Тарихи өлеңдердің зерттелуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Мақсұт Динара Қайратқызы

Тақырыбы: Тарихи жырлардағы тарихилық және деректілік

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Тарихи өлеңдер мен жырлардың ерте дәуірден бізге жеткені ел-жұртпен қоштасу, атамекенді жоқтау, халықтың көсемдері мен батырларын мадақтау түрінде кездеседі. Қазақ халқына байланысты туған тарихи өлеңдер қазақ хандығының кезеңінен басталады. Тәуелсіздік жолындағы күрес ісі шын мәнінде тарихи өлеңдерден бастау алады. Тарихи өлеңдер мен жырлардың негізгі арқауы ел мен жердің азаттығы, халықтың арманы мен мұраты болып отырады. Тарихи жыр мен тарихи өлеңнің басты айырмашылығы осыдан көрінеді. Тарихи жырда ерлік мәселесі кең көлемде алынып, азаттық жолындағы арпалысқан қаһарман бейнесі сомдалса, тарихи өлеңде жалпы халықтың мұң-зары, қайнаған кегі заман тудырған аласапыран оқиға негізінде бейнеленеді. Тарихи өлеңді айтушылар сол оқиғаны көзбен көріп, көңілмен сезген сөз сүлейлері екендігі анық. Табиғаты жағынан қоштасу, жоқтау т. б. дәстүрлі ерекшеліктер тарихи өлеңдердің лирикалық өлеңдермен байланысы барын көрсетеді. Бірақ тарихи өлеңдер таза лирикалық өлеңге жатпайды. Себебі өзінің жедел тууы, тарихи оқиғаны дәлме-дәл беруі жағынан тарихи өлең эпикалық түрге жатады. Оның өлшемі ішкі эпикалық кеңдікпен ерекшеленеді.

Екі империяға да ортақ яғни патшалық Ресей мен Шыңжаңдағы (Қытай) қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысқа байланысты туған өлең, жырларын зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. ХХ ғасырдың бас кезіндегі, әсіресе 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған өлеңдер мен жырлар ел басына күн туып, түрлі қиыншылықтарға тап болғандағы оқиғаларды бейнелейді. Мұнда дәстүрлі естірту, жоқтау, қоштасу өлеңдерінің мотивтері болғанымен, онда жалпыхалықтық мәселе көтеріледі. Ел мен жер тағдыры басты тақырыпқа айналады. Оқиғаның болып жатқан сол сәтінде шыққандығы және жеке адамды бейнелеуге қатысты еместігін ескере келе, тарихи өлеңдерді отбасылық әдет-ғұрып фольклорымен шатастыруға болмайды. 1916 жылға байланысты туған өлеңдер тарихи шығармалар қатарына жатқызылады. Себебі тарихи өлеңдер мен жырлар белгілі бір дәуір тұсындағы ел күйзелісін, ашу-ызасын, мұң-шерін т. б. толық ашып бере алады.

Тарихи өлең-жырларға соның ішінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысты ғылыми зерттеудің жаңаша бағыт-бағдар алуы өткен ғасырдың 60-80 жылдар аралығы деуге болады. Атап айтсақ, М. Жармұхамедовтің «1916 жылғы көтеріліске қатысты қазақ халық поэзиясы» атты еңбегі, 1965 жылғы «Қазақ әдебиеті тарихының» көп томдығындағы Е. Ысмайылов, С. Қасқабасов пен Е. Тұрсыновтың зерттеулері, М. Мағауиннің «Қобыз сарыны» (1968) атты монографиясының жарық көруі көне мұраны жаңғыртып, жаңаша көзқарас қалыптастыруға ықпал етті деуге болады. «Қазақ тарихи жырларының мәселелері» (1979) атты ұжымдық еңбектің де тарихи жырлар мен тарихи өлеңдердің жанрлық ерекшеліктерін, поэтикалық табиғатын, тарихи негіздерін ашуда маңызы зор. 1990 жылдардан бастап ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған тарихи өлеңдер мен жырлар Б. С. Рахымов еңбегінде басқа да зерттеушілер бүгінгі күн тұрғысынан қарастыра бастады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тарихи өлең мен жырлар өз бастауын тым ертедегі түркі тектес халықтар бірлестігі, Алтын Орда, Ноғайлы кезеңі, Қазақ хандығының құрылуы, қалыптасуы жайындағы халық басына түскен аласапыран оқиғалардан алады. Сол тарихтың сыр-сипатын, шынайы болмыс-бітімін ашу тарихшы, әдебиетші қауымға оңай тимегені рас. Ал, XX ғасырдағы Кеңес үкіметінің идеологиясы, партияның пәрменшіл саясаты рухани құндылықтарды терең тануға түрлі қаулы-қарарлар тасқынымен тосқауылдар жасап, таптық тұрғыдан қатаң қараудың нәтижесінде тұралатып келді. Шағын өлеңдер түгіл, кең көлемді эпикалық жырлардың өзі көзден таса, халық назарынан бүркемеленіп мұрағаттарда, кейбір үлгілері аңыз болып ел аузында ғана сақталып қалды. Қазақ халқының басынан кешкен «Ақтабан шұбырынды . . . » заманы мен «азаттық жолындағы күрес» оқиғалары туралы ауыз әдебиеті шығармаларын ұрпақ санасынан өшіру мақсаты көзделіп, ұлт мұрасына кереғар саясат жүргізілді. Ақиқаттың дәлелі мен деректері көптің аузындағы аңыз-әңгіме, өлең-жырларда екендігі айтылса да, өктем саясат өз дегенімен қажеттісін қалқып, керек емесін көзден тасалай білді.

Ғалымдар тарапынан тарихи өлеңдердің тек-тамыры көне түркі ескерткіштерінен табылатыны, оның кенже үлгілері Ұлы Отан соғысы кезеңінде де туындағандығы жөнінде ескертулер айтылып келді. Бүгінгі уақыт талабы тарихи өлеңдердің жанрлық мәселелерін, поэтикалық әлемін, ауыз әдебиетінің жанрлармен байланыс-бірлігі, тақырыптық топтасулары мен атқарған қызметін тексеру қажеттігіне ықпал етті.

Сондай-ақ шетелдегі қазақ әдебиетін зерттеу, бағыт-бағдарын айқындау бүгінгі таңда қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл мәселені шешудің басты жолы - қазақ диаспорасында өсіп-өнген қазақ әдебиетінің тууы мен дамуын зерттеуге келіп тірелетіні даусыз. Әсіресе, Қытайдың Шыңжан өлкесі мен Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы қазақтар салт-сана, әдет-ғұрпын ғана сақтап қалған жоқ, сонымен бірге өзіндік мәдениетін де қалыптастырды. Моңғолия мен Қытай қазақтары да Азия көшпенділеріне тән әдеби, мәдени даму тарихын бастан өткерген халық. Мұндағы қазақ әдебиетінің де өзіндік үні, өзіндік қолтаңбасы бар. Тарихының өткеніне айна, келешегіне құбыланама болып қалыптасу үстінде.

Шеттегі қазақтардың әдеби мұраларын ұлттық әдебиет тарихынан бөле қарауға болмайды. Сондықтан олардың таңдаулы үлгілерін жинау, жариялау, зерттеу, оқыту кезегі келген келелі істердің бірі деп қарауымыз керек. Осы өлкелік әдебиеттің қалай қалыптасып дамығандығын зерделеу бүгінгі таңда әдебиеттану ғылымының аса зәру тақырыптарының біріне айналды. Шетелде дамыған қазақ әдебиеті мен атажұрттағы әдебиеттің арасында үлкен айырмашылық бар екендігі сөзсіз. Қазіргі таңда әлемнің қырықтан астам елінде төрт миллионнан астам қазақ өмір сүріп жатыр. Бұл шетелдегі қазақ әдебиеті мәселелері алдағы уақытта да сан-салалы зерттеулерді қажет ететін өзекті тақырып екендігін айғақтайды.

Түйіндей айтсақ, тарихи өлеңдерді тәуелсіздік рухына және Елбасының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына сай, қазіргі ұлттық жаңғыру үрдісімен үндес саралап, жан-жақты тексеру ісі тақырыптың өзектілігін танытады.

Диплом жұмысының мақсаты - ең алдымен, қазақ халық поэзиясының осы уақыт аясындағы зерттеулер арқылы жанрлық жіктелісіне назар аударып, оның ішінде тақырыпқа қатысты тарихи өлеңдердің алатын орнын анықтау. Сөйтіп, тарихи өлеңдердің жиналуы мен зерттелуі, жанрлық ерекшеліктері және поэтикалық мәселелеріне тиянақты жауап беру. Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін қазақ тарихи өлеңдері жекелей алынып, арнайы зерттеу нысанасына айналмауының объективті және субъективті себептері бар екендігі мәлім.

Ғалымдар тарапынан тарихи өлеңдердің тек-тамыры көне түркі ескерткіштерінен табылатыны, оның кенже үлгілері Ұлы Отан соғысы кезеңінде де туындағандығы жөнінде ескертулер айтылып келді. Бүгінгі уақыт талабы тарихи өлеңдердің жанрлық мәселелерін, поэтикалық әлемін, ауыз әдебиетінің жанрлармен байланыс-бірлігі, тақырыптық топтасулары мен атқарған қызметін тексеру қажеттігіне ықпал етті.

Түйіндей айтсақ, тарихи өлеңдерді тәуелсіздік рухына және Елбасының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына сай, қазіргі ұлттық жаңғыру үрдісімен үндес саралап, жан-жақты тексеру ісі тақырыптың өзектілігін танытады.

Зерттеудің міндеттері:

- Патшалық Ресей мен Қытайдағы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған тарихи жырлардың жиналу, жариялану, зерттелу деңгейін пайымдау;

- Тарихи жырлардың жанрлық табиғаты мен жырлану ерекшеліктерін саралау;

- Гоминдаң өкіметінің қазақ ұлтына жасаған қысымының тарихи жырлардағы көрінісіне баға беру;

- Ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған жырлардың тақырыптық-идеялық сипатын зерделеу;

- Тарихи жыр мен тарихи шындықтың арақатынасын анықтау;

- Жырлардағы образдар жүйесінің бейнеленуіне мән беру;

- Тарихи жырлардың поэтикасы - бейнелеу құралдарының эстетикалық табиғатын аш;

- тарихи өлеңдердің бастауы, қалыптасуы мен дамуы, жанрлық сыр-сипаты жайындағы бізден бұрынғы зерттеу еңбектерді негізге алып, бүгінгі тәуелсіздік тұрғысынан халқымыздың көнеден келе жатқан рухани мұрасы ретінде жаңаша пайымдау;

- тарихи өлеңдердің ауыз әдебиетінің басқа жанрларымен байланысын жан-жақты зерттеу.

Зерттеу объектісі: қазақ жырлары.

Жетекші идея: Қазақ жырларындағы тарихилық пен деректілік.

Зерттеу көздері: қарастарып отырған жұмысымызға байланысты тарихи, философиялық, педагогикалық, психологиялық ой-пікірлер, оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдар.

Зерттеу әдістері: тақырыпқа байланысты әдебиеттерге салыстырмалы-типологиялық талдау жасау, жинақтау, қорытындылау.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРИХИ ӨЛЕҢДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ТАРИХИЛЫҚ-ДЕРЕКТІЛІК СИПАТЫ

  1. Тарихи өлеңдердің зерттелуі

Қазақ халық поэзиясының бір саласы ретінде тарихи өлеңдер мен жырлар XX ғасырдың 20-жылдарынан кейін сөз болып, оған қатысты пайымдаулар жасала бастаған. Оның басты дәлелі А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» (1926) еңбегінде, М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (1927), Х. Досмұхамедұлының «Қазақ халық әдебиеті» (1928), С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» (1932) еңбектерінде ауыз әдебиетінің тектері мен түрлеріне қатысты, тарихи кезеңдер шындығын берудегі халық поэзиясының рухани күш-қуаты тұрғысында бағаланады. Осы еңбектердің көпшілігінде қазақ фольклорындағы тарихи өлеңдер мен тарихи жырлардың арасына шек қойылмай бірлікте алынып, ой-пікірлер айтылды.

Бұдан кейін XX ғасырдың 40-50 жылдары және онан кейінгі кезеңдерде тарихи өлеңдерге қатысты мәселелер назарға ілікті. Мәселен Ә. Х. Марғұланның эпосқа қатысты еңбегі (1946), Н. С. Смирнованың XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі эпикалық және тарихилық мәселелеріне (1948; 1949; 1951) байланысты зерттеулері мен қазақ әдебиеті тарихына арналған көп томдықтың алғашқы томында (1948) сөз бола бастады. Бұл еңбектерде де тарихи өлеңдер мен тарихи жырлар арасы толық анықталмай, зерттеушілер «тарихи жырлардың ең кішігірім үлгілері» деген атау қалыптастырды. Бұл аталып отырған еңбектердегі талданғандар шын мәнінде тарихи өлеңдер болатын. Тарихи өлеңдердің бертіндегі туғандарына байланысты Б. Кенжебаевтың еңбегі 1916 жылғы көтеріліс жырларына арналды (1956) . Осы тақырыпта Х. Ищановтың «1916 жыл және халық поэзиясы» (1958) еңбегі жарық көрді. Сөйтіп, тарихи өлеңдер туралы тарихи жырлармен қоса ғылыми тексерулер ісі басталды. Тарихи өлеңдердің ерте дәуірлерде туғандары туралы бұл кезеңдерде жинақтау ісі болса да, ғылыми тұрғыдан талдаулар шолу түрінде айтылған ой-пікірлермен шектеледі. 1960 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабының 1-томы ауыз әдебиетіне арналып, мұнда XVIII ғасырдан бастап, тарихи өлеңдер мен тарихи жырлардың өткендегі тарихи оқиғаларды шын мәнінде жеткізе алатындығы айтылды. Кітапта XIX ғасырдағы және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысты туған өлеңдер жөнінде түсініктер беріліп, ғылыми пікірлер айтылды.

Қытайдағы қазақтардың халық әдебиеті, соның ішінде тарихи жырлардың туып, даму жолдары соңғы жылдары ғана зерттеу нысанына айнала бастады. Бұл жанрдың мән-маңызы туралы мақалалар жазған әдебиетші-зерттеушілер саусақпен санарлық. Олардың қатарында Н. Мыңжани, А. Татанайұлы, Б. Кәсей, А. Кірішбаев, О. Қызырқанұлы, Ж. Маман, З. Сәнік, І. Сүлейменұлы, Т. Қабаев тағы басқалар болды. Бұл әдебиетшілердің мақалаларында таптық принцип пен коммунистік идеологияның әсер-ықпалы зор болды. Өйткені ҚХР-сындағы идея коммунизмге сүйенетіндігі баршамызға белгілі. Сондықтан олардың зерттеулерінде ұлт-азаттық көтерілісінің шығу себептері мен олардың мақсаттарын ашып айта алмады, тек мазмұндық таныстыру деңгейінде ғана жазылған еңбектер болды.

Қытайда тұратын қазақтардың фольклоры соның ішінде тарихи жырларын зерттеу нысанасы етіп алған қазақстандық ғалым Зұпар Сейітжанов болды. Оның 1988 жылы «Қазақтың реалды-тарихи эпосы» деген тақырыптағы еңбегінде Шыңжаңдағы қазақтардың бірнеше тарихи жырларының ерекшеліктерін ашып, оларға алғаш рет түркі тілдес халықтардың жырларымен тарихи-типологиялық салыстыру жасады. Ортақ сипаттары мен өзгешеліктерін айқындады. Осы арқылы эпикалық дәстүрдің жаңа бір белесін - реалды-тарихи эпостың қалыптасуын тұжырымдады.

Қазақ ұлтының бастан кешкен түрлі деректі оқиғалары, тарихи ірілі-ұсақты ел басына қиын-қыстау күн туғандағы қайғы-қасіреті, мұң мен шері, қуанышы мен келешек өмірге деген үміті екендігі нақтыланды. Өкінішке қарай көбіне ауызша айтылып, суырыпсалмалық дәстүр үлгісінде тарағандықтан, көне дәуірлерге қатысты өлең-жырлар ұмытылып үлгерген. Бұған берітіндегі жазу-сызу өнері орныққан кезеңдегі түрлі идеологиялардың қырсығын тигізіп, тарих теңізіне тереңдеуге де мүмкіндік бермегенін айтпасқа тағы болмайды. Пікіріміздің дәлелсіз еместігін қазақ өлеңдеріне қатысты құнды зерттеу жүргізген ғалым Б. Уахатов былайша нақтылайды: « . . . қазақ халқының басынан кешкен тарихи оқиғалар көп. Бірақ, соның барлығы бірдей бір ауыз әдебиетінде сақталып қалмаған. Тек кейінгі бір-екі ғасырда туған тарихи аңыз-әңгімелер мен өлеңдер болмаса, арғы көне дәуірлердің нақтылы деректеріне құрылған жыр үлгілері жоқтың қасы. Соның ішінде тарихи ұсақ жырлар, яғни бір кездегі Қорқыт, Еділ-Жайық туралы, Шыңғыс ханның қаһарлы жорығы, Ақсақ құлан, Жошы хан туралы өлеңдер өте аз сақталған» [1, 64-65] . - дейді. Халық поэзиясының дер кезінде хатқа түспеуінен көп қазыналар ұмытылып, кей үлгілерінің түрлі өңдеулерден өтіп отырғаны баршаға мәлім. Ендеше, тарихи өлеңдер халық поэзиясының бір саласы болғандықтан мұндай әрекетті айналып өтуі мүмкін емес еді. Академик М. О. Әуезов: «Ел ескілігінің бір алуаны тарихи өлеңдер», - дей отырып, «Тарих өлеңдері ең алдымен ел тіршілігінде анық болып өткен тарихи оқиғадан туады» [2, 140] . - деуінің қисынды айтылғанын көреміз.

Демек, тарихи өлеңдердің пайда болу мәселелері тым ерте дәуірлерге байланысты екен. Ал бізде тарихи өлеңдер XVIII ғасырдан басталады деген пікір қалыптасқан. Кейінгі көне түркі дәуірлеріне байланысты еңбектерден шын мәнінде тарихи өлеңдердің ерте дәуірлерде қалыптасқанын аңғаруға болады. Бұл істе белгілі ғалым, академик Р. Бердібайдың: «Әзірше зерттеушілеріміз тарихи өлеңді арнайы жүйелеп, толық қамтып тексеруге жеткілікті көңіл бөле қойған жоқ. Түбінде тарихи өлеңнің өз іздеушісі туса, оның хронологиялық кезеңін де, аумағы да анағұрлым айқындала түсетіндігі кәміл. Кейбір фольклортанушылардың тарихи өлеңді белгілі оқиғалар негізінде құрылған көлемді жырлармен бір топта қарап келгендігі де, бұлардың жанрлық жігіне жете мән беріле қоймағандықтан» [3, 185] . - деуінің дәлелді айтылғаны талассыз. Мәселен, Көне түркі жазба ескерткіштері туралы терең ізденіп, лингвистикалық жағынан үздіксіз зерттеп келе жатқан ғалым Ә. Құрышжанұлының еңбегінде «Таңғұттармен соғысу», «Мыңлақ елімен соғысу», «Ябақулармен соғысу», «Жорық жырлары», «Алып ер Тоңғаны жоқтау», «Белгісіз батырды жоқтау», сынды дүниелерді көне түркі тілінен аударып, оларды «Халық өлеңдерінен үзінділер» деген атаумен берген [4, 297] . Анықтай қарар болсақ, осы өлеңдердің болмыс-бітімі тарихи өлең табиғатына толық сәйкес келеді.

Қазақ хандығынан бұрынғы Ноғайлы дәуіріне қатысты көптеген айтушылары ұмытылып, халық өлеңдеріне айналып кеткен өлеңдер де баршылық. Оны біз Құрбанғали Халитовтың «Тауарих Хамса» атты еңбегінен табамыз. Мұнда «Қазақ пен ноғай айырылуы», «Ноғайлының бүлінуі», «Еділ менен Жайықты» т. б. өлеңдерден қазақ халқының ел болуы бір күннің ісі еместігі, басынан сандаған қиын күндердің өткенін көрсетеді.

Қазақ фольклорында «тарихи жыр» да «тарихи өлең» де өзінше өмір сүре алатын, дербес жанрлар. Бұл - қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік дара сипаттарының бірі», - деген И. Бартольдтің пікірінің маңызы зор. [5, 28] . Бұл дәуірдегі тарихи өлең ретіндегі анық бағаланған «Елім-ай» өлеңі болатын. «Ақтабан шұбырынды» дәуірінің өзегі делінген «Қаратаудың басынан көш келеді» өлеңін алғаш хатқа түсіріп, орыс тіліне аударған Т. А. Сейдалин, С. А. Жантөрин және П. Н. Распоповтар екен. Қазақ поэзиясын зерттеудегі өзіндік үлесі бар Н. С. Смирнова «Қаратаудың басынан көш келеді» өлеңінің 14 нұсқасы бар екенін атайды. Тарихи өлеңдердің ендігі бір шоғыры ХІХ ғасырдағы тарихи жағдайларға қатысты туған. Бұл ғасырдағы ел басына түскен азаптың басы Қоқан мен Хиуа хандықтары болса, екіншісі, Ресей патшалығының империялық саясаты, үшінші, сол ғасырдағы жұт жылдары деуге болады. Бұл кезеңдегі өлеңдерді жинастыру ісіне Ы. Алтынсарин, И. Бартольд, И. Березин, Т. А. Сейдалин, С. А. Жантөрин, М. В. Готовицкий, Қ. Бекниязов, Қ. Есжановтардың үлес қосқанын білдік. Кеңес дәуірінде Абай атындағы ҚазПИ студенттерінің 1948-1949 жылғы ел арасындағы арнайы экспедициялық жұмыстарында көптеген тарихи өлеңдер жинақталған [6] . Қазақ жерінде түрлі зұлмат пен қатар аштық нәубетінің келгендігі де тарихи өлеңдерден орын алған. Бұндай апат - 1879, 1880 жылдары болған. Ауызша қазақ арасында сақталған «Қазақ қайғысы», «Аштық», «Аштықтан халық қамалды» атты өлеңдердің айтары сол екендігі мәлім.

Қазақ поэзиясында өзге дәуірлерге қарағанда ертерек қолға алынып, мұқият жинақтау мен зерделі зерттеулерден өткен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты халық өлеңдері деуге болады. Бұл көтеріліс туралы тарихи тұрғыдан 1947 жылдан бастап тарихи жинақ құрастырылып, Б. Кенжебаев [7], Ф. Н. Киреев, Ш. Я. Шафиро [8], Е. Ысмайловтар түрлі еңбектер жазса, 1916 жыл туралы Д. Ысқақов, Е. Ысмайлов, Ә. Сәрсенбаевтар арнайы жинақ шығарған [9], 1916 жылғы көтеріліс тақырыбында М. Жармұхамедов ғылыми еңбек жазса [10], ел тарихына қатысты жазылған көп томдықтарда 1916 жылғы халық поэзиясы мен тарихи түрлі оқиғалар қалыс қалмай тексерілген.

Қазақ тарихи өлеңдеріне қатысты мәселелер тарихи жырларды зерттеуші М. Әуезов, С. Сейфуллин, Ә. Марғұлан, Е. Ысмайлов, Б. Уахатов, Р. Бердібай, С. Қасқабасов, Е. Тұрсынов, Б. Әбілқасымов еңбектерінде қалыс қалмайды. Бұл заңдылықты қазақ тарихи жырларын бертінде, ел егемендігін алғаннан кейінгі зерттеушілер З. Сейітжанов [11], Б. Рахымов [12], С. Сакенов [13], Г. Қ. Рахымбаевалардың [14] еңбектерінде де лайықты орын алған.

Халық поэзиясын тек пен түрге бөлу Ш. Уәлиханов, В. В. Радлов, А. Құнанбаев т. б. басталғаны фольклортану ғылымында орынды аталып келгендігі жайында және фольклортану ғылымындағы халық өлеңдерін жан-жақты талдап, олардың жанрлық жағынан жүйелеуде А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедұлы, М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев және т. б. ғалымдардың зерттеулерінің нәтижелері ғылымда орынды аталып келеді. Жалпы халық өлеңдері турасында ертелі-кеш айтылған пікірлерді екшеп, күрделі монографиялық тұрғыдан Е. Ысмайылов пен Б. Уахатовтың жазған еңбектері ғылымда айырықшы бағаланып, болашақ зерттеушілерге қозғау салғаны мәлім. Бұдан кейін С. Қасқабасов, Б. Әбілқасымов, Ш. Ыбыраев, Г. Болатова, К. Матыжановтардың тұрмыс-салтқа қатысты өлеңдерді жанрлық жағынан жіктеулері жарық көрді. Қазақ халық поэзиясына байланысты зерттеушілердің ой-пікірлерінде, тек пен түрге бөлулерінде тарихи өлеңдерге қатысты бағалаулар болды ма, бар болса қалайша нақтыланды деген мақсатта осы тарауда арнайы орын берілді.

1916 жыл поэзиясына қатысты Б. Кенжебаев, Х. Ищанов, М. Жармұхамедов еңбектерінің жарық көрулері, тарихи өлең мен тарихи жырлардың шығу тегі мен пайда болу заңдылығын ашуға ықпал еткен. Тарихи жыр мен тарихи өлеңдерді қалыптасқан термин атаумен атаса да, өзінің тексерулерінде профессор Н. С. Смирнова тек, нағыз тарихи шығармаларға тән негізгі сипаттар тарихи өлеңдердің ең кішігірім түрлерінде ғана сақталатынын эпикалық жыр мен шағын өлеңдердің айырмашылығының барын аңғартқан.

Ал, тарихи өлеңдердің тарихи жырлардан айырмашылығы барлығын дәйектеп, халық поэзиясының өз алдына жеке жанр бола алатындығын С. Қасқабасов ғылыми тұрғыдан дәлелдей көрсетті. Ғалымның ой-пікірлері мен тұжырымдары тарихи жырларды зерттеуші З. Сейтжанұлы, Б. С. Рахымов, С. Сәкенов және т. б. еңбектерінде бағаланып отырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ фольклорындағы тарихи өлеңдер
Тұрмыс-салт жырларының жанрлық түрлері мен зерттелуі
Түр - түс атауларының лингвистикалық тұрғыдан зерттелуі
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР
Қара өлеңнің зерттелуі
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Тарихи жырлардың субъективтілігі
Үйлену салтына байланысты туған өлеңдердің жанрлық сипаты
Фольклордың басқа жанрларындағы еңбек көрінісі
Түрме тақырыбында жазылған шығармалардың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz