Қазақ тарихына қосқан үлесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ТАРАУ. А.Е. АЛЕКТОРОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
0.1. А.Е. Алекторовтың ғылыми зерттеу қызметі ... ... ... ...
0.2. Қазақ тарихына қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 ТАРАУ. А.Е. АЛЕКТОРОВ ЕҢБЕКТЕРІНЕ ТАРИХНАМАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРЕКНАМАЛЫҚ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .
2.1. А.Е. Алекторовтың этнографиялық еңбектері
2.2. А.Е. Алекторовтың педагогикалық еңбегін тарихы
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан өз тарихында күрделі бет-бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр [1, 7б.]. Қазақ халқының жүріп өткен жолын тануда және оны ұлттық негізде қайта зерделеуге соңғы уақытта көптеп көңіл бөлінуде. Қазақ тарихы тәуелсіздік алғаннан бері жаңа ғылыми зерттеулер жарық көріп, зерттелмеген тақырыптар жарыққа қайта шықты. Ал, қазақ халқының тарихын, этнографиясын және әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтерді осыдан екі-үш ғасыр бұрын басталған экспедициялар мен географиялық зерттеулер нәтижесінен біле аламыз. Бұл жұмыстар қазақ даласына көз тіккен патша үкіметінің саясаты аясында жүзеге асырылды.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметінің Қазақстанның Орталық, Шығыс және Батысындағы табиғи байлықтарға қызығушылығы күшейе бастады. Мұндай тарихи-географиялық зерттеу жұмыстарына ХІХ ғасырдағы Ресейдің көрнекті ғалымдары бастап барды. Ф.Ф. Берг, Г.С. Карелин, Н.И. Потанин, П.С. Савальев, Я.В. Ханыков, А.Е. Алекторов, А.П. Пыпин және т.б. ғалымдар зерттеу жұмыстарына сүбелі үлес қосты. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Ресей ғалымдары арасында ғылыми сын одан әрі дами түсті [2, 3б.]. Солардың қатарында Орынбор және Астрахань губерниялық мұрағаттық комиссиясының мүшесі болған А.Е. Алекторов жергілікті орталық баспаханада қазақ тарихына, географиясына, этнографиясына арналған мақалаларды жариялап, артына мол ғылыми мұра қалдырды. Сонымен қатар А.Е. Алекторов қазақ тарихына қатысты зерттеулерде жіберілген кемшіліктерді толықтырып, қате пікірлерге қарсы өз сынын айтып, бағасын берді. Осыдан-ақ оның қазақ тарихын зерттеуде зор үлес қосқан тұлға екені аңғарылады.
А.Е. Алекторов қазақ халқының мәдениеті мен тарихына терең бойлай әрі зейін сала отырып, тарихи және этнографиялық материалдарды ғылыми айналымға түсірген, жарияланым мен фольклористикада терең із қалдырған мәдениет қайраткері. Славян және түркі халықтарының ортақ тарихи ойлары, Еуразия жазығында тіршілік еткен халықтардың рухани туыстығы мен өзара қызығушылықтары А.Е. Алекторовтың тарих, этнография, фольклор, лингвистика, экономика, ағартушылық саласындағы еңбектері бүгінде тарихи бағалы мұра.
А.Е. Алекторовтың еңбектерінде қазақ даласының тарихи-этнографиялық әдет-ғұрыптары жайында мақалалары өте көп. Зерттеуші ретінде Ақмола, Семей және Қазақстанның Батыс аймақтарын аралап, кейіннен саяхатта көрген оқиғалары мен қызықты мәселелерді жинақтап, кітап етіп шығарады. Оның басқа зерттеушілерден айырмашылығы жазған кітаптарының көпшілігі қазақ даласына саяхаттап барғаннан кейін ғана жазылған.
Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері. Қазақ даласында ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында тарихи-этнографиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген А.Е Алекторовтың қызметіне баға беріп, оның қазақ тарихын зерттеудегі үлесін анықтау. Ғалымның келтірген мәліметтеріне шолу жасап, талдау. Оның негізгі еңбектері Указатель книг, журнальных и газетных статей о киргизах, Қырғыздар сияқты көлемді еңбектерге баға беру және тарихнамалық, дерекнамалық негіздеде шолу жасау. Аталған мақсаттарға орай зерттеу жұмысына келесідей міндеттер қойылады:
А.Е. Алекторовтың ғылыми ізденіс жолына баға беру;
А.Е. Алекторовтың көлемді еңбектеріне тарихнамалық және дерекнамалық талдау жасау;
А.Е. Алекторовтың қазақ тарихына қосқан үлесін ашып көрсету
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыпты зерттеу барысында А.Е Алекторовтың еңбектері, ғылыми мақалалары және сол ғалымға қатысты мәліметтер беретін мақалалар мен еңбектер қолданылды.
А.Е. Алекторовтың ғылыми зерттеу жұмысына педагогикалық және ағартушылық деңгейде көптеп зерттелген. Солардың бір қатары Д.Д Сулеменовтің. Научная деятельность А.Е. Алекторова деген еңбек [3]. Бұл еңбекте ғалымның ғылыми-педогогикалық қызметі баяндалып, терең сипатталған. А.Е. Алекторовтың ғылыми-педогогикалық қызметін қазақтың ағартушы ғалымы, қоғам қайраткері Ғабит Мүсірепов өте ерекше бағалап, оның еңбегіне қатысты өзінің оң пікірін жазады. Ғ.Мүсірепов А.Е. Алекторовқа қазақ халқы қарыздар деген атпен мақала жазып шығады [3]. Оның қазақ даласындағы ғылыми еңбегіне қатысты тағы бір мақала Г.Байқадамованың ғылыми ізденісінде жарияланған. Ол А.Е. Алекторов және қазақ зиялылары деген атаумен жарық көрген [5]. Ал Шинтемирова Б.Г. мен Адельбаева Н.А. Казахстан в дореволюционных исследованиях атты ғылыми мақаласында А.Е. Алекторовтың Қазан революциясына дейінгі қазақ даласында атқарған ғылыми жұмысына баға берілген [6]. Ананьева С.В. А.Е. Алекторов туралы Вопросы этнографии, истории, фольклора казахского народа в трудах А.Е.Алекторова [7], Географический очерк Оренбургской губернии как А.Е. Алекторова как литературный источник по истории казахского народа[8] атты мақаласын жазды. А.Е. Алекторовтың ғылыми жұмысын өте жоғары ғылыми деңгейде жазып, докторлық диссертация қорғаған Р.С. Буктуганова болды. Оның тақырыбы Общественное движение в степном крае в к. - ХІХ - и нач. ХХ вв. [9]. Айтмуханбетов А.А. Народное образование и формиравание казахской интеллигенции северо-западного Казахстана во второй половине ХІХ - начале ХХ вв. [10] тақырыбында диссертациясын қорғап, онда А.Е. Алекторовтың ғылыми жұмысына баға береді. А.Е. Алекторовтың Орынбор ғылыми мұрағатында атқарған еңбегі туралы Ахметова Ұ.Т. Ахметова Ұ.Т. Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясы (1887-1918 жж.). Монография ғылыми монографиясында баяндайды [11]. ҚР Білім және ғылым министрлігі аясында 2012-2014 жылдарға арналған Ғылыми қазына нысанды бағдарламасына орай Классикалық зерттеулер атты фольклортану, этнографиялық еңбектер жарық көріп, соның 13-ші томында А.Е. Алекторовтың Указатель книг, журнальных и газетных статей и заметок о киргизах еңбегіне талдау жасалынған [12].
Тақырыптың дерекнамалық базасы. Бұл дипломдық жұмыстың дерекнамалық базасы А.Е. Алекторовтың жазып қалдырған негізгі еңбектері мен қатар мақалалары болып табылады. Жұмысты зерттеу барысында интернет ресурстарындағы қосымша ақпараттарда қолданылды. Атап айтқанда Указатель книг, журнальных и газетных статей и заметок о киргизах [13], Инородцы в России [14], Киргизская хрестоматия[15], Известия Оренбургского отдела императорского русского географического общества [16], История Оренбургской губернии [17] Письменная литература киргизов [18] еңбектері қолданылды.
Тақырыптың зерттелу территориясы. Бұл зерттеу жұмысында А.Е.Алекторовтың Қазақстанның батыс, орталық, шығыс аймақтарына қатысты жазған еңбектерін қолдандық. Сондықтан зерттеу территориясы аталған аймақтарды қамтиды. Мысалға, А.Е. Алекторовтың Торғай облысының халық оқу-ағарту саласының очеркі, Из истории развития образования среди киргизов Акмолинской и Семипалатинской областей сияқты іргелі еңбектері қолданылды.
Тақырыптың зерттеу хронологиясы. Зерттеу хронологиясы ХІХ ғасырдың соңғы 80-90 жылдарынан, ХХ ғасырдың 15-ші жылдарына дейінгі аралықты қамтиды. Себебі, А.Е.Алекторов өзінің ғылыми жұмысын осы аралықта бастап, қазақ даласында қызмет етеді.
Жұмыстың зерттеу объектісі. Жұмыстың зерттеу объектісі ретінде тарихшы әрі этнограф А.Е.Алекторовтың қазақ далалырын зерттеу туралы еңбектері.
Дипломның құрылымы. Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымша материалдардан тұрады. Бірінші тарау А.Е. Алекторовтың ғылыми қызметі және қазақ тарихына қосқан үлесі деп аталады. Бұл тарауда оның ғылыми зерттеу жұмыстары мен қызметі, қазақ тарыхын зерттеудегі ролі баяндалады. Ал екінші тараудың аты А.Е. Алекторовтың еңбектеріне тарихнамалық және дерекнамалық талдау. Бұл тарауда ғалымның қазақ тарихына қатысты еңбектеріне тарихнамалық және деренамалқ шолу жасалынады. Атап айтқанда тарихи-этнографиялық еңбектері талданады.

А.Е. АЛЕКТОРОВТЫҢ ТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
А.Е. Алекторовтың зерттеу қызметі
Ұлан-ғайыр аймақты иемденген халқымыз өзінің жүріп өткен жолында көптеген оқиғалар мен күрделі кезеңдерді басынан кешірді. Осындай кездерде халқымыздың тарихына қатысты көптеген тарихшылар қалам тартып, артына баға жетпес мұралар қалдырып кетті. Өз халқымыздың тарихын зерттеу мақсаты аясында елімізде 1998 жыл президенттің жарлығымен Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы деп жарияланды.
Біздің тарихымызға қатысты еңбектер орыс, қытай, түрік және басқа да тілдерде кездескенмен, жеріміздің байлығына қызығып отарлау саясатын жүзеге асырған патшалық Ресейдің ролі орасан зор. Осыған байланысты орыс зерттеушілерінің өткен ғасырдардағы Қазақстанды зерттеулерін тарихнамалық деңгейде сараптау аса маңызды. Бұл мақсатта ХVІІІ-ХХ ғасыр бас кезеңіндегі Қазақстанды зерттеген ғылыми қоғамдар мен мекемелер: тарихы, зерттеу бағыттары және маңызы атты жоба тақырыбы аясында үш жылға арналған зерттеу жұмыстары қолға алынды. Сол зерттеу институттары мен қоғамдарында қызмет еткен, қазақ даласында зерттеу жүргізген А.Е. Алекторовтың орны ерекше. Оның тарихи-этнографиялық кітаптарынан-ақ бізге жетпей қалған және атауы бейтаныс қазақы дәстүрлер мен ырым-тыйымдар, ойындардың бірнешеуін атап өтіп, нақты сипаттап жазады.
А.Е. Алекторов (1861-1918) - белгілі шығыстанушы, этнограф, тарихшы, ғылыми-ағартушы. Ол жастайынан ғылымға ерте араласып, Қазандағы Императорлық университеттің археология, тарих және этнография қоғамының, Орынбор және Астрахань ғылыми мұрағаттық комиссиясының мүшесі болды. Александр Ефимович Алекторов өзінің ғылыми жұмысын Қазақ даласынан бастайды. Ол он жеті жыл бойы қазақ халқының тарихын, этнографиясына қатысты ғылыми-тарихи, әдеби жанрдағы еңбектер мен мақалалар жазды. Оның тағы бір қызметі қазақтарға қатысты болған барлық тарихи-этнографиялық мәліметтерді бір кітап қылып жариялады. Ол онда өзінің де ғылыми зерттеу жұмыстарын жариялады. А.Е.Алекторов сол заманда-ақ патшалық Ресейдегі беделді басылымдарда, газет-журналдарда мақалалар жазды. Ол негізінен қазақ және башқұрт халықтарының этнографиясын, фальклорын және тарихын ерекше зерттеді.
Танымал орыс тарихшы, этногроф, педагог ғалымдарының ішінен ХІХ ғасырдың екінші жартысында А.Е. Алекторовтың еңбегі айқын көрініп тұрды [12, 5 б.]. Оның еңбектері мен жазған мақалаларын Известия, Труд секілді танымал газет-журналдарда ғылыми ортаның білгірлері А.А. Диваев, А.И. Добросмыслов, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейде жарық көретін Наука Сибири мерзімді басылымының 1990 жылғы
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Төлеген Тәжібаевтың қоғамдық - саяси қызметі және ғылыми мұрасы
Отандық тарих ғылымында Зәки Уәлиди Тоғанның мұраларына түркі халықтары тарихының дерек көзі ретінде қарауды қолға алған дұрыс
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектері туралы ақпарат
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
М. Әуезовтың қазақ әдебиеті тарихына қосқан үлесі
Жүсіпбек Аймауытовтың психология ғылымына қосқан үлесі
Ұлы математиктердің өмір жолы. Математиканың дамуына қосқан үлестері
Ə. Н. Бөкейхановтың қазақстан тарихын зерттеуге қосқан үлесі
Пәндер