Өндірісте өндіріс факторларының қолданысын жақсарту



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Қазіргі кездегі әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай халықаралық экономикалық қатынастардың жаһандануына байланысты ол елдің болашағы ұлттық экономикасының жалпы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігі тікелей байланысты.
Ал қазіргі Қазақстанның экономикасы бәсекеге қабілетсіз шикізаттық бағыттағы экономикалық құрылым болып отыр. Бұл жағдай жалпы экономикалық дәлелдегендей экономиканың шикізат бағыттылығы елдің тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейді. Сондай-ақ бүгінгі жаһандану кезінде ұлттық экономика бәсекеге қабілетті болмаса, онда оның болашағы бұлыңғыр болып табылады. Сондықтан да бізге мемлекет ретінде қалыпты жұмыс істеу үшін тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабілетті болу керек. Ал осыдан барып отандық салалардың өз міндеті туындайтыны белгілі. Жалпылап келсек, бәсекеге қабілеттілік - маңызды экономикалық категория болып табылады.
Бәсеке - жалпы экономикалық құндылықтар мен жетістіктерді дамытудың негізгі құралы болып табылады. Бәсекелік нарықта қызмет етуші фирмалар мен кәсіпорындар қоғамның әр түрлі сұранысына бейімделіп, тиімді инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндірістік және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнімдер шығарудың көлемін арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбір кәсіпкердің бәсеке қабілеті жоғары болуының нәтижесінде әлемдік экономикалық нарықта ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігі артады. Сонымен қатар, бәсекеге қоғамға экономикалық еркіндікті, тиімділікті, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауіпсіздікті ұсынады.
Тақырыптың өзектілігі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейге көтеріп, әлемдегі дамыған, бәсекеге барынша қабілетті елу елдердің қатарына қосылу қажеттігінің маңыздылығын көрсетеді. Нарықтық экономиканың өзегі-бәсеке. Бәсеке болған жерде, әрине,жеңген-жеңілгендер, озған-тозғандар да болады. Бұл табиғи нәрсе.
Менің бұл жұмысты орындаудағы мақсатым ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономиканың тұрақты дамуындағы маңыздылығын, оның еліміз экономикасының тиімді дамуының бірден-бір даңғыл жолы екендігін ашық айту, өңір экономикасының бәсекеге қабілеттілік әлеуетіне талдау жасап, дамыту жолдарын ұсыну болып табылады. Сондықтан мен осы мақсатқа жету үшін магистрлік диссертацияны орындау барысында келесі бағыттар бойынша талдау жасап, міндеттерді орындауым керек:
- Бәсекеге қабілеттілік пен экономикалық әлеуеттің теориялық негіздері және Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі
- Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және даму әлеуетіне талдау жасау;
- Аймақтың кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілік әлеуетін дамыту мәселелері мен оларды шешу жолдары.

1 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК ПЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ

0.1 ЭКОНОМИКАДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазақстан бүгінгі таңда әлемдегі мемлекет ретінде орны нарықтық қатынастағы дамушы мемлекет болып табылады. Нарықтық қатынастардың дамуы ұлттық экономикамыздың болашағы мен ертеңі болып табылады. Нарықтық қатынастардың тиімді қызмет етуі барлық қоғамдағы шаруашылық қызметтердің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етіп, елдің дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін бәсекелік жағдайды қамтамасыз етеді. Сондықтан да рыноктың тиімді қызмет етуі тікелей бәсекеге байланысты болып табылады. Бәсеке шаруашылық өмірде басты рөлде ойнайды. Ол экономикалық еркіндікті қамтамасыз етіп, рыноктағы субъектілердің қарым-қатынасын тереңдету арқылы нарықтағы жағдайлар мен сұранысқа бейімді болып келеді. Адам Смиттің "көрінбейтін қол" мысалының негізінде бәсекелестік теориясы жатыр, яғни, әрбір жеке адам немесе кәсіпкер ең бірінші өз пайдасын ойлайды, сол пайдаға қол жеткізу үшін олар өз қызметтерінің бәсекелік қабілетін арттыруға ынталы болады. Бұл өз кезегінде жаңа ізденістерді, инновациялық жаңалықтарды ашуға жол ашып, жалпы экономика дамуына улес қосады. Бәсеке - қоғамға экономикалық еркіндікті, тиімділікті, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауіпсіздікті ұсынады. Немістің белгілі экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестіктің экономика үшін қажеттілігін келесі анықтамалармен айқындайды: "нарықтың шаруашылық және оның қызмет ету механизмі еркін бәсекелестіктен ажырап қызмет етуі мүмкін емес". Бәсекенің экономикалық табиғаты жеке меншіктік қатынастармен тығыз байланыста болады. Әлемдік тәжірибеге сәйкес жекешелендіру бәсекелік қатынастарды ынталандыру құралы ретінде тек жоспарлы -- әкімшілік жүйеден нарықтық қатынастарға өту ғана емес, сондай-ақ рыноктық экономикада да мемлекеттік меншік деңгейін төмендету үшін қолданылады. Жеке меншік шаруашылық жүргізуші субъектілерді ынталандырады. Шектеулі ресурстар жағдайында мақсатқа жету тек ресурстарды пайдалануға күрес арқылы ғана мүмкін, ал ол өз кезегінде бәсекенің дамуына негіз болады.
Нарықта бәсекелік орта экономикалық категория ретінде объективті және субъективті мағынада көрініс табады.
Объективті мағынада бәсеке нарықтағы ерекше жағдайларды белгілейді, яғни жекелеген субъектілер кәсіпкерлер жалпы рыноктағы тауарлардың айналысына және оның бағасына жеке өзі әсер ете алмау сипатымен көрінеді. Субъективті тұрғыда бәсекелес шаруашылық субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарды көрсетеді, яғни өндіріс пен материалды игіліктерді айырбастау негізінде туындап отырады. Нарық механизмінің негізгі элементтеріне негізінен келесілер жатады: өндірушілер мен тұтынушылар, сураныс пен ұсыныстың ара қатынасы, нарықтық баға және осы элементтердің барлығын байланыстырып туратын бәсеке рыноктың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Нарық механизмінің негізгі элементі - бәсеке, нарықтық қатынастардың тиімді жүргізілуі үшін қызмет етеді, яғни нарықтық экономиканың өзегі болып табылады. Бәсеке пайданың жоғары әрі тиімді бөлінуін және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектілернің өзара әрекетінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. Экономиканың белгілі өкілі А.Смит бәсекені нарықтың "көрінбейтін қолы" деген. Бұл идеяның мәні адамдар өз мудделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жалпы жиынтығы қоғамның пайдасына шешіледі, олар осы бәсекелестікке бара отырып қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің - бағаның, пайданың нормассының, пайыздық және т.б. құралдардың мөлшерін анықтау болып табылады. Нарықтық экономикада бәсеке дегеніміз іс-қимыл жасайтын салада жоғары нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыстардың жиынтығы, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу және пайданы максималдау үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі негізінде көрініс табады. Екінші жақтан, ол рынок субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастарын көрсетеді. Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл түрінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;
* өндірісті ұйымдастырум, оны шикізатпен, материалмен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;
* бәсеке қабілеттілігі жоғары өнім өндіру;
* өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді;
* пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану.
Бәсекенің түрлері нарық құрылымының жағдайына байланысты болып келеді. Яғни, экономикада нарықты анықтайтын, оны зерттейтін, бағаны белгілейтін сұраныс пен ұсыныс қана емес, сондай-ақ рынок құрылымы болып табылады. өйткені, әр рынок құрылымында бәсеке түрлеріде әр түрлі, соған сәйкес баға құру тәсілі және кәсіпорынның қызмет етуі де өзгеше болып келеді.
Бәсекелік қатынастың толық қанды және тиімді дамуы экономика дамуына белгілі тиімділіктерді және қолайлы ортаны ұсынады. Оларға:
* Қоғамдағы шаруашылықтың өндірістік тиімділігін өсуі;
* Нарықтық механизмінің толық қанды қызмет етуі;
* Өндірісте өндіріс факторларының қолданысын жақсарту;
* Бизнестің тиімділігі, басқаша айтқанда ел ішіндегі кәсіпорындар іс-қимылының жаңашылдығы;
* Нарықта оптималды нарықтық бағаны құру;
* Инфрақұрылым немесе елдегі қолданып отырған технологиялардың, қатынас және байланыс жүйелерінің, Ғылыми орындардың, ел тұрғындарының білімі мен біліктілігі, жасампаздық қасиеттердің бизнестің жоғары талабына сәйкестігі;
* Тауарлардың және қызметтердің әлемдік стандарттарға өтуі;
* Ғылыми - техникалық жаңалық пен инновацияларды еңгізу.
Бәсеке жаратылысының негізі шектеулі ресурстарды неғұрлым тиімді қолданатын салаларға болу болып табылады. Бәсеке экономикада, сонымен қатар тауар өндіру және қызмет көрсетулердің өз өнімдеріне инновацияларды еңгізуіне ынтасын арттырады. Әлемдік тәжірибеге жүгінсек бәсекелестік инновациялық тауар пайданың жоғары деңгейін 5-10 жыл шамасында ұстап тұруға шамасы келеді.
Бәсекенің экономикадағы орнын оның негізгі қағидалары арқылы да анықтауға болады.
Бәсекенің негізгі қағидалары:
* нарыққа қатынасушылар санының шектелмеушілігі, нарыққа кірудің және одан шығудың абсолютті еркін болуы. Бұл қағида кәсіпкерлік қызметтің еркіндігін, олардың өндірістің бір түрінен екінші түріне өтуін, тұтынушылардың еркін талғамын, әрбір тұтынушы өзіндік қажеттілігін ең жоғары деңгейде қамтамасыз етуін талап етеді;
* материалды еңбек, қаржылық және басқа да ресурстардың мобильдігі. Капиталдың еркін айналысы өнеркәсіптің тиімді салаларының дамуына, қосымша ресурс көздерін ашуға, олардың комбинациясын неғұрлым тиімдірек қолдануға мүмкіндік беру;
* сұраныс пен ұсыныс туралы бәсекеге қатынасушылардың толық ақпаратта болуы, сондай-ақ нарықтағы баға өзгерісін, пайда деңгейін дер кезінде қадағалап отыруы керек;
* өнімдердің біртектілігі, сапасының, қасиеттерінің ұқсас болып келуі. Ерекше маркалардың болмауы, ондай ерекше маркалар өзінің бәсекелестерін жеңу үшін монополиялық рыноқта қолданілады;
* нарықтағы жекелеген қатынасушылардың әсер ету мүмкіншілігінің болмауы, бағаның белгіленген бағасымен сәйкес келіп отыруы міндетті шарт емес.
Бәсеке өз кезегінде салаішілік, салааралық және халықаралық бәсеке болып бөлінеді. Ішкі және саларалық бәсеке қоғамдық еңбектің бөлінісінің заңдылықтарын дамытып, өнеркәсіпті мамандандыруға. Салалардың салаішілік, өнеркәсіп орындарының санының артуына және олардың бір-біріне тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Салаішілік бәсеке тауарлардың нарықтық бағаласын қалыптастырады. Олардың ішіндегі техникалық жағдайы жоғары және еңбек өнімділігі артық кәсіпорындар қосымша пайда тауып отырады. Әрбір саланың компанияларының техникалық жағдайы, еңбек өнімділігі қарқынының деңгейі, тауарлардың жеке құны әр түрлі болып отырады. Салаішілік бәсеке негізінде кәсіпорындар шығынды азайтуға, ресурстарды тиімді пайдалануға, инновациялық, өнімдер шығаруға ынталы болады.
Салааралық бәсеке әр түрлі рынокта қызмет етуші шаруашылық салалардың арасында туындайды. Яғни, сырттан келетін инвестицияларды өз саласына тартуға, осы саланы жетекші сала ретінде алып шығыу үшін бақталас болып табылады.
Халықаралық бәсеке әр түрлі елдер арасында орын алады. Бүгінгі жандану Ғылыми-техниканың жоғары дамыған, экономикалық қатынастардың күрделене тускен жағдайда әрбір ел өзінің егемендігін және экономикалық потенциялын сақтап қалу үшін бәсекеге түседі.
Халықаралық бәсеке келесідей сипатталады:
* бірнеше басты салаларды әлем бойынша өзіне қарату, нау-хауды дамыту, қаржылық жағдайын жақсарту;
* көп аспектілік, әр түрлі рынок құрылымы мен механизмдеріне бейімді болу;
* нарықтың осы заманға сай жылдам дамуын қамтамасыз ету;
* нарықтық бақталаста айқын басымдылық қасиеттерінің болуы;
Монополиялық бәсекелестік күрестің бірнеше формалары болады, оның негізгілері келесілер: ғылыми-техникалық күресу, өнеркәсіптік -- өндірістік күресу, сауда-саттық және маркетингтік күресу. Енді осыларға жеке-жеке тоқталып өтейік:
Ғылыми-техникалық күресу. Мұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы келесі жолдармен іске асады:
* жаңа өнімді дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық процестерді қолдану;
* ғылыми - техникалық ақпаратты жинақтап пайдалану;
Ғылыми-техникалық күресте әдетте екі үлгі қолданылады:
1. Бәсекелік үлгі мынадай жағдаймен есептесуді талап етеді: бәсекелес фирмалар белгілі өндірістік техниканың ең тиімдісін қолданатынына негізделеді; ҒТП әкелетін пайда ұзақ мерзімді болмауы мүмкін. Себебі, бәсекелес фирмалар техникалық жаңалықтың қандайын болмасын игеріп алуы ықтимал. Жаңалықтарды еңгізіп пайданы барлық фирмалар ала алады, бірақ техникалық зерттеуді жүргізіп дайындаушы ғана болады.
2. Монополистік үлгі. Бұнда жаңалықтар енгізудің арқасында таза монополист тұрақты көлемде елеулі пайда алу мүмкіндігіне ие болады. Оның ҒТП үшін мол қаржы ресурстары болады және олар жаңадан жасалған техникалар мен өнімді жасыра алатын мүмкіндігі болады.
Өнеркәсіптік-өндірістік күрестің көрінісі:
өндірістік мүмкіндіктің күшеюі, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылуы, өндіріс шығындарының төмендеуі. Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар рынокқа еркін кіріп, еркін шыға алатын болғанда, фирмалар өндірудің оптималдық нормасын көздеп әрекеттенеді-өндіріс тиімді болу үшін, үлес шығындарының барынша төмен дәрежеде белгіленіп, орташа жалпы шығындармен үйлесімді фирма өнім көлемін азайтып, бағаны жоғарылата алады. Бірақ, бәсекелестік кезінде шығындар біресе өсіп, біресе кеміп ауытқып тұрғанда, жағдай одан сайын күрделене түседі.
Сауда-саттық сайысы. Бұл сайыс бағаны қолдау арқылы жүреді. Ал, бағаның өзі үш жақты сайыстың нәтижесінде белгіленеді: біріншіден, жоғары бағамен сату ушін сатушылар арасындағы; екіншіден, тауарларды төмен бағамен сату үшін сатушылар арасындағы бәсеке, үшіншіден, тауарларды қымбат бағамен сату үшін сатушылар және оларды арзан бағамен сатып алу туралы сатып алушылар арасындағы бәсекелік күрес негізінде орын алады. Осыған байланысты бәсекелік күрес баға қатысты және бағаға қатыссыз болып бөлінеді.
Бағаға қатысты бәсеке белгілі өнімнің бағасын әдейі жасанды турде төмендетуді көздейді (демпингтік күрес): мұнда бағалық алалаушылық кең қолданылады - шығындардың дәрежесінің әр түрлі болуымен дәлелденбесе де, тауарлар әр түрлі бағалармен сатылады. Яғни, нарықта бағалық дискриминация орын алады. Осылар үш шарт болуын көздейді:
* сатушының рынокта монополиялық билікке ие болуы;
* сатушының сатып алушыларды төлем қабілеттеріне сәйкес топтарға бөле алатын мүмкіндігінің болуы;
* Алғашқы сатып алушы осы тауарды немесе қызметті қайта сата алмауы керек.
Нарықтағы бәсекелестік күрестің бағалық түрі келесі жағдайларда кең қолданылады: қызмет көрсетуде (дәрігерлердің, адвакаттардың, белгілі бір білімге ие адамдардың), өнімді көлікпен тасу қызметін көрсетуде; тауарды сатуда, егер оны рыноктың біреуінен екіншісіне жеткізу мүмкін болмағанда.
Бағаға қатыссыз бәсеке көбінесе өнім сапасын көтеру, сату жағдайларын жақсарту, сервистік қызметтерді көбейту арқылы жүреді. Сапаны екі бағытта көруге болады: бірінші - тауардың техникалық сипаттамаларын жетілдіру; екінші - тұтынушылар қажеттігіне қолайлы қызмет көрсету. өнімнің сапасын жоғарылату арқылы жүретін бағаға қатыссыз өнім бәсекесі деп аталады.
Сондай-ақ, нарықта бәсекелестік күрес дамуы үшін ең алдымен еркін бәсекелестік орта қалыптасу керек. Ал оның негізгі экономикада кәсіпкерлік қызметті дамыту болып табылады. Әлемдік тәжірибеге сәйкес жекешелендіру бәсекелік қатынастарды ынталандыру құралы ретінде тек жоспарлы-әкімшілік жүйеден рыноктық қатынастарға өту кезінде ғана емес, сондай-ақ рыноктық экономикада да мемлекеттік меншік деңгейін төмендету үшін қолданылады.
Жеке меншік шаруашылық жүргізуші субъектілерді ынталандырады. Шектеулі ресурстар жағдайында мақсатқа жету тек ресурстарды пайдалануға күрес арқылы ғана мүмкін, ал өз кезегінде бәсекенің дамуына негіз болады. М. Тотердің айтуынша тиімді бәсекелестік нарықтағы жекелеген күштерге тәуелді болады.
Ол мынадай түрге бөлінеді:
* Сатушылардың салаішіндегі өзара бәсекелесуі;
* Субститут тауарлардың пайда болуы;
* Жеке салаларда пайда болатын жаңа бәсекелестердің жағынан қысым түсуі;
* Шикізаттар мен бөлшектерді жеткізушілердің әсер етеді;
* Өнімді тұтынушылардың бәсекелестерге әсер етуі; 1; 17б.
Осы күштердің әрекеттері шаруашылық субъектінің өз өніміне белгілейтін баға деңгейіне, олардың шығындары мен капитал салымдарына әсер етеді. Бұлардың барлығы бәсекеге қабілеттілікті қолдауға қажетті болып табылады. Осы бәсекелестік күштердің барлығы шаруашылық жүргізуші субъект санасуға тиісті бәсекелік ортаны анықтайды. Жаңа бәсекелестердің пайда болуы жалпы табыстылықтың потенциялын төмендетеді. Себебі; олардың әсерінен ұсыныстың өсуі мен бағаның төмендеуіне әкеледі. Одан сайын нарықта бәсекелестердің көбеюі бәсекелік ортаның қатаң болуына әкеледі.
Тауарды алмастыратын тауарлардың көбеюі өндірушілердің бағаға әсер етуін қысқартады, себебі егер бәселік нарықта жалғыз фирма бағаны көтергенімен, тұтынушылар басқа тауарды тұтына бастайды. Қатаң бәсекелестік кезінде фирмалар жарнама мен маркетингтік зерттеулерге, өндіріс қуаттарын жаңартуға, өйткені олар тұтынушылар мен жабдықтарға күреседі, ал осы күрестің тиімділігінен жалпы рыноктық жағдай жақсарады.
Жалпы бәсекелік ортаның дамуы экономикада белгілі бір тиімді "эффектілер" әкеледі. Оларға:
* Бәсекелік қатынастың негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігінің артуы;
* Өндіріс факторларын тиімді пайдалану;
* Шектеулі ресурстарды ысырапсыз қолдану;
* Нарықта оптималды баға белгілеу;
* Жаңа технологиялар мен инновациялар енгізу;
* Мемлекет ішілік бәсекесінің дамуы арқылы халықаралық бәсекенің дамуы.
Бағалық бәсеке, бәсекелесуші шаруашылық жүргізуші субъектілердің тұтынушыларды көптеп тарту мақсатында өз өнімдеріне төмен бағаны тағайындаудан пайда болады. Осы арқылы олар тұтынушылардың тауарға кететін шығындарын азайтып, олардың табыстарын арттыруды, сөйтіп өз тауарларының бәсекеге қабілетін арттырады.
Нарықта бағалы бәсекені жүргізудің шарттарына келесілер жатады:
* Экономиканың бірегейлігі;
* Шығындарды минималдап, максималды тиімділікке қол жеткізу, өндіріс факторларының шекті пайдалылығы заңы;
* Өндіріс факторлары пайдаланудың альтернативтік мүмкіншіліктерін салыстыру;
Экономиканың біргейлілігі бойынша нарық салаларының әр қайсысында көптеген өндірушілер болады, бірақ олардың ешқайсысының өзінің өндіріс көлемі арқылы баға деңгейіне әсер ете алатындай экономикалық күші болмайды.
Өндіріс факторларының шекті пайдалылығы өнім өндіріс процесіндегі факторлардың орын толтырушылығымен және өзара ауыстырушылығымен анықталады. Өндіріс факторларының басқа салаларда қолданылуының қосымша бірлігін тұтыну пайдалылықтың барынша көп мөлшерін әкелетінін анықтаймыз.
Бағалық бәсекенің мақсаты болып "банкротқа ұшырамауға тырысуды" қамтамасыз ету, ағымдағы пайданы максималдау, өнімділікті қамтамасыз ету және қолдау, нарықтың көп бөлігін жаулап алуға ұмтылу болып табылады. Бұл жағдай нарықта өте қатаң бәсеке қалыптасқан уақытта орын алады. Бұл жағдайда нарықтық баға кейбір фирмаларда тек қана шығындарды жабатындай деңгейде қойылады. Бұл бағалар қысқа мерзімді болады және әдетте ол "уақытты ұту" үшін қолданылады.
Шаруашылық саладағы жетілген және жетілмеген бәсеке:
* Жетілген бәсеке нарығы, қызмет ету механизмі
Жалпы экономикадағы бәсекелік жағдай сол рыноктың құрылымына байланысты және рыноктағы саланың ерекшелігіне байланысты еркін немесе жетілген бәсекеліжәне жетілмеген бәсекелі болып бөлінеді.
Рыноктағы жетілген бәсеке жағдайында фирмалар салаға еркін кіріп және де еркін шыға алады, рыноктық бағаны сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы анықтайды, рыноктық салада фирмалар мен кәсіпорындар саны өте көп болуы және олар бағаға әсер ете алмауы жетілген бәсекедей қызмет етіп отырған фирмалар бағаны рынокта "белгіленген баға" деп санайды. Бұл жағдайда рынокта бәсекелік жағдай толық қызмет етіп, рыноктық саланың тиімді дамуы өз әсерін тигізеді.
Жетілген бәсеке қалыптасу үшін рыноктық экономикада жүздеген фирмалар әрекет жасап, олардың өзара келісім жасауға мүмкіндігі болмауы тиіс. Сонымен зерттеу нысаны бәсекелес фирма болып табылады, ал оның мақсаты тауар нарықта сату барысында пайданы максималды деңгейге жеткізу.
Жетілген бәсекелес рыногы дегеніміз -- төмендегі шарттар орындалатын нарық:
* Нарықта өнім ұсынатын тәуелсіз сатушылар саны көп және өнімдері біртекті болып келетін;
* Ірі фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесі елеусіз. Сондықтан, оның өнім көлемі туралы өндірістік шешімдері жалпы ұсынысқа ықпал етпейді, соған орай фирмалар нарықтық бағасына да әсер ете алмайды;
* Баға, технология арқылы қосымша ықтимал пайда жөніндегі ақпараттар белгілі болады;
* Жаңа фирмалардың салаға кіруіне немесе одан шығуына тосқауылдар қойылмайды.
Жетілген бәсекенің өз кезегінде нарықтық экономикада артықшылықтары мен кемшіліктері көрініс табады:
Артықшылықтары:
* Қоғамға қажетті өнімдер мен қызметтерді өндіруге, шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануға және бөлуге мүмкіндік жасайды;
* Нарықта тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына немесе тұтынушылардың талғамына икемді болып, оларға тез үйлесуге көмектеседі;
* Тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, Ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға, инновацияларды енгізуге жағдайлар тудырады;
* Өндірушілерді көптүрлі қажеттіліктермен қанағаттандыруға тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарлатуға мақсаттандыруы.
Жетілген бәсекелік жағдайдың кемшіліктері:
* Ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (табиғат алсы, армандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;
* Көбінесе қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;
* Ұжымдылық пайдалануға бағытталған тауарлар мен қызметтер (жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;
* Фундаменталдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;
* Адами құндылықтарға, еңбекке, табысқа, демалуға құқықтарына кепілдік бермейді;
* Әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.
Бәсекелес фирмалар нарықтық бағаға әсер ете алмайды, сондықтан ол бағаны сырттан белгіленген баға ретінде қабылдайды. Яғни, өндіруші өндірілген өнімнің кез-келген мөлшерін рыноктық бағамен сатады. Олардың сұраныс қисығы горизонталь болып келеді. Оны келесі суреттен көре аламыз:
Суреттен көріп отырғанымыздай өндірілген өнім тұрақты (Q) тұрақты бағамен (P0) сатылатындықтан, жалпы түсім өсімі немесе шекті түсім MR нарықтық бағаға тең болады, яғни "MR=P0". Сондықтан жетілген бәсеке жағдайында шекті түсім (MR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығына (D) тең болады.
Бәсекелес фирманың жалпы, не ортақ табысы өндіріс көлемінен өндіруші баға көбейтіндісіне тең, яғни TR=P*Q.
Нарықтық қатынаста жетілген бәсекелі рынокқа қарама-қарсы бәсекелік рынок ол жетілмеген бәсекелі нарық деп аталады. Бұл нарық өте күрделі және ылғи да шешуді қажет ететін шараларды іздестіреді. Бұл нарықта бәсеке толық түрде өз қызметтерін атқармайды. Сондықтан ендігі жерде жетілмеген бәсекені қарастырайық.
Жетілген бәсекелі жағдайда фирманың көлемі шамалы болғандықтан ол бағаға әсерін тигізе алмайды, ал монополиялық нарық бағаға өз үстемділігін жүргізеді.
Сондықтан қысқа және ұзақ мерзімде кәсіпкер оңтайлы жағдай қалыптастыру үшін өнім көлемін немесе шығындарды өзгерту арқылы қол жеткізеді. Ал монополиялық рынок жетілген бәсекелі рынокқа қарағанда күрделі. Монополист фирма ығындарын есептеп қана қоймай, бағаның ұтымды деңгейін қалыптастыру керек, нарықта өзі жалғыз болғандықтан басқа бәсекелестер кіргізбеу үшін нмесе көлемін арттыру үшін көптеген іс-шаралар жүргізеді.
Жалпы TR табыстан барлық экономикалық жұмсаған шығынды алғанда экономикалық пайда болады:
П=TR-TC
Мұндағы, П -- пайда;
TR - жалпы табыс;
TC - жалпы шығындар.
Қысқа мерзімді кезеңде бәсекелес фирманың құрал - жабдығы тұрақты болады да, ал өнім шығару көлемі өзгерген кезде тек айнымалы ресурстар ғана өзгереді, осыған сәйкес айнымалы шығындар өседі.
Орташа табыс -- бұл шығаратын өнім бірлігіне келетін табыс.
AR = TR Q
Шектік табыс -- ол шығаратын өнімді бірлікке көбейткенде түсетін қосымша табыс, яғни:
MR = ∆TR ∆Q
Бұл екі формуладағы: AR -- орташа табыс;
TR -- жалпы табыс;
Q -- өнім көлемі;
MR -- шектік табыс. (5,131 бет)
Бәсекелес фирма үшін Р бағасы Q өндіріс көлеміне байланысты емес. Сондықтан шекті табыс MR = P, сондай-ақ орташа табыс AR = P.
Бәсекелес фирманың бірінші әрекеті -- пайданы мейлінше арттыру. Баға орташа жалпы шығындардың ең төменгі деңгейінен жоғары делік, яғни:
Р Aсmin
Пайданы мейлінше арттыру үшін келесі жағдай орындалғанша: MR = MC немесе жетілген бәсеке жағдайында Р = МС, өйткені MR = P. (5, 132 бет).
Мейлінше көп пайда мынадай теңдік орындалған жағдайда шығарылатын өнім көлеміне Q* сәйкес келеді.
Р = МС
Бұл шарт жетілген бәсекелес фирма үшін пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізетін шарт болып табылады. Оны келесі 3 - суреттен көре аламыз. Суреттен көріп отырғанымыздай жетілген бәсекелес фирманың жалпы пайдасы АВСD тік төртбұрышының ауданына тең болады.
Яғни, бұл сурет бойынша талдау жасайтын болсақ, бәсекелестік рынокта фирма жоғары пайда табады, егер шекті және орташа шығындардан рыноктық баға деңгейі жоғары болса. Графикте фирманың пайдасының мөлшерін боялған аумаққа тең екенін көруге болады.
* Жетілмеген бәсеке нарығы және оның құрылымы
Жоғарыда біз атап өткен жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады. Сондықтан олар тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Ол нарықта өнім өндірушілердің басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу. Сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ұмтылады. Фирмалардың нарық саласына енуі мен шығуы оңай болады.
Нарық құрылымында жетілген бәсеке рыногына қарама-қойшы рынок түрі бұл монополиялық нарық. Монополия жағдайында тұтынушылардың алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады. Демек мұнда фирма және монополия түсініктері теңескен. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады.
Мысалы, жетілген бәсеке мен монополия нақты түрде шын өмірде сирек кездеседі. Олар көбінесе нарықта араласып, бірақ бір жағы басымырақ болып келеді. өйткені жетілген бәсекеде бірдей тауар олар мен үшін әр түрлі болып дүкендердің орналасқан жеріне, қызмет көрсету деңгейіне жарнамаға және тауар орамының ерекшел ерекшелігіне байланысты.
Біздің өмірімізде жетілген бәсеке көбінесе астық, құнды қағаздар және жеміс - жидек рыногында көп кездеседі.
Ал монополияның толық қамтитын түрі ал сол өнімнің алмастырушысы жоқ, сол өнімді қайта тұтынуға келмейтін немесе белгілі. Фирмаға ерекше құқықтар беру арқылы қызмет көрсету саласында орын алады.
Мысалы, елімізде монополиялық көрініс халыққа қызмет көрсету саласында, яғни телекомуникация, электроэнергиясы, жылумен және ауыз суымен қамту салаларында көрініс табуда. өйткені мұндай салалрда монополияның көрініс табуы орынды, себебі электр тарабын алатын болсақ, егер нарықта екінші бәсекелес фирма келу үшін ол бүкіл сол аумаққа өз алдына электр тараптарын тараптауға алып келеді, ол дегеніміз артық шығындарды тұғызады.
Монополия кезінде өндіруші ұсыныс көлемін толық өзі бақылайды, демек монополиялық билікке ие болады. Монополияның жетілген бәсекеден басты ерекшелігі ол бағаға толық әсер ете алады. Сонымен, берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық - монополия, ал фирманың өзі монополист деп аталады.
Бәсекелік фирмадан айырмашылығы, нарықтық билікке ие болған жағдайда фирма тауарына сұраныс қисығы ылдилы, яғни жетілген бәсекелік нарықтың сұраныс қисығы абсолютті икемді болса, монополиялы нарықта келесі суреттегідей.
Суреттен көріп отырғанымыздай, монополиялық нарық бағасы өндіріс көлемі (Qm) мен сұраныс қисығының AR қиылысу нүктесі арқылы анықталады. Яғни монополиялық баға Pm болып табылады. Ол келесі формуламен анықталады.
Р = МС 1 + 1 Ер
Мұндағы, Р - монополиялық баға;
МС -- шекті шығындар
Ер -- сұраныстың бағалық икемділігі.
Енді қысқа мерзді кезеңде жетілген бәсекелі фирманың шығындарын мейлінше азайтуды қарастырайық. Егер өнім бағасы мүмкін болатын жалпы орташа шығындардың ең төменгі мөлшерінен төмен, ал орташа айнымалы шығындардың ең төменгі шамасынан жоғары деп алсақ, онда келесідей.
FVCmin P ACmin
Бұл жағдайда фирма зиян шегеді және оның алдында өндірісті тоқтату немесе қысқа мерзімді кезеңде қызметін жалғастыру сияқты екі таңдау тұрады.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға кездестіреміз. Бәсеке өз кезегінде нарықтық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негізгі элементі болып табылады. Бірақ қазіргі жағдайда қайбір елдің болмасын, оларда таза бәсекелестік экономикалық рынок жоқ. өйткені қоғамның кейбір салаларында көптеген кәсіпорындар бірдей қызмет ете алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желісін алатын болсақ ол табиғи монополия болып табылады, өйткені бұл нарыққа бәсекелес фирма кіру үшін ол фирма тағы да бүкіл ел аумағына электр тараптарын жүргізуге тура келеді, ал бұл өз кезегінде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян шығындарды туғызады.
Монополистің өнім шығарушы ретінде бәсекелес фирма сияқты өндіріс мақсаты- пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу болып табылады. Жетілген бәсекелі нарыққа қарағанда монополия жағдайында пайданы көбейтуге бірнеше саясаттар қолдана алады, олардың нәтижесі дереу көрініс табады. Монополист сұраныс қисығының бұрыштық коэффициенті теріс сан болады. Сондықтан монополист төменгі бағаны белгілей отырып, өнімнің мөлшерін нарықта арттыруы мүмкін. Мұны 4-ші суреттен көре аламыз:
Нарықта монополияның қызмет етуінің басты ерекшелігі кедергілердің болуы.
Оларға:
* өндірістің басты ресурстарын жалғыз фирманың иемденуі; (мысалы Онтүстік Африка мемлекетінің "De Beers" деген алмаз өндіру үлесі 80% -- ды құрайды).
* Ірі өндірушіге мемлекет тарапынан белгілі бір тауардағы өндіруге ерекше түрде (монополиялық) құқық беру, көп жағдайда арақ - шарап өнімдері, қару-жарақ шығару, дәрі-дәрмекке қолданатын есірткілі заттар бір фирмада өндіріледі. Егер бір өнім инновациялы болып, бәсеке қабілетті жоғары болса, оған мемлекет патент немесе авторлық құқық береді.
* Бәсекелесуді әділетсіз жүргізу, яғни бәсекелесін ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сату. Мұндай монополия рынокты экономикада кәсіпкерліктің дамуына кері әсер тигізеді, сондықтан мемлекет тарапынан бәсекены әділетсіз жургізу, зиянды монополиялық бәсекенің қызметтері қадағаланады.
Жетілген бәсекелі және монополиялық нарықта өндіруші фирма өз тауарының бағасын және тиімді өнімің көлемін анықтаған кезде тек қана тұтынушының реакциясымен өзінің жеке өндірістік мүмкіндіктерін ғана ескеріп отырады. Сондықтан бұл нарықтағы пайданың жоғары деңгейге жеткізу, тек қана орташа шығын, шекті шығын қисықтарын және сұраныс қисығын шектеу арқылы іске асырылады.
Ал олигополия дегеніміз тауардың көпшілігі бірнеше ірі фирма арқылы өндіріледі. Ол фирмалардың рынокқа әр қайсының әсері айтарлықтай болып табылады. Кейбір олигополия моноплист сияқты бағаға әсер етуі мүмкін. Мысалы, бір класты автокөлік нарығы.
Олигополия кезінде баға қалыптасу жетілген бәсекеге ұқсайды. Мұндайда баға туралы олигополистердің шешімдерін қабылдау жұмысы күрделіне түседі.
Олигополия рыногы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
* Нарықтағы көлемді сату үлесі бар және бір-бірімен бәсекелес бірнеше фирмалар болады;
* Жоғарыда айтылған фирмаларды, көбінесе басым(лидер) фирмалар деп атайды және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемінің өзгеруіне едеуір ықпал етеді;
* Олигополиялық фирманың өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс-әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.
Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнім шығару көлемі туралы шешім қабылдағанда өзімен бәсекелес фирмалардың барлық мүмкіндіктерін ескеріп, талдап отырады.
Олигополияның бірнеше моделі бар. Оларға: Курно дуапалиясы, қарам-қарсы мақсаттары бар екі жақтың айымы, нарықта үстемдік жүргізіп тұрған фирманың моделі және картель.
Нарық құрылымындағы жетілген бәсеке мен таза монополия нарықтың қызмет етуінің қарама - қарсы түрлері болса, ал ендігі бір нарық құрылымы монополиялық бәсеке нарығы осы екі нарықтың арасындағы нарық болып табылады, яғни, не толық бәсекелік емес немесе таза монополиялы нарық емес.

1.2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДЕГІ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ 50 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА КІРУ СТРАТЕГИЯСЫ: АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Бәсекеге қабілеттілік -- өзіңді танып анықтау арқылы көз жеткізілген барлық артықшылықтарды пайдалану. 2007 жылы Ұлт көшбасшысы Қазақстанның ғылыми сыйымды экономикасын құрудағы басты кедергі -- өз мүмкіндіктеріне сенбейтін және орынды тәуекелге бармайтын шығармашылық ізденістері жоқ адамдар болуы мүмкіндігін айта келе, мұндай мәселені шешудің көзі ретінде индустриялды-инновациялық дамудың стратегиясын негіздеді, жауапкершілік алатын жастардың жаңа буынына үміт артты.
Заманауи жағдайдағы Қазақстан өркендеуінің экономикалық негіздері халықтың қоғамдық белсенділігін көтеру мен өмір сүру сапасын арттыру болып табылады. Қазіргі экономикалық өсу жоғарғы тәуекелге бару арқылы жалпы ғылыми ортаның, ақпараттық инфрақұрылымның даму-деңгейіне, ғылыми зерттеудің қаржылық көлемінің мөлшеріне, олардың нәтижелерін коммерциялық жүзеге асырудың белгісіздігіне тәуелді басқару тәжірибесіндегі үздіксіз инновациялық үрдістерге көшуге жетелейді. Сондықтан да ғылыми-техникалық жетілдіруді мемлекеттік ынталандыру айқын қажеттілікке айналып отыр. Бұл өмір сапасына бағытталған тұтыну қоғамынан интеллектуалды қоғамға өтуді білдіреді.
Инновациялық экономиканы құрудың экономиканы әртараптандыруға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асырумен тікелей байланыстылығы, Қазақстанның жетекші дамыған елдер сияқты жетістіктерге жету үшін адамдар әлеуетін, табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін түпкілікті көтеру қажеттілігі тұр. Әр елдің өзіндік ерекшеліктері бар, Қазақстанның да тиімді жүзеге асырылатын ұлттық бәсекелік басымдылықтары бар, олардың ішінде табиғи ресурстар қоры: вольфрамның әлемдік қорының 50%, уранның 25%, хром құрамды қазбалардың 23%-ын құрайды. Қазақстанда бүкіл дүниежүзіндегі фосфор қорының 90% орналасқан және сирек металдар монополиялық өндірушілерінің әлемдік клубына кіреді. Бірақ республика бай табиғи ресурстары бола тұра, ішкі өндірісте жоғарғы технологиялық туарлар мен қызметтің жетілдірілмегендігінен шығаратын өнімі жалпы әлемдік өнімнің 0,06%-нан аса алмады. Қазақстанның ұлттық басымдылықтарының бірі -- аграрлық өндіріс. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және жетілдіру салаларында кластерлік бастамаларды жүзеге асыру арқылы аграрлық секторды индустрияландыру жұмысы қолға алынды, әсіресе нарықтық бәсекені қалыптастыру.
Жаһандық бәсеке -- заманауи қоғамдық даму заңдылығы, ол ұлттық мемлекетті ғана қамтымайды, ол трансұлттық корпорациялар (ТҰК) арасында да жүреді. ТҰК интеллектуалды, ғылыми-техникалық және қаржылық әлеуеттік ортада құрылады. Шамамен неғұрлым табысты салалардың әлемдік сауда және қаржы айналымының жартысынан көбі солардың бақылауында. Көптеген ТҰК өздерінің экономикалық айналымы жөнінен ірі елдерден асып түседі. Жетекші 500 трансұлттық корпорациялар өңдеуші кәсіпорындар экспортының үштен бірін, әлемдік саудадағы шикізаттық туарлардың төрттен үшін, жаңа технологиялық сауданың бестен төртін қамтиды, дүниежүзінің барлық елдерінде ондаған миллиондаған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеді.
Жүргізілген реформалар барысында Қазақстан бас аяғы он жылдан аса уақыт мерзімінде нақты нарықтық экономикаға қол жеткізді. Қазіргі кезеңде экономикалық өсімнің негізгі көзі елдің шикізаттық әлеуеті болып табылады. Республика экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар тартылды және ашық сыртқы сауда саясатын жүргізеді.
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес ҚР-ның жалпы сыртқы сауда айналымы өткен жылы 19,7%-ға өсті. Және бұл көрсеткіш алдағы 2019 жылы өсуде.
Сыртқы сауда айналымы 2018 жылдың басынан аяғына дейін 93,5 млрд АҚШ долларын құрады. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 19,7% - ға артты. Экспорт 61 млрд долларды құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 25,7- ға артық. Басқа көрсеткіш - импорт - 32,5 млрд доллар, бұл 2017 жылғы деректерден 9,9%-ға артық.
2018 жылы ЕАЭО елдеріне экспорт 5,892 млрд долларды құрады.
Бұл 2017 жылға қарағанда 5,6 %-ға артық.
Бүгінгі күні статистика көрсеткендей, бұл көрсеткіштер өсіп келеді.
Сонымен қатар, ҚР басымдықты экспортын Еуропаға жүзеге асырады: онда экспортталатын тауарлардың жалпы көлемінің 59,1 пайыздан келеді. Экспорттың 55,2%-ы Еуропалық Одаққа тиесілі.
Өз кезегінде Қазақстан импортын ТМД елдерінен жүзеге асырады. ЕО серіктес елдеріне тек 39,4% ғана келеді, ал ТМД-ға-43,9%.
Қазақстанның экспортталатын тауарлары арасында - металдар, металл құрылымдары, АӨК өнімдері және азық-түлік өнеркәсібі бар.
Импорт негізінен көлікпен, жабдықпен, химпроммен және азық-түлікпен ұсынылған.
Әрбір ел ұлттық тәуелсіздігіне, жеке дамуына ұмтылғандықтан да ашық ұлттық нарық, шетел капиталын, халықарылық кооперацияны тарту, әсіресе экономиканың стратегиялық салалары қатаң бақылауды қажет етті. Елдің ұлттық мүддесі жергілікті капиталды толықтырумен, отандық тауар өндірушілерді қолдау, оларды ынталандырумен байланысты болды. Дамудың түпкі мақсаты -- халықаралық еңбек бөлінісінде бәсекеге қабілетті, бірте-бірте легитимді пайда табу (заңнамалық негізде) арқылы ұлттық капиталды қалыптастыру.
Шетелдік жұмыс күшін тарту ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қазақстан Министрліктің құзырында ҚР Үкіметі белгілеген квотаны облыстарға, Астана және Алматы қалаларына бөлу қызметі қалдырылды. Қазақстан Республикасына 2001 - 2004 жылдар аралығында ҚР Үкіметімен бекітілген квота аясында жұмыс берушілер орта есеппен 13,8 мың шетелдік жұмыс күшін тартты. Қазақстандағы шетелдік корпорациялар геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізді және кен орындарын бірінен соң бірін ашты. Сонымен қатар салық, ел үшін пайдасы аз келісімдердің бекітілуіне байланысты дау-жанжалдар, келіспеушіліктер, жемқорлыққа қатысты шу, экологияға қарсы әрекеттер-де белең алды. Бірақ Қазақстан күйзеліс пен әлеуметтік қақтығыстарға жол бермей, тұрақтылығын сақтай алды. Республикада жаңа технологияны игеруге жол ашылды, нарықтық басқару тәжірибесін меңгерді.
Қазіргі кезеңде нақты сектордағы серпінді жобаларды жүзеге асыратын мемлекеттік-жеке серіктестікті дамытуға көңіл бөлінуде. Сыртқы нарықтағы өндірістің әлемдік технологиясы негізінде қазақстан бизнесінің көшбасшыларын шығару міндеті белгіленді. Мәселен, Қазақмыста жұмыс жасайтын Самсунг компаниясы, ҚазМұнайГаз, Қазатомөндірісі, Еуразиялық өнеркәсіп ассоциациясы, Теңізшевройл, Маңғыстаумұнайгаз, МитталСтил Теміртау, Оңтүстік Қазақстандағы еркін экономикалық аймағы-тоқыма кластері, Қызылордадағы әйнек құрылысы заводы, Павлодар алюминий заводы, Атыраудағы мұнай-химия кешені және басқа да корпоративті көшбасшыларды экономиканың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ете алатын шағын және орта кәсіпорындарға айналдыру мақсаты қойылды. Ірі корпоративті компаниялар дүниежүзілік нарыққа, ал содан соң Қазақстанның қор нарығына шығады. Бәсекеге қабілетті экономика -- бұл бәсекеге қабілетті мамандар. Республикада 2007 жылы бір мың жұмыс жасайтындарға үш ғалымнан келсе, көрші Ресейде бұл көрсеткіш 7,5. Ал ЕО-5,8, АҚШ-9,3 келген.
Қазақстандықтардың деңгейін ортаеуропалық деңгейге жеткізу үшін ғылымды қаржыландыруды 25 есе көтеру қажет болды. Ғылым туралы Заң бекіді. Болашақ" бағдарламасында техникалық мамандықтарға басымдылықтар берілді.
Тәуелсіздік жылдары республикадағы әлеуметтік-экономикалық серпіліс нәтижесінде Қазақстан аймақтық көшбасшыға айналды. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық жағдайлар, ауыл аймақтарындағы тұрғындардың өмір сүру-деңгейін көтеру, жұмыссыздыққа, нашақорлыққа және қылмысқа қарсы шаралар жасалуда. Бұл шаралардың нәтижелі болуында, әсіресе қоғамдық дамудың шешуші күші ретінде -- адам капиталының рөлі ерекше екені айқындалды. Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі бағыттары. Қазақстан-2030 Стратегиясын дәйектілікпен іске асыру елдің алға ілгерлеуіне берік негіз қалады.
2007 жылы бірден-бір дұрыс бағыт ретінде, Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі -- жан-жақты жаңғыртуды жеделдетуге бағыт түзелді. Әлемде Қазақстан мен қазақстандықтардың лайықты орын алуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс-деңгейін көтеруді қамтамасыз ету үшін сыртқы нарықтарға шығып, онда мықты орнығу міндеті тұрды. Ол үшін табыстарға қол жеткен секторларда және басқа да салаларда жаңғырту қарқынын жеделдету міндеті қойылды. Елдің толық әлеуеті бәсекеге қабілеттілікке жұмылдырыла бастады. Басты мәселе ұлттық экономиканың әлемдік экономикаға кірігу белсенділігіне тікелей байланысты болды.
2004 жылы қазақстандық бизнестің қалыптасқандығы ресми жариялана бастады, бірақ ең алдымен ішкі ғана емес, сыртқы әлемдік рыноктардағы бәсекелестікке қол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы рыноктық қатынастарға одан ары реформалау
Бәсеке
Өзіндік құн, пайда және рентабельділік
Бәсеке – рыноктық экономиканың негiзгi элементi ретiнде
Ұнтақ тәрізді орталардың қасиеттері
Шаруашылық саладағы жетілген және жетілмеген бәсекелік жағдайлар
Бәсеке, оның экономикалық табиғаты мен елдiң шаруашылық өмiрiндегi атқаратын рөлi
ЖАСЫЛ ХИМИЯ
Бәсекелестік қатынастардың негізгі түрлері
Кәсіпорында кадрлық потенциалды басқаруды ұйымдастыру
Пәндер