Ұлттық әдебиеті кезеңіндегі түрік ақындар шығармашылығы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Нусипхан Гүлнәз

Қазақ және түрік ақындарының шығармаларындағы өзара үндестік

Кіріспе

Бітіру жұмысының жалпы сипаттамасы. Академик С. Қирабаевтың: «ХХ ғасыр адам баласының тарихында ең бір күрделі, қайшылығы да, қалдырар ғибраты да мол дәуір болып табылады. Ендігі жерде біз өз тарихымызды бұрынғыдай көп ұлтты мемлекеттің құрамында емес, дербес зерттеп, ұлтымыздың тарихтың ұзақ жолында ұтқаны мен ұтылғанын, жеткені мен жете алмаған тұстарын кең ашып, бүгінгі егемендікке жетуіміздің заңды жолын көрсетуге тиіспіз» [1] деген пікірі ұлы өзгерістерге, қайшылықтарға толы уақыт демін тап басуымен құнды. Сан ғасырлар бойы тағдыр тәлкегіне түсіп бір-бірінен көз жазып қалған түбі бір түркі халықтары енді XX ғасырдың соңына келіп қайта қауышқандай болып отыр. Ұлттың рухани жаңғыруы оның рухани көздерімен үндестігіне байланысты болатындығын дана халқымыздың тәжірибесі айқындап отыр. Сондай рухани бастау болып табылатын түркі әлемі қазақ мәдениетін толықтыра жаңғырту тұрғысынан да маңызды орынға ие. Қазақ халқы, жалпы түркі жұрты әлемдік өркениет арасынан өз бітім-болмысын, дербестігін сақтай отырып та орын ала алады. Халқымыздың бай мұрасы елімізді рухани жаңғыртудың бағыт-бағдарын анықтайды. Бұл туралы Елбасы Н. Ә. Назарбаев « . . . Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақыт құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Осыған барар жол халық даналығының негізінде жатыр» [2] деп, мемлекеттіліктің басты тұғыры ретінде руханилықтың қайнар бастауларында жатқан даналардың бай мұрасын зерттеуге шақырып отыр.

Түркістан түркі халықтарының отаны болған - рухани орталығы болған десек, сол атауды жалау еткен қазақ-түрік халықтарының тамыры тым тереңде жатыр. Әсіресе, олардың тарихы мен әдебиетіндегі ұқсастық пен үндестік мәні тым бөлек. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті уақыт жағынан алғанда аз ғана жылдарды қамтиды. Әйтсе де, осы аз уақыт ішінде қазақ және түрік әдебиеті ақын-жазушыларының қатары молаюы жағынан да, жанрлық өсу, көркемдік баю тұрғысынан да кемелденген, жан-жақты байыған әдебиет, әдеби кезең болды. Бұл кезең жаңа идеялық, тақырыптық, көркемдік салада өсе бастаған ақындық поэзияның, ағартушылық әдебиеттің заңды жалғасы болды. Сол себепті де, ХІХ ғасырда шығармашылық еткен ұлы ағартушылық ой-идея, Шоқан, Ыбырай, Абай салған сара жол ХХ ғасыр басында Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхаметжан Сералыұлы, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы секілді көптеген ағартушы ақын-жазушылар шығармашылығы арқылы жалғастықта дамыды. Бұлар демократтық ағартушылық, сыншыл-реалистік бағыттағы ақындар болды. Олардың қатарын Мағжан Жұмабайұлы, Спандияр Көбейұлы, Сәбит Дөнентайұлы, Тайыр Жомартбайұлы т. б деп соза беруге болады. Алаш ұранын ту еткен, ұлттық идеологияны, тілді, дінді, жерді жыр маржанына қосқан осынау әдеби кезең - түріктердің ХХ ғасыр басындағы Ұлттық әдебиет кезеңімен сарындас, сабақтас. Ұлттық әдебиет кезіңінің өкілдері: Өмер Сейфеттин, Али Джанып, Зия Гөкалп, Мехмет Емин Юрдакул, Якуп Кадри Караосманұлы, Халиде Алип Адывар, Яхия Кемал Бейатлы, Халит Фахри Озансой, Енис Бехич Корюрек, Юсуф Зия Ортач, Орхан Сейфи Орхон, Фарук Нафис Джамлыбел т. б.

XX ғасыр - әлемдік деңгейде ұлы өзгерістер мен тынымсыз толқуларды әкелген толымды дәуір болды. Саяси-экономикалық тұрғыдан ол көптеген елдердің тағдырын тәлкіге салып, санасын өзгертті. Бұл, әрине, мәдениет пен әдебиетке де әсер етпей қоймады. Тұраншылдық, түркішілдік көзқарас, Батыстық, Еуропалық сарын ықпалындағы жаңашылдық, сергелдеңге салған соғыс ұшқыны, еркіндік, бұрмаланған тіл тағдыры, мұсылмандық дині наным-сенім, қаһармандық т. б. тақырыпты қозғаған қазақ және түрік әдебиетінің өзара нәзік үйлесімі, ақындар поэзиясында анық байқалады.

ХХ ғасырдың басындағы әдеби дамудың осындай озық деңгейде болуында, әрине, қазақ және түрік даласының Еуроазиялық кеңістіктері бұрынғы дербес мемлекеттік географиялық тұрақты орнының болғандығы, сонымен бірге ғасырлар бойы бірнеше құрлықтарды байланыстырып келген мәдени қарым-қатынастардың да ықпалы болды. Ақындар шығармаларындағы мазмұн мен пішін сипатынан қазақ және әлем халықтары әдебиеттеріне тән үздік, көркемдік сапа жинақталуын аңғарамыз.

Бітіру жұмыстың зерттелу деңгейі мен өзектілігі: ХХ ғасырдың басындағы қазақ және түрік әдебиеті түрлі саяси-идеологиялық көзқарастардың, көркемдік-эстетикалық талғамдардың тоғысқан толымды кезеңі. Ол бір-біріне қарсы, кейде бір-бірін қолдайтын, енді бірде өзінікіне де, өзгенікіне де қарсы шығып, қасиетті өлең өңірінде толайым талай пікірлер туғызған тартысты кезең.

Түрік әдебиетінің тарихы қазақ қоғамына әлі де беймәлім болып келеді. Кеңестік кезеңдегі социалистік көзқарастағы ақын-жазушылар болмаса, сайып келгенде, түрік әдебиетінің даму сатылары, кезеңдік қатпарлары, түрік әдебиетінің даңқты өкілдері, әдеби-эстетикалық көзқарастары қазақ оқырманына толыққанды жете қоймады. Бұл қазақ мәдениетінің, жалпы, қазақ және түрік халықтарының мәдени-әдеби байланысының кенжелеп келе жатқан тұсы деуге болады. Кеңестік кезеңде жалпақ жұртқа аты мәлім болған Назым Хикмет, Әзиз Несин, Сабахаддин Әли, Иззеддин Динамо т. б. шығармашылығы XX ғасыр түрік әдебиеті турасында толымды түсінік бере алмасы хақ. Сондықтан, ұлттық кезең түрік әдебиетінің жаңаша даму кезеңдері, оның әдеби-эстетикалық бағыты, идеялық-көркемдік көкжиегі тиянақты талдауды қажет етеді. Түріктің «Ұлттық әдебиет» кезеңіне байланысты жалпылама зерттеу жұмыстары, яғни тарихы, кезеңдері, бағыттары, ұстанымдары, мәдениеті, әдебиеті, театры мен өкілдері жөнінде еңбектер, мақалалар мен дисертациялар көптеп кездеседі. Мысалы: Аран Бериннің «Милли әдебиет», Хащым Нюзхеттің «Милли әдебиет жөнінде» т. б. еңбектерде. Ал, сол кезеңдегі поэзия өкілдерінің шығармашылығы жөнінде «Түрік поэзиясының онтологиясы» еңбегінде жалпылама шолып өткені болмаса, тақырыптық жағынан жіктеген, зерттелген жұмыстар өте аз.

Осы диплом жұмысымда сол кезеңдегі түрік ақындарының өлеңдерін жаңаша көзқараспен талдай отырып, қазақ ақындарының шығармаларымен өзара үндестігін қарастырамыз.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті жөнінде Б. Кенжебаев, Е. Ысмайылов, Ə. Қоңыратбаев, Қ. Ергөбек т. б. ғалымдарымыздың, зерттеушілеріміздің құнды еңбектері жетерлік.

Ал, түріктердің «Ұлттық әдебиет» кезіңі мен қазақ әдебиетінің «Алаш ұранды» әдебиет өкілі ақындарының поэзия жанрын салыстыра зерттеген еңбектер мүлдем жоқтық қасы. Осы дипломдық жұмысым ХХ ғасырдың басындағы қазақ және түрік поэзия өкілдері туындыларының да өзара үндесетіндігін зерделей түсуге шақыратыны анық. Бітіру жұмысының өзектілігі де осында.

Бітіру жұмысының мақсаты: ХХ ғасырдың басындағы қазақ және түрік поэзия өкілдерінің еңбектерін өскелең ұрпаққа насихаттай отырып, шығармаларына талдау жасау, өзара үйлесімін айқындау, маңыздылығын анықтау. Сондай-ақ қазақ және түрік ақындары шығармашылығындағы рухани үндестік пен дәстүр жалғастығын мысалдар арқылы дәлелдеу. Осы мақсатты орындау барысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

  • ХХ ғасырдың басындағы қазақ және түрік поэзия өкілдерінің өлеңдерінде ұлттың тарихи, саяси, мәдени хал-ахуалының көркем тілмен шебер өрнектелуі;
  • Қазақ және түрік ақындарының шығармаларындағы ой-толғамдардың ұлттық поэзиямен астасуын зерделеу.

- Қазақ және түрік ақындарының шығармашылығындағы рухани үндестікті, әр тақырыптар бойынша олардың ұлттық, түрікшілдік, тұраншылдық, тіл, жер, махаббат лирикаларындағы сабақтастықтан іздеп, саралау, мысалдар арқылы дәлелдеп талдау.

Бітіру жұмысының зерттеу нысыны ретінде Халиде Едиптің «Жаңа Тұран», Аида Адиленің «Яхия Кемальдің пікір мен өлең дүниесі», Хащим Нюзхудың «Милли әдебиет», Құлбек Ергөбектің «Түркістан», «Түрік поэзия» Алаш әдебиеті өкілдерінің кітаптары пайдаланылды.

Бітіру жұмысының теориялық және методологиялық негізіне Көпүрүлі, Бурсалы Мехмет Тахир, Хусейн Вассаф, Абдулбаки Гөлпынарлы, Хусейін Бал сынды түрік ғалымдары мен М. Мырзахметов, Ш. Қ. Сәтбаева, Д. Кенжетай, А. Ахметбекова, Т. Шапай, Ғ. Доскенов, Н. Сыздықбаев, т. б. қазақ ғалымдарының пайымдаулары мен пікірлері басшылыққа алынды.

Бітіру жұмысының зерттеу әдісі. Қазақ және түрік салыстыру, жинақтау, талдау, аудару, жүйелеу және оны түсіндіру түрінде зерттеу негізгі нысана етілді.

Бітіру жұмысыныңқұрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ПОЭЗИЯСЫ

1. 1 Алашшыл ақындар мұрасының зерттелуі және ондағы ұлттық идея

Ұлттық өлең өнерінің ұзақ көркемдік-эстетикалық тәжірибесінің барша сөлі мен нәрін, түрлі мазмұны мен ерекшеліктерін, түр үлгілерін сіңіре жинақтаған ұлы әдебиеттің поэзия жанры ХХ ғасырда да көкжиегін кеңейте дамығаны аян. Поэзия- барлық қуат, мүмкіндігімен ел жүрегіне жол тауып, дәстүрлі тынысы мен өз ырғағынан жаңылған жоқ. Оны ХХ ғасырдың басындағы аумалы-төкпелі тарихи оқиғалар тұсындағы поэзияның озық үлгілерінен де байқауға болады.

Жаңа реалистік әдебиет пен ағартушылық-халықтық бағыттағы әдебиеттің ерекшеліктері мен жаңашылдық сипаты ХХ ғасыр басындағы шығармалар мен әдеби басылымдарда айрықша көзге түседі. Бұл тұстағы әдебиеттің даму заңдылықтарынан байқалған негізгі екі бағытты бөле-жара айтқан жөн. Біріншіден, ХІХ ғасырда, әсіресе, ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиетінде берік тамыр жайған, өзіндік орны бар Шығыс әддебиетінің тегеурінді әсері мен дәстүрі терең іздері, діни сипатты әдебиеттің таралуы өзінің белгілі бір билігіне жеткендей еді де, саябыр тартқан.

«Кітаби ақындар» деп аталған қарқынды бағыттың өзіндік беті айқындалды да, жаңа әдеби процесте өзіндік орын, жөн-жосығымен бейтарап қалып танытты. Енді әдебиеттің даму үрдісі, бағыты, басты-басты қайраткерлерінің ой-назары батыс, орыс мәдениетінің, жаңа заманның «ғылым» жаңалықтарына дем қойған таным дүниесіне ауа түскендей еді. Мағжан Жұмабаевтың өзі мақалаларымен аударма, оқулықтарында, оқу ісі туралы еңбектерінде «ғылым» дүниесіне негізделген білімге, Еуропа мәдениетіне ден қоятын көзқарасын ашық жазды. Бұл, Мұхтар Әуезовтың «Мағжанды сүйемін, Еуропалылығын, жарқырыған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Еуропадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан арқа қызын көріп сезінгендей боламын. Мағжан - культурасы зор ақын», - дейтін. Мағжан Уфада, Омбыда, Мәскеуде білім алып, В. Я. Брюсовтың аузынан «қазақтың Пушкині»атанған тұс. «Дәл сол кезде Шығыс мәдениеті қайраткерлерінің ішіндегі ең күшті, ең асқан білімпаздарының бірі де Мағжан болып саналады. », (Хайрулла Махмудов) .

Дүние таным мен руханият дүниесіндегі бұл бағыттың тууы мен белең алуы даму заңдылығының айқын бейнесі болатын. Сол тұстағы ұлтшыл қайраткерлер мен қазақ оқығандары, зиялы қауымның тұлғалы өкілдері түгелге жуық бәрі еуропаша білім алып, Ресейдің кәсіби білім орталықтарында оқығандар еді. Ғасыр басындағы саяси тіршілікке де белсене араласқан болатын. Алашорданың батысында да, шығысында да ой тізгінін солар қолға алған-ды.

Міне, дамудың осындай сәттерінде әдебиеттің жаңа бітімі түзілді, көркем публицистика белең алды, азаматтық үнді ұлттық көркем сөздің мүше-мүшесі дараланып, мүсінделе түсті. Бұл - екінші бағыт. Бұл бағыттың сипаты халыққа ең алдымен ең жақын саналатын өлең, жырда барынша айқын көрінді. Жыраулық поэзия одан әрі жалғасын тауып, түрлене дамыса да, заман тынысына лайықты уақыттың өзі әкелген жаңа дәуір поэзиясы тез буын бекітті. Көтеш, Шал ақын шығармаларынан бедерленіп басталған ақындық поэзия Абай дәстүрімен бір биік белеске шықты да, онда әрі біржолата мектеп қалыптастырылды. Яғни, осы тұста ақындық жаңа мектеп біржолата қалыптасып үлгерді. Соған орай поэзия жанрының бітімі де, мазмұны да жаңғырды.

Кейін ХХ ғасыр әдебиетінің басты тұлғалы қаламгерлері болған талантты тұлғалардың алғашқы, екінші-үшінші кітаптары осы тұста көп жарық көрді. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 1907 жылы үш бірдей жинағы (Қазан, «Хал-ахуал», «тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Сарыарқа кімдікі екендігі») оқырмандар қолына тиді. Бостандық туралы ашық көзқарастары, ақынның 1905 жылғы орыс революциясы әсерімен айтқан пікірлері үшін үш кітапты шығарған баспаға он екі мың сом ақшалай айтып салынды. 1905 жылы Сәбит Дөнентавтың Уфада «Уақ-түйек» деген атпен тұғңыш жинағы шықты. Сәкен Сейфуллинннің «Өткен күндер» (1914), Мағжан Жұмабаевтың «Шолпан» (1912), Нұржан Наушабевтың «Алаш» (1910), Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» (1909), Бекет Өтетілеуовтың «Жиған - терген» (1914), жинақтары, тағы басқа жоғарыда аталған кітаптар осы тұстағы әдебиет тынысы мен бағытын барынша толымды көзге елестете алады.

Небәрі жиырма жеті жыл ғана ғұмыр кешіп, шығармашылыққа шыңдап ден қойған оншақты жылдың ішінде орасан зор маңызды көркем әдеби мұра қалдырған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың осы кезеңдегі туындылары өмірінің өзінше бір белесін білдіреді. Ақынның алғашқы тырнақалды кітабы өзі көз жұмғаннан кейін, 1922 жылы ғана жарық көрді. Оған дейін шығармалары мерзімді баспасөз беттерінде, ел аузында таралды. «Түсімде», «Бұлар кім?», «Қымыз», «Итаршыға», «Шәкірт ойы», «Жас жүрек», «Неге жасаймын», «Алты аяқ», т. б. өлеңдері мен мақала, толғаулары жарық көрді. «Қазақ» газетінің шығуына қуанып, құттықтаған «Міне, алақай!» өлеңі ( «Қазақ», 1913, 1 наурыз, №4) ақынның азаматтық көзқарасын айқын жеткізген шығармасы еді. «Қараңғы түнек түнде еді, қара қазақ баласы деп, «жиырмасыншы ғасыр басында» айы туып, күні туып, «жарық көрді алашы!»деп, алғы күнге үміт арта сөйлейді. Сұлтанмахмұт қаламынан шыққан «Алаш ұран» (1917) ұлттық-азаттық идеясының ашық үніндей естілді. Жалпы, ақынның барлық шығармалары негізінен ХХ ғасырдың басындағы жиырма жыл ішінде жазылды да, сол кезеңдегі қазақ әдебиетінің ахуалын, мүмкіндіктері мен бағыт-бағдарын айқын танытты. «Адасқан өмір» қазақ әдебиетінің поэма жанры өшпес рухты үлгілерінің қатарына қосылады. «Кедей» поэмасы да аса бір зерлі, көркем әрі тарихи мәнді шығарма. Өлеңмен жазылған тұңғыш роман «Қамар сұлу» - реалистік қазақ әдебиетінің көш басындағы ірі шығармашылық құбылыстардың бірі. Ақынның шығармашылық өмірінің айтулы үш кезеңін (1907 -1911 жылдарды қамтитын шәкірттік өлеңдері, 1912 -1913 жылдардағы «Айқапта» қызмет істеп жүрген тұстағы өлеңдері, 1917 -1918 жылдардағы Семейдегі шығармашылық тағдыры) бөле-жара қарастырған академик Серік Қирабаев ақын табиғатын «лапылдап тұрған ақындық мінездің қайсарлық пен табандылыққа үлесуін көреміз» деп сипаттайды. С. Торайғыров ақындығы жаңа қазақ өлеңінің жарқын беттеріне айналды, жігерлі, әсерлі, мұңды да сазды азаматтық поэзиясы өзгеше бітімді, келісті кестелі зерімен санаға тез жатып отырды. Бірқатар өлеңдері Абай мақамының өрнектерін қайталай жаңғыртса, енді бірқатар өлеңдері көзі көрген аласапыран заманның суреттерін қаз-қалпында түсіріп отырғандай. «Сарыарқанның жаңбыры» 1917 жылғы қазақ өмірін тереңнен ақтара жеткізген, психологиялық жарыстары баламалауды шебер қолданған шығарма.

Көп уақыт жаңбыр көрмей қурап, күйіп,

Жоқ еді Сарыарқада көрер сиық.

Сол қатарлы шөлдеген жан-жнуар,

Аузына тұра алмаған тілі сиып.

Айналған Сарыарқамен қоштасуға,

Бір жаңбыр жібермесе Құдай иіп, -

деп басталатын өлең үмітке, арманға толы, ақын Сарыарқаның жаңбырын бостандықтан лебіндей сезінді.

Көрсетсен қара шекпен еккен ісін,

Қиналып жан аямай жеккен күшін, -

деп аталатын небәрі алты тармақтық «Итаршыға» өлеңінде де уақыт бедері қалың түскен.

Сұлтанмахмұт Торайғыров «1) Қазақ әдебиет тарихында тұңғыш роман жазулардың бірі болды; тұңғыш рет өлеңмен роман жазды; 2) қазақ әдебиетінде сюжетсіз, философиялық-лирикалық поэма жанрын туғызды; 3) қазақ әдебиетінің шын мағынасындағы публицистика жанрын жазушылардың бірі болды». Бұл ақындық ғұмыры ХХ ғасыр басындағы он-он бес жылға сәйкес келе қалған Сұлтанмахмұд Торайғыров (1893-1920) жомарт та қайсар талантының жемісіне берілген әділ тұжырым.

ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттің белбаласы Бернияз Күлеев (1899-1923 ж. ж. ) - өзіндік дара бітімдік суреткерлігімен қоса, қазақ өлеңіні тарихында Абай ақындық мектебінің жарқ еткен жаңа жас өркені ретінде қалатын ақын. Жиырма беске де жетер-жетпесте қайғылы қазаға ұшыраған, үзілген үміттің тұзағына ілініп, ақындық жүректің дертті күйігіне күйіп кеткен Бернияздың өлең тынысында, сөз орамдары мен ырғақ-бунақтарында Абай поэзиясының адастырмас пернелерінің мақамы сөйлеп тұр. Абайдың өлең өрнегіне («Бостандық күнінде»), сөз сынына («Жырла да зарла, көңілім. . ») барынша жақындап барған, уақыт тынысына сай рухы жаңа, дәстүрі берік тарпаң да балаң шабыт иесі сол тұста осы Бернияз Күлеев болды. Ол заманының сөзін айта алды және Абай сынды ұлы тұлғаның мектебін одан әрі бекітіп, жаңғыртты.

Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы - тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени- рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. ХХ ғасырдың басында зиялы тұлғалар қазақтың тілі мен мәдениеті Кеңес Одағы саясатының салдарынан бұғауланып, тұншығып жатқанын сезген болатын. Сондықтан да олар жан-жақтан идеялары үндес адамдарды жинап, бір ортаға жинала бастады. Қазақ баласы ұлт ретінде дербес әрекет етсе, көптеген жаңашылдықты қабылдай алатын, өз қолы аузына жететіндей қауқары бар екенін ұқты. Бұл ұлы идеялар кеңестік идеялогия тарапынан қысым көргенімен, қазақ халқының осылай үлкен ойларды іске асыра алатыныны таң қалдырғаны рас. Елін сүйген нағыз елжанды азаматтар сол ғасырда өте көп болғанын аңғаруға болады.

Алаш қайраткерлерінің ұлы идеялары олардың санасында, үлкен жүрегінде сақталып келді. Тіпті бүгіндері алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде деуге болады. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты - ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. XX ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі - тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек. Алаш зиялыларының Қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» - деп атап көрсеткен болатын.

«Дала ақсүйектері» деп Елбасы сипаттаған алашордалық тұлғалардың еліміз үшін атқарған еңбектері орасан зор. Солардың ішінде Мұстафа Шоқайдың еңбегін атап өтпеске болмайды. Алаш қозғалысының төл перзенті Мұстафа тек қазақ халқының ғана емес, өзбек және басқа да түрік халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. Білімін Ресейдің беделді оқу орындарында шыңдаған тұлғаның дүниетанымы тың, ерекше болатын. 1914 жылдың көктемінде Мұстафа Петербургте оқып жүрген түркі жастарының бастарын қосып, патша өкіметінің ислам діні жөніндегі саясатына байланысты баспасөз бетінде жарияланған үндеуіне қатысады. Аталмыш үндеу Мұстафаның саяси қозғалысқа біржолата тартылуының, ұлттық мүдде жолындағы күрескерлер қатарынан берік орын алғандығын көрсетеді. Мұстафа Шоқайдың ойын ашық айта білетін қасиеті мен мықты жігері көптеген жастарға үлгі бола алатыны сөзсіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX-ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі ұлт зиялылары
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
Халық ауыз әдебиеті
Қазақ әдебиетіндегі дін тақырыбының даму, қалыптасу тенденцияларын, ислам дінінің ұлттық құндылыққа айналу жолындағы әдебиеттің маңызын анықтау
Қазақ фольклорының тарихы
Шәкәрім мұрасы
Айтбай Белгібайұлы айтыс жанрындағы келбеті
ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағыт
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Алаш әдебиеттануын совет кезінде дамытқан ғалым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz