Бидай дәндерінің технологиялық қасиеттері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе: 1
3: “Уланская МТС” ЖШС мекемесінде ұн алу цехын жобалауға негіздеме
5
Кіріспе: 1. 1
3: “Уланская МТС” ЖШС тарихы
5
Кіріспе: 1. 2
3: Шаруашылық сипаттамасы және бас жоспарға сипаттама
5
Кіріспе: 1. 3
3: Бидайдың жалпы түсімі бойынша статистикалық мәліметтер
6
Кіріспе: 2
3: Өңдеу объектісі ретінде бидайға сипаттама
9
Кіріспе: 2. 1
3: Анатомиялық құрылысы
9
Кіріспе: 2. 2
3: Бидай дәндерінің технологиялық қасиеттері
13
Кіріспе: 2. 3
3: Дәннің ұн тартуға әсер ететін көрсеткіштері
15
Кіріспе: 2. 4
3: Дәннің наубайханалық қасиеттерін бағалайтын көрсеткіштер
16
Кіріспе: 2. 5
3: Астықтың ұн партияларын құру
17
Кіріспе: 3
3: Технологиялық бөлім
19
Кіріспе: 3. 1
3: АВМ-1, 5 жиынтықты диірмен қондырғысы
19
Кіріспе: 3. 2
3: Бидайды ұнға өндеудің технологиялық сұлбасының сипаттамасы
20
Кіріспе: 3. 3
3: Технологиялық сұлбаға арналған технологиялық жабдықтар есебі
26
Кіріспе: 4
3: Жабдықтарды құрастыру және орналастыру
39
Кіріспе: 5
3: Жабдықтар аспирациясы
41
Кіріспе: 6
3: Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
50
Кіріспе: 6. 1
3: Технологиялық жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы
50
Кіріспе: 6. 2
3: Өрт қауіпсіздігі және өндірістік эстетика
53
Кіріспе: 7
3: Жобаның экономикалық бөлімі
56
Кіріспе: Қорытынды
3: 59
Кіріспе: Әдебиеттер тізімі
3: 61
Кіріспе: Қосымша А
3:
Кіріспе: Қосымша Б
3:
Кіріспе: Қосымша В
3:
Кіріспе: Қосымша Г
3:
Кіріспе: Қосымша Д
3:

Кіріспе

Қазақстан Республикасының президенті мен үкімет ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударады, соның ішінде астық саласына. Ірі кәсіпорындар мен өндірілетін ұн және жарманың негізгі көлемі ішкі нарықты ғана қамтамасыз етеді. Бұл астық саласының нарықта төмен дамығанын ғана көрсетіп қоймай, бәсекелестік те төмен деңгейде екенін көрсетеді, сол себепті сыртқы нарықты дамытуға мүмкіндік шектеулі.

Қазақстанның негізгі және дәстүрлі өнім жеткізушісі Ресей болып табылады (барлық жарма және ұн импортының 95 % құрайды) . Алыс шет елдерден жарма өнімдерін көптеп жеткізетін мемлекеттердің бірі Венгрия, біраз мөлшерде жеткізетін Түркия, Германия және тағы басқа елдер. Ал Қазақстан өнімін тұтынушы ТМД елдері, мысалы Ресей 8 %, Өзбекстан 12 %, Тәжікстан 80 % құрайды, бұл жалпы жарма және ұн өнімінің экспортының көрсеткіші. Алайда бұл әліде төмен көрсеткіш.

Жекеленген өңдеу және қайта өңдеу кәсіпорындары жаңа техника мен алдыңғы қатарлы технологияны пайдаланып, сапасы дүниежүзілік талаптарға сәйкес келетін өнімдерді шығаруда. Бұл кәсіпорындардың, бұрынғы өндіріс орындарымен салыстырғанда қуаты шамалы, технологиялық үдерістер қысқа, шектеулі, кейбір зауыттарда, қажеттілік болғанда, қуатын өсіруге мүмкіндік болмайды. Сондықтан жаңа өңдеу орнын жобалау қажет, ал ол қосымша қаражатты қажет етеді. Салынатын жаңа комплекстерде және әрекет етіп тұрған кәсіпорындары жаңа талаптарға жауап беретін, технологиялық үдерістерді ұйымдастыру, жүргізу орталық бекіткен жалпыға ортақ «Ережемен» қамтамасыз етілмеген, сондай­ақ дайындау, қабылдау, өңдеу, қайта өңдеу, т. б. кондициялар жоқ.

Жарма және ұн өндіруші кәсіпорындарды заман талабына сай жоғары технологиялық қондырғылармен техникалық, ғылыми және экономикалық мүмкіндіктер көз қарасымен екі жолмен қамтамасыз етуге болады - шет елден дайын линияларды сатып алу немесе өзіміздің қондырғыларды жасап шығару арқылы.

Жарманың және ұнның бәсекелстігін арттыру барысында, астық өңдеуші сектор мемлекеттің экономикасына нарықтық жағдайда өзінің үлкен үлесін қосары анық.

Астық өнімдерін дамытудағы болашағы бар бағыттардың бірі ол жармадан ұн өндіру, жарма талқанын өндіру және пісіруді қажет етпейтін жарма өндіру.

Кәсіпорынды жобалау бұл шығармашылық, үздіксіз дамуды және жетілдіруді талап ететін үрдіс. Ол ғылым және техниканың ең соңғы жетістіктерін қолдану арқылы ұйымдастырылуы керек, пайдалануға берілген кезде бұл кәсіпорындар техника жағынан алда және технико экономикалық көрсеткіштері жоғары, ал еңбекпен қамту және ережелеріне толығымен заман талартарымен жауап беруі керек. Сол үшін жобаларда ең тиімді астық ағынының және дайын өнімнің сызбаларын қолдану керек, өндірістік және құрылыс алаңдарын рационалды пайдалана білу қажет, ғимараттар мен құрылыстардың архитектуралық безендірулерін және жоба құрылыс бөлімін жақсарту керек, еңбек жағдайн және қауіпсіздік техникасын жақсарту қажет, жұмысшылар үшін ең тиімді тұрмыстық жағдайларды қарастыру керек.

1 «Уланская МТС» ЖШС мекемесінде ұн алу цехын жобалауға негіздеме

1. 1 «Уланская МТС» тарихы

«Уланская МТС» ЖШС 2001 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Мекеме Ұлан ауданының Айыртау ауылында, Өскемен қаласынан 26-30 шақырым қашықтықта «Алматинская» трассасының оң жақ бетінде орналасқан. Шаруашылық иелігінде 1863 га егістік жер бар. Осы егістікте әр жылдары бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, соя, қарақұмық дақылдары өндіріледі. Астық және майлы дақылдар негізінен Өскемен қаласының келесі мекемелеріне сатылады:

- «Защитинский элеватор» ЖШС;

- «Усть-Каменогорский мукомольный комбинат» ЖШС;

- «Өскемен май зауыты» ЖШС.

2031 га шабындықта әр түрлі көпжылдық шөптер егіледі, негізі житняк пен костер өндіріледі. Екпе шөп негізінен Айыртау ауылының тұрғындарына малдың жем-шөбі ретінде сатылады.

1. 2 Кәсіпорын сипаттамасы және бас жоспарға сипаттама

Жылына 3000 тоннадан астам астық түсімі бар «Уланская МТС» Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданының Айыртау ауылында орналасқан. Шаруашылық арпа, жұмсақ бидай, сұлы, күнбағыс, соя және қарақұмық дақылдарын өсірумен айналысады. Шаруашылықтың бас жоспары дипломдық жұмыстың графикалық бөлімінің 1 плакатында көрсетілген.

Шаруашылық Айыртау ауылының батыс бөлігінде орналасқан. Кәсіпорнынның орналасқан жері қолайлы. Әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы, көліктік қолжетімділік, және де экологиялық қолайлы климат бар.

Желдердің жақын бағыты солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс. Жер асты суларының тереңдігі анықталмады. Жер учаскесінде ағаш екпелері бар. Учаскенің рельефі еңіссіз жазық. Учаске Батпақты емес. Учаскенің ауданы-14622 га.

Шаруашылық аумағында бақылау пункті, әкімшілік ғимарат, жылы паркинг, механикалық жуу, қоймалар, автокөлік таразысы және машина-трактор шеберханасы бар. Осылардың барлығы өзара байланысты және шаруашылықтың толық техникалық өндірісіне маңызды болып табылады. Шаруа қожалығының жабдықтамасы сапасы қазіргі нормалардың талаптарынан кем түспейтін астық шығымын қамтамасыз етеді. Бұл қазіргі заманғы нарықтың талаптарын сенімді қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Инженерлік жасақтамасы:

- сумен жабдықтау-орталық;

- жылумен жабдықтау-автономды;

- электрмен жабдықтау-қолданыстағы желіден, техникалық шарттарға сәйкес;

- кәріз

- су өткізбейтін септик;

- телефондандыру

-Ұлан ауданының АТТ техникалық шарттарына сәйкес.

Шаруа қожалығының жабдықтамасы сапасы қазіргі нормалардың талаптарынан кем түспейтін өнімнің шығымын қамтамасыз етеді. Бұл қазіргі заманғы нарықтың талаптарын сенімді қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Нарықтық бәсекелестік жағдайларында дайын өнімнің шығым пайызының өсуінің әсерінен оның өзіндік құнының төмендеуі сатып алушылардың сұранысы мен сату көлемінің өсуінің негізгі аргументтерінің бірі болып табылады.

Менің бұл жобадағы мақсатым осы шаруа қожалық өндірісіне жұмсақ бидайдан наубайханалық екі сұрыпты ұн алу және балалар тағамын алу сызбасын қосу. Осы арқылы шаруа қожалықтың өнімділігі арттырып, экономикалық деңгейін көтеру көзделіп отыр. Цехты жобалап тұрғызып, жаңа өндіріске экономикалық неғұрлым тиімді қылып жасау. Ол шаруа қожалығына жаңа мүмкіндік береді және жергілікті экономикаға өз үлесін қосады.

1. 3 Бидайдың жалпы түсімі бойынша статистикалық мәліметтер

Ауыл шаруашылық статистикасы - ауыл шаруашылығын зерттейтін экономикалық статистика саласы. [1] . Ауыл шаруашылық статистикасының негізгі міндеттері: ауыл шаруашылығының дамуын, күйін сипаттайтын статистикалық мәліметтерді жинау, өндеу және талдау. Осы міндеттердің орындалуының ең маңызды шарты - ауыл шаруашылық өндіріснің дамуының негізгі тенденцияларын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін ұдайы жетілдіру, әдістемені, ақпарат жинау, тасымалдау және өңдеу жүйелерін жетілдіру.

«Уланская МТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі соңғы бес жылдағы бидайдың жалпы түсімі бойынша статистикалық мәліметтер 1 кестеде көрсетілген [2] .

Кесте 1

«Уланская МТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі соңғы бес жыл ішіндегі бидайдың жалпы түсімі бойынша статистикалық мәліметтер

(центнер)

Шаруашылық
Жыл
2014
2015
2016
2017
2018
Шаруашылық: Уланская МТС
Жыл: 11700, 0
16816
13304
18161
22500

Бұл кестені талдай отырып бидай бойыншы жалпы түсімінің өсуі байқалды деген тұжырым жасауға болады. Бұл негізінен ауа-райы жағдайларымен байланысты.

Астық түсімділік - бұл егін шаруашылығы өнімдерінің түрлі дақылдарын отырғызылған жерінен егін жинап алу. «Уланская МТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жеке жиналған бидай түсімділігі кесте 2 көрсетілген.

Кесте 2

«Уланская МТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі соңғы бес жылдағы бидай түсімі

(1 гектардан центнер)

Шаруашылық
Жыл
2014
2015
2016
2017
2018
Шаруашылық: Уланская МТС
Жыл: 7, 8
11, 2
8, 9
12, 1
15, 0

Бидай түсімділігі бойынша, шаруашылықтағы соңғы бес жылда түсім ауытқып отырғанын байқауға болады.

«Уланская МТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі бидайдың жалпы түсімі және астық түсімдігі бойынша статистикалық мәліметтер [2] сурек 1 және 2 көрсетілген.

Сурет 1 Соңғы бес жылда «Уланская МТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жалпы бидай түсімі

Жоғарыда көрсетілген диаграмманы талдай отырып «Уланская МТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жалпы бидай түсімінің өсіп келе жатқандығына және 2018 жылы 22500 центнер құрағанына көз жеткізуге болады.

Сурет 2 Соңғы бес жылда «Уланская МТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі бидай түсімділігі

Диаграмманы талдай отырып астықтың түсімділігінің ауытқып отырағандығы байқалады. Астық түсімділігіне климат, сұрыпы және де егін шаруашылық өнімдерін өсіру технологиясы әсер етулері мүмкін. «Уланская МТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі соңғы бес жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш 2018 жылы байқалады.

Осылайша «Уланская МТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жалпы бидай түсімі соңғы бес жылда өсіп келе жатқандығын байқауға болады. Осыған қарай, келешектегі бидай түсіміне болжау негізінен оптимистік болып келеді. Бұл, келешекте дәл осы шаруашылықта ұн тарту цехын жобалауға мықты негіздемелердің бірі болып табылады.

2 Өңдеу объектісі ретінде бидайға сипаттама

Дән - дән массасының ең басты құраушы бөлігі болып табылады, себебі көлемі және саны арқылы дән массасынын негізін құрайды. Ол өлшемі, ылғалдылығы және тығыздығы бойынша әртекті болады. Астық жинау барысында зақымдалған, жарылған және сызатталған дәндердін пайда болу себептерінен әртектілік ұлғая түседі. Астық массасының өміршеңдігі барлық тірі организмдерде жүретін үдерістерден құралған [3] . Оларды физиологиялық үрдістер деп атайды. Оларға - тыныс алу, зат алмасу, орудан кейінгі пісіп жетілуі және ұрықтанып өсуі жатады.

Осы үрдістердің сипаты және жүрі бағыты дәннің химиялық құрамын өгертіп оның физикалық қасиеттеріне әсер етеді. Астықтын және тұқымның бастапқы сапасы оның келесі кезектегі сақталуына әсер етеді [4, с. 4] .

Сонымен қатар астықтың сақтау және өңдеу объектісі ретіндегі сапасы оның түрлік және сұрыптық ерекшеліктеріне, және де егін алқабындағы даму жағдайларына тәуелді болады [5, с. 5] . Ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау кезіндегі шығындардың туындау себептерін талдай отырып, академик А. И. Опарин олардың біздің надандығымыздың, дән жасушалары мен дән тіндерінде жүретін физиологиялық және биологиялық үрдістердің білмеушілігіміздің тікелей дәлелі болып табылатындығы туралы жазған [6, с. 5] . Және де ол дәнді дақылдардың дәндерінің морфологиялық және атаномиялық құрылыстары жөніндегі дұрыс түсінік қалыптастыру маңыздылығын да атап кеткен. Сондықтан да, келешекте шикізатты ұнға дұрыс өңдеу үшін дәннің толық сипаттамасымен таныс болған өте маңызды.

2. 1 Анатомиялық құрылысы

Бидай дәнінің қалпы ұзындау, дөңгелек, сопақтау болып келеді. Дәндерінің арқа және құрсак жақтары болады. Томпақ жағын арқасы, ал қарама-қарсысы жазықтау - құрсағы деп аталады.

Құрсақ ішінде тереңдетіліп жырашығы орналасқан. Дәнінің арқасының төменгі бөлігінде ұрығы жайғасқан. Қарама-қарсы дәнінің жоғарғы бөлігінде айдаршығы, сыртқы қабығынан шыққан жіңішке талшықтардан түрады. Оның екі бүйір жақтарын бөшкесі дейді.

Кез-келген мәдениеттің морфологиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін олар оның пішімін, өлшемін, бетінің сипатын, түсі мен басқа да ерекшеліктерін сипаттайды. [7, с. 6] . Бидайдың морфологиялық сипаттамалары 3 кестеде көрсетілген [8] .

Кесте 3

Бидайдың морфологиялық сипаттамасы

Бидай дәні және тұқымының морфологиялық белгілері
Сипаттама
Бидай дәні және тұқымының морфологиялық белгілері: Пішіні
Сипаттама: Ұзынша, дөңгелектеу, жұмыртқа тәріздес
Бидай дәні және тұқымының морфологиялық белгілері: Түсі
Сипаттама: Ақ, янтарлы, сары, қызыл, әр түрлі реңді
Бидай дәні және тұқымының морфологиялық белгілері: Бет қабаты
Сипаттама: Тегіс
Бидай дәні және тұқымының морфологиялық белгілері: Өзгеше белгілері
Сипаттама: Жырашығы кең, айдары бар және кейде ештеңесі жоқ жалаңаш дән

Бидай дәнінің морфологиялық құрылымы сурет 3 көрсетілген

Сурет 3 Бидай дэнінің морфологиялық құрылымы

Мұндағы 1 дегеніміз - бүйір жағының көрінісі, 2 - арқа жағының көрінісі, 3 - құрсақ жағының керінісі, Д - Ұзындығы, Ш - ені, Т - қалыңдығы, а - құрсағы, б - арқасы, в - айдаршығы, г - жырашығы, д - бөшкесі, е - борозда ілгегі, ж - борозда ілгегінің ені, з - борозданың тереңдеп жатуы, и - ұрық.

Дәннің ұзындығы, ені және қалыңдығы болады. Ұзындығы (Д) деп; оның табаны немесе төменгі бөлігімен жоғары жағының арақашықтығы, ені (Ш) деп бүйір жақтарының ең қашықтау арасын, қалындығы (Т) деп, арқа мен құрсақ арасын айтады. Осы айтылған сызба өлшемдерінің мына қатынас Д<Ш<Т сәйкес келеді.

Бидай дақылдарыдың пайыздық анатомиялық қатынасы келесі 4 кестеде көрсетілген.

Кесте 4

Бидай дақылының анатомилық қатынасы

(пайыз)

Дақыл
Гүлдік қабықтары
Жемістік және тұқымдық қабықтары
Алейрондық қабаты
Ұрығы
Эндосперм
Дақыл: Бидай
Гүлдік қабықтары: -
Жемістік және тұқымдық қабықтары: 4, 5-6, 5
Алейрондық қабаты: 6, 5-9, 5
Ұрығы: 1, 5-3, 0
Эндосперм: 83, 0-85, 0

Бидай дәні барлық дақылдар секілді күрделі құрылыстан тұрады. Бұл сурет 4 және 5 көрсетілген.

Сурет 4 Бидайдың көлбеу кесіндісі

Мұндағы 1 дегеніміз - эндосперм, 2 - ұрық, 3 - түбі, 4 - шығу жапырағы, 5 - дәнжарнақ, 6 - цилиндрлік эпителиясы, 7-8 - жемістік қабығы, 9 - тұқымдық кабығы, 10 - алейрондық қабат.

Сурет 5 Бидай дәнінің анатомиялық бөліктерінің құрылысы

Мұндағы А дегеніміз - жемістік қабығының ұзыншақ клеткасы; б - көлденең клеткасы және жемістік қабығының құбырлы қабаты; в - дәннің көлденең кесіндісінің бөлшегі; г - тұқымдық қабықтың гиалин қабаты; д - эндоспермнің алейронды қабаты; 1 - сыртқы қабат - ұзыншақ клеткалар (эпикарпий) ; 2 - көлденең клеткалар (мезокарпий) ; 3 - құбырлы клеткалар (эндокарпий) ; 4 - пигментті қабат; 5 - гиалинді қабат; 6 - алейронды қабат; 7 - крахмалды эндосперм.

Жемістік қабығы (перикарпий) дәнді сыртынан орап жатыр, ол үш қабатты клеткадан тұрады: 1 - эпикарпия, ұзыншақ клеткалардың бірнеше қатарынан түзілген дән бойын бойлай орналасқан жэне көлденең қабат деп аталады; мезокарпия - (ұзынша қабаты), ол қалы қабатты ұзынша клеткалардан тұрады және дәнді ұзынша бойлай орналасқан; эндокарпия - (түтікшелі қабат), ұзыншақ түтікшелі клеткалардан түзілген.

Тұқымдық қабығы (периспермий) мөлдір қабаттан түрады, ол бояғыш заттарды сақтайтын пигментті қабатпен тығыз жабысып өскен. Төменде құрылымы жоқ гиалин немесе ісіну деп аталатын жылтыр қабат орналасқан. Эндоспермде тұқымның қабығына жабысқан түзу клеткалардан тұратын перифериялық қабат орналасқан. Бұл қабат кейбір дақылдар үшін бірқатарлы клеткалардан (бидай, қара бидай, сүлы), басқаларында бірнеше қатардан (арпа) түрады. Ол алейронды қабат деп аталады. Алейронды қабаттың астында эндоспермнің сыртқы бөлігін орай ірі, жұқа қабықты әртүрлі түрдегі клеткалар орналасқан. Бұл клеткалар әртүрлі өлшемдегі крахмал дәндерімен толтырылған. Әр дәнді дақылдар үшін оның түрі мен өлшемі әртүрлі.

2. 2 Бидай дәндерінің технологиялық қасиеттері

Тартуға бидай мен қара бидайдың дəндерін пайдаланады. Олардан тағамдық қасиеттері жоғары аса бағалы ұн алынады. Ұнның шағымына жəне сапасына дəннің химиялық құрамы мен технологиялық қасиеттері, ал бұл қасиеттер дəннің сұрыптық ерекшеліктеріне, оның өсіп-өнген ортасына, топырақтың құрамы мен ауа райына байланысты өзгеріп отырады.

Астықтың технологиялық қасиеттері деп дəннің барлық физикалық, химиялық қасиеттері мен сапасын, оның ұнға айналу кезіндегі сипаттамасын, ұнның жалпы шығымын жəне оның сапасын айтады, сондай-ақ қуат шығыны жатады.

Қара бидай бидайдан кейінгі ұн алуға пайдаланылатын екінші орындағы дақыл. Ол еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс жəне кейбір шығыс аудандарында кеңінен тараған.

Бидай мен қара бидайдың əртүрлі сұрыптарының тек өздеріне ғана тəн қасиеттері бар. Бірақ олар ауа райына, егістік жердің құнарлылығына байланысты өзгеріп тұрады. Сондықтан оларды тиімді пайдалану үшін технологиялық қасиеттерін əрдайым анықтап тұру керек.

Бидай эндоспермнің шынылығына, түріне (жұмсақ жəне қатты), жаздық немесе күздік нысандарына (формаларына), дəннің түсіне (қызыл немесе ақ) қарай төмендегідей типке бөлінеді:

І тип - жаздық жұмсақ қызыл бидай;

ІІ тип - жаздық қатты бидай;

ІІІ тип - жаздық ақ бидай;

ІV тип - күздік қызыл бидай;

V тип - күздік ақ бидай;

VІ тип - күздік қатты бидай;

Қара бидай құрылысына, өндірілетін аумағына қарай үш типке бөлінеді:

І - солтүстік күздік;

ІІ - оңтүстік күздік;

ІІІ - жаздық қара бидай.

Күздік қара бидайдың жаздық қара бидайға қарағанда технологиялық қасиеттері жоғары болады.

Астықты қабылдау жəне ұн тартуға дайындау кездерінде бидайдың күшіне едəуір көңіл бөлінеді. Өйткені күшті бидайдан сапалы жəне наубайханалық қасиеттері жоғары ұн алуға болады. Осындай ұнды наубайханалық қасиеттері төмен ұндарды жақсарту үшін пайдаланады. Бидайдың күштілігін көбіне дəннің жəне ұнның наубайханалық сапасын бағалау үшін қолданады. Наубайханалық күшіне қарай жұмсақ бидай күшті, орташа жəне нашар деп үш топқа бөлінеді. Профессор Е. Д. Казаков бұл үш топқа мынадай баға берген.

Күшті бидайдан алынған ұннан қамыр илегенде, ол суды көп сіңіреді. Осы қамырдан пісірілген нан сапалы, көлемі үлкен болады. Ол ашып жетілу үшін көп уақытты қажет етеді, нанның қабығы жұқа болады.

Күші орташа бидайдан да наубайханалық сапасы жақсы ұн алуға болады.

Күші нашар бидай ұнның наубайханалық қасиетін жақсарту үшін күшті бидайдың ұнын қосу қажет.

Дəннің шынылығы мен басқа көптеген қасиеттері оның наубайханалық сапасын бағалайтын көрсеткіштер. Дəннің шынылығы мен оның пайыздық мөлшері бидайдың сұрыпты ұн тартуға жарамдылығын жəне ұн тартқанда жүретін үдерістердің ырғағын ретімен анықтайды.

Астықтың технологиялық қасиеттері негізінде үш топқа жататын көрсеткіштер арқылы бағаланады:

1. Астықтың жалпы сапалық көрсеткіштері - дəмі, иісі, түрітүсі, ылғалдылығы, сондай-ақ шөп-шалаң, аурулармен жəне зиянды жəндіктермен зақымданған дəндердің мөлшері, 2, 0х20 мм електен өткен заттар.

2. Дəнді ұнтақтауға əсерін тигізетін көрсеткіштер - дəннің шынылығы, ірілігі, біркелкілігі, көлемділік өлшемі, 1000 дəннің салмағы, күлділігі, тығыздығы.

3. Наубайханалық көрсеткіштер - сағыздықтың мөлшері мен сапасы, құлау саны, газ шығару жəне осы ұстап тұру қабілеті, еленген ұнның қасиеттері, сынақ нанның бағалары, т. б. қасиеттері.

Астыққа жалпы баға беруге арналған көрсеткіштер - оның ұн тартуға жарамдылығын көрсететін жалпы қасиеттері. Бұл көрсеткіштер негізгі (тұрақты) көрсеткіштер жəне ең төменгі шектік көрсеткіштер деп екіге бөлінген. Егер астықтың сапалық көрсеткіштері болуы керек көрсеткіштерден кем не артық болса, онда оны диірменге тартуға жіберуге болмайды.

Негізгі көрсеткіштеріне бидай сағызының мөлшері мен сапасы жатады. Жоғары сұрыпты ұн тартуға арналған бидайда оның мөлшері 25%-дан, жай ұн тартуға арналған бидайда 20%-дан, ал оның сапасы 2 топтан төмен болмауы керек.

Диірменге жіберілген астықтың ылғалдылығы 13, 5%-дан аспауы керек. Егер одан артық болса, ұн тарту үдерісі қиындайды да, зауыттың жұмыс өнімділігі төмендейді, электр қуатының шығыны өседі жəне ұнның сапасы төмендейді. Егер ылғалдылығы 13, 5%-дан төмен болса, оны дайындау кезінде жоғарылатуға болады. Бұл қосымша ылғалдау ұн дайындауда оның қабыршықтарын айыруды жеңілдетіп жəне ұнның шығымын көбейтіп, сапасын жақсартуға мүмкіншілік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәнді дақылдардың химиялық құрамы, ассортименті және сапасына қойылатын талаптар
Сусымалы материалдарды араластыруға арналған құрылғының тиімділігін арттыру
Жарманың ботаникалық сипаттамасы және ассортименттері
Ұннан жасалған кондитер өнімдері
Ұн технологиясы
Дәннің құрлымымен оның анатомиялық бөліктерінің микроқұрлымының технологиялық маңызы
Ұнның химиялық құрамы
Астық-ұн тауарлары
Күздік жұмсақ бидайдың суыққа төзімділігі
Дәнді астық дақылдарының қоректік құндылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz