Педагогикалық құндылықтар туралы түсінік
4. Ғылыми педагогикалық зерттеулердің құрылымы және логикасы
Педагогикалық теория дамуының ежелден - ақ маңызды факторы оның ғылымдық өрістеуіне әдіснамалық шарттар. Ғылым әдіснамасы бұл- табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы. Ұзақ уақыт философияның бір бөлігі болған педагогика екі негізгі философиялық әдіснама: идеалистік және материалистік тұжырымдамаларға арқа сүйеп дамыды және қазір де дамып отыр. Ежелгі грек философия- педагогикалық ой-пікір саласында идеалистік бағытты ұстаған Сократ пен Плотон адам дамуының шешуші факторы бір табиғат екенін мойындаса, материалистік бағыттағы Гераклит, Демокрит және Эпикур адамның қалыптасуын басқаша түсіндірді, сыртқы ықпалдар мен тұрмыстық жағдайларға байланыстырды.
Көп әдіснамалық алғышарттардың ішінде аса маңыздыларының бірі тәрбиенің барша табиғи және қоғамдық құбылыстар сияқты себепті-салдары байланысты сипатта екендігі. Осыдан материалистік бағытқа негізделген педагогика өз зерттеулерін тәрбие мен теориялық тұғырнамасына ықпал жасаушы өндірістік-экономикалық жәнетәлеуметтік - саяси факторларға байланыстыра жүргізеді.
Материалистік тәрбие теориясының шешімі үшін ең маңызды идея- бұл адамның жеке тұлға болып дамуының көзі тіршілік иесінен сыртта, әрі оның қалыптасуы әлеуметтік бағдарламаға сәйкес, қоғамдық ықпалдың соның ішінде тәрбиенің нәтежиесінде іске асады. Сонымен қатар бұл әдіснама, адам дамуының көзі, одан тыс екенін айта отырып, оның қоғамдық тұлға болып қалыптасуында өзінің ішкі жан дүниелік белсенділігінің де маңызды рөл атқаратынын алға тартады.
Әдіснама грек тілінен аударғанда әдіс туралы ғылым деген мағына береді. әдіс термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады. Яғни, методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология - зерттеу процесі туралы іліам ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы методология, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы фиолософиялық жүйемен байланысты. Ғылыми методологияны жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методолгияның олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.
Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткенде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсоқ ережелерінің қосындысы емес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болып табылады.
Материалистік диалектика ғылыми ізденістің стратегиясын береді, бірақ ол нақтылы ғылымда пайда болатын сұрақтарға дайын жауап бермейді.
Көптеген жағдайларда педагогикада негізгі идеялар, теориялық және тәжірибелік аспектілер өзара тығыз байланысты. Сондықтан педагогикада теориянеы жасау және зерттеудің теориялық деңгейін көтеру алдыңғы қатарлы тенденция болып отыр. Бұл тенденция педагогиканың методологиясы деген сұрақты қарастырғанда күмән жоқ, бұл сұаққа жауап бермей басқа сұраққа жауап беру мүмкін емес - ал, бұл дегеніміз педагогикалық зерттеулердің теориялық деңгейін күшейту деген сөз.
Педагогикалық әдіснама мәні іртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика методологиясының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады (Г.В.Воробьев). Қазіргі педагогика әдіснаманың пәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі - педагогикалық білімдер жүйесін (Ф.Ф.Королев) зерттеу процесі екендігі анықталған.
Әдіснамалық білімдер жүйесіне: педагогика пәні, педагогиканың категориялары, педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланыстылығы, педагогика ғылымдарының жүйесі, педагогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері жатады.
Педагогикалық процесс - бұл оқытушылар мен оқушылардың білім беру жөнінде педагогикалық жабдықтарды оқытудағы тапсырманы шешу бағытында жұмсау мазмұның, оның коғам сұраныстарын қанағаттанарлықтай соцымен қатар жеке-жеке тұлға ретінде қалыптасуына да айтарлықтай әсер етуші өзара іс-әрекет.
Педагогикалық процесс мақсат пен тапсырмаларды, мазмұн, әдістер, амал, форма; нәтижелерін танытады. Педагогикалық процестің өзі үш ішкі процестен тұрады: оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Жоғары мектепте педагогикалық процеске ғылыми қызмет те косылады. Осылай оқыту процестерінде, тәрбиелеуде және ғылыми қызметте мына компоненттер анықталады: мақсаттары мен тапсырмалары, мазмұны, әдісі, жабдықтары, формалары, нәтижелері.
Педагогика аймағындағы зерттеулер - бұл ғылыми қызметтің нәтижесі мен процесіне, білім беру заңдылықтары туралы жаңа ақпараттар алуға, оның құрылымы мен механизмдерінің, мазмұныңың, принциптері мен технологиясының заңдылықтарына бағытталған.
Педагогикалық зерттеулерді іргелі, қолданбалы, өңдемелі деп бөлуге болады.
Іргелі зерттеулер - бұл зерттеу жалпыланған концепция нәтижесіндегі педагогтардың теоретикалық және тәжірибелік жетістіктерінде немесе педагогикалық жүйенің моделінің болжау негізінде дамуын ұсынады.
Қолданбалы зерттеулер - бұл зерттеулер педагогикалық процестің жеке тұстарын тереңдете оқуға, әрқилы педагогикалық тәжірибенің заңдылықтарын ашуға бағытталған.
Өндемелі зерттеулер - белгілі жағдайларды ескере отырып, ғылыми-практикалық ұсынысқа бағытталған.
Кез келген ғылыми зерттеу белгілі әдіснамалық параметрлердің анықтамасына сүйенеді: проблема, тақырып. объект, зерттеу кұралы, мақсат пен тапсырмалар, гипотеза және корғалатын жағдай.
Зерттеудің сапа бағамының критерийлеріне актуалдылығы, жаңалығы, теоретикалық және практикалық маңыздылығы енеді.
Педагогикалық зерттеулер негізінен 2 бөлімнен тұрады: методологиялық және процессуалды.
Өзектілік қажеттілікке және зерттеуді дер кезінде өткізуге нұсқайды.
Ғылыми проблема ғылым мүмкіндіктерімен шешілетін негізгі кайшылыстарды көрсетеді.
Проблеманың шешілуі зерттеудін мақсатын кұрайды.
Объект - бұл таным процесіне бағытталғанның өзі.
Зерттеу құралы - бұл объектінің бір жағы мен бөлігі. Бұл теоретикалық көзқарас тұрғысындағы маңызды қасиеттері, объектінің ерекшеліктері болып табылады. Мақсатка, объектіге, пәнге сәйкес зерттеу тапсырмалары қалыптасады, олар болжам гипотезасын зерттеу барысында тексеруге бағытталған.
Ғылыми жаңалық - бұл теоретикалық немесе практикалық жаңа шешімдер, білім беру заңдылықтары, құрылым, механизм, әдістер, модельдер, қағидалар, түсініктер, әрекеттер.
Кез келген ғылым саласы әдіснамамен (методология, грек сөзі metodos - зерттеудің немесе танымның жолы, теория және 1оgos - сөз, ұғым, ілім дегенді білдіреді) байланысты. Ғылыми танымның сапасы да осы әдіснаманың даму деңгейімен тығыз байланысты.
Педагогикалық және тарихи-педагогикалық зерттеулер жүргізу кезінде әдіснаманы қолдану мәселелері білім беру мен тәрбиелеу құбылыстарын оқытудағы маңызды компонент болып табылады. Тарихи-педагогикалық зерттеулер барысында әдіснамалық негіздерді өңдеу маңызды базаңы кұрайды.
Әдіснама -- бұл ғылыми таным әдістерін зерттеу мен өңдеуге бағытталған ғылыми-танымдык іс-әрекет теориясы. Ол гносеологияның құрамдас бөлігі болып табылады, мұнда таным тәсілі туралы ілім немесе зерттеу тәсілдерінің теориясы ретінде қызмет аткарады. Ғылыми-танымдык процесс үш компоненттен тұратыны белгілі: таным нысаны, таным субъектісі мен таным тәсілі. Жаңадан алынған білім көлемі мен тереңдігі зерттеу әдістерін тиімді әрі дұрыс таңдау мен қолдануға тікелей байланысты екені белгілі. Ғылыми әдісті анықтау қиындық тудырады, яғни бұл оның көптігімен, көптүрлілігімен ерекшеленеді. Ғылыми тәсіл -- алға койылған зерттеу міндеттерін шешу үшін субъек және танылатын объект арасындағы өзара байланысты камтамасыз ететін тәсілдер, талаптар мен нормалар, ережелер мен амалдар, техникалық кұралдар мен жабдықтар жиынтығы. Басқа сөзбен айтар болсақ, ғылыми тәсіл теориялық тұрғыда негізделген танымдык нормативтік құрал болып табылады.
Әдіснама- бұл теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру мен кұрудың бастапкы жетекші принциптері, тәсілдері мен кұралдарының жүйесі және соцдай-ақ осы жүйе туралы ілім. Бір сөзбен айтатын болсак, әдіснама - әлемді ғылыми тұрғыдан танудың әдістері туралы ілім.
Педагогика ғылымының әдіснамасы дегеніміз - педагогикалық шындықты ұғыну мен өзгертудің принциптері, әдістері, формалары туралы ілім. Кез келген ғылымның әдіснамасы зерттеу міндеттері, зерттеу әдістерінің жиынтығы және талдауға алынатын объекті мен пән туралы зерттеу компоненттерінің жалпы сипатын білдіреді және зерттеу міндеттерін шешудегі іс-әрекеттін кезендері туралы қалыптастыруға негізделген.
Философиялық деңгей - танымның жалпы принциптері және ғылымның тұтастай категориялы реті Методологиялық принциптер: объективтілік, детерминизм, өзара байланыстар және іс-әрекеттер
Жалпы ғылыми деңгей - ғылымның үлкен бөлігіне колданылатын теоретикалық концепция
Нақты-ғылыми деңгей - нақты бір салаға колданылатын принциптер, әдістер мен әрекеттердің жиынтығы Методологиялық принцип ыңгайы: тұлгалық (тұлғалық-бағытталған), тұтас, полисубъективті, қызметті, мәдени-танымдық
Ә.Г. Юдин методологиялық білімнің 4 деңгейін көрсетеді (схемаға қараныздар). Осы жерде аныкталған деңгейге сәйкес негізгі методологиялық приптер берілген
Философиялық әдіснама. Э.Г. Юдиннің айтуы бойынша, бұл ең жоғарғы деңгей. Философиялық әдіснаманың мазмұның танымның жалпы принциптері (кұбылысты даму барысында зерттеу, теория мен практиканың бірлігі және т.б.) және тұтастай алғанда
бүтін ғылымның категориялық қатары кұрайды. Бұған мазмұндықпен бірге, (ғылыми ойлаудың дүниетанымдық негіздері, әлемнің философиялык бейнесі) формалды, яғни ғылыми ойлаудын жалпы формаларына, оның тарихи түрде айкындалған категориялық қатарына жататын алғышарттар да кіреді.
Бұл деңгейде адамзат болмысының түбегейлі, маңызды жақтарын козғайтын мәңгілік проблемалар қарастырылады. Соцдықтан да педагогика мен педагогика тарихындағы философиялық талдаудың мәні білім беру мен тэрбие ісіндегі белгілі бір проблемаларға жауаптар мен шешімдер іздеуде емес, адамзаттың педагогикалық болмысы сферасындағы күрделі мәселелерді және олардың шығу тегін тауып, зерттеу. Осыған байланысты, тарихи-педагогикалық ғылымға катысты философиялық әдіснаманың бірқатар аса маңызды міндеттерін атап өтейік, олар - ғылыми педагогикалық зерттеудің өзінің басталу мүмкіндігінің алғышарттарының қалыптасуы ретінде қарастырылатын, зерттеушінің танымдық ұстанымдарының қалыптасуы, әрбір ғалым-педагогтың санасының зерттеу проблематикасына саналы түрде бағытталуына қол жеткізу, ғылыми рефлексия тетіктерін іске қосу, әрбір ғылыми теорияның нақты тарихи шекараларын айқындау, педагогика ғылымының дамуындағы шешуші де бетбұрысты жағдайларды анықтау және зерделеу, әлем бейнесіне әртүрлі көзқарастар тұрғысынан педагогика ғылымының эволюциясын парадигмалық тұрғыдан айкындаудың негізін салатын ғылым нәтижелерінін, оның ішінде
әдіснамалық нәтижелердің дүниетанымдық интерпретациясын іске асыру, белгіленген ғылыми канондарға сәйкес тарихи зерттеулердің койылымын қамтамасыз ететін жалпы ғылыми зерттеу принциптері (жүйелілік, кұрылымдық, біртұтастылық, кешенділік, логикалық пен тарихилықтың бірлігі, даму процестерінің әркелкілігі және т.б.), процедуралары, әдістері мен формаларының деңгейі.
Мұнда, сондай-ақ әдіснамалық функциялар атқаратын, яғни бір мезгілде ғылыми пәндердің (педагогика үшін мұндай аса маңызды жалпы ғылыми тұжырымдама - мәселен, адамның биоәлеуметтік табиғаты туралы тұжырымдама, психиканың дамуының мәдени-тарихи тұжырымдамасы, рухани кұндылықтардың материалдықтан үстемдігі туралы немесе коғамды ізгілендіру тұжырымдамасы, педагогикалық процестің педагогикалық жүйе болып табылатындығының тұжырымдамасы, әлеуметтену факторларының жүйесі тұжырымдамасы және т.б.) барлығына не болмаса бірнешеуінің жиынтығына ықпал ететін теориялар мен жалпы ғылыми тұжырымдамалар кіреді. Бұл деңгейге тағы да әдіснамалық міндеттердің (тұлғаның, шағын топтардың, ойлаудың, шғгармашылықтың, қарым-қатынастың дамуына қатысты кейбір теориялар мен тұжырымдамалар) кең көлемін шешумен байланыстырылатын формалды теориялар, тұжырымдамалар мен өңдемелер де жатады.
Нақты ғылыми (жеке ғылыми) әдіснама - белгілі бір ғылым саласында немесе арнаулы ғылыми дисциплинада қолданылатын зерттеу принциптерінің, әдістерінің, тәсілдерінің және процедураларының жиынтығы. Осылайша, педагогика тарихының әдіснамасы тарихи-педагогикалық танымның бірқатар сәй-кестендірілген әдістері мен тәсілдерінің іске асырылуын қарастырады. Олар: ғылыми мәтіндермен, педагогикалық ой-пікірдің шығу және даму тарихын сипаттайтын дереккөздерімен жүргізілетін жұмыстардың ережелері мен шарттарын, педагогикалық фактілерді тандап алу мен оларды талдауға деген талаптарды, педагогикалық теория мен тәжірибенің генезисін айқындаушы бүкіл әлеуметтік факторлар жиынтығы мен ғылымішілік сипаттағы факторларға қойылатын талаптарды және т.б. ескеріп отырады. Бұл жерде, соцдай-ақ пәнаралық ғылымдарда, мысалы, азаматтық тарихта, психология тарихында, философия тарихында, әлеуметтану тарихында койылатын мәселелерді шешудің зерттеу тәжірибесі қол жеткізген жетістіктерді пайдалану да үлкен рөл атқарады.
Зерттеудің әдісі мен техникасы, яғни ғылым канондарына сәйкестендірілген біртекті және шынайы зерттеу материалын алуды қамтамасыз ететін процедуралар мен ережелер жинағы, соцдай-ақ ол барлық ғылымның қатарына қосыла алатын бастапқы өңдеу процесі. Бұл жерде біз жоғары деңгейде өз мамандығына кірістірілген нормативтік сипаттағы, ғылыми іс-әрекетті тұтастай және кейбір кезеңдерінде бөлек-бөлек тікелей реттеп отыратын әдіснамалық біліммен істес боламыз. Бұл - зерттеудің басты проблемасының, мақсаты мен міндеттерінің койылуы, оның объектісі мен пәнінің айқындалуы, болжамының қалыптасуы, негізгі ұғымдарының түрлі операциялардан өтуі, теориялық талдау жасау, қорытындыларды рәсімдеу және т.б.
Әдіснамалық білімнің деңгейлері арасында мазмұндықпен қатар функционалдық байланыстар да бар. Соцымен бір мезгілде олардың әрқайсысы ғылыми танымда өзіне ғана тән ерекше функцияларды атқарады. Олар өз ішінде мейлінше айқындалған өзара бағыныштылығы бар жүйені құрайды.
Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы , оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Қазіргі кезде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүтін бір жүйесі жәрдемімен алға басуда. Оларға: педагогикалық бақылау, әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педагогикалық тәжірибені үйрену және қортындылау, әлеуметтік талдау (сұрақ, анкета жүргізу, тестен өткізу)т.б.
Педагогикалық бақылау әдісі.Бұл әдіс педагогикалық зерттеудің қай-қайсысында болмасын қолданыс табады. Себебі педагогикалық құбылыс пен танысу зерттеушіге педагогикалық жұмысқа қатысы бар деректерді үйреніп, жинақтап, белгілеп алуды қажет етеді. Мыс; кейбір оқушылардың сабаққа деген белсенділігі жоғары , ал кейбіреулерінің сабаққа белсенділігі төмен екендігін аңғаруға болады. Осы құбылыстарды бақылау зерттеушіге алғашқы болжамдарын қортындылауға мүмкіндік береді. Оның мағанасыни былай түсіндіруге болады 1) оқушылардың зейінділігі сабақтың мазмұндығына байланысты, 2) сабаққа зейінділік және белсенділік танытқан оқушылардың білімі біршама жоғары дәрежеде. Бақылу әдісі, осылайша нақты теориялық ой-пәкірлерге нәр беріп, кейін олар басқа да әдістердің көмегімен тереңдете зерттеліп, тексеріледі.
Әңгімелесу әдісі.Бұл әдәіс ғалым- тәрбиеші мен тәрбиеленушінің екеуінің де бірдей педагогикалық дерек пен құбылысқа деген ойы мен қатынасын айқындауға жәрдемін тигізеді. Соның арқасында ол көрініс берген құбылыстардың мәні мен себептері жөнінде тереңдеу пайымдалған ғылыми тоқтамға келуге тырсады. Егер, мыс; жоғарыда келтірілген оқушылардың сабаққа деген әртүрлі мінез-құлықтық қатынасын алатын болсақ, зерттеуші бұл құбылыстың себептері жөнінде өзінің пікірін пікірін мұғалімнің ойымен салыстырғанды жөн көреді. Бұл үшін мұғалім мен әңгімелесуді бірден - бір жол деп, сабақта кездескен құбылыстардың себебеін түсіндіріп беруді, мұғалімніңғ пікірін білуге ұмтылады. Белгіленген сұрақтар бойынша мұғалім мен оқушы пікірлерінің өз ара сай келуі немесе алшақтығын анықтауға көмектеседі.
Мектептік құжаттар мен оқушылардың шығармашылығын зерттеу әдісі.Көптеген педагогикалық құбылыстарды зерттеу барысында мектеп құжаттары мен оқушылардың шығармашылық іс-құжаттарын қарап отыру үлкен маңызға ие. Мыс; оқушылардың оқу - үлгерімімен танысу үшін сынып журналы, өткен жылғы табельдермен танысып шығу керек. Белгілі тақырыпта еркін шығарма жаздырып немесе сурет салдырып, оқушының дүниеге, қоғамға деген көзқарасын болжауға болады.
Педагогикалық эксперимент.Бұл арнайы ұйымдастырылған, алдын- ала зерттеу мақсаты белгіленген мұғаліммен оқушылардың педагогикалық іс-әрекеті. Бұл сипаттағы эксперименттерге: жетіскен білім деңгейін анықтау, дамытып қайта жасау, бақылау эксперименттері жатады.
Жетіскен білім деңгейін анықтау экспериментті- зерттеу жұмыстарының бастапқы сатысы болып, зерттелінуі тиіс. Ол проблеманың жалпы жағдайымен танысуға мүмкіндік береді. Мыс, егер оқу жұмысы барысындағы шәкірттердің өзін бақылауы, зерттелінуі қажет болса, осы эксперимент арқылы және басқа да әдістерді қолдана отырып, оқушылардың өзіндік бақылау әдістерін қаншалықты білетінің анықтайды.Нәтежиеде оқушылардың өз оқу жұмысына өзіндік бақылауының мүмкіндіктері жөнінде қортынды жасайды.
Егер зерттеуші бұл проблеманың мектеп ісінде кері сипатқа ие болғаның анықтаса, ол зерттеуді одан әрі жалғастырып, дамыту-қайта жасау экспериментіне кірседі, яғни алдын ала жасалған жоспар бойынша оқушылардың білім игеру тәжірибесінде өзіндік бақылаудың тиімді тәсілдерін еңдіреді.
Бұл проблем бойынша зерттеу барысының келесі кезеңі аталған эксперимент бойынша көрсеткіштер мен қортындыларды жалпы көпшілік мектеп тәжірибесінде тексеру.
Озат педагогикалық тәжірибені үйрену және жинақтау. Бұл әдіс оқыту мен тәрбие жұмыстарын табысты өткізіп жатқан озат мектептер мен мұғалімдердің тәжірибесін үйрену және жинақтау және теориялық пайымдауға негізделген.
Жоспар:
1. Педагогиканың гуманистік әдіснамасының негіздемесі
2. Педагогикалық құбылыстарды оқып үйренуде аксиологиялық тұғыр
3. Педагогикалық құндылықтар туралы түсінік
4. Педагогикалық құндылықтарды топтап бөлу
5. Білім беру - жалпы адамзаттық құндылық.
Аксиология (грек, axios -- құнды, logos -- ілім) -- құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі -- "Игілік деген не?" деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. Платон философиясыңда құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын алады, өйткені, мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған. Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған Аксиологияның философиялық қырынан, оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе тарихи мәдениеттануда анық байқалды. Мәдениет -- адамдық қарым-қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі, ал құндылық -- норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі. Сол себепті Аксиология әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады. Қазіргі мәдениеттануда құндылықтардың тарихтан тыс әмбебапты жүйелерінен бас тартып, тарихи әдістеме арқылы тең құқықты құндылықтар жүйелерінің молдығына негізделген мәдени-тарихи релятивизм мектебі (Дильтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин, т.б.) қалыптасты. Салыстырмалы мәдени зерттеулердің дамуы нәтижесінде кез келген мәдениет құрылымының, басымдылықтарының және мазмұнының салыстырмалылығы туралы идеялар (Боас, Риверс, Бенедикт) өрістеді. Сонымен қоса, Аксиологиялық плюрализм концепцияларының тарауы бұрынғы жалпы құндылықтар ілімінің негіздерін шайқалтып, олардың құрамына нақтылы тарихи-мәдени контекст енгізді. Қалыптар мен құндылықтар әрбір мәдениетке өзіндік сипатымен айқындалғандықтан, бүкіл адамзатқа бірдей тұжырымдалған мәдениет кодексін ұсыну мүмкін емес. Алайда, жалпы қоғамдық ынтымақтастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге шығаруға болмайды, яғни, тұлға үшін ортақ мақсаттар да қажет (Клахкон). Аксиологиялық зерттеудің маңызды жақтарына психоанализ (Әсіре-Мен, Құндылық архетиптерін талдау -- К.Юнг), құндылықтар сұхбаты (М.Бахтин), т.б. жатады.
Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, білім түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Əдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім - жалпыадамзаттық құбылыс; білім - əлеуметтік мəдени мұра; білім - жүйе; білім - педагогикалық процесс; білім - нəтиже.
Категориялық тұрғыдан білім жалпыадамзаттық құндылық ретінде танылады. XX- ғасырдың 60-жылдарынан адам, мораль, гуманизмге, жалпы субъектив жағдаяттар (фактор) проблемасына қызығушылық артудан, бұл категория философиялық деңгейде қарастырыла бастады. Құндылықтар табиғатын, олардың құндылықты дүние болмысы мен оның құрамындағы орнын аксиология ғылымы зерттейді.
Құндылық термині қоғамдық мұраттар қамтыған, сонысымен де міндеттілік өлшемі (эталон) ретінде танылған нысандар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін, сонымен бірге бейнақты идеяларды белгілеу, əрі сипаттау үшін қолданылады. Құндылықтар заттасқан жəне субъектив болып ажыралады. Сан қилы адамзат қызметінің, қоғамдық қатынастардың өнімі жəне олардың аймағына қосылған табиғат құбылыстары заттасқан құндылықтар сапына кіреді. Ал субъектив құндылықтар - бұлар бағалау - баға негізіне алынған өлшем-шектері (критерий), өрнек үлгілер, əлеуметтік стандарттар. Бұлардың бəрі идеялар, принциптер, мұраттар, іс-əрекет мақсаттары ретінде қоғамдық санада бекіп, ол сананың бағыт-бағдарын айқындап отырады.
Құндылық ретінде əлеуметтік ілгерілеумен (прогресс) байланысты ұнамды мəн-мағыналы оқиғалар мен құбылыстар ғана танылады. Əрқандай тарихи нақты қоғамдық формация əлеуметтік реттілікті қамтамасыз етуші, өзіне ғана тəн құндылықтар жиынтығына ие. Сол құндылықтарды танып меңгеру негізінде тұлға қалыптасады, қоғамда қабылданған тəртіптер жүйесі қолдау табады.
Адамзат дамуының əрқилы кезеңдерінде де өзгеріске түспей, тұрақты қалпында сақталатын құндылықтар болады. Мұндай құндылықтар: өмір, бейбітшілік, еңбек, денсаулық, махаббат, əсемдік, шығармашылық жəне т.б. - адамзат қауымының гуманистік бастауы болған бұл категориялар мəңгілік, ешбір төңкеріс не идеология, саясат оларды жоюы мүмкін емес. Əр тарих кезеңде олар мəні қайта қарастырылып, жаңа көзқараспен басқаша бағалануы ықтимал.
Жалпы құндылықтар арасында педагогикалық құндылықтар өз алдына дербес топ құрайды. Олардың мəні тəрбиелеу жəне білім беру қызметінің ерекшелігі, оның əлеуметтік ролі жəне жасампаздық мүмкіншіліктерімен анықталады.
Педагогикалық құндылықтар білім саласында қалыптасқан қоғамдық дүниетаным, көзқарастар мен педагог қызметтері арасында жанама жəне тікелей байланыстырушы ретінде, əрі педагогикалық іс-əрекетті реттеуші талаптар (нормы) ретінде қабылданған. Барша құндылықтар сияқты педагогикалық құндылықтар да қоғамдағы əлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарға тəуелді. Олар тарих желісінде қалыптасып, ерекше танымдық бейне жəне ұғымдар түрінде қоғамдық сана формасына енеді. Өмірдің əлеуметтік шарттарының өзгеріске келуімен, тұлға, қоғам қажеттерінің дамуымен педагогикалық құндылықтар да ауысып барады.
Білім - қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Мұның дəлелі - көпшілік елдер Ата заңында келтірілген əрбір адамның білім алуға болған құқығы. Бұл құқық əртүрлі бастау тұжырым, бағыттардың дүниетаным шарттарына сəйкестендірілген нақты дəуір білім жүйесімен қамтамасыз етіледі. Білім, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке тұлғалық құндылықтарға ие. Білімнің мемлекеттік тұрғыдан құндылықты болуының себебі- мемлекеттің адами-инабаттық, ақыл-парасаттық, ғылыми-техникалық, рухани-мəдени жəне экономикалық мүмкіндіктерінің негізі - білімде. Осыдан, білімді ел- мықты, мызғымас ел.
Білімнің қоғамдық құндылығы да жоғарыда аталған алғы шарттармен анықталады. Алайда, мемлекет жəне қоғам тарапынан болатын білім дамуына орай түсіністік пен ұмтылыс əрқашан сəйкес бола бермейді. Мысалы, осы күнгі ҚР он екі жылдық оқуға өту - мемлекет талабы, бірақ ол қоғам тарапынан түсінбеушілікке ұшырауда.
4.2. Білім - əлеуметтік қажеттілік әрқандай адамзат қауымдастығының шарты - оның мүшелігін мойындаған əр тұлға сол қауымның нақты табиғи жəне əлеуметтік-тарихи жағдайларына байланысты қалыптасып, қабылдаған құндылықтарын мойындап, қылық-əрекет талаптарына бой ұсынады. Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған əлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның əлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен жəне жеке адамның ынта-ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы əлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі білім (образование) деп аталады. Білім - өте күрделі, басқа дүние болмыстарында қайталанбас қыр мен сырға мол қоғамдық - тарихи құбылыс, оның мəн-жайын тануға құштарлық білдірмеген ғылым аз-ақ.
Педагогикада қолданылып келе жатқан білім түсінігі немістің "Bildung"-"бейне" сөзі негізінде пайда болған əрі оның бұл күндегі көпшілік таныған анықтамасы келесідей: кейбір идеалды бейнелерге саналы бағытталған, тарихи шарттарға тəуелді қоғамдық санада түбегейлі əлеуметтік өрнек - эталонға сай бекіп, жүзеге келетін тұлғалық жəне рухани қалыптасу мен əлеуметтену процесі.
Бұл тұрғыдан білім барша қоғамдар мен жеке индивидтер өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасады. Осыдан да ол ең алдымен əлеуметтік құбылыс.
Білімнің əлеумет өміріндегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім мен əлеуметтік тəжірибені ұрпақтан-ұрпаққа өткізу процесі қоғамның тіршілік əрекеттерінен өз алдына бөлініп жəне тəрбие мен оқуды іске асыратын арнайы кəсіби адамдардың пайда болу дəуірінен басталады. Дегенмен, мəдениетке мұралық ету əлеуметтену мен тұлға дамуының қоғамдық құрал-тəсілі ретінде білім адамзат қауымының алғашқы қадамдарымен бірге өмірге еніп, еңбек əрекеттері, ойлау, тіл дамуымен бірлікте шексіз өркениет жолында өз өрісін тауып келеді.
Алғашқы қауым сатысында балалардың қоғам өміріне бастапқы араласу заңдылықтарын зерттеген ғалымдардың топшылауынша, ол дəуірдегі білім игеру процесі қоғамдық өндірістің нақты іс-əрекетіне тікелей араласу нəтижесінде атқарылатын болған. Оқу мен тəрбие, мəдени құндылықтарды əулеттен əулетке жеткізу қызметтерін орындау əрбір ересектің борышты міндеті есептелген де, ол міндет балалардың еңбек жəне əлеуметтік іс-əрекеттерге тікелей араласып отыруының арқасында шешімін тауып отырған.
Қоғамның əрбір ересек мүшесі күнделікті тіршілік процесінде педагог қызметін атқаратын болған, ал кейбір дамыған қауымдарда (Колумбия, ягу тайпасында) бұл жүктемені, яғни жас балаларды тəрбиелеу негізінен жасөспірімдерге тапсырылған. Қандай жағдайда да білім қоғам өмірінен ажыралмай, оның ажыралмас бірлігіне айналған. Балалар үлкендермен бірге қорек тауып, ошақ-отбасын қорып, еңбек құралдарын жасай отырып, білік,өнеге үйренген. Əйелдер қыздарын үй шаруашылығына үйретіп, бала бағуға баулыған, ал ер адамдар ұлдарын аңшылыққа, қару-жарақ ұстауға, пайдалануға тəрбиелеген. Жастар аға ұрпақ өкілдерімен бірге жүріп, жануарларды қолға үйреткен, көкөніс өсірген, сонымен бірге бұлттар мен аспан денелерінің қозғалысына ден қойып, табиғат сырларын таныған, табысты аңшылық, əскери жеңістерге қуана асыр сала билеп, əн шырқаған, тайпаластарының бақытсыздығы мен ашаршылығын, жеңілістері мен күйреулерін бірге басынан өткізіп, налыған да жабырқаған. Осыдан адам білімденуі комплексті іске асып, өмір бойы үздіксіз дамуда.
Қоғамдық қатынастар шеңберінің өрістеуі, тіл мен жалпы мəдениеттің дамуы жас ұрпаққа өткізілуі тиіс ақпарат пен тəжірибенің молыға түсуіне жол ашты. Бірақ оны игеру мүмкіндіктері шектеулі болды. Осы қарама-қарсылықтың үйлесімді шешімі білім топтау мен көпшілік арасында таратуға арналған арнайы əлеуметтік құрылымдар мен əлеуметтік (институт) мекемелердің түзілуіне байланысты болды.
Əлеуметтік құбылыс ретінде танылған білім - ең алдымен шынайы қоғамдық құндылық. Əрқандай қоғамның адамгершілік, интеллектуал, ғылыми-техникалық, рухани-мəдени жəне экономикалық мүмкіндіктері білім беру саласының даму деңгейіне тəуелді. Алайда білім қоғамдық - тарихи сипатта бола тұрып, өз кезегінде, əлеуметтің білімдену функциясын іске асырушы қоғамның тарихи типіне байланысты. Əр дəуір білімі сол кезеңдегі əлеуметтік даму міндеттерін, қоғамдағы экономика мен мəдениет деңгейін, саяси жəне идеологиялық талаптар сипатын аңдатады. Себебі аталған факторлардың ортасында қоғамдық қатынастар субъекті болған педагогтар мен оқушылар тұр.
Сонымен, білім - салыстырмалы дербес жүйе. Оның қызметі - нақты ғылыми біліктерді, идеялық-ізгілік құндылықтарды, ептіліктер мен дағдыларды, əрекет-қылық нормаларын игеруге бағытталған қоғам мүшелерінің тəрбиесі мен оқуын іске асыру. Ал бұлардың бəрінің астарында болатын мазмұн нақты қоғамның əлеуметтік-экономикалық жəне саяси құрылымы мен оның материалды - техникалық деңгейімен айқындалып барады.
Білімнің жеке тұлғалық құндылығы əрбір адам үшін өз алдына бөлек. Əсіресе, бұл өзіндік білім, оның деңгейі мен сапасында көрінеді.
Білім, əлеуметтік-қажеттілік болумен бірге біршама қызметтер атқарады. Ғалымдардың пайымдауында (Н. В. Берковский, А.А. Реан) білім қызметтері төмендегідей:
:: адамның ғылым жəне мəдениет əлеміне енуінің ең оңтайлы да жедел жолы. Бүкіл дүние қазіргі таңда əлем жəне барша планета азаматын тəрбиелеуге ұмтылыс жасап, білім аймағында барлық күш- қуатын топтастыруда. Дүниежүзілік білім кеңістігі жедел дамуда. Сондықтан да əлем қауымдастығы адамның жасайтын орны не елі, білім игеру типі не деңгейіне тəуелсіз жаhандық білім стратегиясын қалыптастыру талаптарын алға тартып отыр;
:: тұлғаның əлеуметтенуі мен ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз ету тəсілі. Адамдардың идеологиялық көзқарасы мен талғамдарының, əлеуметтік танымдарының, мұраттары мен тіршілік климаттарының түбегейлі өзгеріске түсіп жатқан заманда білім қайта жаңғырту мен тарихи жəне əлеуметтік тəжірибені əулеттен əулетке өткізу процесін қалыпты жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа саяси жəне экономикалық жағдайларды, қоғам жəне мəдениет дамуын жаңа бағыттарын жас ұрпақ санасына ендіріп, бекітуге жəрдемдеседі. Тек білімнің ғана үйлестіру, тұрақтандыру қызметіне бола , адам жаңа өмір салттары мен тіршілік шарттарына икемделіп, бейімделеді.
:: адамның қоғамдық жəне рухани өмірін , сонымен бірге жалпы халықтық рухани сана қалыптастыру тетіктері: Білім беру жəне тəрбиелеу мекемелері белгілі дəуір адамының əлеуметтік- мəдени іс-əрекеттерінің ең жоғары өрнек - үлгілерін шоғырландырады. Осыдан білімнің əлеуметтік құндылығы білімді де ізгілікті қоғам адамының маңыздылығымен өлшенеді. Білімнің адамилық (гуманистік) құндылығы əрбір жеке тұлғаның танымдық жəне рухани қажеттерінің даму мүмкіндіктерінен көрінеді. Біртұтас білім жүйесінің барша түрлері мен деңгейлерінде елдің интеллектуал жəне рухани- инабаттық мүмкіндіктері жинақталып, даму жолына түседі.
:: мəдени қалыпқа енген жеке мінез-құлық жəне қимыл- əрекет үлгілері мен қоғамдық өмірдің бекіген формаларының ауысып (трансляция) баруы. Оқу жəне тəрбие барысында адам өркениет дамуына қажет əрі мəдени-тарихи маңызы бар əлеуметтік- мəдени нормаларды игереді, атап айтсақ, олар: адамның əлеуметтік топтар мен өндірістегі, отбасы мен қоғамдық орындардағы, сонымен бірге ортақтасу, жеке тұлғалық жəне іскерлік қатынастардағы моральдық жəне ізгілік талап өлшемдері.
:: аймақтық жүйелер мен ұлттық салт-дəстүрлердің даму əдісі. Кейбір аудан тұрғындарының ерекшелігі педогогикалық міндеттерге өзіндік өң береді. Жастардың қала не ауылдың рухани өміріне енуі осы білімнің арнасында өтіп жатады. Аймақтық білім жүйесінде бұқара халық арасындағы əрқилы əлеуметтік топтардың сұраныстары ескеріледі.
:: тұғырлы мəдени құндылықтар мен қоғамның даму мақсаттарын бірден бірге өткізіп тұрушы жəне іске асырушы əлеуметтік институт (ресми құрылым, мекеме). Əлеуметтік институттар жас ұрпақты бүгінгі қоғамда дербес жасауға мақсат бағдарлы дайындау жұмыстарын іске асырып барады.
:: жеке адам мен қоғамдық өмірдегі мəдени ауысулар мен қайта түрленудің белсенді үдеткіш күші.
1.Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру.
Педагогика саласындағы зерттеулер - бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер - бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба - бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына - зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар - кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы, əдетте, екі бөлімнен тұрады: əдіснамалық жəне іс-əрекеттік (орындау-процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде - зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті жəне негізгі шаралары жасалады.
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мəні- оқу мен тəрбиенің теориясы жəне практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мəселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның əлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты əрі ерекше жағдайларға тəуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан əлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дəйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мəселенің ғылым аймағында зерттелу дəрежесінен туындайды.
Егер əлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нəтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама-қарсылықтарды баяндап беру. Əдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат - қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді.
Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан. Зерттеу дені (предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары.
Зерттеу мақсаты, объекті жəне деніне сəйкес, əдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дəйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза - бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.
Ғылыми жаңалылық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде əлі белгісіз, педагогикалық əдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық жəне практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.
Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нəтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипозалар, ашылған заңдылықтар, əдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар жəне т.б. дайындауға арқау болуында.
Жаңалылық тиектері, теориялық жəне практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір-бірімен ауысып барады, сондай-ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына да тəуелді келеді.
Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі (динамикасы) бірнеше сатылық-эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды-теориялық немесе теориялық, прогностикалық- жұмыстар орындауды қажет етеді.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу-білім тəжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мəнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нəтижесі - зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ əлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзелетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.
Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мəні: зерттеу объектті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мəнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық (эксперименталды-теориялық) деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау.
Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық жəне гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.
Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының нəтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын-ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті - осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу.
Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі
Зерттеу əдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл əдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық жəне эмпирикалық əдістер (метод) тобынан құралады. Əдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет жолдары мен тəсілдерінің өзі.
Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады:
1) педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері;
2) теориялық зерттеу əдістері,
3) математикалық əдістер.
Педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері - білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерт-теудің жолдары. Зерттеуге озат тəжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тəлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тəжірибені зерттеу барысында келесідей əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Бақылау - зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді: 1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 2) бақыланатын объект, оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру; 3) бақылау жəне оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу; 4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; 5) жинақталған ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау - ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық жəне жасырын бақылау; тұтастай жəне таңдамалы бақылау.
Бақылау - орындалуы тұрғысынан ең оңай əдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нəтижеге зерттеушінің тұлғалық-əлеуметтік жеке - дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.
Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Əңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға əлеуметтану саласынан енген - интервью алу. Бұл əдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады.
Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Анкеттеу - ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет əңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу - сырттай орындалады. Аталған əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тəуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер: 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу əдісімен де алынады. Олар: шəкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық жəне бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пəн дəптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz