Тілдік бірліктердің сақталуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Болатбек Аяулым

Қазақ және түркі халықтары тіліндегі наным-сенімге байланысты этномәдени бірліктер

КІРІСПЕ

Бітіру жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазақ және түркі халықтары тарихында тәуелсіздік кезеңге аяқ басып, бел жазғаннан бастап өзіңдік өркендеуімен, көркемдік ізденістерімен ерекшелінеді. Тәуелсіздік әкелген тың өзгерістерді, наным-сенім мен салт-сананының, әдет-ғұрыптың қалыптасып бірте-бірте белгілі бір жүйеге түсіп, қарқынды дамығанын күнделікті тұрмыста-ақ аңғарып жүрміз. Әрине, ұзақ жылдардан бері азаттық таңын аңсау мен оған жету жолындағы күрестердің, тарихи оқиғалардың өзгерісі наным-сенімдердің қарыштап дамуына тигізген әсері ерекше екендігі сөзсіз. Осы орайда түркі халықтар тілінде және қазақ тілінде наным-сенімдерге байланысты этномәдени бірліктер жүйелі түрде зерттеліп келеді. Халықтың наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Наным-сенім - руханияттың өзекті саласы. Наным мен сенімнің тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы сенім секілді жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше. Ежелгі руханиятта наным-сенім оның негізгі құрамдас бөлігі екендігін ескерсек, айтылған тұжырымның маңыздылығы арта түседі. Себебі наным мен сенім өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің барлық салаларын қамтып жатты. Көптеген мәдениеттанушылар наным-сенімді мәдениеттерді бір өркениетке біріктіретін фактор ретінде қарастырады. Н. Данилевскийдің, К. Ясперстің, О. Шпенглердің, П. Сорокиннің еңбектерінде тарихи-мәдени типтердегі ерекшеліктер бітім құрастырушы және мәдени айрықшалықты білдіретін нышан ретінде баяндалады. Үлкен өркениеттердің қалыптасуында ұлттық сенімдер тар шеңберден шығып, рухани-мәдени тұтастықты құрауы, дүниетаным мен адами қасиеттердің жаңа мазмұндарын қалыптастыруы ерекше маңызды. Алайда, өркениет ағымына қосылған этностар мен этностық топтар өркениетке ор­тақ сенімді, ортақ нанымды, оның рәсім-рәміздерін қабылдағанмен, олардың наным-сенімдері мүлдем жоғалып кетпейді. Олар халықтың әдет-ғұрпында, дүниетанымдық рәміздерінде, дүниені түйсінуінде, сезінуінде сақталады. Сол себепті қазақтардың наным-сенім көзқарасында Алла мен Тәңірі ұғымдары синонимдер ретінде қолданылады. Әрине, қазақ мәдениетінде қалыптасқан архетиптік наным-сенімдерден ауысуы бірнеше ғасырларға созылды және бұл қарым-қатынас тұтастану бағытында өтті.

Бітіру жұмысының деңгейі мен өзектілігі. Диплом жұмысында қазақ және түркі тектес халықтар тіліндегі наным-сенімдерге байланысты этномәдени бірліктермен қатар олардың күнделікті тұрмыста қолданылуы, соның ішінде мифтік сенім мен магиялық ырымның идеялық-мазмұндық ізденістері жан-жақты талдау нысанының көзіне айналған. Наным-сенімнің адам өмірінде айтарлықтай рөл атқара бастаған шағы сонау 15 ғасырдан бастап-ақ бастау алған. Неге десеңіз, сол заманның халқының жүрегінде үрей мен қорқыныш жиі болатындықтан наным-сенім ойлап табылған. Мәселен, жан-жануарларға қатысты наным-сенімдерді мысалға алсақ, ежелден-ақ түркі тектес халықтар малымыз ашаршылықта қырылып қалып, аш қаламыз деп қорыққандықтан, түрлі сенімдерді алға тартқан. Түркі халықтары соның ішінде қазақ халқы төрт-түлік малдың өсіп-өнуі, көбеюі үшін малға ен салуды жиі жасаған. Әлі күнге дейін жасап келеді. Үйде әкемізбен ағамыздың пышақпен бұзаудың құлағын қанатып тұрып, ай іспеттес текше ретінде кесіп алып, үстіне ақ құйып, құмырсқаның илеуіне тастағанына тамсана қарайтын едік. Сөйтсек бұлда бір сенімнің түрі екен. Бір қызығы бұл сенім ғана емес әдетке айналып кеткен. Жалпы дипломдық жұмыста наным-сенімдердің түрлері көп болғандықтан негізгі қарастыратын 3 түріне толыққанды тоқталулар жүргізілді. Сезіммен пайымдайтын эмоциялық наным-сенім, ақылмен пайымдайтын интеллектуалдық наным-сенім, өз ерік-күшімен қабылдайтын жігерлік наным-сенім. Жоғарыда келтірілген мысал жігерлік наным-сенімге түбегейлі түрде жатады. Ал эмоцияға байланысты наным-сенім адам баласы өзі ойлап табатын сенімді келтірсек болады. Мысалға, сыртқа шығарда ақ қолғабымды алып шықпасам жолым болмайды деп бір рет қабылдап алсақ, ол шынымен жүзеге асуы мүмкін. Ал ақыл-ойға қатысты наным-сенім белгілі бір болған жәйтқа көзің бірнеше рет жетіп барып, өздігіңмен тоқтамға келетін этномәдени бірлік. Бітіру жұмысының өзектілігін фразеологизмде, архаизмде т. б тілдік терминдерде жиі кездесетін мысалдармен жан-жақты талдап қарастыруымен сипаттап көрсетуге болады.

Бітіру жұмысының басты мақсаты . Түркі тектес халықтар мен қазақ наным-сенімінің көркемдік сипаты мен тарихына көз жүгіртуіне жан-жақты салыстырмалы зерттеу жүргізу. Наным-сенімдердің тілдік фольклорда алатын орнын анықтау. Культтік саным-сенімдерді толыққанды қарастыру мен түрлеріне көз жүгірту. Наным-сенімдерге байланысты этномәдени бірліктерге шолу. Осы мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер алға қойылды. Дәстүрдің негізгі өзегі- ұлағат. Мұның өзі рухани мұраны игеріп, оны жаңа қоғамдық-тарихи жағдайға сәйкес етіп жетілдіріп отыруы тиіс. Сонда ғана қоғам дамуының рухани мүмкіндіктері обьективті түрде жүзеге асады. Бұрын соңды толыққанды зерттеліп, зерделенбеген. Сондықтан осы мақсаттарды айқындау үшін алдымызға төмендегідей міндеттер қойдық:

Бітіру жұмысының басты міндеттері.

Біріншіден, наным-сенімдердің рухани тұрғыда да, қоғамдық тұрғыда да жоғары деңгейде екенін дәлелдеу.

Екіншіден, қазақ халқы мен түркі тектес халықтардың өмір сүру салтында, әдет-ғұрпында, сөйлеу стилінде, мәтін талдауында ғасырлар бойы үзілмей, жалғасып келе жатқан байланыс бар екенін ашып көрсету.

Үшіншіден, наным-сенімдердің тілдік бірлікте, шығармаларда, ауызекі сөйлеу стилінде де жиі қолданатынын қазақ тілінің деректері негізінде талдап айту.

Төртіншіден, наным-сенімдерге қатысты тілдік бірліктердің мақал-мәтелдерде, нақыл сөздерде, тұрақты тіркестерде қалай қолданатынын көрсету.

Бесіншіден: тіл білімі этномәдени бірліктер арқылы жетіле түсуіне едәуір ықпал еткен назира дәстүрін, осы дәстүрде жазылған бірқатар дастандарды талдап, наным-сенімнің осы проблемасы бойынша өзіндік пікір айтуды мақсат еткен.

Бітіру жұмысының әдіс-тәсілдері. Бітіру жұмысында алға қойылған мақсат міндеттерді шешу, негізгі дерек көздерді жинау басрысында жаппай сұрыптау, жүйелеу, талдау, тілдік бірліктердің ұқсастықтарын, ерекшеліктерін баяндаудағы мағыналық сипаттама сынды - әдіс-тәсілдер қолданылды.

Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыстың құрылымын атап өтсек, жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда қазақ және түркі халықтарының наным-сеніміне байланысты этномәдени бірліктерге анықтама беріліп, маңыздылығы туралы айтылады. Екінші тарауда діни және табиғат құбылыстары мен жан-жануарларға қатысты наным-сенімдердің түрлері айтылады.

  1. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ТІЛІНДЕГІ НАНЫМ-СЕНІМГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛІКТЕР

1. 1 Қазақ және түркі халықтары тіліндегі наным - сенімдердің зерттелуі.

Тіл біліміндегі этнолингвистика, фонетика, фонема, лексикология, грамматика, синтаксис секілді салаларында дәстүрлі мәдени бірліктердің проблемасын зерттеу, жүйелеу, талдау барысында шетел тілшілері Г. Генри,

Э. Сапир, М. Бреал, Г. Гумбольд сияқты зерттеушілердің еңбектері тиісінше пайдаланылды. Сондай-ақ, ежелгі қыпшақ, түркі тектес халықтардың материалдық және рухани шежіресін зерттеген ғалымдардың еңбектері де ескерілген. Түйіндеп айтқанда, оқырман қауымға ұсынылып отырған осы зерттеу жұмысының негізгі мақсаты лингвомәдениет, лингвомәдениеттану терминдерінің негізгі арналарын, көркемдік сипатын, тарихи кезеңдері мен өзіндік белгілерін айқындай түсу болып табылады. Ең бастысы қазақ халқы мен түркі тектес халықтардың наным-сенімінің этномәдени бірліктерін тереңнен зерттелуін ғылыми негізде дәлелдеп шығу.

Қазақтың наным-сенімге қатысты ұғымына әлемдік этнография мен фольклортануда әбден қалыптасып бекіген бірнеше терминдері сәйкес келеді. Бұл терминдердің әсіресе мол қолданылған кезі XIX ғасырдың соңы мен үстіміздегі ғасырдың басы. Одан кейінгі уақытта да сенім үстем бола бастайды, бірақ наным да қатардан қалмады. Дегенмен екеуін бөліп-жаруға да келмейді. Бертін келе екеуінің ара-жігін ашып, жеке-жеке ұғымда қолданайық дейтін пікірлер де туған. Біз де осы соңғы көзқарас жағындамыз.

Жалпы наным деп белгілі бір дүниетанымдық түсініктер жиынтығын, діни жүйені ұғынсақ, «сенім» деп бақсы мен оның ойынына қатысты атрибуттарды айтамыз. Қалай болғанда да екеуінің төркіні бір-ақ ұғымнан «сендіру» сөзінен тарқайды. Мұның ау бастағы тұлғасы: тұңғыс-манчжур тобына енетіне эвенк тіліндегі «семен» (естен тана буырқану, булығу) сөзі.

Көне түркілер де одан бергі қыпшақ ата-бабаларымыз да наным-сенімге қатысты түрлі пікірлерін білдіріп кеткені белгілі. Олар наным мен сенімді өз тілдерінде «наним» деп атайды. Алтай-саян төңірегіндегі түркі тұқымдары мен сібір татарлары күні бүгінге дейін солай атайды. «Наним» сөзін гүндер де қолданған, олар өзінің бас бақсысын «ата наним» деген. Сол дәстүрді бойында сақтаған туыстарымыз тубалар ірі, күшті бақсыларын «ұлуг наним» дейді. Онысы «Нанымның ең ұлық адамы яки басқарушысы» деген мағынаны білдіреді. Ал наным-сенімге қатысты арбау әдістерін жасайтын адамды жоғарыда келтіргендей бақсы дейді. Бақсысыз наным-сенім, наным-сенімсіз бақсыны елестету мүмкін емес.

Тұңғыстарда «бақсы» ұғымын беретін саман (шаман, хаман) сөзі мен нивхлардағы «чам» сөзі түркілердің «қамынан» ауысса керек деген болжам да жоқ емес. Бұл пікір әлі де зерттей, дәлелдей түсуді қажетсінсе, орыс тіліндегі «камлание», «камлать» тұлғаларының «қамнан» шыққаны талас тудырмайды. «Камланиені» қазақтар бақсының ойыны десе, сахалар «ойын» деп бақсының өзін айтады. Екі ұғымның ағайындас, төркіндес екені байқалады. Долғандардың «ойуны» туралы әңгіме басқа: «бақсы» ұғымын беретін бұл сөзді олар сахалардан алған.

Ал біздегі «бақсы» немесе «наным» сөзі қайдан шыққан? Ол жөнінде кезінде Ш. Уәлиханов, Л. Будагов, В. Бартольд, В. Радлов, А. Диваев т. б. көрнекті ғалымдар пікір білдірген. «Наным» этимологиясы туралы сөз болғанда қазақ зерттеушілерінің көбі аталған ғұламалардың беделіне жүгінеді, солардың пікіріне арқа сүйейді. Қөзден таса, көңілден қалыс қалған бір пікір және бар. Ол - «бақсы» түбірін кәдімгі «бағу» (күту, емдеу) сөзімен байланыстырған И. Чеканинский түйіні. Ал «наным» сөзі әлденеге деген яки бір ғажайып күшке деген сенімді білдіреді. Шаман мағынасындағы «наным» сөзі іргелес отырған қырғыз, ұйғыр, өзбек жұртында да қолданылады. Түркмендердегі «нанимының» мағынасы бөлек (ақын-импровизатор) . Олар бақсыны «порхан», нанымды «начан», сенімді «сечен» дейді: перімен байланыстырады. Жасалу жолы өзбектегі «дуохан» (дуагер) сөзі сықылды.

Қазақ наным-сенімін бүтін құбылыс ретінде арнайы қарастыратын ғылыми еңбектер жоқтың қасы. Бұл саладағы ең алғашқы және ең күрделі жұмыс К. Бердышовтың «Қазақтағы сенімнің селкеуі» атты еңбегі еді. Одан соңғы маңызды еңбектер қатарына Керімбекова Аяулымнан «Қазақ наным-сенімдері не дейді?» (2001-2004), К. С. Отаровтың «Бақсылық және шамандық: қазақтың көне наным-сенімдерінің бастауы» атты зерттеулерін ғана жатқыза аламыз.

Қазақ бақсылыры жөніндегі жекелеген пікірлер Қазан төңкерісіне дейінгі орыс баспасөзінде едәуір кездеседі. Көбінше экзотикалық қызықтаулар төңірегінен әрі аспаса да олардың деректік тұрғыдан пайдасы тиері сөзсіз. Ғалым Қ. Ш. Шүлембаев наным-сенімді революцияға дейінгі Қазақстанда кең тараған айрықша формасы деп санайды. “Наным-сенім - анимизм мен магия элементтері басым “пұттық” діндердің күрделі қоспасы”. Бұған қарама-қарсы көзқарасты Ғ. Есімнің «Наным деген не?” атты мақаласынан кездестіреміз. Автор сенімшілдерді, нанымшылдарды және бақсылықты әр түрлі, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын құбылыс деп қарастырып, наным туралы былай дейді: “ . . . наным деген дін де жоқ, көзқарас, дүниетаным да жоқ . . . Наным-сенім діндердің синкретизмінен туған, қолдан жасалған түсінік” .
Наным-сенімді зерттеген қазақ ғалымдарының бір тобы оны адамның виртуалдық, тылсымдық дүниесіне әсер етудің ерекше дәстүрі деп санайды. М. С. Орынбековтің пікірінше, бақсы адам мен әлем арасындағы ажыраған байланысты қалпына келтіреді. Мистикалық желігу, зікір салу практикасы арқылы адам мен әлемді біріктіріп, сананың тұтасуына ықпал етеді. “Наным дүние түйсінуінің негізі бұл дүниедегі сананың толымдылығы, үйлесімділігі, кең ауқымдылығы болып табылады. Ол сырқат адам мен дүние арасындағы үйлесімділіктің бұзылуының салдары”. Бақсылық қасиет адамға рухтың қалауымен қонады, бақсы зікір салардың алдында рухтарын көмекке шақырады. Көңіл аударатын тағы бір нәрсе шамандық тұқым қуалаушылық, тегіне тартушылық арқылы мұраланады. Барлық шамандар өз әулетінде, ата-бабаларының бірінде осындай қасиет болғандығын айтады. Осыны ескере отырып, біз нанымды генотиптік сипаттағы діни жүйе деп санаймыз және оның төмендегідей ерекшелігін атап өтейік: наным-сенімде өлі табиғат ұғымы жоқ, табиғат жанданған, барлық құбылыстың, жер мен судың киелі иесі бар. Адам мен әлем тұтас. Оларды бөліп тұрған құз-жартас жоқ. “Адам - табиғат патшасы”, -дейтін еуропалық ұран шамандыққа жат. Адам қанша құдіретті болса да табиғаттан жоғары емес, ол тіршіліктің ерекше бітімі. Дүниедегінің барлығы бір-бірімен тығыз байланыста. Бұл байланыс наным-медиум арқылы іске асады. Ғарышты мекендейтін рухтар адамның күнделікті тұрмысына жақын араласып отырады, қолдайды немесе жазалайды. Рух ниетін, әмірін адамдарға жеткізуші тұлға - шаман, бақсы, сенушілер, нанымшылар. Наным-сенімді ұстанудың өзі бір қасиет. Ол қасиет тұқым қуалау, тегіне тарту, рухтың қонуы арқылы дариды. Наным-сенім рулық қоғамның діни идеологиясы ретінде қалыптасады, нанымшы бір әулеттің немесе рудың абызы қызметін атқарады. Ол діни әдет-ғұрыптарды өткізеді, әулеттің немесе рудың болашағын болжайды, сол арқылы шаруашылық әрекетін, тұрмыс-тіршілігін айқындайды. Қазақ халқының арасында наным атауына қарағанда бақсы атауы кең таралды. Біздің пайымдауымызша, бақсылық сенімнің инварианттылығы, яғни халық тұрмысына икемделген нұсқасы болып табылады. Бақсылар - ислам діні таралғанға дейін ру-тайпалардың саяси-әлеуметтік өмірінде өте маңызды рөл атқарған. Олардың негізгі қызметі адам мен әлеумет өміріне қауіпті құбылыстарды залалсыздандыру, алдын алу болса керек. Бақсылар өз ойыны арқылы ұжымда қордаланып қалған жағымсыз психикалық қуатты бейтараптандырып, әлеумет өмірін үйлестіріп отырған. Орталық Азия мен Қазақстанда ислам діні таралу барысында шамандық көне наным- сенім ретінде шеттетіле бастайды. Енді олар жын-шайтандармен байланысқа түсе алатын адамдар ретінде қабылданады. Қоғамда шамандарға қатысты екі ұшты ұстаным қалыптасады. Бір жағынан, олардан қорқады, өйткені олар адамға кесір келтіруі мүмкін. Сондықтан бақсылар ауылдың шетіне оңаша қоныстанады. Күнделікті тұрмыста мұқтаждықсыз оларға бара бермейді. Екінші жағынан, сыры беймәлім сырқатты тек бақсы ғана емдей алады деп саналады. Сондықтан бақсысыз аурудың алдын алу мүмкін емес. Ислам үстемдік еткен дәуірде шамандар қоғам өмірін үйлестіруші, реттеуші қызметінен айырылып, тек бақсы-балгерлік қызметін ғана сақтап қалады.

Ежелгі түркі жерінде көне түркілердің дәстүрлі наным-сенімдерімен қатар басқа да түрлері таралды. Солардың ішінде ең байырғысы зуванди болды. «Зуванди» наным-сенімнің үшінші түрі. Кеңес дәуірінің шығыстанушы ғалымдары В. Струве, В. Абаев және т. б. бұл сенімнің Орталық Азия мен Қазақстан жерінде б. з. д. VІІ ғасырда таралғандығын атап көрсетеді.
“Қазақстан жеріне әлемдік наным-сенімдердің ішінде алғашқысы болып діни сенімдер келді. Бумынның ұлы Мұхан қаған осы сенімге иланып, қабылдады, ал оның мұрагері Тобо қаған “Нирвана-сутрадан” бастап наным-сенім әдебиетін түркі тіліне аударуға жарлық берді . . . Наным-сенім Шығыс Түркістандағы соңғы ғұн мемлекеттеріндегі түркілер арасында тарала бастады, ал ашин тайпасы олармен тектік тарихи байланыста болған еді”. Бұл деректер М. С. Орынбековтің “Қазақ сенімдерінің бастаулары” кітабынан алынды. Орталық Азиядан шыққан көшпенділер Үндістанға дейін барып, осы жерлерде Құшан, Ұлы Моғолдар мемлекетін құрғаны тарихтан белгілі. Наным-сенімнің бұл жерлерде таралуы империяны бір билік аясында біріктіру мүддесіне байланысты болса керек. Яғни, наным-сенім- Мемлекетті өз қарамағында ұстайтын ұлы күш ретінде пайдаланылды. Алайда түркілер бұл сенімді жаппай жақын тартты десек, тарихқа қайшы келер едік. Әрине, сенімнің моральдық қағидалары олардың руханилығына жақын болғанмен, оның жарық дүниені тәркілеу, “әрекет етпеу” қағидаты көне түркілердің дүниетанымы мен өмірлік ұстанымдарына үйлесе бермеді. Түркілерге таныс болған сенімдердің де тағдыры қазақтардікіне ұқсас болды. Мани ілімі баяндалған “Болжаулар кітабы” түркі тіліне аударылғанымен, бұл сенім де түркілер арасында терең тамыр жаймады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мәлімет
Тұтынушылардың рухани санасы
Аудармадағы грамматикалық сәйкестік
Тілдік бірліктің лексикалық мағынасы
Ресми құжаттардың мәтіндік ерекшеліктері және үш тілге аударылуы
Аударманың грамматикалық ерекшеліктері
Аударма теориясына анықтама
Дискурсология
Ағылшын тілі лексикасының сөздік қорының сипаттамасы
Абайдың «Қара сөздерін» қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудың прагматикалық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz