Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Бақберген Жәнібек

KSP Steel ЖШС ПФ ұйымдастыру процестерін автоматтанған басқару жүйесін жаңғырту және зерттеу, Павлодар қ.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Павлодар
2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Есеаптеу техникасы және бағдарламалау кафедрасы

20___ж. ___ _______
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі ____________ Потапенко О.Г
(қолы) (аты-жөні, тегі)

KSP Steel ЖШС ПФ ұйымдастыру процестерін автоматтанған басқару жүйесін жаңғырту және зерттеу, Павлодар қ тақырыбына арналған 5B070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған ______________
Тобы _ЕТжБ-401 (қолы) (аты-жөні, тегі)

Ғылыми жетекшісі
Аға оқытушы, магистр _______Куанышева Раушан Сайлауовна
(лауазымы, ғылыми дәрежесі) (қолы) (аты-жөні, тегі)

Нормабақылаушы ___________ Пудич Н.Н.
(қолы) (аты-жөні, тегі)


Павлодар
2019

Мазмұны

Кіріспе

1
Зерттеу мәселесінің өзектілігі

1.1
Автоматтандырылған басқару жүйелері

1.2
Автоматтандырылған басқару жүйелері құрылымы

1.3
Басқарушы жүйелер

1.4
Жүйелердің жіктелуі және басқаруды күрделі жүйелермен автоматтандыру

1.5
АБЖ қызметінің принциптері

1.6
Автоматтандырылған жүйелерді қамтамасыз ету

2
Ірі сауда кәсіпорындарындағы ұйымдастыру үрдістерін басқару жүйелері

2.1
Өнеркәсіп түрлері

2.2
Отандық нарықтағы сауда кәсіпорындарындағы ұйымдастыру үрдістерін басқару жүйелері

2.3
Құжат айналымын автоматтандыру

3
Ірі сауда кәсіпорындарындағы үрдісті ұйымдастыру абж даму перспективалары

3.1
Қазақстан нарығында болашағы бар болатын шешімдерге шолу. 1С - 1С:8 Бухгалтерлік шешімі

3.2
1С - 1С:8 кәсіпорынды басқару шешімі

4
Еңбекті қорғау

5
Қоршаған ортаны қорғау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспe

Қазіргі кездегі кәсіпорынды басқарудың тиімділігін анықтайтын факторлардың бірі бухгалтерлік есеп болып отыр және оның енгізілуіне дұрыс қарау кәсіпкерлікте үлкен табыстылыққа қол жеткіздіреді. Бухгалтерлік есептің берілгендерін менеджерлар, экономисттер, қаржылық жобалау бөлімшесінің қызметкерлері, өндірістік учаскілердің басшылары, сол сияқты инвесторлар, аудиторлар, салық органдары қолданыла алады және бұл оның кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орнының ерекше екендігін көрсетеді. Өзімен шаруашылық процестердің ақпараттық жүйесін білдіріп, бухгалтерлік есеп қазіргі кездегі кәсіпорындарда үлкен номенклатурасымен, шаруашылық операциялар ағынының үлкен тығыздылығымен, есептің берілгендерін өңдеу уақытына қойылатын қатаң талаптармен сипатталады.
Қазақстанда қоғамдық өмірдің барлық жағына әсер ететіндей үлкен экономикалық өзгерістер болып жатыр. Бұл өзгерістер, әсіресі, бухгалтерлік есепті жүргізу әдістемесі облысында анық көрінген. Соңғы екі жылдың ішінде осы облысқа қатысты, есепті жүргізудің әдістемесін толығымен өзгерткен екі заңды акт қабылданды. Біріншіден, есептің жаңа Жобасы [7] қабылданды, екіншіден, бухгалтерлік және салықтық есеп бөлінді. Бухгалтерге жүктелген істер де арта бастады.
Бухгалтерлік есепті, сол сияқты аналитикалық және оперативті есептерді қазіргі талаптар негізінде жүргізу ақпараттық технологиясыз жүргізу мүмкін емес. Сондықтан кез келген кәсіпорында ерте ме, кеш пе бухгалтерлік есепті автоматтандыру сұрағы туындайды. Басқарманың осындай тенденцияға бей - жай көз қарасы бір қатар проблемаларға әкеледі. Мысалы, құжаттардың жоғалуы немесе басшының қате сомма көрсетілген келісімге қол қоюы. Нәтижесінде, басқарма осы немесе басқа да проблеманы шешудің ұйымдасқан түрін табады - бухгалтерлік есепті автоматтандыру.
Бухгалтерлік есепті автоматтандыру арқылы мекеменің алдында тұрған бір қатар аталмыш тапсырмаларды орындауға болады:
oo тапсырманы орындауды автоматты бақылау есебінен басқарудың эффектілігін қамтамасыз ету;
oo білімді жіне ақпаратты эффектілі басқарудың, кірістің және жинақтаудың жүйесін қолдау;
oo кәсіпорынның ішкі айналымынан қағаз құжаттарын алып тастау;
oo оперативті электронды архивтің бар болу есебінен қағаз құжаттарды сақтауды арзандату және маңызды оңайлату;
Біздің елімізде Б. В. Алахов, В. Б. Ефетов и Ю. П. Максимов - тің [10] жұмыстарымен бухгалтерлік есепті автоматтандыру үшін программалық қамсыздандырулар жасалып жатыр. Бұл облыстағы өзгерулер ескерілген, біріншіден, заң шығару органдарындағы тұрақты өзгертулерге байланысты, екіншіден, ақпараттық технология облысындағы прогресске байланысты. Қазіргі кездегі бухгалтерлік есептің жүйелері өз іштеріне кәсіпорынның административті қызметінің барлық учаскілерін қамтитын бухгалтерлік және аналитикалық есепті жүргізудің құралдарын қосады.
Қазіргі кезде қолданылатын кешенді ақпараттық жүйені құру концепциялары [11, 12] кәсіпорынды автоматтандыру ұғымын кеңейту және тек қана регламенттелген (бухгалтерлік және салықтық есеп) есептерді эффектті жүргізуді емес, сонымен қатар есептің біріншілік, қоймалық, басқарушылық және басқада есеп түрлерін жүргізуді рұқсат етеді. Шаруашылық операцияларды процестер - бизнесі механизмі арқылы сипаттау әр бір қызметкерлерге дейін бөліну функциясын шектетеді, бұл жағдай жалпы кәсіпорынның жұмыс істеу эффектілігін арттырады. Қазіргі кездегі ERP-жүйелері енді тек қана функционалды таратылған модульдердің жиыны емес, ал кәсіпорынның ресурстар есебінің жалпы көп функциялы жүйесі.
Қазақстандық нарықта басқаруды және есепті авоматтандыру тапсырмаларын шешуге арналған программалық өнімдердің ішіндегі ең үздік жүйесі 1С:Өнеркәсіп [13] 1С фирмалары, бұл өзіне өндірістік және сауда - саттық кәсіпорындар үшін шешімдерді, қаржылық жоспарлауды, бухгалтерлік есепті жүргізудің өнімдерін (1С:Бухгалтерлік), еңбек ақыны есептеуді және кадрлық есепті, сонымен қатар бюджеттік ұйымдар үшін шешімдерді, әр түрлі салалық және мамандандырылған шешімдерді қосады.
Тақырыптың өзектілігі жаңа, бірақ талап етілетін 1С:8 кәсіпорын платформасының базасындағы жүйелер үшін ұсынылып отырған миграция технологиясының бірегейлігі, кәсіпорынға 1С:8 ӨКБ жүйесін енгізген кезде өңделген шешімдерді мақсатқа сай қолданылу. Өңдеушілерге еңбек сіңіргіштікке және орнатылған тілге [16] бейімделу сияқты бір қатар қиындықтарды туғызатын 1 :8 ӨКБ регистрлерінің механизмдерін қарастыру тақырыптың өзекті мәселесі болып табылады.

1 Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы. Зерттеу объектісі.

1.1 Кәсіпорынның ұтымды өндірістік құрылымын құру

Өндіріс деп нарықтың дамуы мен өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді дайындау үрдісін айтады. Өндірістің мазмұны еңбек қатынастарымен анықталатын негізгі үш әлементтен тұрады:
oo ұтымды жұмыс немесе еңбектің орындалуы;
oo адамның ұтымды жұмысына қажетті еңбек заттарының болуы;
oo еңбек заттарын өзгертуге қажетті еңбек құралдарының қатысуы.
Материалдық өндірістің өнімі еңбек пен табиғат заттарының құралуынан тұратын материалдық игіліктерді дайындауға көмектеседі. Жаңаша өндіріс ғылымитехникалық революцияның негізінде дамиды және оның негізгі мазмұнына өндірісті автоматтаңдыру жатады. Әрбір кәсіпорын өндірістік бөлімшелерден, яғни цехтардан, шаруашылыққа қызмет көрсететін бөлімшелерді ұйымдастырумен айналысатын мекемелер және басқару органдарынан құралады. Өндірістік бөлімшелер, жұмыскерлерге қызмет көрсету орындары, кәсіпорынды басқару, ұйымдастыру кешені, олардың саны, бірбірімен байланысы, өндірістік алаңда орналасуы мен жұмыскерлер саны мен құрамы, өнімді өндіру қабілеті, мұның бәрі кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды. Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері, цехтар, бөлімшелер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен жұмыс орындары (өндірістік үрдіске тікелей немесе жанама қатысушы) арасындағы байланыстар жиынтығы өндірістік құрылымды құрайды. Ол еңбек өнімділігінің, өндіріс шығындарының деңгейін, материалдық өндірістің техникаәкономикалық және географиялық жағдайы ақпараттары бойынша табиғат байлықтарын және техникалық тиімділігін анықтайды. Кәсіпорынның ұтымды өндірістік құрылымын құру келесі тәртіппен жүргізіледі:
oo кәсіпорынның цехтар құрамын және оның берілген өнімді өндіруді
oo қамтамасыз ететін қуатын анықтау;
oo әрбір цехтың және қоймалардың орналасатын өндірістік алаңдарын
oo есептеу;
oo кәсіпорынның ішіндегі барлық тасымалдау жұмыстарының сыртқы
oo жалпы орталық жолдармен өзара байланысын жоспарлау;
oo өндірістік үрдістің орындалуына байланысты еңбек заттарының цехтар
oo арасындағы ең қысқа маршрутын белгілеу және с.с.
Өндірістік бөлімшелерге цехтар, бөлімшелер, негізгі өнімді сынау, бақылау, тексеру жүргізетін зертханалар, комплектілік бұйымдарды, материалдар мен жартылай фабрикаттарды, пайдалану кезінде жөндеуге және бұйымдарға қызмет көрсету үшін қажетті запас бөліктері, технологиялық мақсаттар үшін керекті өндірілетін әнергияның түрлері және тағы басқалар жатады.
Жұмыскерлерге қызмет көрсететін бөлімшелерге тұрмыстықкоммуналдық бөлімдер, олардың қызмет түрлері, асханалар, буфеттер, балабақшалар мен демалыс үйлері, профилакторийлер, дәрігерлік пункттер, спорт қоғамдары өндірістік біліктілікті көтерумен айналысатын техникалық оқыту бөлімі мен оқу орындары жатады.
Өндірістік үрдістің жіктелуі де кәсіпорынның өндірістік құрылымын көрсетеді. Өндірісті ұтымды ұйымдастыру және ыңғайлы басқару қағидасы бойынша кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің жекелену жүйесі де оның құрылымын анықтайды. Осыған орай өндірістегі мынадай бөлімшелерді атап өтуге болады: кәсіпорын, өндірістік бірліктер, цехтар, ағындық жүйелер, секциялар (бөлімшелер), жұмыс орындары. Кәсіпорынның негізгі құрылымдық бөлімшесіне цех жатады. Цехта маманданудың заттық белгісіне қарай толық өндірістік үрдіс орындалады да, өнім өндірудің көп бөлігі немесе толық өндіру жұмыстары жүзеге асырылады. Цехтардың өндірістікшаруашылық дербестік белгілері болуы керек. Ағындық жүйе өндірісті ұйымдастырудың негізгі объектісі. Ағындық жүйе бірнеше секцияларға бөлінеді. Секция еңбек заттарына әсер етудің жалпы сипаты бар бірнеше операцияларды біріктіру арқылы құрылады. Ал әрбір секция бірқатар жұмыс орындарынан құралады. Жұмыс орындарында арнайы жұмыс орындалып, өнімнің жаңа құны пайда болады. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы кәсіпорында орындалатын жеке өндірістік үрдістердің өзара байланысты бөліктерінің ұйымдастырутехникалық белгілеріне қарай беліну жүйесін анықтайды. Кәсіпорындағы өндірісті басқару процесі басқару аппаратына ұйымдастырылған жұмысшылар ұжымымен жүзеге асырылады. Басқару аппаратының маңызды сипаттамасы оның құрылымы болып табылады. Әрбір кәсіпорын үшін басқару аппаратының құрылымы мен саны былайша топтастыруға болатын көптеген факторларға тәуелді болады:
oo техникалық (өндіріс масштабы, технологиялық процестер мен
oo жабдықтардың күрделілігі, өндіріс пен басқаруды автоматтандыру деңгейі);
oo ұйымдық әкономикалық (функцияларды орталықтандыру дәрежесі,
oo басқарушы жүйенің әртүрлі сатылары мен звенолары арасындағы байланыстар
oo сипаты);
oo сыртқы байланыстар мен жағдайлар (жабдықтау және өткізу жүйесі,
oo климаттық және табиғи жағдайлар);
oo ұйымдық - құқықтық қатынастар (ЖШС, АҚ).
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымы - бұл басқару функциялары мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ететін басқару звеноларының жиынтығы. Басқару құрылымы сатылар мен звенолардан тұрады.
Басқару звеносы - бұл белгілі бір басқару функциясын (жоспарлау, есепке алу, реттеу және т.б.), оның бір бөлігін немесе бірнеше функциялардың жиынтығын орындайтын дербес құрылымдық бөлімше.
Басқару сатысы - бұл басқару деңгейі, белгілі бір деңгей звеноларының біртұтастығы, басқару иерархиясы (кәсіпорынды басқару, цехты басқару, өндірістік учаскелерді басқару және т.б.). Басқарудың ұйымдық құрылымын құру негізінде бағынудың сызықтық құрылымы мен басқару функцияларынан тұратын өндірістік - аумақтық принцип жатыр.
Өндірістік - аумақтық принцип басқару органдарын кәсіпорынның өндірістік құрылымына қатысты құруды білдіреді, яғни өндірістік құрылымда қанша болса, сонша басқару сатысы бөлінеді. Бағынудың сызықтық құрылымы әрбір өндірістік бөлімше (басқарма, цех, қондырғы, учаске) басында осы бөлімшенің барлық жұмысшылары бағынатын басшы тұратынын білдіреді. Әрбір жұмысшы тек бір басшыға бағынады.
Басқарудың мұндай құрылымында дара басшылық принципі сақталып, басқарудың екі жақтылығы болмайды. Басқарудың жекелеген функцияларын орындау үшін әрбір басқару сатысы бірнеше звенолардан құралады. Олардың саны басқару деңгейіне, қандай да бір функцияны орындау бойынша жұмыстар көлемі мен сипатына тәуелді болады. Тәртіп бойынша, кәсіпорында үш звенолы өндірістік құрылым болады, оған сәйкес үш звенолы басқару құрылымы құрылады.
Басқарудың төменгі деңгейі өндірістік процесті жүзеге асырады. Оған объектінің жағдайы туралы барлық ақпараттар келіп түседі, ол ақпараттарды өңдеуді және тікелей сызықтық басқаруды жүзеге асырады.
Ортаңғы деңгей жұмыстар ағымын бағыттайды және қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Мұнда өндіріс пен оған қызмет көрсетуді жедел басқару үлкен мәнге ие, бірақ бұл жерде аз көлемде болса да сызықтық басқару функциялары сақталады. Цех бастығына ақпарат барынша кеңейтілген түрде, көбінесе берілген параметрлерден ауытқулар түрінде келіп түседі. Цех басшысының аппараты бастапқы құжаттамаларды өңдейді және оны аса кеңейтілген түрде жоғарғы деңгейге ұсынады (тәуләктәк өнім өндірісі, өндірістік қуаттар, материалдық - техникалық құралдардың шығындары, шикізат пен өнімнің сапасы және т.б. туралы рапорттар).
Жоғарғы деңгей техникалық - әкономикалық жоспарлауды, жедел басқаруды, бухгалтерлік есепті, еңбекті ұйымдастыруды, техниканы жетілдіруді және т.б. жүзеге асырады. Ол барлық жұмысқа басшылық етеді, өндірістің барлық әлементтерінің алдын - ала дайындығын қамтамасыз етеді және бақылайды. Директорлар Кеңесімен және басқармамен ұсынылған кәсіпорынның жоғарғы басшылығы функциялардың былайша бөлінуінен тұрады: директорлар кеңесі жалпы саясатты өңдейді, ал басқарма оны жүзеге асырады. Директорлар кеңесі ұйымдастырушы және бағыттаушы звено ретінде орын алады, ал қабылданатын шешімдер жедел қызметтің негізі болып саналады. Директорлар кеңесі әртүрлі деңгейлердегі әртектес басқару қызметтерінің қызметін өзара үйлестіреді және кәсіпорынға басшылық етуде біртұтас сызықты жүргізуді қамтамасыз етеді.
Функциялардың орындалуы жекелеген басқару деңгейлерінің басшыларымен құрылған арнайы бөлімшелерге (функционалды бөлімдерге) жүктеледі. Басқару аппаратының бөлімдері белгілі міндеттермен қатаң түрде айналысады, олар звено басшысына шешімдер дайындайды және басқаруға құқығы жоқ. Осылайша, кәсіпорынды басқару құрылымы сызықтық - штабтық сипатқа ие:
Кәсіпорындардағы сатылар мен звенолар саны әртүрлі және оның түріне,мөлшеріне, өндірістік құрылымына, аумақтық орналасуына тәуелді болады.
Кәсіпорындағы басқаруды ұйымдастырудың ортақ принциптеріне мыналар жатады:
oo нарық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы, кәсіпорын мақсаттарына жету;
oo басқаруды орталықтандыру мен децентрализациялаудың ұтымды ара қатынасын қамтамасыз ету;
oo жұмыстарды басқару деңгейлері мен орындаушылар бойынша бөлістірудің біркелкілігі;
oo басқару жүйесін қажетті ақпараттармен уақытылы қамтамасыз ету;
oo кәсіпорындағы басқару жүйесін жеңілдету;
oo кәсіпорынды басқару тиімділігін арттыруға тұрақты ұмтылу.

1.2 Өндірістік үрдіс және уақыт бойынша оны ұйымдастыру

Ұтымды ұйымдастырылған өндірістік процестің маңызды принциптеріне үздіксіздік, ырғақтылық және пропорционалдық жатады.
Үздіксіздік дайын өнімнің үздіксіз өндірісінде еңбек затының үздіксіз өңделуін білдіреді. Өндірістік процестің үздіксіздігі негізгі қорларды неғұрлым толық пайдалануды, айналым құралдарының аса жылдам айналымдылығын қамтамасыз етеді.
Ырғақтылық кәсіпорынның өнімді берілген жоспар (кесте) бойынша біртектес шығаруын білдіреді. Ырғақтылық кәсіпорынның барлық цехтары мен бөлімшелерінде өндірістің біртектес жүруін қамтамасыз етеді, бұл жерде оның өндірістікшаруашылық қызметін жоспарлау үлкен рөл атқарады.
Өндірістік процестердің пропорционалдығы операциялардың тепетеңдігін немесе қысқалығын білдіреді. Пропорционалдық негізгі өндіріс пен көмекші бөлімшелер арасында сақталуы тиіс. Кәсіпорынның дамуында қандай да бір бөлімше негізгі өндіріс мұқтаждықтарын қамтамасыз етпейтін немесе оның қажеттіліктерінен асып кететін диспропорцияға жол бермей сандық пропорцияларды сақтау қажет. Бұл екі жағдайда да өндірістік процестің ырғақтылығы, үздіксіз жүруі, кәсіпорын жоспарымен белгіленген уақытылы өнім өндірісі бұзылып, өнімнің өзіндік құны едәуір артады.
Өндірісті ұйымдастырудың өз әдістері мен даму нысандары бар. Қазіргі уақытта өндірісті ұйымдастырудың негізгі әдістеріне толассыз (жаппай), топтық (сериялы) және бірлік әдістер жатады. Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында олар ішінара қолданылады.
Өндірісті ұйымдастырудың толассыз (жаппай) әдісі жаппай өндірісті ұйымдастырудың негізгі әдісі болып табылады. Ол біртектес өнімді жаппай көлемде үздіксіз шығарумен сипатталады. Толассыз өндірісте бұйымдар бір операциядан кейін келесісіне арнайы құрылғылар көмегімен тез беріледі. Өндірісті ұйымдастырудың топтық (сериялы) әдісі өнімді сериялармен шығаруды білдіреді және осыған байланысты жұмыс орындарында өңделетін өнімдер түрінің өзгеріп отыруымен және өнімнің жаңа сериясын (партиясын) дайындау үшін орын алатын артығымен дайындауға байланысты жабдық жұмысындағы кезеңдік үзілістермен сипатталады. Бұл әдіс маманданудың төмен дәрежесін білдіреді. Оның артықшылығы өндірістің бір өнім түрінен кбасқасына көшу жеңілдігі болып есептеледі. Оны жаппай өндіріс кәсіпорындарының толассыз әдіспен ұйымдастырылған жекелеген учаскелерінде қолдануға болады.
Өндірісті ұйымдастырудың бірлік әдісі өнімді жекелеген бірліктермен және уақ сериялармен шығарумен сипатталады. Бірлік өндіріс техника мен технологияның жетілуімен байланысты жаңа өнім дайындайтын тәжірибелі өндірістің дамуымен байланысты. Мұнда универсал жабдықтар қолданылады және біліктілігі жоғары универсал жұмысшылар қызмет атқарады. Неғұрлым жетілген әдіс ретінде жаппай өндірісті ұйымдастырудың толассыз әдісі өнеркәсіптің әртүрлі салаларында кеңінен таралып отыр: машина жасауда, металл өңдеуде, металлургияда, химияда, тоқыма, аяқ киім, тамақ және ағаш өңдеу өнеркәсіптерінде.
Өндірістік үрдіс әлементтерінің кеңістікте бірігуі кәсіпорынның өндірістік құрылымымен қамтамасыз етіледі. Өндірістік құрылым дегенде кәсіпорынның құрамына жататын өндірістік бірліктердің жиынтығын және олардың арасындағы өзара байланыс формаларын түсінеміз.
Қазіргі жағдайда өндірістік процесті екі түрде қарастырады:
oo соңғы нәтижесі тауарлық өнім болып табылатын материалдық өндіріс процесі ретінде;
oo соңғы нәтижесі ғылымитехникалық өнім болып табылатын жобалық өндіріс процесі ретінде.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымының сипаты оның қызмет түріне тәуелді болады, олар: ғылымизерттеу, өндірістік, өндірістіктехникалық. Сәйкес қызмет түрінің басымдылығы кәсіпорынның құрылымын анықтайды. Өндірістік қызметке маманданатын кәсіпорын бөлімшелерінің құрамы шығарылатын өнім ерекшеліктерімен, оны дайындау технологияларының ерекшеліктерімен, өндіріс масштабымен анықталады. Қазіргі жағдайда кәсіпорын құрылымына меншік түрі айтарлықтай әсер етеді.
Қазіргі уақытта кәсіпорынды ұйымдастырудың әртүрлі нысандары кең таралған: шағын, орташа және ірі кәсіпорындар бар. Олардың әрқайсысының өндірістік құрылымы сәйкес ерекшеліктерге ие болып табылады. Шағын кәсіпорынның өндірістік құрылымы өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Оларда ішкі құрылымдық бөлімшелер өте аз болады немесе тіпті болмауы да мүмкін. Шағын кәсіпорындарда басқару аппараты да шағын болады, басқарушылық функцияларды біріктіру кеңінен қолданылады. Орташа кәсіпорындардың құрылымы олардың құрамынан цехтардың, учаскелердің бөлініп шығуын білдіреді. Ал ірі кәсіпорындар құрамында өндірістік, қызмет көрсету және басқарушылық бөлімшелердің барлық жиынтығы болады. Өндірістік құрылым негізінде кәсіпорынның бас жоспары жасалады. Бас жоспар дегенде барлық цехтар мен бөлімшелердің. Сонымен қатар көлік жолдары мен коммуникациялардың кәсіпорын аумағында кеңістіктік орналасуы түсініледі. Бас жоспарды жасағанда материалдық ағымдардың тікелей жүруі қамтамасыз етілу керек. Цехтар өндірістік процестің орындалу кезегіне сәйкес ретімен орналасу қажет. Өзара байланысты цехтар мен бөлімшелерді тікелей жақындықта ораналастыру қажет. Өндірістік процестің барлық әлементтерінің ұтымды өзара әрекетін қамтамасыз ету үшін бмекеменің өндірістік циклын қалыптастыру қажет. Өндірістік цикл - бұл уақыт ағымында белгілі бір тәртіппен ұйымдастырылған, арнаулы бір өнім түрін шығаруға қажетті негізгі, көмекші және қызмет көрсетуші процестердің кешені. Өндірістік циклдың маңызды сипаттамасы оның ұзақтығы болып табылады. Өндірістік циклдың ұзақтығы - бұл материал немесе басқа да өңделуші зат өндірістік процестің барлық операцияларынан өтіп дайын өнімге айналатын күнтізбелік уақыт кезеңі. Циклдың ұзақтығы күнтізбелік күнмен немесе сағатпен өлшенеді. Өндірістік цикл құрылымы жұмыс уақыты мен үзілістер уақытынан тұрады. Бір жұмыс орнында орындалатын технологиялық процестің аяқталған бөлігінің ұзақтығы операциялық цикл деп аталады. Яғни бір операцияның орындалу уақытында бір деталь, бірдей бөліктер партиясы немесе әртүрлі бөліктер дайындалатын болса, онда оны операциялық цикл деп атайды.
Өндіріс процестерінің жоғары дәрежелі үздіксіздігі және өндірістік цикл ұзақтығының қысқаруы маңызды әкономикалық мәнге ие: айналым құралдарының айналымдылығы күшейеді, жабдықтарды қолдану деңгейі жақсарады, өнімнің өзіндік құны төмендейді.

1.3 Өдірісті ұйымдастыру түрлері

Өндірістік үрдіс дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді. Өндірістік үрдістің мазмұны кәсіпорынның және оның өндірістік бөлімшелерінің құрылуына тікелей әсер етеді. Өндірістік үрдіс кез келген кәсіпорын қызметінің негізін қалайды. Өндіріс сипатын анықтайтын өндірістік үрдістің негізгі факторларына еңбек құралдары (машиналар, құралдар, ғимараттар, жабдықтар және т.б.), еңбек заттары (шикізат, материал, жартылай фабрикаттар) және еңбек күші, яғни адамдардың белгілі мақсатқа бағытталған қызметі жатады. Осы негізгі үш фактордың тікелей өзара әрекеті үрдістің мазмұнын құрайды. Кәсіпорынның өндіретін өнімдері қолданылу бағытына байланысты негізгі және көмекші өндірістің өнімдері болып табылады. Негізгі өндірістің өнімдері, әдетте, сатуға арналады, ал көмекші ондірістің өнімдері негізгі ендіріс өнімдерін дайындаудағы кәсіпорынның өз мұқтаждарына қолданылады.
Кәсіпорынның өндіретін өнімінің күрделілігіне байланысты жай (қарапайым) және күрделі өндірістік үрдістер болып бөлінеді. Жай өндірістік үрдістерде шикізат немесе материалдың бір түрін бірыңғай өңдеу арқылы дайын өнім өндіріледі, күрделі үрдістерде бірнеше паралелді жай үрдістердің қосарлануы арқылы көп бөлікті өнім дайындалады. Өнім өндірудің технологиялық үрдісі технологиялық операцияларға бөлінетін бірқатар бөлшектік үрдістерден қүралады.
Технологиялық операция деп бір немесе бірнеше жұмысшылармен бір
жұмыс орнында накты бір еңбек затымен орындалатын өндірістік үрдістің бөлігін айтады.
Жұмыс орны жұмысшы нақты ондірістік онерацияны орындайтын өндірістік ауданның бөлігі. Ол операцияны орындау үшін қажетті барлық құралдар және техникамен жабдықталады. Кәсіпорынның соңғы нәтижелері жұмыс орындарын ұйымдастыру деңгейімен, олардың саны және мамандану дәрежесімен, уақыт бойынша операциялардың сәйкестелуімен және кеңістікте ұтымды орналасуымен тікелей байланысты болады.
Өндірістік үрдіс өнім дайындаудағы бағыты бойынша негізгі, көмекші және қызмет көрсету үрдістеріне бөлінеді. Негізгі үрдістерге еңбек затының нысаны мен кесімі, ішкі құрылымы, сыртқы түрі, оның құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы өзгеретін технологиялық үрдістер жатады. Негізгі үрдістер жиынтығы негізгі өндірісті құрайды. Күрделі өндірісте негізгі үрдістер әдетте үш кезеңнен түрады: дайындау кезеңінде дайындық жұмыстары жүргізіледі; өңдеу нәтижесінде оның өнімдері дайын бөліктерге айналады; жинақтау жұмыстарын жүргізу кезінде дайындалған бөліктерден және сатып алынған дайын өнімдерден өнім құрастырылады. Өнім жасаудың технологиялық үрдісі бұдан басқа да озінің құрамына табиғи үрдістерді қамтиды. Табиғи үрдістерге еңбек затына табиғаттың физикалық және химиялық әсерін тигізетін үрдістер жатады. Бұл үрдістер жанды еңбектің және еңбек құралдарының қолдауынсыз өтеді, бірақ көп уақыт алады, сондықтан оларды жасанды үрдістермен ауыстырып отырады. Көмекші үрдістер негізгі үрдістердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Оларға мысалы, негізгі өндіріс қажеттіліктері үшін құрал дайындау, құралдарды жөндеу, бу дайындау және т.б. жатады. Қызмет көрсету үрдістеріне техникалық бақылау жұмыстары, көлік, қойма операциялары және тағы басқалар кіреді.
Өндіріс тиімділігі және өнім сапасы көп жағдайда өндірістік қызметтерді ұтымды ұйымдастыру деңгейімен анықталады. Өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастыру қағидаларын екі категорияға бөлуге болады:
oo жалпы, яғни оның нақты мазмұнына байланысты болмайды;
oo арнаулы, нақты өндірістік үрдістерге арналады.
oo Жалпы қағидаларға уақыт бойынша және кеңістікте кез келген өндірістік
oo үрдісті ұйымдастыруға бағынышты болатын мынадай қағидаларды жатқызуға болады:
oo мамандану қағидасы, өндіріс үрдісінде жұмыс орындары және
oo кәсіпорынның жеке бөлімшелерінің арасындағы еңбек бөлінісіні мен оның
oo шоғырлануын көрсетеді;
oo паралелъдік қағидасы, белгілі бір өнімді дайындауға байланысты
oo өндірістік үрдістің жеке бөліктерінің бір уақытта орындалуын білдіреді;
oo пропорционалдық қағидасы, кәсіпорынның өзара байланысты
oo бөлімшелерінің уақыт бірлігіндегі салыстырмалы түрдегі тең еңбек
oo өнімділігімен сипатталады;
oo турадәлдік қағидасы, еңбек заттарының, шикізаттар мен жартылай
oo фабрикаттардың өндіріске жіберілуінен бастап, дайын өнімді алуға дейінгі қысқа қозғалыс жолдарымен жүруін айтады;
oo үздіксіздік қағидасы, операциялар арасындағы тоқтаусыз жұмыс істеуді
oo талап етеді;
oo ыңғайластыру қагидасы, барлық өндірістік үрдістің автоматтандыруына
oo және механикаландыруына, адамның денсаулығына зиянды, ауыр, біркелкі қол еңбегін болдырмауға бағытталады.
Өндірісті ұйымдастырудың үш негізгі әдісі болады: ағындық (тасқындық), партиялық (топтық) және бірлік. Олардың ішіндегі ең тиімдісі - қазіргі талаптарға сай келетін ағындық әдіс. Бұл әдістің мәні технологиялық үрдістің барлық әлементтерінің уақыт бойынша қатаң сәйкестігімен және еңбек заттарының жұмыс орындары бойынша өнім өндірудің белгіленген тактісі бойынша анықталады.

1.4 Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру

Кәсіпорында жөндеу шаруашылығын құрудың басты мақсатына негізгі өндірістік қорларды ұтымды пайдалану жатады. Жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттеріне:
oo негізгі өндірістік қорларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу;
oo кәсіпорынның өзі дайындаған немесе жаңадан сатып алынған құралжабдықтарын орнату;
oo қолданылатын құралжабдықтарды модернизациялау;
oo қосымша бөліктерді және түйіндерді дайындау, оларды сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жұмыстарды жоспарлау;
oo жөндеу жұмыстарының тиімділігін арттыру жөнінде шаралар дайындау жатады.
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығының құрамына бас механик бөлімі, жөндеумеханикалық цехы, майлау және әмульсиялық шаруашылық, құралжабдықтар мен бөлшек бөліктер қоймасы кіреді.
Цехтарда цех механиктері басқаратын цехтың жөндеу қызмет орындары ұйымдастырылады. Бас механик бөліміне құралжабдықтарды күтумен және модернизациялаумен, жөндеуге байланысты қажетті техниканың құжаттарын дайындаумен айналысатын конструкторлықтехнологиялық бөлім, жөндеу жұмыстарын материалдармен қамтамасыз ететін және жөндеу жұмыстарын диспетчерлеу және жоспарлаумен айналысатын жоспарлауөндірістік бөлімі, әсіпорында жоспарлыескерту жөндеу жұмыстарының жүйесін сақтауды бақылаумен және жалпы басшылыққа алумен айналысатын жоспарлы ескерту жөндеу бөлімдері кіреді. Жалпы кәсіпорынның түріне байланысты жөндеу шаруашылығының құрамы, ұйымдастыру, басқару ерекшеліктері өзгеріп отырады. Жұмысты орындау барысында еңбек құралдарының бір бөлігі тозуға ұшырайды. Олардың қызмет істеу қабілеттілігін көтеру және пайдалану қасиеттерін қалпына келтіру қажеттілігі туады.
Өндірістік кәсіпорындарда негізгі қорлардың барлық түрлерін қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған ұйымдастырушылық шешімдер, бірбірімен тығыз байланысты ережелер жиынтығынан тұратын негізгі қорларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйесі қалыптасады. Техниканы жөндеу және негізгі қорларға қызмет көрсету жүйесінің негізгі түріне құралжабдықтарды жоспар бойынша алдын ала жөндеу жүйесі жатады. Құралжабдықтарды жоспарлы түрде алдын ала жөндеу жүйесі құралжабдықтарды жөндеу, бақылау, күтуге байланысты шаралар жиынтығын қамтиды. Осы жүйенің құрамына құралжабдықтарды күту, жөндеуаралық қызмет көрсету, мерзімді жөндеу операциялары кіреді. Құралжабдықтарды күту техникалық қолдану ережелерін сақтау, жұмыс орнында еңбек тәртібін қолдау үшін сүрту, майлау жұмыстарын жүргізу кіреді. Бұл жұмыстардың барлығы дерлік өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асырылады. Жөндеу аралық қызмет көрсету жұмыстары құралжабдықтардың күйін бақылау үшін жұмысшылар оларды пайдалану тәртібін қадағалау арқылы механизмдерді өз уақытында реттеу, бұзылған ұсақ бөліктері мен бөлшектерін жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыруы тиіс. Мұндай жұмыстарды жөндеу қызметінің кезектегі жұмысшылары орындайды. Олар құралдардың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету үшін түскі үзілісте немесе жұмыстан тыс уақытта тазалап, күтіп, сүртіп және жөндеудің ұсақ түрлерін орындап отырады.Агрегаттардың жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін орындалатын ағымдық жөндеу жөндеудің көлемі жағынан ең қарапайым түрі болып саналады. Оған машинаның жеке бөлшектері мен бөліктерін, түйіндерін қалпына келтіруге бағытталған жөндеу, алмастыру және жинау жұмыстарын жатқызуға болады.
Орташа жөндеудің ағымдық жөндеуден айырмашылығы ауыстыруға арналған бөлшектердің саны мен көлемінің көбірек болуымен ерекшеленеді. Күрделі жөндеуге агрегаттың кез келген бөліктерін ауыстыра отырып толық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жатады. Күрделі жөндеудің негізгі міндетіне құралжабдықты бастапқы қалпына келтіру мақсатында оның техникалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету және еңбек өнімділігін арттыру, құралдардың жұмыс істеу дәлдігінің стандартқа сәйкес келуін қамтамасыз ету саналады. Алдын ала жүргізілетін жөндеу жұмыстары жөндеу циклының ішінде жөндеудің тек екі түрін, яғни ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуден тұрады. Мұндай кезде күрделі жөндеу құралжабдықтарды модернизациялаумен қатар жүреді. Күрделі жөндеуді ұйымдастыруды орталықтан жүргізу дәрежесіне қарай үш түрге бөлуге болады: орталықта жүргізу, жанжақта жүргізу және аралас жөндеу жұмыстары. Орталықтажүргізілетін жөндеу жұмыстары бойынша жөндеудің барлық түрлерін жөндеумеханикалық цехтар өз күшімен жүргізеді, жанжақта жүргізілетін жөндеу жұмыстары цех механигінің басшылығымен цехтың жөндеу қызметтерінің көмегімен атқарылады. Ал жөндеу жұмыстарын ұйымдастырудың аралас түрі орталықтандырылған және орталықсыздандырылған жөндеу жұмыстарының әр түрлі комбинацияларына негізделеді. Күрделі жөндеу жұмыстарын жөндеумеханикалық цехы жүргізеді.
Алдын ала жөндеу жұмыстарымен қатар кәсіпорындарда қалпына келтіру жұмыстары да жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарын техникамен қамтамасыз ету. Алдын ала жүргізілетін жөндеу жұмыстар жүйесін енгізу алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Оларға құралдардың топтамасын мен олардың төлқұжатын дайындау; ауыстырылатын немесе қажетті запас бөліктердің қажетті шамасын анықтау, құрал жабдықтың түрі мен шамасына қарай альбомдар дайындау, запас бөліктер мен түйіндерді сақтауды ұйымдастыру, құралдарды жөндеу және оларға қызмет көрсетуші өндірістік және жөндеу мамандарын қайта дайындау жұмыстары жатады. Құралжабдықтардың топтамасына техникалық қызмет көрсету инструкциясын әзірлеу, жөндеу жұмыстарының типтік технологиясын дайындау, бірыңғай ауыстыратын бөліктердің санын анықтау үшін оларды біркелкі белгісіне қарай топтау кіреді. Төлқұжаттаудың мазмұнына кәсіпорында қолданылатын еңбек құралдарының толық техникалық сипаттамасын қалыптастыру жатады. Зауыттан шыққан әрбір құралжабдықтың төлқұжаты болады. Онда құрал жабдықтардың техникалық ақпараттары, ондағы өзгерістер, жұмыс тәртібі, жүктеу шегі, байқау нәтижесі мен жөндеу тәртібі жөніндегі мәліметтер болады. Құрал жабдықтың төлқұжаты оларды жөндеу және оған қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жоспарлауда негізгі құжат болып саналады. Өндірістік персоналдың және жөндеу жұмыстарын жүргізуші персоналдардың инструкциясын дайындау және жөндеу жұмыстарының технологиясы құралжабдықтарды жөндеу және олардың ұйымдастырутехникалық деңгейін көтеруге және кәсіпорындағы құралжабдықтарды тиімді пайдалануға көмектеседі.
Алдын ала жүргізілетін жөндеу жұмыстар жүйесі бойынша құралжабдықтарды жөндеуді ұйымдастыру және жоспарлау белгілі бір нормативтерге негізделеді. Соның нәтижесінде кәсіпорын және оның жеке бөлімшелерінде жүргізілетін жөндеу жұмыстарының көлемі, оның кезектілігі бірыңғай станоктардың тобы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзімі анықталады. Бұл нормативтер жүйесіне жөндеудің күрделілік категориясы, жөндеу бірліктері, жөндеу циклының құрылымы мен ұзақтығы, жөндеу аралық және байқау аралық мерзімдер ұзақтығы, жөндеу мерзімінің ұзақтығы кіреді.
Сонымен қатар оған құралжабдыққа қызмет көрсетудің жөндеу аралық нормативі, тез тозатын бөліктер запасы мен запас бөліктер, материалдарды жұмсау нормативтері де жатады. Агрегат күрделі болған сайын оның күрделілік категориясы да жоғары болады.
Күрделілік категориясы құралжабдықтарды жөндеу ерекшелігінің сапалы критерийі болып саналады. Агрегаттардың жөндеу жұмыстарының сыйымдылығы жөндеу бірліктерімен анықталады. Жөндеу бірлігін "ч" әрпімен белгілеу қалыптасқан. Күрделілік категориясы мен жөндеу бірлігі кез келген агрегат бойынша сәйкес келеді. Жөндеу циклы дегеніміз барлық алдын ала бекітілген жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын анықталған тәртіп бойынша құралжабдықтардың ең төмен қайталанатын пайдалану мерзімін айтады. Жөндеу аралық мерзім дегеніміз екі кезекті жоспарлы жөндеу арасындағы құралжабдықтардың жұмыс істеу мерзімін көрсетеді. Байқау аралық мерзім дегеніміз жоспар бойынша екі қатар келетін кезекті жөндеу және байқау арасындағы құралжабдықтың жұмыс істеу мерзімін айтады. Жөндеу мерзімі дегеніміз құралжабдықтың жөндеуде тұрған уақытын айтады. Кәсіпорынның жөндеу қызметінің нәтижесін сипаттайтын негізгі техника әкономикалық көрсеткіштерге құралжабдықтың әрбір түрін жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің толық өзіндік құны мен еңбек сыйымдылығы, жалпы жұмыскер санындағы жөндеуші персоналдың үлес салмағы, режимдік уақыт қорындағы жөңдеуде тұрған құралжабдықтың бос тұру уақытының пайызы, құралжабдықтың біреуіне келетін қосымша материалдардың шығыны және тағы басқа көрсеткіштер жатады.
Құралжабдықтарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру жолдары. Өндірістің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін құралжабдықтарды жөндеу, оларға қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруды жетілдіру қажет болады.
Оларды жетілдірудің негізгі жолдарына:
oo құралжабдықтарды жөндеуді орталықтандыру және мамандандыру жатады. Мысалы, станоктар, машиналар және механизмдерді күрделі жөндеуден өткізу үшін мамандырылған зауыттардың өндірістік қуатын арттыру, машина жәнемеханизмдерді дайындаушы кәсіпорындардың құралжабдықтарды фирмалық жөндеуін әрі қарай дамыту;
oo кәсіпорындарды орталықтандырылған түрде бөліктермен, бөлшектермен жабдықтай отырып, олардың жөндеу және қайта жөндеужинау жұмыстарымен
oo айналысуына жағдай жасау;
oo кәсіпорындарда құралжабдықтарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетуді орталықтандыру;
oo жөндеу жұмыстарын жүргізуде озық үлгідегі әдістерді пайдалану және механикаландыру жұмыстарын жүргізу;
oo машиналардың беріктілігін және ұзақ мерзім жұмыс істеуін арттыру үшін жөндеу жұмыстарына қажеттілік және техникалық қызмет көрсету көлемін қысқарту арқылы құралжабдықтың, машиналардың барлық өмірлік циклында бір күрделі жөндеумен шектелуге мүмкіндік беру;
oo жөндеуші мамандар жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру және олардың біліктілігін көтеру және тағы басқа ісшаралар кешені жатады.

1.5 Қойма шаруашылығын ұйымдастыру

Кәсіпорындагы өндірісті материалдытехникалық ресурстармен қамтамасыз ету, өнім өткізу жұмыстарын және қойма шаруашылығын ұйымдастырудың міндетіне кәсіпорынның қызметіне қажетгі шикізат қорын, материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, аяқталмаған өндіріс өнімдерін және сатуға шығарған дайын өнімді сақтау және тұтынушыларға жіберу сияқты жұмыстар жиынтығы жатады.
Материалды құндылықтардың сақталуы, олармен өндірісті үздіксіз қамтамасыз ету, айналым қаржыларының айналу жылдамдығы, өнім сапасы мен құны қойма шаруашылығы жұмысының сапасын анықтайды.
Кәсіпорын қоймалары бірқатар белгілеріне қарай жіктеледі. Қызмет көрсету саласына қарай қоймалар цехаралық (орталық) (кәсіпорынның барлық бөлімшелерін қамтуға арналған) және цехтыц (яғни, дайын өнім сақтайтын қоймалар) болып бөлінеді.
Сақталатын материалды құндылықтар атауларына қарай қоймалар: әмбебап (көп атаулы немесе әр түрлі материалдарды сақтауға арналған) және арнаулы қоймалар (яғни біртекті материалдарды сақтауға арналған) болып бөлінеді. Қойма аумағына қарай ашық, жабық және жартылай жабық болып бөлінеді.
Қоймалардың құрылымы сақталатын материалдардың физикахимиялық талаптарына сай болып, қойма аумағы толығымен пайдалануы тиіс. Қойма жұмыстарын жүргізу барысында барлық қауіпсіздік шараларын орындалуы басты шарт болып табылады.
Қоймалардың аумағы сақталатын құндылықтардың максималды мөлшеріне қарай есептеледі. Қойманың жүк тұратын аумағында және өзге жалпы аумағының ішінде есіктер мен өту жолдары, сұрыптау аумақтары және тағы басқа орындар болуы тиіс.
Қойманың пайдалы аумағы дәл немесе шамамен есептеледі. Қойманың шамамен есептеген аумағы қоймадағы қордың максималды мөлшерінің 1 шаршы метр аумақтағы тоннамен есептелінетін жүк салмағына қатынасымен анықталады.
Қойма жұмыстарын ұйымдастыруда еңбекті көп қажет ететін жұмыс түрлерін, қол еңбегін азайту мақсатында қоймалардағы жетекші тасутиеу, ыдысқа салу, орау жұмыстарын техникалардың жаңа түрлерімен жабдықтау қажет.
Сыртқа тасымалданатын материалды құндылықтар сапа және сан жағынан тексеруден өтеді. Қабылданған материалдар қабылдау актілерімен бекітіледі. Меншікті өндіріс өнімдері тек сандық тексеруден өтеді. Қабылданған материалды қүндылықтар алдын ала белгіленген орынның шамасына, маркаларына қарай орналастырылады. Қоймадан сыртқа шығарылатын материалдар өндірістік тұтыну дайындығынан өткізіледі. Дайындық жұмыстары материалдардың түріне қарай жүргізіледі.
Материалды құндылықтардың келіп түсуі мен тасып әкетілу есептері қоймаларда және бухгалтерияда жүргізіледі. Қоймаларда есеп жүргізу үшін картотека жасалынады. Мұнда әрбір номенклатуралық бап бойынша кірісшығыс карточкалары болады. Бұл карточкалар бойынша бухгалтерлік ведомость толтырылады.
Бұл ведомость алдымен жекелеген цехтар, қоймалар бойынша, ал содан кейін жалпы кәсіпорын бойынша толтырылады. Кәсіпорында кеңінен пайдаланылатын шахматтық ведомость кәсіпорынның жалпы жүк айналымын, сонымен қатар жүк ағымының көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Жүк ағымының берілгендері көбіне жүк ағымы сызбасы түрінде беріледі. Оларды құру жобаланатын маршруттар ұтымдылығы деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның көлік шаруашылығының тиімді ұйымдастырылуын сипаттайтын негізгі техникаәкономикалық көрсеткіштерге мыналар жатады: километрмен есептелінетін көлік құралдарының орташа коәффициенті, көлікті уақыт және жүк көтеріштігі бойынша пайдалану коәффициенті; жол жүріп өтуді пайдалану коэффициенті (көліктің жүкпен жүріп өтуінің жалпы жүріп өтуге қатынасы), тонна жүкті өңдеу құны және оның сыртқы және зауытішілік тасымалдау құны.
Зауытішілік көлікті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары. Өнеркәсіптік өндірістің кеңеюінен операциялардың мамандануы мен дифференциациясы артады. Ол өз тарапынан көліктік жүмыстардың көбеюіне және өнімді дайындауда жалпы еңбек өнімділігінде көлік жұмыстарының үлес салмағының артуына әсерін тигізеді. Бұл үрдісте маңызды фактор болып еңбек өнімділігінің жоғарылауында көлік техникасын жақсы пайдалану, көліктік қызмет шығындарын азайту табылып, көлік жүмыстарын ұйымдастыруды әрі қарай дамытуға үлесін қосады.
Зауытішілік көлікті ұйымдастыруды жетілдіру жолдарына мыналар жатады:
oo көліктік және тиеутүсіру жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру жұмыстарын әрі қарай жетілдіру;
oo біріккен немесе ортақ теміржол шаруашылығын құру мен бірігіп пайдалануға берілетін автобазалар негізінде кәсіпорында орталықтандырылған қызмет көрсету түрінде көлікті пайдалануды кеңейту;
oo кәсіпорындарда беткі қабаты жаңартылған және жаңа талаптарға сәйкес келетін жолдар мен тиеутүсіру алаңдарын салу жұмыстарын ары қарай кеңейту;
oo көліктік және тиеутүсіру операцияларының кешенді технологияларын жасап шығару мен пайдалануды кеңейту;
oo зауытішілік көлікке техникалық қызметті дамыту, көлік құралдарын пайдалану тиімділігін көтеру;
oo көлік шаруашылығын жоспарлау мен басқарудың алдыңғы қатарлы нысандарды енгізу.
Көлік жүмыстарын жоспарлау техникаәкономиколық, оперативті өндірістік болып екіге бөлінеді.
Техникоэкономикалық жоспарлауға стратегиялық және жылдық жоспар құру жатады. Онда жүк айналым көлемін анықтау, көлік құралдарына, жағармайға, майлау және басқа да материалдарға қажеттілікті анықтау, көлік құралдарының жөндеу жұмыстарының, түсіру жұмыстарының көлемін, көлік қызметінің штаттарын, еңбекақы қорын, жүктерді тасымалдау шығындарын және тағы басқа көрсеткіштерді анықтау қарастырылады.
Оперативтікөндірістік көлік жұмыстарын жоспарлау және сату жұмыстарын жүргізу үшін көлік және тасымалдау операцияларымен қамтамасыз етуге бағытталады. Оның дұрыс деңгейде ұйымдастырылуы өндірістің көрсеткіштерін арттырумен қатар оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

1.6 Жаңа техниканы игеру жұмыстарын ұйымдастыру

Өндірістің тиімді жүруінің маңызды шарттарының бірі дер кезінде және жанжақты дайындау. Ол шығарылатын өнім түрлерін жаңарту, жаңа техника мен технологияларды, өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін өңдеу және меңгеру, қолданыстағы техника мен технологияларды жетілдіру бойынша өзара байланысты шаралар кешенін білдіреді. Өндірісті дайындау бойынша жұмыстарды кәсіпорында, ғылымизерттеу, тәжірибелікконструкторлық және басқа да ұйымдарда жүргізеді. Өндірісті техникалық және технологиялық дайындау төмендегі жұмыс түрлерінен тұрады:
oo жаңа өнім түрлері мен машина конструкцияларын жобалау және бұрынғы қолданыстағыларды жетілдіру;
oo қажетті технологиялық карталар мен нұсқауларды, жұмыс орындарын ұйымдастыру схемаларын шығара отырып жаңа технологиялық процестерді
oo жобалау және бұрынғыларын жетілдіру;
oo бмекеменің еңбек сыйымдылығын анықтау үшін, өндірістің әртүрлі категориялардағы жұмысшыларға, материалдарға, отын мен электр энергиясына, жабдықтар мен технологиялық жабдықтарға қажеттілігін анықтау
oo үшін техникалық нормаларды өңдеу;
oo өлшеу және монтаждау құралдарынан тұратын технологиялық жабдықтарды жобалау және дайындау;
oo аса қтымды операцияларды, режимдер мен еңбек әдістерін, жабдық түрлерін енгізу мақсатында цехтар мен жұмыс орындарында бағдарламаланған технологиялық процестерді жөндеу.
Өндірісті дайындау міндеттеріне мыналар жатады: кәсіпорындағы ұдайы және үздіксіз техникалық прогресті қамтамасыз ету және кәсіпорынның кестебойынша ырғақты жұмыс жасауына жағдай жасау, оның экономикалық көрсеткіштерін тұрақты жақсарту.
Өндірісті дайындау келесі сатыларға бөлінеді:
oo ғылымизерттеу сатысы (өндірістің даму болашағын зерттеу, жаңа өндірісті жбалау және меңгеруге нұсқаулар дайындау);
oo жобалықконструкторлық саты (жаңа өнімді жобалау, оның қасиеттерін, сыртқы түрін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірісті жоспарлау
Ағымды активтердің құрамы мен құрылымы
Негізгі активтердің құрылымы мен құрылысы
Өндіріс факторлары:біріктіру әдістері және тиімділік
Өндірістік құрылым
Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқару
Фирманың ағымдағы шығындарын басқару
Өндірістік қуаттың мөлшеріне ықпал
Өндірістік бағыттар
Өндірісті басқарудың әлеуметтік мәні
Пәндер