Мамандыққа кіріспе


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
Экономика факультеті
«Мемлекеттік аудит» кафедрасы
Есеп
5B052100 "Мемлекеттік аудит" мамандығы бойынша оқу практикасы бойынша
Орындаған:
Студент:Әкімбек А. С, МА-13 тобы
Жетекшісі: Бекболсынова А. С
Қорғалған есепке қойылған баға:
Комиссия:
Бейсенова Л. З.
Жахметова А. К. _
Мукушев Т. Б.
Нұр-Сұлтан 2019
Мазмұны
Кіріспе
5В52100-Мемлекеттік аудит мамандығы Еуразиялық ұлттық университетінің жаңа ашылған мамандықтарының бірі.
«Мемлекеттік аудит» кафедрасы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғары органы - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ұсынысына сәйкес 2018 жылдың қыркүйек айында алғаш рет Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының 05. 09. 2018ж №1168 бұйрығымен құрылған.
Тоқтала кетсек, Мемлекеттік аудиттің мақсаты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мемлекеттік аудит объектісін басқарудың және мемлекеттік қаражатты, мемлекеттің және квазимемлекеттік сектордың активтерін пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сүйенетін болсақ, мемлекеттік аудит дегеніміз- мемлекеттік аудит объектілерінің мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарында олардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жөніндегі қызметтерін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, кадрлық, қаржы, табиғи және өзге ресурстарды басқаруын, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін жетілдіруге бағытталған басқару процестерін оңтайландыру бойынша қабылданатын шараларды функционалдық талдау, бағалау және тексеру болып табылады.
Мемлекеттік аудитор - мемлекеттік аудитті немесе қаржылық бақылауды жүзеге асыратын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар мемлекеттік қызметшіні айтамыз.
Елбасының өзінің халқына жолдауында: мемлекеттің қаржылық бақылау органдарының алдына дүниежүзілік аудит тәжірибелері негізінде кешенді мемлекеттік аудиттың құрылуын талап етті. Н. Ә. Назарбаевтың 2013 жылғы 3 қыркүйектегі №634 Жарлығы ҚР мемлекеттік аудитінің құрылуына негіз салды. Осыған сәйкес елімізде көптеген халықаралық стандарттарға сай жұмыстар жүргізіліп жатыр.
1 курс студенттерінің оқу практикасының мақсаты оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту және тереңдету, зерттеу қызметінің алғашқы дағдыларын алу, іскерлік хат - хабарларды жүргізу, 5В52100 - "мемлекеттік аудит"мамандығына сәйкес практикалық іскерліктер мен жұмыс дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
5В52100 - Мемлекеттік аудит мамандығы бойынша оқу практикасы мемлекеттік аудит саласында білікті мамандарды даярлаудың аралық кезеңі болып табылады.
1. 5В052100 Мамандықпен және оның білім беру бағдарламаларымен танысу.
1. 1. Мамандыққа кіріспе
Біздің «Мемлекеттік аудит» кафедрасы көптеген бәсекелік артықшылыққа ие. Біріншіден, кафедра базасында «Мемлекеттік аудит» мамандығы бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігі (ҚР БҒМ РОӘК ОӘБ) жұмыс жасайды. ОӘБ құрамына (25%) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғары органы - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің, жетекші ғылыми-зерттеу орталығы - Есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК, сонымен қатар (75%) Қазақстан Республикасындағы жетекші жоғары оқу орындарындағы академиялық қауымдастықтың өкілдері кіреді. Өзіне жүктелген міндеттерді атқара отырып ОӘБ мамандықтың сапалы нормативтік-құқықтық базасын қамтамасыз етеді. Кадрларды дайындаудың барлық үш деңгейі бойынша типтік оқу жоспарлары, типтік оқу бағдарламалары әзірленген және бекітілген. 2016 жылы республикадағы бірінші «Государственный аудит» оқулығы шығарылған. 2018 жылы «Мемлекеттік аудит» және «Государственный финансовый контроль» оқулықтары жарық көрді. Кафедрамыздың келесі артықшылығы - 2018-2019 оқу жылынан бастап жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша «Мемлекеттік аудит» мамандығының шеңберінде «Экологиялық аудит» бағытында эксперименттік білім беру бағдарламасы іске асырылып жатыр.
Мемлекетіміздің алдында аудитті дамыту шарасы міндеттердің бірі ретінде қойылған. Аудит - латын тілінен аударғанда кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктер мен акционерлік қоғамдардың қаржылық-шаруашылық қызметтеріне білікті талдау жасау деген мағынаны білдіреді. Біз аталған мамандықты тану нәтижесінде мемлекеттік аудитор саласында кәсіби дұрыс қарым-қатынас жасау үшін іскерлік сөйлеу тілін, мамандық бойынша өзекті тақырыптарда дәлелді түрде сөз сөйлеу және мемлекеттік тілде кәсіби тұжырым жасай білуіміз, мемлекеттік аудит саласында проблемалық кәсіби бағдарланған міндеттерді шешу үшін мемлекеттік тілде зерттеу қызметін жүзеге асыру дағдыларымыз болуы тиіс. Мемлекеттік аудиттің мәні: «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заң» 2015 жылы 12 қарашада қабылданған. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады. ҚР-ның мемлекеттік аудит заңнамасының күші- ҚР аумағында орналасқан. Құзырлы органдар: есеп комитеті реттейді. Мемлекеттік аудиттің мақсаты-бюджет қаражаттарының дұрыс әрі тиімді орындалғаның тексеру мемлекеттік аудитордың басты мақсаты. Сонымен қатар, халықаралық аудиторлық стандартттарға және ұлттық заңнамаға сәйкес сапаны бақылау арқылы мемлекеттің экономикалық әлеуетін одан әрі арттыру болып табылады. Бұл ретте мемлекеттің қаржылық бақылау аудит объектілерінің жасаған бұзушылықтарын жою шараларын қолдануға бағытталатын болатын. Кәсіби қызмет саласы ҚР-ында мемлекеттік аудит сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы мемлекеттік аудит ол-халықтың өмір сүру жағдайының серпінді өсуін және елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ресурстардың тиімді пайдалануын бағалау, тексеру болып табылады. Ішкі аудит-ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін, қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен шынайлылығын бағалау. Мемлекеттік аудитті бірнеше типтерге бөліп қарастыруға болады. Олар: тиімділік аудиті, қаржылық есептілік аудиті және сәйкестік аудиті. Анықтама беріп кететін болсақ яғни, тиімділік аудиті дегеніміз-мемлекеттік аудит объектісінің қызметін тиімді, үнемді және нәтижелілік нысанында талдау болып табылады. Сәйкестік аудиті- ҚР заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілернің актілерін сақтауын бағалау, тексеру. Қаржылық есептілік аудиті-мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай күйінің анықтығын, негізділігін бағалау. Мемлекеттік аудиттің типіне қарай бірнеше көрсеткіштері болады. Атап өтетін болсақ: перспективалық-тиімділік- үнемділік- өнімділік- нәтижелілік- мәнділік.
Мемлекеттік аудитор - мемлекеттік аудитті немесе қаржылық бақылауды жүзеге асыратын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар мемлекеттік қызметші. Мемлекеттік аудитор қандай болу керек? Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби этикасы? Сұраққа жауап беретін болсақ, мемлекеттік аудитор көшбасшылық қасиетке ие, тиімді жұмыс қатынастарына ықпал ету қабілетін көрсете білу, құқықтық нормалардың бұзылуына келіспеушілік таныта алуы қажет. Сонымен қатар, тексеріс кезінде мемлекеттік аудит объектісі ҚР заңнамасында көрсетілген көрсеткішке сай болуы тиіс. Олар:
1) тиімділік - жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасы;
2) үнемділік - қызметтің бағаланатын нәтижелерінің тиісті сапасын сақтай отырып, осы нәтижелерге қол жеткізу үшін бөлінген ресурстардың құнын барынша азайту;
3) өнімділік - санын, сапасын және мерзімдерін ескере отырып бөлінген ресурстарды пайдалана отырып, экономика немесе жекелеген басқару саласы үшін барынша пайдалы нәтиже алу;
4) нәтижелілік - әрбір қызмет бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы және нақты нәтижелерінің арақатынасы;
5) мәнділік - мемлекеттік аудит объектісі қаржылық және шаруашылық операцияларын жасауы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің талаптарынан ауытқу, сондай-ақ ең жоғары жол берілетін мөлшері мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне және көрсеткіштер санатына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, қабылданатын шешімдерге ықпал ететін өзге де қателер;
6) перспективалық - жүргізілген шығыстардың белгіленген күтілетін кезеңге қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі.
Өз кезегінде мемлекеттік аудитті жүргізуші лауазымды тұлға - аудитор мынадай қағидаттарды ұстануы тиіс:
1) тәуелсіздік;
2) объективтілік;
3) кәсіби құзыреттілік;
4) құпиялылық;
5) анықтық;
6) ашықтық;
7) жариялылық;
8) мемлекеттік аудит нәтижелерін өзара тану.
2. Болашақ кәсіптің объектілері болып табылатын ұйымдардың ұйымдық-құқықтық формасымен, құрылымымен, басқару жүйесімен жалпы танысу
2. 1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілердің түрлері мен нысандары
Шаруашылық жүргізуші субъектілер көптеген қызмет түрлерін жүзеге асырады, егер оларға заңмен тыйым салынбаған болса және жарғыға сәйкес болса . Жарғыда субъектілердің түрі, оның атауы, орналасқан жері, қызметінің мәні мен мақсаты, басшының өкілеттігі, басқару және бақылау органдары, олардың құзыреті, субъекттің мүлкін қалыптастыру тәртібі және бөлу, қайта ұйымдастыру шарттары және қызметін тоқтату анықталады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің әртүрлі түрлері Қазақстан Республикасының экономикасының негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субъект қызметінің міндеттерін оның меншік иесі айқындайды және ол жоғары сапалы бәсекеге қабілетті өнім шығаруды және сатуды қамтамасыз ету, табыс алуға мүмкіндік беретін құжат ретінде қарастырылады.
Жалпы субъектілер деңгейі бойынша бөліп қарастырсақ болады. Мысалы, квазимемлекеттік сектор субъектілері - мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, компаниялар, сондай-ақ, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды айтамыз.
Ал квазимемлекеттік сектордың республикалық субъектілері - құрылтайшы, акционер, қатысушысы Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық мемлекеттік органдар немесе ҚР Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың атынан мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды жатқызуға болады.
Мемлекеттік аудит объектілеріне: мемлекеттік органдар, бақылау органдары, коммерциялық ұйымдар, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша аудиторлық жатады.
Мемлекеттік аудит жүргізу кезіндегі объект басшысының негізгі ҚР-ның Заңнамасына сәйкес құқықтары мен міндеттері бар. Құқықтары ол:
1) мемлекеттік аудиттің мақсатымен, ұзақтығымен оның нәтижелерімен, ұсынымдарымен және қаржылық бақылаудың тексеріс кезінде өткізілетін іс- шараларымен толықтай таныс болуы қажет;
2) тексеру тағайындау туралы актіні ұсынбаған мемлекеттік аудиторларды тексеруге жібермеуі керек. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ол тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына өз қарсылығын жіберуге тең құқылы;
Яғни, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарының әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауына болады.
2. 2. Есеп және мемлекеттік аудит саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттармен танысу және жұмыс
Нормативтік құжаттармен таныспас бұрын ең алдымен нормативтік құжат дегенімііз не? Соны айқындап алуымыз қажет. Iс жүргiзудегі нормативтiк - әдiстемелiк база - бұл заңдар, нормативтiк құқықтық актілер және мекеменiң ағымдағы қызметiндегi құжаттарды жасау, олардың өңдеу, сақтау және қолдану технологиясы бойынша регламентін белгiлейтiн әдiстемелiк құжаттардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттары:
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарға:
1) халықаралық стандарттар;
2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi.
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың ресми басылымдарын таратуды тек қана уәкілетті орган немесе ол уәкілеттік берген ведомстволық қарасты кәсіпорын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары
Мемлекеттік стандарттар төменгі құрылымдық элементтерден тұрады: титулдық бет, алғы сөз, мазмұн, кіріспе, стандарттың аты, қолдану саласы, нормативтік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар, талаптар, қосымшалар, библиографиялық мәліметтері. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бірнеше құжаттарды қабылдайды:
1) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп - мемлекеттік аудитті тікелей жүргізген мемлекеттік аудиторлар жасаған, қаржылық есептіліктің анықтылығы, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы жазбаша нысанда білдірілген пікірді қамтитын құжат;
2) аудиторлық есеп - мемлекеттік аудитті тікелей жүргізген мемлекеттік аудиторлар жасаған, белгілі бір уақыт кезеңі үшін жүргізілген тиімділік аудитінің және сәйкестік аудитінің нәтижелерін қамтитын құжат;
3) аудиторлық қорытынды - аудиторлық есептер немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есептер негізінде жасалатын, тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтитын және өз өкілеттіктері шегінде Есеп комитетінің, тексеру комиссиясының қаулысымен, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітілетін құжат;
3. Болашақ кәсіби қызметтің түрлерін, функциялары мен міндеттерін зерттеу.
3. 1. Жұмыс берушіге экскурсия
Біз 2019 жылдың 12 маусымында болашақ мемлекеттік аудитор құраған топ практика жетекшісі Алма Сартайқызымен бірге Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне бардық. Барлығымыз сонда жиналып, бұл мемлекеттік мекеме болғандықтан ішкі тәртіпке сай ұялы телефондарымызды қалдырып, тексеруден өттік. Мәжіліс залына көтеріліп орындарымызға жайғастық.
Мемлекеттік кірістер департаментінің аудит басқармасының бөлім басшысы Хамдиева Мариям Мингалиевна және де посткедендік бақылау басқармасының басшысы С. Артықбаев сөз сөйлеп, елорданың Мемлекеттік кіріс органдарының негізгі функциялары мен міндеттері, олардың жұмыстарының әртүрлі бағыттары, салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ салықтық тексерулер жүргізудің негізгі рәсімдері жайлы айтып берді. Салықтық аудитті жүргізу кезіндегі жиі кездесетін қиындықтар жайлы да аталып өтті. Мысалға аудитті жүргізудің мерзімі бойынша екі түрі бар: жоспарланған және жоспарланбаған. Жоспарланған аудит көбінесе еш қиындықсыз өтеді. Ал жоспарланбаған аудитті өткізудің бірнеше қиыншылықтарын атап өтті:
Ең алдымен, салық төлеуге міндетті мекемені, заңды немесе жеке тұлғаны табу. Себебі көптеген міндеткерлер салық төлеуден құтылуға тырысады.
Екіншіден, жоспарланбаған салықтық аудит салық төлеуге міндетті тұлғаға психологиялық жағынан қиыншылық алып келетіні де айтылды.
Сұхбат соңында өзіміздің ойландырып жүрген түрлі сұрақтарымызды қойып ойымызға түйе отырып, сұрағымызға жауабын алдық. Ойландырып жүрген сұрағымыз: Тексеріс жүргізген қызықта ма? Жұлдыздар да салық төлейді ме? Шет елдерден алып келген көліктердің салығы қандай? Әрине, толық және кеңейтілген жауаптар берілді. Жауабы өте қызықты. Жұлдыздарда салық төлейді. Себебі, олар осы елдің тумасы болғандықтан салық төлеуге міндетті және де тексеріс жүргізу барысында көптеген жағдайлар болады. Әрбір мекемені тексеруге барғанда бір кемшілік табуға тырысамыз, таппасақ жұмысысымыз қызықсыз деген жауаптар да болды. Өзімнің мамандығыма деген ынтамызды, қызығушылығымызды одан әрі арттырып керемет дәріс жүргізді. Егер ойландырып жүрген сұрақтарымыз болса, кез-келген уақытта жеке қоңырау шалып сұрақтарымызды қоюға рұқсаттарын берді. Қорыта келе, білікті маман болу үшін «Мемлекеттік аудит» бакалаврын тамамдағаннан кейін қандай ұйымдарда жұмыс істеуге болатыны туралы және де жоғары лауазымды жерде жұмыс істеу үшін магистр деңгейінде оқуға кеңес берді. Оқуды жақсы оқуымызға тілектес болып, болашақта кірістер департаментінде күтетіні жайлы айтты.
Керемет кездесуден кейін көңілді шығып, барлығымыз бірге естелікке суретке түстік. Осындай кездесу ұйымдастырып, экскурсия жасағаны үшін практика жетекшісі Бекболсынова Алма Сартайқызына және мемлекеттік кірістер департаментіне алғысымды білдіремін!
3. 2. Эссе «Менің болашақ мамандығым»
Адам өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жаңылмауы қажет. Әркімнің өзіне жүрегіне жақын, жанына жағымды мамандық таңдау сәті-асқақтаған арманының ең бірінші баспалдағы. Мамандығыңды таңдаған сәтте сол кәсіптің білгірі болуы шарт. Бала кезімнен бері түрлі мамандықтармен қызығып жүрдім. Бірде әсемдік саласында, бірде стюардесса болғым келді. Бірақ ойлана келе анам фармация - медицина саласында жұмыс жасағанымды қалады. Оқуымды бітірмес бұрын, болашағымды тандамас бұрын ата-анамның көмегіне жүгініп, таңдаулары бойынша бір тоқтамға келдік. Таңдауым мемлекеттік аудитор мамандығы. Бұл мамандықты тандау себебім отбасымның барлық мүшелері осы салада жұмыс істегендіктен менде өз болашағымды экономикамен, қаржымен байланыстыруды жөн көрдім және де әкем осы мамандықта жұмыс жасайды. Мемлекеттік аудит мамандық туралы мәліметтерді әкемнен сұрап, ғаламтор желісенен қарап, осы мамандықпен қызыға бастадым. Сонымен мектебімді бітіріп, емтихандарымды тапсырып, ҰБТ-дан 122 балл жинадым. Бұл мамандық жаңадан енгізілгендіктен тек екі қалада болды. Ол біріншісі Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық университеті және екіншісі, Қарағанды қаласындағы гуманитарлық университеті. Құжатымызды Астана қаласына тапсырып осы мамандыққа түстім.
Қазіргі таңда осы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қабырғасында экономика факультетінде білім алып келемін. Бұл білім ошағында 13 факультет, әрбір факультетте кем дегенде 5-6 мамандық түрлері бар. Экономика факультеті деканы Мақыщ Серік Биханұлы. Факультетте 6 кафедра жұмыс атқарады:
- Экономика және кәсіпкерлік кафедрасы;
- Менеджмент кафедрасы;
- Есеп және талдау кафедрасы;
- Туризм кафедрасы;
- Қаржы кафедрасы;
- Мемлекеттік аудит кафедрасы.
Қазіргі кезде «Мемлекеттік аудит» мамандығы бойынша білім алушылардың саны төмендегідей болып табылады:
· бакалавриат - 177 білім алушы, оның ішінде мемлекеттік грант бойынша 149;
Осы мамандықта оқып нағыз мемлекеттік аудитордың қандай болу керектігін білдім. Мемлекеттік аудитор ол ісіне адал, өзіне сенімді, көкірегі ояу адам болуы керек және осы салада жұмыс істеудің өзінің кәсіби этикасы болады. Мысалға мемлекеттік аудитор қандай болу керек деген сұрақ қоятын болсақ, онда көшбасшылық қасиетке ие, құқықтық нормалардың бұзылуына келіспеушілік таныта алуы қажет. Менің ойымша, мемлекеттік аудитордың кәсіби этикасы: әдепті, жүзі жарқын, парасатты, сыпайы болуы тиіс. Осы саланың білікті маманы болу үшін кемінде 4-5 жыл оқу кажет. Қорытындылай келе, мен бұл мамандықты таңдағаныма өкінбеймін. ЕҰУ қабырғасындағы білім беруші мұғалімдердің арқасында жақсы маман иесі болатынымызға сенемін. Мемлекеттік аудитор мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін.
3. 3. ҚР Қаржы министрлігі МКК Төрағасымен кездесу қорытындысы бойынша есеп
2019 жылдың 31 мамырында Еуразия ұлттық университеті қабырғасында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасымен кездесу өткен болатын. Бұл кездесуге тек студенттер мен ұстаздар ғана емес, сонымен қатар еліміздің басқа қалаларынан келген кәсіпкерлікті басқаратын жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар да жиналды. Кездесу тақырыбы шағын және орта бизнес субъектілері, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін салықтық амнистия жасауға арналды.
Бұл кездесуде еліміздің экономикалық салық жайлы тақырыптар қозғалды. Салық кодексіндегі белгілі бір жағдайларға да шолу жасалды. Олардағы өзгерістер мен толықтырулар көрсетілді. Елдегі кәсіпкерлердің көбінесе жіберетін қателіктері жайлы айтылды. Атап өтетін болсақ:
- Айлықты қысқарту бойынша - 14426 хабарлама, 3, 9 млрд. теңге өндіріліп алынды;
- Арифметикалық кателіктер - 7260 хабарлама, 8, 5 млрд теңге өндіріліп алынған және т. б.
- Салық мөлшерлемесін азайту және жасыру бойынша, 15164 хабарлама түсіп, 14, 5 млрд. теңге төленді;
Барлығы 90%, яғни 29 мың хабарламалар орындалмаған болатын, ал қалған 10% банктегі шоттары тоқтатылған болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz