Асыл тас атауларының этимологиясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жаңғыру кезеңін бастан кешіп отырған бүгінгі күнде танымдық, эстетикалық, тәрбиелік мәні бар көптеген құбылыстарды, соның ішінде асыл тас атаулары, зергерлік өнер түрлеріне байланысты аса маңызды құндылықтарды жинап-теріп, анықтап, қайта бағалау қажеттігі туындап отыр. Өйткені кеңестік идеологияның әсеріне «қазақ халқы мал шаруашылығымен ғана айналысып, басқа мәдени құндылықтарымызды игере алмаған» деген бір жақты қасаң көзқарас орын алғандығы белгілі. Мұндай стереотиптерді тарихшы, этнограф, өнертанушылардың зерттеулеріндегі тіл деректеріне сүйене отырып, қайта қарастыру қажет. Өйткені қазақ тілінің лексика-фразеологиясы жөнінде сөз болғанда, мал атауларына бай тіл деген қорытынды жасалады да, асыл тастарға және одан туындаған қолөнер бұйымдарына байланысты атаулар, олардың фразеологизмдерге ұйытқы болудағы орны елеусіз болып қалады. Қазақтың асыл тас атаулары тарихи-этнографиялық, археологиялық зерттеулердің, яки сақталған, кейбіреулері қолданылып келе жатқан бұйымдардың көмегімен ғана емес, тіл деректері арқылы анықталады.

Қазақ тіліндегі асыл тастарға қатысты тілдік бірліктер - өзінің саналуандығымен, әлеуметтік мәнділігімен ерекшеленетін этнолингвистикалық нысан. Онда халқымыздың тарихы мен салт-дәстүріне, ойлау жүйесіне, материалдық және рухани мәдениетіне байланысты мол ақпарат сақталған. Осыған байланысты қазақ тіл білімінде асыл тас атаулары бұған дейін этнографиялық, тарихи, этимологиялық тұрғысынан қарастырылып келеді. Әйтсе де асыл тас атауларын этнолингвистикалық тұрғысынан арнайы зерттеу нысаны болған жоқ. Асыл тас атауларының номинациясы мен функциясындағы этимологиялық, лингвомәдени, этнолингвистикалық т. б аспектілерге талдау жасау арқылы олардың семантикасына қатысты экстралингвистикалық факторлар, объективті шындық пен қазақ этносының эстетикалық талғамы, дүниетанымдық менталитеті жүйелі түрде анықталады. Тіліміздегі тұрақты тіркестерді тілдік тұрғыдан зерттеу барысында ондағы ұйытқы сөздерді негізге ала отырып, фразалық бірліктер тақырыптық, лексика-семантикалық топтарға жіктеліп қарастырылды, олардың құрамындағы асыл тас атауларының қолданыстағы мағыналары ашылып, асыл тас атауларына этимологиялық талдаулар жасалды. Ал асыл тас атаулары мен оған байланысты жасалған зергерлік әшекейлер - қазақ халқының өзіндік ерекшелігін айқын көрсететін, әлеуметтік ортасы мен зергерлік өнер түрлерінен, киімдері мен тұрмыстық бұйымдарынан, ата-бабамыздың табиғат байлығын игеру тәжірибесінен, дүниетанымынан, әлеуметтік реттеу құралы болған салт-дәстүрлерінен т. б. мол дерек беретін қайнар көздердің бірі ретінде құнды. Біздің зерттеуіміздің бағыт-бағдарын айқындайтын мұндай мәселелер зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді.

Диплом жұмысының зерттеу нысаны: асыл тас атаулары.

Зерттеудің пәні: асыл тас атауларының этнолингвистикалық сипаты.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың негізгі мақсаты - асыл тас атауларының ұлттық, мәдени сипатын ашу, олардың ұлт дүниетанымындағы орнын белгілеу, ұлттық көзқарастардың таңбалану жолдары мен ерекшелігін анықтау. Алға қойған мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделді:

  • қазақ халқының ежелден келе жатқан материалдық мәдениетінің болғанын айғақтайтын тарихи, археологиялық деректерге шолу жасау арқылы тілдік деректерді талдау;
  • асыл тас атауларының номинациясы мен функциясындағы этимологиялық, лингвомәдени, этнолингвистикалық т. б аспектілерге талдау жасау;
  • асыл тас атауларына байланысты мақал-мәтелдерді жинақтау, түрлі мәнге, мағынаға ие мақал-мәтелдер асыл тастың қасиетін асыра бағалауға қатысты, рухани және материалдық құндылықтардың айрықша сапасын бағалауға қатысты, қарама-қарсы құбылыстарды асыл тастар арқылы бағалауға қатысты жіктеу;
  • асыл тас атауларына байланысты фразеологизмдердің тақырыптық, лексика-семантикалық топтарын анықтау;
  • асыл тас атауларына қатысты фразеологизмдерді негіз болған уәждік белгілері бойынша топтастыру;
  • асыл тас атаулары негізінде қалыптасқан сөз тіркестері, теңеулер мен тұрақты тіркестердің рухани мәдениетпен байланысын көне наным-сенім, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерге этнолингвистикалық талдау жасау арқылы көрсету;
  • этнолингвистика ғылымының теориялық негіздері, басты ұстанымдары, әдістемесі, терминдік-ұғымдық аппарат жүйелері қазақ тіл біліміне қатысты негіздеу;
  • этнолингвистика мен лингвомәдениеттанудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықтау;
  • асыл тас атауларының этимологиясына талдау жасау.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы:

Қазақ тіл білімінде асыл тас атаулары бұған дейін этнографиялық, тарихи, этимологиялық тұрғысынан қарастырылып келе жатқанымен, асыл тас атауларын этнолингвистикалық тұрғысынан арнайы зерттеу нысаны болған емес. Осыған байланысты зерттеу жұмысының жаңалығы тұңғыш рет бірсыпыра асыл тас атауларының белгілі бір кәсіп, өнер түрімен байланысты екендігін этнолингвистикалық, мәдениеттанымдық, антропонимикалық, мифологиялық, ономасиологиялық, когнитивтік (танымдық) аспектіде қарастырылуы болып табылады. Атап айтқанда:

  • Қазақ халқының ежелден келе жатқан материалдық мәдениетінің болғанын айғақтайтын тарихи, археологиялық деректерге шолу жасау арқылы тілдік деректер талданды;
  • асыл тас атауларының номинациясы мен функциясындағы этимологиялық, лингвомәдени, этнолингвистикалық т. б аспектілерге талдау жасау арқылы олардың семантикасына қатысты экстралингвистикалық факторлар, объективті шындық пен қазақ этносының эстетикалық талғамы, дүниетанымдық менталитеті жүйелі түрде анықталады.
  • асыл тас атауларына байланысты мақал-мәтелдер жинақталып, түрлі мәнге, мағынаға ие мақал-мәтелдер асыл тастың қасиетін асыра бағалауға қатысты, рухани және материалдық құндылықтардың айрықша сапасын бағалауға қатысты, қарама-қарсы құбылыстарды асыл тастар арқылы бағалауға қатысты жіктелді.
  • асыл тас атауларына байланысты фразеологизмдердің тақырыптық, лексика-семантикалық топтары анықталды;
  • фразеологизмдерге негіз болған уәждік белгілер ашып көрсетіліп, осы белгілері бойынша топтастырылды;
  • асыл тас атаулары негізінде қалыптасқан сөз тіркестері, теңеулер мен тұрақты тіркестердің рухани мәдениетпен байланысы этномәдени бірліктердің беймәлім болып келген мазмұнын ашып, көне наным-сенім, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерге этнолингвистикалық талдау жасау арқылы көрсетілді;
  • этнолингвистика ғылымының теориялық негіздері, басты ұстанымдары, әдістемесі, терминдік-ұғымдық аппарат жүйелері қазақ тіл біліміне қатысты негізделді;
  • этнолингвистика мен лингвомәдениеттанудың сабақтас, өзара байланысты ғылымдар екені сөз болып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталды;
  • асыл тас атаулар жүйесі ұлт болмысын дәйектейтін өзекті мәдени компонент түрінде анықталады;
  • бұрын лингвистер тарапынан зерттеуге көп түсе қоймаған асыл тас атауларының этнолингвистикалық қырынан талдауға түсуі, бұл атауларды ұлттық таным мен талғам, мәдениет пен тарих сияқты ғылымдар тоғысында зерттелуі жұмыстың басты ерекшелігі болып отыр. Сонымен қатар асыл тас атауларының этимологиясына талдау жасалып, оның қазақтың ауыз әдебиеті мен жырларындағы, мақал-мәтелдер мен фразеолизмдердегі қолданысы арқылы асыл тас атауалары жай ғана атау емес, халқымыздың тарихи-мәдени, эстетикалық, өркениеттік құндылықтарынан ақпарат беретін тілдік бірлік ретінде анықталды.

Диплом жұмысының теориялық және практикалық құндылығы. Диплом жұмысының нәтижелері мен тұжырымдары тіл мен дүниетаным, тіл мен мәдениет, тіл мен ұлт, тіл мен ойлау категорияларының сабақтастығын қарастыратын этнолингвистика, лингвомәдениеттану, ономасиология салаларының теориялық ұстанымдарын толықтыра түсуге өзіндік үлес қосады. Этнолингвистиканың теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру жолындағы әрі қарайғы ғылыми зерттеулерге мұрындық болады.

  • Асыл тас атаулар жүйесі ұлт болмысын дәйектейтін өзекті мәдени компонент түрінде анықталады;
  • Этнолингвистика мен лингвомәдениеттанудың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, дербес ғылым салалары ретінде олардың аражігі ажыратылды;
  • Асыл тас атаулар жүйесі тілтанымдық, этнолингвистикалық, елтанымдық тұрғыдан ерекше маңызды лексикалық топ ретінде жалпылама қолданымға арналып жасалатын көп томдық түсіндірме сөздікте толық қамтылуы керек;
  • Асыл тас атауларының номинациясы мен функциясындағы этимологиялық, лингвомәдени, этнолингвистикалық т. б аспектілерге талдау жасау арқылы олардың семантикасына қатысты экстралингвистикалық факторлар, объективті шындық пен қазақ этносының эстетикалық талғамы, дүниетанымдық менталитеті жүйелі түрде анықталады.

Диплом жұмысын жазу барысында пайдаланылған әдіс-тәсілдер: тарихи-салыстырмалы әдіс, салғастырмалы тәсіл, ретроспективті әдіс, сипаттамалық әдіс, салыстырмалы, этнолингвистикалық, этимологиялық, компоненттік, талдау, теориялық, жүйелеу, атауларды топтастырып жіктеу сияқты әдіс-тәсілдер қолданылды.

Зерттеудің дереккөздері. Ж. А. Манкееваның «Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері» еңбегі, Р. Шойбековтің «Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі», Ә. Т. Қайдар «Тарихи лексигология және этнолингвистика» еңбегі, «Лингвистикалық түсіндірме сөздік», «Этимологиялық сөздік», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» / Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. «Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» I томы қолданылады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, үш тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Қосымша ретінде асыл тас атауларының үш тілдегі сөздігі қоса беріледі.


1. АСЫЛ ТАС АТАУЛАРЫНЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

1. 1 Асыл тастар - халық танымындағы сенім мен сән символы

Тілде әрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың сондай ерекшеліктері мәдениеті, әдет-ғұрпы, әдеби мұралары тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Қазақ тілінің мәдени лексикасының бір тобын асыл тастарға қатысты атаулар құрайды.

Асыл тастардың қашан, қайда шыққанын ешкім білмейді. Бірақ, адамзат баласы ежелден пайдаланып келеді деп айтуға болады. Мыңдаған жылдар бұрын асыл тастар ауру мен көз тиюден сақтайды деген түсінік болған. Қазіргі кезде де көп адам асыл тастардың айрықша қасиеті бар деп сенеді. Алғаш рет асыл тастар жөнінде Библияда айтылған екен. Сосын, ежелгі Египет жерінде египеттіктердің тұмар ретінде тағып жүргендігі де жазылған. Тас тағып жүру бәле-жаладан қорғайды деген түсінік болған. Каир мұражайындағы Джосер фараонынан алынған асыл таспен көмкерілген білезік жасы б. э. д. 2800-3000ж. деп есептеледі. Скарабей-«тасмөр» ретінде жасалған тастардың бедеріндегі ою-өрнектер біздің заманымызға дейін жетіп отыр.

Біздің дана бабаларымыз да асыл тастарды ерте заманда-ақ танып, оны пайдалана білген. Солардың қатарына Солтүстік және Батыс Қазақстан жерінен табылған біздің заманымыздан бұрынғы 2 мыңжылдықта тастан жасалған білезіктер мен әр түрлі әсем бұйымдардың бөліктерін, Бесшатыр зираты мен Есік қорғанынан қазып алынған ақықтан жасалған моншақтарды жатқызуға болады. Жалпы, Батыс Қазақстаннан табылған Сармат мәдениетіне тән моншақтар тау хрусталі мен кәрібтастан тұрса, түрлі нифрит, ақық және тағы да басқа тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың бөліктері түрлі мұражайларда сақталған. Зергерлік бұйымдар ұлттың ғасырлар бойы жинақталған дәстүрін білдіреді.

Асыл тастар қасиеттеріне қарай бірнеше топқа жіктеледі. Олардың қасиеті деп қаттылығын, жылтырлығын, таралу аймағы, бағасы, сақталу мерзімін айтамыз. Осы уақытқа дейінгі 2 мың жылға таяу уақыт аралығында асыл тастардың топтастырылуы жайлы әр түрлі пікірлер айтылып, сондай-ақ асыл тастардың бағалылығына, ашылған жеріне, таралымына байланысты да классификациясы өзгерістерге ұшырап отырған. Асыл тастарды әр ғалым әр түрлі етіп топтастырумен бірге атауларын да түрлі етіп өзгертіп қолданып келеді. Біз зерттеу жұмысымызда асыл тастарды бірнеше белгісіне орай топтастырып отырмыз:

Бағалылық қасиетіне қарай үш топқа жіктейміз (Кесте 1) ;

Түр-түсіне қарай төрт топқа жіктейміз (Кесте 2) ;

Кесте 1. Асыл тастардың бағалылық қасиетіне қарай жіктелімі.

Бірінші топ - зергерлік (бағалы) тастар
Бірінші топ - зергерлік (бағалы) тастар: Е I

Алмас, зүбәржат (изумруд), көгілдір ақық (сапфир), жақұт,

лағыл(рубин) .

Бірінші топ - зергерлік (бағалы) тастар: аІI
Құбылтас (александрит), мейірбан шпинель (лал), қызғылт сары, күлгін ақық, мейірбан қара опал.
Бірінші топ - зергерлік (бағалы) тастар: аІІI
Демантойд, лал, мейірбан ақ және көк опал, аквамарин, топаз.
Бірінші топ - зергерлік (бағалы) тастар: ІІV
Көгілдір, жасыл, күлгін турмалин, циркон, берилл, фируза, аметист, хризопраз, анартас (гранат) .
Бірінші топ - зергерлік (бағалы) тастар: Екінші топ - зергерлік-жасанды тастар
Бірінші топ - зергерлік (бағалы) тастар:
Кәріптас (янтарь), раухтопаз, бүйректас (нефрит), малахит (көктас), лазурит, тау хрусталі.
Бірінші топ - зергерлік (бағалы) тастар: IIІ
Ақық (агат), түрлі түсті халцедон, күлгін кварц, кәдімгі опал.
Бірінші топ - зергерлік (бағалы) тастар: Үшінші топ - жасанды тастар
Бірінші топ - зергерлік (бағалы) тастар: I I
Зертас (яшма), беріктас (гранит), селенид, флюорит, түрлі түсті мәрмәр (мрамор), обсидиан, гагат, мәрмәр және т. б.

Кесте 2. Асыл тастардың түр-түсіне қарай жіктелімі

Ертеде байлар мен олардың әйелдері киімдерін небір асыл тастармен безендіріп, көмкергені белгілі. Қыз-келіншектердің өздері қандай көрікті болса, үстіне киген әсем киімі, тағынған сәнді бұйымдары оларды тіпті құлпыртып жібереді. Қазақ халқының да зергер, ұсталары ерте заманнан-ақ түсті металдардан сан алуан бағалы бұйымдар жасап, нәзік жандылардың көркіне көрік қосқаны, бізге жақсы мәлім. Этнограф ғалымдардың пайымдауынша, солардың ішінде әйел әшекейлері - қазақ қолөнерінің асыл мұрасы. Әшекейлердің түрлері:

1. Киім-кешектегі әшекейлер: бас киімге тағылатын сәндік бұйымдар, үстіндегі киім-кешекке тағылатын әшекейлер, белдіктер.

2. Денедегі әшекейлер: шашқа тағылатын, мойынға, басқа, кеудеге, иыққа, қолға, аяққа тағылатын зергерлік заттар.

3. Тұрмыстағы әшекейлер: денсаулыққа пайдалы әшекейлер, сәндік әшекейлер, зат салатын сәндік бұйымдар. Әшекейді жасауда басты мәнге ие болатын ерекше тұсы әшекейдің түрлі асыл тастармен безендірілуі [16, 129б. ] .

Зергерлік әшекей бұйымдар байлық пен сәндік белгісі ғана емес, киім-кешек мәдениетінің ажырамас атрибуты да. Олар бірегей кешенді аксессуарларды құрап, киім-кешектің ғұрыптық, функциялық ерекшеліктерін, қолданыстық сипатын арттыра түседі. Қымбат әшекей бұйымдарды (сырға, жүзік, сақина, білезік, алқа, тұмар, диадемалар мен шолпылар) қалай тағу қажет, оның өзіндік қатаң қағидасы бар. Қазақ қыздарының басына үкілі сәукеле киіп, құлағына алтын сырға тағуы, саусағына сақина, білегіне білезік киюі, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігін, эстетикалық талғамының жоғарылығын танытады. Көптеген әшекей бұйымдар ұзатылатын қыздың сән-салтанатты жасауы болып та саналады. Кейбір әшекейлер жас талғаса, кейбір әшекейлерді қыз-келіншектердің бәрі бірдей таға береді.

Әдемі әйел әшекейлерін жасағанында қазақ шеберлерінің пайдаланылған негізгі түсті металдары: күміс, алтын, қола, жез. Бұрындары қазақ даласындағы сәндік бұйымдар Ресейдің, Қытайдың күміс, алтын ақшаларынан жасалынды. Тіпті, шетелдермен сауда дамыған тұста қытайдың қой тұяқ, тай тұяқ жамбылары мен поляк күмісі де қазақ шеберлерінің қолына түсіп, содан сәндік көптеген заттар жасап шығарылды. Ол кезде дәулетті адамдар алтын мен асыл тастарды өздері тауып беріп тапсырыс айтатын.

Ғалымдардың дәлелдеуінше, жүзіктегі, білезік, алқа, сырғадағы асыл тастар адамның энергия қабылдау көздерінде жетпей тұрған күш-қуатты ғарыштан жинап береді екен. Таңғажайыптылығы сол, адамдар саусағына жүзік кигізгенінде ол өз энергиясымен де, минерал ретіндегі табиғатымен де, түсімен де сәйкестене кетіп, үндес энергетикалық орталыққа тартыла бастайтын болып шықты.

Жер жүзін билеген небір патша, әміршілер өзімен бірге бойтұмар алып жүрген. Осы бойтұмардың қуатына сенген, жауларын күйрете жеңуге себі тиеді деп сенген. Мәселен, неміс фашистері пайдаланып кеткен свастика - адамзаттың ғасырлық тәжірибесі арқылы дүниеге келген, Тибеттен Америкаға дейінгі көне мәдениеттердің бәрінде кездесетін, күн қуатын бейнелейтін аса қуатты символ саналады.

Не десек те, асыл тастардың адам рухын өсіріп, өмірге құштарландырып, көңілін жайландыратын қасиеті барын оқымыстылар жоққа шығара алмайды.

Әлемнің кемеңгер ақындары - Гете, Гейне, Омар Хаям, Байрон, Пушкин асыл тастарды өз шығармаларына шабыттана арқау еткен. Және олар тастардың сұлулығына ғана сұқтанып қоймай, сыйқырлы тылсым күші барына қатты сенген. Пушкиннің 1827 жылы жазылған «Храни меня мой Талисман» деген өлеңі - өзінің ортасына асыл тас қондырылған алтын жүзігіне байланысты туған екен [17, 23б. ] .

Қымбат бағалы және жартылай қымбат асыл тастардың түрлі аурудан сауығуға жәрдемдесетіні ежелден мәлім. Соны жақсы білген адамзат қауымы оларды ертеден қадірлеп, сырқаттың бетін қайтару, болдырмау үшін тұмар ретінде тағып жүрген. Асыл тастардың байлық белгісі ретінде жоғары мәртебе алғаны көп кейін.

Әр түрлі асыл тасқа қолы жеткен адамдар өздерін жоғары санап, әйелдер мен қыз-қырқындарын үлде мен бүлдеге орап, көңілдері көкке бір елі жетпей жүрді. Ел мен ел арасында алыс-беріс, сауда-саттыққа да пайдаланды. Хандар мен әміршілер мемлекеттік мәселелерді бір-біріне көл-көсір асыл тастар сыйлау арқылы шешіп отырды. Асыл тастар үшін қырғын соғыс, қантөгіс, тіпті ет жақындар арасында жанжал, алауыздық, опасыздықтар туындаған ақиқат (Қазақтың «алтын көрсе, періште жолдан таяды» деген мәтелі тегіннен-тегін шықпағаны түсінікті жай) .

Ертедегі адамдар тастарды түстеріне қарап, бір түрге балаған. Мысалы, қызыл тастардың бәрін «рубин» тасы деп, жасыл түстілерді «изумруд» тасы деп, бүкіл көк түсті тастарды «сапфир» тасы деп білген. Уақыт өте келе адамдар кейбір асыл тастардың өте қатты болған сайын, ұзақ уақыт сақталатынын, сатуға шығарса қымбат тұратынын білген. Асыл тастардың ішінде - Алмас өте қымбат, әдемі тас және қаттылық шкаласы бойынша - өте қатты тас болып есептеледі. Қымбат асыл тастар деп көптеген тастарды айтқанымызбен, қазіргі кезде нағыз қымбат асыл тастар деп төрт тасты ғана айтамыз. Олар: гауһар (бриллиант), лағыл (рубин), зүбәржат (изумруд), көгілдір ақық (сапфир) .

2. 2 Асыл тас атауларының этимологиясы

Тіліміздегі сөздердің дыбыстық құрылысы мен грамматикалық тұлғалану сипаты бірқыдыру суреттеліп, танылып болғаннан кейін, сол сөздердің шыққан төркінін, тұлғасы мен мағынасының өзгерген тарихын, өмір сүру эволюциясын білудің қажеттігі туып отыр. Оның үстіне тіліміздегі көптеген сөздердің төркінін табу арқылы қазақ халқының әр алуан дәуірде басқа халықтармен жасаған қарым-қатынасын немесе өзінің ертеректегі жай-күйін танимыз. Ғылымда осындай қызықты мәселелердің бірі асыл тас пен бағалы металл атауларының шығу төркінін зерттеу.

  1. Алмас (алмаз) - жарқырауық, ақ және түссіз, ең асыл, ең қатты тас. Алмаздың түстісі - сирек кездеседі, әдетте оны қиялшыл деп атайды.

«Алмаз» сөзі көне үнді тілінен аударғанда «сынбайды» деген мағына береді. Ал екінші бір пікірлер бойынша гректің «adamas» - бұзылмас, жеңілмес деген мағынаны береді. Осы алмастың қырланған түрі гауһар/жауһар/бриллиант аталады. Алмаздың қара дақты белгілері бар түрі бриллиант болып табылады. Бұл белгілер фр. тілінде «nuke» (pigue) сөзі, ал мұндағы мағынасы «жәндіктердің тістеуінен қалған дақ».

«Алмас» сөзі біріншіден, асыл тас мәнінде қолданылады. Мысалы: Алмастың жауы - қорғасын (мақал) . Екіншіден, шыны кесетін өткір құрал. Мысалы: «Жалынмын жанып тұрған нөсерге өшпес,

Болатпын екі жүзді, алмас кеспес» (Біржан-Сара айтысы) . Үшіншіден, қару түрі. Мысалы, Қыз Жібек жырында: « Алмас қылыш белінде, Қолында найза қылтылдап» . . . деп келеді.

Алмастың қырланған түрі - бриллиант.

2. Гауһартас (бриллиант) ир. - қымбат, бағалы тас. Түрі - жауһар. Яғни гауһар тастың өңделген түрі - жауһар. Мысалы, Көш сәулетін қараса, Асфаһанның жауһары, Стамбулдың гәуһәрі, Тамаша қылған адамның, Тояды көзінің баһары (Қыз Жібек жырынан) . Мөлдір судың түбіндегі гауһардай, Сенің таза жүрегіңді жырладым (Саин) . «Сымбатың жас жүректі жандырғандай, Бриллиант - гауһар жүзің сонда жатыр» (Ақан сері «Біздің көңіл қайда жатыр») Товарды пайдасымен бриллиантқа саттым (Д. Дефо) . Ауыспалы мағынада айрықша, асқан, мейлінше асыл. Мысалы: Бейіштен жанған шамшырақ, Көзінің гәуһәр қарасы. / Дүр гәуһәр сырғасын, Көтере алмай тұр құлағы . . . Қолына Жібек алады, Асыл гәуһәр тастарын, Бытырлатып үзіп ап, Жанқалтаға салады («Қыз Жібек» жырынан) .

3. Жауһар- қырлап, әдемілеген алмас, қымбат тас. Мысалы,

Жәуһарыңды мыс қылмай

Сақтауға керек ми артық . . . (Нұржан Наушабаев, «Тақпақ») [4, 219б. ] .

Төрт түрлі жауһар асыл бар,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарағанды қаласының тарихы мен бүгіні
Оңтүстік Қазақстанның геологиялық құрылысы мен жер бедерінің топонимияда бейнеленуі
Орталық Қазақстан, Қарағанды облысы
Топонимдегі ұлт пен мемлекет саясаты мен тарихының көрінісі
Ақмола өңірінің географиялық атауларының қалыптасуындағы геоэкологиялық құрастырушылар ( Зеренді және Атбасар аудандарының мысалында )
Шығыс Қазақстан облысының топонимінің қалыптасуы табиғи және тарихи жағдайы
Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні туралы
Ақтөбе өңірінің тарихи топонимиясы
Бас-киім атауларының лингвокогнитивтік сипаты
Қазақ ұлттық тағам атауларының этимологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz