Қос қолды пышақ


Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер берілген:
- Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру. Егемен Қазақстан. - 2017. - № 79. - Б. 2-3;
- Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) 2007 жылғы 27 шілдеде № 319-ІІІ бұйрығы бойынша (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының сәйкес 2017 жылғы 11 шілдеде өзгертіліп толықтырылды;
- Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2018 жылгы 31 - қазандағы № 604 бұйрығымен сәйкес әзірленген;
- Оқу пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы «Көркем еңбек» орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныбына арналған Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің м. а. 2017 жылғы 25 қазандағы №545 бұйрығымен бекітілді.
Анықтамалар
Бұл дипломдық жұмыста келесі анықтамалар қолданылады:
ағаш балға - қашалып жасалынатын бұйымдардың ішін ою үшін, қашауды соққылауда қолданылады. Темір балға қашаудың сабын істен шығарады.
ауыспалы жүзді әшекей пышақ - ағаштарға ою-өрнектер түсіру үшін қолданылады;
балға - ағаш өңдеуге қажетті құрал;
балта - ағаш бұйымдарының тұтас тұлғасын шауып жасауға өте ыңғайлы және негізгі құрал;
бірізділік - жасалатын заттың немесе жұмыстың жүйесі;
білім - адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т. б. жиынтығы;
бір жүзді пышақ - жүзі бір жағына қарай қиғаштап жүздейтін құрал;
дағды - алғашқыда құралдың саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуы;
интеллектуалдық дағды - белгілі бір сыныпқа кіретін есептер мен тапсырмаларды шешудің таптаурын тәсілдері;
қозғалыстық дағды - таптаурын әрекеттер, жақсы қойылған қимыл-қозғалыстардың жүйесі;
дизайн - ағылшын тілінен аударғанда жобалау, сызу, ойлап табу, сондай ақ жоба, сызба, суре деген мағынаны білдіреді;
егеулер - егеулер ірі тісті, күрделі тісті, орташа тісті және ұсақ тісті болып келетін құралдар;
жартылай екі жүзді пышақ - ағашты жону үшін қолданылады;
жасанды циркуль пышақ - циркульді пышақ болмаған жағдайда қолданылатын, қолдан жасалған пышақ;
қашаулар - үлкен, орташа, жартылай орташа және өтпелі тесіктерді жасауға арналған құрал;
кескіш пышақтар - бір жағы біркелкі жүзделген, ұшы өткір құралдарды кескіш пышақтар деп атайды.
көркем еңбек сабақтары - оқушыларға кең көлемде білім бере отырып, олардың қабілеттерін жетілдіре түсуге, белгілі бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі;
қос қолды пышақ - ағаш өңдеу кезінде көбінесе діңнің қабығын аршуға қолданылады;
мұғалім - болашақ ұрпақты қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сал мақсаттары орындайтын адамдарды қамтамас ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелейтін маман;
оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін;
ойшық жерлерді тегістеуге арналған пышақ - ою-өрнектер түсірілген ағаштардың бетін тегістеуге өте ыңғайлы құрал;
перцептивті дағды - жақсы таныс заттардың тану белгілерінің бірмезгілдік, таптаурын бейнелеуі;
сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты, мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі;
скальпельдер - шабылған ағаш бұйымдарының бетіне, сырт көрінісіне ою-өрнек салу үшін қолданылатын құрал;
темір кесегі араның жүзінен жасалған пышақ - мұның бір жағы ғана қайралатын құрал;
шығармашылық - бұл жекелеген мотивациялық құрылым арқылы берілетін ақыл ой жемісі, ол жеке тұлғаның бойындағы білім мен ептілік, қызығушылық қабілеттерінің әсерінен туындайтын маңызды нәтиже.
шаппа шоттар - ағаш бұйымдарының формасын шығарып, тегістеу үшін қолданылатын құрал;
ыңғырулар - нақтылы өлшемі жоқ, әр шебердің өз ыңғайына қарай жасалынатын құрал;
циркульді пышақ - музыка аспаптарының қақпағындағы үнді тесігін жасауға арналған құрал.
Белгілеулер мен қысқартулар
Бұл дипломдық жұмыста келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылады:
АЖТ - ағаш-жаңқалы тақта;
АКТ - ақпараттық - коммуникациялық технологиялар;
б - бет;
ҚР МЖМС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
ҚР - Қазақстан Республикасы;
ҚРМЖМББС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
м - метр;
М10 - М20 - зімпара қағазының қалыңдықтары;
М28- М40 - зімпара қағазының қалыңдықтары;
СҚӨ - сәндік қолданбалы өнер;
т. б. - тағы басқа;
т. с. с - тағы сол сияқты;
см - сантиметр;
ТҚЕ - техника қауіпсіздік ережелері;
ТП -40 - ағаш өңдейтін токрлы станок
м - метр;
мм - миллиметр;
см - сантиметр.
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі: Мемлекет басшысының 2017 жылдың 12 сәуірінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек . . . Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу» - делінген [1] .
Бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнерін қайта жаңғыртып, - тәрбие беру мүмкіндіктерін пайдалануға зор көңіл бөлінуде. Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігі мен кәсіби шеберлігіне байланысты [9] .
Ұлттық тәрбиелік мәні көптеген ғылыми - педагогикалық еңбектерге арқау болып келеді. Жалпы білім беретін орта мектептің оқу - тәрбие процесінде ұлттық қолданбалы өнер дәстүрлерін пайдалану негізінде педагог - ғалымдар Б. Әлмұхамбетов, Ж. Балкенов, Ә. Қамақов, О. Сатқанов және т. б. оқушылардың дүниетанымдық қабілеттерін, шығармашылық іс-әрекетінің түрлері мен әдістерін, дағдылары мен қызығушылығын қалыптастырудың кезеңдерін терең қарастырған [9] .
Ғылыми әдебиеттерге және жоғары оқу орындарыны, қол өнер мамандығы бағдарламаларына жүргізілген талдаулар мен тәжірибелі маман педагогтардың пікір көзқарастары бұл проблеманың толық зерттелмегендігін дәлелдейді.
Мұндай жағдай білім алушыларды өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрыптары мен ұлттық өнер дәстүрлерімен таныстырып, ұлттық өнерге баулу қажеттілігін тудырады.
Осыған байланысты қазіргі білім берудің көкейкесті міндеті - көркем еңбек сабағында оқушыларды материалдарды қол құралдарымен өңдеу барысында оқушылардың дағдыларын қалыптастыру, дамыту, шығармашылық іс-әрекетті жүзеге асыруға дайындау болып табылады.
Осы орайда мектеп қабырғасында «Көркем еңбек» пәнінің алар орны ерекше. Себебі, бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасап, дағдыларын дамытып, қалыптастырады.
Оқушыларға қол еңбегін үйрету арқылы, қол құралдармен жұмыс жасау барысында олардың пәнге деген қызығушылықтарын, шығармашылық еңбекке деген сүйіспеншілігін, эстетикалық тәрбиесін, дағдыларын қалыптастыру әр мұғалімнің кәсіби міндеті болып табылады.
Осы жоғарыда айтылған мәселелерді ескере отырып, дипломдық жұмыстың тақырыбын « Көркем еңбек» сабағында бұйым дайындау үшін материалдарды қол құралдарымен өңдеу » деп таңдауға себеп болды.
Мақсаты: Көркем еңбек» сабағында оқушылардың дағдыларын дамытуды теориялық негіздеу және оқушыларға терезеге жиектеме дайындау технологиясын ұсыну.
Нысаны : Көркем еңбек білім беру саласындағы сабақтарды ұйымдастыру үдерісі.
Пәні : Ағаш материалынан терезеге жиектеме дайындау технологиясы.
Міндеттері:
- Көркем еңбек сабақтарында білім беру мазмұнының жаңаруы жағдайында оқытудың теориялық негіздерін қарастыру;
- Көркем еңбек сабақтарындағы терезеге жиектеме жасау технологиясын дайындау;
- 5 сыныпта «Сәндік қолданбалы шығармашылық» бөлімінің көркем еңбек сабақтарын ұйымдастыруды құрастыру.
Дипломдық жұмыс нормативтік сілтемелерден, анықтамалардан, белгілер мен қысқартулардан, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың көлемі: 65 бет, 4 кесте, 13 сурет.
1 «Көркем еңбек» сабағында оқушылардың дағдыларын дамытудың теориялық негізі
1. 1 Дағдыға жалпы сипаттама
Дағды - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту процесінде, әсіресе, жалпы оқу дағдыларын, пәнаралық мәндегі, жазу дағдыларын қалыптастыру қажет.
Дағды - алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды. Дағды санасыз қайталау нәтижесінде де қалыптасатын іс-әрекет болуы мүмкін. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі - динамикалық стереотип. Мысалы, алғаш жазып үйрене бастаған бала бастапқы кезде өзінің барлық қозғалыстарын санасымен бақылап, көптеген артық қимылдар жасайды (оның бет әлпеті, бүкіл денесі, аяқ-қолы бір мақсатқа бағытталады), біраз қиналады. Ал жазуға төселген адам өз қозғалыстарын байқамайды, оның орнына жазған нәрсесінің мазмұнына ерекше зейінін бөледі. Өйткені, соңғыда жазу дағдысы автоматталынған. Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері (құрамдары) ғана автоматталынады [16] .
Дамыған дағдылардың кейбір белгілері:
- дағды алудың белгісі - әртүрлі амалды тез орындап, шапшаң қимылдау (мысалы, спорттық ойындардағы спортсменнің дағдысы) ;
- дағды қалыптасқаннан кейін күштеніп, зорланып, қиналып істеу жойылады (мысалы, инеге жіпті жылдам сабақтай алмау, жазуға төселмей тұрғандағы балада байқалатын ебедейсіздік т. б. адамда әлі де дағдының жоқтығының белгісі) ;
- дағдыланудың үшінші белгісі - бірқатар жеке амалдарды біріктіріп, одан тұтас бір амал жасай алу. Мысалы, бала алғаш әріпті танығанда, сөздерді әріпке, буынға, тұтас сөзге бөледі, кейін осыдан сөйлем құрайды. Сөйтіп, жаттыға келе бұлай кібіртіктеп отырмайды, сөйлемдерді шапшаң оқитын болады;
- көзбен бақылаудың маңызы кеміп, қозғалыс пен бақылаудың маңызы артады (мысалы, жазу дағдысы баланың қозғалыс түйсіктерінің жетіле түсуін қажет етеді, тәжірибелі машинистка да қағаз басуда көздің көмегіне сүйенбей, саусақтардың қимыл-қозғалыстарына ерекше көңіл бөледі) ;
- дағдыға машықтану үшін алдын ала қабылдай алу қабілетінің болуы, мысалы, машинистка мәтінді көшіргенде, әрдайым оның көзі алға жүгіріп, қолынан озып кетіп отырады. Қолы бір сөзді басқан кезде, оның ойында бірер сөз әзір тұрады. Мәнерлеп оқуда да көз бірер сөздің көлемінде болмай, тұтас сөйлемді, тіпті бірнеше сөйлемді қамтиды. Адам мәтіннің мағынасын түсінумен қатар алдағы сөздердің мағынасын да аңғара алады. Мұны психологияда дағдының антиципациясы (латынша антиципатио деген сөзі, қазақша күні бұрын біліп қою деген мағынаны білдіреді) .
Дағды адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңызды орын алады. Дағдының арқасында біздің санамыз қызметтің түпкілікті, шешуші кезеңдеріне жұмылдырылып табысты болуын қамтамасыз етеді. Дағдылар сенсорлық (тікелей қабылдау) және интеллектілік дағдылар болып бөлінеді. Дағды - көп рет қайталаулар арқылы автономды орындалуға бейімделген іс-әрекет. Дағды - бірнеше рет қайталаулардың нәтижесінде пайда болған және оның саналы қадағалауының қысқартылуымен сипатталатын жеке әрекеттер - операцияларды орындаудың таптаурын тәсілі. Дағды бірнеше түрлері бар: перцептивті, интеллектуалдық, қозғалыс және мінез-құлық дағдылары.
Перцептивті дағды - жақсы таныс заттардың тану белгілерінің бірмезгілдік, таптаурын бейнелеуі.
Интеллектуалдық дағды - белгілі бір сыныпқа кіретін есептер мен тапсырмаларды шешудің таптаурын тәсілдері.
Қозғалыстық дағды - таптаурын әрекеттер, жақсы қойылған қимыл-қозғалыстардың жүйесі. Қозғалыс дағдыларына әрекеттің әдетті құралдарын таптаурын түрде пайдалану да кіреді.
Дағды әр түрлі дәрежедегі жалпылаумен - олардың әр түрлі жағдаяттарды қамтумен, икемділікпен, тез жүзеге асырылуға даярлықпен сипатталады. Дағды деңгейіндегі әрекеттер оның кейбір реттеу компоненттерінің көрінбеуімен (болмауымен) ерекшеленеді. Осылайша, мысалы, жазу дағдысында оны қалай орындау жөнінде ойлаудың қажеттілігі болмайды. Сондықтан көптеген үйреншікті әрекеттер адаммен автоматизацияланады да, адамның саналы іс-әрекетіне күш түсірмейді. Ал оны басқа едәуір күрделі міндеттерді орындауға бағыттайды.
Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дагдылеп атайды. Мәселен, алғаш жазып үйрене бастаған бала бастапқы кезде өзінің барлық қозғалыстарын саиасымен бақылап, көптеген артық қимылдар жасайды (оның бет әлпеті, бүкіл денесі, аяқ-қолы бір мақсатқа бағытталады), терлеп-тепшіп қиналады. Ал жазуға төселген адам өз қозғалыстарын байқамайды, оның орнына жазған нәрсесінің мазмүнына ерекше көңіл бөледі. Өйткені соңғыда жазу дағдысы автоматталған. Дағдылануда іс-әрекеттің түтас өзі емес, жеке компоненттері (құрамдары) автоматталынады.
Дамуы шегіне жеткізілген дағдылардан мына төмендегідей белгілерді байқауға болады:
- дағды алудың белгісі - әр түрлі амалды тез орындап, шапшаң қимылдау (мәселен, турникке ойнаған спортсменнің дағдысы) ;
- дағды қалыптасқаннан кейін күштеніп, зорланып, қиналып істеу жойылады (мәселен, инеге жіпті жылдам сабақтай алмау, жазуға төселмей түрғандағы балада байқалатын ебдейсіздік т. б. адамда әлі де дағдының жоқтығының белгісі) ;
- дағдыланудың үшінші белгісі - бірқатар жеке амалдарды біріктіріп, одан түтас бір амал жасай алу. Мәселен, бала алғаш әріпті танығанда, сөздерді өріпке, буынға, түтас сөзге бөледі, кейін осыдан сөйлем құрайды. Сөйтіп, жаттыға келе бұлай кібіртіктеп отырмайды, сөйлемдерді шапшаң оқитын болады [27] .
«Сауаты ашылған адам, - деп жазды А. Байтұрсынов (1873-1937), - жазылған я басылған сөзді әрпіне қарап оқымайды, бүтін тұрған суретін танып оқиды . . . Неғұрлым сөз суреті көзге елеулірек болса, соғұрлым жылдам танып, шапшаң оқымақшы . . . Адам әріптерді бірі биік, бірі аласа, ұзын, бірі қысқа келіп, сөз әлпіне . . . ашық сурет береді. Бір жағынан онысы, екінші жағынан қойылатын қосымша белгілері сеп болып, сөз суретін көзге елеулі етіп, тез танытады, тез оқытады»:
- көзбен бақылаудың маңызы кеміп, қозғалыс пен бақылаудың маңызы артады (мәселен, жазу дағдысы баланың қозғалыс түйсіктерінің жетіле түсуін кажет етеді, тәжірибелі машинист маманы да қағаз басуда көздің көмегіне сүйенбей, саусақтардың қимыл-қозғалыстарына ерекше көңіл бөледі) ;
- дағдыға машықтану үшін алдын ала қабылдай алу қабілетінің болуы, мәселен, машинист маманы тексті көшіргенде, әрдайым оның көзі алға жүгіріп, қолынан озып кетіп отырады. Қолы бір сөзді басқан кезде, оның ойында бірер соз әзір түрады. Мәнерлеп оқуда да көз бірер сөздің көлемінде болмай, тұтас сөйлемді, тіпті бірнеше сөйлемді қамтиды. Адам мәтіннің мағынасын түсінумен қатар алдағы сөздердің мағынасын да аңғара алады. Мұны психологияда дағдының антиципациясы» - дейді.
Дағды адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңыз алады. Ол іске шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді. Дағдының арқасында біздің санамыз қызметтің түпкілікті, шешуші кезеңдеріне жұмылдырылады. Мұндай жұмыстың табысты болуы қамтамасыз етіледі. Іс-әрекетке жақсылап дағдылану арқылы адам өндіріс құралдарын, дене шынықтыру, спорт атрибуттарын, ақыл-ой жұмысын меңгеруде жақсы табыстарға жетеді. Адам, әсіресе, өзінің негізгі мамандығына, көп істес болатын нәрсесіне дағдыланса, бұдан біраз уақытын үнемдейді, күш-қуатын орынды пайдаланатын болады. Өндірістегі жұмысшылардың, инженерлер мен техниктердің шаруашылықтың сан-саласына күн сайын енгізіп жатқан ұсыныстары мен өнертапқыштығы, олардың еңбек дағдыларының өте-мөте жетілгендігін көрсетеді. Оқу дағдыларын жете меңгеру баланы оқуда озат оқушының қатарына алып келеді. Еліміздегі ғылыми-техникалық прогресс адамдарда жан-жақты білім болумен қатар жақсы дағдының болуын қажет ете түсетіні сөзсіз.
1. 2 Оқушылардың дағдыларын дамыту әдістері
Мектептегі оқу-тәрбие процесінің міндеті балаға тек білім беру емес, сонымен қатар, оны түрлі дағды - әдеттерге, бір нәрсені істеп үйренуге жаттыктыру болып табылады. К. Д. Ушинский дағды, әдеттердің тәрбие үдерісіне қатысы қандай екендігін былайша түсіндірген: «Әдеттер мен дағдыларды берік қалыптастырып, соның негізінде құрылатын тәрбиенің өз негізі де берік болмақ, бұлар тәрбиенің сипатына өзінің белгілі бір принципін енгізуге мүмкіндік береді». Бұрынғыдан гөрі жедел дамып отырған психология ғылымы қазіргі кезеңде білім негіздерін тиісті дағдыларсыз жақсы меңгеруге болмайтындығы анықталып отыр.
Дағды бірнеше түрге топтастырылады. Олардың бастылары: мектептік (кітап оқу, жазу, есептеу т. б. ), спорт (коньки тебу, футбол ойнау, күрес т. б. ), еңбек, түрлі мамандық (токарь, слесарь, әскери, дәрігерлік т. б. ) . Спорттық дағдыларды - қозғалыс, мектептік дағдыларды сенсорлық (тікелей қабылдау) және интеллектік дағдылар деп те атайды.
Дағдылардан икемділік ұғымын айыра білу қажет. Осы ұғымдардың мағынасы біріне-бірі өте жақын болғандықтан бүларды бірімен-бірін шатастырып алуға да болады. Икемділік дегеніміз - адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Мәселен, төменгі сынып оқушылары футбол ойнай алады, ойын ережелерін де біледі. Бірақ олардың ойнау дағдысы әлі жетілмеген. Ал нағыз футболшыда жақсы ойнай білу кемеліне келіп, дағдыға айналған мысал балада дағды болмағанмен, онда осы ойынға икемділіктің барлығын көрсетеді.
Икемділік түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, енді әріп элементтерін салып үйрене бастаған баланың икемділігі икемділіктің қарапайым түрі болып келсе, кейін жеке сөздерді, сөйлемдерді жазған кездегі икемділігі бұрынғысынан күрделірек болып келеді. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Икемділік - белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін практикада пайдалана алудың көрінісі болып табылады. Бірінші сынып оқушыларының жазу, оқу дағдыларын меңгеру дәрежесінің түрліше болып келетін себебі - икемділік дәрежесінің әр түрлілігінен деуге болады.
Икемділік білімнің амалға айналуы, ол саналы әрекетті қажет етеді, икемділік амалды жүзеге асырудың да тәсілі. Икемділік пен білім тығыз байланысып жатады. Оқушы орфографиялық ережелерді жаттап алғанмен, жазуда қате жіберіп қояды. Бұл оның білімі икемділігімен байланыспағаны. Дағды, білім және икемділік бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның үйрену тәсілінің жетіктігі оның дағдыға тезірек машықтануынан туған қажетті білімдерді тезірек меңгеруге жәрдемдеседі. Екінші жағынан, адамда дағды мен білімнің жетіспей жатуы оның икемділігінің арта түсуіне кедергі келтіреді. Бұл үшеуі бір-бірімен кері құрылымдастық қатынаста болып отырады [23] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz