Қазақ тіл білімінде бейвербалды амалдардың зерттелу жайы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
ҚҰРМАНҒАЛИҚЫЗЫ ДАРИҒА
ОМОНИМ ЖӘНЕ СИНОНИМ БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚЫЗМЕТІ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5В020500 - «Филология» мамандығы бойынша
Алматы 2019
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Хаттама № __ «» 2018 ж.
Кафедра меңгерушісі,
ф. ғ. д., проф. Ермекова Т. Н.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы : Омоним және синоним мағыналы бейвербалды амалдардың коммуникативтік қызметі
5В020500 - «Филология» мамандығы бойынша
Орындаған Құрманғалиқызы ДҒылыми жетекші Сарбалина А
Алматы 2019
РЕФЕРАТ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
- БЕЙВЕРБАЛДЫ . . . 7Қазақ тіл білімінде бейвербалды амалдардың зерттелу жайы . . . 7Бейвербалды амалдардың лингвистикалық, психологиялық негіздері . . . 14
1. 3 Қазақ халқының ұлттық ерекшелігіне тән бейвербалды амалдар және аялық білім . . . 21
2БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚЫЗМЕТІ31
2. 1 Бейвербалды синонимдердің коммуникативтік қызметі . . . 31
2. 2 Бейвербалды омонимдердің коммуникативтік сипаты . . . 39
2. 3 Сәлемдесу амалдарының коммуникативтік қызметі . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 57
- БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қазақ тіл білімінде бейвербалды амалдардың зерттелу жайы
Тілсіз қарым-қатынасқа деген кызығушылық ежелгі дәуірлерден бастау алды. Ұлы грек философы Платон дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған. Цицерон шешендерге барлық жан қимылы ишаралармен үстемеленуі тиіс екендігі жайлы кеңес берген. Fалымдардың санасыз адам дәуірінен саналы адамның калыптасу дәуіріне дейінгі аралықта миллиондаған жылдар өткеніжайында, сол саналы ым-ишараты арқылы қарым-қатынас жасағандығы дәлелденді.
Дыбыстық тіл пайда болғанға дейінгі дәуірлерде адамдардың қарым-қатынас құралы ретінде ым тілі кызмет атқарған. Ш. Бекмағанбетов: «Адамзаттың дыбыстық тілі пайда болуының алдында сан мыңдаған, мүмкін, миллиондаған жылдарға созылған ым тілі дәуірінің өте ұзақ кезеңі болған» -
дейді [2, 16 б. ] .
Осындай ұзак дамудың барысында, адамдар арасындағы қарым-қатынас тәсілдерініңбipi бейвербалды амалдар қанша ғасырлар өтсе де, әpбip этнос болмысы мен қарым-қатынасында күні бүгінге дейін сақталуда. Ым тілі дәуірінде ым-ишара элементтері негізгі міндет атқарып, дыбыс тіліоларға көмекші қызмет қана атқарса, енді негізгі мағына бipтe-бipтe тіл дыбысына ауысты да, ым-ишара бүгінгі қарым-қатынаста қосымша қызмет атқарады.
Қарым-қатынас тілдік қатынасқа қоса хабарға немесе сөйлемге көмекші кызмет аткаратын бейвербалды амалдарды қажет етеді. Ceбeбi қатынас немесе көркем мәтін тілдік қарым-қатынастың сыртында дауыстың құбылмалы реңктерінен, тембрінен, қарқындылығынан, кимыл-әрекеттерінен, дене қимылдарынан, бет-әлпеттің өзгерістерінен де құралады. Олардың әрқайсысы баяншы мен қабылдаушы арасындағы қатынастың мақсатын ашады, түсінуге мүмкіндігін береді.
Бейвербалды амалдарды зерттеу алғаш Г. Спенсер, В. Вундт, Ч. Дарвин еңбектеріннен бастау алған. Ч. Дарвиннің 1872 жылы жарық көрген «Эмоцияның адам және жануарларда бейнеленуі» атты еңбегін атап өткен абзал [3] . 3epттеушітілдің шығу тарихы мен ым-ишараның дамуындағы байланыстарды ұштастырады. Ч. Дарвиннің қазіргі«бейвербалды амалдарға» қатысты айтқан тұжырымдары мен бақылауларын бүгінгі күні әлемнің барлық ғалымдары мойындайды. Зерттеуші осы күнгі адамда байқалатын айтайын деген бip ұғымды жеткізуге арналған ерте кездегі ата- елеулі орын алған әрекеттердің қалдығы екендігін айтады. Содан бepi көптеген ғалымдар бейвербалды амалдардың анықтай келе, адам өмірінде қайсысы қандай қызмет атқаратынына айрықша назар аударған. Мәселен, француз психологы Альберт Мейербиан қарым-қатынас кезінде вербалды амалдар (тек сөз) жеті пайыз, дыбыс, интонация отыз сегіз пайыз, бейвербалды амалдар елу бес пайыз қолданылады деген пікірайтқан. Ал профессор Бердвислл адамдар қарым-қатынасында отыз сегіз пайыз сөз, алпыс бес пайыз хабар бейвербалды амалдардың көмегімен беріледі деп тұжырымдайды [4, 13 б. ] .
Әрине, бұл статистикалық мәліметтер қазақ халқының қарым-қатынасында қолданылатын бейвербалды амалдардың негізінде жасалмаған. С. Татубаев: «Казахов нельзя отнести к . Раньше, да и сейчас по этикету не рекомендуется интенсивная жестикуляция (здесь мы не касаемся вопросов, связанных с типом высшей нервной деятельности, в том числе и с темпераментом индивидумма) », - деп ой түйеді [5, 6 б. ] .
Бейвербалды амалдардың қарым-қатынас құралынаайналуында адамның дене мүшелерініңбәpi де қатысады. Осыған байланысты шетел және орыс тілі бөлімінде «Язык жестов», «Языка тела», «Язык лица» т. б. еңбектер, зерттеулер жарық көрген.
Тіл білімінде бейвербалды амалдарды паралингвистика (грек тілінде пара - қасында, жанында және латыннын lingua - тіл деген сөздерінен құралған) қарастырады. Паралингвистика терминін қырқыншы жылдары американдық зерттеуші, ғалым А. Хилл енгізген. Лингвистикалық түсіндірме сөздікте бұл терминге мынандай анықтама берілген:
- сөйлеуде қолданылатын мағыналы хабар жеткізетін, бipaқтілге жатпайтын кұралдар;
- тілдік байланысқа қатысатын тілдік емес (вербальды емес) құралдардың жиынтығы [6, 162 б. ] .
Бейвербалды амалдар - да жоғалтпаған мәселелердіңбipi. XX ғасырдың елуіншіжылдарынан бастап бұл сала аса үлкен қарқынмен зерттелді. Шетел тіл білімінде бейвербалды амалдар елуіншіжылдардың басында қолға алынды. Дж. Трейгер, М. Джос, Т. Сибеок, Ч. Хоккет, М. Уәст, Р. Бердвислл т. б. лингвистердің еңбектерінде, П. Бэтсон, П. Оствальд, У. Лабарр, А. Шефлен, М. Уэст, К. Л. Пайк т. б. психологтардың еңбектерінде сөз болып, ғылыми зерттеулер жарык көpдi.
Терминді алғаш ұсынған ғалым А. Хилл болса, жаңа ғылым саласының зерттеу нысанын белгілеген, бейвербалды амалдар мәселесін алғаш ғылыми тұр ғыдан зерттеушілердіңбipi - Дж. Трейгер. Зерттеуші бейвербалды амалдарды кинесика және паралингвистика деп екіге бөліп қарастырады. Паралингвистикалық амалдарға просодикалық, яғни, дыбыстық ерекшеліктерді жатқызады. Бұл кезде тек ауызша сөйлесу үлгілері ескеріледі:
- вокализациялар - құрылымы жоқ кейбір дыбыстыққұбылыстар;
- дауыс ерекшеліктері - бейвербалды дыбыстық өзгешеліктер. Ғалым тілдік құрылыммен байланысуына карай вокализациялар мен дауыс ерекшеліктерін жеке-жеке топтастырады.
Дж. Трейгер кинесикалык амалдарды дене қозғалысы, ишара, мимика т. б. жиынтығы ретінде қарастырады [7] .
Дж. Трейгердің осы еңбегінен басталған бейвербалды амалдарды топтастыру, жіктеу проблемасы өзінің даму, қалыптасу кезеңдерін бастан өткерді.
1-сурет-Дж. Трейгер классификациясы
Қарым-қатынастың бұл түpi қазақ ты былмшде тек соңғы жылдар жемкт болса да, бейвербалды амалдардың кызметі туралы ойларды, терең тұжырымдарды ертеден кездестіруге болады. Атап айтсақ, бейвербалды амалдар туралы көзқарастар, алғашқы ойлар қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Қ. Жұбанов еңбегінде кездеседі. Fалым ымның ерекшелігі туралы былай дейді: «Ауызекі сөйленетін сөздердің андай-мұндай қисығын елетпейтін басқа жағдайлар бар. Дыбыстап сейлеген сөздің олқысы, көбінесе, ыммен толығады, Tiпті бipініңтілін бipi білмеген я болмаса, бірінің тілі мүлде жоқ болған уакытта да, ыммен ылаждап түсінуге болады» [8, 148 б. ] .
Қ. Жұбановтың ойынан бейвербалды амалдар ауызекі тілдің ажырамас бөлігі екенін, сонымен қатар қарым-қатынасқа көмекші компонент ретінде рөл атқаратынын аңғаруға болады. Қ. Жұбанов бейвербалды амалдардың қатысымдық қызметімен қатар, ұлттық - мәдени ерекшелігіне талдау жасайды. Бейвербалды амалдардың әр түрлі халықтарда өзіндік сипатымен, ерекше жүйесі мен қолданылатындығын ескеріп, сол арқылы әр түрлі халықтың этиникалық әрі психологиялық табиғатын сұрыптауға мүмкіндік беретінін айтып кетеді. Ғалым сол кездің өзінде баспаға «Элементы кинетической сигнализации в женской речи казахов» деп аталатын зерттеуін дайындаған. Бірақ, өкінішке орай, аталмыш зерттеу бізге жеткен жоқ.
Сондай-ақ тілші М. Балакаевтың зерттеу еңбектерінде де бейвербалды амалдарға қатысты мәселелер сөз етіледі. Ғалым бейвербалды амалдарды сөйлеудің қосымша амал-әрекеті ретінде қарастырады. « . . . Сөйлеу әр уакытта сөйлеу жағдайында өтеді: дауыс ырғағы, екпін, қимыл, ым, нұскау, қол көтеру, көз қысу, бас изеу, күле, ызалана . . . сөйлеу, бәрі - ойды дәл жеткізе айтудың қағазға түсе бермейтін қосымша амал-әрекеттері, - деп қорытындылайды [ 9, 86 б. ] .
Қазак тіл білімінде бейвербалды амалдар мәселесі соңғы жылдары айналып келе жатыр. Бұл ретте М. Мұкановтың, А. Кайдардың, Қ. Қажығалиеваның, Ж. Өмірәлиеваның, Ә. Оразалиеваның баяндамаларын, ой-тұжырымдарын атап өткен абзал. С. Татубаевтың «Жесты как компоненты искусства» атты еңбегі жарык көрді [5] . Бейвербалды амалдар мәселесіне байланысты С. Бейсембаеваның «Невербальные компоненты коммуникации в казахском языке»деген кандидаттық диссертациясы, М. Ешимовтің «Ым семантикасы: универсалды және ұлттык табиғаты» атты ғылыми еңбегі жазылды [10-11] . Сондай-ақ Б. Момынова мен С. Бейсембаеваның авторлығымен жарык көрген еңбегі ым мен ишараттың сөзде де осы мәселені зерттеп-тануға арналған пайдалы [12] .
Психолог-ғалым М. Мұқановтың зерттеуі қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмысында кездесетін ұлттық-мәдени сипатқа ие бейвербалды амалдарды алғаш психология ғылымымен байланыстыра талдауымен бағалы. М. Муканов қазақ халқының тұрмысында кездесетін бейвербалды амалдардың 28 түрін жинақтай келе, бірнеше топқа жіктейді: сәлемдесу амалдары (көpicy, сәлем ету) ; алғыс айту амалдары (ас қайыру, сарқыт беру, бата беру) ; үлкендерді немесе сыйлы адамдарды қошеметтеу амалдары (бас беру, жездеге төс беру, ауыз тию, жолаушының түcyi, ақ байлау) ; тілек амалдары (бата беру) ; кемсіту немесе қорлау амалдары (тepic бата беру, келген кісінітабалдырықта қабылдау, келген адамға ішек-карын беру) ; қайғылы амалдары (жылау, көpiciпжылау, ) ; ант, серт амалдары; тұрмыс амалдары (шашу, кесені төңкеріп қою, дастархан қайыру) ; салт-дәстүр амалдары (ерулік, iскелсе шығарып салу) ; таңғалу амалдары (бетім-ай) ; өтініш амалдары (кіндік шешенің құттықтауы) [13, 110-115 б. ] .
М. Муканов бейвербалды таңбалар мен ишараларды бөліп карастырады. Олардың арасындағы айырмашылықтарды өз еңбегінде атап өтеді. Fалым: «В этой связи, прежде всего, заметим, что жесты несут в себе некоторую коммуникативную функцию постольку, поскольку они сопровождают речь на том или ином языке. Однако самостоятельной функцией они не обладают. В отличие от жестов невербальные знаки употребляются специально, часто с сознательным намерением для определенных целей, тогда как жесты протекают непроизвольно. Такое своеобразие касается прежде всего знаков этническо-бытового характера», - дейді [13, 109 б. ] . М. Мұқанов бейвербалды амалдар мәселесіәлі зерттеле қоймаған, зерттелуді кажет ететінөзекті тұжырымдайды: «Конечно, изучение этих знаков не преследует утилитарных целей, мы изучаем их не для того, чтобы пользоваться ими. Однако знаки, которые здесь приведены, насколько нам известно, до сих пор некем не описаны. Между тем они сейчас повсеместноисчезают. интересным запечатлеть такие штрихи истории развития средств коммуникации между людьми (это в свою очередь поможет создании болееадекватной теориикоммуникации) . Кроме того, поиск этом направлении должен содействовать уяснению того, как меняются новые в связи с величайшими историческими переменами в жизни ранее угнетенных народов Востока, в том числе казахов» [13, 117 б. ] .
С. Татубаев еңбегінде қазақ мен опера, драма өнерінде кездесетін ишараларды салыстыразерттейді. Автор: «Күнделіктіқарым-қатынаста қолданылатын ишаралармен драма және операда кездесетін ишаралардың бip-бipiненайырмашылығы жоқ. Өйткеніқарым-қатынаста жәнесахна өнерінде беретін мағынасы мен аткаратын кызметі бірдей», - деп өз ойын қорытындылайды [5, 108 б. ] .
Зерттеушіөнердің ең маңызды кұралының бipi бейвербалды амалдар екенін айтып кетеді.
Академик А. Қайдар қазақ қауымында өзіндік мағына-мәні бар тізе бүгу, қол шапалақтау, жұдырық түю, сақал сипау т. б. амалдарды иммитациялық әрекеттер деп карастырады.
С. Бейсембаеваның ғылыми еңбегінде коммуникацияның бейвербалды компоненттерінің ұлттық-мәдени ерекшеліктері сараланды және олардың аудармасы, фразеологизмдермен сәйкестік дәрежесіанықталды. Ғалым еңбегінде қазақ тіліндегіқарым-
классификациясы алғаш рет ұсынылды [10] .
М. Ешимовтың диссертациясы әр түрлі халықтар қарым-қатынасындағы бейвербалды амалдардың ұқсастықтары мен айырмашылығын, әлеуметтігін анықтауға арналған [11] .
Бейвербалды амалдарға қатысты пікірлерді Г. Сәрсекенің зерттеу жұмысынан кездеседі. Ғылыми еңбекте Р. Сейсенбаев шығармаларындағы кейіпкерлердің бет өзгеруін, ым, дене қимылы және дене тұрысын сипаттайтын сөздер мен сөз . «Көркем шығармада кейіпкерлердің бет, дене қимылы және дене тұрысы тілдегі етістік және есімді сөз тіркестері аркылы суреттеледі. Әcipece, грамматикалық сипатына орай етістікті сөз тіркестері- қолданылу жиілігі жоғары», - дей келе, бармағын тістеді, басын шайқады, қасын керді, ерні дірілдеді, аузын ашты т. б. сияқты мысалдар келтіреді [14, 127 б. ] .
Tүpкi тілдерінде бейвербалды амалдарға байланысты А. Н. Нұрманов, М. М. Саидханов зерттеулерінің маңызы зор. Зерттеушілердің еңбегінде түркітілінде бейвербалды амалдар мәселесі әлі де қолға алынбаған сала екендігі сөз болады. «Паралингвистикалық амалдар әмбебап және барлық халықтың, қарым- қатынасында кездеседі. Дегенмен, бұл амалдар бip ғана ұлт екеніне тән бола отырып, ұлттық-мәдени негізде болуы мүмкін. Бip этностың, қарым-қатынасында кездесетін паралингвистикалық амалдар екендігінбip этнос екені мүлдем түсініксіз болып келеді. Сондықтан басқа халықтың тілін үйренгенде, бейвербалды амалдарға да назар аудару керек. Бұл амалдар әcipece, түрік халықтарында әлі де зерттелмей келе жатқан өзекті мәселелердіңбipi», - деп тұжырымдайды [15, 61 б. ] .
Жалпы басқа тілдермен салыстырғанда бұл мәселе орыс тіл білімінде ғылыми еңбектер, теориялык зерттеулер, оқулықтар түрінде тереңірек зерттелген. Атап айтқанда, орыс тіл білімінде Т. М. Николаева, Л. А. Капанадзе, Е. В. Красильникова, Н. И. Смирнова, Г. В. Колшанский, Р. П. Волос, А. А. Акишина, А. В. Филиппов, Н. В. Глаголев, И. Н. Горелов, Е. М. Верещагин, В. Г. Костомаров, Е. Я. Кедрова, З. З. Чанышева, Т. Т. Железанова, Н. И. Формановская, В. Д. Девкин, В. А. Лабунская, С. К. Сопожников, С. Б. Гончаренко, Г. А. Ковалев сынды ғалымдардың еңбектерінде бейвербалды амалдар мәселесіне әр қилы тұжырымдар жасалып, құнды ғылыми пікірлep айтылған [16-37] .
Бейвербалды амалдарға байланысты зерттеулерді герман тілдерінен кездестіреміз. Мәселен, Н. Л. Грейдинаның «Взаимодействие вербальных и невербальных средств в коммуникативном акте» [38], В. Б. Беглованың «Лексика поля «кинесика» (казіргі ағылшын тілі материалдары бойынша) » [39], А. В. Дементьевтің «Семантико-функциональные аспектыкинематических речении в современном английском языке» [40], И. В. Серяковтің«Лексико-семантические и коммуникативно - функциональные особенности языковых единиц, описывающих невербальное средство коммуникации «голос» в современном английском языке» [41], О. А. Яноваяның«Номинативнокоммуникативный аспект обозначения улыбки как компонента невербального поведения» [42] атты ғылыми еңбектері ағылшын тілінің материалы бойынша жазылған болса, Р. Ф. Шлапаковтың«Номинации кинесических средств речевого общения как лексикографическая проблема» (казірігі неміс тілісөздіктері бойынша) [43] тәрізді еңбектері неміс тілінің материалдары негізінде жазылған.
Бейвербалды амалдар - ауызекі сөйлеу тілінің ажырамас бөлігі. Қарым- қатынас кезінде бейвербалды амалдар тілдік амалдармен қатар қолданылып, сөйлесім әрекетін жеңілдетеді. С. Аленикова: «Біз ишарасыз, ымсыз сөйлей аламыз ба? Күмәнданамыз. Өйткені, ымсыз, ишарасыз біздің қарым-қатынасымыз қиындай түседі. Ым-ишара сөйлесім әрекетіне қосымша мағына бepiп, толықтырып отырады», - деп тұжырымдайды [44, 143 б. ] . Т. М. Николаеваның: «Любая речь не сводится только к вербальному языку; без специфических невербальных средств (мимики, жеста) речь неестественна, мертвенна», - деген ойынан бейвербалды амалдардың сөйлеудегі атқаратын кызметін анғаруға болады [45, 250 б. ] .
Тіл білімі, этнография, педагогика, психология салаларындағы ғалым-мамандардың бақылауларында Латын-Америка мемлекеттері: Италия, Испания елдеріүшін бейвербалды амалдар қарым-қатынастың маңызды элементі болып табылатындығын көрсетті. Ал Солтүстік халықтары бейвербалды амалдарды азыраққолданса, Жапония халқы тіптіаз пайдалатындығын анықтады. Бейвербалды амалдар ұғымының тіл білімді психология, психолингвистика, физеология, әлеуметтік лингвистика, семиотика, лингвомәдениеттаным және т. б. пәндердің тұрғысынан берілген түсініктемелері жиі кездеседі және әр ғалымның анықтамасы, бейвербалды амалдарды топтастыруы әр түрлі.
Бейвербалды амалдар туралы Женева мектебінің өкілі Ш. Балли өзінің «Общая лингвистика и вопросы французского языка» атты еңбегінде: «Ишара, дене қозғалысы, әсіресе, мимика басқа да тілдік белгілер сияқты белгілібip мағынаға ие», - дейді [46, 51 б. ] .
В. М. Верещагин, В. Г. Костомаров бейвербалды амалдарды іштей екіге бөлінуін қарастыруды ұсынады:
- Соматизм тілі. Бұл топқа ишара, дене қалыбы, мимика, бет-әлпет кескіні және әр түрлі адам жүзінде байқалатын психосоматикалык симптомдарды енгізілді.
- Fұрыптық тіл. Бұл топқа бip әлеуметтік топтың әдет-ғұрпымен, этикетімен, салт-дәстүрімен байланысты дене қимылдарын жатқызады [47, 197-198 б. ] .
Г. В. Колшанскийдің кез келген еңбегін алып қарасақ та, бейвербалды амалдарға қатысты айтылған көптеген құнды ойлар мен тұжырымдарды кездестіруге болады. Ғалым бейвербалды амалдардың зерттелуіне шолу жасай келіп, өзінің «Паралингвистика» деген еңбегінде былай дейді: «Паралингвистикалық амалдар тілдік қатынаспен қатар қолданылып, қосымша хабар береді. Бұл амалдарға әр түрлі дыбыс ерекшеліктері сонымен қатар мимика, ишара, дене қимылдары жатады» [48, 33 б. ] .
Өзбек тілі материалы негізінде паралингвистикалық амалдарды зерттеуін А. Н. Нурманов, М. М. Саидханов: «Паралингвистикалык амалдар ауызекі сөйлеу тілінде көмекші кұрал ретінде қолданылса, жазба тілінде етістіктер арқылы беріліп отырады», - дей келе, өзбек тілінде кездесетін бейвербалды амалдардың кинетикалық, мимикалық, фонетикалық сияқты үш түрге топтап көрсетеді[15, 62 б. ] .
Н. И. Смирнова «Невербальные аспекты коммуникации» атты ғылыми жұмысында бейвербалды амалдарды Дж. Трейгердің тұжырымын басшылыққа ала отырып кинетикалық (ишара, мимика) және паралингвистикалық(темп, мелодия, пауза т. б. ) сияқты топтарға жіктеуді ұсынады [49, 3 б. ] . Зерттеуші: «Қарым-қатынасты тек тілдік, яғни вербалды амалдармен ғана емес, сонымен қатар бейвербалды амалдар арқылы да жүзеге асыра аламыз», -деп тұжырымдайды [49, 5 б. ] .
Тілші Ж. Өмірәлиева «Под паралингвизами мы понимаем языковые единицы, возникающие в процесе невербальной коммуникации план выражения которых представлен различными невербальными средствами
манифестации межсубъектного взаимодействия», - деп анықтама берекеле, , кинесика, физиономика және проксемика деп төрт тармаққа топтастырып, өз тұсынан құнды пікірлер айтады [50, 34 б. ] .
Ә. Н. Оразалиева: «Паралингвистика тілі дымы қарым-қатынастың кинетикалык компоненттерін, олардың түрлерін, фонациялық дыбысерекшеліктерін, графикалықүлгілерін анықтай отырып, олардың көркем әдебиет мәтінінде аткарар қызметіне сипаттама беруге әpi сөйлесім әрекетініңұлттық-мәдени өзгешелігін сұрыптауға мүмкіндік береді», - дейді [51, 10 б. ] .
Бейвербалды амалдардың зерттеулі жайына шолу жасай келе, бейвербалды амалдар тек түркіхалықтарына ғана тән емес, ол барлық халықтыңқарым-қатынасында бар әмбебап құбылыс. Дегенмен бейвербалды амалдарды әр ұлт мәдениетіне тән ерекше құбылыс ретінде қарастыру әлі де толыққанды сипаттама емес деген қорытынды жасауға болады. Аталмыш мәселе -әсірессе , түркі тілдерінде әлі де зерттеудіқажет ететін күрделі мәселелердің бірі . Сондықтан бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарының болашағы зор.
1. 2Бейвербалды амалдардың лингвистикалық және психологиялық негіздері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz