Фельетон - сатиралық жауынгер жанр
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Курамысова Қ. Ә.
Тәуелсіз Қазақстан жылдарындағы қазақ баспасөзіндегі юмор мен сатираның көрінісі
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
мамандығы 5B050400 - Журналистика
Нұр-Сұлтан 2019

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
___________
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан жылдарындағы қазақ баспасөзіндегі юмор мен сатираның көрінісі
Мамандығы: 5B050400 - Журналистика
Орындаған: Курамысова Қ.
Ғылыми жетекшісі:
аға оқытушы Дүйсебай Д.
Нұр-Сұлтан 2019
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Сатира мен юмор туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Юмор туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Сатира және оның юмордан ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Сатира мен юмордың пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
2.1 Сатира жанрлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ баспасөзіндегі сатиралық, юморлық шығармалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Қазақ баспасөзіндегі сатириктер мен юмор шеберлері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Сатира терминінің шығу тарихын, этимологиясын әркім әр түрлі түсіндіреді. Кейбір ғалымдардың айтуынша, ежелгі гректер жүзім өсірушілердің, жүзім шарабын жасаушылардың құдайы - Дионистің ән салып, би билеп, күлдіріп, көңілдендіріп жүретін жол серіктерін Saturos деп атаған. Сатира атауы сол сөзден шыққан.
Басқа зерттеушілердің пікірінше, бұл терминнің тарихы латынның Satura - смесь - аралас, әр нәрсенің қосындысы, всякая всятчина - анау-мынау деген сөзінен басталады. Кейінірек ежелгі Рим әдебиетшілері сынап-мінеуші, әшкерелеуші сипаты бар шығармаларды Satura деп атаған.
Қазір сатира атауы әр түрлі мағынада қолданылады. Біреулер оны әдебиеттің бір тегі деп түсіндіреді. 1941 жылы шыққан Шетел сөздерінің сөздігінде былай делінген: Сатира - болмыстың жағымсыз құбылыстарын ащы күлкіге айналдыратын көркем әдебиеттің тегі.
Енді біреулер сатираны нақты бір өмір елестерін, болмыс сәттерін суреттеп, жазып, айтып берудің әдіс-тәсілі ғана деп түсіндіреді. Мысалы, сатираны көп зерттеген, бұл түрдің үлкен теоретигі Я. Эльсберг: Сатира - болмысты әдебиет пен өнерде көрсетудің бір әдіс-тәсілі деп жазды. Үлкен совет энциклопедиясында да осы аныұтама берілген.
Тағы біреулердің ұғымынша, сатира - жағымсыз болмыс, құбылыс атаулыны сынап-мінеп, әшкерелейтін әдеби шығарма. Мысалы, Д. Ушаковтың редакциялауымен шыққан Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде сатира - өмірдің жағымсыз құбылыстарын күлкілі, келемеж түрінде көрсететін әшкерелеуші әдеби шығарма дейді. Сол сияқты С.М. Бондидің басқаруымен 1940 жылы басылған Поэтикалық терминдер сөздігінде: Сатира - қоғамдық дерттерді келемеж етуді немесе әшкерелеуді мақсат ететін әр түрлі(роман, әңгіме, фельетон, эпиграмма) әдеби шығарма делінген. А. П. Клятковский Сатира - болмыстағы жағымсыз құбылыстарды сынап, әшкерелеуді, күлкі етуді мақсат ететін, қара сөзбен немесе өлеңмен жазылатын көркем әдебиеттің түрі деп анықтайды. Сатира негіздері, 1966 5-6 беттер
Қорытындылар болсақ, осы анықтамалар мен пікірлердің бәрі де орынды. Олардың әрбіреуі сатираның әр қырын, әр қасиетін көрсетіп береді. Шынында да, сатира алымды да шалымды нәрсе, оның өмір сүру, көрініс табу мүмкіншілігі мол, болмыс - құбылыстарға үңілу, араласу, суреттеу дәрежесі де әр қилы.
Сатирада өмірді зерттеп білудің, суреттеп берудің өзіндік эстетикалық принциптері, көркемдік әдіс-тәсілдері қолданылады. Болмыс - құбылыстарды бағалап, түсінудің ерекше формалары пайдаланылады. Яғни, сатира қиялдауға, шарттылыққа, кездейсоқтыққа, түсінбестікке, әсірелеуге негізделеді. Шаржға, карикатураға, гротеск, сарказм, иронияға иек артады.
Сатирада ащы кекесін, күлкі ету, мазақ қылу, жоққа шығару, үкім айту, адам қиналысын аңдау, адам жүрегінің түкпіріне үңілу, көңілділік пен күрсініс, тенденциялық пен қатаң әділдік, лирикалық сезім мен ғылыми талдау тоғысып жатады. Сөйтіп сатира қарама-қайшылықтардың бірігуінен туындайды. Белгілі бір сатирик туындысы осылардың қайсысын қай тұрғыда, қай планда пайдаланғанына қарай аңғарылады. Аристофан сатирасында қайғылы үн, Щедринде өмірді трагедиялық тұрғыдан сезіну, Гогольде күйзеліс, Чеховта күрсініс басым дейтіні де сондықтан. Сатира негіздері, 7 бет
1. САТИРА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
1.1. Юмор туралы ұғым
Юмор да, сатира атауы сияқты, бірнеше мағынада қолданылады. Ең алдымен, ол да өмірдегі күлкілі болмыс, құбылыс, факті, оқиғаларға эстетикалвқ қатыстың бір типі. Кез келген күлкілі нәрсені сатиралық тұрғыдан, сатиралық пафоспен бағалай салуға болмайды. Кейбір қоғамда моральға зиянсыз күлкілі жайлар, жеке адамдардың қайырыммен, кешіріммен қарауға болатын әпенділік әрекеттері, әлсіз жақтары болады. Мысалы, Чапаевтың әлем әскеріне командир бола алмаймын ау, өйткені барлық тілді білмеймін ғой деген өкініші, бір мәселе туралы өз пікірін, өз көзқарасын сұрағанда, Ленин қай жағында болса, мен де сол жағындамын деуі - күлкілі жайттар. Бірақ батырдың осы аңғалдығы, түсінбестігі сатираға негіз бола алмайды, сатиралық тұрғыдан талдауды көтермейді.
Өмірдегі негізінен жағымды обьектілер мен болмыстың осындай жеке бір мінін, әттеген-ай дегізерлік әлсіз, жөнсіз жағын жеңіл күлкі, әзі-оспақпен көңілді, симпатиямен тәлкек етудің, бағалаудың түрін юмор дейді.
Сатира, юмор неге үнемі қатар аталады? Неге егіз қозыдай бөлінбейді? Өйткені олардың арасында көптеген ұқсастық бар. Біріншіден, сатира да, юмор да - сын құралы, сын мен өзара сынның әдеби түрі. Екеуінде де көңілсіз көріністерді сынап-мінеп, тәлкек ететін қабілет, қасиет бар. Максим Горькийдің айтуынша, юмор да ақымақтарды күлдіру үшін емес, күлкіге жығып, келекелеу үшін қажет.
Екіншіден, екеуі де күлкілі жайларға - комизмге негізделеді. Екеуі де - юморлық сезімнің жемісі. Екеуі де юморлық сезім арқылы әлгі комизмді көріп біледі де, тапқырлықпен суреттеп, жазып, талдап береді. Екеуі де күлкіні шығарманың тұздығы етіп пайдаланады.
Үшіншіден, сатира да, юмор да жаңаның, прогрессивті, болашағы бар нәрсенің жағында тұрып сөйлейді, соның позициясын қолдайды, ескіні мансұқ етіп отырып, жаңаны жақтайды, болашаққа үндейді. Сатира болмыстың теріскей жақтарын қанша сынап, әшкерелеп, жоқ етуді ниет еткенмен, онда да юмордағы сияқты, игі идеал, ізгілікті құптарлық, өмір орнықтырарлық ниет, пфос болады. Қысқаша айтқанда, жағымсыз, жат нәрселерді революцияшылдық тұрғыдан әшкерелеп, екінші жағынан, ұнамды идеяларды насихаттау құралы.
1.2. Сатира мен юмордың бір-бірінен ерекшеліктері
Байқап қарасақ, юмор мен сатираның ұқсастығы көп. Дегенмен олар әлі күнге дейін бірігіп, кірігіп, бір жанрға айналған жоқ. Себебі, олардың өз ерекшеліктері бар.
Бірінші - сатира өз обьектісін негізінен, түгелдей жоққа шығарады, қажет болса мүлде мансұқ етеді. Ал юмор белгілі бір жағымды обьекті мен құбылыстың жеке мінін, жағымсыз жақтарын ғана достық рәуіште іліп-шалып, әзіл-әжуа етіп түзетуді мақсат тұтады.
Екінші - құртып, жою пафосы сатираға әшкерелеуші үн, ащы тіл, кекесінді стиль, кермек күлкі беруді қажет етеді. Ол жеңіл ғана қайырымды түрде іліп-шалумен шектеле алмайды. Сатира жай сынау емес, мазақтай келемеждей сынау, өткір, уытты етіп кекете сынау. Ол буырқанып, бұрсанған ыза кекпен, өжет өшпенділікпен әшкерелеу. Ал юмор обьектісін шенеп, мінеп, жеке міндерден арылтуды, сөйтіп жақсы болған үстіне мүлде әдемі, ешбір мінсіз етуді ниет еткендіктен, әзіл-қалжыңмен, симпатиядан туған зілсіз күлкімен, көңілге қаяу салмас тіл, стильмен жазылады.
Үшінші - сатира нысанасы - әр кез жағымсыз болмыс, адамға, қоғамға зиянды құбылыс. Ол еш кезде ұнамды фактіге, таза қуанышты күлкіге негізделмейді. Ал юмор кейде тек мақтанарлық, шаттанарлық құбылысқа, фактіге негізеліп, қуанышты, көңілді, риза болу, мәре-сәре болу жағдайында туып, таза жағымды сипатта көрінеді. Бұл ретте онда ешбір сын нышаны, келемеж ниеті болмайды.
Төртінші - сатира үнемі идеал мен болмыстың арасындағы қайшылықтың негізінде туады. Ізгі мақсатқа, моральға үйлеспейтін ұнамсыз құбылыстың зияндылығын жете көрсету үшін ол фантазияға, гротескіге, әсірелеп көпсітуге, деформациялауға көп барады, батыл барады. Мысалы, бір карикатурада
кейіпкердің басы жоқ, бас орнында - машинка. Одан будақ-будақ қағаз шығып жатыр.
Әрине, бұған қарап, сатирада ешқашан реализм болмайды, оны қалай болса солай жаза беруге болады деп түсінбеу керек. Сатирада реализм бар, болуға міндетті. Әлгі бастың орнына қойылған машинкаға келер болсақ, мұнда үлкен астарлы шындық жатыр. Себебі көптеген мекеме бастықтары баспен, ақылмен ойланып қызмет етудің орнына, ойсыз механизм, ақылсыз автомат сияқты жұмыс істейді.
2. Сатира мен юмордың пайда болуы
Қазақ әдебиетінің тарихында Шернияз Жарылқасұлының сатирасы туралы айтыла келіп, былай делініпті: ...Ирония, саркази Шернияздан бұрынғы халықтық ауыз әдебиетінде де кездеседі. Бірақ ол кездесулерде заңды жоба бар дей алмаймыз. Сондықтан да ол кездейсоқ қана нәрсе. Кездейсоқ қай кезде болсын жоққа тең.
Негізі қарап тұрсақ, бұл жазылған нәрсемен келісу қиын. Себебі, сатира, юмор тек қана ауыз әдебиетімізде кездеседі, оның өзі де жобасыз, кездейсоқ нәрсе, ол жоққа тән деу даусыз қате. Бұл - фольклорлық, сатирамыздың қоғамдық, әлеуметтік мәнін жоққа шығарғанда халқымыздың мәдени, әдеби мұра жасаудағы қабілетіне, сықақшыл, әзілкеш қасиетіне шек келтіру, оның бастан-аяқ ирония мен сарказмге құрылған күлдіргі, аңыз-ертегілерін, аңыз-әңгіме, хикая-анекдоттарын, жұмбақ-жаңылтпаш, мақал-мәтелдерін менсінбегендік. Қазақ ауыз әдебиетінің сатира, юморға өте бай екендігін жоққа шығару.
Ешбір халық өз фольклорындағы сатира, юморға бұлайша олқысынып қарамайды. Қайта мұнсыз ауыз әдебиеті жоқ деп дәлелдейді. Белгілі әдебиет зерттеушілерінің бірі Д. Молдавский: Сатира орыс фольклорының барлық жанрын бірдей аралап өтеді - деп жазады.
Қазақ ауыз әдебиеті жөнінде де осыны айтуға болады. Оның да юмор, сатира араласпайтын саласы жоқ. Академик Мұхтар Әуезов тек ертегілердің өзінен бұл түрдің сан қилы сипаттарын таныды. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің өзгешеліктері көп кезде ірі сатира түрінде келетінін еске ала отырып, қазақтағы бұл алуандас ертегідегі сатиралық элементтерді айқындап ашу қажет - деп ауыз әдебиетіндегі сатираның болашақта зерттелетін проблема екенін айтқан болатын.
20 ғасырдың басында қазақтың бұрынғы өз әдебиеті мен Шығыс әдебиетінен ғана емес, орыс, татар әдебиеттерінен де нәр алып өскен, сыншыл реалистік бағыттағы бір топ ақын, жазушылар болды. Олар: Жаяу Мұса Байжанов(1835-1929), Әріп Тәңірбергенов(1856-1924), Балуан Шолақ Баймурзин(1864-1919), Мұхамеджан Сералин(1872-1929), Спандияр Көбеев(1878-1956), Бекет Өтетілеуов(1883-1949), Сұлтанмахмұт Торайғыров(1893-1920), Сәбит Дөнентаев(1894-1933), Бернияз Күлеев(1899-1923).
20 ғасырдың басындағы орысша оқыған, орыс мәдениетін білген демократ-ағартушылар қоғамдық құрылыстарға сыншылдықпен қарап, әрбір әлеуметтік фактіге прогрессивтік тұрғыдан көз жіберді. Бұл олардың шығармашылығына жаңа леп әкеліп, жаңа түр, тың әдіс, тиімді жанрлар қолдануына жағдайлар жасады. Сатиралық әдісті де мол енгізді.
20 ғасыр басындағы ағартушы-демократтар ішінде қазақ сатирасын үлкен белеске көтергендер - Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Сәбит Дөнентаев. Енді осы ақындардығ сатиралық мұрасына жеке жеке тоқталып өтсек. Сұлтанмахмұт творчествосындағы сатиралық мотивтер туралы алғашқы пікірді профессор Б. Кенжебаев айтты: Ақын, бір жағынан, өз заманынан жериді: оның кем-кетігін, кертартпа, ескілік, теңсіздік, зорлық-зомбылық сияқты дертін сынайды, жерден алып, жерге салып сөгеді, маазқ етеді, оларға кектенеді. Мұны ол кейде ишаралап, аллегория, басня түрінде, кейде ашықтан ашық мысқыл, сықақ түрінде айтады. Сол үшін де Сұлтанмахмұттың революциядан бұрынғы шығармаларында басня, аллегория, фельетон, түрлері едәуір орын алады, - деп жазды ол.
20 ғасырдың басында сықақ саласында Сәбит Дөнентаев Сұлтанмахмұтпен егіздің сыңарындай қалам тербеді. Әдебиетші Қ. Шәменовтің: Ол әсіресе сықақ, мысал өлең, әңгімелері, фельетондары арқылы 20 ғасыр басында қазақ әдебиеті қайраткерлерінің алдыңғы қатарында қызмет етті - дегені дұрыс.
Сәбит - сатираны творчестволық тиімді әдіс-тәсіл ретінде өте мол қолданған жазушы.
Ұмтылайық оқырға,
Айналмай көр-жер, қоқымға,
Жара болып ұлғаймай,
Дәрі іздейік қотырға, - деп оқу, білім алу проблемасымен өмір тіршіліктегі кемшіліктерді сынап, түзету міндетін қатар қойған. Оның қотыр деп отырғаны сол тұрмыстық, қоғамдық кемшіліктер, дәрісі - сатира.
Бұл дәуірдегі қазақ сатирасы көркемдік, өткірлік сапа жағынан да көп көтерілді. Дарынды ақындар Сұлтанмахмұт пен Сәбит сатираның тілдік құралдарын мол да тиімді пйадалану үлгісін көрсетті. Әдебиетке сұмпайы портреттер мен ұсқынсыз теңеулердің сан түрін енгізді. Иронияны, әсірелеуді күшейтті. Айқап та сықақ әңгімелерінде көркемдік құралдарды молайтып, бай пейзаж пайдаланды. Олар да сатира мен лириканы ұштастырды.
1917 жылы Октябрьде адамзат тарихында тұңғыш рет қанаушы атаулы жойылып, елімізде жұмысшы, шаруалар билігі - Совеи өкіметі орнады.
Қазақ тілінде газет, журнал шығарды.
Мысалы, 1917-1920 жылдар арасында, Бірлік туы, Абай, Тіршілік, Ұран, Жаңа заман, Заман тілі, Жас алаш, Жас азамат, Қазақ сөзі, Қазақ мұңы, Қазақ тілі, Еркін қазақ, Көмек, Ұшқын, Мұғалім, Еңбек туы, Сахара таңы, Дұрыстық жолы, Жаңа өріс, Кедей сөзі,
Еңбекшіл жастар сияқты газет, журналдар жарыққа шықты.
Мысалы, Жәлел Биікбиевтің Кедей сөзі газетінде жарияланған Қысым көрген бұлбұл атты өлеңінде революцияға дейінгі өмір аязды қысқа кейінгі өмір шуақты жазға теңелді. Өлең бостандық алған халықты бұлбұл бейнесінде берді.
Тірішілік газетінде февраль революциясынан кейін-ақ С.Сейфуллиннің Күзетші иттер атты мысал-памфлеті жарияланды. Онда қазақ елін билеп жүрген болыс-әкімдер, Уақытша үкімет өкілдері, қазағым, халқым деп еңіреген боп жүріп, ел-жұртын талап жатқан алашордашылар өз қотанына шапқан опасыз иттер бейнесінде әшкереленді.
1919 жылы қазақ даласындағы сатира күнделікті тұрмыс, этика тақырыптарына да бет бұрды. Адамдардың санасындағы, іс әрекетіндегі, мінез-қылығындағы зиянды әдет дағдыларға қарсы күрес аша бастады. Оразақын Лепесов Көмек газетінде жарияланған Жалқаулық атты сықағында Алма піс, ауызға түс!, Таңғы ас тәңірден деп, аллаға қарап ауыз ашып отыра беруді келемеж етті. Бөркімізді лақтырып жіберіп, Аллаға алып бер десе, алып бере ме? Жоқ. Олай болса, рызғыны Алла бермейді, еңбек береді. Әрекетсіз береке болмас деген сөзді ойлан. Еңбек қылсаң тоярсың, егін ексең орарсың, деп жалқаулықты, жұмыссыздықты жеріне жеткізе сынады.
Кедей сөзі деген газетте(Омск, 1920 жылғы 22 апрельдегі нөмірі) Жәнібекұлы Жанұзақтың Түлеме жуандар тегеурін астында деген фельетоны жарияланды. Онда қазақ интеллигенттеріне, әкімдерге тән жаман мінез-құлықтар сыналды.
Бұл кезде сатира жастар баспасөзіне де еркін енді. Жас қазақ журналы Күлкі бөлімін ашты. Мұндай күлкі-сықақ бөлімі Түркістан жастарының баспасөзінде де ашылды. Жас қайрат журналы Соқыр мен көзді кісі, Уақыт - ораза деген сияқты сықақ әңгімелерді жиі жариялады.
Сонымен біз 1917-1925 жылдар арасы қазақ совет сатирасының туу, қалыптасу дәуірі болды. Бұл тұста баспасөзімізде әдебиет және сатира бөлімдері ашылды. Газет-журналдардан әзіл-сықақ, күлкі-мысқыл, шағын фельетондық шығармалар орын ала бастады. Жаңа талап жас ақын, жазушылар сол кездегі шешіліп жатқан келелі мәселелер - ауылды советтендіру, шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу, әйелдер теңдігі, жастарды жаңаша тәрбиелеу істеріне белсене араласып, ондағы кемшіліктерді сынайтын, ескі өмір, шіріген салт-сананы, күлкі ететін сатиралық шығармалар бере бастады.
2.1. Сатира жанрлары
Эпиграмма - грекше надпись деген сөз. Антикалық дәуірдегі гректер атақты адамдарының ескерткіштеріне, салтанатты сарайына, пайдаланаған тарихи мүлік-заттары - ыдыс-аяқ, ер тұрман, қару-жарағына жазылған ескерткіш жазуды эпиграмма деп атапты.
Бертін келе эпиграмма сол кездегі қысқалығын, адамға арналып шығарылатындығын сақтай отырып, біреудің ісіндегі, творчествосындағы, тәртібіндегі, мінезіндегі немесе бір нәрсенің сиқындағы, мазмұнындағы кмем-кетіктерді, олақтық пен ағаттықты солардың өзіне қарап, аранп сөйлеп отырып сынап-мінейтін, сол кемшіліктерден арылуды үндейтін сатиралық поэзияның бір жанрына айналған. Қазірде де эпиграмма - белгілі бір затты,адамды, құбылысты, әзіл тұрғысынан бағалайтын немесе күлкі, келемеж ететін, қажет болса ашық әшкерелейтін сатиралық поэззияның шағын жанры, өз кезінің көкейкесті мәселелеріне тез үн қоса қоюдың тиімді де оперативті формасы.
Эпиграмма - өте тиімді, ұтымды жанр. Кейде ол үлкен мақаланың, не екі жүз жолдық фельетонның айтар ойын төрт-ақ жолмен бере қояды.
Карикатура - итальянша әсірелеу деген сөз. Бұл термин екі түрлі мағынада қолданылады. Жанр ретінде карикатура - белгілі бір қоғамдық-саяси, тұрмыстық құбылыстарды немесе нақты бір адамдар мен оқиғаларды жағымсыз жағынан бағалайтын сатиралық сурет.
Мысалы, бір карикатурада ашкөз ағай жер шарын қапсыра құшақтап, тақымының арасына қысып отыр. Аузын арандай ашып, күрек тістерін жер кіндігіне салып жіберген. Өзімдікі, ешкімге бермеймін деген қомағайлық сыңай білдіреді. Мұнда Америка билеп төстеушілерінің бүкіл әлемге үстемдік жүргізбек арам ниеті мазақ етілген. Ара ж.,1981, #8, 12 бет
Карикатура негізі - әсірелеу, бұрмалау. Суретшілер өз кейіпкерлерін айқынырақ, күлкілірек етіп көрсету үшін олардың жағымсыз жақтарын, ұнамсыз белгілерін гиперболизациялап, түр-түсін деформациялайды.
Шарж француз тілінде әсірелеу деген ұғымды білдіреді. Ол екі элементен - сурет пен текстен тұрады. Шарж суреті орындалу жағынан карикатураға жақын. Ол да композициялық құрылысы жағынан карикатураға ұқсайды. Онда да әсірелеу, бұрмалау, гипербола, гротеск элементтері болады. Бірақ мәні, мақсаты жағынан шарж карикатураға мүлдем ұқсамайды.
Карикатура өзінің уыт, пафосын жауға, жағымсыз жайттарға, сатиралық тұрғыда әшкереленетін обьектіге бағыттаса, шарж өміріміздегі жағымды, жайсаң адамдарға, солардың игі, ізгі қасиеттерін паш етуге арналады.
Фельетон термині өткен ғасырдың бірінші жартысында баспасөз тәжірибесіне енген. Француздың Журналь де деба газеті өзінің шығарған қосымша жеке листоктарын фельетон деп атаған.
Орыс, неміс баспасөзінде газеттің, журналдың белгілі бір бөлімін фельетон деп атаған. Онда қоғамдық-саяси, әдеби шолулар, сын мақалалар, әайтыс еңбектер, тарихи очерктер жарияланған.
Қазақ топырағында да фельетон әр кез әр түрлі мағынада пайдаланылды. Мысалы алғаш Айқап журналы өзінің негізгі бір бөлімін фельетон деп атаған.
Фельетон - сатиралық жауынгер жанр. Оның әр түрлі анықтамалары бар. Үлкен Советтік энциклопедиядада бұл жанрға мынадай анықтама берілген: фельетон күнделікті толғағы жеткен тақырыпқа жазылатын, көбінесе өмірдің жағымсыз құбылыстарын күлкі ететін, әдетте газетте орналастырылатын әдеби-публицистикалық шағын шығарма.
Сонымен, фельетон дегеніміз шағын көлемді, публицистикалық үнді, әсерлі тілді, сын-сықаққа бай, күлкілі жайлары бар әдеби-көркем шығарма.
Памфлет. Зерттеушілердің пікірінше, памфлет деген атау гректің pam(бәрін), phledo(күйдіремін, жандырамын) деген екі сөзінен шыққан. Екінші бір әдебиетшілердің айтуынша, бұл термин 12 ғасырда Англияда қойылған Памфилиус деген комедияның атына байланысты туған. Шынында да, ол алғаш отты пікірлі, әшкерелеуші пафосты, үгіттік мазмұнды Ұшпа листок, прокламация деген мағынада қолданылған. Одан жалынды үндеу мақала түріне ауысып, бара-бара сатира жанрларының біріне ауысқан.
Памфлет те, фельетон сияқты бүгінгі күннің тақырыптарына, көкейкесті проблемаларына килігеді. Одан да сол кездің күрес тынысы, жаңалық үні, әлеуметтік пафосы естіліп тұрады.
Памфлет фельетонға қарағанда обьектісінің табылуы жағынан да, жазылуы жағынан да қиын да күрделі жанр. Себебі кім болса соны, немесе кез келген фактіні памфлет етуге болмайды.
Өрлеу дәуіріндегі сатира
1925 жылдан бастап қазақ совет сатирасы өрлеу өріне бет алды. Содан 1938 жылға дейін дамудың гүлдену, кемелдену дәуірін өткізді.
Партиямыздың 1924 жылы май айында өткізілген 13 сьезі Баспасөз туралы арнаулы қаулы қабылдады. Тарихи документ баспасөзді ғана емес, бүкіл әдебиетімізді өркендетудің бүкіл проблемасы болды.
Онда газет-журналдарымыз ғылым, техника, әдебиет, мәдениет мәселелеріне ерекше назар аударуға, әдебиеттің бар түр, үлгілерін толық пайдалануға, фельетон, шолу, биографияны үзбей беріп, партиялық әдеби сынды күшейтуге тиіс деп көрсетілді. Станок пен соқадан келген жұмысшы, шаруа жазушыларын жалықпай тәрбиелеуге, оларға үнемі қамқорлық етуге шақырды.
Осы қаулымен байланысты қазақ баспасөзі мен әдебиеті тарихында үлкен өзгеріс кезеңі туды. Мұның үстіне сол 1924 жылы партия мен үкіметіміз Түркістан республикасын ұлт ретімен қайта құрды. Бұрын соның құрамында болып келген Сырдария, Жетісу облыстары енді Қазақ автономиялық республикасына қосылды. Бұған дейін Ташкентте шығарылып тұрған қазақ тіліндегі газет, журналдар да барлық адамымен, баспаханалық базасымен Қазақ АССР-іне ауысты. Бұл Қазақстан баспасөзіне жаңа күш, жаңа мүмкіншіліктер туғызды. Оның журналистер құрамын тәжірибелі қызметкерлермен толықтырып, жаңа газет, журналдар шығаруға жағдай жасады. Жыл аяғына қарай республикада 36 газет, 5 журнал шығатын болды. Олардың жартысына жуығы қазақ тілінде еді.
Қазақ баспасөзіндегі осындай елеулі жаңалықтар күлкі-сықақ жанрының өркендей түсуіне бір себеп болды. ВК(б) П Орталық комитеті 1925 жылы 18 июньде Партияның көркем әдебиет саласындағы саясаты туралы қаулы қабылдады. Бұл тарихи құжатта коммунизм бағытынан бір минутке де ауытқымай, пролетарлық идеологиядан бәр адым шегінбей, коммунистік сын әдебиеттегі, өмір тұрмыстағы кемшіліктерге қарсы аяусыз күрес жүргізуге тиіс деген міндет қойылды. Әдебиеттің өмірге икемді барлық күштерін жұмысшы табының, Коммунистік партияның жағына шығару, буржуазиялық идеологиямен күресе отырып, советтік әдебиет, кадрларын дайындау талап етілді.
Мұның бәрі сын мен сынның жауынгер құралы - сатираны дамыту керек деген сөз еді. 1927 жылы Орталық партия комитеті Сатиралық - юморлық журналдар туралы қаулы қабылдады. Мұнда да жауынгер сықақ жанрын дамыту талап етілді, оның міндеттері сараланды. Сатиралық-юморлық журналдардың басты міндеттері - біздің құрылысымызға, ел өмірінің әр түрлі саласындағы, тұрмысындағы буржуазиялық көзқарасты, мещандық дәстүр мен әдеттерді, социалистік құрылыс міндеттері мен жалпы пролетарлық мүдделерге қайшы келетін, әр қилы топшылдықт, бюрократтық, ұлтшыл-шовинистік тенденцияларды, тап жжаулары мен олардың саналы және санасыз түрдегі қостаушыларын сынапәшкерелеу-делінген онда.
3.1 Сатирик Көпен Әмірбек
Саяси-сатиралық Ара-Шмель журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, Бас редактор, ғылыми-техникалық Білім және еңбек журналында жауапты хатшы қызметін атқарған Әмірбек Көпен сатира әлемінде орны ерекше тұлға. Ол Қазақ әдебиеті газетінде сатира және юмор бөлімінің меңгерушісі, Егемен Қазақстан газетінде фельетон бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Бас прокаратурасы мен Жоғарғы сотында баспасөз хатшысы, Қазақ радиосында Бас редактор болып қызмет атқарады. Сонымен қатар Көпен Әмірбек саяси - сатиралық Ара KZ журналының Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы сатира кеңесінің төрағасы болды.
Айта кетейік, белгілі сатирик халыққа Қымызхана, Тамаша, ойын-сауық отауының белсенді авторы ретінде, сондай-ақ өзі құрған Көпен келе жатыр!.. атты сатиралық театрымен танылды. Орыс әдебиетінің классиктері И. Крылов, С. Михалков, С. Маршактың мысал мысқылдары мен лезгин сатиригі Жамидиннің және өзбек әізлкеші Абдулла Қаһардың бірсыпыра сықақ өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
Ол - Аты жоқ кітап, Алып, Тілім қышып барады, Қысыр әңгіме, Мың бір мысал, Ауызбастырық, Өзіңді танисың ба?, Із, Көкемнің көзі, Па, шіркін, пародия! атты әзіл-сықақ, сын мақалалар кітабының авторы.
Президент гранты мен Парасат орденінің иегері, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты атанған.
Көпен Әмірбек сатирасының үлкен бір қыры - пародиялар тарапы. Сатириктің бұл жағынан тілі жатық, осы арқылы кісі бойындағы түрлі кемшілікті бейнелеумен қатаравтор өз саяси көзқарасын да осы жанр арқылы көрсетті. Автор шығармашылығындағы саяси сатира пародия формасы арқылы көрінеді. Бұл ретте, автор саясаткерлер бейнесін көркемдік тұрғыда сомдайды. Прозаға тән көркем - эстетикалық сипаттағы саяси сатиралары автордың шеберлігін көрсетіп қана қоймай,пародияға таңдалған нысананың жалпы сипаты толыө толық көрініс береді. Саяси сатираның кейіпкерлері - негізінен саясаткерлер мен өнер адамдары.
Әдетте көрерменге татар шалы бейнесімен жақсы таныс Бауыржанға арналған пародияда оның стилін, сөйлеу мәнерін ғана емес, тіпті ойнау мәнерін де көріп тұрғандаймыз. Әдетте пародия жасауда автор жеке адам бойындағы барша мінездер, оның өмірге деген көзқарасы, ойы мен психологиясы, тіпті оның жекелік имиджі мен өзіне тән стилі сол қалпында қайталанады. Сонда ғана ол адамның образы оқырман мен көрермен көз алдында жаңғырмақ, қайталанбақ. Бұл қаламгердің шеберлігінен хабар береді. Бір кездері қоғамымыздың белгілі қайраткерінің қатарында аты аталатын Заманбек Нұрқаділовке жазған пародиясында автор кейіпкердің тілімен былай сөйлейді.
Көз таныстың көбісі,
Мені саясаткерге санап,
Алматының бұрынғы мэрі ғой дейді.
Ал білмейтін пәтшағарлар
Мақпал Жүнісованың ері ғой дейді,
Мэр болғаныым да рас,
Ер болғаным да рас!
Пародия барысында өмір шындықтарын, кейіпкердің болмысын, тынысын көреміз. Көрермен сөзі оқырманға эмоциялық жылылық әкелетін күлкімен көмкерілген.
Белгілі сатириктің шығармашылық тынысы өте кең Ол бірден халықтың сүйікті сатирик суреткеріне айналды. Ол шын мағынасындағы патриот болатын. Қазақ сатирасының жаңа белеске көтерілген уақыты да осы кезең.
Көпен Әмірбек өз шығармаларына тақырып таңдаудың да шебері.
Сатирик әрі ақынның осындай бір өзекті тақырыпқа жазған шығармасы Бұғалтыр деп аталады.
oo Бұғалтыр деген немене?
oo Ол француз сөзі. Есеп-қисап деген мағынаны береді.
oo Жоқ, Бұғалтыр деген француздың сөзі емес, қазақтың сөзі.
oo Қалайша?
oo Бұғалтырдың түбірі - бұқ, оған ал деген жалғанған, Сосын тұр деген сөз қосылған. Бұқ-ал-тұр яғни бұғып барып ал да, тұрып кет деген сөз.
Қазақ әдебиетінде прозалық сатира 20 ғасырдың аяғы мен 21 ғасырдың басында қарқындап дамыды. Прозалық сатираның жанрлары әдебиет жанры болуымен қатар, публицистиканың, яғни көсемсөздің де жанры ретінде көрініс табады. Прозалық стаираның да бастауы антикалық дәуірден бізге жеткен. Басқасын айтпағанда атақты Петронийдің Сатириконы мен Апулейдің Метаморфозы атты екі сатиралық романы да тарих теңізінен өтіп бізге жеткен. Әрине, әдебиеттану ғылымында сатира туралы ғылыми көзқарастар жан-жақты.
Прозалық сатираның жанрлық және тақырыптық аясы кең. Сонау көне дәуірдің өзінде пайда болған сатиралық романдар соны айғақтайды. Сатиралық әңгімелер мен сатиралық романдар арасында аралық жанр стаиралық повесть те бар. Жазушы Е. Домбаевтың Болмаған оқиға, Қ. Шыңғысовтың Арлан ішік, О. Иманалиевтің Күн кешкіріп барады, С. Әлжіковтің Мен кеттім су түбіне, Ү. Уайдиннің Өзек өртеген өкініш, Би жақсы адам, Керек адам, Негатив, т.б. хикаяттар бұл жанрдың да қазақ әдебиетінде 20 ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастағанын көрсетеді. Сатирик Ү. Уайдиннің сатиралық хикаяттары алған тақырыбының өзектілігімен , көтерген мәселесінің тереңдігімен ерекшеленеді. Жазушының Өзек өртеген өкініш атты шығармасы тақырыбының өзіндік мәні бар. Бұл тақырып сатираның барлық дерлік жанрында көрініс тапқан типологиялық тақырып, әрі қоғамды кеулеп кеткен күрделі мәселелерге арналған.
Проза жанрындағы шығармалар - Көпен Әмірбек еңбектерінің келелі бір қанаты. Бұл салада өзінің шамасын, қолтаңбасын көрсеткен сатирик халқына проза жанры бойынша көптеген әңгімелер ұсынды. Қаламгер бұл арнада автор қоғам мен адам бойындағы кемшіліктерді, міндерді сынап, сатиралық көркем тілімен түзейтін мол шығармалар топтамасын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz