Кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғалық қалыптасуы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
«Тұран-Астана» университеті
Бизнес және ақпараттық технология факультеті
«Педагогика және Психология» кафедрасы
Эссе
Тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғалық қалыптасуына мектеп пен ата-ананың өзара әрекеттесуінің теориялық мәселелері.
Дайындаған: П-16-1 тобының студенті Аманжол М. Қ
Тексерген: Пс. каф. профессоры және меңгерушісі Нағымжанова К. М
Астана 2019 ж
МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар
Кіріспе
1. Кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғалық қалыптасуына мектеп пен ата-ананың өзара әрекеттесуінің теориялық мәселелері
1. 1 Кіші мектеп жасындағы даму ерекшелігі
1. 2 Кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғалық қалыптасуына мектептегі білім берудің ықпалы
1. 3 Отбасының кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғалық қалыптасуына ықпалы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы //Астана, 17 қаңтар 2014. http://www. аkоrdа. кz /kz/pаgе/pаgе_215750
2. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар http://www. аkоrdа. kz
3. НазарбаевН. Қазақстан халқына жолдауы //Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму. 2015 жылғы 30 қараша
4. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» http://www. іnfоrm. kz/kz/еlbаsy-mаkаlаsy-bоlаshаkkа-bаgdаr-ruhаnі-zhаngyru_а3016293
5. Қазақстан Республикасының «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» атты стратегиялық жоспары
6. ҚР Үкіметінің 23 тамыз 2012 жыл № 1080 бұйрығымен бұйрығымен (13. 05. 2016 №292 өзгертулер енгізілген)
АНЫҚТАМАЛАР
Кіші мектеп балалық кезеңі - бұл 7-11 жас арасындағы жеке тұлғаның әріқарай дара-психологиялық дамуы және әлеуметтік-адамгершілік сапаларының қалыптасуы процесі
Өзара әрекеттесу - мектеп пен ата-ананың өзара балаға қойылатын талаптардың өзара бізіді, жүйелі болуы.
Бастауыш саты - оқушыда, оның интелектісі дамуының іргетасы танымдық әрекеті қалыптасуының куатты жүретін кезеңі. Танымдык түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіптеп, оның белгілі бір бағыты жүйелі «арнамен жүруін» қамтамасыз етеді; жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістері қалыптасып, ырықты, зейін, рефлексия, өзін-өзі бақылау, әрекет амалдың ішкі жоспары сияқты нысандар пайда болады.
Білім беру жүйесін дамыту, мазмұнын жаңарту - оқушыларға тек белгілі бір білім, іскерлік, дағдылар жиынтығын меңгерту емес, оқушы тұлғасын дамыту, өмірдегі кездесетін көкейкесті мәселелерді өздігінен тиімді шешуге, жеке тұлға ретінде қалыптасу барысында өзін-өзі анықтауына, әлеуметтенуіне, қоғамда және түрлі ортада өзіндік орнын табуға мүмкіндік беретін білім, тәжірибе және түрлі қабілеттерді меңгертуге бағытталған.
Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар тұлғалық қалыптасуынан тұрады.
ҚЫСҚАРТУЛАР
Т. б. -тағы басқа
Т. с. с. - тағы сол сияқты
ЭК -эксперименткейінгі
ЭД - экспериментке дейінгі
ЭТ - эксперимент тобы
БТ - бақылау тобы
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Зерттеу тақырыбы қазіргі уақыттағы өзекті мәселелердің бірі стресс, мазасыз, үрейге бағытталған. Себебеі балалардың бойында қоршаған ортадағы түрлі себептерден пайда болатын мазасыздықтар негізінде үрейлердің пайда болуы адам бойындағы түрлі келеңсіз жайттарға әкелуі мүмкін. Біз таңдап отырған зерттеу жұмысы бала бойындағы үрей мәселесі. Ұрпақ денсаулығы, дамуы болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам»[1], «Қазақстан - 2050» [2] стратегиясында сонымен қоса 2017 жылғы Елбасының [3] «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және 2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: [4, 5] өсім, реформалар, даму» атты Жолдауларында адам денсаулығы, оның ішінде психологиялық денсаулық мәселесі назардан тыс қалмай келе жатқандығын айтуға болады. Бұл таңдалған тақырып өзектілігін нақтылай түсері сөзсіз. Себебі бала бойында пайда болған үрейді дер кезінде жеңбейтін болсақ психологиялық денсаулығының нашарлауына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтанда зерттеу жұмысының өзектілігі күмән туғызбайды.
Балалардағы үрейлер проблемасымен көптеген ғалымдар айналысқан. Мысалға, М. М. Безруких пен С. П. Ефимова балалар да болатын үрейдің себептерін белгілеуде Боулбидің үлкен үлес қосқанын, сонымен қатар ауырсынуды да туғызатын оқиғалар мен жағдайлардың ауырсыну сезімінің барлығына байланыссыз үрей тудыруы мүмкіндігі туралы тұжырымдама жасаған Рэчменнің еңбегін атап көрсетеді. Черясворт үрейдің индикаторларының тізбесін ұсынған. Төменгі мектеп оқушыларында кездесетін мазасыздық мәселесінен арылту үшін А. М. Прихожанда көптеген әдістер мен тәсілдер әзірленген.
А. И. Захаров [6] отандық және әлемдік тәжірибеде алғаш рет күндізгі және түнгі үрейлердің туындауы және дамуы себептерін қарастырған. Әртүрлі факторларда, соның ішінде бірінші кезекте отбасылық қатынастардың осындай үрейлердің қалыптасуына ықпалын көрсететіне статистикалық мәліметтер келтірген.
Осы мәселені зерттеудің тағы да бір өзектілігі жасы өсе келе балалардың мінез-құлық түрткісі (мотиві), қоршаған ортаға, үлкендерге, құрбы-құрдастарына, отбасына деген көзқарасы өзгеретіндігімен де анықталады. Яғни, тәрбиешілер мен мұғалімдер жас өспірімде болып жатқан осы өзгерістерді аңғарып және осыған сәйкес өз қарым-қатынастарын мейілінше жөндей алса, баланың жүйке-психикалық денсаулығының ары қарай дамуына негізі болып табылады.
Өкінішке орай, көп жағдайда үрей тәрбиешілердің өздерінің кінәсінен туындайды, ендеше, біздің борышымыз - олардың байқалуының алдын алу және балаларды тасжүректіктен немесе керісінше, шектен тыс өбектеуден, болмаса, тәрбиелік ықылассыздықтан, отбасындағы келеңсіздіктер кесірінен туындайтын үрейлерден қорғау.
Үрейлерді бастан кешуді мазасыздық жағдайынан айыра білген жөн.
Мазасыздықтың үрейлерден айырмашылығы - бұл беймәлім және анық емес қатердің қайғысы. Үрейде де, мазасыздықта да толқу және алаңдаушылық сезімі түріндегі ортақ эмоционалды компонент бар, яғни, қос ұғымда да қатерді түйсіну немесе қауіпсіздік сезімінің жоқтығы көрініс тапқан. Үрей мен мазасыздық жиі бірге кездеседі.
Балалардағы үрейлер мен мазасыздық деңгейін психотүзету жұмыстарын ұйымдастырудың жоғары рөлі жайында көптеген ғылыми жұмыстар мен зерттеулер кездеседі.
Дегенменде бала бойындағы үрейді жеңу мәселесі әлі де болса өз деңгейінде шешімін толық таба қоймағындығы, қазақ тіліндегі зерттеулердің аздығы диссертация жұмысын « Бала бойындағы үрейді жеңудің педагогикалық-психологиялық негізі» деген тақырыпта таңдауымызға негіз болады.
1. Бала бойында үрейдің пайда болуының теориялық негіздері
1. 1 Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Қазіргі уақыттағы барлық талаптардың бірі - әлемдік деңгейде білім беру. Бұл заңды себебі біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, моральдық негізгі факторлардың кеңеюінде.
Бала мектеп табалдырығын алғаш аттағаннан бастап бәрін білсем, үйренсем деп үміттенеді. Нақтылы ойлауға шамасы жетпей жатса да, азамат болсам деп армандайды.
Кіші мектеп жасындағы балалар өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Кіші мектеп жасындағы оқу анықтамалары - қиын да күрделі. Бұл кезеңдегі балалардың бірден бір ерекшеліктері ой-өрісі тар және тіл байлығы кем, сабаққа қарағанда ойнағанды көп ұнатады.
Ал қоғам талаптарына жаһандануға сәйкес келетін күнделікті өзгеріп отыратын, ауқымдар кеңейіп келеді. Еліміздің өркендеп өсуі үшін біз ұрпақ тәрбиесіне жауаптымыз. Қазіргі таңдағы білім мен ғылымның қарыштап дамуы да, әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті болуда ұрпақ тәрбиесі мен білімділігінің ең жоғары дәрежеде болуын талап етеді. Демек бұл ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығын сүйенеді. Ал адам денсаулығына келетін болсақ мықты болуы оның психологиялық дұрыс дамуымен тікелей байланысты болып келеді. Демек бала бойындағы үрейді жеңуде оның тұлғалық қалыптасуын тереңінен қарастыруымыз керек.
Кіші мектеп жасындағы жас балалардың әр түрлі физикалық сипаттамалары бар. Сол себепті оны назарда ұстау мұғалімінің қабылдауында. Олар балалардың шаршамауы жақсы жетілмегендіктен психикасына көп көңіл бөлуі қажет. Жүйке-жүйесінің даму жүйесі 7 жастағы балада 1250 грамм әлі жетілмеген ми болып табылады. Осы жаста баланың танымдық процесі тұрақсыз болып келеді. Оларда пассивтілік басымырақ. Олар - алаңдағыш, өте қозғыш. Тәжірибелі мұғалімнің жұмыс жасауы ол үшін қызықты, бірақ бала толық жаңарту жетілмегендіктен кейбір сәттерді орындау олардың жүйке жүйесінің сабақтарында назар аударудан басталады. Сондықтан сабақтар көбіне - ойын сабақтары түрінде өтеді.
А. Ш. Танирбергенова өз зерттеулерінде оқу іс - әрекетінің[7] негізгі саласы еңбек процесі нәтижелі болуы үшін қажетті білімді, дағдыны жүйелі түрде игеру қажет екені анықталған. Оқу іс-әрекеті арқылы балаға қоғамда ғасырлар бойы жинақтаған білімнің асыл мұра тәжірбиелері беріледі. Оқу материалдары мен ақпараттарды қабылдау бала психологиясына зор ықпалын тигізеді. Себебі ұғынуы өте қиын болғандықтан, оқу әрекетінің өзіне тән бір түрткілері болады. Тәрбиелеу мен оқытуда мұғалім осы бір ниеттерді білу керек. Бұл кезеңде балалардың білім алуға, жаңаны білуге деген мотивациясы жоғары деңгейде болады.
Баланың даму психологиясын, даралық және жекелік қасиеттерін, ерекшеліктерін ескере отырып, сабақтың нәтижелі болуына бірден бір әсерін тигізетін фактор болып табылады. Сондықтан да мұғалім әрдайым нәтижеге қол жеткізу үшін осыны есінде ұстау керек. Кіші мектеп жасындағы баланың психологиясы тек жас ерекшеліктерімен ғана емес оның әлеуметтік ортасына, отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне, және қабілеттеріне тікелей тәуелді болады.
И. А. Зимняя еңбегінде кіші мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Олар бұл кезеңде анатомиялық жағынан олардың сүйектерінің жетілуі нығаюы, бұлшықеттерінің жетілуі байқалады. Сондықтанда кіші мектеп жасындағы балалардың мектеп парталарында отыруының да белгілі бір физиологиялық заңдылықтарға сәйкес жасалынғаны дұрыс [8] .
Жекеленген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың кіші мектеп жасында жүзеге асады. Кіші мектеп жасы кезеңінде қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеттрін жоғары деңгейде ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапалары меңгеріледі. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге байқампаздығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.
Кіші мектеп жасындағы бала тұлғасының қалыптасуындағы өзгерістер едәуір маңызды болып табылады. Бұл жаста балалардың мінез-құлқы аңғалдықтан, жанамалылыққа, яғни саналылыққа, ырықтылыққа т. б ауысады. Балалар өздерін белсенді басқаруды, өз іс-әрекеттерін қойылған мақсатқа, саналы ниеттер мен шешімдерге сәйкес құруды үйренеді. Мұның өзі мотивациялық қажеттілік саласының жаңа деңгейінің пайда болғанын дәлелдеп тұр, және де тұлға дамуының маңызды көрсеткіштері болып табылады. [9] .
Баланың мектепке келуі және соған байланысты өміріндегі өзгерістер, жаңа бейнелер оның әлеуметтік жағдайын түбегейлі өзгертеді. Қоғамдық қатынастар жүйесінде ол жаңаша түрде кездеседі. Үлкендермен қарым-қатнас кіші мектеп жасындағы балалардың дамуына ықпал ететін негізгі фактор. Психологтар (Б. Г. Ананьев, В. В. Давыдов, В. К. Шабельников, т. б. ) зерттеулерінде балалардың әлеуметтік және жеке білімдерімен өмір тәжірибесінде адамзат қоғамының жетістіктерін, рухани байлықтарын игеріп, тұлғалық ерекшеліктерін, дүниетанымын қалыптастырып отыру қажеттілігі айқындалады. Кіші мектеп жасындағы балалардың жеке басының қалыптасуында, әсіресе оның психикалық дамуында негізгі шешуші рольді оқу әрекеті атқарады. Бұл жолда баланың ғылыми білімдерді қарқынды меңгеруі жүреді, ақыл-ой және таным үрдістері дамиды.
Оқу-тәрбие үрдісінде, әсіресе, кіші мектеп жасындағы оқушылары үшін ұстаздың алатын орны ерекше екені айтпасада белгілі. Баланың оқу әрекетінің қалыптасуында да, мінез-құлқындағы кейбір көріністерінің не жойылып, не күшейіп кетуінде де ұстаздың ықпалы зор. Сондықтан да осы жас кезеңіне сай, бала психикасының қалыптасу ерекшеліктерін қарастыру, даму процесінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерін анықтауымыз қажет. Соның нәтижесінде тұлғалық ерекшеліктеріндегі мінез-құлқында қиындығы бар оқушылармен арнаулы жұмыстар жүргізу қажет.
Кіші мектеп оқушылары өзінің дамуының бір сәтінде ол дағдарыстан өтеді. Бұл 7 жаста, 6 немесе 8 жаста да басталуы мүмкін. Кез-келген дағдарыс сияқты, бұл жастағы дағдарыс әлеуметтік, психологиялық, физикалық өзгеруімен байланысты емес деп айтуға болмайды. Баланың қатынастар жүйесін қалай жүзеге асыратындығы маңызды болып келеді. Қатынастар жүйесінде баланың қабылдауы өзгереді, яғни дамудың әлеуметтік жағдайы өзгереді және бала жаңа бір жасқа қадам басады.
Мысалы, 3 жастағы дағдарыс заттар әлемінде өзін белсенді субьект ретінде сезінумен байланысты болды. «Мен өзім» деп айта отырып, бала бұл әлемде әрекет етуге, оны өзгертуге ұмтылады. Енді ол қоғамдық қатынастар әлеміндегі орнын сезіне бастайды. Ол өзіне жаңа әлеуметтік позицияның мәнін ашады, үлкендердің жоғары бағалауымен, оқу жұмысының орындалуымен байланысты оқушы позициясына ие болады. Балада бұл өмірдегі өзінің жаңа орнын білу тілегі оқу жылының басында пайда болмай, бір жылдан кейін пайда болсада, бәрі бір ішкі позициясының сәйкестілігі түбегейлі түрде оның өзіндік санасын өзгертеді. Ал, Л. И. Божовичтің [10, 36 б. ] пікірі бойынша, 7 жастағы дағдарыс бұл баланың әлеуметтік «Меннің» пайда болу кезеңі деп есептейді.
Кіші мектеп жасындағы балаларда өзіндік сананың өзгеруі құндылықтарды қайта бағалауға алып келеді. Бұрынғы мәні бар нерселер, екінші деңгейге түсіп қалады. Ескі қызығушылықтар, мотивтер өзінің бастапқы күшін жоғалтады, олардың орнына жаңалары пайда болады. Оқу әрекетіне қатынасы бар барлық заттар (бірінші кезекте бағалар) құнды болады. Кішкентай оқушы әлі де ойнайды, бірақ ойын оның өмірінде негізгі әрекеті болудан қалыс қалады.
Мектепке дейінгі кезеңнің соңында бала өз эмоция-сезімдерін аңғара бастайды. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың сезімдері тұрақты аффектік кешенді құрайды. Баланың 4 жасында сезілген эмоциясы мен сезімдері уақытша болғандықтан, оның есінде қалмайды. Өзінің қандайда бір жұмысында кезеңдік сәтсіздіктермен соқтығысуының негізінде реніш сезімі болады. Бірақ бұл оның жеке тұлға болып қалыптасуына кедергі болмайды. Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың кейбіреулері ғана алаңдаушылықтың жоғары деңгейін және өзін төмен бағалау арқылы байқатады. Бұл отбасында оларға деген көңіл қоймаушылықтан және шектен тыс талап қоюдан, немесе керісінше, шектен тыс мақтағаннан өзін-өзі бағалауы мектепке дейінгі кезеңге тән бағалаудан жоғары болады. Бұл жағдайлардың барлығы оның жақын адамдарының үнемі қайталап отырған бағаларының нәтижесі болып табылады.
Л. С. Выготскийдің айтуы бойынша, 7 жастағы дағдарыс сезімдерін жалпыланған кезең деп бекітуге болады. Ал В. А. Крутецкийдің [12] айтуы бойынша, сәттіліктер мен сәтсіздіктер тізбегі (оқуда, қарым-қатынастың кең түрінде) баланың әр кезде уайымдауы тұрақты аффекті кешеннің қалыптасуына алып келеді (кемсіту, жете білушілік, қатарға қоспау т. с. с. ) . Дегенмен, бұл ғалым келешекте бұл аффектілердің өзгеруі, тіпті жойылып кетуі мүмкін екендігін де ескертеді. Бірақ олардың кейбіреулері сәйкес келген жағдайларда нығайып, жеке тұлғаның құрылымы байқалып, баланың өзін-өзі бағалауына ықпал етеді.
Эмоциялық-мотивациялық аймақтың күрделенуі баланың ішкі өмірінің көшірме бедері емес. Сыртқы жағдайлар, қатынастар уайым мазмұнын құрайды. Олар өзара санада ұйғарылып және эмоциялық елестер бойынша баланың логикалық сезімдерінен құралады. Сабақта әртүрлі балалармен алынған бір баға, оларда әртүрлі эмоциялық жайттарды тудырады: «4» біреуі үшін қуаныш, екінші біреуіне көңіл қалушылық және реніш болуы әбден мүмкін . Бір жағынан, ішкі өмір уайымы балалардың мінез-құлқына және баланың белсенді болатын сыртқы жағдайларына өз ықпалын тигізеді.
1. 2 Кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғалық қалыптасуы
Еліміздің болашағы біздің қазіргі балаларымызға байланысты. Балалардың мектепке алғаш келгеннен бастап, олардың психологиялық даму деңгейлерінің жеке айырмашылықтары кеңінен байқала бастайды. Бұл айырмашылықтар интеллектуалдық, моральдық, физиологиялық дамуларына байланысты балалардың бір-бірінен айырмашылықтарын көрсетеді. Осы кезеңде оқушы ағзасының анотомо-физиологиялық құрылысындағы мәнді өзгерістер қалыпты және біркелкі болады. Дене өсуімен қатар сүйек қаңқасының қалыптасуы да жүреді. Дененің ірі бұлшық еттері кішілеріне қарағанда бұрын дамиды, сондықтан да осы жастағы оқушылар үшін нәзік және нақты қозғалыстарды орындау қиын. Саусақ сүйектерінің қатаюы шамамен осы кезеңнің соңына қарай аяқталады, сондықтан балалар жазба жұмыстарында тез шаршайды, ұқыпты жазу олар үшін қиындайды. Кіші мектеп жасындағы балалардың бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады. Ірі бұлшық еттері ертерек жетіледі. Сондықтан балалар салыстырмалы түрде алғанда күшті де кең құлашты қимылдар жасауға көбірек қабілетті, алайда оларға дәлдікті талап ететін ұсақ қимылдарды орындау қиынырақ соғады. Саусақ сүйектерінің қатаюы 9-11жас болса, ал білек сүйектерінің қатаюы 10-12 жасқа қарай аяқталады. Егер осы жайды ескерсек, онда кіші мектеп жасындағы балалардың неліктен әр кезде жазбаша тапсырмаларды үлкен күш жұмсап орындайтыны түсінікті болады. Оның білегі тез талады, ол өте тез және тым ұзақ жаза алмайды. Сондықтан, кіші мектеп жасындағы балаларына, әсіресе 1-2 сынып оқушыларына жазбаша тапсырмаларды аса көп беруге болмайды.
Сонда, бала өмірінің ішкі және сыртқы дифференциациясы оның тұлғалық ерекшеліктерінің өзгеруіне алып келеді. Әрекетті бағдарлаушы негіз пайда болады. Бір нәрсені орындаудан қөңілі қалған кездегі әрекеттері арасындағы буын есебінде жүреді. Кіші мектеп жасындағы оқушылар үшін өзінің жеке әрекеттеріне мәндік бағдар беру өз өмірінің маңызды жағы болып саналады. Сонымен қатар, бала тұлғалық ерекшеліктеріне өзінділік және албырттық ерекше көріністерді береді. Осы механизмге байланысты бала әрекет жасамас бұрын ойланады. Өз уайымы мен қобалжуын басқаларға көрсетпеуге тырысады. Баланың сыртқы келбеті «ішкі» өмірі сияқты емес, бірақ кіші мектеп жасындағы кезеңде бала эмоциясын достарына немесе жақын адамдарына шығаруға ұмтылу, аса құмартып тұрған нәрсені орындау әлі де байқалады.
Бала ішкі ұстанымға сәйкестілікті меңгергенде ғана шын мәнінде оқушы болады. Ол оқу әрекетінің өзі үшін маңызды екенін түсіне бастайды. Ойынға деген қызығушылықты жоғалту оқу мотивтерінің даму ерекшеліктерімен байланысты. Н. И. Гуткина [13] 3-5 жас аралығындағы балалар ойын үрдісінен қанағаттанады, ал 5-6 жаста үрдістен ғана емес, сонымен қатар нәтижесінен, яғни ұтыстан да қанағат алады екен. Ал, ереже бойынша ойналатын ойында, жоғарғы мектепке дейінгі кезеңде және кіші мектеп жасындағы кезеңде ойынды кім жақсы меңгерсе, сол ұтысқа жетеді. Кіші мектеп жасындағы кезеңде басты әрекет оқу болып табылады. Бала өмірінде 10-11 жасында уақытты күшті талап етілетін күрделі әрекетке негізделеді. Әрине, оның белгілі бір құрылымы бар.
Д. Б. Эльконин [14] ұсынған оқу әрекетінің компоненттерін қысқаша қарастырайық. Бірінші компонент - мотивация. Оқу әрекеті көп мотив. Ол әртүрлі оқу мотивтерімен бағытталады және талаптанады. Олардың ішінде оқу міндеттеріне аса тепе-тең мотивтер бар. Егер осылар оқушы бойында қалыптасса, оның оқу жұмысы мәнді және тиімді бола бастайды. Д. Б. Эльконин оларды оқу танымдық мотивтері деп атайды. Бұл оқу әрекетінің мазмұнына және әрекет үрдісіне қызығушылығы болып табылады. Балаға тек нәтижелер ғана түрткі болмауы керек. Сонымен қатар, оқу үрдісі де түрткі болуы керек. Бұл сонымен қатар жеке өсу, өздігінен жетілу, өзінің жақсы қасиеттерін, қабілеттерін саналы түрде тәрбиелеп жетілдіруге мотив бола алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz