Колледж білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-7

  1. КОЛЛЕДЖ БІЛІМ АЛУШЫЛАРНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІКәсіби құзыреттілік ғылыми педагогикалық мәселе ретінде . . . 8-21Колледж білім алушыларының кәсіби құзыреттіліктерінің психологиялық-педагогикалық ерекшелігі . . . 22-23Кәсіби құзыреттіліктің аксиологиялық компонентерінің моделі, құрылымы, мазмұны . . . 24-36

2 КОЛЛЕДЖ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

2. 1 Кәсіби құзыреттіліктің аксиологиялық компоненттерін қалыптастырудың алғы шарттары . . . 37-48

2. 2 Колледж білім алушыларының кәсіби құзыреттіліктерінің аксиологиялық компоненттерін қалыптастырудың жолдары . . . 48-62

2. 3. Тәжірибелік экесперименттік жұмыстардың нәтижелері . . . 63-68

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69-70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 71-73

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа эконмикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: « . . . білім беру сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс» деп, еліміздің оқу орындарының басты мақсаты - әлемдік стандарт деңгейінде білім беру, дүниежүзілік деңгейге көтерілетіндей баспалдақтардан өтуге бағыт берумен қатар, қоғам талабына сай жоғарғы кәсіби біліктілік пен құзыреттілігін қалыптастыруды ұсынған. «Кілттік құзырлар» термині алғаш рет 1992 жылы «Еуропадағы орта білім беру» деп аталатын Еуропалық кеңестің жобасында қолданылды, бұл дүниежүзілік білім беру процесінің нəтижелік компонентін жаңа жағдайда, басқа тұрғыда қарастыруға мүмкіндік берді [1] .

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген[2] . Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогына түсе алатын білімді тұлғаны тәрбиелеу мәселесін қойып отыр. Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын білімгерлер ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады. Олай болса жас ұрпақты тәрбиелеуші жаңашыл идеяларға сай жаңа ғасыр мұғалімі бәсекелестікке қабілетті, өзін-өзі іс-әрекетте табысты жүзеге асыра алатын, өзін-өзі жан-жақты дамытуға дайын, шығармашыл, кәсіби құзыретті тұлға болып сипатталуда.

Кәсіби құзыреттіліг жоғары маман дайындау мәселесі психология мен педагогикада кең түрде қарастырылған. Зерттеу барысында зерделеген еңбектер төмеңдегідей топтастырылды:

  • Білім алушылардың кәсіби іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру және өзін-өзі үздіксіз білім алу арқылы дамытуының моделін құрылымдау (С. И. Архангельский, В. А. Сластенин және т. б. ) ;
  • Маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық - педагогикалық негіздері, мамандықтың мәні, өзіндік ерекшеліктері мен қызметтері және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсыну (Ю. К. Бабанский, Н. В. Кузьмина, Н. Д. Хмель, К. М. Беркімбаев, Ұ. М. Әбдіғапарова және т. б. )
  • Білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін (Ш. Х. Құрманалина, К. С. Құдайбергенова, Б. Т. Кенжебеков т. б. ) [3] .

Дегенмен зерттеу барысында қазіргі таңда қоғамдық түбегейлі бетбұрыстар тұлға құрылымын психологиялық тұрғыда жаңа сипатта зерттеуді талап етіп отыр. Осы орайда, болашақ мамандарды даярлауға деген көзқарас жаңа сипатқа ие болуда. Кәсіби құзыреттілігі жоғары, қоғам талабына сай, құндылық бағдары қалыптасқан маман даярлау мәселесі өзекті екені негізделді.

Жоғарыдағы аталған ғалымдардың еңбектерін саралай келе, біз аталмыш мәселе әліде зерттеуді талап ететінің айқындадық. Сондықтанда, колледж білім алушыларының кәсіби құзыреттілігінің аксиологиялық компоненттерін қалыптастыруда зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты «Колледж білім алушыларының кәсіби құзыреттіліктерінің аксиологиялық компоненттерін қалыптастыру» деп таңдадық.

Зерттеудің мақсаты: Колледж білім алушыларының кәсіби құзыреттіліктерінің аксиологиялық компоненттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізін айқындап, оны тәжірибеде қолданудың шарттарын жүзеге асыру.

Зерттеудің нысаны: Колледж білім алушылардың кәсіби дайындығы

Зерттеу пәні: Колледждің оқу-тәрбие үрдісінде білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің аксиологиялық компонентері

Зерттеудің болжамы: егер колледж білім алушыларының кәсіби құзыреттіліктерінің аксиологиялық компоненттерін қалыптасуы ғылыми-теориялық тұрғыда негізделсе, қалыптастырудың жолдары мен әдістері ұсынылса, тәжірибеде қолданудың шарттары жүзеге асырылса, онда бүгінгі қоғам талабына сай кәсіби құзыреттілігі жоғары, құндылық бағдарды игерген маман тұлғасы қалыптасады.

Зерттеу міндеттері:

1. «Құзырет» және «кәсіби құзыреттілік» ұғымдарын нақтылап, жүйелеу және педагогика ғылымындағы кәсіби құзыреттілік мәселесін талдау;

2. Колледж білім алушыларының психологиялық-педагогикалық ерекшелігін айқындау;

3. Колледж білім алушыларының кәсіби құзыреттіліктерінің аксиологиялық компоненттерін қалыптастырудың алғы шарттарын негіздеу;

4. Колледж білім алушыларының кәсіби құзыреттіліктерінің аксиологиялық компоненттерін қалыптастырудың жолдарын айқындау және тәжірибеде жүзеге асыру.

Зерттеудің жетекші идеясы: Колледж білім алушыларының кәсіби құзыреттіліктерінің аксиологиялық компоненттерін анықтай отырып, бүгінгі қоғам талабына сай кәсіби құзыреттілігі жоғары, жан-жақты болашақ маман тұлғасын қалыптастырып, дамыту.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Жеке тұлғаны дамытудың философиялық заңдары мен принциптері; тұлға теориясы; іс-әрекет теориясы; тәрбие үрдісінің мәні, құрылымы, мазмұны туралы теориялар; құндылықтар теориясы; құзыреттіліктер теориясы; біртұтас педагогикалық процесс теориясы, кәсіби білім беру теориясы және тәрбие беру теориясы.

Зерттеу көздері: ресми құжаттар; Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» (2011), «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы (2012), Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2010ж. ), зерттеу мәселесі бойынша басылым көрген қазақстандық және алыс, жақын шетелдік ғалымдардың (философ, педагог, психолог және т. б) оқу - тәрбие үрдісін жетілдіруге арналған еңбектері; оқу-әдістемелік құралдар; бағдарламалар; автордың педагогикалық іс-тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау, оқу-тәрбие бағдарламаларын, оқулықтарды зерттеу, модельдеу, педагогикалық бақылау, сауалнама, әңгімелесу, педагогикалық эксперимент, педагогикалық материалдарды саралау, математикалық тұрғыдан өңдеу.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2017-2018 жылдар) зерттеу проблемасы таңдалып, тақырып анықталды. Колледж білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің аксиологиялық компоненттерін қалыпстастырудың ғылыми-теориялық негіздері айқындалып, тексерілді. Осы негіздегі зерттеу жұмысының нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері, әдіснамалық негіздері мен әдістері анықталып, қажетті материалдар жинақталып, жүйеленді.

Екінші кезеңде (2018-2019 жылдар) жинақталған материалдар теориялық тұрғыдан талданып, қорытындыланды. Кәсіби құзыреттіліктерінің аксиологиялық компоненттерін қалыптастыруда техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнының оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық тәжірибе жұмыстары жүргізілді. Алынған педагогикалық деректер талқыланып, әдістемелік ұсыныстар жасалды. Диссертация жұмысы жүйеленіп, рәсімделді. Қол жеткізген нәтижелерге сандық, сапалық талдаулар жасалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

1. Колледж білім алушыларның кәсіби құзыреттіліктерінің аксиологиялық компоненттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері айқындалып, «құзыреттілік», «кәсіби құзыреттілігі» ұғымдарының анықтамалары зерделеніп, нақтыланды;

2. Колледж білім алушыларның кәсіби құзыреттілік деңгейі анықталып, қалыптастырудың жолдары жасақталып, ұсынылды ;

, . Колледж білім алушыларның кәсіби құзыреттіліктерінің аксиологиялық компоненттерін қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері анықталып, соған сәйкес арнайы курс бағдарламасын жүргізу. Іс-шараларды ұйымдастыру туралы нұсқаулар дайындалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

1. Педагогикалық-психологиялық материалдарға негізделе отырып арнайы курс бағдарламасы жасалып, практика жүзінде сынақтан өтті;

2. Колледж білім алушыларның кәсіби құзыреттіліктерінің аксиологиялық компоненттерін қалыптастырудың жұмыстарының бағыттары, формалары мен әдістерін жетілдіруге байланысты әдістемелік ұстанымдар дайындалды.

3. Зерттеу нәтижелерін педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждердің, жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарында пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

1. «Құзыреттілік», «кәсіби құзыреттілік» ұғымдарының нақтыланған анықтамаларының мәні;

2. Колледж білім алушыларның кәсіби құзыреттіліктерінің аксиологиялық компоненттерін қалыптастырудың жұмыстарының шартты теориялық негіздері;

3. Колледж білім алушыларының кәсіби құзыреттіліктерінің аксиологиялық компоненттерін қалыптастырудың бағытталған арнайы курс бағдарламасы мен өткізілген іс-шаралары туралы нұсқаулар.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: талапқа сай әдіснамалық қағидалармен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, зерттеу пәніне және қойылған міндеттерге сәйкес пайдаланылған зерттеу әдістерінің тиімділігімен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, олардың тиімділігін техникалық және кәсіптік білім беру оқу іс-тәжірибесінде тексеруімен және практикаға ендірілуімен қамтамасыз етіледі.

Зерттеу базасы: тәжірибелік-эксперимент жұмысы Ақтөбе қаласындағы Баишев жоғары медициналық колледжінің білім алушыларының қатысуымен және Ақтөбе гуманитарлық колледж білім алушыларының қатысуымен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижесінің апробациясы мен тәжірибеге енгізілуі. Зерттеу нәтижелері: 1) Колледж білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру ерекшелігі. //Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Жаңартылған білім мазмұны: теория тәжірибе, өзекті мәселелер» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция. - Ақтөбе, 2017 ж. 2) // Научный инновационный центр Международной научно-практических конференция. «Формирования профессиональной компетентности будущих специалистов в процессе подготовки колледже» Россия, г. Москва 2019 г.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты, көкейтестілігі, мақсаты, объектісі, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, зерттеу көздері, әдіснамалық және теориялық негіздері, кезеңдері, әдістері, базасы туралы сипаттама беріліп, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні, практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі баяндалды.

«Колледж білім алушыларның кәсіби құзыреттілктерінің аксиологиялық компоненттерін қалыптастырудың теориялық негіздері» деп аталатын бірінші тарауда колледж білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін талдаулар негізінде «құзыреттілік», «кәсіби педагогикалық құзыреттілік», «кәсіби құзыреттілік», ұғымдарына берілген анықтамалар мәні талданып, тұжырымдалады және колледж білім алушыларының кәсіби құзыреттілігі баяндалып, аксиологиялық компонент нысаны ретінде мазмұндалды, сонымен қатар кәсіби құзыреттіліктерінің аксиологиялық компоненттері анықталып, теориялық неніздері жасалды.

«Колледж білім алушыларының кәсіби құзыреттілігінің аксиологиялық компоненттерін қалыптастырудың жолдары» деп аталатын екінші тарауда колледж білім алушыларның кәсіби құзыреттіліктерінің аксиологиялық компоненттерін қалыптастыру мақсатында құрастылған арнайы курс бағдарламасының мазмұны мен формалары берілді. Сонымен қатар эксперименттің нәтижелеріне жүргізілген талдау жұмыстары математикалық тұрғыдан өңделіп, әдістемелік ұсыныстар жасалды.

Қорытындыда жалпы тұжырымдар жасалды, теориялық бөлімде жинақталған материалдар негізінде колледж білім алушыларның кәсіби құзыреттіліктерінің аксиологиялық компоненттерін қалыптастыру арқылы, білім беру процесіндегі тиімділігін арттыруға, жетілдіруге байланысты ұсыныстар айқындалды.

Қосымшада зерттеу мазмұнына қатысты жұмыстардың мазмұндық үлгілері берілді.

1. КОЛЛЕДЖ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Кәсіби құзыреттілік ғылыми педагогикалық мәселе ретінде

Бүгінгі күні «кәсіби құзыреттілік» ұғымы жеке тұлғаның кәсіби деңгейімен, жеке қабілеттерімен, өз ісіне деген шығармашылығымен, жауапкершілігімен, теориялық білімдерімен, практикада тиімді қолдана алуымен анықталады. Дегенменде «құзыреттілік» ұғымы ғылыми айналымға жаңадан енген, терең зерттелу үстіндегі ұғымдар болғандықтан, олардың анықтамасы да әр зерттеушілермен әр-түрлі берілуде. Ең алдымен «құзыреттілік» сөзінің мағнасын қарастырайық.

«Кілттік құзырлар» термині алғаш рет 1992 жылы «Еуропадағы орта білім беру» деп аталатын Еуропалық кеңестің жобасында қолданылды, бұл дүниежүзілік білім беру процесінің нəтижелік компонентін жаңа жағдайда, басқа тұрғыда қарастыруға мүмкіндік берді. Кейінірек, 1996 жылы, «Еуропа үшін кілттік құзыреттіліктер» деген атпен Еуропа кеңесі өткізген симпозиумде түлектердің төмендегідей бес кілттік құзырлары бөліп көрсетілді[4] :

  • саяси жəне əлеуметтік құзырлар (өзіне жауапкершілік алу, бірігіп шешім қабылдауға қатысу, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу қабілеттері) ;
  • көпмəдениетті қоғамда өмір сүруге байланысты құзырлар (толеранттылық - айырмашылықтарды қабылдай алу, басқаларды құрметтеу, басқа мəдениет, тіл, діндер өкілдерімен өзара қатынас жасай алу қабілеттері) ;
  • басқа тілде жазбаша жəне ауызша қарым-қатынас жасай алуға байланысты құзырлар;
  • ақпараттық қоғамның пайда болуына байланысты құзырлар (жаңа технологияларды меңгеру, оларды пайдалану мүмкіндіктерін түсіну, бұқаралық ақпарат құралдары жəне жарнама тарататын ақпаратқа сын тұрғысынан қатынас) ;
  • кəсіби даярлық контексінде өмір бойы білім алуға қабілеттілік, білім алудың үздіксіздігін түсіну.

«Құзыреттілік» терминін XX ғасырдың ортасында американдық ғалым Н. Хомский енгізген, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттер деген түсінік берді[5] . «Құзыреттілік» ұғымы белгілі бір салада білгір, білікті, өзінің білімімен қандай да бір нәрсені шешуге немесе жасауға құқылы деп көрсетілген .

Біздің Отандық білім беру саласындағы құзыреттілік бағыт Қазақстандық Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасында және мемлекеттік бағдарламасында кеңінен талқыланған. Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясында құзырет ұғымы (лат. сompetentia-жетемін, лайықпын) екі мағынада түсіндіріледі[6] :

  1. заңмен, жарғымен немесе өзге құжатпен берілген өкілеттіліктер шеңбері;
  2. белгілі бір саладағы білім, тәжірибе, біліктілік.

Сонымен қатар ғалым Ғ. Мұсабаевтың орысша-қазақша сөздігінде «компетентность - хабардарлық, жеке білушілік; компетентный - хабардар, жетік, терең білетін» дей келіп, автор «құзырет» түсінігінің екі мағынасы бар екеніне назар аударады: оның біріншісі - хабардарлық, екеншісі - заң саласының термині ретінде міндет, қызмет бабы дегенді білдіреді. «Құзырет» ұғымының қазақ тілінде басқа да аудармалары орын алуда. Мысалы, Р. Г. Сыздықова, К. Ш. Құсайыновтың қазақша-орысша сөздігінде «құзыр - подчинение, непосредственное ведение, құзырет; құзырлық- ведение, руководство» деп аударылса, қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде «құзыр, білік - құзырет» деп аударылады. Көптеген әдебиеттерде құзырет-нақты пәнге қатысты белгілі бір іс-әрекеттің жиынтығын меңгеруді білім беру нәтижесі ретінде М. Ж. Жадрина, Г. З. Байжасарова, С. Д. Мұқанова, К. С. Құдайбергенева, С. Т. Мұхамбетжанова, М. А. Ғалымжанова сияқты Қазақстан ғалымдарының араласуымен белсенді түрде талқыланды.

Ал орыс ғалымдары В. А. Адольф, Н. В. Кузьмина, А. К. Маркова, Э. Ф. Зеер, В. А. Сластенин, Т. Ф. Лошакова т. б. еңбектеріне сүйенсек «Құзыреттілік - бұл білімді, іскерлікті қолдану қабілеті, оқу міндеттерін шешуде тәжірибе негізінде стандарттан тыс жағдайда адамның табысты нәтижелі әрекет ету қабілеті» деп басшылыққа алады[7] . А. С. Белкин құзреттілік деп, «құзыреттілікті тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, жеке тұлға сапаларының жиынтығы» ретінде түсіндіреді. К. Ж. Аганина құзыретті болашақ маман дайындауға қатысты «өзінің ішкі және сыртқы ресурсын іс-әрекетінде табысқа жетуде іске асыра алуы» деген. Осы тұста құзыреттілік мәселесімен айналысып жүрген ғалым М. Ж. Жадринаның пікірінше, білім жүйесінің соңғы нәтижесі - білім алушының жеке пәндер бойынша алған білім, білік, дағдылары ғана емес, оларды пайдалану арқылы қалыптасып, дамытылатын өмірлік дағдылар, құзыреттіліктер деген пікір білдірген. Сонымен, авторлар бұл ұғымдарды қолдануда оларды былайша ажыратады: құзырет - тұлғаның біліми дайындығына алдын-ала қойылатын талап, ал құзыреттілік - оның қалыптасқан тұлғалық сапасының қасиеттер жиынтығы.

Сонда құзыреттілік біздің пайымдауымызша жеке тұлғаның сапасы ретінде түрлі формада кездеседі: іскерлік деңгей сапасы, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асырудағы өмірлік дағдысы (әдет, өмірлік әрекет тәсілі, бой сергіту), тұлғаның өзін-өзі дамыту нәтижесі немесе қабілеттің көріну формасы және т. б. Құзыреттілік табиғатының ерекшелігі сонда, ол оқыту өнімі болғанымен, тұлғаның өзін-өзі дамыту, өзіндік даму нәтижесі болып табылады.

Сонымен қатар шет ел ғалымдарының тұжырымдарын қарастыратын болсақ: В. М. Шепель құзыреттілік құрамын анықтауда білімді қолданудағы теориялық-қолданбалы даярлықты, тәжірибені, білім мен біліктіліктерді енгізеді. В. Ландшеер істі білу арқылы міндеттерді шешудегі әлеуетті даярлық деп түсіндіреді. Ал ғалым М. А. Чошанов құзыреттіліктің мазмұнды компонентін (білімді) және процессуалдық компонентін (біліктіліктерді) атап көрсетеді. Э. Ф. Зеердің пікірі бойынша, адамның құзыреттілігі оның білім, біліктіліктері мен тәжірибесі анықтайды[8] .

Шет ел ғалымдарының тұжырымдары бойынша «құзырет», «құзыреттілік» ұғымы және оның түрлерінің қалыптасу тарихына тоқталатын болсақ, Н. Хомский, Р. Уайт, Дж. Равен, Н. В. Кузьмина, А. К. Маркова және т. б. еңбектерін талдау білім берудегі құзырет, құзыреттіліктің қалыптасуының үш кезеңін ерекшелеуге мүмкіндік берді.

Бірінші кезең - 1960-1970 жылдары - «құзырет» категориясының ғылыми аппаратын енгізумен, құзырет, құзыреттілік ұғымдарының алғышарттарын құрумен сипатталады. Осы уақыттан бастап «коммуникативтік құзыреттілік» ұғымын тілді оқыту теориясында енгізу басталды.

Екінші кезең - 1970-1990 жылдары - «құзырет», «құзыреттілік» категорияларын тілді оқыту теориясы мен практикасында, басқаруда, менеджментте, қарым-қатынасқа үйретуде қолданумен сипатталады. Осы уақытта «әлеуметтік құзырет», «технологиялық құзыреттілік» ұғымдарының мазмұны беріледі. 1984 жылы Лондонда пайда болған Дж. Равеннің «қазіргі қоғамдағы құзыреттілік» еңбегінде құзыреттіліктің толықтай түсіндірмесі беріледі. Онда бұл ұғым «бірнеше компоненттерден құралатын, олардың кемшілігі бір-бірінен тәуелсіз, кейбір компоненттері когнитивтік салаға қатысты, басқалары - эмоционалдыққа. Бұл компоненттер оңтайлы мінез-құлықты құраушы ретінде бір-бірін ауыстыра алады» деп берілген. Мұнда Дж. Равен «құзыреттіліктің түрлерін» «мотивацияланған қабілеттер»ретінде атап көрсетіп, 37 түрін жіктейді.

Үшінші кезең - білім беруде құзыреттілікті ғылыми категория ретінде қарастырумен сипатталады. 1990 жылдары А. К. Маркованың еңбегінде алғаш рет кәсіби құзыреттілік жан-жақты қарастырылса, Л. М. Митинаның еңбегінде әлеуметтік-психологиялық және коммуникативтік құзыреттілік ұғымдары келтіріледі. Педагогикалық құзыреттілік өзіне бірнеше құзырлықтарды толықтыра атқарады[9] . Бір ғана құзыреттілікпен шектеліп қоймайды. Оның пікірінше, педагогикалық құзыреттілік - білім, білік, дағдылары, сонымен қатар оларды іс-әрекетте, қарым-қатынаста, тұлғаның дамуында жүзеге асыру тәсілдері мен әдістерін қамтиды деп атап көрсетілген.

Сөйтіп, бұл кезеңдерді, аудармаларды, түсіндірмелерді талдау барысында байқайтынымыз - бүгінгі күні «компетенция» ұғымы төрт мағынада (хабардарлық, құзыр, білік, құзырет) аударылып, қолданыс табуда. Сол себепті де қазақ тіліндегі осы төрт ұғымның қолданылуы әрқайсысының астарындағы мән-мағынасына, атқарар әрекетіне және қолдану аясына байланысты болуы керек деген пікірді қолдаймыз. Алайда көптеген зерттеу жұмыстарында бұл ұғымды біліктілікпен байланыстырып қолдауда. Педагогтың біліктілігі білім беру процесінің негізгі және оң нәтиже беруші құралы болып табылады. Біз өз зерттеуімізде біліктілік ол «квалификация» сөзінің аудармасы болып табылатындықтан және бұл терминнің кірме сөз екендігін ескере отырып, құзыреттілік қалпында пайдалануды жөн көрдік.

Жоғарыда көрсетілген анықтамаларды талдай келе, біз өз зерттеуімізде « құзыреттілік » ұғымдары жайындағы көзқарастар мен анықтамаларды мазмұндап көрсетуге талпындық (кесте 1) .

Кесте. 1

Қазақ және шет ел ғалымдарының «құзыреттілік» ұғымына берген анықтамалары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары
Кредиттік оқыту технологиясы сипаттама
Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы педагогикалық мәселелері
Студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Өзін-өзі тану сабағында коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz