Газет мәтіндерін аудару


КІРІСПЕ
Оқу технологиялық практикасының жүргізу мақсаты - тәжірибелік және практикалық оқыту барысында өзін-өзі жаттықтыру, жетілдіру және білімі мен құзіреттіліктерін арттыру, ақпараттық компентация және коммуникативтік компетенция ретінде қарастыру.
Негізгі компентенция білім мен құзіреттілікті қарастырады және іс-әрекетке тез бейімделуінің дайындығын көрсетеді, келісім шартқа отыру, оның шығармашылығы, даму заңдылығы, кәсіби еңбекке деген қарым-қатынасы - бұл оқытудың нәтижесі.
Оқу - технологиялық практикасының міндеттері:
Оқу-тәжірибесінде аударма ісі мамандығында негізі білімділіктер мен құзіреттіліктерді қамту.
Аударма тәжірибесі мен практикасы құзіреттілігін қамту, тәжірибенің заң бойынша сәйкес келуі, аударма барысындағы мәдени адаптациясы, аударма трансформациясының түрлерін білу ;
Коммуникативті-прагматикалық аударма түрін меңгеру, кәсіби, ғылыми, газет-журналдар публицистикасы, жарнамалық мәтіндер, ырғақты сөз тіркестері және поэзиялық ерекшеліктері.
Мамандыққа деген қызығушылық және тәжірибені жақсы меңгергендігін түсіне білу ;
Аударманың құрылымын және аударманы қарқынды түрде істей алу қабілетін дамыту, болашақ аудармашының кәсіби сапасы, аудармашы жұмысына дәйекті көзқарасы ;
Тәжірибелік білімін қалыптастыру, барлық түрлерді және оқыту әдісін құзіреттілігін қалыптастыру, сонымен қатар оқу-технологиялық тәжірибесін және кәсіби тәжірибені білу.
БӨЛІМ I. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
- Кейбір аударма жанрларының аудару ерекшеліктері
Қазіргі кезде аударманың түрлері оның әртүрлі белгілеріне қарай ажыратылып жүр. Мысалы, құрылымдық сипатына қарай: 1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы; 2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы (ізбе-із немесе ілеспе аударма) ; 3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы; 4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы; жанрлық-стилистикалық түрлеріне қарай : 1) көркем аударма; 2) ақпараттық аударма; 3) ғылыми аударма; 4) ресми аударма; 5) публицистикалық аударма; жарнамалық аударма.
Көркем әдебиет - ерекше күрделі жанр. Бұл жанрдың жазушы шеберлігі, әр жазушының өзіндік стилі, даралығы, дарыны, мазмұн мен форманы берудегі жазушының қабілеті сияқты алуан түрлі мәселелері бар. Көркем әдебиет тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден, көркем шығармаларда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразелогизмдер некен-саяқ. Екіншіден, қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылыми және ресми стильдердің элементтері осы стильде әртүрлі формада ұшырасып отырады. Үшіншіден, көркем шығармалардың басты міндеті - эстетикалық тәрбие беретіндігінде, яғни көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі маңызды мәнге ие.
Жоғарыда сараланып берілген көркем әдебиет стилінің белгілері аударма әдебиетке де тән.
Көркем аударманың міндеті көркем тілдің барлық байлығын пайдалана білу және сол арқылы түпнұсқаның көркемдік құндылығына жету болып табылады. Аудару процесінде негізінен бірінші түпнұсқа мәтіні, екінші аударма мәтіні жүзеге асырылады. Аударманы іске асыратын тіл - аударма тілі. Ал көркем аударма шығармасында аударма тілінің мәнерлі, жүйелі қолданылуы, баламалардың сәтті таңдалуы аударылатын шығарманың мазмұндылығын, көркемдігін, эстетикалық әсерін арттырады. Түпнұсқа мәтіні мен аударма мәтінінің мағыналық түр жағынан сәйкестігі балама саналады. Жақсы аудармашы шығарманы халық тілінің бар байлығымен әдемі, мәнерлі жеткізуді көздейді.
Көркем аударма - көркем шығармашылықтың түрі. Аудармашы өзінің дүниетанымына, көркемдік-эстетикалық талғамына сай аударуға таңдап алған шығармадағы көркемдік шындықты форма мен мазмұн бірлігін сақтау арқылы жеткізеді. Көркем аудармада түпнұсқаның эстетикалық құндылығы зор. Көркем аударма - психологиялық процеспен жүзеге асатын шығармашылық өнер. Мұнда психологиялық процес шығармашылық процеспен тікелей ұштастырыла жүргізіледі.
Аудармашы көркемдік таланты бойынша, автормен тең дәрежеде болуы тиіс, аудармашы ақын-жазушымен бірдей дәрежеде елестетуге, сөз саптау мәнеріне ие болу тиіс. Ой қабілеті мен сезімі жағынан да тең дәрежеде болуын, түпнұсқадағы сұлулықты сондай сезіне білуін, керек болса онымен теңдесетін немесе асып түсетін өзіндік сөз байлығын, ой тереңділігін талап етеді. Қысқасы, аударманы бар қырынан жарқырата, көрсете алатын талантты шебер болу қажеттілігін ұсынады. Аудармашылық талант биік болған сайын шығарма аудармасының көркемдік мазмұны, әдемі тілі сол биіктен көрінеді. Аудармашы талантымен, тәжірибесімен, шеберлігімен ақынның жүрегінен, ой-түйсігінен шыққан өлеңдегі көркемділік пен рухты, бейнелеулер мен әсерлілікті жоғалтуға құқылы емес. Көркемдік елестету, шығармашылық сезімталдық, терең түйсік көркем аударманың қай түріне де тән.
Жанрлық-стилистикалық аударманың келесі бір түрі - ғылыми техникалық аударма. Ғылыми-көпшілік және ғылыми техникалық аударма аса күрделі, қиын, арнайы маманданған, тәжірибелі аудармашының ғана қолынан келетін іс. Мұндай аударма мәтіндерін шет тілдерінен немесе орыс тілінен аударғанда қазақ тілінің мүмкіндіктеріне толық сәйкестікте әрі мейлінше дәл аудару қажет. Егер автор ежелгі кезеңдерде өмір сүрген болса, онда сол дәуір тілінің бар ерекшелігін, сипатын оқырман сезіне алатын дәрежеде жеткізу маңызды.
Ғылыми аударма және ғылыми-техникалық аударма түрі бар. Бұлардың аудармасын жасау үшін аудармашының алдымен ғылыми-техникалық ақпараттан хабардар болуы тиіс.
Ғылыми-техникалық ақпарат үш ағымға бөлінеді:
1) Патенттік әдебиет - ақпарат алмасудың негізгі түрі, қалай болғанда да ол ғылым мен техника саласындағы жаңа дүниенің бәрі патент сипатында және оның туындылық түрінде ресми құжатталынып тіркелінеді.
2) Ғылыми-техникалық ақпарат алмасу үшін арнайы тағайындалған мерзімдік кезең, мәселен, салалық бюллетендер, мазмұнды рефераттар, түйіндеме және атауы, салалық ғылыми-техникалық журналдар, арнайы сипаттағы пікірталастық өзекті мәселе көтерген және есептік мақалалар, тақырып атаулары тізімделген библиографиялық көрсеткіштер, өнертапқыштық және өндіріс өнімдерінің заттары, сондай-ақ аталған сала бойынша мазмұндағы түйіндеме мен тақырыптық шолу.
3) Әртүрлі мерзімдік және мерзімдік емес басылымдар және басқа да ғылыми-техникалық алмасу үшін арнайы бекітілмеген, алайда осы мақсатта пайдалана беруге болатын ақпарат көздері: мысалы арнайы кітаптар мен журналдар, жарнамалық материалдар, нұсқаулар және сол тектес арнайы ақпараттық көздер.
Аударма - әртүрлі әдеби жанрларды байытады, олардың жаңа қырын ашады. Көркем аударма стильдік, тілдік байлығы композициялық, мазмұндық, эстетикалық сипаты тұрғысынан, жоғары деңгейде жасалуы тиіс. Аударма теориясы тұжырымдағандай, көркемдік дәлдікте, сәйкестілікте әрі уақытымен үндес жасалғанда, ол әдебиеттің жетістігіне айналады. Аударма түпнұсқаның бар көркемдік, эстетикалық сұлулығын, тіпті әуездік-ырғақтық кереметтілігіне дейін жеткізуі керек.
- Ресми-іскерлік құралдар
Ресми-іскерлік қатынас деп адамдардың кәсібі, мамандығымен байланысты қызмет орындарында, мәдени-көпшілік мекемелерде жүзеге асатын қарым-қатынастың түрін айтамыз. Мұндай орындардағы қарым-қатынастың түрі ресми сипатта болады. Мемлекеттік қызметшілердің сөз қолданысы ресми-іскерлік қарым-қатынасқа жатады.
Ресми стильдің белгілі бір деңгейде қалыптасқан тәртіптерінің сақталуы қызметтік құжаттардың мазмұны мен ресімделуінде қатаң талап етілсе, ауызша сөзде де әдеби тілдің грамматикалық, лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларының сақталуы талап етіледі. Сонымен бірге бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білу қажеттілігі көзделеді. Бұл мәселені жан-жақты зерттеген С. И. Ожегов: «Сөз мәдениеті - бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы - бұл коғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу» - деп тұжырымдайды.
Ресми-іскери стиль - құқықтық, саяси, өндірістік, әкімшілік, қоғамдық және халықаралық қарым-қатынастарда қолданылатын, қоғамда қалыптасқан тілдік ахуалға сәйкес қазіргі кезеңде ішкі тармақтарға ұлғайған және күрделенген, стильдік белгілері барынша айқындалған қазақ әдеби тілі функционалдық стильдерінің бірі.
Ресми-іскери стиль функционалдық-стильдік шоғырлану шеңберінде және коммуникативтік мақсатқа сәйкес ішкі тармақтарға бөлінеді, олар:
- азаматтармен жұмыс істеуге бағытталған құжаттар;
- іскери хаттар;
- ақпараттық-анықтамалық құжаттар;
- нормативтік-жарлықшы құжаттар.
Ресми-іскери стильдің жалпы мәтінінің, оның міндетті нысандарының құқықтық нормаларға сай келуі емле қағидаларына, тыныс белгілеріне де тығыз байланысты. Ресми-іскери стиль әдеби тілдің көрінісі болғандықтан, онда қоғам мүшелері қабылдаған және мойындаған емле ережелері мен тыныс белгілері қатаң сақталуы тиіс.
Құжат мәтіндерінде берілетін ақпараттың ортақ мазмұны ісқағаздар тіліндегі кейбір формалардың стандартталуына ықпал етеді. Ісқағаздар тіліндегі стандарттылық кездейсоқ пайда болған құбылыс емес, ұзақ уақытқа созылған тіл тәжірибесінің, типтік іріктеудің нәтижесі. Әдеби тілдің басқа стильдік тармақтарымен салыстырғанда ресми-ісқағаздар стилінде стандарт тілдік бірліктердің кеңінен қолданылуы бұл стильдердің ойды анық жеткізу, мазмұнды дәл беру, барынша қысқа, барынша нақты тұжырымды талап ететін негізгі ерекшеліктерінен туындайды.
- Ақпараттық және сипаттама материалдары
Ақпараттық аударма - қандай да болмасын ақпаратты, мәліметтерді беру болып табылады. Ақпараттық аударманың өзі өз ішінде мынадай түрлерге жіктеледі:
- ғылыми-техникалық аудармаға ғылыми мақалалар, монография, техникалық сипаттама жатады. Әр саланың өзіндік қолданылатын қалыпты стилі, термині, мәтіндік құрылымы болады. Бұл саладағы шығармаларды аударуға сөздік те аздық етеді, кәсіби маман біліміне, тәжірибесіне де сүйенген дұрыс. Ғылыми мәтіндер қатаң морфологиялық және синтаксистік құрылымға ие, сөздің бірыңғай орамдары, біркелкі стиль қалыптасқан. Ғылыми-техникалық еңбектерді аудару көп салалы білімді қажет ететіндіктен, бұған білікті кәсіби маман ретінде бейімделген жөн
- ресми-іскери аударма. Ресми-іскери стильдің қарапайым үлгілерінен (өтініш, арыз, мінездеме және т. б. ) бастап күрделі түрлеріне (жарғы, жарлық, ереже, келісім және т. б. ) дейін қазақ тілінде көрініс тапты және олар түгелдей дерлік аударма процесі арқылы жүзеге асырылады.
- газеттік-ақпараттық аударма - жаңа мәліметтерді, тың деректерді, тосын оқиғаны оқырмандарға жеткізу. Мұндай мәтіндер әр алуан сипатта: қысқаша ақпараттық хабарлар, ресми хабарлар, мақалалар, шағын және кең көлемді сұхбаттар, тақырыптық әрі белгілі бір мәселеге қатысты мақалалар, хабарландыру, репортаж т. б. түрде беріледі. Алайда газет-журналдың қалыптасқан өзіндік бірыңғай, дербес стилі болады. Спорт газеттерінде спорттық стиль қалыптасқан сөз қолдану үлгісі болса, мәдениет баспасөзі эстетикалық, өнер ғылымы мәтіндеріне негізделеді. Әр саладағы баспасөздің өзіндік мақсат-мүддесі, идеологиялық нысаны, тақырыптық бағыт-бағдары қалыптасады. Газеттік-ақпараттық аударма өз ішінде екіге бөлінеді:
а) Газет мәтіндерін аудару. Түпнұсқаға деген дәлдік тұжырымын қатаң сабақтастыру негізінде жүргізіледі. Бұл көбінесе ресми ақпараттық хабарлар, саяси келісімдер, қаулы, жарғылар, қысқасы үкіметтік маңызды құжаттарда қатаң сақталынады.
ә) Публицистиканы аудару - қоғамдық өмірдің өзекті мәселелері мен құбылыстарына арналады. Публицистикалық мәтіндер оқиғалық, ақпараттық, сыншылдық-талдамалық, саяси пікірталастық болып келеді. Ғылыми-ақпараттық мәтіні процесті, шындық құбылысын сипаттайды, түсіндіреді, талдайды, алдын ала пайымдайды, шындықты теориялық тұрғыдан дәлелдейді.
- тұрмыстық аударма - тұрмыстық немесе іскери ауызекі сөйлеу тақырыптарына тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынастың диалогтік формасы жағдайында туындайды. Мұндай жағдайларда негізінен қандай да бір мақсатқа қол жеткізуге арналған өзара қарым-қатынасқа бағыттылған ауызша мәтіндер жасалады.
«Ақпараттық аударма» деп оқырманға шығармашылық-эстетикалық әсер ету емес, негізгі функциясы қандай да бір мәліметтерді хабарлау болып табылатын мәтіндерді аудару аталады. Мұндай мәтіндерге ғылыми, іскерлік, қоғамдық-саяси, тұрмыстық және басқа сипаттағы барлық материалдар жатады. Бұған көптеген детективтік әңгімелерді аударуды да, саяхаттарды суреттеуді де, очерктерді және таза ақпараттық хабарлауы көбірек болатын басқа да шығармаларды жатқызуға болады. Аудармаларды көркем және ақпараттық деп бөлу аудармада көрсетілуге тиіс түпнұсқаның негізгі қызметіне байланысты (эстетикалық әсер етуі немесе жай ақпарат беруіне) . Негізінде, жалпы алғанда, көркемдік аударманы талап ететін түпнұсқада тек ақпараттық қызметтерді орындайтын жекелеген бөлімдері, ал керісінше, ақпараттық мәтінді аударуда көркемдік аударманың кей элементтері (бөлшектері) болуы мүмкін.
- Публицистикалық материалдар
Газет-журналдардың мәтіні кең ауқымды. Түрлі ақпараттарға, мәліметтерге бай. Оның негізгі мақсаты - жаңа мәліметтерді, тың деректерді, тосын оқиғаны оқырмандарға жеткізу. Мұндай мәтіндер әр алуан сипатта: қысқаша ақпараттық хабарлар, ресми хабарлар, мақалалар, шағын және кең көлемді сұхбаттар, тақырыптық әрі белгілі бір мәселеге қатысты мақалалар, хабарландыру, репортаж т. б. түрде беріледі. Алайда газет-журналдың қалыптасқан өзіндік бірыңғай, дербес стилі болады. Спорт газеттерінде спорттық стиль қалыптасқан сөз қолдану үлгісі болса, мәдениет баспасөзі эстетикалық, өнер ғылымы мәтіндеріне негізделеді. Әр саладағы баспасөздің өзіндік мақсат-мүддесі, идеологиялық нысаны, тақырыптық бағыт-бағдары қалыптасады.
Газет-журналдар мәтінінің тілдік мағынасының құралы белгілі бір дәрежеде дайын күйдегі, кең қолданыстағы тіркестер, сөздер саналады. Газет-журналдардың мәтіні - толығымен нысаналы түрдегі когнитивтік ақпарат. Бұл тілдік құралдарының контексіне еш тәуелсіз ұғымдар түрінде сипатталады: бұл сандық мәліметтер, кісі атаулары, лауазымдары, атақ, дәрежелері, фирма, мекеме, ұйым, кәсіпорын, шаруашылық, географиялық атаулар.
Газет-журнал мәтіндерінде негізінен стилистикалық-тілдік жазба әдеби тіл нормасы қолданылады. Кейде ауызша сөйлеу тілі де қолданылады. Бұл кейіпкер сөздерін шығармаға автордың композициялық-идеялық мақсатында пайдаланылады. Сұхбаттарда да ауызекі тіл араласады. Бұл қалыпты жағдай. Оны түзетіп, әдеби өңдегенмен, бірақ түрлендіріп, әсірелеп, әдеби үлгіде қайта жасау жасандылыққа апарады. Әрі кейіпкер тілін, ойын бұрмалау саналады. Аудармада осы жай ескерілуі тиіс. Сонымен бірге баспасөз материалдарында тұрақты сөз тіркестері, кәсіби сөздер, салалық терминдер, нақыл сөздер жиі кездесетіндіктен, аудармашының біліктілігі, білімділігі талап етіледі. Газет-журнал мәтіндерінде дерек, мәліметтерді бұрмалауға, тастап кетуге болмайды. Ресми ақпараттарды аудару негізінде ондағы мәтін тұтастай сақталуы дәл жеткізілуі міндеттелінеді. Шағын хабарға аудармашы аты-жөні қойылмайды. Ол ұжымдық еңбектің нәтижесі әрі баспасөзге ортақ ақпарат саналады.
Үлкен көлемдегі танымдық, ғылыми-көпшілік, мәдени, әдеби мақала, зерттеулерде ой қайталанған жағдайда әрі оқырман талғамын ескеру негізінде, мәтінге қысқартып, ықшамдау қажеттілігі туады. Тұрақты сөздердің мағыналық байланысын, астарлы ойын аңғарып барып аудару тиімді. Газет-журнал мәтіндерінің тағы бір ойландыратын мәселесі -астарлылығы. Кейде журналистер оқырманға таныс кітаптардан, кинофильмдерден, мультфильмдерден, белгілі әндерден, дыбыс және жазба жарнамалардан дайын мәтін алып пайдаланады. Кейде ойда сақтала бермейтіндіктен, бұрмалап, өзгертіп қолданатын да жағдай кездеседі. Бұқаралық ақпараттың барлық көздерінде кең ауқымды ауызекі, контекст мүмкіндігінше пайдаланылады. Аудармашы оны қайта аударуға әрекеттенгеннен гөрі, дайын аудармасы болса, толық мәтін сипатында енгізгені дұрыс. Кейде ондай мәтін түпнұсқада өзгертіліп, автордың ыңғайына негізделсе, аудармада дұрыстығын көрсете отырып, түсінік жасай кеткен де орынды.
Газеттік-ақпараттық мәтінде көзге үйреншікті, дағдылы сөздер қолданылады. Бұлар көбінесе шет тілінен енген сөздер. Мысалы офис, супермаркет, лизинг т. б. дағдылы сөздер ақпараттың өзектілігін әрі оқырманның мәтінге деген сенімділігін арттырады. Мұндай жағдайда аудармашы лексикалық компенсация жағын ойлап, дәл баламасын таба білуі қажет.
Сұхбаттағы, авторлық мақалалардағы жасырын комизм үлгісі - иронияның, әзіл-сықақтың, әжуаның астарын аңғарып, бұзбай жеткізу - публицистикалық аудармашы шеберлігі. Публицистикалық аударма бірлігі - сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Аудармада барлық сәйкестік түрлерін табуға болады. Жалпы публицистикалық аударманы жақсы меңгеру - көркем аударма жасауға әзірліктің тиімді түрі.
Публицистикалық мәтіндегі күрделі сөйлемдерді аударуға синтаксистің айқындылығы айрықша маңызды. Сондықтан күрделі сөйлемді аудару кезінде түсініксіздікке ұрынудан сақ болған жөн. Қандай да бір бұрмалауға тап болмас үшін ұзақ, күрделі сөйлемді жеке қысқа сөйлемдерге бөліп аудару тиімді. Газет-журнал оқырманы неғұрлым қысқа, шағын, мағынасы айқын да дәл мәтін оқуды ұнататындығын ескеру қажет. Газет-журналдық аударма материалдарын редакциялау міндетті түрде түпнұсқамен салыстыру нәтижесінде жүргізіледі.
Публицистикалық ақпарат қоғамдық өмірдің өзекті мәселелері мен құбылыстарына арналады. Публицистикалық мәтіндер оқиғалық, ақпараттық, сыншылдық-талдамалық, саяси пікірталастық болып келеді. Ғылыми-ақпараттық мәтіні процесті, шындық құбылысын сипаттайды, түсіндіреді, талдайды, алдын ала пайымдайды, шындықты теориялық тұрғыдан дәлелдейді. Публицистикалық аударма таныстыру, ақпарат беру қызметін атқарады.
Көсемсөз, публицистика - халықтың, әлеуметтің, қоғамның мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін, күрделі мәселелерін қозғап, авторлық толғаныспен шынайы көрсететіндіктен де рөлі үлкен. Танымдық, қызықты, тағылымды публицистикалық аудармалардың да газет-журналдарда орын алуы оқырманды басқа әлемнің тыныс-тіршілігімен таныстырады. Әрі басқа ел баспасөзінің даму бағытын да көрсетеді. Публицистикалық аударма газеттің мазмұнын байытады, оқырманды тартады, баурайды. Аудармашылық құштарлықты ұштайды. Жаңа, тың дүние болып баспасөзге енеді.
БӨЛІМ II. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2. 1. Мәтінмен жұмыс
- Tourism
- Read and translate.
Twenty years ago not many people travelled overseas for their holidays. The majority of people stayed to have holidays in their country. Today the situation is different and the world seems much smaller.
It is possible to book a holiday to a seaside resort on the other side of the world. Staying at home, you can book it through the Internet or by phone. The plane takes you straight there and within some hours of leaving your country, you can be on a tropical beach, breathing a super clean air and swimming in crystal warm water of tropical sea.
We can travel by car, by train or plane, if we have got a long distance tour. Some young people prefer walking or hitch-hike travelling, when you travel, paying nearly nothing. You get new friends, lots of fun and have no idea where you will be tomorrow. It has great advantages for the tourists, who want to get the most out of exploring the world and give more back to the people and places visited. If you like mountains, you could climb any mountains around the globe and there is only one restriction. It is money. If you like travelling, you have got to have some money, because it is not a cheap hobby indeed. The economy of some countries is mainly based on tourism industry. Modern tourism has become a highly developed industry, because any human being is curious and inquisitive, we like leisure, visit other places. That is why tourism prospers.
People travel from the very beginning of their civilization. Thousands years ago all people were nomads and collectors. They roamed all their lives looking for food and better life. This way human beings populated the whole planet Earth. So, travelling and visiting other places are the part of our consciousness. That is why tourism and travelling are so popular.
Nowadays tourism has become a highly developed business. There are trains, cars and air jet liners, buses, ships that provide us with comfortable and secure travelling.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz