Футбол добының параметрлері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Жан-жақты дамыған ізгілікті тұлғадан таза және рухани бай адам қалыптастыру мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Сондықтан да жасөспірімдердің дене бітімінің дамуы, дене даярлығы және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды мәселелері мемлекетіміздің, қоғам өкілдерінің тұрақты қамқорлығы аясынан табылады. Дене тәрбиесі саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыдан анықтап, қалыптасқан жағдайға жаңаша көзқараспен қарай отырып, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сай білім және тәрбие беру. Сонымен қатар жас ұрпақтың өркениетті қоғамда бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалай білетін адамгершілікті, имандылықты және ізгілік мінез - құлықты, іскер де, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті адамзат тәрбиелеу. Сондықтан да денені шынықтырудағы бала тәрбиесінде атқарар әлеуметтік ықпалы зор деп есептеймін.

Дайындалып отырған дипломдық жұмыстың ерекшеленетін айырмашылығы - 10 - 12 жас аралығындағы жасөспірім футболшылардың физикалық қасиеттерін дайындау ерекшеліктерін жүйелі талдауды қолдану болып табылады.

Ең жоғары физикалық жетілуге қол жеткізуге ұмтылу, кейбір туа біткен және жүре пайда болған дене кемшіліктерінен құтылу, дене жаттығуларын дұрыс және жүйелі пайдалану, әрі ең маңыздысы әрбір футболшының жас ерекшелігін ескере отырып, пайдалану арқылы болғанда ғана мүмкін. Жасөспірімдердің жас ерекшелігі дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Бүгінде еліміздің түкпір - түкпірінде, әрбір ауылдарда спорт алаңдары бой көтерді. Соның нәтижесінде салынған футбол алаңдары да жасөспірімдерді көптеп өзіне тарта бастады. Әлемдегі ең жанкүйері көп спорт түрі - футбол десек қате емес.

Спорттық қызметтегі тәрбие процесінің ерекшеліктері:

Оқыту - жаттықтыру процесіндегі тәрбиелеудің мазмұны, формалары және оны жоспарлау қарастырылған. Жасөспірімдердің дене тәрбиесі, соның ішінде, олардың футболды таңдауы және бағытты іске асыру үшін БЖСМ және жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін қажетті дене қасиеттерін дамыту жөніндегі мәліметтерге ерекше көңіл бөлінген. Жан - жақты дамыған, ізгілікті тұрғыдан таза және рухани бай адам қалыптастыру - бүгінгі мектептердің бірінші кезектегі қағидасы. Сондықтан да, жасөспірімдердің дене тұрқының дамуы, дене шынықтыру даярлығы және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды мәселелері - мемлекетіміздің кезек күттірмейтін мәселесі. Қазіргі заманғы футбол - шапшаң ойын, ойын кенеттен ұмтылулары, тоқтап қалулардан тұрады және аса шапшаң жүгіруді қажет етеді. Жүгіру, секіру сияқты басқа да қимылдардың өзгешелігі анық, көлемінің ішінде әрі епті болуына және қарсылас әрекетіне байланысты бірімен екіншісіне кенеттен ауысу қажеттілігіне орай аса қырағылықты талап етіп отырады. Бұл белсенді ойын әрекеттері ерік - жігер күшті айрықша талап етеді, сол себептен шұғылдану барысында футбол ойнаушылар бойында жылдамдық, төзімділік, ерік - жігер, батылдық, шешімділік, көшбасшылық, шешім қабылдауда дербестік және жағымсыз көңіл - күйді жасыра білу қабілеттері шыңдалады. Бұл қасиеттер адам бойында әсіресе жасөспірім яғни 10 - 12, жастар аралығында қалыптаса бастайтынын ересек жасөспірімдерде бар, бұл жұмыстың маңыздылығы да сонда деп ойлаймын.

Бүгінгі таңда дүние жүзінде ең дамыған, ең көп қызығушылық тудырып отырған ең бәсекелі ойын, спорт түрі - футбол ойыны десек артық айтқандық емес. Әр түрлі спорттық секциялар мен үйірмелерде және арнайы орта мектепте дене дайындығының ең кең қолданылатын түрі спорттық ойындар. Олардың ішінде футбол ойыны - алдыңғы орындардың бірі саналады. Ал, біз осы ойынды қаншалықты дамытудамыз және болашақта біздің ойыншыларымыз дүние жүзіне таныла алады ма?! Жетістікке қалай жетеміз деген сауал төңірегінде ойлана келе - бұл ойынға дайындық ерте 7 - 8 жастан басталып ең негізгі дағдылар 10 - 12 жастан қалыптаса бастау керек екендігін зерделей отырып мен бұл зерттеу жұмысымның мақсатын айқындадым.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: 10 - 12 жастағы футболшылардың ерекшелігі туралы теориялар негізіне сүйеніп, олардың техникалық әдістер тізбегін жетілдіруін сондай-ақ олардың бақылау мерзіміндегі техникалық дайындығын зерттеп талдау.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

- 10 - 12 жастағы футболшылардың жылдамдық сапаларының жағдайын зерттеу;

- 10 - 12 жастағы футболшылардың спорттық нәтижелілігіне жылдамдық сапаларынының даму деңгейіне ықпал ететін әсерлерді анықтау;

- 10 - 12 жастағы футболшылар үшін нақты сипаттамалар жасау.

Зерттеу пәні: Арнайы орта және спорт мектептеріндегі жасөспірім футболшылардың техникалық дайындық әдістемесі.

Зерттеу нысаны: Жасөспірімдердің яғни 10 - 12 жастағы балалардың орта мектептердегі және спорт мектептеріндегі футбол секциялары.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: Жасөспірім футболшылардың жеке физикалық дайындығының жас аралығы бойынша ерекшелігін ескере отырып, футболға дайындау барысында жұмыста көрсетілген жаңа нұсқауларды қолдана отырып, эффективті түрде жаңа, барынша дұрыс бапталған жасөспірімдерді тәрбиелеп шығару бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі екендігін ұғына отырып 10 - 12 жастағы жасөспірімдерді футболға дайындау нағыз дер кезеңі екендігі атап көрсетіледі. Бүгінгі күнде жас ұрпақты ең жас кезінен дене күші мен рухани күші қатар дамыған, шыныққан тұлға етіп тәрбиелеуді қамтамасыз етуді аса маңызды міндеттердің бірі деп есептейді. Сонымен бірге әр түрлі шет елдерде пайда болған дене тәрбиесі бағдарламасының нәтижесі беріліп салыстырмалы түрде қортынды жасалып іс - тәжірибелері қорытындыланған.

Дипломдық жұмыстың жаңашылдығы: Жасөспірім футболшылардың жеке физикалық қасиеттері, дайындау ерекшелігі туралы теориялар негізіне сүйеніп 10 - 12 жас аралығындағы футболшылардың техникалық әдістер тізбегін жетілдіруін сондай - ақ олардың бақылау мерзіміндегі техникалық дайындығы іс жүзінде бақыланып олардың футболшы ретінде қалыптасуына ықпал ететін кері және жағымды әсерлер зерделенді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайдаланылған дереккөздер мәтінен тұрады.

1 Жасөспірім футболшылардың физикалық дайындығының жас аралығы бойынша ерекшелігінің теориялық негіздері

1. 1 Футболды оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері

Спорт - денсаулық кепілі. Бүгінгі таңда, осы бағытта өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз Қазақстан мектептеріне жан - жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан, дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған. Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады [1] .

Балалар мен ересектер арасында ең көп тараған спорт түрлерінің бірі ең қызықтысы да футбол ойнау. Кез келген адамнан сұрай қалсаң футбол жұлдыздарының есімдерін жатқа айтып береді. Аты аңызға айналған Пелеге немесе Марадонна, Роналдоға кімнің ұқсағысы келмейді дейсің? Футбол - кез келген баланың мәңгілік махаббаты. Футбол - спорттық ойын түрі, ағылшын тілінің foot - аяқ, ball - доп деген сөздерінен шыққан. Футбол - әлемге аса танымал ойындардың бірі. Футбол ойыны сұрапыл әрі адамның жүрек қылын тербететін дене шынықтыру ойыны болғандықтан, ол «дүниедегі маңдай алды дене тәрбие», «дене тәрбиенің патшасы» деп, бүкіл дүние халқының қастерлеуіне бөленеді. Жалпы спорттық ойындардың барлығы дерлік шапшаңдылықты, ептілікті, төзімділікті, жылдамдықты қажет етеді [2] .

Спортшылар мен жанкүйерлерді футболдың қарапайымдылығы мен тартымдылығы, ойыншылардың шеберлігі мен қиыннан қиыстырып жол таба білуі өзіне ерекше тартады.

Футболдың алғаш арнаулы ережесі 1863 жылы Англияда бекітіліп, әуелгі қауымдастық құрылды. Кейін бұл спорт түрі біраз өзгерістерге ұшырап, футбол деген атаумен бізге жетті. Ал, 1863 жылы Лондонда футболдың жаңа шарттары белгіленді. Жобаға енгізілген ережелерді арнайы комиссия жіті қараған. 1872 жылдан бастап футболдан халықаралық кездесулер өткізілді. Доданы Англия мен Шотландия футболшылар ашты. Ойынды бар ынтасымен тамашалаған жанкүйерлер үшін ойын сәтсіз аяқталды. Өйткені, алғашқы кездесуде есеп ашылған жоқ. 1884 жылы Ұлыбританияда алғашқы ресми кездесу өтті.

Футбол - дүние жүзінде кеңінен таралған командалық ойын және оның тарихы жүзжылдық болып есептеледі. Футболға ұқсас әртүрлі доппен ойындарды Ежелгі Шығыс елдерде (Мысыр, Қытай), көне заманда (Греция, Рим), Италияда «кальчио», Францияда және Англияда ойнады. Еуропалық футболдың тікелей бастамашысы римдік «гарпастум» болғаны ықтимал. Легионерлердің әскери жаттығу түрлерінің бірі болған бұл ойында допты екі бағананың арасында жүргізу керек еді. Ежелгі Мысырда футболға ұқсас ойын біздің заманымызға дейінгі 1990 жылда әйгілі болды. Ежелгі Грецияда доп ойыны б. э. дейінгі 4 - ғасырда әртүрлі танытуларда әйгілі болды, оны Афинадағы мұражайда сақталған ежелгі грек амфорында жас жігіттің допты қақпақылдау бейнесі куәландырады. Жауынгерлердің арасында Спарттар қолмен және аяқпен ойнаған «эпискирос» доп ойыны әйгілі болды. Бұл ойынды римдіктер «гарпастум» («қол добы») деп атады және біршама ереженің түрін өзгертті [3]

Жас әрі болашағы зор мемлекетімізде арнайы спорттық мекемелер бой көтеріп, футболдың дамуына ықпал ететініне сеніміміз кәміл. Футбол - бұл 11 адамнан тұратын екі команда ойнайтын командалық ойын. Ойынның басты мақсаты - қарсыластың қақпасына көп гол (футбол добын) соғу және өз қақпасына допты кіргізбеу. Есебінде ең көп доп соққан команда жеңіске жетеді. Футбол ойыны жарыс деп аталады және әрқайсы 45 минуттан екі таймнан тұрады. Егер осы уақыт өткенге дейін команданың есебі тең болатын болса, онда 15 минуттан тұратын екі тайм түрінде қосымша уақыт тағайындайды. Егер осыдан кейін жеңімпаз айқындалмаса, онда пенальти сериясын тағайындайды. Пенальти - бұл қақпашы ғана қорғайтын, қарсыластың қаққпасы бойынша 11 метр қашықтықтан тебу. Жеңімпаздың мұндай анықтама формуласы, жеңіліп қалған команда алдағы қатысудан шығатын, кубок жарыстарына жатады. Жарыс регламентіне байланысты тең түсу - бұл да ықтимал нәтиже. Бүгінгі таңда халықаралық футбол ассоцияцияның (IFAB) әр түрлі деңгейде және әр түрлі футболшылар топтары үшін (мысалы, жасөспірімдер үшін, әйелдер үшін, мүмкіншілігі шектелгендер үшін, т. б. ) ресми түрінде қабылданған ойын шарттарының 17 нұсқасы бар. Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі - қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды. Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар. Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу, соғу (гол) және өз қақпасына соққызбау негізгі міндеті. Ойын барысында көбірек доп салған команда ұтады. Егер де ойынның нәтижесінде екі команда да бірдей гол соқса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі тайм) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - ойыннан кейінгі пенальти жұптары өткізіледі. Қорғаушы ойыншының қақпа сызығынан шықса, бұрыштан соққыны немесе егер доп шабуылдаушы команда ойыншысының алаң шегінен шықса, қақпадан соққыны үйренуді бастауға болады. Соғылған голдан кейін, ойын қақпадан соққымен жаңартылады. Барлық бұзушылықтар - аяқпен шалу, қолмен ойнау, және т. б. еркін соққымен жазаланады, яғни қақпадан соққыны орындау алдында доп басқа ойыншыға пас етілу тиіс. Бұл жастағы балалар өте адал және мәжбүрлі ереже бұзуды жасамайды, сол кезде еркін соққыларды орындау оларды әріптеске пас беруге өзара іс - қимыл жасау мен біліктілікке тәрбиелейді. Еркін, бұрыштан және қақпадан соққыларды орындаған кезде қарсыластар доптан 5 метр қашықтықта болуы керек. Сондықтан жаттықтырушы әр ойында әр футболшыны осындай ауыртпашылықтарға төзімді, шыдамды болуға үйретеді. Ойыншылар жаттығу жарысында өзінің шамасына қарай жасау емес, оған да жоғары жасауға тырысуға үйренген болуы керек. Әр ойыншы доп алғанда тез ғана ойланып ол допты ары қарай беруді және келесі допты қабылдауға дайын болуы керек. Бұндай жаттығулар жылдам ойын жасау үшін қажет. Футбол ойыны арқылы спорттың басқа түрлерінің өкілдеріне жалпы денелерінің шынығуына, дене қозғалысының дұрыс артуына және ұйымшылдық пен достық сияқты ерекше қасиеттерін тәрбиелеуге үлкен маңызы зор. Ойын барысында шығармашылық, жылдам және тез кездескен кез келген қиындықты шешу керек. Футболшылар әр түрлі тактикалық және техникалық қимылдар жасағанда, өзінің көз қарсыластарын күтпеген жерде және ойын жағдайын өзгертетін болуы қажет. Футбол деп аталатын спорт түрінің ережелері футбол теориясының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Халықаралық Футбол Федерацияларының Кеңесі ойынының бекітілген ережелері. Бұл ережелер тарапынан жазылып, ФИФА тарапынан дүние жүзіне жарияланады [4] .

Ережелер топтағы ойыншылар санын, ойын ұзақтығын, алаң мен доп өлшемдерін және басқа да көптеген ойын қырларын қамтиды. Ережелердің соңғы редакциясы (2008 жылдың 1 - шілдесінде бекітілген) 17 тармақтан тұрады. 1-ші ереже: Ойын алаңы, 2-ші ереже: Доп, 3-ші ереже: Ойыншылар саны, 4-ші ереже: Ойыншылар киім-кешегі, 5-ші ереже: Төреші, 17-ші ереже: Ойын ұзақтығы, 8-ші ереже: Ойынның басталуы мен қайта жалғасуы, 9-ші ереже: Ойындағы және ойыннан тыс-қы доп, 10-ші ереже: Ойындағы есеп анықтамасы, 11-ші ереже: «Ойыннан тыс» күйі, 12-ші ереже: Ойыншылардың ереже бұзушылығы және тәртіпсіздігі, 13-ші ереже: Айып және еркін соққы, 14-ші ереже: 11-метрлік соққы, 15-ші ереже: Допты лақтырып ойынға қосу, 16-ші ереже: Қақпадан тебу, 17-ші ереже: Бұрыштама добы.

Егерде жас футболшы допқа ие болуды, тез жүгіруді және жоғары секіруді үйреніп алса, ол ойынды өзінің бес саусағындай біліп алды деп айтуға болмайды. Егерде футболшы алаңға есеппен қозғалса, өзінің қозғалысын, күшін және техникалық әдісін ойынның жағдайымен салыстыратын болса, онда оны жақсы ойыншы деп санауға болады. Сондықтан әр бір жас футболшы өзінің техникалық әдістерін үйрене бермей және физикалық қасиеттерін жақсарта бермеу керек, сонымен қатар ол ойынның тактикалық сырларын түсіну керек. Яғни дұрыс орын таңдап алу, мезгілінде әріптестеріне допты беру, қақпаға жақсылап доп соғу керек. Ең бастысы әр бір ойыншы ойынды жақсы «оқу» білу керек. Яғни, ойын барысында әріптестерін және қарсыластарының ойларын байқап жүру керек. Футбол - ол ұжымдық ойын. Сондықтан әр бір ойыншы өзінің индивидуалдық қадамын ұжымдық және командалық тактикаға келістіре білуі керек. Тактика команданың доп жүргізу мәнін және әр бір ойыншының нақты міндетін белгілейді. Сол үшін әр бір ойыншы әр түрлі футбол жүйесі туралы білуі қажет және ол ойынның басты принциптарын қорғауда және шабуылда білуі керек. Футболшы алдағы және арттағы қатардағы ойыншылардың міндеттерін білуі керек. Қарсыласқа жүргізілетін күрестің әр бір әдісін тактика деп атауға болады. Мақсатпен құрылған тактика ойлаған нәтижеге жеткізеді, ал мақсатсыз тактика оған жеткізбейді. Сонымен тактика дегеніміз қарсыласпен күресе білу. Футбол ойынының тактикасы ол өте үлкен жетістікпен ойнау. Футбол тактикасының негізінде жатқан білім жиынтығы үлкен емес, әр ойыншыға қол жетерліктей. Басты мәселе осы білімді ойында жүзеге асыру [5] .

Футбол ойынының тактикасы ол команданың ойын мүмкіндігін толығымен пайдалану және ойынды қарсыластың жағдайына қарап келтіру.

Бұл ойында нақты шабуылдау жүйесінде допты беру, ойыншылардың доппен, допсыз қозғалысында, қақпаға доп бағыттауында және қорғаныста да көрінеді, қозғалыстардың гол соғуынан айыру.

Осыған байланысты команда қандай да тактикалық жүйеде ойнаса да олардың ойын жүйесі көп гол соғу және қарсыластарына гол соққызбау.

Осыған орай команда ұйымдасқан түрде өзінің шабуылдаушыларына қарсыластар қақпасына гол соғуына мүмкіндік туғызуы керек. Ал қорғаныс тактикасы қарсыластарға гол соққызбау [6] .

Қақпаға гол соғу үшін шабуылдаушы әр түрлі ұрымтал тұстан табыла білуі керек. Бұндай кезде ойыншының ұрымтал тұсты таңдай білуі тұрақты емес, ол ондай кезеңде пас алғанда таба біледі. Ал қорғаушылар ондай оңаша, ашық тұрған ойыншыларды жабуға, олардың доп алып жүруіне мүмкіндік бермейді.

Қарсыластар қақпасына доп жақындату техникасы ол соққы және доп алып жүру. Бір ойыншыдан екінші ойыншыға доп беру ол - пас, ал допты ашық алаңда алып жүру ол - доп қуу, ал допты қарсылас жанынан алып өту - алдау деп аталады.

Футболдың қарапайым тактикасы «соққы және жүгір» деген бұйрығы допты өз бетімен теуіп, ешкімге арналмаған пас беру келмеске кеткен футбол басынан өткерген дәуір.

Қазіргі жаңа тактика негізінен пас беруде, ойыншылардың алаңда дұрыс қозғалысы, доп ала жүру және алдауына құрылған. Комбинацияда қолданылған шаблон нәтижеге жеткізбейді. Бір команданы жеңіске жеткізген тактика екінші бір командаға кері нәтиже береді. Бір командамен ойындағы тактика жеңіс әкелсе осы тактика келесі командамен ойында жеңіс әкелуі керек [7] .

Футбол - ойын, ал ойында өнер. Тактикалық комбинация ол жеке ойыншыдан да ұжымдық қасиеттерден және футболшылардың күш жұмсауынан құрылады. Комбинациялар ойынның өзінде оның қарсыластар командасына қарамастан құрылады. Осы ойын барысын бағдарламай комбинацияларды алдын ала ойлап алу мүмкін емес. Алайда осы жағдайларға қарап алдын ала ойланған тактикалық комбинациялар жүзеге аспайды деуге болмайды. Футбол жарысында ойыншы әр түрлі тактикалық әдістер мен шешуші комбинацияларды қолдана білу керек. Ойын өз бетінше творчествалық үрдіс болғандықтан ондағы комбинацияларда шек жок. Футболдағы ойын басымдылығы қай команда доппен қалай өнер көрсетуіне байланысты. Қандай да болмасын шабуыл комбинациясының тактикалық қимылы ол доп алып жүру, пас, алдау, ұрымтал орын таңдай білу, қарсыласпен доп үшін күрес, қақпаға доп бағыттауға байланысты. Әр ойыншы қарапайым тактикалық әдістерді игеруі керек және олармен ойын барысында пайдалана білуі керек. Бұл оның басқа да әріптестерімен тіл табысуына керек қасиет. Тәжірибеде футболшылардың мынандай қасиеттері қаралады: а) допқа талас кезінде қарсыластарына қарағанда ұрымтал орынды таңдай білуі; ә) әр түрлі доп беру кезінде дұрыс қабылдау; б) доппен алдаса және алып жүре біл в) өз бетінше тактикалық мақсатты орындау үшін дұрыс кезеңді таңдай білу;

Осылардың барлығын командастарымен тығыз қарым - қатынаспен жүріп орындау керек. Ойын барысында ойыншы дұрыс шешім қабылдау үшін ол өзінің командастарын қай жерде орналасқанын, қарсыластарын доптың қай бағытқа пас берілетінін, жалпы бүкіл ойынды бақылауы керек. Осыған орай ол өзінің байқай алмайтын алаң бөлшектерін жобалап ұға білу керек. Ойын барысын ұға білу өте қажетті комбинацияларды орындауға қажет. Ойын алаңын байқай алу туғаннан болатын қасиет емес, ол біртіндеп оқу-жаттығу кезінде қалыптасады [8] .

«Футбол» - ол әдістер күресі, ойыншылар шығармашылығы, тапқырлығы, ол қарсыластар және әріптестерінің комбинацияларынан құралған. Футбол ойыны өте динамикалық және эмоционалды. Ойыншыларға әр түрлі техникалық әдістерді, белгілі тактикалық бағыт беріп қолдану, әріптестерімен түсінісе білу қажет. Әйтпесе бір қателік бүкіл ойын жоспарын бұзады. Алайда осы айтылған қимылдардың барлығын ойыншылар тыныш ойын барысында емес, қиын спорттық күресте орындайды. Ойын барысында ойыншылар психикасына әр түрлі сыртқы және ішкі күштер түседі. Ол күштер техникалық әдістерді қолдауға, тактикалық жоспарды шешуде зор әсер береді. Ондай күштерге ойынның басқаша өтуі, төрешілердің іс әрекеті, жанкүйерлер, қолайсыз ауа райы жатады. Осылар ойыншының ойын кезіндегі көңілдің қобалжуын туғызады, ол біртіндеп басқа ойыншыларға қарап бүкіл командаға кері әсерін тигізеді. Сондықтан жаттықтырушы әр футболшыны осындай ауыртпашылықтарға төзімді, шыдамды болуға үйрету керек. Ойыншылар жаттығу жарысында өзінің шамасына қарай жасау емес, оған да жоғары жасауға тырысуға үйренген болуы керек.

Әр ойыншы доп алғанда тез ғана ойланып ол допты ары қарай беруді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиырдың ортан жілігінің сынығы
Мал аурулары жайында
Спорттық ойындар. Баскетбол ойынның техникатактикалық негіздерін бекіру. (допты алып жүру, допты лақтыру, допты беру). Ойынның ережесі
Футбол добы
Қазақстанда футбол таралуы
Футбол
Футбол ойынының шығуы мен дамуы
Футбол тарихы
дене тәрбиесі пәнінен оқушылардың кәсіби сапаларын теориялық және практикалық негіздеу
Футболдың таралу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz