа), кіші тамырбізтұмсығы (Ваtнуnоdеrеs fоvеiсоllis), кәідімгі қызылша бізтұмсығы (В.Рunсtivеntris), Түркістан бізтұмсығы (В.Suвfusсus), қоңыр қызылша бізтұмсығы (Tаnuмесus раlliаtеs (соnfехifrоns), қызылша сабақжемірі (Liхus suвtlis), күздік көбелек (Аgrоtis sеgеtuм) және беде көбелегі (Disсеstris trifоlli). Жоғарыда аталған фитофагтар жылда немесе кейбір жылдары қант қызылшасынының барлық жерде бірдей емес айтарлықтай өнім шығынына ұшыратып отырады.
Екінші топ 26 түрден тұрады. Олар кәдімгі бұзаубас (Сrуllоtаlра), төрт нүктелі цикадасы (Масrосtеlеs guаdriрunсtulаtus) және құрғұрт неоамтуры (Nеоаliturus орасiреnnis), қызылша бітесі (Арнis fарое), Түркістан жүгері сасық қоңызы (Реntоdом duвius), астық қоңызы (Суriореrtа glавrа), маусым қоңызы (Амрнiмаllом sоlistitiаlis), зиянды қоңыз (Раlурнуllа аdsреrs), ақ қоңыз (Раlурнуllа аlва), жетісу ақ қоңызы (Р.Irrаtаtа), Түркістан шыртылдағы (Аgriоtеs меtiсulаsus), қоңыр екпе шыртылдағы (Аgriоtеs sgуаlidus), марь қанқыз ( Вulаса liснаtsеноvi), құм медягі (Ораtruм sавulоsuм), батыс қызылша қандаласы (Ерiсаutа еrуtrосернаlа),қызылша қалқаншасы (Саssidа nевulоsа), қоңыр қалқан бариды (Ваris sсоlорасеа), шұбар слоннигі (Ulоваris lоriсаfо), жабайы көбелек (Еuхса соnsрiсuа), қырыққабат көбелегі ( Мамеstrа вrаssiсае), кіші жер көбелегі (Снlоridеа viriрlаса), жоңышқа көбелегі (Реgомуrа внуоsсiамi) және қызылша минер шыбыны. Жоғарыда аталған зиянкестердің көпшілігі қоректеніп қызылшасына қатты зиян келтірмей, үйлесімді қоректеніп қызылшаның ерекшеліктеріне байланысты. Оларды зақымдамай тіршілік ететіндер[28].
Үшінші топқа қант қызылшасының фитофагтарының 83,4%-ын құрайтын 217 түрі бар. Бұл өкілдерінің көпшілігі қант қызылшасына зиян келтірмей, осы дақылдардың бастапқы вегетациялық кезеңінде (2-3 жапырақ) жалпы табиғи бірлестіктің құрамын құрайды. Топтағы фитофагтар қызылшасының өнім беру (дәндеріне де) фазасына да индиферентті (дәрменсіз) екенін көрсетеді. Кейінгі 40 жылдай зерттеу арқасында фитофагтардың ауылшаруашылық маңызы бар 16,5% құрайтын 43 түрін мысалға келтіріп отыр. Осылардың ішінен 6,5%-ын құрайтын 17 түрін жеке атап зиянкестерге жатқызады, қалған 10,0% құрайтын 26 түрін факультативті организмге жатқызады [29 - 31].
Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның топырақтағы тамыр зиянкестері көбейіп кетеді де шығымдылығы күрт төмендейді. Ал бір орынға қайталап орналастыру қант қызылшасының қауіпті зиянкесі тамыр битінің көбеюіне себепші болады. Сондықтан, қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қоғауда ауыспалы егістің маңызы зор. Мысалы, қант қызылшасын жоңышқа қыртысының аударылған құйқасынан кейін орналастырғанда әр гектардан 564 центнер тамыр жеміс, ал бір танапқа қатарынан үш жыл сепкенде 60 центнер өнім кем жиналған [32].
Қант қызылшасына зиян келтірушілердің тең қанаттылар тобының бөжектері. Мысалы, қант қызылшасының маңызды мүшесін зақымдайтын тамыр бітесі (Ремрнigus fusсiсоrnis Косн), сол сияқты жапырақ біте (Арнis fавае Sсор) [32, 33].
Қант қызылшасының фитофагтарының арасында вирус және бактериямен ауыратын ауруларды тарататындары өте көп. Олар сары цикадалар, темекі трипсі, күңгірт неолитр, қызылша бітелері Жамбыл облысындағы тұқым шаруашылығында, қант қызылшасын 70%-ға зақымдап, алынатын түсімін 10%-ға кеміткен[34]. Осы тұрғыдан қарағанда да фитофагтардың өсімдіктен өнім алуда залалын тигізіп орасан зор зиянын тигізуде деп айтуға болады.
Көптеген ауыл шаруашылық дақылдарға залал келтіретін полифаг қабыршаққанаттылардың морфологиялық ерекшеліктеріне сипаттаммасына, таралуына, биологиясына, экологиясына жәни зияндылығына арналған әліметтерді ғылыми еңбектерден табуға болады[35].
Г.Х. Шектің (1975) Совки-вредители полей атты монографиясында Қазақстанда кездесетін 242 қабыршаққанаттыларға морфологиялық сипаттама беріп, олардың таралуына, өзгеретін санына, биоэкологиясына, әртүрлі болжау тәсілдерге және күрес шараларына тоқталған. Автор осы еңбекте қант қызылшасының зиянды қабыршаққанаттылардың жұлдызқұрттарын атап өткен.
Қабыршақ қанаттылардың жұлдыз құрттарының дамуына аймақтың климаты немесе сыртқы орта әсер етеді, ал олардың динамика саны физикалық пен энергетикалық факторға байланысты. Бұл фактор күздік көбелектің популяциясының морфологиялық қасиеттеріне әсер тигізеді. Кеміргіш көбелектердің ішінде ең көп таралған және қауіпті түрі - күздік көбелектің морфологиясы, биологиясы,дамуы, санына болжау мен хабар беру сонымен қатар күрес шаралары ұйымдастыру жазылған методикалық нұсқау жазылған [36, 37].
Қазіргі таңда өсімдік қорғау саласынының алдына қойылған стратегиялық мақсаты: агроценоздағы табиғи күштерді неғұрлым көбірек пайдаланып, зиянды организмдерге қарсы төзімділікті көтеріп, химиялық препараттарды рациональді және тиімді қолданып, биологиялық тәсілге көңіл бөлу болып табылады. Бұл принципті орындау үшін негізгі агротехникалық, биологиялық және химялық әдістерге элементтерді дұрыс пайдаланып өсімдіктерді интегральді әдіспен қорғаған жөн [38 - 49].

1.2 Қант қызылшасын биологиялық және өсіру технолгиясының ерекшеліктері.
Қант қызылшасы Қазақстанда 1932 жылдан егіле бастады және 2,2 мың гектарға егіліп, 50 центнер өнім жиналды. Сол жылдары Байзақ, Мерке, Шу, Алматы, Талдықорған қант зауыттары салынды. 1935 жылдан қант қызылшасын өсіру жалпы халықтық қозғалысқа айналды. 1936 жылы 9.4 мың гектар егіліп 302,5 центнер өнім жиналды. 1974 жылы Республика бойынша егістің көлемі 80,8 мың гектарға жетіп, 252,0 центнер өнім жиналған. Соңғы кезде мемлекеттік шаруашылықтар тарқап қант қызылшасының көлемі күрт азайып кетті.
Қант қызылшасы, барлық тамыр - жемістер сияқты екі жылдық өсімдік, ол алғашқы жылы қантқа бай жуан түбір және саны 50-70 тіпті одан да асатын жапырақ құрайды. Екінші жылы отырғызылған аналық түбірлер гүлсидам өркендерін жаяды әрі мәуе шоғырларын құрады. Мұны агрономиялық тәжірибеде тұқым деп атайды. Кәдімгі көп дәнекті қант қызылшасының әр шумақшасында 2-3 тұқым, ал бір дәнектіде - бір тұқым болады, мұның өзі оны егуде механикаландыруға мүмкіндік береді [50, 51].
Қант қызылшасының көктеп шыққан жас өркені -4-5ºС суықтыққа шыдайды, ал суықтық -6-7ºС -қа төмендегенде суыққа шалдығады. Күзде температура -2-4ºС - қа жеткенде өзінің өсуін мүлде тоқтатады. Қант қызылшасы жылу сүйгіш өсімдік. Оның топыраққа себілген тұқымы 2-5 градус жылылықта бөртіп, өне бастайды, алайда көктеп шығуы үшін оған ең қолайлы температура 14-16ºС шамасында жылулық керек. Өсу кезеңінде жақсы дамуы үшін қолайлы температура 20ºС болады. Өсу кезеңінің басынан - ақ қант қызылшасы суды қажет етеді. Дәннің бөртіп өнуі үшін оның салмағының 150-170% -ндай суды қажет етеді. Оның суды өте қатты қажет ететін уақыты шілде- тамыз айларында. Сондықтан қант қызылшасы суды тиімді жұмсайтын дақылдарға жатады. Оның транспирациялық коэффициенті 240-400 - ге тең.Сондықтан өсіп даму барысында оны суару жұмысы да жатады [52, 53].
Қызылша тұқымы бөрту кезінен бастап, суды мейлінше көп қажет етеді. Тұқым өніп шығу үшін өз салмағынан 160-190 пайыз артық су қажет. Клеткаларда судың жеткілікті мөлшерде болуы, өсімдікке физиологиялық процестердің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Қызылшаның алғашқы қос жапырақтары өсіп шыққан кезде оның тканьдарында су 93-95% болады. Ал түсім жинау кезінде ылғал төмендеп, жапырағында 78-85%, тамырында 75-80% дәрежесіне дейін кемиді.Қызылшаның суды жұмсауы жапырақ көлеміне, температураға, ауаның және де басқа факторларға байланысты. Су қызылшаға жылдың ыстық айларында аса қажет. Себебі бұл кезде қызылшаның жапырақтары да, түбірі де тез өсу үстінде болады. Дәл осы кезде су жетіспесе, өнім күрт азаяды. Қант қызылшасы үшін топырақ ылғалдылығы 60-70% болуы керек. Топырақ ылғалының төмендеуі тамыржеміс салмағының азаюына тікелей себеп болады, ал ылғалдың 90% және одан жоғары болуы тамыржеміс салмағын ұлғайтып, қанттылықтытөмендетеді. Топырақта ылғал мөлшеріне байланысты қызылшаның сыртқы пішіні өзгереді. Мысалы, ылғал көп болса тамыржеміс қысқа және жуан болып өседі, ылғал жетіспегенде тамыржеміс ұзарып кетеді.
Қант қызылшасын суару мөлшері топырақтың түріне, механикалық құрамына, жер асты суының деңгейіне, ауа райы ерекшеліктеріне, суару тәсілдеріне, топырақтың сулы - физикалық қасиеттеріне, алғы дақылға және қолданылатын агротехникалық шараларға байланысты. Егер ыза суы жақын орналасса, онда топырақтың ылғалдандырылатын қабаты және суару мөлшері жер асты суының тереңдік деңгейі мен дәрежесіне қарай белгіленеді. Бұл жағдайда суару мөлшері кемітіледі. Сортаң топырақты шайдырып суарған кезде суару мөлшері ыза суының тереңдік деңгейіне және минералдану дәрежесіне қарай белгіленеді. Мұндай топырақты шайдырып суарғанда суару мөлшері 20-25, ал кейбір реттерде 50% -ға дейін көбейтіледі. Суаруды қызылшаны қоректендірумен және басқа агротехникалық шаралармен ұштастыра жүргізілгенде ғана жақсы нәтиже береді.
Қант қызылшысы барынша жоғарғы өнімді дақылдарға жатады. Биологиялық ерекшеліктеріне жауап беретін агротехника жағдайында ол әр гектардан 300-500 центнер өнім береді.
Қант қызылшасы ылғалды көп қажет етеді оның құралатын органикалық массасының жалпы мөлшері көп болғандықтан, жоғары өнім алу үшін топырақта ылғал жеткілікті мөлшерде болуы керек. Өсімдіктің ылғалды көп қажет етуі жапырақтар мен тамырларының қарқынды өсу кезіндеболады. Сонымен қатар, қант қызылшасы өзінің мықты тамыр жүйесінің арқасында топырақтың терең қабатынан өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етуіне байланысты, құрғақшылыққа да төзімді өсімдікке де жатады.
Қант қызылшасы өсу жағдайына өте жоғары талап қояды. Оның тамырында жиналатын қанттың мөлшері жарық қарқынына тікелей байланысты болуынан, жауын шашынды бұлыңғыр ауа райында тамыржеміс өнімділігі мен оның қантылығы төмен болады. Қант қызылшасы ұзақ күннің өсімдігі. Күн жарығының ұзақтығы мен қарқыны қызылшаның өсіп, жетілуіне, сондай-ақ қант, көмірсулар түзуіне көп әсер етеді. Жарық жақсы түскен сайын, көмірсулардың синтезделу үрдісі жақсы өтеді. Жарықтың жетіспеуінен қант қызылшасының өнімі мен қанттылығы күрт төмендейді.
Қант қызылшасының қанттылығы көбінесе жапырақтың тіршілігіне байланысты. Егер түрлі себептердің әсерінен жапырақтар мезгілінен бұрын қурай бастаса, онда қызылша өнімінің сапасы төмендейді, қант қызылшасынан мол өнім алуда және қанттылығын арттыруда ауыспалы егістің ерекше орны бар. Қант қызылшасын бір танапқа себу - егістікжерге зиянды жәндіктер мен аурулардың таралуына себепші болады. Сонымен қатар топырақтың құнарлығы төмендейді.
Қазақстан егіншілігінде қызылшаның жақсы алғы дақылдарына - беде тыңы, жүгері, дәнді - бұршақты дақылдар және жасыл тыңайтқыштарға арналған рапс жатады. Топырақты ерте күзден бастап сапалы өңдеу қант қызылшасының өнімін және оның қанттылығын арттыруға мүмкіндік береді. Қызылшаның өнімділігі жердің тегістілігіне байланысты. Топырақтың беті тегіс болмаса егіс біркелкі суарылмайды, тұқым біртегіс себілмейді және өнімді жинау жұмыстары қиындайды. Егер қызылшаны масақты дәнді дақылдардан, жүгеріден кейін дискілі сыдыражыртқыштармен өңдейді. Сонымен қатар егістікке топырақты тегістеу, оны жыртудың алдында суару, сыдыра өңдеу, тыңайтқыштар сіңіру жұмыстары жүргізіледі.
Қант қызылшасы тәтті түбірінің өнімділігін және сапасын жоғарылатуда арнайы ауыспалы егісте дақылдың аурулары мен зиянкестерімен тиімді күресуге мүмкіндік туады. Қазақтың егіншілік ғылыми зерттеу институты қызылша өсіретін аудандарға 7-8 танапты арнай ауыспалы егіс кескіндерін ұсынған болатын, ал қазіргі кезде фермерлік шаруашылықтарға арналып, екі-үш танапты ауыспалы егістер ұсынылуда. Мұндай қысқа ротациялы ауыспалы егісте қант қызылшасына жақсы алғы дақыл ретінде майбұршақ, картоп және мақсары ұсынылады. Қантқызылшасынан жоғарғы өнім алу үшін оны арамшөптерден таза, ылғал мен қоректік заттар жеткілікті танаптарға орналастыру керек. Қант қызылшасы топырақтан көп мөлшерде қоректік заттар пайдаланатындықтан және оның тамырында көптеген зиянды ұсақ ағзалар орналасуынан қайталама егісті нашар көтереді де зиянкестер мен аурулардан көп зардап шегеді, әсіресе тозған жерлерде. Қант қызылшасын бәрінен бұрын жақсы өңделген, тыңайтылған ерте екпе сүрі жерден кейін орналастырған дұрыс. Егер күздіктер таза сүрі жерге себілген болса, онда ол танапты бірінші кезекте қант қызылшасына пайдалану қажет. Ылғал жеткілікті аймақтарда қант қызылшасына таза сүрі жерден кейін себілген күздіктер жақсы алғы дақыл болады. Бұршақ дақылдарынан кейін себілсе де, қант қызылшасы жақсы өнім береді. Суармалы жерлерде қант қызылшасының алғы дақылы жоңышқадан және сүрлемдік жүгеріден кейін себілген күздіктер болып есептеледі, ал қант қызылшасынан кейін жаздық дәнді және бұршақты дақылдар жақсы өнім береді [54].
Көптеген тәжірибе көрсеткендей қант қызылшасы топырақтың барлық түрінде , егер оны жеткілікті дәрежеде баптаған және артық қышқылдықты ізбестеумен арылтқан жағдайда жоғарғы өнім алуға болады. Оған топырақ реакция ерітіндісінің бейтараптылығына жақыны (рН -6-7) жақсы әсер етеді. Сонымен қатар қант қызылшасы топырақтың сортаңдығын жақсы көтереді. Механикалық құрамы жағынан саздауыт және қилау топырақ оңды ықпал жасайды, ал ауыр топырақты, оңай суситын, сондай-ақ жеңіл құмды топырақтар онша ықпал етпейді. Қант қызылшасы құнарлы топырақты жақсы көреді. Одан 300-400 центнер түбір және 150-200 центнер жапырақ жиналғанда, ол топырақтан 120-140 кг азот, 40-50 кг фосфор қышқылын және 150-200 кг калий тотығын алады .
Қызылша егетін барлық аудандарда қант қызылшасын міндетті түрде органикалық және минералдық тыңайтқыштар ендірілгеннен кейін себеді, оның құнарлығы төмен аймақтарда жоғарғы өнім алу үшін маңызы зор. Қызылша егістігіне минералдық және органикалық тыңайтқыштарды дұрыс әрі уақтылы жұмсау - өнімді арттырады. Егістікте азотты тыңайтқыштарды қолдану топырақтың түріне және алғы дақылдарға байланысты. Қазақстанның суармалы жерлерінде қызылша егістігіне жұмсалатын барлық тыңайтқыштардың (жылдық мөлшерінің) 50-60% -ын тек күзде, зябь жыртумен бірге беру қажет. Егер топырақтың механикалық құрамы жеңіл, сондай-ақ қиыршық малта тасты және ыза суы жақын жатқан жағдайда азот тыңайтқыштарын зябьпен енгізуге болмайды. Оны себу алдында жүргізілетінкулльтивациялаумен енгізеді және өсіп жетілу кезінде үстеп қоректендіреді. Сұр топырақты жерлерде азотты тыңайтқыштарды пайдалану тиімді. Ал фосфор және калий тыңайтқыштарын керісінше , қара қоңыр топырақты жерлерде қолданады. Механикалық құрамы жеңіл топырақтарда калий тыңайтқыштарының әсері күшейеді.
Қызылша тамырының шығымдылығы мен қанттылығын арттырудың көптеген резервтері бар. Солардың бірі - тыңайтқыштарды тиімді пайдалану. Бұл дақыл қоректік заттарды өте көп қажет етеді. Қазақ егіншілік ғылыми- зерттеу институтының мәліметтері бойынша гектарына 500-550 центнер тамыр жеміс өнімі мен тиісті мөлшердегі пәлек егістік жерлердің гектарынан орта есеппен 200 килограмм азот, 75 килограмм фосфор және 300 килограмм калий сіңіреді. Қуатты жапырақ аппараты дер кезінде қалыптасса, қызылша өсімдігінде мол өнім жасауға деген жоғарғы қабілеттілік пайда болады, сондықтан пәлектің қалыптасу кезеңінде (15 шілдеге дейін) қант қызылшасы барлық қоректік заттармен, яғни бірінші кезекте азотпен және фосформен барынша толық қамтамасыз етілуге тиіс.тамыржемістердің қарқынды өсуі мен қанттың жинақталуы кезеңінде (15 шілдеден жинауға дейін) өсімдіктерде азоттық қоректің біршама төмендеуі және фосфорлы - калийлдің күшеюі оның шығымдылығы мен қанттылығының артуына жағдай жасайды. Сөйтіп, қызылшаның қоректік заттарды қажетсінуі өсімдіктердің вегетация кезеңдері бойынша өзгеріп отырады, мұны оның тыңайтқыш жүйесін жасағанда ескеру керек. Қызылшаның өсу даму кезеңдері бойынша топырақта қоректік заттардың қажетті ара қатынасын негізгі және жанама тыңайтатын қатар аралық тыңайтқыштарды дұрыс үйлестіру қамтамасыз етеді. Азот тыңайтқыштарының мөлшері топырақтың типін, алдымен егілетін дақылдардың сипатын және қант қызылшасы тамырынан алынатын жоспарлы өнім дәрежесін ескере отырып бөлінуге тиіс [55].
Қант қызылшасы (Веtа vulgаris vаr. sасснаrifеrа), Веtа туысына, алабұталар тұқымдасына жатады (Снеnороdiасеае). Ол тамыржеміс түрлерін біріктіретін: мал азықтық қызылша және асханалық қызылша жататын екіжылдық екпе топ түрі. Қант қызылшасы қант құрамынының жоғары мөлшерімен және тамыржемістерінің әртүрлі пішінімен ерекшеленеді(1 сурет).
Өсімдік сипаттамасы. Қант қызылшасы екіжылдық тамыр жемісті өсімдік. Оны қант және малдарға азық алу үшін өсіреді. Бұл өте өнімді ауылшаруашылық дақылдарының бірі. Өсімдік бірінші жылы тамырмойын дегелек жапырақтарын және құрамында 18-20% - ға дейін қанты бар тамыржеміс түзеді. Бірінші жыл тіршілік кезеңінің соңында жапырақтар қурап, опат болады. Қант қызылшасы тамыржемісінің химиялық құрамы: 70-80% - су, 3-5% жасунақ (клечатка) және гемицеллюлоза, 20-22%- көмір сутегі, оның ішінде 16-20%- қант, азоттық заттар 1-2% және 0,5-0,8 % күл бар. Қант қызылшасының толық даму циклы екі жылда бітеді. Бірақ кейде өсімдік тіршілігінің бірінші жылы гүлшығарғыш түзіліп, жапырақ қолтығындағы бұйыққан бүршіктер оянып, өсімдік сабақ түзіп, гүлденіп, жеміс түзеді.
Ауыспалы егіс. Алғы дақыл: зиянкестер, аурулар, арам шөптермен күресуге және топырақтағы ылғал мен қоректік заттардың жиналуына оң әсерін тигізетіндіктен, қант қызылшасын тиімді өндірудің негізі болып есептеледі,.
Тұқым және оны себуге дайындау. Қант қызылшасынан мол өнім алып, оның қанттылығын арттыруда жергілікті жағдайға бейімделген осы дақылдың мейлінше мол өнімді сорттарын аудандастыру қажет. Кез келген сорттың тұқымы барлық жерде бірдей мол өнім бермейді. Сондықтан, әрбір қызылша өсіретін облыс, аудан немесе шаруашылық өздерінің топырақ климат ерекшеліктеріне қолайлы қызылшаның аудандастырылған сорттарын себу қажет. Және тұқымды фнгицидтермен өңдеу, ал арам шөптерге қарсы топыраққа гербицитер ендіру тұқым себудің жүйелік технологиясының маңызды тізбегі.
Тұқымды себуге дайындау. Бұл шараның негізгі атқаратын қызметі - себуге бөлінген тұқымның себу кондициясын жоғары дәрежеге жеткізу, сұрыптап бірқалыпты, біртектестерін бөлектеу, ауру қоздырғыштарды, зиянкестерді жою. Сол сияқты тұқымның көктеп, өсіп шығуын, қаулап бой көтеруін тездететін тәсілдер қолдану.
Көптеген ғалымдар күздік жұлдыз құрттарының көбелек дернәсілін, тамыржегі кеселін және басқа да осы топқа жататын зиянкестермен күресу үшін, тұқымды себу алдында (Дуал голд, 1,3-1,6) дәрілеуді, сөйтіп зиянды жәндіктерді жоюға болатындығын дәлелдеді. Тұқым өнімділігін арттыру үшін өсімдіктің өсуін реттегіш заттармен өндеуді үсынады.
Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу институтының жүргізілген тәжірибелері бойынша, қызылшаның өнімі арпаның бүркемесінде гектарына 16, ал таза күйінде жазда сепкенде 19 центнер болды.
Қызылшаның өнімділігі немесе шығымдылығы көбіне егу тәсілдеріне байланысты. Топырақ-климат ерекшеліктеріне және агротехникалық дәрежесіне себу тәсілдері мен нормасына байланысты көшетсіз қызылшаның жиілігін әр түрлі қалыптастырады.
Суару. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша көшетсіз тұқымдық қызылшаның қысқы суыққа төзімділігін арттыру және мол өнім алу, тек
қана суармалы жерлерде ғана іске асуы қажет. Осыған орай суармалы жерлерде көшетсіз қызылшаны өндіруде ең маңыздысы оны себер алдында суару болып табылады. Бұл бір жағынан негізгі және тұқым себер алдындағы өндеуді жеңілдетеді, екінші жағынан тұқымның жақсы өніп және тұқымдық өсімдіктің дамып өсуі үшін топырақтың тиімді су режимін жасайды. Белгілі ғалымдар мәліметтері бойынша Қазақстанда қант қызылшасының тұқымын көшетсіз әдіспен өндірістік жағдайда өсіргенде дақылды күзгі кезеңде 3, көктемгі-жазғы -5 рет суарады. Суару мөлшері гектарына 600-700 метр³.
Сурет 1.Қант тәтті дақылының І-бірінші жылғы өсіп-даму кезеңіндегі өсімдігі және тамыржемісінің көлденең қимасы;
2 Алматы облысы Алакөл ауданы жағдайының табиғи-географиялық жағдайы, климаты.
Алакөл ауданының жалпы жер көлемі 2,367267 гектарды құрайды, оның ауылшаруашылығына пайдаланылатын жері 1,633331 га, оның ішінде егістік жер 84269 га, оның суғармалы жері 28511 га, тәлімі жері 55758 га. Аудан егіншілігі негізінен екі аймақта орналасқан: таулы-жазықтық және табиғи бөктерлі шөлдалалы жазықта.
Таулы-жазық аймақтағы жерлер негізінен тәлімі егістікке пайдаланылады. Бұл аймақтар негізінен дәнді дақылдарды, техникалық дақылдарды өсіріп ауа-райының қолайлығына тәуелділігімен айрықшаланады.
Таулы-жазық аймақтарға негізінен бұрынғы Андреев ауданының егістік жерлері мен Қызылашы, Ынталы, Жанама, Ырғайты ауылдық округтерінің тәлімі жерлері орналасқан. Бөктердегі шөлдала жазықтықта аздаған тәлімі жерлер мен суғармалы егістік орналасқан. Бұл аймақта негізгі егістік жерлерге көпжылдық шөптер, отамалы дақылдар орналасқан.
Қазақстан Республикасының Жетісу өңіріндегі Алакөл ауданы Алматы облысының шығыс жағында облыс орталығы Талдықорған қаласынан 320 шақырым жерде орналасқан. Аудан аумағы Балхаш-Алакөл ойпатының ауқымды көлемін алып жатыр. Балхаш көлінің солтүстік-шығысынан басталып Қытай Халық Республикасы мен Достық бекетіне дейінгі шекараны қамтиды.
Оңтүстікте Алматы облысының Сарқан ауданынан басталып, Солтүстік шығысында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз, Үржар аудандарымен шектеседі.
Солтүстік батысында ойпат кеңейіп Сарықұм, Қарақұм, Тасқарақұм шөлейттеріне жалғасады, ал оңтүстік шығысында Жоңғар қақпасына тіреледі. Аудан аймағында Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл, Ұялы, Жалаңашкөл көлдері орналасқан. Аудан аумағынан бес өзен ағады, олар өздерінің ауқымдылығына қарай екі түрге бөлінеді.
Таудың биік мұздақтарынан бастау алатын өзендерге жататын Тентек, Жаманты өзендерінде су деңгейі жаз бойы төмендемейді.
Жоңғар Алатауының төменгі сағасынан бастау алатын Шынжылы, Тохты, Ырғайты өзендері қар сулары арқылы ғана толысып отырады.
Аудан орталығы болып Үшарал қаласы саналады. Аудан аймағы әртүрлі топырақ түрлерімен және құбылмалы ауа-райымен ерекшеленеді. Аудандағы шаруашылық құрылымдары ауылшаруашылық дақылдарының оннан астам түрлерін өндіреді. Шабындықтар, көл жағасындағы қамыс құрақ әртүрлі зиянкестердің қоныстанатын жайылым орны болып табылады.
Көп қоректі, бейімделген зиянкестер кейбір жылдары ауылшаруашылық дақылдарына, бақшаларға, орман ағаштарына өте көп зиян келтіреді.
Сондықтан да ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу зиянкестермен, аурулармен, арамшөптермен алдын ала күрес жүргізуді қажет етеді.
Алакөл аймағы ауа-райының құбылмалылығымен ерекшеленеді. Оңтүстік - шығыстан Сайхан, Жоңғар қақпасынан Ебі желі жиі-жиі соғады. Қысы кейбір жылдары өте қатты суық болып, бір-екі жетілеп жел соғып тұрады. Қар қалың түсетін жылдары сирек кездеседі. Жазы ыстық болып, тамыз айларында аптап жел соғады. Ауа-райы 4 агроклиматтық жағдайға бөлінеді:
1.Таулы-жазықты аймақ-теңіз деңгейінен 1000-1400 м мөлшерінде орналасқан. Климаты жұмсақ жайлы келеді, ыстық аптап жел мен құрғақшылық мұнда да келіп тұрады. Жылдық орташа ауаның температурасы 4,5-7,6ºС көрсетеді. Климаты негізінен құбылмалы, себебі жазғы ең ыстық кезеңменен қысқы қатты суықтың айырмашылығы 8ºС-ты құрайды.
Ауаның температурасының 10ºС-дан жоғары, қоспаша тиімділігі 1600-2545ºС-ны құрайды, бұл дәнді дақылдардың, азықтық шөптердің уақтылы пісуіне оң әсерін тигізеді. Жылылық уақыт 4-5 айға созылады. Алғашқы үсіктер көбінесе қыркүйек айының соңы мен қазан айының басынан басталады. Жылдық орташа жауын-шашынның мөлшері 400-590 мм мөлшерінде болады және көбінесе көктемгі және қысқы айларға келеді.
2.Тау бөктері шөлдала аймағы - теңіз деңгейінен 400-1000 м жоғарыда орналасқан. Аймақтың климаты құрғақшылықпен, құбылмалылығымен ерекшеленеді. Ауаның температурасы 40-43 ºС дейінгі деңгейді көрсетеді, 10 ºС-дан жоғары, ауаның қоспа температурасы 2800-3500 ºС-ны көрсетеді.
Көктемгі үсік 10-25-ші сәуір айына дейін жүріп, күзгісі қыркүйек айының үшінші онкүндігінен басталады. Аумақта желдің соғуы жиі кездеседі. Климаттың құрғақшылығына оңтүстік-шығыстан соққан желдер көп әсерін тигізеді. Жоңғар қақпасынан шығып жазықтыққа қарай соққан желдер жаз айларында құрғақшылық, ал қыс айларында суықтық әкеледі. Ылғалдылықтың жылдық орташа түсуі 240-360 мм құрайды.
Аудан аймағындағы топырақтар аумақтың орналасуына байланысты бірнеше топқа бөлінеді және негізгілері болып: қара топырақ, қара қоңыр, ашық сұр топырақ, шалғынды сұр топырақ, сортаңды сор топырақ, аз карбонатты сұр топырақ және тағы басқа түрлері болып бөлінеді.
Таулы - дала аумақтың жыртылатын жерлері: аз қарашірікті, орташа қара шірікті, қара қоңыр топырақты болып келеді. Жер асты сулары өте тереңде, таудың астыңғы қабатында болады. Қара топырақты жерлер тау-далалы аймақтың жоғарғы бөлігінде орналасқан. Жыртыстың қабатында қарашіріктің мөлшері 3,5-6,5% құрайды және төменгі қабаттарда азаяды. Жалпы азоттың мөлшері 0,2-0,4%, фосфордың мөлшері 0,10-0,13% құрайды. Механикалық құрамы жағынан жоғарыдағы топырақтар орташа саздау тобына жатады.
Тау-далалы аймақтың төменгі бөлігін қара қоңыр топырақ құрайды. Жыртыс қабатында қарашіріктің құрамы 3-4%-ті, жалпы азот 0,11-0,26%, фосфор 0,10-0,12 %-ті құрайды. Механикалық құрамы жағынан орташа саздау болып көлденең қабаттарда тастақты келеді.
Бөктерлі - дала аймақтары негізінен ашық қоңыр-топырақ, ашық сұр топырақ, шалғынды сұр топырақ, шалғынды топырақ, сор топырақты болып келеді.
Ашық қоңыр топырақ аймақтың жоғарғы қабатына орналасқан, олар теңіз денгейінен 750-1000 м биіктікте, жер асты сулары өте тереңгі қабатта жатыр және топырақ құрауға әсерін тигізбейді. Бұл топырақтар негізінен таулы тәлімі жерлерде пайдаланыланады.
Қарашіріктің құрамы жыртыстық қабаттарда 1,5-2%-ті, азот 0,07-0,16%-ті, фосфор 0,07-0,15% құрайды. Механикалық құрамы жағынан жеңіл және орташа саздауыт болады. Жеңіл саздауыт топырақтар бүлінуге қауіпті, ал орташа саздауыт торырақтар бөктерлерде бүлінуге ұшырап отырады. Суғармалы жерлерді негізінен ашық сұр топырақ құрайды және олар облыстың Жоңғар Алатау бөктеріндегі жазықтықтың бәрін дерлік алып жатыр. Шалғынды сұр топырақты жерлер Алакөл ауданының барлық шаруашылықтарында кезігеді.
Ауданның егістікке жыртылатын жерлері жарамдылығына қарай келесі топтарға бөлінеді:
1.Өте жақсы жерлер - шайылмаған тәлімі қара топырақ, қара қоңыр, сұр қоңыр, суғармалы шалғынды сұр топырақ және құмтасы өте тереңде жатқан (80 см төмен) барлық дақылдарды себуге жарайтын сұр топырақты жерлер.
2.Орташа сапалы жерлер- аз шайылған қара топырақ, қара қоңыр, ашық қоңыр және құмытасы 40-80 см жатқан, барлық дақылдарды себуге жарайтын суғармалы жерлердегі сұр топырақ.
3.Сапасы төмен жерлер - орташа шайылған тәлімі топырақ және құмтасы 20-40 см орналасқан қант қызылшасын, қатараралық қопсытатын дақылдарды егуге келмейтін жерлер жатады.
4. Нашар жерлер - өте көп шайылған тәлімі топырақ және құмтасы топырақтың жоғарғы қабатынан 20 см төмен орналасқан, ауылшаруашылық дақылдарын себуге жарамайтын суғармалы жерлердегі сұртопырақтар.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша 2017-2018 жылдары танаптық тәжiрибелер жүргiзiлген ҚР АШМ АӨК МИК Республикалық фитосанитарлық диагностикалық және болжамдар әдістемелік орталығы тәжiрибе стационарының топырағы қарақоңыр болып табылды.
ҚР АШМ АӨК МИК Республикалық фитосанитарлық диагностикалық және болжамдар әдістемелік орталығы республикалық мемлекеттік мекемесінің Алакөл аудандық филиалы тәжiрибелiк стационарының қарақоңыр топырағы суармалы егiншiлiкте ұзақ мерзiмде (60 жылдан аса) қолданылып, осы кезеңде оның негiзгi құнарлылық көрсеткiштерi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қант қызылшасының даму тарихы
Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы жайлы
Қант қызылшасын сақтау тәсілдері
Дәнді бұршақ дақылдарының ерекшеліктері
Қант қызылшасын сақтау мен қант алу технологиясы
Агроөнеркәсіптік кешен құрамы мен маңызы
Қант қызылшасының биологиялық ерекшеліктері
Алматы облысы қарасай ауданының топырақ климаттық жағдайы
Қант өндірісіндегі қалдықсыз технология
Қант қызылшасын тұқымын дайындау
Пәндер