Электрондық оқулықтың оқыту элементтеріне қойылатын талаптар
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ 4
І ТАРАУ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ 7
1.1 Электрондық оқулық және оның тиімділігі 7
1.2 Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар 9
1.2.1 Электрондық оқулыққа қойылатың жалпы талаптар 9
1.2.2 Электрондық оқулықтың құрамына қойылатын талаптар 11
1.2.3 ЭО-тың функцияларына қойылатын талап тар 12
1.2.4 Электрондық оқулықтың мазмұн құрылымына қойылатын талаптар 13
1.2.5 Электрондық оқулықтың оқыту элементтеріне қойылатын талаптар 14
1.2.6 Электрондық оқулықтың кері байланысына қойылатын талаптар 15
1.2.7 Электрондық оқулықты рәсімдеуге қойылатын талаптар 16
1.2.8 Электрондық оқулықтың құжаттамаларына қойылатын талаптар 18
1.3 Электрондық оқулықтың құрылымы 19
1.4 Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi 21
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24
КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасының білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағдарының бірі делінген.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру, жаңа ақпараттық және қатынастық технологияларын (АКТ) меңгеру және жапай тарату үдерістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқушының арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Қазіргі оқытушы АКТ төңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс. Ашық және басқа білім беру формаларында қолданылатын АКТ құралдарының негізгі түрінің бірі элетрондық басылымдар болып табылады.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын шетел тілі пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, студенттің шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Мұндай мүмкіндіктерді қазіргі кездегі бар және жаңадан қалыптасып келе жатқан электрондық оқыту құралдары бере алады.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық- коммуникациялық технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетке кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы оытушылардың кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, педагогикалық үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасау өзекті мәселе болып табылады.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үдерісі оқушының жаңаша оқу қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.
Оқу үдерісінде ақпараттық және қатынастық технология құралдарын кешенді пайдалану мүмкіндігін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру бұрыннан таныс бағдарлама құралдары мен дүниежүзілік алғы шепке сәйкес келетін жаңа құралдар болып табылатын көп функционалды білім берудің электрондық басылымдарын жасау және қолдану арқылы да жетуге де болады.
Зерттеудің нысаны. Электрондық оқулық жасау және пайдалану.
Зерттеудің мақсаты. Электрондық оқыту бағдарламаларын жасаудың мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін, формаларын, құралдарын және оларға қойылатын талаптар кешені мен технологияларын зерттеу және 3D Max моделдеуді оқыту үшін Autodesk қолдану пәні бойынша электрондық оқыту құралдарын жасау.
Зерттеудің міндеттері.
1. Білімді ақпараттандыру саласы бойынша ақпараттық технологияларға негізделген білім беру стандарттарына, оқыту әдістері мен оқу бағдарламаларына ғылыми талдау жүргізу негізінде кәсіптік шетел тілін оқыту қызметін анықтау.
2. Оқытуда білім берудің дидактикалық негіздерін анықтау арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде ұйымдастыру мен басқарудың тәсілдерін айқындау.
3. 3D Max моделдеуді оқыту үшін Autodesk қолдану пәні бойынша арналған электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясын анықтау.
Зерттеудің жетекші идеясы. Білім беруді ақпараттандыру және колледжде информатика мамандарын дайындау барысында кәсіптік шетел тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға жаңа жағдай жасап, үлкен мүмкіншіліктер туғызуда. Бұл арнаулы орта білім беру жүйесіндегі оқытудың тиімділігін арттырып, білім дәрежесі жоғары, сапалы мамандар даярлауға жағдай жасайды.
Зерттеулердің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
Электрондық оқыту құралдарын жасауда дұрыс жолды пайдалану жағдайында тек қарапайым тілдесу ғана алынып қоймайды, оқушының тұлға болып дұрыс қалыптасуы мен мотиацияны дамыту үшін жағдай жасалатын педагогикалық тілдесу алынып, оқушыға ыңғайлы көңіл-күй қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің практикалық құндылығы:
3D Max моделдеуді оқыту үшін Autodesk қолдану пәні бойынша электрондық оқыту құралдарын жасауда пайдаланатын ақпараттық технология бірнеше басты қызметтерге негізделеді, олар:
oo қабылданатын оқу ақпараттарының саналығы мен тереңдігін қамтамасыз ететін көрнекілік, түсініктер мен ұғымдардың қалыптасуы;
oo ақпараттық, өйткені, оқу құралдары - қандай да бір ақпаратты тасымалдаушы білімнің негізгі көзі болып табылады;
oo оқыту үдерісін жеңілдетіп және алға қойған мақсатқа күш және уақытты үнемді жұмсап жетуге бейімдейтін компенсаторлық қызмет;
oo оқыту үдерісіне ыңғайлы жағдайлар жасайтын, демонстарция, өзіндік жұмыс ұйымдастыратын үйренгіштік қызмет;
oo нысана немесе құбылысты біртұтас та, бөлшектеп те қарай алатын интерактивтік қызмет.
І ТАРАУ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ
1.1 Электрондық оқулық және оның тиімділігі
Кітап барлық ұрпақтарға белгілі, жұмыста, білім алуда қолдануға ыңғайлы. Оның қасиеті қолдану қарапайымдылығында болып отыр. Ал кемшілігі - ақпараттың мәтіндік түрі. Онда көптеген жағдайларды мысалы, өнер туындыларын немесе қозғалыстың жүйелілігін толық түсіндіру мүмкін емес.
Оқыту тәжірибесі және психологиялық-педагогикалық зерттеулер оқытудың тиімділігі барлық мүшелер сезімдерінің белсенділік дәрежесімен тікелей байланысты екендігін көрсетті: оқу материалын қабылдау сезімі барынша әртекті болса, онда ол соншалықты нақты игеріледі.
Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы жанды болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес келеді.
Бүгінгі күнде мектептегі білім берудің мазмұнының 60%-ы және кәсіби білім берудің 10%-ы түрлі сандық интерактивті мультимедиалық білім беру ресурстарын (СИМБР): электронды оқулықтарды (ЭУ); мультимедиалық оқыту бағдарламасын (МОБ); виртуалды саяхаттарды (ВС); электронды дидактикалық құралдарды (ЭДҚ) және т.б. жасау жолымен сандық форматқа көшірілген [1].
Электрондық оқулық - құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы [2].
Электронды оқулықтар және СИМБҚ-ның басқа да түрлері интерактивті, олар дыбысталған, оларда студенттердің жауаптары елеусіз қалмайтын шынайы қарым-қатынастың элементтері бар. Оқушы мәтінді оқып қана қоймай, сонымен қатар тапсырмаларды орындай және сұрақтарға жауап бере отырып оқу үрдісінің белсенді қатысушысы болады.
Электрондық оқулық - ғылыми-педагогикалық құрал. Электрондық оқулықтардың тиімділігі:
теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;
сабақты иллюстрациялық материалдармен жабдықтауға көмектеседі;
сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді.
Мультимедиалық технологиялардың қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауды және де басқа оқып үйренуге арналған құралдар жасауда көп қолданылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологиялардын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.
Электрондық ресурстарды қолданып оқыту жаңа педагогикалық технологияның бір түрі болып табылады, ол педагогиканың негізгі заңдарына бағынады және білім берудің дәстүрлі дидактикалық ерекшеліктерін ұстанады, бірақ оқу ортасының жаңа шарттары мен критерийлерімен толықтырылады.
Электронды оқулық мынадай жағадайларда тиімді:
1) тез арадағы кері байланысты қамтамасыз етеді, яғни интерактивті болып табылады;
2) қажетті ақпаратты тез табуға көмектеседі, іздеу жай оқулықта қиынға түседі;
3) гипермәтіндік түсіндірмелерге бірнеше рет енген кезде уақытты үнемдейді;
4) экранға мәтінді шығарып ғана қоймай, сонымен бірге көрсетеді және үлгілейді және т.б. - осында мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктері мен артықшылықтары белгілі болады;
5) нақты тарау бойынша нақты тұлға үшін ең сәйкес келетін білімді тексеру;
6) Интернет көмегімен қажетті ақпаратты жаңартуы мүмкін.
Қазіргі кезде компьютерлік дидактикалық программалардың келесі типтері белгілі[14]:
1) бақылаушы программалар - кейбір істерді жоспарлау және орындау жолында оқушы белгілі бір мақсатқа жету үшін оқу ортасында тапсырмаларды көрсету;
2) оқыту програмамлары - оқушыға оқу материалы мен ол жауап бере алатын сұрақтарды беру;
3) үлгіленуші программалар - оқушыдан талап етілетін тапсырмаларды беру;
4) жаттығу программалары - есепті шешудің техникалық дағдылануларын бекіту үшін қызмет етеді. Олар теория бойынша ақпаратты алуды қаматамасыз етуі тиіс;
Электрондық оқулықтарды қолдану практика жүзінде:
- білім алушыларға білімді өз бетінше игеру іс-әрекетінің әртүрлі формаларын ұйымдастырады;
- оқудың түрлі іс-әрекеттерін орындау процесінде жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін қолдануға жағдай жасайды, сонымен бірге, тіркеу, жинау, сақтауинтерактивтік диалог, объектілерді моделдеу, құбылыстар, процестер, лабораторияларда жұмыс істеу мүмкіндіктерін жасайды;
- оқу процесінде ақпаратты тікелей мультимедиа технологияларды, гипермәтіндік жіне гипермедиа жүйелердің мүмкіндіктерін қолдану арқылы шығару;
- болашақ мамандардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін бағалау, сонымен бірге олардың білім деңгейін, іскерлігін, дағдыларын, нақты бір тапсырмаға дайындығын, стандарт талаптарына сәйкес олардың материалды игеру нәтижелерін тексеру;
- білім алушының оқу іс-әрекетін басқару, оның білім деңгейін, іскерлігін, дағдыларын, оқу құралдарын пайдалану ерекшеліктерін бақару;
- білім алушының жеке өз бетінше оқу іс-әрекетін орындауына жағдай жасау, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру;
- оқытудың тиімділігін көтеру мақсатында оқытушы мен студенттің жедел әрі тұрақты түрде сұхбаттасу негізін құру.
Электронды оқулықтар студенттердiң:
- бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
- ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
- өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
- ойларын дамытуға;
- студенттердiң сөздiк қорының молаюына;
- тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
- сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
- өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Электрондық оқыту құралдарын (ЭОҚ) компьютерлік техника көмегімен өңделіп көрсетілетін, кез-келген электрондық тасымалдаушыда немесе компьютер желісінде жарияланған, білімнің сәйкес ғылыми-практикалық саласынан оқушыларға білімді, біліктілік пен дағдыларды шығармашылық тұрғыда белсенді меңгеруді қамтамасыз ететін осы сала бойынша жүйеленген материалдардан тұратын графикалық, мәтіндік, цифрлық, сөздік, музыкалық, бейне-, фото-, және басқа да ақпараттар жиынтығы ретінде анықтауға болады.
1.2 Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар
1.2.1 Электрондық оқулыққа қойылатың жалпы талаптар
Электрондық оқулықтар негізгі білім беру электрондық басылымдары болып табылады. Электрондық оқулықтар жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде жасалады және бағдарлама мен стандарттың дидактикалық бірліктерін анықтайтын, мамандықтың білім беру стандарттарына толығымен сәйкес келуі керек. Одан басқа, электрондық оқулықтар интерактивті кері байланысты жүзеге асыратын пәнді оқыту барысында дидактикалық жүйенің үздіксіздігін және толықтығын қамтамасыз ету керек. Электрондық оқулықтардың негізгі қасиеттерінің бірі оның мазмұнын қағаз жүзінде шығаруға мүмкіндік жасау болып табылады.
Электрондық оқулық кiшкене ғана мәтіндік мәлiметтердi сақтап, ұзақ уақытқа дейiн экранға шығарып бiлiмдi жетiлдiредi. Мазмұнының көлемi және қарiптiң өлшемi болады. Электрондық оқулық кейбiр сөздi бөлiп алуды, түрлi түстерге бояуды толықтырады, болмаса оқуды қиындатып немесе жеңiлдетiп көрсетедi. Мұндай оқулықтар көптеген мәлiметтердi өзiнде сақтайды.
Дәстүрлi оқытуда жаңа материалдарды түсiндiргенде вербальды түрге енедi. Осыған байланысты аудио фрагменттердi электрондық оқулықта пайдалану ақпараты игерiп қана қоймай, сонымен қатар жаңа материалды жақсы түсiнiп, мидың жұмысын, есту және көру мүшелерiнiң жұмыс iстеуiн жақсартады. ЮНЕСКО берiлгендерi бойынша қабылданатын ақпарат аудио-қабылдау арқылы 12%, визуальды - 25%, ал егер аудио-визуальды - 65%-iн қабылдайды. Қазiргi кезде мультимедиялық жүйенiң жақсы дамуына байланысты оқытуда пайдаланылатын компьютердiң көп бөлiгi дыбыстық жүйемен қамтылған. Аудиториялық сабақ кезiнде дыбысты құлаққаптар (наушник) арқылы естуге болады.
Электрондық оқулықтың оқу элементтерiне гиперсiлтемесi және басқа бөлiмдерi мен анықтамаларға сiлтемесi болуы керек. Керек бетке тез ауысу мүмкiндiгi болады. Мәтіндік, графиктiк және басқа материалдар бойынша дидактикалық түсiндiрмесi болады. Жаңа ақпаратты қабылдау сапасы, сараптау және саралау мүмкiндiгi, сақтау жылдамдығы, оқу материалын толық қамтылғаны бетте (компьютер экранында) орналасқанына ғана емес, сонымен қатар бiрiнен кейiн бiрi орналасқан беттерге де қатысты. Қағаз кiтапта бiр мезгiлде екi бетке бiрдей қарауға болады, ал электрондық оқулықта бұлай етуге болмайды. Бiрақ жоғарыда айтылғандарға байланысты электрондық оқулықта кез келген жерге қыстырма қоюға болады .
Электрондық оқулықта пайдаланған әдебиеттер тiзiмi болуы керек. Жоғарыда ескерткендей электрондық оқулық белгiлi бiр ЖОО-ның оқу жоспарына байланыста болады және әдебиеттер тiзiмi де соған байланысты болады.
Электрондық оқулық ешқашан да кiтаптың орнын ауыстыра алмайды. Әдебиет туындысының сахнада көрiнуi басқа жанрға жатады, сол сияқты электрондық оқулық та оқудың басқа жанрына жатады. Электрондық оқулық құру үшiн тек қана жақсы кiтапты алып қана қоймай, оған сай иллюстративтi материалды, мультимедиялық мүмкiндiктi және жаңа ақпаратты қамтамасыз етiп қана қоймау керек. Электрондық оқулық суретi бар мәтiнге немесе анықтамалық функцияға айналып кетпеуi керек. Электрондық оқулық қағида мен мысалдарды бiлудi және есте сақтауды жеңiлдету керек. Мәтіндік құраушы шектелген болуы керек - компьютер материалын оқығаннан кейiн оны тереңiрек түсiну үшiн кiтапты оқу керек.
ЭУ-тың объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен ережелердің, сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын объектілердің, құбылыстар мен үрдістердің қатынастары мен қасиеттерінің жиынтығы болып табылатын сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа оқыту ақпараты болуы керек.
1. ЭУ оқу мақсаттарына тікелей сәйкес келмейтін, яғни, оқу курсының мазмұнына жатпайтын және пайдаланушының назарын өзіне аудартатын ақпаратты қамтымау керек.
2. ЭУ-та интерфейс көрнекті, түсінікті, бірмәнді болуы мен қатар, пайдаланушы қате іс-әрекеттер жібермеуі үшін бүтін ЭУ-тың және оның жеке бөліктерінің жұмыс істеу логикасын түсінуге көмектесетін түрде болу керек.
3. ЭУ-та оқылатын объектiлер, үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру және өзгерту үшін, сонымен қатар сыртқы әрекеттердi имитациялау үшiн, имитациалық компьютерлiк моделдер ыңғайлы құралдармен жабдықталу керек. Компьютерлік моделдермен өзара-әрекет мәселелері оның көмегімен шешілетін дидактикалық есептердің мазмұнынан оқушының көңілін бөлмей, оларды меңгеру үшін интеллектуалды ынтаны сүбелі азайтатындай болуы керек.
4. ЭУ жабық та, ашық та ортада қолданылу мүмкіндігіне ие болу керек. ЭУ жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда орналасуы және жеке алынған компьютерде немесе локалды компьютерлік желіде орындалушы программалар сияқты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болу керек. ЭУ ашық ортада глобалды компьютерлік желілерде орналасады және жұмыс істеу үшін программа-браузерлерді қолданады.
5. ЭУ қосымша программалық құралдарды талап етпейтін операциялық жүйенің, соның ішінде ашық кодты операциялық жүйелердің, нұсқасын ескере отырып автоматты түрде орнатуының мүмкіндігіне ие болу керек. Орнату комплектінде мемлекеттік немесе халықаралық стандарттарына сәйкес ЭУ-тың тәуелсіз жұмысы үшін барлық қажет шрифтер, драйверлер және программалар пакеттері болуы керек.
6. ЭУ қажетті өзгертулерді енгізуді оңайлату және сынақтан кейін программаның алғашқы кодын өзгертпей ЭУ-тың мазмұнын жетілдіру мүмкіндіктері болуы керек, сонымен қатар рұқсатсыз оқу материалы мен статистикалық деректерге қолжетпек болмауы керек.
1.2.2 Электрондық оқулықтың құрамына қойылатын талаптар
ЭУ-тың құрамына: титул, мазмұн, контент, утилиталар, көмекшi және құжаттама енгiзiлу керек.
1. Титулда ЭУ-тың шығу мәліметтері орналасады. Шығу мәліметтеріне қойылатын талаптар осы стандарттың сәйкес тарауында келтірілген.
1.2 Тақырыптамада ЭУ-тың құрылымы мен барлық семантикалық оқу бірліктерінің атаулары көрсетілуі керек.
2. Контентте ЭУ-тың мақсаттары мен есептеріне қатысты, және бiлiмдi қорытынды бақылау өткізуге қажет, барлық оқу материалы берілуі керек. Оқу материалы ғылыми терминологияны пайдаланып түсінікті, дәл, толық және қарамақайшылықсыз жазылуы керек.
3. Утилиттер пайдаланушыларды тіркеу, статистикалық деректерді шығару, мазмұнды қарау, оқу траекториясын анықтау және сонымен оқыту, ағымдағы, аралық, белестік және қорытынды тестілеуді жүргізу үшін арналған.
4. Көмекшiде ЭУ-тың жұмысын басқару бойынша ақпарат және ЭУ-тың iске қосылу моментiнен бастап қолжетпек болу керек.
1.2.3 ЭО-тың функцияларына қойылатын талап тар
ЭУ-пен жұмыс жасау үшiн келесi функциялар жүзеге асырылу керек: пайдаланушыны тiркеу; деректердi қорғау; бағыттама; мазмұн қарауды ұйымдастыру; оқыту траекториясын анықтау; оқыту және бiлiм бақылау; тестiлеу; статистикалық есеп беру.
1. Пайдаланушыны тiркеу функциясы ЭУ-та пайдаланушы туралы деректердi енгізу, өзгерту және жоюды қамтамасыз ету керек.
2. Деректердi қорғау функциясы ЭУ-тың мазмұны мен тестілеу нәтижелерінің бүтiндiгiн сақтау керек, сондай-ақ, белгілі бір деректерге рұқсатты қолжетпек және басқа деректерге шектеулі қолжетпек жасау үшін пайдаланушыларды авторизациялау керек.
3. Бағыттама функциясы ЭУ-ң құрылымы бойынша қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
4. Мазмұн қарауды ұйымдастыру функциясы тапсырмалар орындауды, сұрақтарға жауап беруді және білім бақылауды талап етпей, ЭУ-тың мазмұнымен алдын ала танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету керек.
5. Оқыту траекториясын анықтау функциясы міндетті оқытуды және бiлiм бақылауды өткізу үшін сабақтардың тізбегін қолмен, тестілік немесе толық таңдау негізінде құру мүмкiндiгін қамтамасыз ету керек.
6. Қолмен таңдау ЭУ-тың мазмұнындағы модулдердің, блоктардың және сабақтардың нөмiрлерiн белгiлеу арқылы оқыту траекториясына қолмен енгізуге мүмкiндiк беру керек.
7. Тестілік таңдау ЭУ-тағы оқу материалының барлық көлемi бойынша тестiлеу кезінде дұрыс жауаптың саны жеткiлiктi емес болған модулдер, блоктар мен сабақтарды оқыту траекториясына автоматты түрде енгізуге мүмкіндік беру керек.
8. Толық таңдау автоматты түрде ЭУ-ң барлық модулдерін, блоктарын және сабақтарын оқыту траекториясына енгізуге мүмкіндік беру керек.
9. Оқыту және білім бақылау функциясы теориялық материалды оқу, тапсырманың интерактивті орындалуын, қойылған сұраққа жауап беру және оқыту траекториясы көлемінде ағымды, аралық, белестік және қорытынды бақылаулар өту мүмкіндіктерін қаматамасыз ету керек. Осы жағдайда сұрақтардың дұрыс жауаптар саны жеткіліксіз болса, оқушы ЭУ-ғы ағымды оқыту бірлігін қайталауға мәжбүр болады. Оқыту имитациялық компьютерлік моделдеу функциясын қосуы мүмкін. Оқыту үзілуі және үзіліс болған жерден жалғасуы мүмкін.
10. Тестілеу функциясы тұтас ЭУ бойынша тесті өту уақытын өзгерте алатын және нәтижелерді тіркеу мүмкіндіктері бар автоматты тестілеу құралдарын қамтамасыз ету керек. Сұрақтар мен жауаптар варианттары оқу курсының сұрақтар базасынан кездейсоқ таңдау арқылы беріледі. Тестілеудің нәтижесі экранға шығады. Тестілеудің қанағаттандырылмайтын нәтижесінде, жауабы дұрыс берілмеген кез келген сұраққа еркін көшу ескерілу керек.
11. Статистикалық есеп беру функциясы оқушының берілген оқыту бірлігін меңгеру деңгейі туралы нақты ақпаратты және ол туралы сұратымға байланысты басқа статистикалық деректерді беру мүмкіндігіне ие болуы керек.
1.2.4 Электрондық оқулықтың мазмұн құрылымына қойылатын талаптар
ЭУ-тың контенті үш деңгейлі семантикалық оқыту бірліктеріне бөліну керек: 1 - модулдер, 2 - блоктар, 3 - сабақтар.
1. Модул блоктан блокқа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан блоктар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы ірі синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі.
2. Блок сабақтан сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы орташа синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі.
3. Сабақ минималды синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі және ол бірнеше оқыту элементтерінен тұрады. Сабақтағы міндетті оқыту элементтері болып теориялық материал, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ-жауаптар және тестілер есептелінеді, ал мiндеттi емес элементтерге оқыту ақпаратын меңгеру, түсіну және еске сақтауға себебін тигізетін және ақпараттық тығыздықты қамтамасыз ететін анықтамалық, графика, аудио және видео жатады.
a. Теориялық материал таңдап алынған оқу курсы бойынша мазмұны түсінікті, нақты, толық және қарама-қайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты қамтуы тиіс және бұрын өткен сабақта қабылданған білімді қайталамай өздігінен оқу, тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін жеткілікті болуы керек. Теорияда мәтіндердің астын сызу және түсін өзгерту сияқты арнаулы дидактикалық құралдарды қолдану керек.
b. Мысалдар теорияның жеке маңызды аспектерiн жаттығуды орындау, есептi шешу, сұрақтарға жауаптар тағайындау және т.б. түрiнде деталды талдауын қамтамасыз етуi керек.
c. Тапсырмалар оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстарының iшкi байланысын анықтауға, олардың әртүрлi сыртқы әсерлер кезiндегi функционалдық қасиеттерiн зерттеуге және жаттығуларды орындау мен есептердi шешудегi практикалық машықтарын қалыптастыруға бағытталу керек. Тапсырмалардың тұжырымдамасында атқарылатын iс-әрекеттердiң ретi мен күтілетін нәтижеге және олардың берiлу формасына қойылатын талаптарға түсiнiктемелер болуы керек.
d. Сұрақ-жауаптар бiлiмдi меңгеру үшiн және практикалық жұмыстарды орындау машықтарын қалыптастыруға бағытталған болу керек. Сұрақтар оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетiлдiру үшiн қиындық деңгейі, сипаты және жауаптардың берiлу пішімі бойынша түрленуі керек.
e. Тестер сұрақтар мен олардың жауаптарының вариантарын қамтуы керек. Тестер дұрыс жауапты таңдау кезiнде қарапайым табу әдiсiн қолданбау үшiн мағынасын түсiнбей жауап беретiн сұрақтарды қамтымауы керек. Оқушы оқу материалын терең бiлгенде ғана дұрыс жауапты таңдап алу үшiн дұрыс емес жауаптар өздерiнiң мазмұны бойынша дұрыс жауапқа жақын болуы керек. Тестер оқушылардың iс-әрекеттерi мен жауаптарында болатын әдеттегi қателер туралы ескертулер мен сол қателердi жiбермеу және түзету туралы түсiнiктемелерді қамтуы мүмкiн.
f. Анықтамалық оқу материалына қатысты және жаттығуларды орындау, есептердi шешу мен тәжiрибе өткiзуге, курстық, дипломдық және т.б. жұмыстарды дайындау бойынша мәтіндік, кестелiк, графикалық және басқа оқу-әдiстемелiк мәлiметтер қамту керек.
g. Графика, аудио және видео оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстардың ең маңызды жақтары мен жағдайларын ашу және көрсету үшін қажеттi қосымша дидактикалық материалдарды келтіруге арналған.
h. Тезаурус ЭУ-ң пән аймағына байланысты терминдер және қысқартулар сөздігін қамту керек.
1.2.5 Электрондық оқулықтың оқыту элементтеріне қойылатын талаптар
Оқыту элементтерiне: Теория, Мысалдар, Тапсырмалар, Сұрақтар, Тестілер, Тезаурус, Анықтамалық, Графика, Аудио және Видео жатады.
1. Оқыту элементі Теория оқылатын сабақтың теориялық материалдарының гипермәтiндi сипаттауына қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
2. Оқыту элементі Мысалдар мысалдардың сипаттамасы мен олардың түсініктеріне қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
3. Оқыту элементі Тапсырмалар ағымды сабақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz