Карық арқылы суғару


Мазмұны
- Оңтүстік Қазақстан суармалы егіншілігінің даму жағдайы
- Оңтүстік Қазақстан жерінің топырақ-климаттық жағдайы
- Суарамалы егіншіліктің Оңтүстік Қазақстанда дамуы және оның алғашқы нәтижелері
- Суарамалы егіншіліктің Оңтүстік Қазақстанда маңыздылығы, келешегі мен мәселелері
- Қазақстанның оңтүстік өңірінде суармалы алқаптардың болуы және пайдаланылуы.
- Қазақстанның Оңтүстік аймағында орналасқан жерүсті ағындарымен суару мүмкіндіктері
- Оңтүстік Қазақстандағы суармалы егіншіліктің технологиялары
- Оңтүстік Қазақстан суармалы егіншілігі және топырақты мелиорациялау мәселелері
- Оңтүстік Қазақстан топырақтарын мелиорациялау мәселелері мен суармалы егіншілігі
- Оңтүстік Қазақстандағы жердің негізгі мелиорациялау тәсілдері мен технологиялары
- Егіншліктің ауыспалы жүйесін қолдану және топырақ эрозиясы
- Топырақты тыңайту мәселелері
- Оңтүстік Қазақстандағы суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
- Оңтүстік Қазақстанның ирригациялық жүйелерінде су-жер ресурстарын басқарудың интеграцияланған әдістері
- Оңтүстік Қазақстанда су ресурстарын тиімді пайдалану және суармалы егіншілікің экономикалық тиімділігі
4. 1 Оңтүстік облыстарымыздағы суармалы егістіктерге пайдаланылатын топырақтарды бағалау
- Жер суарудың зкономикалық тиімділігі
- Су ресурстарын тиімді пайлану және қазіргі жағдайы
Андатпа
Бұл дипломдық жұмыста Оңтүстік Қазақстандағы суармалы егіншіліктің даму тарихы, таралу аймақтары, ауыл шаруашылығындағы маңыздылығы, қажеттілігі, басты проблемалары, суармалы егіншілік түрлері мен карталары, әртүрлі топырақ типтері және климаттық ерекшеліктері, топырақ мелиорациясы, эрозиясы мен оларды жақсарту жолдары қарастырылған. Сондай-ақ суармалы егіншіліктің Оңтүстік Қазақстан үшін маңыздылығын, келешегін, статистикалық талдаулар мен экономикалық және экологиялық тиімділіктері жан-жақтылы талдап, зерттелінген.
Аннотация
В данной дипломной работе рассмотрены история развития орошаемого земледелия в Южном Казахстане, ареалы, важность, необходимость в сельском хозяйстве, основные проблемы, виды и карты орошаемого земледелия, различные типы почв и климатические особенности, мелиорация почв, эрозия и пути их улучшения. Также всесторонне проанализированы и изучены важность орошаемого земледелия для Южного Казахстана, перспективы, статистические анализы и экономическая и экологическая эффективность.
Annotation
In this thesis work examines the history of the development of irrigated agriculture in southern Kazakhstan, areas, importance, necessity in agriculture, the main problems, species and maps of irrigated agriculture, the different types of soil and climate, improvement of soil, erosion and ways to improve them. The importance of irrigated agriculture for southern Kazakhstan, prospects, statistical analyses and economic and environmental efficiency were also comprehensively analyzed and studied.
Нормативті сілтемелер
Анықтамалар
Осы дипломдық жұмыста келесі анықтамалар қолданылады:
Суармалы егіншілік - ылғалы аз, құрғақ, шөлейт шөлді аймақтарда жоғары өнім алуға бағытталғын егіншілік түрі.
Ауыл шаруашылығы мелиорациялары деп - ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары және қалыпты өнімділігін қамтамасыз ету мақсатымен табиғат жағдайларын жақсартуға бағытталған өзара үйлесімді ұжымдық, шаруашылықтық және техникалық жұмыс-әрекеттер мен шаралар жүйесін айтады.
Топырақтың тығыздығы (көлемдік массасы) - көлем бірлігінде құрғатылмаған (топырақтағы барлық қыртыстарымен) қосу кезіндегі абсолютті құрғақ топырақтың салмағы.
Топырақтың қаттылығы-табиғи күйдегі топырақтың сығылу мен ыдырауға қарсы тұру қасиеті.
Топырақ эрозиясы - Топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы салдарынан құнарының азаюы.
Экономикалық тиімділік - экономикалық қызметтің, экономикалық бағдарламалар мен іс-шаралардың алынған экономикалық әсердің осы нәтижені алуға, белгілі бір құн ресурстарын қолдана отырып, өндірістің ең үлкен көлеміне қол жеткізуге себепші болған факторлардың, ресурстардың шығындарына қатынасымен сипатталатын нәтижесі.
Рентабельділік - (нем . Rentabel-табыс, пайдалы, пайдалы), экономикалық тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіші. Рентабельділік материалдық, еңбек және ақша ресурстарын, сондай-ақ табиғи байлықтарды пайдалану тиімділігінің дәрежесін кешенді көрсетеді.
Белгілер мен қысқарулар
Осы дипломдық жұмыста келесі белгілер мен қысқартулар қолданылады:
г - грамм
мл - миллилитр
см - сантиметр
м - метр
мм - миллиметр
м 2 - шаршы метр
г/л - грамм/литр
га - гектар
кг - килограмм
т - тонна
% - пайыз
рН - сутегі көрсеткіші
ц/га - центнер/гектар
N - азот
P - фосфор
K - калий
м 3 - метр куб
СШБ - су шаруашылығы бассейндері
ҒЗИ - Ғылыми Зерттеу институты
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы
АШҒЗИ - Аул шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
Кіріспе
Қазақстан тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың агроөнеркәсіптік кешендердің алдына қойған міндеттерінің бірі ол - суармалы жерлерді тиімді пайдалану екенін атап көрсеткен [1] . Өйткені суармалы жер тұрақты түрде мол өнім береді. Бүгінде сырттан әкелінетін азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі, атап айтқанда қант, өсімдік майы, көкөніс, жемістер, мал мен құс шаруашылығы өнімдерін өндіруге қажетті құнары жоғары жем-шөп дақылдарының басы көп бөлігі суармалы жерлерде өндіріледі.
Елімізде соңғы жылдары суармалы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Атап айтатын болсақ, ірі су қоймалары күрделі жөндеулерден өтіп, тоспалар мен тораптар салынды. Тек қана суармалы егіншілікпен айналысатын Қызылорда облысын таза ағын сумен қамтамасыз ететін және су тасқынынан қорғайтын «Көксарай» су реттегіші салынып, ел игілігіне жұмыс істеуде. Дегенмен еліміздегі суармалы егін шаруашылығының мәселелері әлі де болса шаш етектен [5] .
Жер ресурстарын басқару агенттігінің мәліметтері бойынша, елімізде 1991 жылмен салыстырғанда суармалы жер көлемі 298 мың гектарға азайып, 575 мың гектары ауыл шаруашылық айналымынан шығып қалған. Осы жылдарда бос жерлердің көлемі 8 есеге ұлғайып, 423 мың гектарға жеткен. 20 мың га суармалы жер жекеменшік үй, жол, өндіріс орындарын салуға және басқа мақсаттарға берілген. Ал пайдаланылып жатқан жерлер тұзданып, құнарлылығы мен өнімділігі төмендеуде. Ауыспалы егіс жүйесі жоқтың қасы, егістік құрылымдары жетілдіруді қажет етеді[6] .
Жекешелендіру барысында шаруашылықтар ұсақталып, бұрынғы ішкі шаруашылық каналдар мен кәріздік жүйелер, тік дренаж ұңғымалары шаруашылықаралық объектілерге айналып, көпшілігі иесіз қалды. Ұсақ шаруа қожалықтарында қаржы, техника болмай, су, кәріз жүйелері уақтылы тазаланбай, су тарту қуатынан айырылды. Бұл жер асты суларының көтерілуіне, жердің сорлануына, екінші реттік тұздануына, батпақтануына әкеліп соқтырады. Суармалы жерлерге ағымдағы және күрделі тегістеу жұмыстары көптен бері жүргізілген жоқ [9] .
Тоқсаныншы жылдары еліміздегі суармалы жер көлемі барлық егістіктің 6 %-ын құрап, егіншілік өнімдерінің 30 %-ы өндірілсе, бүгінде бұл көрсеткіш екі есеге дейін төмендеп кеткен. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында осындай жерлердің 15-35 %-ы пайдаланылмайды, ал қолданыста барының өнімділігі 25-50 % -ға төмендеген [14] .
Соңғы жылдары елімізде жалпы егіс көлемі ұлғайып, ауыл шаруашылығының өнімі артуда. Дегенмен халыққа қажетті құс еті, көкөніс, қант, өсімдік майы, жеміс-жидектердің едәуір бөлігі сырттан әкелінеді. Елімізді азық-түлік өнімдерінің барлық түрімен қамтамасыз етуге (лимон, апельсин, бананнан басқа) жағдайымыз толық жетеді. Алайда Үкімет тарапынан суармалы жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған қолдау мен инвестиция тартуды ынталандыру шаралары өз дәрежесінде емес. Ауыл шаруашылығының «алтын қоры» болып есептелетін суармалы жерлер кімнің меншігінде болса да, ел игілігіне қызмет етуге тиіс. Сондықтан заң талаптарына сай жер пайдаланушыларға суармалы жердің құнарлылығы мен өнімділігін арттыруға қатаң талап қоюмен бірге, мемлекет тарапынан қолдау керек.
Бүгінгі таңда қолданыстағы 1, 4 млн га суармалы жердің өнімділігін көтеру үшін оның мелиоративтік жағдайын жақсартуқажет. Себебі әр гектар суармалы жер телімі басқа жермен салыстырғанда 2-3 есе артық мелиоративтік жұмыстарды (жерді күрделі және ағымдағы тегістеу, каналдар мен кәріздік жүйелерді тазалау, тік дренаж ұңғымаларын жөндеу, электр желілерін пайдалану, сор шаю т. б. ) атқаруды қажет етеді. Суармалы жер шаруашылығында ағын суды үнемдеп пайдалану мен гектар өнімділігін көтеру басты міндеттердің бірі. Елімізде 1 га суармалы жерге ағын су нормадан артық жұмсалады, су пайдалану коэффициенті төмен. Республика бойынша су пайдалану коэффициенті 0, 67 болса, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында 0, 55-0, 6 шамасында болып отыр. Егер еліміз бойынша су пайдалану коэффициентін 0, 75-ке көтерсек, 200 мың гектарға жуық жерді суландыратын 1 млрд 272 млн текше метр су үнемделеді екен [13] .
Дамыған елдерде 1 текше метр суға 2, 5-6, 0 кило ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілсе, бізде небәрі 0, 4-0, 8 кило ғана немесе 6-7 есе есе аз өндіріледі. Ал 1 кило өнім өндіруге дамыған елдерде 160-400 литр су жұмсалса, бізде 1200-2500 литр ағын су жұмсалады. Елімізде ағын судың тапшылығына байланысты ауыл шаруашылығы өндірісіне үнемдеп суару технологиясын енгізу өте өзекті болып отыр. Бұл тәсіл суды, минералды тыңайтқыштарды 2-3 есе үнемдейді, өнімділік 2-2, 5 есеге өседі, еңбек өнімділігі артады [3] .
Бүгінгі таңда суды үнемдеу технологиясы 180 мың га жерде немесе суармалы жердің 12 %-ын пайдаланылады. Оның 80 мың га жері тамшылатып суару болса, 100 мың га жер жаңбырлатып суарылады. Алдағы кезде су үнемдеу технологиясын суармалы жердің 30-35 %-на жеткізуді шешу мәселелерін ауыл шаруашылық минстрлігі қарастыруда.
Ғалымдардын есебі бойынша, еліміздегі суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар жыл сайын тиісті дәрежеде аткарылып отырса, өнімділік 25-30 %-ға артады. Нәтижесінде, республика бойынша қосымша 200-250 млрд теңге ауыл шаруашылық өнімдері өндіріледі, яғни мемлекет тарапынан бөлінген әр теңге еселеп қайтарылады [4] .
Сондықтан суармалы жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттыру - елімізде азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың бірден-бір жолы. Сондықтан бұл салаға барынша басымдық берілуі керек. Суармалы жерлер кепілді мол өнім беретін, қайтарымы жоғары, ауыл шаруашылығының «алтын қоры» ғана емес, сол өңірлерде тұратын халықтың тіршілігі, әлеуметтік жағдайы, тағдыры. Суармалы жерлердің жағдайы жөнделсе, елімізде азық-түлік өндірісі дамиды, агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуеті артады, импорт азаяды. Оңтүстік Қазақстанда суармалы егіншілікті жандандыру сапалы, тұрақты өнім алудың басты кепілі болып саналады.
Зерттеу нысаны. Оңтүстік Қазақстан суармалы егіншілік аймақтарында зерттелінді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - Оңтүстік Қазақстанда суармалы егіншіліктің тиімділігін экономикалық - географиялық тұрғыдан бағалау және ауыл шаруашылығы мақсатында жер ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын зерттеу.
Зерттеудің негізгі міндеттері:
- Оңтүстік Қазақстанда суармалы егіншіліктің даму тарихын зерттеу;
- Оңтүстік Қазақстанның негізгі суармалы аймақтарын анықтау;
- Оңтүстік Қазақстан суармалы егіс алқаптарының көлемін қолдану аясын зерттеу;
- Оңтүстік Қазақстан суармалы егіс алқаптарының карталық материалдары мен статистиклық мәлметтердін талдау;
- Оңтүстік Қазақстанда суармалы егіншіліктің түрлерін, технологияларын, зерттеу;
- Оңтүстік Қазақстан суармалы егіншілік жағдайында тұзданған топырақтарды мелиорациялау және топырақты эрозиядан қорғау жолдарын зерттеу;
- Суармалы егіншіліктің ауыл шаруашығындағы маңыздылығы мен даму келешегін болжау;
- Суармалы егіншіліктің экономикалық тиімділіктерін анықтау
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Оңтүстік Қазақстан жағдайында суармалы егіншіліктің даму тарихын, түрлерін, инновациялық бағытын, қажеттілігін зерттей отырып, су ресурстары бойынша алдағы бірнеше жылдық статистикалық талдаулар жасау, алғаш рет зерттеліп отырған жұмыстардың бірі.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы. Алынған статистиклық мәліметтер және егіншілікті суарудың тиімді бағыттары бойынша дайындалған ұсыныстар, ауыл шаруашылық басқармаларына, шаруа қожалықтарға теориялық және практикалық мәлімет ретінде пайдалану үшін маңызды болып табылады.
1. Оңтүстік Қазақстан суармалы егіншілігінің даму жағдайы
- Оңтүстік Қазақстан жерінің топырақ - климаттық жағдайлары
Республикамыз жер көлемі жағынан алыдыңғы ондықтың қатарына кіреді. Территориямыз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км, шығысынан батысына қарай 3000 км жерге созылып жатқан кеңістікте орналасқан. Осындай кең байтақ өлкенің үлкен бір бөлігін Оңтүстік Қазақстан аймағы алып жатыр. Бұл аймақтағы жер бедерінің әртүрлілігі тек климатына әсер етіп қоймай топырағының қалыптасуына да септігін тигізеді. Осыған байланысты Оңтүстіктегі топырақтардан жазық аймақтың жызық аймақ топырақтары және таулы аймақтың топырақтары деп жіктей аламыз. Оңтүстік Қазақстанның территориясы шөлді зонаның оңтүстігінде жатыр. Бұл зонада Оңтүстік Қазақстан облысымен бірге Батыс Қазақстан облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары түгелімен, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Жамбыл облыстарының біраз жерлері кіреді.
Қазақстанның оңтүстік облыстарында суармалы егіншілікке жарамды 8 млн. гектар жер бар. Олар Шардара су қоймасынан бастап Сырдария өзенінің екі жағасында Арал теңізіне дейін орналасқан. Территория бойынша Шымкент және Қызылорда облыстарына жатады. Суармалы егіншілік үлкен массивтерде (аймақтарда) орналасқан: олар - Қызылқұм, Түгіскен, Жаңақорған-Шиелі, Қызылорда және Қазалы алқаптары [2]
Қазақстан Республикасының Қызылорда облысы - 226, 0 мың км 2 жерді алып жатыр. Шығысы мен оңтүстік-шығысында Шымкент облысымен, солтүстігінде - Қарағанды (Жезқазған), солтүстік-батысында - Ақтөбе облыстарымен, оңтүстігінде - Өзбек Республикасымен шектеседі [2] .
Облыс Сырдария өзенінің төменгі ағысының бойында, Азия шөлінің белдеуінде орналасқан Туран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр. Батысында - Арал теңізі, оның солтүстік және шығыс бөлігі жиегіндегі аралдармен қоса облыс құрамына енеді. Жазықтың абсолюттік деңгейі оңтүстікте 200 м, Арал теңізінің жағасында - 53 м. Облыстың оңтүстігі мен батысында жал-жал, ойдым-ойдым, төбе-төбе құмдар алқабы бар [3, 4, 7] .
Облыстың климаты шұғыл континентті: жазы ыстық, қысы суық, қар азырақ түседі. Облыс бойынша ауаның орташа жылдық температурасы +7-11°С. Орталық Азияға тән атмосфералық процестер, ауа массаларының, соның ішінде циклондардың жылжуы Арал өңірінің климаттық ерекшелігін анықтайды. Батыстық ылғалды және солтүстіктен келетін суық ауа массалары температураны төмендетіп, жауынның немесе қардың жаууын туындатады [7] .
Жылдың жылы кезеңі үшінші аймақта (Арал, Қазалы аудандары) 20-25 наурыздан 8-15 қарашаға дейін, екінші аймақта (Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында) 14-18 наурыздан 11-16 қарашаға дейін, бірінші аймақта (Жаңақорған, Шиелі аудандарында) 3-6 наурыздан 20-23 қарашаға дейін. Ең суық ай - қаңтар, ең жылы ай - шілде. Облыс территориясында жаз ыстық және ұзақ болады. Ең жылы айда (шілдеде) ауаның орташа температурасы 26-28 0 С төңірегінде болады [18] .
Аймақ негізінен мал жайылымына қолайлы. Мұнда тек суармалы егістіктен ғана өнім алады. Өзен бойларында орналасқан тақыр түстес топырақтар күріш егуге ыңғайлы. Топырақ құнарлылығы аз болғандықтан, суарған кезде азоттың фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек. Шөл аймағы Қазақстандағы ең көп жерді алып жатыр. Оның көлемі 119 млн. га, яғни республика территориясының 44%-на жуық [1] .
Жалпы жартылай шөл мен шөл зоналарын сипаттай келе, ол алқаптарды өнімсіз, құнарсыз деп айтуға мүлде болмайды. Мұнда су беріп, мелиорация шараларын қолданған кезде, шөлдің ұзақ күнін ұнататын кейбір дақылдар суға қанығып, мол өнім береді.
Оңтүстік Қазақстан территориясында жазықтық жерлер тауларға қарағанда көп. Ірі таулар Қаратау, Қазығұрт, Өгем таулары. Таулы аймақтарда ені әр жерде әртүрлі, батыстан шығысқа қарай созылған тау етегіндегі шөлді дала зонасы - белдеуі орын алған. Жазықтықтағы шөлді дала зонасына қарағанда тау етегінде жатқандықтан бұл аймақтың табиғи жағдайы өзгеше келеді. Бұл таулық белдеулік зонасының ең төменгі сатысы. Сондықтан бұл аймақты пайдалану жағдайы да басқаша [36] .
Топырақ жамылғысы табиғаттың зоналық заңына сәйкес таралатындықтан, аумағында биік таулы салқын альпілік топырақтардан бастап тау бөктеріндегі әртүрлі қоңыр және сұр топырақтарға жалғасып, терістік және терістік-бетыс аймақтарындағы жазықтарды сұрқұба, ескі аллювиалды ойыс жазықтарды тақыр және тақыр түстес топырақтар мен ірі құмды аймақтар (Шығыс Қызылқұм мен Батыс Мойынқұм) алып жатыр. ҚР Ө. Оспанов атындағы Топырақтану Ғылым академиясының ғалымдары 130-ға жуық топырақ түрлері мен олардың комбинациялары кездесетіндігін анықтады. Жалпы облыс жерінің топырағы екі топқа бөлінеді:
- Тау топырақтары.
- Тау аралығындағы аңғаралрдың, тау бөктеріндегі, т. б. биік және ойысты жазықтардың топырақтары [1, 2] .
Тау топырақтары. Таулы аймақтар өңірдің біраз жерін алып жатыр. Осы таулы аймақтың бір ерекшелігі биіктігі мұхит деңгейінен 4000 метрге жақындайтындықтан топырақ-климаттық зоналардың таралуында биік белдеулік зоналық заңы орын алады, яғни тау биіктеген сайын ылғал көбейіп, ауа райы суыта түседі. Міне осыған байланысты таудың төменгі етегіндегі шөлді-дала белдеуінен (теңіз деңгейінен 250 - 350 м) таудың биік 3500 - 4000 м деңгейіне дейін бірнеше таудың белдеулік белдемдері кездеседі, олардың топырақ, өсімдік жамылғылары да, жануарлар дүниесі де әр алуан болып келеді. Сонымен осы таулы белдеуде таудың шалғынды-далалы альпілік, субальпілік, таулы-далалық альпілік, таулы альпілік, таулы шалғынды роморфты субальпілік және таудың күңгірт түсті субальпілік топырақтары кездеседі. Бұл топырақтар 132 мың га-ды, яғни облыс жерінің 1, 1 % -ын алып жатыр. Орта таулы аймақтарда таулы-орманды, таулы-бұталы белдеулерде күңгірт қоңыр, таудың ашық-қоңыр, сұр қоңыр топырақтары 575 мың га, облыс жерінің 4, 7 %-ы болады. Ал аласа таулар мен оларға жалғас етектерінде таудың сұр топрырақтары түзілген. Олардың көлемі 186, 8 мың га, облыс жерінің 1, 7 %-ы. Сонымен жалпы таулы аймақтардағы топырақтар көлемі 894, 8 мың га жерді алып жатыр, ол облыс жерінің 7, 5 %-ын құрайды [1, 2] .
Тау аралығындағы аңғаралрдың, тау бөктеріндегі, т. б. биік және ойысты жазықтардың топырақтары.
Таулы аймақтарға қарағанда бұл топырақтардың түрлері мол. Бұл топтағы топырақтар ішінде осы аймақтарға тән зоналық топрықтар кездеседі. Тау етектерінің биіктеу жазықтарының қара қоңыр, қоңыр және сұр қоңыр топырақтарының көлемі 78, 4 мың га, облыс жерінің 6, 6 %- ы. Тау етектерінің орталық бөлігіндегі жазықтарының оңтүстік және терістік сұр топырақтарының көлемі 1021, 4 мың га, облыс жерінің 8, 4 % -ы. Тау етегіндегі төменгі жазықтардың оңтүстік және терістік ашық сұр топырақтары және аллювиалды жазықтар мен биік өзендер террасаларының шалғынды-сұр топырақтары, биік шөл жазықтарының сұр құба топырақтары 2390, 7 мың га - 19, 5 %-ы, оның ішінде біршама ойпатты жерлерде тақырлар мен тақыр түстес топырақтар және шалғынды, шалғынды-батпақты топырақтар кездеседі. Сонымен жалпы екінші топтағы, яғни облыстың жазық аумақтарындағы топырақтар көлемі 11108, 7 га жерді қамтып жатыр, бұл облыс жерінің 91, 5 % -ын алып жатыр. Облыстың біршама жерлерін топырақ емес қрылымдар: биік таудағы мәңгі қарлар мен тұздар, қатты тау жыныстары, көл мен өзендер алып жатыр. Олардың жалпы көлемі 150 мың га-дай - 1, 2 %. Ал бұл топырақтар орналасу жағдайларына, табиғи ылғалмен қамтамасыз етілуіне немесе қолдан суару мүмкіншіліктеріне қарай ауыл шаруашылығының салаларына пайдаланылады [2, 24] .
- Суарамалы егіншіліктің Оңтүстік Қазақстанда дамуы және оның алғашқы нәтижелері
Қазақстанда суармалы егіншіліктің өріс алуы қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік заманмен байланысты. Суармалы егіншілікпен айналысу күрделі инженерлік құрылыс жүйесін қамтитындықтан суармалы егіншілік үшін барлық жерлер жарай бермейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz