Энергетикалық қазандардың энергетикалық сипаттамасы


Мазмұны
Кіріспе. 8
1 Негізгі бөлім. 10-35
1. 1 ЖШС «Алматыжылужайэнерго» кәсіпорны жайлы жалпы мәлімет……… . . . 10
1. 1. 2 «Көкжиек» қазандығы12
1. 2 Қазанның сипаттамасы . . . ……. . 13
1. 2. 1 Қазанның техникалық сипаттамалары. . 15
1. 2. 2 Жану камерасы . . . 16
1. 2. 3 Конвективті бөлігі . . . 16
1. 2. 4 Газомазутты оттық. ……. 17
1. 2. 5 Тұтандырғыш - қорғаныс құрылғысы . . . 19
1. 2. 6 Қазан қаптамасы. 19
1. 2. 7 Металлконструкциясы20
1. 2. 8 Газ-импульстік қондырғы. . 20
1. 2. 9 Арматура және қазанның жабдықтары. 21
1. 2. 10 Түтін сорғыштардың және желдеткіштердің қысқаша сипаттамасы……. . 22
1. 3 Технологиясының сипаттамасы . . . 23
1. 3. 1 Жылулық сұлбасы . . . 23
1. 3. 2 Газбен жабдықтау (ГРП) 24
1. 3. 3 Мазутпен қамтамасыз ету (мазут шаруашылығы) . . 25
1. 4 Қазандықтың қосалқы жабдықтары. 28
1. 5 Газ және мазут жайлы мәліметтер . . . 32
2 Есептік бөлім36-57
2. 1 Терминдер мен анықтамалар36
2. 2 Жалпы ережелер37
2. 3 Қондырғының энергетикалық сипаттамаларына жалпы талаптар . . . 38
2. 4 Бастапқы құжаттарға талаптар, энергетикалық сипаттамаларын құрудағы қондырғының күйін есепке алу. . 39
2. 5 Энергетикалық қазандардың энергетикалық сипаттамасы . . . …40
2. 5. 1 Энергетикалық сипаттамаларға кіретін, негізгі және ағымдық көрсеткіштердің құрамы. 40
2. 5. 2 Негізгі және аралық көрсеткіштерін анықтау. . 42
2. 5. 3 Энергетикалық сипаттамаларды құру шарттары және сыртқы факторлары . . . 51
2. 5. 4 Сыртқы факторлардың әсерлеріне түзетулер енгізу. . …. 53
2. 5. 5 Шығатын газдармен жылу шығынын түзету . . . ……54
2. 5. 6 Қондырғының тозуын түзету. 55
2. 5. 7 Нормаланатын көрсеткіштер. 56
3 Өміртіршілік қауіпсіздігі58-71
3. 1 Өндірістік шудың шама шарттары . . . 59
3. 1. 1 Шудың адам ағзасына зияны мен әсері60
3. 1. 2 Шyды төмeндeтy үшiн кeлeci шapaлap 61
3. 2 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша заңдық және нормативтік актілер . . . 61
3. 3 Қазандық қондырғыларынан шығатын шуды есептеу . . . 62
3. 3. 1 Қазандық цехындағы шу көздерін есептеу. . 63
3. 4 Су қыздырғыш және бу қазандарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. Қолдану саласы. . 65
3. 4. 1. Су қыздырғыш және бу қазандарын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары. . 67
4 Экономика бөлімі72-80
4. 1 Амортизациялық шығындарды есептеу. . 74
4. 2 Жабдықтың кезекті жөндеу шығынын есептеу. . ……75
4. 3 Еңбекақы шығындарын есептеу75
4. 4 Отынға жұмсалатын шығынды есептеу. . 76
4. 5 Суға жұмсалатын шығындарды есептеу. 77
Қорытынды . . . ……81
Әдебиеттер тізімі . . . ………. . 82
Кіріспе
Энергетикалық сипаттаманы құрудағы негізгі бастапқы құжаттар ретінде қазандардың жылулық тексерістер нәтижесін қолдану қажет және турбоагрегаттардың, мамандандырылған аттестатталған ұйымдарда өткізілген, ал егер олар болмаған кезде - қазандардың үлгілік энергетикалық сипаттамасы, турбоагрегаттардың және көмекші жабдықтардың.
Қондырғының энергетикалық сипаттамаларын құрастыру үшін тексерістердің нәтижесін пайдалануының мүмкіндігін белгіленген тәртіппен мемлекеттік лицензиясы, осындай жұмыстарды жүргізуге құқығы бар аккредиттелген мамандандырылған ұйым анықтайды.
Тексеріс нәтижелері жоқ болғанда есептік нәтижелерге негізделіп және қондырғының экспуатациялық тәжірибесін ескере отырып дайындаушы-зауыттардың жобалық деректерінің негізінде уақытша энергетикалық сипаттамалары құрылады.
Есептеумен орнатылған энергетикалық сипаттамалардың көрсеткіштері негізгі және аралық мәндері орнатылады:
1. Эксплуатациялық шарттарға рұқсатнама;
2. Қондырғының ескіруі;
3. Техникалық сипаттамалардың, жылулық сұлбаларының айырмашылығы, бастапқы материалдардан қабылданған жекеленген параметрлер және нақты қондырғының сыртқы фактор көрсеткіші;
4. Қондырғының реконструкциясы және модернизациясы бойынша асырылған шаралардың экономикалық тиімділігі;
5. Қондырғының энергетикалық сипаттамалары бастапқы материалдардың дәлдігі негізінде дайындалынған;
6. Жобаның жойылмайтын ақаулары, жабдықты жасау және монтаждау. Қондырғылар тобының энергетикалық сипаттамаларының құрамы төмендегідей сипатталады:
- қазандардың энергетикалық сипаттамалары;
- турбина қондырғыларының энергетикалық сипаттамалары;
- қондырғылар тобының өзіндік мұқтаждықтарына қажетті қуат, электр энергиясы және жылу шығындары;
- технологиялық жылу шығындарының оның жіберілуіне байланысты
- тәуеліділіктері;
- түсіндірмелік жазба.
Қазандардың және турбина қондырғыларының энергетикалық сипаттамалары олардың жұмыстарының негізгі және аралықтық көрсеткіштерінің графикалық және талдамалық тәуелділіктері түрінде ұсынылады.
Қондырғылар тобының энергетикалық сипаттамаларының құрамы төмендегідей сипатталады:
- қазандардың энергетикалық сипаттамалары;
- турбина қондырғыларының энергетикалық сипаттамалары;
- қондырғылар тобының өзіндік мұқтаждықтарына қажетті қуат, электр энергиясы және жылу шығындары;
- технологиялық жылу шығындарының оның жіберілуіне байланысты
- тәуеліділіктері;
- түсіндірмелік жазба.
1 Негізгі бөлім
1. 1 ЖШС «Алматыжылужайэнерго» кәсіпорны жайлы жалпы мәлімет
Алматы қаласының жылумен қамтамасыз ету жүйесі қаланың ең күрделі инженерлік инфрақұрылымы болып есептеледі. Алматы қаласында жылу мен электр энергиясын қиыстыра өндіретін ТЭЦ-1, ТЭЦ-2 және тек жылу өндіретін ЗТК қазандығының базасындағы жылуландыру жүйесі айтарлықтай дамыған. Сонымен қатар, бұл объектілер қаланың орталық, батыс және шығыс аудандарын жылумен қамдап, жылулық жүктеменің 54 пайызын қамтамасыз етеді. Ауқымы жағынан келесі орталықтанған жылумен қамдау жүйесі Алматы қаласының көп бөлігінде, ЖШС «АЖЖЭ» кәсіпорнының аудандық қазандықтарының базасында қалыптасқан.
Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің (№ 1987-р 14. 11. 1963ж. ) өкімі негізінде және Қазақ ССР коммуналдық шаруашылық Министрлігінің (№ 294 25. 11. 1963ж. ) бұйрығына сәйкес Алматы қаласында шаруашылық есеп негізінде ішкі кварталдық жылу желілерін экплуатация бойынша басқару үйымдастырылды.
1964 жылы қаладағы жылу магистральдарының құрылысын басқару техникалық бақылау қызметіне ауыстырылды (17. 08. 1964 жылдан бастап Қазақ КСР №256 коммуналдық шаруашылық министрлігінің бұйрығы) .
1965 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі және Алматы қалалық атқару комитетімен жылу желілік басқару жүйесін және басқару базасын құруды қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Осыған орай “ДОРККТС” организация құрылды және Алматы қалалық атқару комитетінін құрамына кірді (29. 06. 1965ж. 1056№) .
1965 маусым мен шілдедің арасында “ДОРККТС” құрамы авариялық-техникалық қалалық уй-тұрғын басқару қызметіне берілді және мекемелік қазандықтар қоса. Осылайша, “ДОРККТС” құрамында 18 өндірістік аумақтар, 232км қызмет көрсететін жылу желілері, 196 қазандық, орталықтандырылған жөндеу цехы (бұдан әрі ОЖЦ), апаттық-техникалық қызмет және химиялық зертхана кірді.
1969 жылдан бастап жоғарыда айтылған бөлімдер мен қызметтерден басқа келесі мынандай бөлімшелер енгізілді: бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика аумағы (бұдан әрі БӨАжА), қазандарды тазалау қызметі мен электртехникалық қызмет.
1978 жылы Қазақ КСР жоспарлау қорытындысына сүйене отырып КССР министр кеңесшісі қалалық үй-тұрғын басқару ұйымын құрамынан шығаруды келісті. Алматы қалалық компартия комитетінің және халық депутаттары мен қызметкерлерінің қалалық кеңесі бюро шешімі негізінде Алматы қалалық жылу желісі кәсіпорыны құрылды, незізгі қызметі білім беру бөлімі, қалалық денсаулық сақтау бөлімі мен қала тұрғын үй қоры нысандарын жылумен жабдықтау.
1986 жылы министрлігінің бұйрығымен ТКШ Қазақ ССР "АҚЖЖК" өндірістік бірлестігі "Алматыгортеплоэнерго"(АГТКЭ) болып өзгертілді,
31. 12. 1993 жылғы қаулысымен Алматы қалалық аумақтық мемлекеттік мүлік комитетінің (№260), "АГТКЭ" өндірістік бірлесті "АООТ" Алматы гортеплокоммунэнерго" болып қайта құрылды.
30. 05. 1996 жылғы қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "электр энергетикасын жекешелендіру және қайта құрылымдау бағдарламасы" және РК Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі комитет қаулысының (№ 499 бұйрығы 16. 07. 1996ж. ) жоспарын бекіту туралы электр энергетикасы объектілерін акционерлеу 1996 жылы АҚ "Алматыгортеплоэнерго" өндірістік бірлестігі АҚ "АТКЭ" Алматы қалалық аумақтық мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі комитет қаулысымен қайта өзгертілді (№238 06. 08. 1996 жылдан бастап) . Қазақстан Республикасынының Агенттік Департаментінің Алматы қаласындағы табиғи монополияларды реттеу туралы, 2010 жылғы 3 желтоқсандағы №62-02 лицензиясы бойынша ЖШС «Алматыжылужайэнерго» жылулық энергия өндіретін компания болып өз қызметін орындап бастады.
ЖШС «Алматыжылужайэнерго» - табиғи монополия субъектісі болып табылады. 2011 жылы акционерлердің жалпы жиналысынан кейін жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып түрленуіне шешім қабылданды (ЖШС «Алматыжылужайэнерго») . Олар: қаламыздың барлық жылулық жүктемесінің 12 пайызын қамтамасыз ететін Орбита, Оңтүстік, Оңтүстік-шығыс қазандықтары, 160 шақырым магистралды және таратушы жылулық тораптар, 19 сорғылық станциялар мен бөлу түйіндері. Негізгі жағылатын отын түрі - табиғи газ, резервті отын - мазут.
Қазіргі таңда өз қарамағында 71 қазандық: оның ішінде 62 - газбен, 2 - мазутпен, 3 - қатты отынмен, 3 - дизельдік отынмен және 1 электр энергиясымен жұмыс істейді.
1. 1. 2 «Көкжиек» қазандығы
Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы деп өнеркәсіп объектідегі қауыпсіздік сипаты мен ауқымынын көрінісі көрсетілген, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін іс-шаралар жасалынған және техногендік төтенше жағдайларға іс-қимыл жасауға әзірленгендігі туралы көрсететін құжат.
Декларация жасалатын объект - Алматы қаласының Түркісіб ауданында орналасқан қазандық «Көкжиек», «Көкжиек» ауданындағы жылулық жүктемелерді қамтамасыз ету үшін қызмет жасайды. «Көкжиек» Алматы қаласының солтүстік өңірінде орналасқан ЖШС «Алматыжылужайэнерго» кәсіпорны құрамына кіретін қазандық.
«Көкжиек» қазандығының өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы «қауiптi өндiрiстiк объектiлердегі өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы» (2002 жылдың 3 сәуірінен бастап), «табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» (1996 жылдың 5 шiлдесiндегi №19-I) Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде әзірленді.
ҚР «қауiптi өндiрiстiк объектiлердегі өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы» заңына сәйкес "Көкжиек" қазандығы қауіпті өндірістік объектілердің қатарына жатады, өйткені онда:
1) жаңғыш заттар сақталынады және пайдаланылады: табиғи газ, мазут;
2) электр қондырғыларының барлық түрлері пайдаланылады;
3) 0, 07 МПа астам үлкен қысымда жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылар жұмыс жасайды;
4) су қыздырулығының температурасы 115 цельси градуста жұмыс жасайтын қауiптi техникалық құрылғылар қолданылады;
5) стационарлы орнатылған көтергіш механизмдер пайдаланылады.
Декларацияланатын обьект аумағындағы барлық ғимараттар мен құрылыстар ҚНжЕ 2. 09. 02-85 "Өндірістік ғимараттар", ҚНжЕ 2. 09. 03-85 "Өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылысы", ҚР ҚНжЕ 2. 02-05-2002 "Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі" және тағы басқа талаптарын қанағаттандырады.
1. 2 Қазанның сипаттамасы
Қазандықта жылуландыру су қыздырғыш КВГМ-23, 26-150, жылу қуаты 20Гкал/сағ және КВГМ-11, 63-150, жылу қуаты 10 Гкал/сағ қазандар орнатылған.
Су қыздырғыш қазандар жылумен қамтамасыз етудің негізгі көзі ретінде жұмыс істеуге арналған.
КВГМ-23, 26-150 және КВГМ-11, 63-150 қазан жұмыс істейтін негізгі отын - табиғи газ, резервтік отын - мазут (МемСТ10585-75) . ҚНжЕ П-35-76 бойынша төзімділігі 9 баллға дейінгі аудандарында орнатылады .
Қазан КВ-ГМ-23, 26-150(11, 63-150) - суқұбырлы, радиациялық үлгідегі тура ағынды мәжбүрлі су айналымы бар және 28 (қазан экран бетінен судың жиырма сегіз жүрісі) жүріс схемасы бойынша жұмыс істейді, жану камерасында көлденең беткі компоновкасы бар.
Қазан КВГМ-23, 26-150 бір аралас газ-мазутты РГМГ-20 немесе ГМ-20 оттықпен және ВДН-12, 5 үлгідегі үрлегіш желдеткішпен жабдықталған (Q=39000м 3 /сағ; Н=532мм. сулар. ст. ) . Желдеткіш (қозғалтқыш АО2-92-6, қуаты N=75кВт) массасы 2495 кг. Қазан КВГМ-11, 63-150 бір аралас газ-мазутты РГМГ-10 немесе ГМ-10 оттықпен және ВДН-10 үлгідегі үрлегіш желдеткішпен жабдықталған (Q=19650м 3 /сағ; Н=345мм. cулар. ст. ) . Желдеткіш (қозғалтқыш 4А-180М4, қуаты N=30кВт) оттыққа ауа береді.
ДН-17 үлгідегі түтін сорғыш газ тарактісін кедергісін еңсеру мен жану өнімдерін атмасфераға шығару үшін қазанда орнатылады (Q=73000м 3 /сағ; Н=288мм. сулар. ст. ) . Қозғалтқыш AO3-355S6 (160кВт) массасы 3055кг КВГМ-23. 2-150-ге арналған және ДН-12, 5 үлгідегі түтін сорғыш (Q=39600м 3 /сағ; Н=343мм. сулар. ст. ) КВГМ-11, 63-150-ге арналған. Қазанның жылу өзгерісі оттықтағы тұрақты судың шығыны және айнымалы температуралық құламасы кезінде газдың (мазут) көлемін реттеу арқылы жүзеге асады.
Қазан қысқа мерзімде жұмыс істегенде конвективті қыздыру бетін тазарту үшін резервті отын - мазутта импульсты тазарту жүйесі ескерілген. (ИТЖ) .
Төменгі коллекторлардың бүйір және артқы экрандарында периодты тексеру және қазандағы суды шығару үшін түпшелі штуцерлер қолданылады.
Тексеру кезінде түпше кесіп өтеді, тексеру біткеннен кейін бастапқы қалпына орнатылады және дәнекерленеді. Түпшелі штуцері жоқ коллекторларды тексеру экран құбырлары кесілген орындардың тесіктерін дәнекерлеу арқылы жүзеге асады.
Қазанның қаптауы құбырүсті, жеңілдетілген. Экранның мембраналық құбыр панелі бес қатарлас орнатылған құбырлармен дәнекерленген (әрбір кейінгі мембрана қарама-қарсы жағынан дәнекерленген ), одан кейін бесінші және алтыншы құбырлардың арасында саңылау бар, одан кейін тағы да қатарлас дәнекерленген бес құбыр, сосын тағы саңылау және т. б.
Түтін сорғыштар, үрлегіштер, оттықтар және де сорғылар қазандықтың басты қондырғылары болып табылады. Энергияның көзі ретінде отынды қолданғандықтан, жылумен қамтамасыз ету жүйесін іске келтіргенде экологиялық қауіп-қатер туындайды.
1. 1 Cурет - Қазанның құрылым сипаттамасы
1. 2. 1 Қазанның техникалық сипаттамалары
Қазан атауының
көрсеткіштері
Белгіленген
жылуөндірулігі, МВт (Гкал/сағ)
1. 1 Кесте - Қазанның техникалық сипаттамалары
1. 2. 2 Жану камерасы
Қазанның жану камерасы табиғи газды (мазут) жағу үшін қолданылады.
Жану камерасының қабырғалары диаметрі 60мм (60x3, 5мм) қабырғасының қалыңдығы 3, 5мм және фронттық қабырғасы 83мм қадам құбырларымен толығымен экрандалған және қабырғасының қалындығы 4мм мембранамен біріктіріліп дәнекерленген. Қазанның фестондық экраны қабырғасының қалыңдығы 3, 5мм және қадамы 83мм, 60мм диаметрлі құбырлардан, қазанның артқы экраны 60мм қадамды диаметрі 61мм құбырлардан жиналған. Фронттық қабырғасына диаметрі 76мм құбырлар қадамы 96мм және қабырғасының қалындығы 4мм мембранамен, әрбір келесі мембрана аралас шахматты тәртіппен дәнекерленген. Айналмалы экран қадамы 84мм құбырлары бар, әрбір бесінші және алтыншы қадамы 105мм-лі құбырлардан тұрады және мембраналар арасындағы саңырау шамотобетонмен жабылған, сондықтан конвективті бөліктегі жоғары температуралы жану газдарының ағынына толығымен тосқауыл қойылған, себебі мембраналармен бүтіндей дәнекерленген.
Дорогобужск зауытында қазандардың конструкциялары немесе басқа да зауыттарда - екі қатарлы құбырлар арасындағы кеңістікке отқа төзімді шамотты кірпіштер қойылады, екі қатар құбырлардағы бірдей су жылдамдығы кезінде, құбырлардың бірінші қатары жоғары жылу жүктемесiн кешеді. КВ-ГМ-23, 26 және КВ-ГМ-11, 63 қазанның айналмалы жану камерасының экрананың жаңа конструкцияларынан ол алынып тасталды.
Қазан оттығының тік бөлігі және экрандарының бүйір жағы бір-бірімен көлденең пластиналарымен біріктірілген, коллекторларға және құбырларға сыртынан екі сатылы дәнекерленген.
1. 2 Кесте - Жану камерасының параметрлері
1. 2. 3 Конвективті бөлігі
Конвективтік бөлігі әрбір жағынан төрт секциядан тұрады. Әрбір бөлігі бес U - тәрізді диаметрі 32x3 мм ирек құбырлардан тұрады. Ирек құбырлар шахматтық тәртіппен көлденең қадамы S1=92мм және бойлық қадамы S2=42мм болып орналасқан. Әрбір секцияның ирек құбырлары екі тік дистанцияланатын пластинкаларымен тіркеледі, ал коллекторлар диаметрі 83x4, 5 мм құбырлармен қазанның қарама-қарсы бүйір жағындағы тіректердің арасындағы тіреулерге еркін сүйенеді, соның арқасында жеткілікті қатаң құрылысын жылу кеңейту мүмкіндігімен қалыптастырады.
Жүріс бойымен газдардың конвективті бөлігі екі пакетке бөлінеді, олардың арасындағы алшақтық 700 мм.
1. 3 Кесте - Конвективті бөлігінің беткі қыздыру параметрлері
1. 2. 4 Газомазутты оттық
Қазанда біріктірілген газомазутты РГМГ-20 (ГМ-20) өнімділігі 2360м 3 /сағ, (немесе 2550кг/сағ резервтік отын - мазут) орнатылған.
КВ-ГМ-23, 26-150 қазанның РГМГ-20 (ГМ-20) оттығының конструкциясы дәстүрлі үлгідегі форсунканың механикалық шашыратқышын қолдана отырып мазутты механикалық шашыратуды көздейді.
Оттықтың алдындағы табиғи газдың қысымы 30кПа (0, 3кгс/см) кем болмауы керек; форсунканың алдындағы резервтік отын мазуттың қысымы 200кПа (2, 0кгс/см 2 ) кем болмауы керек.
1. 4 Кесте - Газомазутты оттықтың техникалық сипаттамасы
РГМГ-10 оттығы ФМР-1300
форсункамен
РГМГ-20 оттығы ФМР-2500
форсункамен
Отын шығыны: 1. Мазут маркасы М100 МемСТ 10585-75 кг/сағ бойынша
2. Табиғи газ, МемСТ 5542-78
1205
1265
2360/2950 *
2560/3266 *
1. 2 Сурет - Газомазутты оттық
Суретте белгіленген: 1 - ТҚҚ; 2 - газ келтiрушi түтiк; 3 - бiрiншi реттiк ауаның қабығы; 4 - газды коллектор; 5 - қалақшалы құрылғы; 6 - газ шығарушы тесіктер; 7 - ротациялық форсунка.
1. 2. 5 Тұтандырғыш - қорғаныс құрылғысы
Тұтандырғыш - қорғаныс құрылғысы (ТҚҚ) оттықты қашықтықта жағу үшін, сондай-ақ алауды (факел) өшірудегі қорғаныс ретінде қолданылады, табиғи газ және резервтік отын мазутта жұмыс жасайды. ТҚҚ мынандай құрамдас бөліктерден тұрады:
а) Тұтатқыш ААҚ «энергетикалық жабдықтың Перловск зауыты»;
б) фотодатчик ФР1-3 (КВГМ-10) и ФД-05ГМ (КВГМ-20) үлгідегі;
в) жанудың сигнализаторы ЛУЧ-1АМ;
г) иондалынған датчик;
д) басқару құрылғысы;
е) трансформатор ОСЗЗ-730 УХЛ2 үлгідегі.
ТҚҚ қазанның жалпы автоматтандыру схемасына енгізілген және дербес жұмыс істейді. Жиынтыққа кіретін басқарушы құрал мен фотодатчик (сол экранда, оттықтың осьтік деңгейінде немесе оттықтың үстiнгі оң жағында орнатылады) іске қосу блокировкасының элементтерінің бір функциясын атқарады.
1. 2. 6 Қазан қаптамасы
Қазан қаптамасы стандартты түрде, тікелей құбырларға немесе мембранаға бекітілген, құбырлар арасында орналасқан. Құбырүсті қаптамасы үш қабаттан тұратын жылу оқшаулағыш материалдардан тұрады:
а) металл тормен арматураланған отқа шыдамды сазбалшықты жердегі шамотобетон;
б) метал тордағы матрацтар түріндегі минералды мақта;
в) тығыздалған болатын газ өтпейтін майлағыштар, ол сондай-ақ сыртқы ылғалдан қазан бетінінің гидроизоляциясын қамтамасыз етеді.
Қаптамасының жалпы қалыңдығы - 112-114мм.
Пештің барлық бұрыштарына және конвекция бөлігінің бұрыштарына, сонымен қатар құбырлар шоғының деңгейiне дейiн пеште айналатын экранның бұрыштарында (сонда кең пластиналар батырмаға жалғанған және бір-бірімен өзара дәнекерленбеген) және одан жоғары ішінен торға сызбалар бойынша шамотобетон қабаты (слой) жағылады (КВГМ-10. 12 . . . СБ. ) .
Салмағы 1м 2 ~ қаптама 75-95кг.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz