Түркі тілдес халықтарының көне музыкалық аспаптар тарихынан деректер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАҚЫРЫБЫ: ТҮРКІ ТІЛДЕС ХАЛЫҚТАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР.

Орындаған:

Жетекші:

Рецензент:

Қорғауға жіберілсін:______________2019 жыл

Шығармашылық кафедраның меңгерушісі:

Алматы 2019
Жоспар

Кіріспе
I Бөлім Түркі тілдес халықтарының көне музыкалық аспаптар тарихынан деректер
1.1. Тұркі халықтарының музыкалық аспаптары мен түркі дүниетанымы,
мұралары, мәдениеті және көркемдік ерекшеліктері
1.2. Халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл
қазынасы. Көне аспаптарды қайта жаңғырту
II Бөлім Ұлттық аспаптардың ортақ касиеттері,
2.1. Қазақтың ұлттық саз аспаптарының түрлері, жіктелуі
2.2. Халықтық орындаушылық дəстүріндегі бірізділік
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Елбасымыздың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру жолдауының негізіндегі өзекті зерттеу жұмыстарының бірі- Қазақ халқының тарихы сол ортада өмір сүрген адамдардың жүрегінде өшпес із қалдырып, мәңгі есте сақталып келе жатқан тарихпен тығыз байланысты. Әсіресе, қоғамдық өмірдің сан алуан сыры күмбірлеген күй мен шырқалған әндерден өз көріністерін тауып отырған. Ақын- жыраулар көбіне тарихи оқиғалар жайында толғаса, ол жырлар өз заманымың шежіресі болып қалғандығы белгілі. Ал аңыз, өлең, музыка ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалып отырады.
Міне, сол халықтың музыка мен музыкалық аспаптарын, пайда болуын және даму жолдарын зерттеу қазіргі музыка тану саласындағы абыройлы да ардақты жұмыстардың бірінен саналады.
Бұл -- музыка өнерінің халықтығы мен ұлттық өзгешелігі, халық шығармашылығың көркемдік жағынан баюы сияқты проблемалармен тығыз байланысты. Әлемдік музыка қорына әр халық, ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді. Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп болғаны анық. Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата - бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптарды ойлап тапты.
Музыка әр адамның бойынан ,ақыл-ойынан асыл ойлар мен армандар, мақсаттар, ізгі ниеттер, қуаныштар, қайғылы көріністерді таба біледі. Музыка адам денсаулығына үлкен әсер етеді, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады. Музыка халыққа бөлінбейді. Біз кез келген елдің музыкасына құдды бір ана тілімізде тыңдап отырғандай құмарта құлақ тосамыз.
Әрбір ұлттың тарихы терең оқиғаларға толы. Мұндай оқиғалар сол аймақта тұратын адамдардың жүректерінде өшпес қасиет болып қала береді. Мәдениет әрдайым тарихпен тығыз байланысты. Атап айтқанда, қоғамдық өмірдің сан алуан сыры күмбірлеген күй мен шырқалған әндерден өз көріністерін тауып отырған. Ақын- жыраулар көбіне тарихи оқиғалар жайында толғаса, ол жырлар өз заманның жанры шежіресі болып қала береді. Ал аңыз, өлең, музыка ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалып отырады.
Әдістемелік нұсқаудың теориялық маңыздылығы: Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде А.Агажанов, И.Жинович, А.Руднева, М,Лисенко, А.Гуменюқ П.Никифоров, И.Кортуа, Г.Благодатов, С.Абдуллаева, Ф.Соколов, К.Вертков, A.Мирек және тағы басқа музыка зерттеушілерінің еңбектерінде баяндалған теориялық ережелер, қазіргі заманғы ғылым деңгейіне Орта Азия халықтарының музыка мәдениеті жайында бағалы еңбектерді белгілі ғалымдар В.М.Беляев пен B.С. Виноградовтың қаламынан туған күрделі әдістемелері болды.
Әдістемелік нұсқаудың мақсаты: Танымал түркі тілдес музыкалық аспап пен музыканың қарым-қатынасы. Ұлттық музыкалық аспаптарды жүйелендіруді ретке келтіру және оны қисынды, тұтас жүйе түрінде сипаттау. Бір әуеннің әртүрлі аспапта ойнаған сазын тыңдау, тану,салыстыру, ажыратуға үйрету. Ұлттық аспаптарда қарапайым пьесаларды орындауға талпындыру.
Музыка өнері арқылы рухани бай,шығармашылығы мол халық өнерін өмірідің бейнесі ретінде түсініп оны сүйе білетін, халқымыздың әдеп-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін, халық өнерін құрмет тұтатын, ұлттық көз қарасы кең дарынды да талантты жеке тұлға тәрбиелеу. Халқымыздың ұлттық аспаптары, музыкасына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру ,қазақ музыка өнерін құрметтеуге,адамгершілікке,ұлттық музыканы қадірлей білуге үйрету.
Әдістемелік нұсқаудың міңдеті: Қазіргі кезеңдегі ұлттық музыкалық аспаптарды зерттеу қорытындыларын шығару. Халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл қазынасы қазақтың ұлттық аспаптары жайында танымын кеңейту. Әдістемелік нұсқауда ұлттық музыкалық аспаптар туралы мағұлматтар халқымыздың жас ерекшеліктеріне сай ықшамдалып берілу. Қазақ халқының бай мұралары,соның ішінде бүгінгі күнге жеткізген халық аспаптары мен ғажайып ән-күйлері туралы мәлімдеу.Аспапта орындау шеберлігін қалыптастыру. Түрлі ұлттық саз аспаптарымен таныстыру, музыкаға саяхат.
Әдістемелік нұсқаудың жаңалығы: Қоркытты VII-VIII ғасырларға жүйелеп жүрген ғалым- дардың оны исламнан бүрынғы тәңірлік наным өкілі ретінде та- нығысы келетіні түсінікті. Бірақ оның заманын ІХ-Х ғасырларға қойсақ та бүл пікірге нұқсан келмес еді. Себебі оғыздардың Мәуереннаһр аймағына алғаш аяқ басуы VIII ғасырдың соңы болса, Арал маңына орнығуы IX ғасырдың орта шені.

I Бөлім . Түркі тілдес халықтарының көне музыкалық аспаптар тарихынан деректер
Бізге жеткен көп ғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптар қазақ халқының музыкалық мәдениетінің пайда болуының және дамуының куәсі болып табылады. Мыңдаған жылдар аясында ұлы Дала көшпелілерінің шыңдалған ғажайып мәдениетінің кіндік жұрттағы мұрагері қазақтар болды (өз төңірегінде тек қазақтар ғана бірыңғай түркі тілдес халықтармен шектеседі) және олар сол ұлы мәдениеттің арқауын үзіп алмай, күні бүгінге дейін жеткізіп келеді. Осы уақытқа дейін ғылыми тұрғыда қазақтың дәстүрлі музыкасы біртұтас мәдени-рухани құбылыс ретінде парақтала қойған жоқ. Нәтижесінде, қазақ музыкасы жалпы қазақ тарихы аясында мәдени-рухани айғақ ретінде ғана зерделеніп келді. Ортағасырлық, әсіресе Түрік қағанаты кезіндегі (VІ-VІІІ ғғ.) көшпенділердің музыкалық мәдениеті туралы құнды құжаттар Нара (Жапония) қаласында Сесоид императорының қазынасында сақталған. Тарихи экспонаттардың ішінде ерекше назар аудартатыны Дунухуадада табылған түріктің ноталық хаты (партитура, табулатура). Бұл Будданың жиырма бесінші сутрасының нотасы, оның әуені қазақтың халық әні "Гәккуге" сәйкес келеді. Ол кезде жапондықтар Шығыс Түркістанның музыкалық аспаптар оркестрін гагаку деп, осы аспаптарда ойнау әдісін билли деп атаған. Бұл сөздер қазақтың гәкку - әуен, музыка, би сөздеріне ұқсас.
Ыбырай Сандыбайұлының творчествосы жайлы жазылған кітап "Гәкку" деп аталған. Қазіргі қазақтың жазық даласын орта ғасырларда "дешти-қыпшақ" деп атаған, ол парсы тілінде "қыпшақ даласы" дегенді білдіреді. Қыпшақ даласының оңтүстік және батыс аймақтарының халқын орыстар мен поляктар "половцы" ("далалық") десе, батыс еуропалықтар - "кумандар" ("қаз адамдар") деп атаған. Ол уақытта қыпшақтардың әсері жоғары болған және тілі кең тараған. Бүның айқын дәлелі - "Кодекс Куманикус" (1303 ж.) кітабы. Бұл кітапта бізге келіп жеткен қыпшақ әуендерінің романдық квадрат ноталары түрінде жазылған нота жазбалары бар, олар кейіннен батыс европа музыкасында католиктік хорлар ұшін қолданылған. Қазақтың музыкасын зерттеуші Б.Ерзакович "Біздің болжауымыз бойынша "Құман кітабында" қазақтардың музыка тілінің белгілері бар деп сенімді түрде айтуымызға болады" деп жазған. Оның осы сөзінен біз халқымыздың сазды шартты белгілермен (ноталармен) жазу үрдісінен бұрыннан хабардар болғанын байқаймыз. Біз әннің мазмұнын талдай отырып, қазақтың музыкалық тілінің кейбір элементтерін, атап айтқанда, "Ақсақ құлан" күйі мен "Елім-ай" әнінің әуендерінен байқадық". Ал, қазіргі кейбір музыка зерттеушілер нота сауаты Қазақстанға ХХ ғасырдың 20-30 жылдары келді деп жүр.
Әлі күнге дейін қазақтың музыкалық терминологиясы музыкалық әдебиетте де, лингвистикалық әдебиетте де жақсы бейнеленбеген.
Музыкалық аспап - музыкалық терминология мен музыканы толығымен түсінудің негізгі факторы, себебі ол - оның жалғыз "құжаты" және материалдық ізі. Ол бұрынғы тарихты, мәдениетті, халықтың ғасырлық музыкалық салтын танытатын болғандықтан да өте қүнды .
И.В. Мациевский айтқандай, "музыкалық аспаптардың құрылымы онда орындалатын саз әуендерінің ерекшелігін көрсетеді. Музыкалық аспаптардың акустикалық және көркемдік мүмкіндіктері мен оларға тән биік дыбысты, тембрлік, ритмодинамикалық, аготикалық шкалаларды қалыптастыру және халық музыкасының конструктивтік мүмкіндіктері музыка мәдениетінің дамуына әсер етеді" .
Ертеректегі музыка және музыкалық аспаптар жөніндегі әдеби мәліметтер Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж.) "Музыка туралы ұлы трактатында" бар . Мұнда сол уақытта белгілі болған музыкалық аспаптар сыбызғы, домбыра, сырнай, керней, қобыз, канун, уд, цимбал (чанг), тамбур, рабаб, дабыл, даңғыралар сипатталған және жүйеленіп көрсетілген. Сонымен қатар мұнда түрік тайпаларының тұрмысы және жеті ішекті арфа туралы айтылған. Онда ғалымның өзі ойлап тапқан қыпшақ деп аталатын үрленіп ойнайтын аспаптары туралы мәлімет те бар. Бұл трактатта әл-Фараби музыкалық бұрауларға математикалық дәйектеме беріп, теориясының негізін қалады .
М.Қашғари (ХІ ғ.) ежелгі түріктердің аспаптарының бірнеше түрін атап өткен.Ол - қобыз, бубен, тамбурин, барабан, қоңырау, сыбызғы, сигналдық барабан. Барабан туралы Жүсіп Баласағүнның "Құтадғу білік" ("Құтты білім", 1069-1070 жж.) поэмасының "Алтын жарық" тарауында айтылады.
ХІІІ ғасырдың аяғы мен XІV ғасырдың басындағы араб-парсы-түрік-моңғол сөздігінде соғып ойнайтын аспап гонг және сыбызғы туралы қызықты мәліметтер бар. Мұнда таф - тамбурин, суруна - сырнай, накар - типан, бубен, бургу - труба, бургуча - кішкентай труба сияқты аспаптардың атын кездестіреміз. Қылдан керілген ысқышпен ойналатын ежелгі аспап қобызға көп көңіл аударып, оның түріктердің өміріндегі мәнін ашқан. Оғыздың "Китаби дедем Қорқыт" эпосында қобыздың сиқырлы дыбысына деген түріктердің көзқарасы символдық түрде бейнеленген. Марғұланның айтуы бойынша, ежелгі қылқобыз Орта Азиядан басқа жерлерде де болған және оның сырт пішіні аққуға ұқсаған. Магиялық аспап ретінде қобыздың қазақтардың ежелгі тотемі болған аққуға ұқсауы халықтың мәдениетіне байланысты.
Түріктің музыкалық аспаптары туралы мәліметтер бұхаралық Дәруіш-Әлидің теориялық және тарихи бөлімдерден тұратын "Музыка туралы трактатында" бар (ХVІІ ғ.) . Бірінші бөлімінде музыканың пайда болуы жөнінде сұрақтарға көңіл бөлінеді және мұнда музыкалық аспаптар (қобыз, сыбызғы, сырнай, дабыл, най) туралы мәліметтер беріледі.
Қазақ аспаптары туралы құнды мәліметтерді ауыз әдебиетімізде жиі ұшырастырамыз. "Алпамыс батыр" жырында үрлеп тартатын және соғып ойналатын аспаптар: керней, сырнай, дабыл, шыңдауылдың аты кездеседі. Кейбір ежелгі аспаптар халық әндері мен өлеңдерінде, мысалы, "Жетігеннің жетеуінде" дәріптеледі. Ш.Уәлихановтың зерттеулері қазақ музыкасы мен музыкалық аспаптарын танып білуімізде ерекше орын алады . Осы тақырып бойынша Т.Вызгоның жұмысын одан кейінгі мазмұнды зерттеуге жатқызуға болады . Орта Азия және Өзбекстан халықтарының аспаптары туралы ең толық және нақты сипаттамалар В.М.Беляевтің монографиясында келтірілген, мұнда керней, дабыл, сырнай, дауылпаз және т.б аспаптарға толық сипаттама берілген. Ф.Караматов: "Өзбек халқының музыкалық өмірінде үрлемелі аспаптар сияқты ішекті музыка аспаптары да маңызды орын алады, бірақ олар негізінен "камералық" жағдайда қолданылады" деп атап өткен. С.Субаналиев: "Көбіне халық аспаптарының бір емес, бірнеше аты бар, бірақ көбіне олар зерттеулерде келтіріле бермейді, дегенмен, әртүрлі атаулар зерттеушіге сол атаудың мағынасына бойлауға сеп болар еді" дейді .
Аса көрнекті музыкант-этнограф А.В.Затаевич өзінің әйгілі еңбектерінде қазақ музыкасының ноталық жазбасын алғаш қағазға түсіріп, аспаптарды сипаттап берді . Сондай-ақ, В.С.Виноградовтың жұмысы да Орта Азияның музыкалық аспаптары бойынша құнды еңбек болып саналады.
Қазақтың аспаптарын және аспаптық музыканың пайда болуы мен дамуы туралы қазақ кәсіби музыка мәдениетінің негізін салушы көрнекті қайраткер А.Қ.Жұбанов тыңғылықты баяндаған. Ол халық аспаптарын зерттеудің жүйелік ыңғайын ойлап тапқан. Б.Ш.Сарыбаев құрастырған қазақтың бірталай халық аспаптары олардың ұмытылып қалған ерекше үлгілерімен қайтадан қауышуға мүмкіндік берді .

1.1.Тұркі халықтарының музыкалық аспаптары мен түркі дүниетанымы,
мұралары, мәдениеті және көркемдік ерекшеліктері
Түркі (түрік) деген атпен Адамзаттарихына енген ата-баба тарихымыз біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ-ІІ ғасырларда- ғы Ғұндар (ғұн) империясы кезеңінен басталып, біздің заманымыздың IX ғасырын қамтитыны белгілі. Бұл кезеңдер аралығына жататын археологиялық қазба мұралар көне тарихымыздың деректі көздері саналады. Сол замандарда өмір сүрген алтайлықтар, сақтар мен ғүндардың төл мұрагері саналатын бүгінгі қазақтар - ата-баба жерін ғана емес, тілін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларын да сақтап қалды. Біздің заманымыздан бұрынғы үш мыңжылдықтың басында Қазақ даласы мен Орта Азияда, Еділ мен Алтайда, Батыс Сібір мен Шығыс Азияда және Еуразия жазықтарында ежелгі алтайлық түркі тайпалары өмір сүрді. Осы алтайлықтарға б.з.б. II мыңжылдықта арийлік тайпалар келіп қосылып, аралас өмір сүрді. Өзбек ғалымы, академик А.Асқаров олардың өмір-салты туралы: ...Кең-байтақ Еуразия далалары - көне дәуірлерден бастап кейінгі орта ғасырға дейін түркі тілді тайпалар мен халықтардың байырғы мекені болды. Біздің заманымыздың II мыңжылдығының екінші жартысында олардың өмір сүру қам-қаракеті, салт-дәстүрі мен салтанатты байлығынан түркі тілді арийлер қалыптасты. Өмір сүру салты - көшпелі тұрмысқа лайықталған атты әскер ұстау, байырғы Отаны - кең-байтақ дала, тұрғындары - тез көшіп-қонуға бейім, жаугершілік-жорық жағдайында өмірін үнемі ат үстінде өткізеді. Ғылым тілінде Андрон мәдениетін ұстанушылар саналатын түркі тілді тайпалар - далалықтар міне, осындай болған, -деп жазады. Андрон (Ә.Марғұланша - Биғазы-Дәндібай - ред.) мәдениетін ұстанушылар саналатын осы түркі тілді далалықтар арий тайпалары кейіннен жергілікті халықпен ассимилияцияға түсіп шашырап кетті. Ғалым Л.Н.Гумилев: ...Иран мен Тұран өңірін туыстық жағынан ең жақын болып келетін арий тайпалары мекендеген. Олар тілі мен нәсілі жағынан емес, діни ұстанымы жағынан бөлінді. Құдай жолына берілген арийлер - тұрандықтар, ал Заратустра жағындағылар - ирандықтар деп аталды,- деп көрсетеді.
Біздің заманымыздан бұрынғы X ғасыр аясында далалық арийлердің орнына сақ тайпалары келді. Сақ - парсы тілінде ержүрек, жауынгер делінсе, грек тілінде көшпелілер мағынасын беретін скифтер деп аталды. Сақтардан кейін Мөде ханның бастауымен ұлы Ғұн мемлекеті құрылды. Ғұндардан кейін біздің дәуіріміздің VI ғасырында шаңырақ көтерген Түрік қағанатын түркі текті, ежелгі түркі тілді халықгар құрды. Одан кейінгі Моңғол қағанатының құрылуына да түркі тектес тайпалар зор рөл атқарды. Олар бірде бөлініп, бірде бірігіп өмір сүрді, ортақ түркі тілін қолданды. Мұзды мұхиттан Қара теңізге дейінгі аралықты бағындырып, жайлап жатты. Шығыстанушы- ғалым С.Е.Малов: ...Түркілер-біздіңзаманымызданбүр ынғы V ғасырда қай жерде өмір сүріп келсе, бүгін де тура сол жерде солай өмір сүріп отыр, - деп жазды . Түркілердің тарих сахнасына шығып, өз алдына мемлекет құруы адамзат тарихына үлкен бетбұрыстар әкелді. Олар- дың басты тайпаларының Алтай өңірін мекен еткенін көне түркі халықтарының аңыз-жырлары мен жер-су атаулары айғақтайды. Түрік қанағаты өз өмірінде бірнеше рет гүлдену және қүлдырау кезеңцерін бастан өткеріп, әр тарапқа бөлініп кетіп, бірнеше аймақтарды жайлап жатты. Мәселен, Орта Азия түркілеріне - қазақ, өзбек, түркімен, қырғыз, қарақалпақ; Кавказ (Қап тауы, Қапқаз) өңіріндегілерге - әзірбайжан, қарашай, малқар-балқар, дағыстан ноғайлары жатса, ІІІығыс Түркістан өңірін ұйғырлар, Сібірді алтайлықтар, тыва, якут (саха), шор, хақас, долғандар; Еділ-Кама бойын татар, башқүрт, чуваш, қүмық, ноғайлар мекендесе, ал Еуразия түркілері деп-түркиялықтар, Үрым, гагауыз, қарайым, Қырым татарлары, Кипр мен Иран түркілері аталады.
Біздің заманымыздың XIII ғасырында Анатолияның солтүстік-батысында Осман әулеті өмір сүрді. Осман империясы деген атпен тарихқа енген олар XV-XVII ғасырларда дамудың ең жоғарғы сатысына көтерілді. Ап 1919-23 жылдары Осман империясының орнына Мұстафа Кемал Пашаның (Ататүріктің) бастауымен жаңа Түркия мемлекеті келді. Сол түста: Біз өркениет жолына түсеміз, соған жетеміз. Өркениет деген өте қуатты жалын, оны елемейтіндер сол отқа күйіп үйітіліп кетеді деген аталы сөзімен бүкіл түркі жұртын өзінің артына ерте білді. Сөйтіп, тәуелсіз Түркия Республикасының қүрылуы ресми түрде 1923жылы 29 қазанда жарияланды. Ал 1991 жылы Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағанда алғашқы болып таныған туыстас Түркия елі болды. 2009 жылы бүкіл түркі әлемініңтарихи тұлғасы Мустафа Кемал Ататүрікке арналып Астана қаласында ескерткіш орнатылып, Сүлеймен Демирел атындағы Қазақ-Түрік университеті қурылды. Қазіргі таңда түркі әлемінде - Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түркімения, Өзбекстан және Солтүстік- Кипр Түрік республикасы қатарлы жеті тәуелсіз мемлекет бар. Оннан аса улт республикалары, отыздан аса ұлттар мен этникалық топтар өмір сүріп отыр. Міне, осы түрік текті халықтардың тілінде, тарихында, тұрмыс-салтында, күнделікті қам-қарекетінде, өнер-мәдениетінде, діни-ғұрыптық ұстанымдарында тамыр тартар ұқсастық, туыстық үлгілер молынан сақталған. Ол үлгілер әсіресе, дәстүрлі музыкалық аспаптар тарихында мол сақталған және олардың қолданылуы діни-ғурыптық, жаугершілік-жорық, тұрмыстық- шаруашылық секілді қам-қаракеттермен ортақ болып келеді. Түркілердің тұрмыс-салтымен бірге қалыптасқан небір ғажайып әуез аспаптары олардың рухани өмір-салты мен дүниетанымының айғағы болды және кейіннен Батыс әлемі мен бірқатар еуропалық елдердің музыкалық аспаптарына үлгі-нұсқа болды. Археологиялық қазбалардан табылған сандаған тарихи мұралар түркі халықтарының қойын-қолтық өмір сүргенін айғақтайтын дерек көздері ретінде аса құнды саналады. Мәселен, қазақ даласынан анықталған б.з.д. ІІІ-ІІ ғасырларына жататын Таңбалы жартас, Бақсы тас, Домбыралы бишілер, Домбыралы сақ жыраулары аталатын тас мүсіндер мен жартас беттеріне музыкалық аспаптардың сұлба-суреттері қырнап-қашап түсірілген. Түркімендердің Парфиян патшалығының астанасы болған Ниса қаласының қираған көнежуртынан музыкалықаспаптардаойнап отырған ежелгі адамдар бейнелері қырнап-қашалған ескерткіштер анықталды. Сол сияқгы Әзірбайжанның Гобустан жеріндегі тас ғасырына (б.з.д. Ill -- V ғғ.) жататын жартас беттеріне қырнап-қашап түсірілген соқпалы гавалдаш (дабыл тас), биші адамдар, аңшы бейнелері, бақсы зікірі, т.б. ескерткіштер аныкталды. Мундай мысалдар басқа да түркі текті халықтардың аспапты-музыка мәдениеті мен аспапты- археологиясы тарихында көптеп кездеседі. Түркі халықтарының дәстүрлі музыкалық аспаптарын зерттеп білу ісі орта ғасыр кезеңінен бастау алады. Мәселен IX X ғасырлар аясындағы ғылыми жазбадеректерге Галеннің Музыка туралы, Ибн Аби ат-Дунианың Музыкалық аспаптарды талқылау ,Аль Муфаддала ибн СаламныңМузыкалықаспаптар туралы кітап, Сәбит ибн әл-Курраның Замр аспабы хақындағы кітап, әл-Киндидің Ішекті аспаптар туралы кітап, Ибн Хурдазбектің Музыкалық аспаптар және ойын-сауық туралы кітап, Әбунасыр әл-Фарабидің Музыканың ұлы кітабы қатарлы баға жетпес құнды мұралар жатады.
Түркі текті халықтардың тұрмыс-салты мен тарихына, музыкасы мен ұлттық аспаптарына өткен ғасырларда өмір сүрген жат жұрттық саяхатшылар мен жиһанкездер аса көңіл бөліп, көптеген деректер мен мәліметтер қалдырды. Мәселен, М.Поло (1254-1323), П.С.Паллас (1741-1811), И.Г.Георги (1729-1802), Г.Ф.Миллер (1705-1783), В.В.Радлов (1837- 1918), А.Ф.Эйхгорн (1844-1909), үлт ғалымдары ІІІ.Уәлиханов (1835-1865), Ә.Диваев (1855-1933), т.б. этнограф-ғалымдар Орта Азия мен Қазақстан өңірін ежелден мекен еткен жергілікті түркі тілдес халықтар мен тайпалардың дәстүрлі көне музыкалық аспаптарының сандаған түрін сипаттап жазып, атауларын хатқа түсірді. Мәселен, 1926 жылы Ресейдің Том қаласында түркі тілдес халықтардың өнер кеші өтті. Бұл жайында академик Қ.Сәтбаев Том қаласындағы ұлттар кеші аталатын мақаласында былай деп жазады: ...1926 жылдың 10 сәуірінде Том қаласында Сібір халықтарының ән, күй, салт-дәстүріне арналған сауық кеші өтті. Мұнда қазақ, якут, бурят, ойрат, шор, хақас, башқүр, т.б. халықтардың ән-күйлері ойналды. Ойрат бақсысы Шаманның науқас адамның бойына жиналған перілерін қалай көшіргені, шорлардың ертекшілері қыстың ұзақ түнінде домбырамен қосылып тыңдаушыларға ескі ертегілерді қалай айтатындығы, қазақтардың жаңа түскен келінге қалай шашу, беташар, отқа май қүю секілді көріністері көрсетілді . Түркі халықтарының музыкалық аспаптарын зерттеп-білуге деген бүл бастама-бастауларды кейіннен А.В.Успенский (1879-1949), В.М.Беляев (1888-1968), А.Қ.Жұбанов (1906- 1968), В.Кароматов, А.Машани, Ә.Марғүлан (1904-1985), И.М.Хашба (1938-1967), Т.С.Вызго, Б.Ш.Сарыбаев (1927-1984), Ө.Жәнібек(1931-1998), Т. Қоңыратбаев, С.Даукеева, А.Мұхамбетова, Ж.Иәжімеденов қатарлы ғалымдар одан әрі жалғастырып, көптеген мәліметтер жинақтап, зерттеу еңбектерін жариялады.
Көне заманалардан бері ел арасында сақталып келе жатқан түркі халықтарының дәстүрлі музыкалық аспаптары өздерінің шығару әдіс-тәсілімен және жасалу затымен ерекшеленеді. Көк Тәңірге табынып келген көне түркілердің рухани дүниетанымын бейнелейтін музыкалық аспаптардың атаулары, жасалу әдіс-тәсілдері көп өзгеріске түспей, ғасырлар көшін артқа тастады. Мәселен, Сібір түркілерінде қолданылатын топшур, ыық, иккили (еккеле) қатарлы ішекті аспаптар қазақтың шертер, домбыра, қылқобыз аспаптарына өте жақын болса, ағаш пен қурайдан жасалатын үрлемелі аспап қазақта - сыбызғы, башқүрттарда - қурай, қырғыздарда - чоор, тывада - шоор, қазақ домбырасы қырым татарларында дамбура, тываларда - дамбыра, моңғол түркілерінде - домбор, түркімендерде - тамдыра, түркияда - дамбура, шорларда - дамре, хазар түркілерінде - домбура, башқүрт, ноғай, өзбектерде-думбыра деп өз тілдіклексиконына қарай аз ғана өзгеріспен аталғанымен, жасалу заты, ойналу және қолданылу тәсілі ортақ болып келеді. Мұның өзі домбыраның бүкіл түркі тектес халықтардың арғы кезеңдердегі рухани байланысына сай қалыптасқанын аңғартады. Сол сияқты дабыл, дауылпаз, даңғыра, қоңырау, асатаяқ, сылдырмақ қатарлы соқпалы-шулы аспаптардың атаулары мен қолданылу ортасы арада қаншама жылдар өтсе де көп өзгеріске түскен жоқ.
Кейбір тарихшылар Еуропа жүртшылығы алғаш рет ыспалы қылқобыз аспабымен Марко Поло саяхатынан кейін таныс болған деп айтады. Ал неміс ғалымы В. Бахман түркі текті халықгардың барлығына ортақ болған қылқобызды (қобызды) бүгінгі скрипка мен виоленчельдердің арғы атасы дей отырып, Еуропағатараған қыл ішекті ыспалы аспаптардың Отаны - Орта Азия өңірі екенін баса айтады. Ыспалы қобыз аспабының пайда болуы Көк Тәңірі - Алла тағаланың қалауымен Түркі әлемінің қобыз сарынына жасампаз, сиқырлы үн дарытқан Қорқыт баба есімімен байланысты айтылады. Соның нәтижесінде түркі әлемінде Қобыз десе
Қырғыз халқының негізгі ішекті-шертпелі аспабы - комузды алғаш рет ойлап тауып жасаған Қамбар аңшы,- делінеді ел аузындағы аңыз-әңгімеде. Комуздың шанағы түтас ағаштан ойып, үш ішекті етіп жасалады. Жасалу жағынан ол қазақтың домбырасына, сым ішек тағылуы тәжіктің дуторы мен әзірбайжанның тар аспабына ұқсас.
Қырғызстанда үрлемелі темир комузаспабы кеңтараған. Темир комузшылардыңКеремет атты фольклорлық ансамблі 1980 жылдан бері жүмыс істейді. Шебер орындаушы, үстаз Суйдума Толокованың шәкірттері осы аспапта орындаудың ежелгі дәстүрін жалғасыруда.
Ал сібірлік якут (саха) түркілері арасына тілшелі демир хомус аспабы кең тараған. Якутиядағы әйгілі Демир хомусшылар ансамблі 1989 жылы Алматыда өткен Алтын алма атты Азия халыктарының музыка фестиваліне қатысып, өнерлерімен жүртты тәнті етті. Қарақалпақтарда бұл аспап шынкобуз деп аталады. Қарақалпақтың Халық әртісі, шынкобузшы С.Махаматдинованың бастауымен Гузеллер атты шынкобузшылар ансамблі үйымдастырылды.
Тываның осы тектес кулузун хомусын дамытып жасауда аспапшы-шебер Кужугет Балган Леңчаевтың еңбегі зор. Ол өз өнерінің қыр-сырын жалғастыратын көптеген шәкірттер тәрбиелеп шығарды. Тывалықтар үшін кулузун хомус - негізгі ұлт аспабы. Үйғырдың дутар, най, сатар, тамбир қатарлы аспаптары өзбектің дутар, ауған түркілерінің тар, тәжіктің дутор қатарлы аспаптарымен үқсас болып келеді. Мукамшы Низам Кибиров үйғыр халқының сата-тамбир аталатын қос аспабының сүйемелдеуімен халық мукамдарын шебер орындайтын атақгы музыкант болды. Үйғыр халқының көп сым ішекті халун (ханон) аспабы хақастың шатхан, якуттың ятыхан, жадыған, қазақгың жетіген, өзбектің чанг қатарлы аспаптарымен ұқсас. Түркияның Анатолия аймағына кең тараған үлттық баглама, джура, бозук, тамбур, т.б. аспаптары да Орта Азиялық түркі текті халықтардың аспаптарымен ұқсас, үндес болып келеді. Бұл аспаптарда ойнаудың көне дәстүрі ел ішіндегі Алеви, Бекташ секілді көне көз қариялардың қолданысы мен шеберлігі арқылы негізі салынды. Башқүрттарда Қурай байрамы аталатын мереке күнтізбеде үлттық мереке ретінде белгіленген және қурайшы музыканттардың музыка мерекесі ретінде аталып өтеді. Ал Қазақстанда көне аспаптарды насихаттауда Ел продюсерлік орталығының үйымдастыруымен жыл сайын Мәңгілік сарын аталатын дәстүрлі музыка фестивалі, Көне Тұран әуендері атты аспапты-музыка фестивалі аталып өтеді. Мұның бәрі түркі тілдес халықтардың дәстүрлі музыкалық аспаптарының кең көлемде насихатталуына, жаңадан анықталып табылған аспаптардың ғылыми зерттеу нысанасына айналып, аспаптану ғылымының көкжиегін кеңейтуге және орындаушылық ортада орнығуына әсер ететіні сөзсіз.
1981 жылы Алматы қаласында белгілі мәдениет және қоғам қайраткері, академик-ғалым Өзбекәлі Жәнібектің (1931-1997) тікелей бастамасымен Қазақтың халық музыка аспаптары музейі ұйымдастырылды. Мұнда қазақтың дәстүрлі музыкалық аспап-мұраларымен қоса Түркі халықтары- ның музыкалық аспаптары аталатын тұрақты қойылым көрме залы жұмыс істейді. Бүл арқылы жоғарыда айтылған түркі тілді халықтардың музыкалық аспаптарының көптеген үлгі-нұсқалары насихатталып отыр, бірқатар мұралар му - зей қорында сақталуда. Мұнда орналасқан мұралардың көпшілігі жоспарлы түрде жинақталса, қайсыбірі алыс- беріс сапарлардан, әр елдің үкімет басшылары мен өнер қайраткерлерінің және Қазақстанда оқитын шетелдік студент жастардың сыйға әкелуімен жинақталды. Мұның өзі туыстас түркі текті халықгардың ежелгі тарихын, өнерін, аспапты музыка мәдениетін, аспаптану ғылымын танып білуде аса зор ғылыми танымдық және тәрбиелік рөл атқаруда. Қазіргі кезде түркі тілдес халықтардың аймақтық, жер- су, қазба байлықтарына, экономикасы мен қоғамдық-саяси ахуалдарына ғана емес, сонымен қоса рухани-мәдени өнері саласындағы ерекшеліктеріне, тілдік атаулар қолданыстарына да барынша көңіл аударыла түсуде. Бұл - бүгінгі таңда өз алдына мемлекет атанып, тәуелсіз ел жағдайына көшкен түркі жұрттарының өз ата тарихын білу мен орнықтыруға деген өмір қажеттілігін аңғартады.
Ежелгі тайпалардың негізінен аңшылықпен айналысқаны белгілі. Олар аңға шаққанда пырғы, амырғы, авырғы, эдиски, сымысха, хомыс және басқа аспаптарды пайдаланған. Бұл аспаптар алтайлықтарда, хакастар мен тувалдықтарда күні бүгінге дейін сақталып отыр, өйткені оларда аңшылықпен айналысу кәсібі қазір де экономикалық маңызды саласы болып табылады. Шертіп ойналатын аспаптың бірі-арфаның алғашқы түрі садаққа ұқсас болып келген. Варган (шаңқобыз) тектес сым тілшелі аспап, флейта тектес үрлеп тартылатын аспап, қобыз тектес қияқпен ойналатын аспап, барабан, бубен тектес ұрып ойналатын аспап т.б. бұрын халықтарда болған, оларда қазір де бар. Көптеген халықтарда жекелеген кейбір аспаптардың кең тарағаны байқалады. Мысалы, өзбектердің, азербайжандардың, ұйғарлардың, музыкалық аспаптары, парсы және араб аспаптарымен, тувалдықтардікі моңғол аспаптарымен біршама ұқсас келеді. Өзбек пен ұйғырлардың аспаптарының аталуы да, жасалуы да араб, иран аспаптарына ұқсайды (ауған аспаптары-тамбур, дамбура, дотар, рабаб, дойра, чанг). Нақ осындай, тува аспабы-лимби, буикуур, бурээ, чанзы, кеигирге, шан моңғол аспаптарынан аумайды. Сөйтсе де, сырттан келген аспаптар жергілікті халықтың бұрынғы өз аспаптарын ығыстырмақ емес. Мысалы, Өзбекстанда бақташылардың үрлеп тартатын қошнай (қазақтың, қоссырнайына ұқсас жіңішке екі түітікті біріктіре жасалған), қазақтың сыбызғысына ұқсас чупон най немесе гажир най намыс сырнайына ұқсас. Ескі Қазан маңындағы қазбалардан (XIII-XV ғасырлар) төрт тесігі бар балшық ысқырғыш және ені 0,7 см, ұзындығы 7 см, қырналған, қаз сүйегі табылған. Балшық ысқырғыштың, балшықтан жасалған саз сырнай және үскірік сияқты аспаптардың ұқсастығы бар. Саз сырнай Шымкент облысындағы орта ғасырлық Отырар қаласының орнын қазғанда табылған болатын. Түркі тілдес халықтардың музыкалық аспаптарының пайда болу, шыққан тегі бір. Ежелгі түрік жазу-сызуларында аттары аталатын кейбір аспаптар түркі тілдес халықтарда күні бүгінде, кездеседі. Бұлар-сырнай, чан, жетіген, накара, шаңқобыз, сыбызғы, дабыл, керней, абырға. О баста, бір нұсқадан шыққан музыкалық аспаптар кейін келе, әрбір халықтың өзіне тән ерекшелігімен көптеген өзгерістерге ұшырай отырып дамыған. Өркениет- белгілі бір ұлттың,этностың рухтық мәдениеттерінің ұзақ мерзімді тарихи дамуының нәтижесі.Бір немесе бірнеше ірі этностардың (халықтардың) этногдемократиялық мәдени әлеуметтік бірлігіне негізделген өркениет ауқымы бірде есіліп-көсіліп, бірде тарылып-қысылып дамығанмен, оның өзегінің негізі тұрақты болады. Қырғыз халықтарының музыкалық аспаптары: қомыз, қыл қияқ, жығаш, ооз қомыз, темір қомыз, гоор, сырнай, керней, добулпаз, доор. Қырғыз халықының арасында кеңінен таралған ұлттық аспабы қомуз - үш ішекті музыкалық аспап. Халық арасында кездесетін ертедегі аңыз бойынша қомузды Қамбар атты аңшы жасаған десе-ді. Қырғыздар бірде-бір мерекелерін, іс-шараларын қомуз аспабынсыз өткізбеген. Түркмен музыкалық аспаптары: дутар, гиджак,тюйдук , дилли - тюйдук,гопуз. Тәжік музыкалылық аспаптары: рубаб , танбур , дутар,думбрак , най , карнай, сурнай,чанг, таблак, нагара, дойра, кайрак, зонг, сетор, пангар,бланзиком, даф, тутак. Тунур, орба сияқты аспаптар Сібірді мекендейтін түркі тілдес халықтарда бақсылар арасында ғана сақталған.Ежелгі тайпалардың негізінен аңшылықпен айналысқаны белгілі. Олар аңға шыққанда пырғы, амырғы, авырғы, эдиски, сымысха, хомыс және басқа аспаптарды пайдаланған. Бұл аспаптар алтайлықтарда, хакастар мен тувалықтарда күні бүгінге дейін сақталып отыр, өйткені оларда аңшылықпен айналысу кәсібі қазір де экономикалық маңызды саласы болап табылады.
Түркі тілдес тайпалар арасында үрлеп және ұрып ойналатын аспаптармен бірге ішекті, тілді және сілку арқылы дыбыс шығаратын аспаптар да қолданылған . Кейбір мәліметтерге қарап бұлардың қай топқа жататынын анықтауға болады. Көне аспаптардың көптеген аттары YІІ - ХІІ ғасырлардағы ежелгі түркі жазу-сызулары ескерткіштерінде кезеседі. Мысалы, Жүсіп Баласағұнның Қалай бақытты болу жайындағы ғылым деп аталатын этика-дидактикалық поэмасында (ХІ ғасыр) былай делінген: күн күркіреді бұл қарауыл барабанның даусы немесе Сутренің Алтынша жылтырауында: ілім барабанын ұрып қалып , ілім трубасын үрлеп деп келеді. Қарауыл барабанын, ілім барабаны немесе ілім трубасы деген аттарына қарап - ақ бұл аспаптардың қандай мақсатта қолданылғанын аңғаруға болады.Мұндай сөздер басқа да көптеген жазу-сызу ескерткіштерінен кездеседі. Соларға қарап, сыбызғы, сырнай, карнай, керней,бырғу, абырға,чан,чанг,лютня,қобыз, дабыл сияқты музыкалық аспаптар түркі тілді тайпаларында болғанын аңғару қиын емес. Аспаптардың кейбір атаулары ортақ: қубыз, комуз, комус,хомус,хомыс, қобыз. Бұл мысалдан айқын көретініміз, аталған аспаптардың түрлерімен ғана емес, сондай-ақ үні жағынан да бір-бірінен өзгеше болып келетін аспаптардың о бастағы атаулары бірдей болған. Ұрып ойналатын аспаптар ішінен ежелгі жазу-сызу ескерткіштерінде бәрінен де барабан мен бубен тәрізді аспаптар жиі аталады. Ежелгі ұйғыр жазу-сызу ескерткіштерінде арфа аспабы кеңінен аталынған . Шертіп ойналатын аспаптың бірі - арфаның алғашқы түрі садаққа ұқсас болып келген. Варган (шаңқобыз) тектес сым тілшілі аспап, флейта тектес үрлеп тартылатын аспап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азияның ортағасырлық мәдениеті
Мектептегі музыка сабағында ұлттық музыканы игеру мәселелері
Қазақ мәдениеті. Қазақ мәдениетінің бастаулары
Ұлттық аспаптар
Хакасия
Қобыз күйлері
Музыкалық аспаптардың тарихы
Қазақ музыка өнері
Мұхаммед Хайдар Дулати-өмірбаяны
Қазақстан мен Түркия арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық
Пәндер