Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Молдан Фатима
Құжаттық мәтіндердегі ресми іс-қағаздар стилінің функционалдық ерекшеліктері
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
Алматы, 2019
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Хаттама №___ _____2019ж.
Кафедра меңгерушісі,
ф.ғ.д., проф.
______________Т.Н.Ермекова
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Құжаттық мәтіндердегі ресми іс-қағаздар стилінің функционалдық ерекшеліктері

Орындаған: 4 курс студенті Молдан Фатима
Ғылыми жетекші: ф.ғ.м.,аға оқытушы Г.Ж.Сүлейменова
Алматы, 2019
1 РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАР СТИЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
1.1Құжат ұғымы, ерекшеліктері мен теориялық негіздері
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.
Тіл мәселесі - еліміздегі ең көп талқыға түсетін мәселенің бірі. Себебі, тіл - ұлттың үні, тәуелсіздіктің тірегі. Өз ұлтының тағдырына бей-жай қарамайтын кез келген адам мемлекеттік тілдің жайына үнемі алаңдайды.
Сондықтан әрбір Қазақстанда тұратын азамат мемлекеттік тілдің өркендеуіне және мемлекеттік тілді игеруге өз үлесін қосу қажет. Ал тілді игеру немесе үйрену үшін ыңғайлы және тиімді әдістері, тәсілдері, жаңа әдіснамалық жүйе қажет. Мемлекеттік тілдің коммуникативтік сипаты туралы профессор Б.Хасанов былай дейді: Мемлекеттік тіл - кез келген көп тілді мемлекет үшін қажетті құбылыс. Мемлекеттік тіл категориясының мәнін қазіргі дүниежүзілік лингвистикалық процесс деңгейінде ала отырып анықтау кажет. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік қарым-қатынас жүйесіндегі алатын орнын белгілеу керек. Мемлекеттік тіл - оны жариялаған ел азаматтарының барлығы міндетті түрде білуге тиіс тіл [3].
Мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы мәселе мемлекеттілікті нығайтуда ерекше маңызға ие. Мемлекеттік тіл саяси, мәдени, әлеуметтік дербес және тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі ұлы байтақ даламызды мекен еткен қазақ халқы мен қазақстандық басқа да этнос өкілдерінің тарихи тағдырын біріктірген, теңдік пен татулық мұраттарын ұстана отырып, бейбітшіл азаматтық қоғамды қалыптастыруға қол жеткізіп отырған бірден-бір мемлекеттің туы, елтаңбасы, әнұраны сияқты оның басты бет пердесі болып табылады.
Қазіргі Қазақстан қоғамында мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңеюі саяси үдерістер, білім және мәдениет саясатымен тығыз байланыста. Олар мемлекеттің ішкі әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени қатынастарының дамуына әсерін тигізеді. Мемлекеттік тіл - бүкіл Қазақстан Республикасын біртұтас жұмылдырушы фактор ретіндегі ықпал етуші қару.
Мемлекеттік тілді меңгеру кез келген азаматтың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттырудағы басты факторлардың бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі делінген, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңының 2-бабында Мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінде тілдерді қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды осы Заң реттейтін мәселе болып табылады делінсе, осы Заңның 8-бабында Мемлекеттік тіл-Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады... және 4-бап бойынша Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі деп нақты көрсетілген[4].
Мемлекет тарапынан мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту үшін жоспарланған бағдарламалар жасалынып, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту жөнінде кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді.
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экномикалық маңызы өте зор. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ ретінде қызмет атқарады.
Сондықтан біз бұл жерде тақырыпқа қатысты құжат ұғымы, ерекшеліктері мен теориялық негізгі мəселелерді қысқаша тұжырымдап беруді жөн көріп отырмыз. Сонымен, іс қағаздарын жүргізудің басты өзегі құжат дегеніміз не? Құжат деп қандай да бір зат туралы ақпаратты тіркеуге, беруге жəне сақтауға қызмет ететіннің барлығын атаймыз. Басқаша айтқанда, құжат - ақпараты бар материалдық тасымалдаушы. Мұндай тасымалдаушы ретінде қағаз, компьютер дискісі, фото жəне кинопленка жəне т.б. қызмет етуі мүмкін. Іс құжаты əкімшілік (басқару) ақпаратты белгілеу үшін қызмет етеді. Құжат ұғымы білімнің көптеген саласында қолданылып, тұтас бір ғылыми пəндер қатарындағы зерттеу объектісі болып табылады. Бұл ғылымдардың əрқайсысы құжатқа анықтама беруде қандай өлшемдер (құжаттың мəні, нысаны, ақпаратты жазу мен дыбыстап бейнелеу тəсілі т.б.) негіздеме ретінде алынғанына қарай өз тəсілдерін ұсынады. Құжат ұғымына берілген анықтамаларды шолғанда, зерттеу нысанасы мен міндеттеріне қарай айырмашылықтардың да бар екендігін байқаймыз. Құжат ұғымын деректану саласы кең ауқымда түсіндіреді. Ол бойынша, құжат - объективті өмір шындығы мен адамның ой қызметіне қатысты ақпараттарды арнайы материалға кез келген тілде, кез келген тəсілмен бекіту құралы. Деректануда құжат - арнайы ақпарат жеткізуге арналған объект.
Мəселен, С.И. Ожеговтың Орыс тілі сөздігінде құжат ұғымына үш түрлі мəнде түсінік беріледі:
1. Қандай да бір фактіні немесе бір нəрсеге қатысты құқықты растайтын іс қағазы.
2. Ұсынушы тұлғаны ресми куəландыратын нəрсе (төлқұжат жəне т.с.с.). 3. Жазбаша куəлік.
Шетелдік сөздердің түсіндірме сөздігінде аздаған өзгешеліктер болғанымен, жалпы мағынасы жоғарыдағы анықтамаларға келіп саяды:
1. Жазбаша куəлік, айғақ - мысалы, оның тарихи құжаттық сипаты бар.
2.Заң жүзінде белгіленген тəртіппен жасалып, заңды фактіні куəландыратын (туу, некеге тұру) немесе қандай да бір іске құқық беретін (диплом, өсиет) акт, сөздің кең мағынасында - заңды күші бар немесе қызметтік сипаттағы кез келген жазбаша акт.
3. Төлқұжат, жеке куəлік[5].
Л.П.Крысинаның шет тілдерден енген сөздер түсіндірме сөздігінде қарастырылып отырған ұғымға қандай анықтама берілетінін келтіре кетейік: Құжат.
1.Қандай да бір фактіні немесе бір нəрсеге қатысты құқықты растайтын іс қағазы.
2.Ұсынушы тұлғаны ресми куəландыратын нəрсе (төлқұжат жəне т.с.с.).
3.Қандай да бір жағдайды жазбаша куəландыру. Құжат ұғымы сөздіктермен қатар мемлекеттік стандарттарда да беки бастады Құжат - уақыт пен кеңістікке тапсыру үшін адам қолымен жасалған тəсілдер арқылы бекітілген ақпараты бар материалдық объект [6]. Құжат анықтамасының даму барысын талдай отырып, бұл терминді түсіндірудің негізгі үш тəсілін бөліп атауға болады:
- құжат қандай да бір материалдық объект болып табылады;
- жай ғана материалдық объекті емес, сонымен қатар, ақпарат жеткізгіш;
- əрі ол құжатталған ақпарат (яғни, қайта өңдеу жəне сақтау мақсатында материалдық негізге бекітілген қандай да бір əлеуметттік ақпарат. Басқаша айтқанда, биологиялық ақпараттың, жанды жəне жансыз табиғат ақпараттарының адам ойы жететін деңгейде жазылған немесе осы деңгейде өңделген түрлері мен формалары) болып табылады. Осылайша, құжаттану тұрғысынан алғанда құжат дегеніміз мəтін, дыбыс жазу мен бейнелеу түріндегі ақпарат енгізілген материалдық объект болып саналады. Соңғы кезде құжат анықтамасының мағыналық жүгі ауырлап, материалдық құрамнан ақпараттық құрамға ауысып келеді. Құжатталған ақпарат ұғымының өмірге келуі ақпарат (мəлімет) пен материалдық негіз (рəміздер, белгілер, əріптер, толқындар т.б. түрінде) ұғымдарының екіжақтылық сипатына негізделген.
Толықтай беріп, салыстырып көрелік: құжатталған ақпарат (құжат) - материал жеткізгішке тіркелген сəйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар ақпарат. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, Қазақстанда қабылданған түсіндірмеден айырмашылығы, ресейлік анықтамада құжаттың деректемелері ескеріледі. Бұл материал жеткізгішке тіркелген ақпарат анықтамасында айқындаушы орында тұр. Өнеркəсіптік, ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы дəстүрлі құжаттау тұрғысынан алғанда жаңа, тек өзіне ғана тəн ерекшеліктері бар, өзгеше электронды құжат түрінің түзілуіне алып келді. Кеңселік қызмет барысында құжат еңбек құралы ретінде де əрі жұмыс нəтижесі ретінде де көрінеді. Осыған сəйкес ұйымның тиімділікпен қызмет етуі құжат бойынша жұмыс жүргізу ісін дұрыс ұйымдастыруға тікелей байланысты.
Құжат функциялары:-құжат функцияларын жалпы жəне арнайы функциялар деп екі салаға бөлуге болады. Жалпы функциялар құжаттардың бəріне ортақ. Ал арнайы функциялар - құжаттардың тек шектеулі топтарына ғана тəн. Құжаттың жалпы функцияларына мыналарды жатқызуға болады:
әлеуметтік
ақпараттық
Жалпы функциялар
қарым-қатынасты
мәдени құжат
1) əлеуметтік - құжат əлеуметтік мəнге ие объект болып табылады, өйткені ол əлеуметтік қажеттіліктен туындаған əрі сол əлеуметтік жүйеде жүзеге асырылады;
2) ақпараттық - құжат ақпаратты жазып алу, сақтау жəне тарату құралы ретінде қызмет етеді;
3) қарым-қатынастық - құжат қоғамдық құрылымдар мен жеке адамдар арасында байланыс құралы ретінде жүреді, ол жай хабарландырып қана қоймайды, сонымен бірге қоғамдық сананы шоғырландырып, бірыңғай пікір қалыптастыруға, ұжымдық реакция туғызуға, бүкіл қауымды жұмылдыруға ықпал етеді;
4) мəдени - құжат əлеумет тəжірибесі мен мəдени дəстүрлерді бекіту жəне оларды болашаққа қалдыру құралы ретінде қызмет етеді;
Құжаттың арнайы функцияларына мыналар жатады:
құқықтық
дәрістік
релаксациялық
арнайы функциялар
танымдық
есептік
басқарушылық
эстетикалық
мемориальдық
1) құқықтық - құжат қоғамдағы құқықтық нормалар мен құқықтық қарым-қатынастарды бекіту жəне өзгерту құралы ретінде қызмет етеді. Хабарланып отырған мəліметтерге, оқиғаларға баға беру арқылы құжат құқықтық сананың қалыптасуына, мінез-құлықтың əлеумет тарапынан қолдау тапқан үлгілерін əзірлеуге, моральдық-этикалық нормаларды игеруге ықпал етеді;
2) дəрістік - құжат жинақталған əлеуметтік тəжірибелерді ой елегінен өткізе отырып, бұл жөніндегі білім қазынасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге көмек береді, тұлғаның қалыптасу процесіне қатысады;
3) танымдық - құжат ой елегінен өткізіліп жазылған мəтін негізінде шындықтың неғұрлым ауқымды, абстрактылы, теориялық үлгісін жасауға мүмкіндік береді;
4) басқарушылық - құжат басқару құралы болып табылады, қоғам мүшелерінің ұжымдық қызметін мейлінше тиімді ұйымдастыру мақсатына сəйкес жоспарлау, үйлестіру жəне реттеу ісіне көмектеседі;
5)мемориальдық - құжат қоғамның, ондағы жекелеген құрылымдардың дамуы туралы жəне дербес тұлғалар жайлы тарихи дерек көзі ретінде көрінеді;
6)есептік - құжат өндірістік жəне шаруашылық қызметтің барлық кезеңдерінде атқарылған жұмыс процестерін сүзгіден өткізіп отыратындықтан, оның нəтижелерін есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
7) эстетикалық - құжат өзінің материалдық негізі құрамына болмысты образды-көркем игеру нəтижелерін түсіру арқылы жинақтап қорытылған эстетикалық тəжірибелерді сақтайды жəне таратады;
8) релаксациялық (ойын-сауықтық, компенсаторлық) - құжаттардың бірқатар түрлерін эмоционалдық шиеленісті ширығуларды өзге нысандарға аудару арқылы түсіруге, сөйтіп артық ширығу деңгейін көздеген дəрежеге дейін азайтуға пайдалану;
Ұйымда құжаттарды түзу, қолжазбадан қайта басу, оқу, есепке алу, сұрыптау, сақтау, іздестіру, ақпараттарды ұқсату т.б. жөнінде қыруар жұмыстар атқарылады. Ұйымның коммерциялық қызметі табысты жүргізілуі үшін ақпараттардың сақталу жағдайы ондағы мəліметтер құпиялылығы сенімді түрде қамтамасыз етілетіндей дəрежеде болуы шарт. Терминдердің бірыңғайлығын бекітіп, басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесінің республикадағы даму бағытын көрсететін бірқатар анықтамаларды келтіріп өтейік. Төменде беріліп отырған негізгі терминдер мен анықтамалар Қазақстан республикасының Іс қағаздарын жүргізу жəне мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар 1037-2001 Стандартына сəйкес, заңды тұлғалар қызметінде түзілетін құжаттаманың барлық түрлерінде, сондай-ақ іс қағаздарын жүргізу мен мұрағат ісі бойынша шығарылатын ғылыми-əдістемелік, нормативтік-əдістемелік, анықтамалық жəне оқулық əдебиеттерде бір ізбен қолданылуы міндетті.
Құжат - латын тілінде куәлік, дәлелдеу тәсілі деген мағына береді. Бүгінгі қолданыста оның негізгі үш мағынасы бар:
1) қандай да бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты (мысалы, жол жүруге деген) растайтын іс қағазы;
2) жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат (төлқұжат);
3) бір нәрсе туралы жазбаша куәлік (мысалы ескі грамоталар).
Құжаттау дегеніміз - кез-келген мекеменің қызметін, әрекет көрсететін құжаттарды жасау, толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, мекеме ішіндегі дайындалған құжаттармен жұмыс та, сырттан келген құжаттармен жұмыс та, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, мұражайға тапсыру сияқты толып жатқан жұмыстар енеді.
Құжаттармен басқару - мәліметтерді қабылдап алу және өндеу, шешім қабылдап, оны орындау сияқты белгілі бір дәрежедегі ақпараттық процесс болып табылады.
Қазақстан Республикасында құжат ұғымының ресми түсіндірмесі ҚР Экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеттің 2001 жылғы 14 мамырдағы № 140 бұйрығымен бекітіліп, күшіне енгізілген 1037-2001 ҚР СТ-да былай баяндалады: Құжат (құжатталған ақпарат) - сәйкестендіру мүмкіндігі бар материалдық жеткізгіште тіркелген ақпарат. Қазіргі заманғы отандық құжаттану ісі дәл осы анықтамаға сүйенеді.
Құжат ұғымы сөздіктермен қатар мемлекеттік стандарттарда да беки бастады. 16487-70 Мемлекеттік стандартында құжат арнайы материалда адамның шын мәніндегі объективті және ой қызметі барысындағы құбылыстар, фактілер туралы ақпараттарын түрлі тәсілдермен бекіту құралы ретінде көрсетіледі. Бұл ұғымда ақпаратты бекітудің тәсілдері мен материалы, құжаттың міндетті түрде сәйкестендірілуі секілді жаңа белгілері назарға алынған.
16487-83 Мемлекеттік стандарты бұл терминнің семантикалық мәнін ашып, оны толықтыра түсті. Мұнда құжаттың материалдық негізі ондағы ақпараттан бөлек алынып қарастырылады: Құжат - уақыт пен кеңістікке тапсыру үшін адам қолымен жасалған тәсілдер арқылы бекітілген ақпараты бар материалдық объект.
Құжат анықтамасының даму барысын талдай отырып, бұл терминді түсіндірудің негізгі үш тәсілін бөліп атауға болады. Біріншіден, құжат қандай да бір материалдық объект болып табылады, екіншіден, жай ғана материалдық объекті емес, сонымен қатар, ақпарат жеткізгіш, үшіншіден, әрі ол құжатталған ақпарат (яғни, қайта өңдеу және сақтау мақсатында материалдық негізге бекітілген қандай да бір әлеуметттік ақпарат. Басқаша айтқанда, биологиялық ақпараттың, жанды және жансыз табиғат ақпараттарының адам ойы жететін деңгейде жазылған немесе осы деңгейде өңделген түрлері мен формалары) болып табылады.
Осылайша, құжаттану тұрғысынан алғанда құжат дегеніміз мәтін, дыбыс жазу мен бейнелеу түріндегі ақпарат енгізілген материалдық объект болып саналады.
Соңғы кезде құжат анықтамасының мағыналық жүгі ауырлап, материалдық құрамнан ақпараттық құрамға ауысып келеді. Құжатталған ақпарат ұғымының өмірге келуі ақпарат (мәлімет) пен материалдық негіз (рәміздер, белгілер, әріптер, толқындар т.б. түрінде) ұғымдарының екіжақтылық сипатына негізделген. Құжаттау нәтижесінде мәліметтердің өзіндік сипатта материалдану және заттану процесі жүреді. Ақпарат негізге бекітіледі немесе оған тіпті байланып қойылады, сол арқылы ақпарат өз жасаушысынан жекеленеді. Осылайша, құжат екі қосындының тұтастығы деп қабылданбақ. Рас, ұзақ жылдар бойына бұл бірліктегі басты орынды ақпарат жеткізуші негіз иеленіп келген-ді.
М.В.Ларин Управление документацией в организациях (Ұйымдарда құжаттаманы басқару) атты еңбегінде құжатты мынадай үш басты компонент құрайтынын атап көрсетеді: ақпарат, негіз (материал жеткізгіш) және ақпараттың сәйкестендірілу мүмкіндігі. Ақпарат негізіндегі сәйкестендірілу мүмкіндігі құжатты басқа ақпарат негіздерінен түпкілікті түрде ерекшелендіреді[7].

Құжат стандартталған термин, яғни бұл осы ұғымды айқындауға арналған жалғыз термин болып табылады. Құжатталған ақпарат термині синоним-термин рөлін атқарады. Аталмыш стандартта ол деректер анықтамалығы тұрғысында келтірілген.
Сонымен қатар, осы стандартпен белгіленген барлық терминдер заңды тұлғалар қызметінде түзілетін құжаттама түрінің бәрінде, сондай-ақ ғылыми-әдістемелік, нормативтік-әдістемелік, іс қағаздарын жүргізу және мұрағат ісі жөніндегі анықтамалық пен оқулық әдебиеттерде міндетті түрде қолданылуы қажет. Қазақстан Республикасындағы құжат терминіне берілген ресми түсіндірме Ресей Федерациясы мемлекеттік стандарты бекіткен (МемСТ Р 51141-98) анықтамаға қарағанда өзгешелеу. Толықтай беріп, салыстырып көрелік: құжатталған ақпарат (құжат) - материал жеткізгішке тіркелген сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар ақпарат.
Анықтамадан көріп отырғанымыздай, Қазақстанда қабылданған түсіндірмеден айырмашылығы, ресейлік анықтамада құжаттың деректемелері ескеріледі. Бұл материал жеткізгішке тіркелген ақпарат анықтамасында айқындаушы орында тұр.
Құжаттардың пайда болуына байланысты олармен жұмыс істеуді реттеу қажеттігі туындады, оны қазіргі кезде іс қағаздарын жүргізу деп атайды. 1720 жылы құжаттармен жұмыс істеудің тәртібін анықтайтын Бас регламент шығарылған. Санкт-Петербургте 1857 жылы шыққан Н. Воронцовтың Делопроизводство или теоретическое и практическое руководство к гражданскому и уголовному, коллегиальному и одноличному письмоводству деген кітабында: "Делопроизводство есть наука, излагающая правила составления деловых бумаг, актов и самих дел в присутственных местах по данным законами формам и по установившимся образцам деловых бумаг" делінген.
Осы ұғымның мәні осы күнге дейін, тіпті компьютер пайда болғанда да өзгерген жоқ. Сонымен, іс қағаздарын жүргізуге мынадай анықтама беруге болады:
Іс қағаздарын жүргізу - мемлекеттік стандарттарға сәйкес құжаттар мен іс қағаздарын жасау және солармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру, атап айтқанда құжаттардың жүру барысына, іздестіруге және сақтауға жағдай жасау қызметі.
Осы анықтаманы жадымызда ұстай отырып, іс қағаздарының міндеттерін былайша тұжырымдаймыз:
- іс құжаттарын стандарттардың талаптарына сәйкес ресімдеу;
-құжаттардың жүру барысына жағдай жасау (құжаттарды тіркеуді ұйымдастыру, құжаттардың жүру барысын және орындалуын мерзімдерін бақылау);
- орындалған құжаттарды іздестіругежағдай жасау (іс қағаздарының номенклатурасына сәйкес құжаттарды істерге қалыптастыру);
- құжаттарды сақтауға жағдай туғызу.
Аталмыш құжат іс қағаздарын жүргізу жөніндегі ережелердің, нормативтер мен ұсынымдардың ғылыми-реттемелік кешені сипатында еді. Ол құжаттардың жасалуынан бастап мұрағатқа тапсырылғанға дейінгі кезеңдерін түгел қамтыды. Мұнда сондай-ақ мекемелердегі іс қағаздарын жүргізу қызметіне қойылатын талаптар мен олардың жұмыс тәртібі де көрініс тапты. Іс қағаздарын жүргізудегі бірыңғай мемлекеттік жүйенің негізгі ережелері Ұйымдық өкімдік құжаттардың бір ізге түсірілген жүйесімен толықтырылып, тиісті мемлекеттік стандарттар арқылы беки түсті.
Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу ұғымы алғаш рет Республиканың 1037-2001 стандартында іс жүргізу түрінде көрініс тауып, оған негізгі түсініктер берілді. Бұл стандарт Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің 2001 жылғы 14 мамырдағы № 140 бұйрығымен (Іс қағаздарын жүргізу: басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету: құжаттауды қамтамасыз ететін және құжаттар бойынша жұмыс жүргізуді ұйымдастыратын заңды тұлғалардың қызмет аясы) бекітіліп, қолданысқа ендірілген болатын.
Іс қағаздарын жүргізу термині стандартталған, яғни бұл ұғымды айқындайтын бірден-бір термин. Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету стандартта анықтамалық мәлімет сипатында берілген синоним-термин болып табылады[8].
Іс қағаздарын жүргізу терминінің Қазақстан Республикасындағы ресми түсіндірмесінен Ресей Федерациясы мемлекеттік стандарты бекіткен (Р 51141-98) түсіндірме біршама өзгеше. Салыстыру үшін ресейлік түсініктемені түгел келтіріп өтейік: іс қағаздарын жүргізу; басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету - құжаттау мен ресми құжаттар бойынша жұмыс жүргізу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызмет саласы.
Анықтамадан көрініп тұрғандай, Қазақстанда қабылданған түсініктің негізгі ерекшелігі іс қағаздарын жүргізуді заңды тұлғалардың қызмет аясы ретінде көрсетуі. Ресейлік заңнамада бұл кеңірек ауқымда, қызмет саласы ретінде алынған (әйтсе де құжаттау мен ресми құжаттар бойынша жұмыс жүргізу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету аясымен шектеу де бар).
Құжаттар түзуге және сол құжаттар бойынша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру ісіне қойылатын жалпы талаптар Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитет төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелері туралы № 33 бұйрығы арқылы белгіленіп, бекітілген.
1.2 Ісқағаздарын қазақ тілінде жүргізудің даму тарихы мен зерттелуі
Қазақ ресми іс қағаздар стилі халықтың қоғамдық өмірімен, мәдени өркендеуімен, әдеби тілдің дамып, жанрлық тармақталуымен, қоғамдық қызметінің артуымен байланысты дамып, жетіліп отырған. Қазақ ресми іс қағаздар тілің тарихына шолу жасай отырып, оның екі түрлі арнадан сусындағанын байқауға болады. Бірі - сонау көне дәуірден бері үзілмей келе жатқан хан жарлықтары және басқа да ресми құжат үлгілері.
Ресми құжаттардың, іс қағаздардың халықтың қоғамдық өмірінде саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық, т.б. секілді маңызды рөл атқаратыны аян. Құжаттар, іс қағаздары күнделікті тіршілікте орын алып жатқан өмірлік құбылыстарды, сан алуан оқиғаларды бұлтартпай дәлелдеуші, бақылаушы, түрлі ақпарат алмасулар арқылы қоғамдық қызметтерді қадағалаушы, реттеуші күшке ие екендігі белгілі. Ұлттық әдеби тілдің қалыптасу процесіне ресми құжаттардың ықпал еткені талассыз. Сонау V-Х ғасырдағы көне әдеби жәдігерлерден құжаттар тілінің элементтерін кездестіреміз. Орта ғасырлық түркі мәдениетінен, Махмұд Қашқаридың Диуани Лұғатит-түрік, Жүсіп Баласағұнның Құтадғу Білік, Қожа Ахмет Яссауидың Диуани Хикметі, т.б. әдеби, мәдени мұраларда хандар жарлықтарының т.б. құжат нұсқаларының элементтері сақталғандығы туралы мол мәлімет алуға болады.
Қазақ іс қағаздар тілінің тарихи кезеңдегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының, тархандарының, старшиналары-
ның патшаға және орыс әкімшілік орындарына жазған хаттары жатады. Бұл ресми іс қағаздары сол кезеңдегі қазақ даласының саяси, әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар, бізге XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ ресми іс қағаздарының тілі қандай болғанын да көрсете алады. Қазақ ресми іс қағаздар стилі халықтың қоғамдық өмірімен, мәдени өркендеуімен, әдеби тілдің дамып, жанрлық тармақталуымен, қоғамдық қызметінің артуымен байланысты дамып, жетіліп отырған. Қазақ ресми іс қағаздар тілінің тарихына шолу жасай отырып, оның екі түрлі арнадан сусындағаның байқауға балады. Бірі-сонау көне дәуірден бері үзілмей келе жатқан хан жарлықтары және де ресми құжаттар үлгілері. Екіншісі - қазақ жерінің Ресей мемлекетінің қол астына кіруімен байланысты қазақ тіліне аударылып таратылған орыс әкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтары, заңдары, қатынас қағаздары. Олар:
1. Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі. 1716 жылғы 13 қыркүйек.
2. Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы өтініш жасап император I Петрге жазған хаты. 1718 жыл 10 желтоқсан.
3. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың өзінің қол астындағы адамдарымен бірге Ресей бодандығына алуды сұрап әйел патша Анна Иоанновнаға жазған хаты. 1730 жыл 8 қыркүйек.
4.Хандар Әбілхайыр мен Сәмекенің, Нұралы сұлтанның, Бопай ханшаның, қарақалпақ ханы мен старшындарының өздерінің Ресей бодандығын алғаны туралы императрица Аннаға хаты. 1731 жыл, 2 қаңтар.
5.Орынбор комиссиясының бас командирі И.И. Неплюевтің Әбілхайыр ханмен және жоңғар қонтайшысы Галдан-Цереннің елшілері Кашкамен, Бурунмен кіші жүздің бодандығы туралы келіссөзі кезінде жүргізілген хаттама. 1742 жылғы 27 қыркүйек.
6.Айшуақ сұлтанның подполковник Симоновқа хаты. 1773 жылғы 18 желтоқсан.
7.Нұралы ханның Е.И. Пугачевқа хаты. 1773 жылғы 18 желтоқсан.
8.Досалы сұлтанның Е.И. Пугачевқа хаты. 1773 жылғы 18 желтоқсан.
9. Старшындардың императрица II Екатеринаға өтінішінен. 1785 жыл 2 шілде.
10. Нұралы ханның барон О.А. Игельстромға хаты. 1785 жыл 21 шілде.
11. Кіші орда старшындарының барон О.А. Игельстромға хабары. 1786 жыл 14 тамыз.
12.Орынбор шекара істері экспедициясының Сырым батырды байұлы ұрпағының Бас старшыны етіп бекіту туралы жарлығы. 1787 жыл 23 қазан.
13. Әбдікерім Оразбаевтың Кавказ наместнигінің билеушісі С.А. Брянчанковқа хаты. 1790 жыл 4 ақпан.
14. Сырым батырдың Императрица II Екатеринаға хабары. 1790 жылғы 11 қыркүйек.
15.Сырымбатыр мен қазақ старшындарының Симбирск және Уфа наместнигінің генерал-губернаторы А.А. Пеутлинге хаты. 1792 жыл 11 қыркүйек.
16.Жетісудің бас старшинасы Тіленшінің Шерғазы сұлтанға жазған ағләм намасы (донесение). 1793 жыл.
17. Қазақ сұлтандары мен старшиналарының Екатерина II-ге жазған ғарыз намасы (прошение). Яғни, қазіргі қазақ ресми іс қағаздар тілі жоқ жерден пайда бола салмаған, өзіндік тарихы бар құбылыс.
XVIII ғасырда қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктері сол кездегі жазбалар тілінің лексика-фразеологиялық құрамынан, грамматикалық тәсілдерінен, синтаксистік құрылымынан, орфографиясынан көрінеді. Бүл кезеңдегі ресми іс қағаздарында түрлі дәрежедегі лауазымды адамдарды, әкімдерді дәріптейтін тұрақты эпитеттердің қолданылуы шарт болды.
Тұрақты эпитеттерді қолдану сол кездегі қазақ даласының ресми іс қағаздар тіліне ғана емес, Орта Азиядағы басқа да түркі халықтарына да тән еді. Бұл ерекшелікті сол кездегі орыс тіліндегі ресми іс қағаздар тілінен де көруге болады.
XIX ғасырдың бірінші жартысы патша үкіметінің Қазақстан жерін отарлау әрекетінің ең бір шешуші кезеңі болды. Қазақ даласының көптеген жері Россия империясының құрамына кірді. Ел басқару билігін патша өз қолына алды. Орта жүз бен Сібірді мекендеген қазақтар үшін 1822 жылы Сібір қазақтары туралы Устав шығарылды. Бұл Устав 1860 жылға дейін күшінде болды. 1831 жылы Кіші жүз қазақтарын билеу үшін Ел басқарудың дистанциялық системасы деген құжат шығарылды.
Бұл кезеңде қазақ даласында сот билігінің үш түрлі болды.
1.Тәуке ханның Жеті жарғысы негізінде соттап, жазалайтын билер соты.
2.Ірі қылмыстар мен саяси қылмыстарды қарайтын Россия империялық сот системамы.
3. Шариғат жолымен сот билігін жүргізу.
Қазақ даласында ел билеу, әкімшілік - сот істеріне қатысты көптеген жаңа атаулар пайда болды.
Хандар дәуірінде белгілі бір заңға сүйеніп салынатын мемлекеттік алым-салық дейтін жоқ болатын. Ата-баба дәстүріне сүйенген сый тарту, жол-жора түрлері болатын. XIX ғасырдың 30 жылдарынан бастап қазақ даласына мемлекеттік салық келді.
XIX ғасырдың жартысында Қазақстанның батыс өлкесіндегі халық өмірінде болған елеулі оқиға - Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі. Бұл көтеріліс көркем әдебиетте ғана емес, іс қағаздар тарихында да өз ізін қалдырғанын М.Өтемісұлының М.Ладыщинскийге жазған хатынан, Жәңгір ханның Исатай Тайманұлына хатынан т.б. материалдардан көре аламыз.
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ресми іс қағаздар бірінші жартысындағы ресми іс қағаздар тіліндегі лексикалық, граматикалық, синтаксистік ерекшеліктер XVIII ғасырдағы ресми іс қағаздар тіліне жақын болғанымен, бұл кезенде ресми іс қағаздар тілінің халыққа біршама түсінікті, әрі қарай дамыған, нормалана түскен тіл болып қалыптаса бастағанын байқауға болады.
Әрине XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында жазылған құжаттар тілі жайында ғалымдар әр түрлі пікірлер айтып келді. Осы күнге дейін олар шағатай, татар тілдерінде жазылған деген пікір басым[9].
Деректерге сүйенсек,қазақ ресми құжаттарының үлгілері ХҮІІІ- ХІХ ғ.ғ. да кең пайдаланылған. Патша әкімшілігінің бұйрық-жарлықтарын жергілікті басқару органдарына, қараша халыққа сол аймаққа түсінікті, жергілікті тілде жеткізу, ел басқару ісін жеңілдету мақсаты қазақ тілінде ақпарат тарататын басылымдардың біртіндеп жарық көруіне ықпал еткені белгілі. Бұның жарқын мысалы ретінде Ташкентте 1870 жылы алғаш басылып шыққан Түркістан уәлаятының газеті, Омбыда 1882 жылдан бастап жарық көрген Дала уәлаятының газеті, Троицкіде басылған Торғай газеті, бертініректе жарық көрген Айқап журналы сынды көптеген басылымдарды атауға болады. Бұл газеттердің ең негізгі қызметі - патша өкіметінің ресми көзқарастарын халық арасында кеңірек насихаттау, биліктің бұйрық-жарлықтарын, сот орындарының үкімдерін, Ресей және оған отар елдердің қоғамдық, мәдени өміріндегі жаңалықтарды, оқиғаларды, шаруашылық, сауда хабарларын жазып тұру болғанымен, екінші жағынан қазақ әдеби тілін дамытуға айтарлықтай септігін тигізді. Патша үкіметінің Қазақстан жерін отарлау арқылы ел басқару билігін қолына алуына байланысты әр аймаққа арналған жарғылар шығарыла бастады. Орта жүз бен Сібірді мекендеген қазақтар үшін 1822 жылы Сібір қазақтары туралы Устав шығарылса, 1831 жылы Кіші жүз қазақтарын билеу үшін Ел басқарудың дистанциялық системасы деген құжат пайда болды. Қазақ тіл ғылымы зерттеулеріндегі өткен ғасырларға тиесілі осындай әрқилы жарғы, қарар, қаулы, рапорт, нұсқаулық, т.б. секілді құжаттар, сот істеріне байланысты ереже, бұйрық, анықтама, т.б., жекелеген адамдардың ресми органдарға жазған арыз, өтініштері, хат, хабарлары сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік жағдайды сипаттауға септігін тигізумен қатар қазақ іс қағаздары тарихының әріден бастау алып, қалыптасқандығын көрсетеді.
Белгілі тілші ғалымдар А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Томанов, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ә. Қайдар, Б. Әбілқасымов, А. Ибатов, Р. Сыздықова, Д. Әлкебаева, т.б. қазақ тіл ғылымына қатысты зерттеу еңбектерінде құжаттық мәтіндердің тілдік ерекшеліктеріне арнайы тоқталған. Аталған ғалымдар өз еңбектерінде құжаттық мәтіндердің лексикалық қабаттарына, сөз тіркестеріне, грамматикалық құрылысына жан-жақты талдау жасаған.
Ғалым Б. Әбілқасымов Дала уәлаятының газеті, Түркістан уәлаятының газеті сынды басылымдарда алғаш жарық көрген қазақша құжаттық мәтіндердің тілдік құрылымын зерттей келе, сол басылымдардағы құжаттарға ортақ негізгі ерекшеліктерге тоқталады:
Хатта көптеген әкімшілік терминдерді қазақша түсінікті етіп беруге тырысқан (служебные переписки - қызмет бабында болатұғын қағаздар, должностные лица - лауазым иелері, дело - іс, канцелярия - махкама, столоначальник - стол бастығы, т.с.с.). Қазақ тілінің сол кездегі әлеуеті барлық әкімшілік терминдерін аударуға жете бермеген. Сондықтан кейбір әкімшілік атауларын не орысша (комиссия, генерал-гуернатор, советник), не араб-парсы сөздерімен аударып берген (пограничная комиссия - хыдудиа мекемесі, письмо - водитель - катіб, обьявляет - ағлан қылады т.б.).
Түркі әдеби тілінің емле заңдылығына сай түбір мен қосымшаның жігінде үндестік заңының сақталмауы, сөздің соңғы буынына қысаң дауыстылар орнына ерін дауыстыларының жиірек келуі, араб-парсы сөздерінің негізгі тұлғасының сақталып жазылуы сияқты мәселелер кездеседі. Көне түріктік дүр, илан, лар тәрізді қосымшалар ұшырасады.
Құжатта араб тілінің дәстүрлі -уа, -һәм шылаулары қазіргі тіліміздегі және, мен шылауларының қызметінің орнына жұмсалған.
Құжаттардың орфографиясында түркі әдеби тіл әсері, яғни г орнына к, ш орнына ч, п орнына б жазу дәстүрі сақталған.
Құжаттың синтаксистік құрылысында қазіргі әдеби тіліміздің сөйлем жүйелерінен өзгешеленетіндей жайттар жоқ. Сөйлемнің басқа түрлерінен гөрі оның сабақтаса және араласа байланысқан түрлері жиірек кездеседі.
Аударма құжаттың тілі жатық, сөйлем құрылыстары қазақ тілі грамматика заңдылығына сай, лексикасы біршама таза. Орыс тілінің әкімшілік терминдері қазаққа түсінікті етіп аударылған [10; 99-100].
Ресми құжаттар тілінің маңызды бөлшегін термин сөздер құрайтыны белгілі. Х1Х ғ. архивтік материалдардан табылған кей құжаттардың бірсыпырасын жергілікті халыққа түсініксіз кірме сөздер, ұғынуға күрделі терминдер құрайды. Бұған қарағанда Қазақстанның кей аймақтарында құжаттар мәтініндегі олпы-солпылықтардың жетіп артылатынын аңғару қиын емес. Зерттеуші Б. Әбілқасымов осы мәселеге байланысты мынадай мысал келтіреді: 1808 жылы жазылған бір құжат Билет уа йахуд бүтүкнама деп аталыпты. Бұл құжат Орынбордың коменданты полковник Тарарикин атынан Жайық өзенінің ішкі Бөкей Ордасына жаз жайлау үшін өткен адамдарға берілген рұқсат қағаз болғанға ұқсайды. Бұл құжат тілдік жағынан өте ауыр, түсініксіз. Оның басты себебі, лексикасының басым көпшілігі - араб және парсы сөздері. Мәтіндегі 225 сөздің 113-і, яғни тең жартысынан артығы - араб және парсы сөздері. Түркі немесе қазақ сөздерінің саны 70-тей яғни 30-35%, қалған 15 пайыздайы орыс сөздері мен ономастикалық атаулардың үлесіне тиеді. Араб және парсы сөздерінің ішінде сөйлеу тілінде айтылмайтын кәндір, ғалишан, мужиб, бинан, азуланмиш, т.б. тәрізді лексемалар мен дахил уа малақат, ғалиасиаға муафих сияқты сөз тіркестері ұшырайды [11; 31-32].
Уақыт өткен сайын мазмұндық сипатына қарай түрленіп, жаңарып отырғанмен, тарихи тұрғыдан қалыптасқан жанрлық түрлері, лексикасы мен фразеологиясы, синтаксистік құрылымдары өз қалпында сақталады.
Ғалым Б. Әбілқасымов ресми құжаттардың қалыптасуына көршілес елдердің тарихи ықпалы мен Х1Х-ХХ ғ.ғ. құжаттық стильдердегі көне түркі әдеби тілдік, дәстүрлі грамматикалық формаларын жоққа шығармайды. Зерттеуші бұл жайлы: Жалпы іс қағаздарының сыртқы формасы мен стильдік жүйесі дүние жүзінің бірсыпыра тілдерінде, оның ішінде көршілес елдер тілдерінде өзара ортақ болатын тәрізді. Сондықтан қазақ тіліндегі ресми іс қағаздарының қалыптасуына негіз болған көне түркілік іс қағаздары үлгілері мен орыс тіліндегі іс қағаздары үлгілері бірін-бірі жоққа шығарған жоқ, қайта бірін-бірі толықтырып, тез тіл табысып кетті.
Жалпы, қазақ тілінің мемлекеттік, саяси ауқымы сонау патшалық отарлау заманы кезінен бастап-ақ төмендей бастағаны белгілі. Бұл қауіптен қазақ тілі 1917 жылғы Қазан төңкерісінің арқасында құтылғандай болды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ұлт тілдеріне мемлекеттік және саяси тұрғыда жете мән беріліп, ұлт тілі мен мәдениетіне азды-көпті түсінушілікпен қарағандық байқалады. Себебі, жұмысшылар мен шаруалардың көсемі В.И. Ленин ұлт тілдері мәселелеріне жете көңіл бөліп, бірнеше ұлттардан тұратын мемлекетте ұлт тілдерін дамыту мәселесіне қатысты пікірлер қалдырды. Бұл нұсқаулық қағидалар Қазақ автономиялы республикасы алғаш құрылған уақыттан бастап жүзеге аса бастады. Мәселен, Қырғыз (Қазақ) АССР-інің 1920 жылы қазанда өткен І Құрылтайының декларациясында қазақ және басқа ұлт тілдеріне жете мән беру мәселесі талқыланып, нәтижесінде ҚАССР-нің мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы декреті қабылданды.
Қазақ тілінде іс жүргізу мәселесін сөз еткенде, тағы да тарихқа тереңірек үңілуге туралы келеді. Бұл мәселе сонау 1920-30 жылдары оңды шешіліп, бірқатар тәжірибе жинақталғаны белгілі жайт. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы мен Халық Комиссарлары Кеңесі сол жылдарда конституциялық нормаларға сәйкес қазақ тілінде іс жүргізудің қалыптасуы мен дамуына жәрдемдесетін бірқатар қаулылар қабылдады: Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1921 жылғы 2 ақпандағы Қазақ және орыс тілдерін республикалық мемлекеттік мекемелерінде қолдану туралы декреті, 1923 жылғы 20 қарашадағы Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу туралы декреті қазақ тілінде іс жүргізудің алғашқы заңды құжаттары болды. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті КСРО Орталық Атқару Комитеті Ұлттар Кеңесі Төралқасының 1927 жылғы 26 тамыздағы мәжілісінде жасаған Республика мемлекеттік аппаратын тұрғылықтандыру туралы баяндамасында қазақ тілінде іс жүргізудің республикадағы жайын әңгімелеп, оны одақтық деңгейде мәселе етіп көтерді. Қазақ тілінде іс жүргізуді республикалық деңгейде дұрыс шешу мәселесі Қазақ өлкелік партия комитетінің 1929 жылы 11-16 желтоқсанда өткен V Пленумында қаралып, қаулы-қарарында ерекше көңіл бөлінді.
Егер кітаби тілді тұркі әдеби тілінің өзі емес, оның қазақ авторлары қолданған түрі, қазақ топырағындағы көрінісі ретінде қарайтын болсақ, оның да анықтауды қажет ететін жақтары баршылық дей келе, өз ойын былай қорытады: ...біздіңше XIX ғасырдың бірінші жартысында Ыбырай мен Абай негіздеген жаңа жазба әдеби тіл қалыптасқанға дейін қазақ қаламгерлерінің пайдаланған тілін кітаби тіл деп атамай, көне қазақ жазба әдеби тілі деп атаған дұрыс. Өйткені туыстас түркі халықтарының ешбірінде кітаби тіл деген ұғым да, терминде жоқ, керісінше, қазіргі жазба әдеби тілдері қалыптасқанға дейінгі жазба туындыларын көне әдеби тілде жазылды дейді.
XX ғасырдың басында оқуөағарту жұмыстары, мәдениет және өнер- білім салалары жандана түсті XX ғасырдың басында қазақ тілінде баспа жұмыстары да қаулап өсті.
Бүгігі қазақ әдеби тіліндегі фонетикалық, лексикалық және грамматикалық нормалар бірден қалыптаса қалған жоқ. Өткен кезендегі сияқты, XX ғасырдың басында да қазақ тілінің өз табиғатына, өз ерекшелігіне лайық, ұлттық артикуляциялық базаға сәйкестелген арнайы алфавиті болған жоқ. XX ғасырдың бас кезінде қазақ тіліндегі үлкен-кішілі жазу нұсқалары татар баспасынан шығып тұрды. XX ғасырдың басындағы қазақ халқының өміріндегі саяси-әлеуметтік дамуға-әлеуметтік дамуға, ғылым мен жалпы мәдениеттегі әр алуан өнер, білім саласындағы өзгеріске байланысты, сондай-ақ орыс тілінің әсерінен де түрлі жаңа атаулар, тың ұғымдар, терминдер, терминдік сөз орамдары, аударма ыңайында баламалар да пайда болды
Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық құрылымының, лексика, морфология және синтаксис жүйесінің XX ғасырдың бас кезінде дамуындағы негізгі процестер, әр түрлі өзгерістер белгілі дәрежеде сол кездегі ресми іс қағаздар тіліненде айқын көрінеді.
Бұл кезендегі ресми іс қағаздар тілінде де біраз фонетикалық өзгерістер болды. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде ақыл, ақылдасу, айып, өмір, өнер, арыз түрінде қолданылып жүрген жекелген сөздер бұл тұстағы ресми іс қағаздар тілінде ғ дыбысы арқылы, яғни араб тіліндегі формасында жұмсалады, ғақыл-ақыл, ғақылдасу-ақылдасу, ғаскер-әскер, ғайып-айып, ғөнер-өнер, ғарыз-арыз.
Тіл нормаларының бірте-бірте екшеленіп, келе-келе әбден тұрақталу барысында сөз басындағы ғ фонемасы түсіріліп, ғайып емес айып түрінде қолданылып келді. XX ғасырдың басында қазіргі арыз сөзі ғарз түрінде де жазылған.
Мұндай өзгешелік х фонемасына байланысты да аңғарылады. Мысалы, қазіргі әзірлеу әман, еш, әр сөздері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz