Жүзгін заттар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯЛАУ КОМИССЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ!

ҚҰРМЕТТІ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ!

Сіздерге «Жезқазған қаласының өндіріс орындарының Қаракеңгір өзеніне ластауға тигізетін әсері» тақырып бойынша дипломдық жұмысты ұсынып отырмын.

Диплом жұмысының өзектілігі (актуальность) өмір сүріп жатқан ғасырымызда әрбір мемлекеттің өркениеті қауіпсіз дамуы үшін, негізгі үш мәселеге назар аудару қажет. Олар: мемлекеттің саяси бағыты , экономикалық тәсіл және экологиялық жағдайы . Саяси бағыт - ол мемлекет басшыларының, саясаткерлерінің құзырында болса, ал экономика - экономика саласындағы мамандардың қолында. Ал экологиялық жағдай - ғалымдардың білімділігімен, көргенділігімен сипатталады.

Айта кету керек, кейбір жағдайларда дұрыс емес саясат, экономикалық көрсеткіштердің өсуі, экологиялық жағдайлардың күрт нашарлауына - (улы болып табылатын қатты, сұйық және газ түріндегі қалдықтардың мөлшерлерінің көбеюіне, ал бұлар ауру-сырқау мен өлімнің көбеюіне) әкелуі мүмкін. Сол себептен мемлекеттегі саясат, экономика және ол жерде қалыптасқан экологиялық жағдай бір-бірімен тікелей байланысты. Бұларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Экономика мен саясаттың өзгеріп тұруы заңды құбылыс. Ал экологиялық апытты тоқтату немесе бағытын өзгерту - өте күрделі жұмыстарды қажет етеді, тіптен кейбір жағдайларда биосферадағы бұзылған тепе-теңдікті орнына қайта келтіру мүмкін емес болып қалуы да ғажап емес.

Осыған орай дипломдық жұмыстың мақсаты - Жезқазған қаласының өндірістік орындарының Қара-Кеңгір өзенін ластауға тигізетін әсерін анықтау болып табылды.

Дипломдық жұмыстын 1 бөлімінде Қара-Кеңгір өзеніне біраз сипатама бердім.

Қара-Кеңгір өзені басын Ұлытау тауларынын алады да Орталық Қазақстан аумағы бойынша ағады және Сарысу өзенінің саласы болып табылады. Оның су жинағышының көлемі 18400 текше километрді құрайды, өзеннің ұзындығы 295 км.

Жезқазған қаласы орналасқан жерінде климат шұғыл континентальді болып келеді. Қара-Кеңгір өзенінің гидрологиялық су тәртібі көктемгі су тасқынында толқынның бейнесі шұғыл көріністе болады да жаз-күз және қыс кездерінде үстінгі қабатты су ағары толықтай болмайды.

Өзендегі су тасқыны сәуір-мамыр айларында болады да, бір айға жуыққа созылады. Көктемгі су тасқынына жылдық су ағардың 95% келеді де, жаз-күз және қыс кезеңдеріне жағалаулық ағыстың 5% ғана байқалатын болады.

Қара-Кеңгір өзені су объектілерінің текестірулері бойынша 3 кластық су ағыс болып табылады . «Союзводоканалпроект» МЖИ мәліметі бойынша Қара-Кеңгір өзені суының орташа жылдық шығыны мен әртүрлі қамсыздандырған жылдық ағыстың көлемі 1-кестеде көрсетілген.

Кесте 1

Қара-Кеңгір өзен суының шығыны және суағар көлемі

Қамтамасыз етілгендігі, %
1
5
10
25
50
75
85
90
95
97
Қамтамасыз етілгендігі, %: Су шығыны, м 3
1: 19. 2
5: 13. 9
10: 11. 3
25: 7. 5
50: 4. 07
75: 1. 75
85: 0. 986
90: 0. 629
95: 0. 291
97: 0. 166
Қамтамасыз етілгендігі, %: Суағар көлемі жылына млн текше метр
1: 604
5: 439
10: 357
25: 237
50: 128
75: 55. 2
85: 31. 1
90: 19. 6
95: 9. 17
97: 5. 24

Жезқазған қаласы шығыстау жағында Қара-Кеңгір өзенінде арна түріндегі Кеңгір су қоймасы орналасқан . Су қоймасы ұзындығы 620 м және ең көп биіктігі 30 м болатын жер бөгетімен құрылған.

Костен-Көл-Сай жырасында Жезқазғаннан солтүстіктеу жерде ұзындығы 180 м, ең көп биіктігі 4, 5 м болатын кесіп өтетін бөгет орнатылған.

Су қоймасы Жезқазған және жақын орналасқан елді-мекеннің өнеркәсіптік, ауылшаруашылығының суға деген мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін құрылған болатын, өйткені өзен суының шығыны, суға мұқтаждықтан аз болады.

Кеңгір су қоймасы, көп жылдар бойы реттелетін су қоймасы болып табылады. Су қоймасының толық көлемі 319 млн текше метрді құрайды, су беру пайдалылығы - 95% су ағыстарымен қамтамасыз етілгендігі жағдайында, жылына 49, 6 млн текше метрді құрайды.

Гидрологиялық тәртіп, Мем СТ бойынша 17. 1. 2. 04-77 су объектілерінде баға кесу (балықшаруашылық құндылықты орнату), әсіресе су обьектілерінің реттеліп алынған суағарлары үшін бірден-бір көрсеткіші болып табылады.

Қара-Кеңгір өзенінің су қоймасынан төмен учаскесінде суды пайдалану МемСТ 17. 1. 1. 03-86 сәйкес, суды халықтың коммуналдық-тұрмыстық жұқтаждығына пайдалану сияқты тектестірілуі қажет. Өзен суының химиялық құрамы, жыл бойы және жылдар бойынша, жылдың сұлулығына және өзендік ағып құйылудың көлеміне байланысты өте өзгеріп отырады.

Өзендік ағып келіп құйылатын суының жоғары минералы болады: су тасқынында - 680 800 мг/дм 3 , жағалау суда - 900 1450 (жеке бір жылдарды 2000-ға дейін) мг/дм 3 . Су негізінде тұзды, сульфат және хлоридтің жоғары мөлшерімен.

Бір кезеңдерде өзенде артылған мөлшердегі мұнай өнімдері мен ауыр түрлі-түсті металлдардың иондарын байқауға болады [8, 9], олар сыртқы қабатты ағынды сулармен қала аумақтарынан және Жезқазған қаласының өнеркәсіп кәсіпорындарынан келіп түседі. Бұрын жүргізілген зерттеулермен анықталғандай, Қара-Кеңгір өзен суының ластануына оның тармақтарының табиғи ластануымен - кішігірім өзендер мен жылғаларының тікелей Жезқазған кен орындарындағы рудалардың үстімен ағып, түрлі-түсті металдардың иондарына қаныққандары айқындалады.

Сонымен бірге жергілікті климат жағдайында жер асты суларының жоғары деңгейдегі жатуына байланысты жылдар сайын үстіңгі қабатты сулардың және топырақ жамылғыларының минералдануы ұлғая түседі. Жердің табиғи сортаң жерге айналуы және көптеген сор топырақты жердің тигізетін әсері, Қара-Кеңгір өзен суының артық минералдануын айтпай-ақ түсіндіреді.

2 -ші бөлімде зерттеу әдістері туралы жаздым

Судың негізгі көрсеткіштері. Су көздерінің ластану деңгейі судағы зиянды заттардың (қоспалардың) концентрациясымен анықталады және халық шаруашылығының әртүрлі салаларының талап етуімен бағаланады. Анағұрлым қатаң талап қоятын ауыз су - шаруашылығы және мәдени тұрмыстың суды пайдалану болып табылады. Олар жергілікті халықтың денсаулығына және тұрмыстық санитарлық жағдайдың төмендеуінің қауіптілігімен байланысты.

Ағынды судың құрамы және оның қасиеті санитарлы-химиялық анализ нәтижесі бойынша бағаланады. Оның қатарына физикалық, химиялық және санитарлы бактерияларды анықтау жатады. Ағынды судың құрамының күрделелігі - әрбір ластаушы заттарды анықтау мүмкін еместігі болып табылыды. Кейбір судың қасиетінде жеке заттардың идентификациясының болмауынан мынандай көрсеткіштерді таңдау қажет. Мұндай көрсеткіш топталған немесе жинақталғанда деп аталады.

Мысалы: органолептикалық көрсеткіш , суға иіс немесе түс беретін судағы әрбір затқа мөлшерлік анықтауды қажет етпейді.

Толық санитарлы-химиялық, физикалық анализ келесі көрсеткіштерді болжап анықтайды: темперетура, түсі, иісі, мөлшерлігі, рН шамасы, құрғақ қалдық, қалдық тығыздығы және қоспа заттарды, көлем және масса бойынша тұңба заттарды, оттекке химиялық тұтыну, оттекке биологиялық тұтыну, азот (жалпы аммонилі, нитритті, нитратты), фосфоттар, хлоридтер, сульфаттар, ауыр металдар, басқа улы элементтер, БАЗ, мұнай өнімдері, еріген оттек, микроб саны, бактериаларының ішек талшық тобы, гельминт жұмыртқасын, сонымен қатар толық санитарлы-химиялық анализге қаланың тазалау станциясында арнайы қоспаларды анықтайтын қондырғы қосылуы мүмкін. Ол су тарту жүйесінднгі елді мекеннен түскен суды өндірістік кәсіпорын суынан арнаулы қоспаларын ажыратады.

Шектеулі рұқсат етілген концентрация (ШРЕК) - қазіргі санитарлық - судың негізгі заңдылығына бағынатын негізгі гигиеналық нормасы. ШРЕК-тің нормасы (мг/л) су қоймасына түсетін барлық заттарды зерттеп анықтайды.

Мысалы, бензолдың ШРЕК-і 0, 5 мг/л, қорғасын - 0, 1, сынап - 0, 05, темір - 0, 5, бензин - 0, 1 мг/л құрайды.

Ағынды судың ластану дәрежесі ШРЕК-тен жоғарылайтын болса, онда су қоймасынан су алуды тоқтатады.

Темперетура - техникалық көрсеткіштің бірі. Температура функциясы сұйықтықтықтың тұтқырлығы болып табылады, олай болса бөлшектердің тұнбаға түсуіне қарсы әсер етеді. Сондайөақ температура седиментация процесінің факторын анықтаушы. Температураның биологиялық тазалау процесі үшін маңызды мәні бар. Оған биологиялық реакцияның және оттектің суда еру жылдамдығы тәуелді.

Қалалық сутарту желісіне жіберілетін өндірістік ағынды суға жалпы талап 2-ші кестеде көрсетілген.

2-кесте

Қалалық сутарту желісіне жіберілетін өндірістік ағынды суға жалпы талап

Ағынды су құрамы және қасиетінің көрсеткіші
Өлшем бірлігі
Шектеулі рұқсат етілген концентрат (ШРЕК)
Ағынды су құрамы және қасиетінің көрсеткіші: Жүзгін заттар
Өлшем бірлігі: Мг/л
Шектеулі рұқсат етілген концентрат (ШРЕК): 500
Ағынды су құрамы және қасиетінің көрсеткіші: Жүзгін заттардың зольдігі
Өлшем бірлігі: %
Шектеулі рұқсат етілген концентрат (ШРЕК): 30
Ағынды су құрамы және қасиетінің көрсеткіші: ОБҚ толық
Өлшем бірлігі: Мг/л
Шектеулі рұқсат етілген концентрат (ШРЕК): 500
Ағынды су құрамы және қасиетінің көрсеткіші: ОХҚ
Өлшем бірлігі: Мг/л
Шектеулі рұқсат етілген концентрат (ШРЕК): 800
Ағынды су құрамы және қасиетінің көрсеткіші: рН
Өлшем бірлігі:
Шектеулі рұқсат етілген концентрат (ШРЕК): 6, 5-8, 5
Ағынды су құрамы және қасиетінің көрсеткіші: Температура
Өлшем бірлігі: ˚С
Шектеулі рұқсат етілген концентрат (ШРЕК): 40
Ағынды су құрамы және қасиетінің көрсеткіші: Түстілігі
Өлшем бірлігі:
Шектеулі рұқсат етілген концентрат (ШРЕК): 1/16
Ағынды су құрамы және қасиетінің көрсеткіші: Қалдық
Өлшем бірлігі: Мг/л
Шектеулі рұқсат етілген концентрат (ШРЕК): 2000
Ағынды су құрамы және қасиетінің көрсеткіші: Хлорид
Өлшем бірлігі: Мг/л
Шектеулі рұқсат етілген концентрат (ШРЕК): 350
Ағынды су құрамы және қасиетінің көрсеткіші: Сульфат
Өлшем бірлігі: Мг/л
Шектеулі рұқсат етілген концентрат (ШРЕК): 500
Ағынды су құрамы және қасиетінің көрсеткіші: Cr 3+
Өлшем бірлігі: Мг/л
Шектеулі рұқсат етілген концентрат (ШРЕК): 1
Ағынды су құрамы және қасиетінің көрсеткіші: Cr 6+
Өлшем бірлігі: Мг/л
Шектеулі рұқсат етілген концентрат (ШРЕК): 0, 1
Ағынды су құрамы және қасиетінің көрсеткіші: Pb
Өлшем бірлігі: Мг/л
Шектеулі рұқсат етілген концентрат (ШРЕК): 0, 1
Ағынды су құрамы және қасиетінің көрсеткіші: As
Өлшем бірлігі: Мг/л
Шектеулі рұқсат етілген концентрат (ШРЕК): 0, 05
Ағынды су құрамы және қасиетінің көрсеткіші: Hg
Өлшем бірлігі: Мг/л
Шектеулі рұқсат етілген концентрат (ШРЕК): 0, 005
Ағынды су құрамы және қасиетінің көрсеткіші: Al
Өлшем бірлігі: Мг/л
Шектеулі рұқсат етілген концентрат (ШРЕК): 1

Құрамында радиоактивті элементтері бар өндірістік ағынды суды тазалауға ерекше көңіл бөлінеді. Қалалық сутарту желісіне мұндай ағынды суды жіберуге рұқсат етілмейді. Сонымен қатар биологиялық өте күшті БАЗ жіберуге руқсат етілмейді.

Біз судың құрамын анықтау үшін әр түрлі әдістер қолдандық

Ол әдістердін бәрі Мемлекеттік стандартта берілген.

1 Жалпы кермектілігін (тұздылығын) анықтау әдістемесі.

Сынауға іріктеп алу әдістемелері

Су сынаулары ГОСТ 2874-73 және ГОСТ 4979-49 бойынша іріктеліп алынады. Жалпы кермектілігін анықтау үшін судың сынау көлемі 250 мл аз болмауы керек. Егер судың кермектігін сынауға іріктеп алынған күні анықтауға мүмкіншілік болмаса, онда өлшеніп алынған су көлеміне, 1:1 есебімен тазартылған су қосып, анықтау үшін келесі күнге қалдыруға болады. Жалпы кермектігін анықтау үшін алынған сынау суын бұзылудан қорғамайды.

Ол аналитикалық химияның титриметриялық оның ішінде комплексонометриялық әдіс анықталды.

х = υ 0 , 05 K 1000 V х = \frac{\upsilon \cdot 0, 05 - K \cdot 1000}{V} ,

онда: υ - күрделі талдау тәсіліне, мл. жұмсалған трилон Б ерітіндісінің саны; К - трилон Б әдеттегі ерітіндісінің түзету коеффициенті; V - анықтау үшін алынған су көлемі, мл.

Одан кейін, марганец, мышьяк, темір, хлордың мөлшерін анықтадық.

Ағынды сулардағы ластайтын заттардың жарамды шоғырлану есебінің нәтижелері 3-кестеде келтірілген.

Кесте 3 С ЖҚЖ жарамды шоғырлануын анықтау.

Көрсеткіш атауы
Есеп үшін алғашқылық мәліметтер, мг/дм 3
Есепті шоғырлану мг/дм 3
С ЖҚЖ , мг/дм 3
Ағынды сулардағы нақты шоғырлану
Тұстағы шоғырлану
Балық шаруашылығы су тоғандары үшін ЖШШ
Көрсеткіш атауы: 2 шығарылым (ЖЖСҚКО шаруашылық-тұрмыстық ағынды су)
Көрсеткіш атауы: Өлшенген заттар
Есеп үшін алғашқылық мәліметтер, мг/дм3: 14, 1
Есепті шоғырлану мг/дм3: 15, 1
СЖҚЖ, мг/дм3: С ф +0, 75=15, 85
15, 9
14, 1
Көрсеткіш атауы: Минералдау
Есеп үшін алғашқылық мәліметтер, мг/дм3: 1315, 0
Есепті шоғырлану мг/дм3: 958, 7
СЖҚЖ, мг/дм3: 1000
1000
1000
Көрсеткіш атауы: БПК 5
Есеп үшін алғашқылық мәліметтер, мг/дм3: 5, 3
Есепті шоғырлану мг/дм3: 2, 62
СЖҚЖ, мг/дм3: 2, 1
2, 4
2, 4
Көрсеткіш атауы: СПАВ
Есеп үшін алғашқылық мәліметтер, мг/дм3: 0, 15
Есепті шоғырлану мг/дм3: 0, 12
СЖҚЖ, мг/дм3: 0, 5
0, 52
0, 15
Көрсеткіш атауы: Нитриттер NO 2
Есеп үшін алғашқылық мәліметтер, мг/дм3: 0, 41
Есепті шоғырлану мг/дм3: 0, 10
СЖҚЖ, мг/дм3: 0, 08
83, 6
0, 41
Көрсеткіш атауы: Нитраттар NO 3 -
Есеп үшін алғашқылық мәліметтер, мг/дм3: 26, 2
Есепті шоғырлану мг/дм3: 1, 063
СЖҚЖ, мг/дм3: 40, 0
40, 4
26, 2
Көрсеткіш атауы: Мыс Cu 2+
Есеп үшін алғашқылық мәліметтер, мг/дм3: 0, 005
Есепті шоғырлану мг/дм3: 0, 0063
СЖҚЖ, мг/дм3: С ф +0, 001=0, 0073
0, 007
0, 005
Көрсеткіш атауы: Мырыш Zn 2+
Есеп үшін алғашқылық мәліметтер, мг/дм3: 0, 006
Есепті шоғырлану мг/дм3: 0, 0215
СЖҚЖ, мг/дм3: 0, 01
0, 01
0, 006
Көрсеткіш атауы: Мұнай өнімдері
Есеп үшін алғашқылық мәліметтер, мг/дм3: 0, 053
Есепті шоғырлану мг/дм3: 0, 41
СЖҚЖ, мг/дм3: 0, 05
0, 05
0, 05
Көрсеткіш атауы: 3 шығарылым (СЖСҚКО шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулары)
Көрсеткіш атауы: Өлшенген заттар
Есеп үшін алғашқылық мәліметтер, мг/дм3: 13, 7
Есепті шоғырлану мг/дм3: 15, 1
СЖҚЖ, мг/дм3: С ф +0, 75=15, 85
15, 9
13, 7
Көрсеткіш атауы: Минералдау
Есеп үшін алғашқылық мәліметтер, мг/дм3: 1135, 2
Есепті шоғырлану мг/дм3: 958, 7
СЖҚЖ, мг/дм3: 1000
1001
1001
Көрсеткіш атауы: БПК 5
Есеп үшін алғашқылық мәліметтер, мг/дм3: 5, 4
Есепті шоғырлану мг/дм3: 2, 62
СЖҚЖ, мг/дм3: 2, 1
2, 3
2, 3
Көрсеткіш атауы: СПАВ
Есеп үшін алғашқылық мәліметтер, мг/дм3: 0, 2
Есепті шоғырлану мг/дм3: 0, 12
СЖҚЖ, мг/дм3: 0, 5
0, 52
0, 2
Көрсеткіш атауы: Нитриттер NO 2 -
Есеп үшін алғашқылық мәліметтер, мг/дм3: 0, 11
Есепті шоғырлану мг/дм3: 0, 10
СЖҚЖ, мг/дм3: 0, 08
11, 7
0, 11
Көрсеткіш атауы: Нитраттар NO 3 -
Есеп үшін алғашқылық мәліметтер, мг/дм3: 6, 9
Есепті шоғырлану мг/дм3: 1, 063
СЖҚЖ, мг/дм3: 40, 0
40, 9
6, 9
Көрсеткіш атауы: Мыс Cu 2+
Есеп үшін алғашқылық мәліметтер, мг/дм3: 0, 004
Есепті шоғырлану мг/дм3: 0, 0063
СЖҚЖ, мг/дм3: С ф +0, 001=0, 0073
0, 007
0, 004
Көрсеткіш атауы: Мырыш Zn 2+
Есеп үшін алғашқылық мәліметтер, мг/дм3: 0, 004
Есепті шоғырлану мг/дм3: 0, 0215
СЖҚЖ, мг/дм3: 0, 01
0, 01
0, 004
Көрсеткіш атауы: Мұнай өнімдері
Есеп үшін алғашқылық мәліметтер, мг/дм3: 0, 046
Есепті шоғырлану мг/дм3: 0, 41
СЖҚЖ, мг/дм3: 0, 05
0, 05
0, 046

Органолептикалық қасиетін анықтадық иісіне және дәмәне балл қойып. Нәтижесі мына кестеде берілген. Сынақ жүргізу.

Су иісінің өзгешелігін қабылданған иісті сезіммен анықтайды (топырақты, хлорлы, мұнай өнімдері және басқалар) .

20°С иісті анықтау.

Сыйымдылығы 250-350 мл тығыны қйылыстырылған шыны сауытқа 20°С температурадағы сыналатын судың 100 мл өлшеп құяды.

Шыны сауытты тығынмен жабады, ішіндегі сұйықтықты айналмалы қозғалыспен бірнеше рет араластырады, содан кейін шыны сауытты ашып, оның иісі мен мәнін анықтай бастайды.

60°С иісті анықтау.

Шыны сауытқа зерттелетін судан 100 мл өлшеп құяды.

Шыны сауыттың ауызын сағат шынысымен жабады да сулы моншада 50-60°С-да қыздырады.

Шыны сауыттың ішіндегі суды айналмалы қозғалыспен бірнеше рет шайқап араластырады.

Шыныны бір жағына қарай жылжытып қойып, тездетіп оның иісі мен мәнін анықтайды.

20 және 60°С су иісінің өсімталдығын 4 кестеде берілген талаптарға сәйкес бес балдық жүйемен бағалайды:

Кесте 4

20 және 60°С су иісінің өсімталдығын бес балдық жүйемен бағалау

Иістің

өсімталдығы

Иістің тарау өзгешеліктері
Иістің өсімталдығын бағалау, балл
Иістіңөсімталдығы: Жоқ
Иістің тарау өзгешеліктері: Иіс сезілмейді
Иістің өсімталдығын бағалау, балл: 0
Иістіңөсімталдығы: Өте шамалы
Иістің тарау өзгешеліктері: Иіс тұтынушымен сезілмейді, бірақ зертханалық зерттеумен байқалады
Иістің өсімталдығын бағалау, балл: 1
Иістіңөсімталдығы: Шамалы
Иістің тарау өзгешеліктері: Иіс тұтынушымен байқалады, егер оның назарын оған аударса
Иістің өсімталдығын бағалау, балл: 2
Иістіңөсімталдығы: Едәуір
Иістің тарау өзгешеліктері: Иіс тез байқалады және су туралы жақтырмаған пікірлер айтылады
Иістің өсімталдығын бағалау, балл: 3
Иістіңөсімталдығы: Анық
Иістің тарау өзгешеліктері: Иіс өзіне көңіл аудартады және су ішуден тартынуға мәжбүрлейді
Иістің өсімталдығын бағалау, балл: 4
Иістіңөсімталдығы: Өте күшті
Иістің тарау өзгешеліктері: Иіс соншама күшті, тіпті суды ішуге жарамсыз етеді
Иістің өсімталдығын бағалау, балл: 5

Дәмді органолептикалық әдіспен анықтау. Органолептикалық әдіспен дәм және татымдылықтың мәні мен өсімталдығын анықтайды.

Дәмнің негізгі төрт түрін айырады: тұзды, қышқыл, тәтті, ащы. Басқа дәмдік сезімдердің түрін тату, татым деп атайды.

Сынақ жүргізу. Дәмнің немесе татымның мәнін қабылданған дәм мен татым сезіммен анықталады (тұзды, қышқылды, сілтілі, металл татиды және т. б. ) . Зерттелетін суды аз мөлшермен ауызға алады да, жұтып қоймай, 3-5 секунд ұстай тұрады. Дәм мен татымдылықтың өсімталдығын 20°С анықтайды және 5 кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес бес баллды жүйемен бағалайды.

Кесте 5

Дәм мен татымдылықтың өсімталдығын анықтау

Дәм мен татымдылықтың өсімталдығы
Дәм мен татымдылықтың тарау өзгешеліктері
Дәм мен татымдылықтың өсімталдығын бағалау, балл
Дәм мен татымдылықтың өсімталдығы: Жоқ
Дәм мен татымдылықтың тарау өзгешеліктері: Дәм мен татым сезілмейді
Дәм мен татымдылықтың өсімталдығын бағалау, балл: 0
Дәм мен татымдылықтың өсімталдығы: Өте шамалы
Дәм мен татымдылықтың тарау өзгешеліктері: Дәм мен татым тұтынушымен сезілмейді, бірақ зертханалық зерттеумен байқалады
Дәм мен татымдылықтың өсімталдығын бағалау, балл: 1
Дәм мен татымдылықтың өсімталдығы: Шамалы
Дәм мен татымдылықтың тарау өзгешеліктері: Дәм мен татым тұтынушымен байқалады, егер оның назарын оған аударса
Дәм мен татымдылықтың өсімталдығын бағалау, балл: 2
Дәм мен татымдылықтың өсімталдығы: Едәуір
Дәм мен татымдылықтың тарау өзгешеліктері: Дәм мен татым тез байқалады және су туралы жақтырмаған пікірлер айтылады
Дәм мен татымдылықтың өсімталдығын бағалау, балл: 3
Дәм мен татымдылықтың өсімталдығы: Анық
Дәм мен татымдылықтың тарау өзгешеліктері: Дәм мен татым өзіне көңіл аудартады және су ішуден тартынуға мәжбүрлейді
Дәм мен татымдылықтың өсімталдығын бағалау, балл: 4
Дәм мен татымдылықтың өсімталдығы: Өте күшті
Дәм мен татымдылықтың тарау өзгешеліктері: Дәм мен татым соншама күшті, тіпті суды ішуге жарамсыз етеді
Дәм мен татымдылықтың өсімталдығын бағалау, балл: 5

2. Су ресурстары хал-ахуалының мониторингі

Жезқазған аймағында орналасқан «Қазақмыс аорпорациясы» ЖСШ, су объектілеріне (Кеңгір су қоймасы, Қара-Кеңгір өзені) ағынды суларын қашыратын кәсіпорындарына - «Жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорыны» АҚ (ЖСҚКО), Жезқазған жылу электро орталығы (ЖЖЭО) жатады.

Су объектілерінің суын пайдалану тәртібі: Қара-кеңгір өзені - халықтың коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждығына, Кеңгір су қоймасы - шаруашылық-ауыз суына арналған. Жезказған қ. «ЖСҚКО» АҚ адамдар тұратын сектор мен Жезқазғанның өнеркәсіп аудандарын сумен қамтамасыз етуге және шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды бұрып жіберуге арналған. Кеңгір су қоймасы мен Үйтас-Айдос бас сағасының жер асты скважиналары сумен қамтамасыз етудің көздері болып табылады. ЖСҚКО Қара-кеңгір өзеніне, Жезқазған қаласы тазаланған шаруашылық-тұрмыстық ағынды суын бір рет шығара алады.

Тазалағыш құрылыстың технологиялық нобайы ағынды сулардың толық механикалық және биологиялық тазалануын қарастырған. Тазалағы құрылыстың құрамына мына жабдықтар кіреді: май жинағыш құбырлар, құм ұстағыштар, механикалық тазалауға арналған тұндырғыштар, аэротенкалар, биологиялық тазалауға арналған биологиялық тоғандар, құмды және лай алаңдары, лай нығыздаушылар, ылғалды қалдықтарды өңдеуге арналған метанкалар.

Жезқазған ЖЭО өнеркәсіп кәсіпорындары мен адамдар тұратын секторлардың мұқтаждықтары үшін электр және жылу энергиясын өндіруге арналған. Кеңгір су қоймасы ЖЖЭО техникалық сумен қамтамасыз ету көзі болып табылады, сумен қамтамасыз ету жүйесі - айналмалы турбина конденсаторларына және қосалқы жабдықтарды суыту үшін су орталық жағадағы насос станциясынан айналып жүргізетін насостармен беріледі.

Турбина конденсаторларын және май салқындатылғаннан кейін су кеңгір су қоймасына түсіріледі. Салқындатудың айналма жүйесінің жылу алмасу ағынды сулары «нормативтік таза су» санатына жатады да, тазалауға жатқызылмайды. Шығарылым тәртібі шашырату болып табылады.

«Жезқазған цветмет» ӨБ эмиссиялық мониторингі ағынды су орынында ағынды судың Қара-кеңгір өзеніне және Кеңгір су қоймасына тасталатын жерлерінде жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микрогетерогенді жүйелер және олардың практикалық маңызы
Ағынды сулар туралы
Ферроксид реагентінің активтілігін анықтау әдістемесі
Мұнаймен ластану концентрациясы
Псаммофитті өсімдіктер және олардың биологиялық екрешеліктері
«Алабұталар және тарандар тұқымдасы»
Дәрілік өсімдіктермен емдеу
Коллоидты химияның негізгі түсініктері мен анықтамалары
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы ақпарат
Жеміс тұқым ауданы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz