Білім алушылардың кәсіби ойлауын қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық негіздері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті


Тоқбай Мадина

Колледж білім алушыларын іс-тәжірибе барысында даярлаудың педагогикалық шарттары (Астана қ. Политехникалық колледж)
Дипломдық жҰмыс
Мамандығы 5В012000 - Кәсіптік оқыту

Астана 2019

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Қорғауға жіберілді
___________ КББ кафедра меңгерушісі
____________ М.Д. Есекешова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Колледж білім алушыларын іс-тәжірибе барысында даярлаудың педагогикалық шарттары (Политехнкалық колледжінің тәжірибесінде)
Мамандығы 5В012000 - Кәсіптік оқыту

Орындаған _________ Тоқбай М.Н.

Ғылыми жетекшісі _________ Есекешова М.Д.
п.ғ.к.

Астана

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы - Конституциялық құқық тарау, 30-бап., 24-бап. Алматы: Қазақстан, 1998ж.
2. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы баптары бойынша түсіндірмелер және жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар., 35-бап. Астана, 2011ж.
3. Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы Астана, 2018ж.
4. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары.
5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Астана, 2004 ж.
6. Қазақстан Республикасының біліктілікті арттыру жүйесін дамытудың 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасы Астана, 2007 ж.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан - 2030 Даму стратегиясы Алматы, 2007 ж.
8. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы кодексі 2007 ж.
9. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі №212-III бұйық, 2007ж

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР

ҚР - Қазақстан Республикасы
ЖОО - Жоғарғы оқу орны
ЖҰӨ - Жалпы ұлттық өнім
ТС - Тәжірибелі сынып
БС - Бақылау сыныбы
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ЖТ - Жалпы табыс
ЖӨҚ - Жалпы өзіндік құн
МШ - Материалдық шығындар

АНЫҚТАМАЛАР

Кәсіби іс-әрекет - мәселелі қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу барысында нәтиженің нақты көрінуі;
Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті.
Кәсіби қабілеттілік - бала өз бетінше жаңа, бір бейне құрумен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.
Кәсіби - жаңа рухани және материалдық құндылықтарды жасау жолындағы адам әрекетінің нәтижесі, жемісі.
Білу - тәжірибеде ерекшеліктері және психологтың кәсіби қызметінің ерекшеліктері.негізгі құжаттарды,құқықтық және заңнамалық актілерді, әр түрлі білім беру мекемелерінде психолог реттейтін қызметті білу
Қабілетті болу - психологиялық зерттеу жүргізу, психологиялық және диогностикалық, түзету жұмыстарын, жаңа ғылым білімді игеруге,жаңа техникаларды қолдау.
Игеру - компьютерлік әдістерді меңгерген, мамандандырылған қызметте пайдаланылатын ақпаратты сақтау және өңдеу, жинау.
Білім беру -- тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі
Кәсіби - жаңаны жасау процесі.
Оқу практикасы төменгі курстарда өтеді. Сонымен, оқу практикасының мақсаты базалық және кәсіби пәндер бойынша теориялық білімдерін іс-тәжірибелер арқылы нақтылау саналады. Оқу жоспары бойынша келесі пәндер бойынша оқу практикасы жүргізіледі.
Педагогикалық практика студенттер үшін маңызды оқу үрдісінің бӛлімі болып саналады. Жалпы кәсіби педагогикалық практика кезінде студенттер шет тілі пәндерінен алған білімдерін жалпы білім беру мектебінде іс жүзінде қолдану арқылы машықтанады. Бұл практика түрі болашақ маман үшін соңғы іс-тәжірибе болып саналады. Педагогикалық практика 3 курста ӛткізіледі. Студенттер қала мектептерінде 4 апта бойында мұғалім қызметін атқарады. Мектеп бағдарламасына сәйкес сабақ жүргізеді. Мектептегі оқу, тәрбие және қоғамдық жұмыстарды жоспарлау, бағалау және қадағалау бойынша машықтанады.
Өндірістік (педагогикалық) практика студенттер үшін өте маңызды. Өндірістік (педагогикалық) практика кезінде студенттер барлық арнайы пәндерінен алған білімдерін білім беру мекемелерінде іс жүзінде қолдану арқылы машықтанады. Арнайы кәсіптік практика болашақ маман үшін соңғы рет тәжірибе жүзінде теориялық білімін бекіту болып саналады. Бұл практика барлық теориялық біліміндерін аяқтаған кезде, яғни 4 курста өткізіледі. Студенттер келісімшарт жасақан практика базаларымен академиялық күнтізбеге сәйкес 5 апта бойы мұғалім қызметін атқарады. Мектеп бағдарламасына сәйкес сабақ жүргізеді. Мектептегі оқу, тәрбие және қоғамдық жұмыстарды жоспарлау, бағалау және қадағалау бойынша машықтанады.
Дипломалды практика. Академиялық күнтізбеге сәйкес 5 апта осы практикаға белгіленген. Бұл практика студенттің бекітілген дипломдық жұмысының тақырыптарына сәйкес зерттеу жұмыстарын жазуға және безендіруге негізделген. Сондықтан студенттер дипломдық жұмыстарының тақырыптарына байланысты материалдарды өндірістік практикада жүрген кезінде ала алады. Осыған байланысты өндірістік (педагогикалық) практикамен қатар жүргізуге де болады.

КІРІСПЕ
Зерттеу көкейкестілігі: Қазіргі таңда білім беру проблемалары туралы айтар болсақ, ең бірінші адам, тұлға және жеке адамның өзіндік қасиеті ойға оралады. Білім беруді ұйымдастырудың ерекшелігі - білім беру сапасына, оның іргелілігіне, ізгілік қағидаттарына және білім берудің үздіксіздігіне байланысты [1].
Қазіргі заманғы педагогиканың гуманистік (тұлғалық) парадигмасы: педагогикалық процестің басты мақсаты - адамның мүмкіншілігін дамытуға, оның тұлғалылығын, оның рухани өсуін, оның адамгершілігі мен өздігінен жетілуіне, өзін-өзі дамытуына жәрдемдесу - ЮНЕСКО-ның XXI ғасырдағы жоғары білім беру туралы декларациясында көрініс тапқан[1].
ҚР-ның Білім беру заңында білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өскелең өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді [1].
Білім беруді дамытудың 2011-2020ж. арналған мемлекеттік бағдарламасы білім беру жүйлерін еліміздің білікті мамандарға деген қажеттіліктерімен тығыз бірлікте дамытуды қарастырады [2].
Қазіргі кездегі болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби белсенділігін қалыптастыру мәселелері -- кезек күттірмейтін қоғам талабы.
Қазақстан -- 2050 стратегиялық бағдарламасында байыпталғандай, экономиканың ілгерілуі халық денсаулығына, олардың көңіл сергектігіне, еңбек қабілетіне тікелей қатысты болғандықтан, стратегиының мынандай құрамдас бөліктері басты нысанада ұсталынуда: ауруды болдырмау, салауатты өмір салтын ынталандыру, нашақорлыққа қарсы күрес, темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту, ана мен бала денсаулығын жақсарту, тамақтану, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту [2].
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім берудегі дамыту тұжырымдамасында: Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіруі болйып табылады деп көрсетілген. Бұл бүгінгі таңда білім беру саласында білім мазмұнын жаңаша мазмұнмен тереңдету негізінде кәсіби мамандарды даярлаудағы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Аталған мәселелерді оңтайлы шешу болашақ маманның оқу орындарындағы кәсіби сапалы білім алуынан туындайды. Ал, білім алушылардың тұлғалық толық қалыптасуы, маманның кәсіби шеберлігі мен мақсатқа бағытталған дайындығы оқу орындарындағы педагогикалық процестің сауатты өткізілуіне және тәжірибелерде жаңа жетістіткрді терең меңгеруіне байланысты. Сондықтан да, болашақ маманды кәсіби даярлауда әрбір оқытушыға қойылатын негізгі талаптардың бірі [3].
Дегенмен, білім беру жүйесінде білім алушылардың кәсіптік қабілетін дамытуға қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулердің болғандығына және бұл мәселенің маңыздылығына қарамастан, білім алушылардың кәсіби ойлауын дамытуды нәтижелі етуде әлі де шешілмеген мәселелер бар екендігі анық. Ғылыми зерттеулер мен философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерді талдау барысында төмендегідей қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік алдық: кәсіптік білім беру үдерісінде білім алушылардың кәсіби ойлауын дамыту талаптары мен бұл мәселені іске асыруда оған негіз болатын жаңаша оқу мазмұнын меңгертудің технологияларын қажеттілігі арасындағы қайшылықтар зерттеу проблемасын анықтап, тақырыпты: Колледж білім алушыларын іс-тәжірибе барысында даярлаудың педагогикалық шарттары деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеудің нысаны - колледждің оқу үдерісі.
Зерттеу пәні - арнайы пәндердерді оқыту барысында білім алушылардың кәсіби ойлауын қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: арнайы пәндерді оқыту барысында білім алушылардың кәсіби ойлауын қалыптастыру үдерісін теориялық негіздеу және оны жүзеге асырудың тиімді әдіс-тәсілдерін айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Білім алушыларды іс-тәжірибе барысында даярлаудың теориялық негіздерін айқындау.
2. Білім алушылардың іс-тәжірибе барысында даярлаудың бүгінгі жағдайы және өзіндік ерекшеліктерін анықтау.
3. Білім алушылардың іс-тәжірибе барысында даярлаудың тиімді әдіс-тәсілдерін айқындау және оны тәжiрибе жүзiнде дәлелдеу.
4. Арнайы пәндерді оқыту барысында іс-тәжірибеге даярлаудың практикалық ұсыныстарын жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, арнайы пәндерді оқыту барысында білім алушылардың іс-тәжірибеге даярлаудың жаңа әдіс-тәсілдері айқындалса, онда оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі, өйткені ол бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыруға жол ашады.
Зерттеудің жетекші идеясы: арнайы пәндерді оқыту барысында білім алушылардың іс-тәжірибеге даярлаудың тиімді әдістерін айқындау бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруды нәтижелі етеді.
Зерттеу әдістері: зерттеу міндеттеріне сәйкес, мәселені шешуде философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау және жинақтау, мемлекеттік ресми және нормативтік құжаттарды талдау, жалпы білім беретін колледждердің озат тәжірибелерін зерделеу, ұзақ мерзімді тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жасау, тестілеу, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, сараптау, нәтижелерді жүйелеу, графикалық бейнелеу әдістері арқылы қамтамасыз етілді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:
Ойлау мәні туралы философиялық ілім, диалектикалық таным теориясы, жеке тұлғаның дамуы мен әрекет теориясы, жеке тұлғаны дамытудағы кәсіби іс-әрекеттік, жеке тұлғалық қатынас туралы философиялық қағидалар, дидактикалық тұжырымдамалар, жеке тұлғаны дамытудың тұлғалық-бағдарлық теориясы, білім алушылардың белсенді оқу әрекетін ұйымдастыру теориясы, құндылық теориясы.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Қазақстан - 2030 стратегиялық даму бағдарламасы, Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекеттік Білім бағдарламасы, басқа да білім беру саласына қатысты мемлекеттік құжаттар, зерттеліп отырған мәселеге байланысты Отандық және шетел ғалымдарының педагогикалық еңбектері, жаңашылдық тәжірибелер, озат ғылыми зерттеулер, студенттің педагогикалық-зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеудің базасы: Астана қ. Политехникалық колледжі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
1. Колледж білім алушыларын іс-тәжірибе барысында даярлаудың теориялық негіздері айқындалды.
2. Колледж білім алушыларын іс-тәжірибе барысында даярлаудың бүгінгі жағдайы және өзіндік ерекшеліктері анықталды.
3. Колледж білім алушыларын іс-тәжірибе барысында даярлаудың тиімді әдістерін айқындау және оның тиiмдiлiгi тәжiрибе жүзiнде дәлелденді.
4. Арнайы пәндерді оқыту барысында білім алушыларын іс-тәжірибе барысында даярлауда практикалық ұсыныстар жасалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Білім берудің жаңашылдық сипатына сәйкес, арнайы пәндерді оқыту барысында маңызды теориялық-әдістемелік материалдар білім беру жүйесі аясындағы көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді;
Зерттеу нәтижелерін жалпы орта білім беретін және кәсіби-техникалық мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану тиімді.

1. Іс-тәжірибе барысында даярлау мәселелерінің теориялық аспектілері
1.1 Білім алушылардың кәсіби ойлауын қалыптастырудың педагогикалық -психологиялық негіздері

Білім алушылардың оқу материалын жүйелей алу біліктілігін қалыптастыру мәселесі психология- педагогика саласындағы зерттеулерде жарық көрді деуге болады. Қоғам даму деңгейi мен әлеуметтiк сұраным талаптарына үндес жүйеленген бiлiм көлемi оқыту мен тәрбиелеудiң басты ұстанымдарына сәйкес iрiктелiп, оны меңгеру үрдiсi психологияның жаңа бағыттарын басшылыққа ала отырып ұйымдастырылған жағдайда көздеген мақсатқа қол жеткiзетiнi белгiлi. Сондықтан кәсіптік ойлауды қалыптастыру кәсіби білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде болады. Еңбек қызметінің тұрақты негізі қалыптасатын, жоғары оқу орындарында оқыған кездегі студенттік өмір жадының, ойлаудың, қабылдаудың және басқа жоғары психикалық функциялары кәсібилігінің бастауын алады.
Осылайша, белсенділік және бастамашылық, ізденушілік, аналитикалық-синтетикалық сипаттағы, ойдың тереңдігі мен кеңдігі, ойшылдық және ұйымдастырушылық, дәлелдеп білу, қарама-қайшы келмеушілік, маңызсыз ақпарат болғанда ойлау білу қабілеті, гипотезаларды айта білу және оларды мұқият зерттеу, тапқырлық, икемділік, жылдамдық, іскерлік, ашықтық, тұрақтылық, болжамдылық, креативтік, сыншылдық сияқты осындай қабілеттер тән болатын ерекше іс-тәжірибеге қабілеті дамиды.
Болашақ маман ең жоғары аналитикалық ойлау, зияткерлік білім мен дағдыларға ие болуы тиіс, жоғары кәсіби әлеуеті болуы қажет. Іс-тәжірибе барысында студенттер мен оқытушылардың объективті-субъективті өзара әрекеттерін қорытындылау нәтижесінде пайда болады, олар болашақ маманның жеке тұлға ретінде әлеуметтік өсуінің дамуы мен қалыптасуына тікелей әсер етеді.
Жоғарыда аталған, психология-педагогика әдебиетін талдауда көрсеткені, колледж білім алушыларын іс-тәжірибе барысында жүйелей алу біліктілігін біз оқыту жүйесінде қарастыруымыз қажет, яғни - тәрбиелеу- дамыту- оқуды үйрету. Оқыту білім алушылардың оқу материалын құрылымдай алу біліктілігін қалыптастыруға бағытталу қажет. Іс-тәжірибе даярлану студенттің ойлау іс-әрекетіне байланысты және оны интелектуалды біліктілікке бейімдеу деп қарастырамыз. Біздің көзқарасымыз бойынша, ойлау белсенділігінің өнімділігін әсіресе гештальт психологияда қарастырылған. Осы концпецияның аясында- ойлау- демек құру. Біз, оқыту үдерісінде ең бастысы колледж білім алушыларын іс-тәжірибеге дағдысын қалыптастыру деп есептейміз. Осыдан колледж білім алушыларының осы аталған дағдыны қалыптастыру маңыздылығының болуы, колледжде іс-тәжірибе барысында даярлаудың дағдысын қалыптастыруда білім алушыларды оқуға үйрету қажет екенін білдереді. Іс-тәжірибеге бейімделуін қалыптастыру үшін, білім алушыларды арнайы үйрету қажет.
Кәсіби ойлау маманның қабілетінің, ойлау деңгейінің жетілуі, ойлау ерекшелігінің сипаттамасы ретінде қарастырылады, олар еңбек объектісіне қатысты кәсіби қызметінің сипаттамасымен негізделген; қызметтің қандай да болсын саласында кәсіби міндеттерді шешу процесі ретінде.
Кәсіби ойлау, iс-әрекет тұрғысында қарастырылған зерттеулерге жан-жақты жүргiзген талдаулар көптеген идеялардың, түсiнiктердiң туындауына негiз болды.
Көптеген зерттеулердi талдау барысында іс-тәжірибеге даярлау кәсіби iс-әрекет нәтижелерi, мазмұны мен формасына сәйкес қалыптасатыны анықталып отыр.
Кәсіби қабілет категориясы бiрқатар психологиялық-педагогикалық еңбектерде қарастырылып өткен (К.Н.Вентцель, С.Л.Рубинштейн, Лук А.Н., А.Н.Леонтьев т.б.) [37- 40].
К.Н.Вентцель еңбектерiнде білім алушылардың өз бетiнше жұмыс iстеуiн және өздiгiнен белгiлi бiр нәтижеге жетуге талаптануын, бiлiмiн жетiлдiрiп отырудың маңыздылығына ерекше тоқталып, кәсіби iс-әрекет туралы пiкiрлер айтады [37].
С.Л.Рубинштейн, танымдық iс-әрекетiндегi индуктивтi әдiстердiң ролiне тоқталады [38].
Кәсіби ойлауды кәсіби дербестiктi арқылы дамытуда К.Д.Ушинскийдiң еңбектерiнiң маңызы зор. Ол оқу материалының мазмұны мен сипатына, көлемiне сәйкес оқу әдiстерiн таңдауда білім алушылардың жас, жеке ерекшелiктерiн ескеру, оқу материалын оқушыға ұтымды баяндауда дәлдiк пен анықтылықты талап етедi. Сонымен қатар білім алушылардың өз бетiмен, дербес ойлай бiлуiн, дербес жұмыс iстеу бiлiктерi мен икемдiлiктерiнiң дамуына көңiл бөлдi [41].
Баланың iзденiп бiлiм алуы, талаптануы оның қызығушылығын оятып, тәрбиелеген жағдайда ғана жемiс бере алады деген пiкiрдi Ы.Алтынсарин тұжырымдайды [13, 54 б.].
Абай: "ғылым-бiлiмдi әуел бастан бала өзi iздеп таппайды. Басында зорлық, яки алдау мен үйiр қылу керек, үйрене келе өзi iздегендей болғанша ..." - дейдi [14].
А.Байтұрсынов: "Бала бiлiмдi тәжiрибе арқылы өздiгiнен алуы керек. Мұғалiм балаға жұмысты әлiне қарай шағындап беру мен бетiн белгiленген мақсатқа қарай түзетiп отыру керек", - дейдi [16].
Көрнекті психолог Л.Выготский "кәсіби" деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтердің бірі Я.Пономарев оны "даму" ұғымымен қатар қояды. Өйткені, әрбір жаңалық, әсіресе, интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі педагогиканың талаптарына сәйкес келетіндіктен көңілге қонымды[42, 43].
Сонымен, қабілет білім, ептілік жене дағдылардың өздерінде көрінбей, танып үйренуге орай нақты әрекетті игеру динамикасында (тез-шабан, оңай-қиын) байқалады. Іс-әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.
Қорытындылай келе, қабілет түсінігінін бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін Богоявленская Д.Б. былай анықтайды:
Қабілет-бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттер қабілет бола алмайды.
Қабілет-барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.
Қабілет-нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді [44].
Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-әрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін талай күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-педагогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы лазым. Жеке тұлғаға байланысты дамытушы іс-әрекет жайында әңгіме қозғалғанда, алдымен маңызды болуынан төңірегіне адамның барша мүмкіндіктерін жинақтай алатын іс-әрекет ескерілуі қажет. Сондықтан, нақты әрекеттің дамытушылық қасиетін тану үшін, оны жеке адаммен байланыстыра сипаттау керек. Бұл жағынан бүкіл адам өмірімен қабысқан кәсіби қызметтің өзі де иесі үшін аса мәнді де маңызды болмауы мүмкін. Өндірістік тапсырыстар мен қызметтік міндеттер адамның кәсіби мүмкіндіктері мен тұрмыстық бай тәжірибесін толық және жан-жақты ашып бере алмайды.
Кәсіби қабілет - жаңа рухани және материалдық құндылықтарды жасау жолындағы адам әрекетінің нәтижесі, жемісі.
Кәсіби іс-әрекетте, соның ішінде оқыту процесінде ерекше дамиды. Ол кәсіби қабілетке ие оқушының іс-әрекетінен байқалады. Кәсіби қабілеттің белгілері қандай? Жалпы кәсіби қабілет туа пайда бола ма? деген сұрақтар төңірегінде ой жүгіртер болсақ, психологтар М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев бұл тұста екі нәрсені: нышан мен қабілеттің бір-бірінен ерекшелігін ескеруді айтады [45-46].
Белгілі кеңестік психологтар мен ғалымдар Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, Я.А.Пономарев, Б.М.Тепловтың, өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар М.М.Мұқанов, Қ.Б.Жарықбаев, Т.С.Сабыров, Б.Әбдікәрімұлы, А.П.Сейтешов, Б.К.Момынбаев еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практикасының алтын қоры деп білеміз [42, 38, 40, 43, 47, 45, 46, 30, 20, 24, 22].
Еліміздің болашақ, елеулі азаматын, кәсіби кәсіби тұрғыда жан-жақты жетілген жеке адамды даярлауда-кіші мектеп кезіндегі оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың алатын орны ерекше екендігі даусыз. Сондықтан бала бойындағы кәсіби қабілеттің жандануына жол ашу, жағдай жасау керектігі жайында ғұлама психолог-педагог ғалымдардың еңбектерінде ерте кезден-ақ баяндалып жүр.
Ұлы ойшыл Абай Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де-ақымақтық дегенде айтпағы, озық ойлы адамның басқалардан жоғары тұратындығы екендігі. Тек мұндай ойшыл адам өздігінен қалыптаса алмайды. Оның танымдық кажеттілігін сусындатып орта болғанда ғана адамның ізденісінде мән бола бастайды [14].
М.Жұмабаев: Қазақ баласы әдебиет, тарих т.б. жайлы ғылымдарға зерек болуға тиісті. Өйткені қазақ баласының атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы, казақ баласы қиял құмар болуы тиісті. Бала жанын танитын сыршыл педагог дәл осы ойды өрбіте келе: Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиіс деп қазақ баласының бойындағы шығармашыл тұлғаға сай қасиеттерді атап өтеді. Тәрбиенің төрт түрін атап көрсеткенде, бірінші жолға білім алушылардың ақыл ойын дамытуды қояды [17].
Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар Ш.А.Амонашвили, И.В.Волков, О.С.Газман еңбектерінде қарастырылады.
Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар А.Е.Әбiлқасымова, Р.С.Омарова, С.С.Смайлов, Т.С.Сабыров, Ж.Р.Баширова, М.Ә.Құдайқұлов, Б.А.Тұрғынбаева, А.С.Мустояпова т.б. танымдық iс-әрекеттегi кәсібитың дамуы мектеп оқушысының бiлiмдi өз күшiмен игеруге талпынуымен және iзденiмпаздық қабiлетiмен тiкелей байланысты деп есептейдi [25-33].
Аталған ғалымдар зерттеулерінде кездесетін танымдық iс-әрекет, iзденiмпаздық ұғымдары кәсіби қабілет ұғымының мазмұнын, түсiну аясын кеңiтiп, нақтылай түседi.
Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келгенде, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болатынын, олар тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалады, әрі қарай дамитынын, әр адам басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктермен ерекшеленетінін көреміз [20-36].
Оқыту үрдісінде білім алушылардың кәсіби қабілеттерін дамуына жағдай жасау-мемлекеттік білім беру стандарттық бағдарламасын іске асырудың негізгі құралы. Білім алушылардың кәсіби қабілетін дамытуға байланысты жақсы тапсырмалар мен жақсы сұраулар қойылса, соған сәйкес оқушы қабілеттіліктің жан-жақты, әрі мәнді көрінуіне әсерін тигізеді.
Кәсіби іс-әрекетте ойлау мен қиялдың маңызы орасан зор. Кәсіби жеке адамның барша тұлғалы қасиеттермен етене қабысып, олардың қандай да бір тарапымен шектелмейді. Жасампаздықтың психологиялық сипаты оны барша өмір саласында: жаңалық табуда, ғылыммен әдебиетте, көркем өнерде - көрінеді. Кәсіби процестегі ойлау шарықтауы адамның біліміне, қабілетіне тәуелді келіп, мақсаттары мен көңіл күйіне байланысты болады.
Көп уақыттар ғылымда кәсіби процесті заңдастырып, оны үйретіп болмайды деген тұжырым сақталып келеді. Осыны қуаттаушы француз психологы Г.Рибо кезінде: Мың сан пікір айтылып жүрген ойлап табу әдістеріңіз бос әңгіме, ал бола қалған күнде жаңалық табушыларды қарапайым механиктер мен сағат жөндеушілер дайындағандай, топтап, қолдан жасап алар едік-деп кесіп айтқан. Алайда, мұндай көзқарас уақыт өте шайқала бастады. Кәсіби іс кездейсоқ жаңалықтар ашудан саналы ойлап табу жолына түсті, жаңа міндеттерді шешу жоспарлы қалыпқа келді.
Кәсіби жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе, төмендегідей қорытындыға келдік: кәсіби - өте күрделі психологиялық үрдіс. Ол адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы кәсіби барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері бойынша белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы кәсіпке бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Кәсіпке деген қажеттілік - күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол барлық адамдарға бірдей деуге болмайды. Ал қоғамдағы жаңару үрдістері әр адамнан күнделікті кәсіби қайтарымды талап етіп отыр.
Кәсіби - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі. Қоғам құбылыстарында, жеке адамның, ақыл - санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде кәсіптің табиғи үрдістері үздіксіз жүріп, белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі кәсіби үрдістерін табиған өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын ісіне байланысты. Адамның кәсіпке деген құлшынысы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруына жол ашады.
Біз зерттеп отырған мәселе бойынша ғалымдар еңбектерiне талдау жасай отырып, кәсіби мазмұнын бiр аяда ғана ашуға болмайтын күрделi ұғым, яғни жеке тұлғаның бұл бiртұтас сапалық қасиетiн талдау жасау кезiнде жүйелi түсiндiрудi талап ететiн сапалы адами құндылық деген тұжырымға келдiк.

1.2 Іс-тәжірибеге даярлаудың педагогикалық ерекшеліктері
Оқыту процесінің өзара қызмет ететін екі жағы бар - сабақ беру және оқыту-оқу материалына сүйенеді, оның рөлі арнайы және жан-жақты оқытып зерделеу үшін үлкен жеткілікті.
Колледж білім алушыларының іс-тәжірибесі жоғары білімді мамандар дайындауда білім берудің ажырамас бөлігі болып есептелініп, мектептерде оқу бағдарламасы мен үрдісіне сай мамандықтарына байланысты іс-тәжірибені өтеді.
Білім алушылардың іс-тәжірибесі оқу орындарында теориялық оқу барысында алған білімін нығайтуға және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді меңгеруге бағытталады.
Болашақ маманға колледж қабырғасында білімділік және кәсіптік бәсекелестікке төтеп бере алатын өз мамандығына ыңғайлы, қабілетті, ерекше педагогикалық қасиеттерді қалыптастыру қажет. Мұғалімге аса қажеттілігі: педагогикалық мамандыққа бейімділік, балалармен жұмыс істеуге айқын берілгендік, бейімділіктің көрінетін басты нәрсесі және мұғалім мамандығын тандай алудағы айқындаушы нәрсе балаларға деген сүйіспеншшік, т.б. қасиеттер.
Шынында да балаларға деген сүйіспеншілік және олармен жұмыс істеуге ынта-ықылас болмайынша нағыз мұғалім болу мүмкін емес және ол өзінің педагогикалық шеберлігін де шыңдай алмайды. Оның негізгі бастамасы болашақ мұғалімді дайындау, қалыптастыру кезеңінде басталады. Бұл орайда педагогикалық практиканың алатын орны ерекше, өйткені қазіргі студент -- болашақ ұстаз өзінің бейімділігін, шеберлігін, ыңғайлылығын, алған теориялық білімдерін мектеп өмірімен байланыстырып отырғанда ғана жүзеге асырады. Тек сонда ғана мұғалімге тән педагогикалық шеберлікке, іскерлікке жетуге жол ашылады [25. 26 б].
Педагогикалық практика кезінде болашақ мұғалімнің оқушы мұқтажын сезінуі, қарым-қатынас психологиясын меңгеруі, әр оқушымен жеке дара жұмыс тәжірибесінің дамуы, ата-анамен байланысының күшеюі, оқушылардың өзін-өзі басқаруына жағдай жасай білуі, еңбекке қатынасын, үлкенді сыйлау, т.б. мінез-құлықтарының қалыптасуына ықпал ету әдістерін меңгеруі жүзеге асады. Осы бастама кейін тәжірибеде, мұғалімдік қызмет барысында өз жалғасын табады.
Болашақ мамандардың тұлға ретінде қалыптасуында педагогикалық практиканың мәнін қөтерудің бірнеше себебі бар: біріншіден, колледж қабырғасында өткізілген теориялық дайындықтар нәтижесі педагогикалық практика кезінде қолданылады да, оның жетістігі мен кемшілігі айқын көзге түседі. Екіншіден, педагогикалық практика кезінде болашақ мамандар оқушылармен тікелей қарым-қатынасқа түсу арқылы оның жеке дара ерекшеліктері мен қабілеттерін айқындайды, олардың мінез-құлықтарындағы кейбір кемшіліктерді түзетуге ұмтылады. Үшіншіден, педагогикалық практика кезінде білім алушылар өзіндік менінің мәні арта түседі. Мен білемін, үйренемін, үйретемін, тәрбиелеймін, қарым-қатынас жасай аламын деген сияқты сенімі нығаяды. Оқушыларды тәрбиелеуге көңіл бөле отырып студент өзін-өзі тәрбиелеумен айналысады, қиындықты жеңуге, сол сәтте кездескен проблемалардың шешеімін табуға үйренеді, педагогикалық ойлауы дамиды [26. 39 б].
Педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру кезінде негізгі талаптың бірі - тәжірибе өту мекемелерін таңдап алу. Сондай - ақ оны ұйымдастыру кезеңіндегі басты мәселенің бірі - болашақ мамандарға тәжірибенің негізгі міндеттерін айқындап талдап жеткізу. Колледжде жасалған Бағдарламада тәжірибе міндеттері атап көрсетілген.
1. Білім алушылардың колледж қабырғасында алған теориялық білімдерін тереңдету. Осы білімдерін оқушылармен жүргізетін оқу - тәрбие жұмысында қолдана білуге үйрету.
2. Оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалана білу. Оларды сабақтың жоғары әсерлігіне жету үшін тиімді үйлестіре білуге үйрету.
3. Болашақ мамандарда оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау іскерлігін қалыптастыру.
4. Оқушыларды ойлау қызметін жандандырудың тәсілдерін зерттеп біліп, оларды қолдана білуге үйрету.
5. Болашақ мамандарды балалар мен жасөспірімдердің психологиясы негізіне сүйене отырып, оқушылармен оқу - тәрбие жұмысын жүргізуге үйрету.
6. Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізудің элементтерін қалыптастыруға үйрету.
Болашақ мамандардың педагогикалық тәжірибесін өткізу кезеңінде оқушыларды тәрбиелеу жұмыстарын кешенді жүргізуге, оқу мен тәрбие жұмыстарының бірлігін іске асыруға, сонымен қатар оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбек сүйгіштікке баулуға, оларға эстетикалық, экологиялық және дене тәрбиесін беруге бірден бір ерекше көңіл бөлінеді.
Білім алушылардың мектептегі педагогикалық тәжірибесінің Жұмыс бағдарламасы кафедра оқытушыларының іс-тәжірибелеріне негізделіп, мемлекеттік стандартқа сәйкес жасалынған. Бұл бағдарлама факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітіледі. Бағдарламада педагогикалық тәжірибенің мақсаты, мазмұны, көлемі мен құжаттар үлгісі, сабақ жоспары, хаттама және талдау үлгісі көрсетілген. Бағдарлама кафедра отырысында талқыланған [27. 10-11 б].
Педагогикалық практиканы педагогика, психология және жеке әдістемелік бөлімдер мен бірге колледж басшысы ұйымдастырады.
Педагогикалық практиканың негізгі міндеті студенттердің жалпы теориялық, арнайы, психологиялық-педагогикалық әдістемелік жағынан дайындығы болып табылады.
Педагогикалық практика біртіндеп кезеңмен жүзеге асады.
Педагогикалық практикаға дайындық кезінде колледж басшылары бөлім меңгерушісімен бірлесе отырып, коллоквиумға арналған тақырыптар және сұрақтарды анықтап, педагогикалық практиканың жоспарын құрып, оның өтілетін мектептерінің тізімін анықтайды.
Педагогикалық практика бастамас бұрын коллледж басшысы педагогика, психология және жеке әдістемелік кафедраларымен бірге бағыт беруші конференция өткізіп, білім алушыларды мектепте жасалатын жұмыстардың мазмұнымен, міндетімен таныстырады.
Педагогикалық практиканың негізгі кезеңі бекітілген мектептегі болашақ мамандардың жұмысы болып табылады. Педагогикалық практиканың міндеті мен мазмұнына сәйкес болашақ мамандар бірінші аптасында мұғалімдердің сабақтарына және сынып жетекшілердің сыныптан тыс жұмыстарына қатысады, практика кезінде жасалынатын оқу-тәрбиелік жұмысының өзіңдік жеке жоспарын құрады.
Студенттер практика кезінде тәрбиелік және сыныптан тыс жұмыстар өткізіп, талқылауға және талдауға қатысады. Өткізілетін сынақ сабақтар саны және тәрбиелік іс - шаралар практиканың бағдарламасында және өткізу кестесінде анықталады.
Практика кезінде бітірер алдындағы және бітіруші болашақ мамандар педагогика және психология бөлімінің оқытушылары басшылығымен жекеленген оқушыларға және сынып ұжымына психологиялық-педагогикалық мінездеме жасайды. Педагогикалық практиканың барысында болашақ мамандар педагогика және психология, жеке әдістеме пәндері бойынша дипломдық және курстық жұмыстарға қажетті материалдар жинайды, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысының тапсырмаларын орындайды.
Педагогикалық практиканың үшінші кезеңіңде яғни, соңғы аптасында студенттер есеп беру құжаттарын дайындайды. Мектепте қорытыңдылаушы педагогикалық кеңес өткізіледі.
Педагогикалық практика колледждегі өткізілетін жалпы қорытындылаушы конференциямен аяқталады.
Мектептегі болашақ мамандардың педагогикалық практикасының тікелей басшылығын топтық жетекшілер (педагогика және психология оқытушылар мен бірге жеке әдістеме кфедраларының оқытушылары) атқарады [28. 14 б].
Педагогикалық практиканы бағдарлама бойынша орындау мақсатында болашақ мамандарға тиісті бөлімдердің топ жетекшілері, мектептен сынып жетекшілері бекітіледі.
Топ жетекшісінің міндеті:
- оқу-тәрбие мекемелерінің жетекшілерімен бірге болашақ мамандарды сыныптарға (топтарға) бөледі, ал пән мұғалімдерімен бірге сабақтардың тақырыбын және сыныптан тыс жұмыстарды бөледі;
- практика кезінде педагогика-психология кафедрасының оқытушыларымен бірге білім алушыларға жеке өзіндік жоспар жасауға көмектеседі және практиканттердың өзіндік жұмыстарының тақырыптарын бекітеді;
- Білім алушылардың сабақтан және сыныптан тыс жұмыстарды өткізуін қамтамасыз етеді, сабаққа және пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарының дайындықтарына кеңес береді, сабақтың жоспарын және үлгісін тексеріп және бекітіп, сабақтарына және сыныптан тыс жұмыстарына қатысады, оларды талдайды және бағалайды, жеке өзіндік жұмыс жоспарларының орындалуын бақылайды;
- студенттердің өткізген құжаттарын жинайды және талдайды, практика қорытындысы бойынша есеп жасайды және онымен факультеттің басшылығын таныстырады;
- колледждің педагогикалық практика бойынша бағыт беруші және қорытындылаушы конференцияларына, сонымен бірге оқу-тәрбие мекемелерінің басшылары өткізген жиналыстарға қатысады;
- практика бойынша сынақ қоюға қатысады, педагогика және психология бөлім оқытушыларымен, бірге жалпы бағасы қойылады;
Топ жетекшісінің міндеті:
- білім алушыларды сыныптан жалпы ерекшеліктерімен, негізгі тәрбие міндеттерімен және өзінің жұмыс жоспарымен таныстырады;
-педагогика пәнінің оқытушысымен және топ жетекшілерімен бірігіп білім алушыларға тәрбие жұмысының жоспарын жасауға көмектеседі, жоспарды бекітеді, оның орындалуын қадағалап, кеңес береді;
- психологая пәнінің оқытушысымен бірге практиканттардың оқушыларды және сынып ұжымын зерттеу жұмыстарына, психологаялық-педагогикалық мінездеме жасауына жетекшілік, жасайды;
- білім алушылардың өз бетінше жасаған тәрбиелік іс-шараларына және оны талдауға, баға қоюға қатысады;
- білім алушыларды сыныптың (топтық) күнделікті тәрбие жұмыстарына тартады;
- білім алушыларға мінездеме беріп, олардың тәрбие жұмысын бағалайды;
-педагогикалық практика бойынша оқу-тәрбие мекеме жетекшілерінің өткізген жиналыстарына, сондай-ақ колледждегі бағыт беруші және қорытынды конференцияларына қатысады.
Педагогикалық тәжірибенің нәтижелерін мектеп мұғалімі мен тәжірибе жетекшілері (педагогика, психология пәндері оқытушылары) бірігіп, дифференциялдап бағалайды. Педагогикалық тәжірибе аяқталған соң білім алушылар бөлім меңгерушісі тағайындаған комиссия алдында педагогикалық тәжірибе өту туралы есебін қорғайды [29. 19 б].
Жалпы білім алушылардың тәжірибе кезіндегі жұмыстарын бағалау үшін рейтингтік бақылау жүйесі қолданылды. Қорытынды рейтинг балы педагогикалық тәжірибе бағдарламасында көрсетілген және оны кафедра оқытушылары білім алушылардың атқаратын жұмыстарын түгелдей ескере отырып алдын ала анықтайды.
Педагогикалық тәжірибені бағалау үшін жетекшілер төмендегі әдістерді қолданады: білім алушылардың оқу сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстар жүргізу үрдісіндегі қызметін бақылау; жеке сабақтарын талдау; білім алушылардың пән мұғалімі, сынып жетекшісі, мектеп әкімшілігі берген мінездемелерін талдау, білім алушылардың әдістемелік, ғылыми - зерттеу, басқа да шығармашылық жұмыстарын талдау, білім алушылардың оқытушы ретіндегі жұмысқа даярлығын өзіндік бағалауы, педагогикалық тәжірибе құжаттарын талдау (педтәжірибе мерзіміндегі өзіндік жұмыс жоспары, күнтізбелік жоспар, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының әдістемелік нұсқаулары, психологиялық тапсырмалардың материалдары, күнделіктері, жұмыс есебі).
Мақсатты ұйымдастырылған және тиянақты өткізілген педагогикалық тәжірибе білім алушыларды оқыту мен тәрбие жұмысының қазіргі өмірімен байланысын күшейтуге, болашақ ұстаздың балалар және жасөспірімдермен байланысын күшейтуге, болашақ ұстаздың балалар және жасөспірімдермен тығыз қарым - қатынаста болуына және болашақ маманның пән бойынша психологиялық - педагогикалық білімінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді.
Психологиялық-педагогикалық әдебиетте іс-тәжірибеге даярлаудың сұлбаларының рөлі маңызды екенін көрсетеді. Сұлба жасау шындықты жорамалдау үшін қызмет етеді, теоретикалық тәжірибені игеру, жинақтауды қалыптастыру себеп-салдарының құралы болып табылады.
Кейбір авторлар (О.Д.Захарова, В.М.Каган, Т.С.Куратова, Ю.Г.Орлик) сұлбалауды теңдестіреді, моделдеу және құрылымдау. Біз осы ұғымдарды бір - біріне қосылатын деп қарастырамыз [30, 31, 32, 33].
Құрылымдауға моделдеу кіреді, өйткені, өз кезегінде сұлбалауға жатады.
Іс-тәжірибеге даярлау құрылымы педагогикада оқу процесінің тиімділігін жоғарылату үшін жүзеге асырылады, біз осы процесте құрылымның рөлі туралы авторлардың әр түрлі пікірлерін салыстырамыз. П.И.Пидкасисттың позициясы іс-тәжірибені құрылымдау білім алушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру жағдайын маңызды деп қарастырады, педагогикалық мақсатта ұтымды тиімділігі және оны игерудегі үнемділігі, және ұзақ уақыт бойы есте сақталуы [34]. Іс-тәжірибенің құрылымы танымдылық қызметінің сипаттамасын анықтайды, оның танымдылығын кеңейту және творчестволық мүмкіндігі және оқуға қызығушылықтарын қалыптастыру. И.Я.Лернер атап көрсеткендей, танымдылық процесі білімнің логикалық құрылымының мазмұны және оны игеру заңдылықтарының себептері болады...[35].
Әдебиетті талдау бізге құрылымдау ұғымының әр түрлі авторлардың анықтағандарын айқындауға мүмкіндік етті.
1 Кесте - Құрылымдауды ұғынуды анықтау
Авторы, шыққан жылы
Құрылым ұғымы
Брунер Д., 1962ж.
Идеялар және ұғымдар, фактілер арасындағы байланысты анықтау.
Талызина Н.Ф., 1967ж.
Ой-өрісі қызметі жағынан кейбір материализация тәсілдері.
СохорA.M., 1974ж.
Іс-тәжірибеге даярлаудың элементтерін толық біркелкі құрайтын өзара байланыстардың бірізділігін анықтау.
Усова A.B., 1986ж.
Іс-тәжірибеде (жағынан) және қоршаған ортада құбылысы және шынай байланысы және олардың арасындағы қатынастарды анықтау.
Аусбель Д.П., 1989ж.
Ақпаратты түсіну, оның жиналуы және мағыналы сезіну жүйесін орналастыру.

Осылайша, педагогикалық зерттеулерді талдауды және анықтамаларда көрсетілген (№1 кесте) негізге алып, біз жұмысты анықтауды зерттедік: іс-тәжірибеге даярлауды құрылымдау икемділігі-бұл жеке тұлғаның танымдылық қасиеті, оның қабілетін сипаттайтын интелектуалдық қызметі, іс-тәжірибеге даярлау процесінде ол кейбір толық құрылымдау олардың таңдаған принциптерінің негізінде және іс-тәжірибеде белгіленген себептерінің, және сапалы жетістікке жеткен нәтижесі [36].
Құрылымдау - бұл күрделі зерттеу қызметі, ол өзіне көптеген басқа да қызметтерді енгізеді. Бұл қызмет іс-тәжірибені игеріп алу бағыты және оқу тапсырмаларын шешу, ондағы іс-әрекеттердің жалпы тәсілдері игеріледі және ғылыми ұғым, жалпы тәсілдері тапсырманы шешеді, яғни жалпыдан жекеліктің шыңына жетеді, ол білім алушының осы қызметінің субъектісін өзгертеді, оны іс-тәжірибені құрылымдауға икемділігіне бейімділігі жоқ адамнан, икемділікті жасап шығарады. Білім алушылардың осы қызметтерді игерулерін, олардың оқу материалдарын икемдеу бейімділігін біз қалыптастыру сияқты түсінеміз.

1.3 Оқу-тәрбие үрдісінде білім алушыларды кәсіби іс-тәжірибеге даярлап дамыту ерекшеліктері
Білім алушыларды іс-тәжірибеге біліктілігін қалыптастыруды біз оларды оқу қызметіне қалыптастыру процесі ретінде қарастырамыз.
Бұл процесте басты мақсатты біз білім алушының жеке тұлғалық дамуы және қалыптасуын білімпаздық субъектісі сияқты көреміз. Біздің міндетіміз іс-тәжірибені құрылымдау қызметін жобалауындағы осы сияқты оқыту ахуалын құрумен қорытылады, ондағы іс-тәжірибені құрылымдау икемділігін қалыптастыру білім алушының жеке қасиеті сияқты, іс-тәжірибені іске асыруға мүмкіндік туғызуы. В.Я.Лядус, Е.В.Бондаревская және т.б. атап өткендей, талдаудан тыс және әлеуметтік өзара іс - әрекеттерді жобалау және қатынастарды іс-тәжірибе тәсілдерінің дамытуын қамтамасыз етуге болмайды, ажырамайтын біртұтастылықты жеке тұлға сана сезімінің дамуынан, оның позициясы, қондыру және себеп салдары [37].
Қазіргі кезеңде, оқу жүйесін қайта құруға бағытталған талпыныстарға қарамастан, оқыту процесінде білім алушыларға дайын ақпаратты жеткізіп беруге негізделген әдістемелер орын алып келеді. Бұндай әдістемелер арқылы оқушылар еске сақтау, қайталап айту қабілеттерін ғана дамытып, біржақты ғана жұмыс жасайды. Оқытушы білім алушының бұрынғы сабақтарда дайын күйінде берілген материалды қайталап айту жағына көңіл бөліп, соны ғана бағалайды. Білім алушының дарындылығы, кәсіби қабілеті бағалаусыз қалады. Осындай жағдайда қоғам сұранысын ескеретін болсақ, кәсіби қабілетті дамытуа бағытталған оқыту әдістемелерін (дамыта оқыту әдістерін) қарастырып, ғылыми тұрғыдан зерттеп, жаппай практикаға енгізуді қолға алу керек. Оқу жүйесін қайта құру кезеңінде оқыту әдістемелеріне де көңіл бөліп, заман талабына сайларына ғана қолдау көрсетіп іріктеген жөн болар еді.
Етек жайған нарық жағдайында кәсіби ойлауы бар білім алушыларды анықтай отырып, оларды әрі қарай оқытудың ғылыми тұрғыдан негізделген біртұтас әдіснамасын қарастырудың маңызы үлкен. Оқыту жұмысының табысты болуы, оқытудың озық әдістерін қолдануға ғана байланысты болып қоймай, білім алушылардың кәсіби қабілеттерінің әр түрлілігін ескеруге де байланысты болатындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Кәсіби ойлауын білім алушыда қалыптасуы кең диапазонды: ақыл-ой қалыстығынан бастап жоғары дәрежедегі таланттылық, жалпы дарындылыққа дейінгіні қамтиды. Сондықтан да барлық білім алушыларды бір нұсқалы бағдарламамен оқытар болсақ, дарынды балалардың қабілеті дамуына зиян келтірген болар едік. Біздің қазіргі кездегі оқыту жүйесі орташа оқушыға, ал мамандыққа дайындау "орташа маманға" бағытталғанын ескерсек, шығармашыл, дарынды балаларды оқыту жайы жоспарланып, оларға әдейі арналған оқу орындарының ашылуы, өкіметіміздің бұл саладағы бағытының дұрыс екендігін көрсетеді.
Соңғы жылдардың ғылыми зерттеулері С.Л.Рубинштейн, Я.А.Пономарев, А.Н.Лук, А.Н.Леонтьев кәсіби бейім білім алушылардан маман дайындау мәселесін, әуелі бастан дарындыларды таңдап алу жағын реттеп алмай және әдейі жасалынған бағдарламалар мен әдістемелер қолданбай шешуге болмайтындығын көрсетті [38-40].
Кәсіби қабілетті балаларды іріктеп алу жұмыстары жүріп жатыр десек, осы бағыттағы жұмыстардың табысты болуы үшін қажеттілерінің бірі, шығармашыл оқытушыларды-дарынды балалармен жұмыс жасай алатын мамандарды дайындау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Оқушыларды математикалық олимпиадаларға дайындау
Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Болашақ педагог-пихолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Әлеуметтік - педагогикалық қызметтің кәсіби қызметінің бағыттары
Пәндер