Баланың дамуына ойыншықтың тиімділігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МКҚК



Мектепке дейінгі бөлім
Мектепке дейінгі және
Шығармашылық пәндер
бірлестігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ОЙЫНШЫҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Орындаған: 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы 0101013 Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі біліктілігі бойынша оқитын 4 курс 215кб тобының студенті
Қадырболат Айнұр
Жетекшісі: педагогика және жеке әдістемелер оқытушысы
Бургегулова К.К

2018 - 2019 оқу жылы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.БАЛАНЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУЫНА ОЙЫНШЫҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Мектепке дейінгі бала дамуындағы ойыншықтың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ...
1.2.Ойыншықтар түрлері және оған қойылатын талаптар. Бала дамуына заманауи ойыншықтардың әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Мектепке дейінгі ұйымдағы балаларды жаңа ойыншықтармен таныстыру әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ-ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2.1. Бастапқы кезең
2.2. Аралық кезең
2.3. Қорытынды кезең

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Глоссарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Ел болам десең - бе - сі - гіңді түзе
Мұхтар Әуезов
Ойыншықтар ойынныңт басты құралы. Бала туылғаннан бастап жан-жақты көріп білуге құлшынады, өсе келе оның айналаны танып білуге деген құлшынысы одан әрі өседі. Ал балалық шақ бұл ойын уақыты, балалар үшін ойын тек ермек ғана емес, ол айналаны зерттеудегі үлкен жұмыс болып саналады. Барлық ойындар баланың психикалық, шығармашылық деңгейін жоғарылатады. Ал ойындардың басты құралы ойыншықтар болып табылады.
Сонымен бала өмірінде ойын өзекті орын алады, ал ойыншықтармен ойналатын ойын түрлері балалардың тек ой өрісін ғана емес қиялын, сенсорлық дамуын және жан жақты дамуын қалыптастырады. Ойыншықтар бала дамуына жоғары әсер ететін құралдардың бірі. Ойындарда шығармашылдық қабілет дамиды. Ол ойын құрауда, рөлдер ойнағанда, қолдан қажетті ойыншықтарды, костюм элементтерін жасағанда көрініс табады. Ойыншықтармен ойын кезінде баланың сөзі, қол қимылы, бет әлпет қимылы күнделікті өмірдегіге қарағанда айқынырақ болады.
Ойыншықтармен рөлдік ойындар ойнау арқылы бала жан-жақты тани бастайды. Ал еркін ойындар ойнау кезінде балалар ойыншықты бір затпен алмастыра отырып ойнайды.
Негізінен ойыншықтар өте нәзік әрі өмірі де қысқа. Сондықтан ойыншықтардың пайда болған уақытын, шығу тарихын анықтау қиын. Бірақ бала өмірінде алғашқы ойыншықтар болып еңбек заттарының кішігірім нұсқасы болғаны анық. Балалар ерте заманда үлкендердің еңбегін көріп соған еліктеуге тырысқан. Бірақ еңбек заттары бала өміріне қауіпті әрі бала күшіне сай келмеген, сол себептен балаларға арнап арнайы кішігірім, жеңіл әрі қауіпсіз еңбек заттарын жасай бастаған. Сол кезден бастап бала ойыншық арқылы қоршаған ортамен таныса бастады. Алғашында ол кішкене жебе, қылыш, балта, садақ түп нұсқалары болған. Едәуір кейінірек адамдардың, жануарлардың, құстардың кескінің бейнеленген ойыншықтар табылған. Ежелгі ойыншықтарды саздан, ағаштан, сүйектен және металдан жасаған. Содан бері балаларға арналған ойыншықтардың жасалутәсілдері жылдан жылға өзгеріп келеді. Бірақ барлық ойыншықтардың түпкі мақсаты ол балаларды қуанту, қызықтыру айналамен таныстыру. Курсық жұмыста балалардың қандай ойыншықтармен ойнайтыны және оқу-қызметінде пайдаланылуы. Ұйымдастырудың маңызын қарастырамын.

Зерттеу жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде бала дамуындағы ойыншықтардың алар орны зор. Ойыншықтарды бала өмірінде қолдану маңызын айқындау. Балалардың дүниетануындағы ойыншықтар маңызды әсерін тигізеді. Ойыншықтар арқылы бала өзінің сезімін білдіреді. Ойыншықтар балалардың интеллектісін дамытады. Ойыншықтар- бала қиялын өрлетіп материалдық іс-әрекетті жүзеге асыратын бірден-бір тиімді құрал. Бала ойын кезінде өзін жан-жақты жетілдіріп дамытады, болшаққа жаттықтырадыҚазіргі кезде ойыншықтарды балала өмірінде қолдану өзекті.

Зерттеу жұмыстың мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдарда ойыншықтарды қолданудың маңызың, бала дамуындағы тиімділігін анықтау.

Зерттеу жұмыстың міндеттері:
Бала бойындағы тұлғалық қасиеттерін дамытудағы ойыншықтардың психологиялық-пелагогикалық мәнің талдау.
Мектепке дейінгі ұйымдарда ойыншықты қолдану тиімділігін көрсету
Балалардың қоршаған ортамен танысудағы ойыншықтардың маңызды рөлін айқындау
Жаңа инновациялық ойыншықтардың түрлерімен таныстыру
Ойыншықтардың бала дамуына әсерін іс-тәжірибеде зерттеу және дәлелдеу

Зерттеу нысаны: Баланың дамуына ойыншықтың тиімділігі.

Зерттеу жұмысының болжамы: Егер баланың ойыншықпен жұмысында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана алсам, баланын жан-жақты дамуындағы әсерін, оның қоршаған ортаға тез бейімделуін қадағалар едім. Балаларды заманауи ойыншықтармен таныстыра отырып білім деңгейлерін жоғарылата едім.

Зерттеудің теориялық маңызы: ойыншықтар бала дамуында басты рөлдердің бірін атқарады. Сондықтан тәрбиеші баланың жан-жақты жетілуіне ойыншықпен әдістерді қолданудың маңызын түсіну керек. Балалармен оқу қызметін өткізу барысында ойыншықтармен жұмыс жасау маңызды. Себебі ойыншықтар арқылы бала жаң-жақты зерттейді, жаңа заттарды тани бастайды және ойыншықтармен ойнау арқылы үлкендердің еңбегімен танысады. Сондық ойыншықтар бала өмірінде маңызды орындардың бірін алады.

Зерттеудің іс-тәжірибелік маңызы: Мектеп жасына дейінгі балаларды жаңа инновациялық ойыншықтармен жақынырақ таныстыру. Мектепке дейінгі ұйымдағы бала өмірінде ойыншықтың рөлін айқындау. Ойыншықтардың бала өміріндегі маңыздылығын дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, глоссарийден, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1. БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ОЙЫНШЫҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Мектепке дейінгі бала дамуындағы ойыншықтың тиімділігі.
Ойын әрекетінің шығармашылық сипаты - ойын ынтамен, баланың рөлді, сюжетті, ойыншықтарды, қосымша-заттарды таңдағандағы шығармашылығымен байланысты. Ойынды құрғанда, ойын кейіпкерлерін жасағанда баланың ойлауы мен қиялы белсенді жұмыс істейді.
Л.С. Выготский тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу- материалдық және рухани мәдениет құралдарын меңгеру процесі деп көрсетеді.
Материалдық мәдениет құралдары - ойыншықтар, ыдыс-аяқ, айналасындағы заттар, оқытудың техникалық құралдары, ойындар, киім, дидактикалық материалдар және т.с.с.
Д. Б. Эльконин рөлдік ойындардың тарихи пайда болуы мен оның дамуы туралы болжам жасады. Ол адамзат өмір сүре бастағанда балалар ойыны болған жоқ. Еңбектің және оған қажетті құралдардың қарапайымдылығынан балалар үлкендердің жұмысына өте ерте араласа бастады (жеміс, шөптің тамырларын жинау, балық аулау және т.б.)
Еңбек құралдарының күрделенуі, аң аулауға, малшылыққа, жер өңдеуге көшу баланың қоғамдағы жағдайының өзгеруіне алып келді: ол енді үлкендердің жұмысына тікелей араласа алмады, өйткені оған білім, білік, және т.с.с. қажет болды. Үлкендер балаларды еңбек әрекетінде жаттықтыру үшін ойыншықтар дайындай бастады (садақ, найза, арқан және т.б.). Ойын-жаттығулар пайда болды, олармен ойнау барысында бала қажетті еңбек құралдарын пайдалануға дағдыланды, өйткені ойыншық солардың моделі болды. Бала кішкентай кезінен еңбек құралдарының нұсқасымен ойнай отырып үлкендердің еңбегіне дағдыланып алды.
Д. Б. Эльконин әртүрлі кәсіпорындарының пайда болуымен, техника мен күрделі еңбек құралдарының дамуына байланысты ойыншықтар олардың моделі болудан қала бастады деп атап көрсетеді. Олар функцияларымен емес, сыртынан ғана еңбек құралы сияқты болды. Басқаша айтқанда, ойыншықтар еңбек құралының бейнесі сияқты болды. Мұндай ойыншықтармен еңбек ісінде жаттығуға болмайтын болды, бірақ оларды бейнелеуге болады.[1]
Бaлaбақшадағы ойыншықтaрдың негізгі мақсаты-қоршаған ортаның қасиеттерін меңгеруге көмектесу: заттардың пішіні, өлшемі, түсі, өзге де физикалық сипаттамалары; балaның логикалық ойлауын дамыту және жаттықтыру, зейінді шоғырландыру, ұсақ моториканы дамыту.[4]
Сәбидің дүниетануындағы ойыншықтар маңызды әсерін тигізеді. Ойыншықтар арқылы бала өзінің сезімін білдіреді. Ойыншықтар балалардың интеллектісін дамытады. Ойыншықтар- бала қиялын өрлетіп материалдық іс-әрекетті жүзеге асыратын бірден-бір тиімді құрал. Бала ойын кезінде өзін жан-жақты жетілдіріп дамытады, болшаққа жаттықтырады. Ойын кезінде бала айналаны тани отырып материалдық қарым-қатынас кезінде ойыншықтарды пайдаланады. Балалардың жас ерекшелігіне қарай ойынның түрлері де, ойыншықтармен, ойнау қабілеті де күрделене түседі. Ойыншықтар баланың қиялын, ой өрісін, тілін, сенсорикалық қабілеттерін дамыту кезінде үлкен рөл атқарады. Мектепке дейінігі ұйымдарда ойыншықтардың қолданылуы маңызды шарттардың бірі болып табылады. Оқыту кезіңде ойыншықтарды қолдану баланың қызығушылығын арттыра отырп қоршаған ортаны заттық бақылау арқылы тани алады.
Ойыншықты оқу қызметінде қолданудың маңызы зор. Тәрбиеші оқу іс-әрекеті кезінде ойыншықты қолдану арқылы баланы өзіне қаратып, жаңа тақырыпқа деген зейінін арттырады. Оқу қызметі кезінде ойыншықты көрнекі зат ретінде қолдану арқылы қоршаған ортадағы заттың маңызың әрі оның қолданылуын балалрға жеткізе алады. Балалар ойыншықтармен ойнай отырып өседі айналаны таниды. Ойыншықпен жұмыс түрін қолдана отырып тәрбиеші ең алдымен баланың қызығушылығын арттырады. Бала ойыншыққа қызығып назарын тәрбиешінің сөзіне аударады, тақырыпқа мән береді. Екіншіден, баланың қиялын жетілдіреді. Ойыншықтармен рөлдік ойындар ойнау арқылы бала жан-жақты тани бастайды. Ойыншықты белгілі бір затпен алмастыра отырып ойнайды.
Н.Крупская- ойыншықтарда өмірдің нақты құбылыстары бейнеленеді деп санаған. Сондықтан ойыншықтарда жануарлардың, адамдардың айналадағы заттардың бейнесі толық, шынайы бейнеленген болуы тиіс деп санаған. Крупская балалардың жас ерекшелігін зерттеуге, әр жастағы балаларға арнап ойыншықтарды іріктеп алуға шақырған ғалымдардың бірі. Ересектер бала ойыншығына көп мән беруі тиіс. Себебі баланың жасына сай емес ойыншық таңдалған жағдайда, бала оған қызықпайды, баланың дамуына еш әсер етпейді. Ойыншықты таңдау бала өміріңдегі маңызды сәттердің бірі, себебі балалар өзіне ұнаған ойыншықтарды таңдау кезінде өзіне тән ойыншықты таңдайды. Негізінде бала 2-жасынан бастап ойыншықтармен қалай ойнауды біледі, мысалға көлік жүреді, ал мысықты тамақтандыру керектігін бала ойша біліп тұрады. Сондықтан да ойыншық таңдау кезінде бала тек оның сыртқы бейнесіне қарап ғана қоймай, ойыншықтың маңыздылығын да ойға түйеді.
Ойыншықтарды оқу қызметінде қолдану кезінде тәрбиешінің де рөлі маңызды. Себебі тәрбиеші ойыншықты тиімді жан-жақты етіп қолдана алуы тиіс. Балалардың көңіл-күйін көтере отырып оларға білім береуге міндетті.

1.2. Ойыншықтар түрлері және оған қойылатын талаптар. Бала дамуына заманауи ойыншықтардың әсері
Балабақша- бұл балалардың ойын арқылы айналаны танып білетіе аумақ, сондықтан балалар үшін ойын заттары міндетті түрде болуы керек және әр ойыншық бала жасына сай таңдалуы міндетті. Бала ойын арқылы өседі, ал ойын ойыншықтар арқылы жүзеге асырылады.
Ойыншықтар бала өмірінде де, оқуында да маңызды рөлдерді атқарады. Бала ойыншықтар арқылы өзі қоршаған ортамен танысады, баланың көңіл-күйі көтеріледі. Қазіргі кезде ойыншықтың түрлері өте көп. Біз балабақшаға ойыншықтарды таңдаған кезде оның сапасына мән береміз. Яғни баланың өміріне, денсаулығына қауіпсіз болуы керек. Ойыншықтарды тәрбиелік құрал ретінде пайдалану балалардың жас ерекшеліктеріне қарай қарастырылады. Ойыншықтарға арналған баланың жасы, ойыншық қорабының сыртында немесе арнайы салынған қағазда көрсетіледі. Ойыншықпен бірге берілетін нұсқау қағазда ойыншық қандай жас тобындағы балаларға арналғаны түсінікті болуы керек және мұнда ойыншықты күтудің (жуыптазалау, залалсыздандыру) ережесі жазылуы керек. Біздің елімізде ойыншық жасау мемлекеттік іс болып табылады. Балаларға арналған ойыншықтар міндетті түрде қауіпсіз болуы тиіс. Ойыншықтардың бала өміріне қауіпсіз екендігін анықтау үшін оларға қойылатын талаптар сақталғанын қадағалау керек. Балалар ойыншықтарына қойылған арнайы гигиеналық талаптар ойыншықты пайдалану кезінде бала денсаулығына қауіпсіз болуын көздейді.

Ойыншықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Барлық өндiрiлетiн, әкелiнетiн және сатылатын балалар ойындары мен ойыншықтары міндетті түрде санитариялық-эпидемиологиялық сараптауға жатады.
Ойыншықтардың барлық түрiлерінiң иiс деңгейлері екі баллдан аспауы тиіс.
Ойыншықтардың сәндік немесе қорғаныш жабындары сiлекейдiң, тердiң және ылғалдың әсеріне төзiмдi болуы тиіс.
Ойыншық шығаратын дыбыстың деңгейi мынадан жоғары болмауы тиіс:
1) үй-жайлардың iшiнде ойнауға арналған ойыншықтарда - 65 децибелл
2) ашық ауада ойнауға арналған ойыншықтарда - 75 дБА;
3) ойын сәтi (бiр рет ату) ретінде қарқынды шу пайдаланылатын ойыншықтарды - 95 дБА.
Үстел үстiне қойып басатын ойындарда мәтiн фон үшін қарама-қарсы түспен жазылуы тиіс. Сандық және әрiптік белгілердің түсі қара немесе қара бедерлi болуы тиіс.
Үстел үстiне қойып басатын ойындарындағы қағаздар мен картондардағы бояулар жағылмауы және қолға, жиhазға дақ болып жағылмауы тиіс.
Үстел үстiне қойып басатын ойындардағы мәтiн әрiптерiнiң биiктiгi 3 жасқа дейiнгi балаларға арналған ойыншықтар мен олардың алынып-салынатын бөлшектерi кемінде 31,7 мм болуы және өлшемдерді анықтау үшін цилиндрге толық кiрмеуi тиіс. Ойыншықтардың алынбайтын бөлшектерi мықты бекiтiлген болуы және үшкiр бұрыштары болмауы тиіс.
Ойыншықтардың тұтыну орамасында немесе жапсырмасында ойыншықтар арналған балалардың жасы көрсетiледі:
1) бiр жасқа дейiн (жас сәбилер);
2) бiр жастан 3 жасқа дейiн (бөбектер);
3) 3 жастан 6 жасқа дейiн (мектеп жасына дейiнгi балалар);
Ойыншықтарды дайындауға және сатуға байланысты қызметкерлер жұмысқа кірер алдында және кейіннен мерзімдік медициналық тексеруден өтеді.
Сатушы мен сатып алушыға балалардың ернімен жанасуға арналған ойыншықтарды көрсеткен кезде оларды ауыздарына салуға жол берілмейді. Сатушыда мiндеттi түрде көрсететiн үлгi болуы тиіс. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама (зерттеу) үшiн: өнiмге нормативтiк техникалық құжаттама, ойыншықтардың үлгiлері (кемінде 3 дана) және қолданылатын материалдардың рецептурасы ұсынылады[5]
Ойын мен ойыншық бір-бірінен ажырамайды.Ойыншық ойынға деген қызығушылықты танытса,ал ойын жаңа ойыншықты қажет етеді. Ойынның негізгі ерекшелігі балалардың қоршаған өмірді,адамдардың қимылын,іс-әрекетін бейнелеу болып табылады. Ал ойыншық ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлардың бірі. Балалар ойынында тек дүкеннен сатып алынған ойыншықтар емес,тәрбиешілердің,ата-аналардың немесе балалардың өздері жасаған ойыншықтарды да пайдаланады. Ойыншықтар әр түрлі болуы мүмкін бірақ олардың барлығы белгілі бір педагогикалық көркемділікті талап етеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді.Балалар ойын кезінде өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Сондықтан үлкен адамдар балаларға дұрыс бағыт беріп отыруы керек. Балалар қанағаттанып ойнау үшін ойыншықтарды дұрыс таңдай білген жөн.
Балаларға арналған ойыншықтар мынандай топтарға бөлінеді:
1.Сюжеттік ойыншықтар: (қуыршақтар, құстар, үй жануарлары, ойыншық көліктер, ыдыстар, жиһаздар т.б.) Балалар ойнау барысында бұл ойыншықтармен сөйлеседі, сырларын айтады, тілдері дамиды.
2.Тұрмыстық ойыншықтар: (көліктер, кемелер, ұшақтар, телефондар, теледидар, фотоапараттар т.б.) Балалардың ойлауы мен шығармашылықтарын дамытады.
3.Спорттық ойыншықтар: (доп, кегли, арқан, таяқша т.б.) Балаларды алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелейді.
4.Музыкалық ойыншықтар: (барабандар, қоңыраулар, сылдырмақтар т.б.) Балалардың әуенге, дыбысқа қызығушылықтарын оятады.
5.Сахналау ойыншықтарына ертегі кейіпкерлері жатады. Балалардың сөйлеу, ойлау, елестету, қиялдау қабілеттерін дамытады.
6.Дидактикалық ойыншықтар балалардың сенсорикасын, ақыл-ойын дамытады. Оған пирамидалар, мозайкалар, үстел үсті ойындары лото, жұптасқан суреттер, құрастыру ойыншықтары және т.б.
7.Ұлттық ойыншықтармен ойнау барысында балалар, өз ұлтын сыйлауға, тілін құрметтеуге үйренеді. Ұлттық ойыншықтар балалардың паттриоттық сезімдерін, еліне деген жанашырлық, қамқорлық сезімдерін оятады.
8.Өздері қолдан жасаған немесе ата-аналарының көмегімен жасалған ойыншықтар. Бала өзі ойыншықты жасау барысында ойланады, қиналады, әр жасаған ойыншығының қандай қиындықпен келгенін көре отырып қолында бар заттарды бағалауды үйренеді және нәтижесіне қуанады.
Кішкетай сәбилер үшін ең бірінші сезу мүшелерін дамыту керек: көру, есту, сипап-сезу. Сондықтан сәбилердің ойыншықтары жылы әрі жұмсақ болуы керек. Бояуы қанық, дыбыс шығаратыны болғаны дұрыс. Ал үш жастағы балаларға құрастырмалы ойыншықтарды көбірек ұсынған жөн. 4-5 жастағы балалар үшін ойынды толықтыратын заттарды алу қажет (бас киімдер, үй жиһаздары т.б).
6-7 жастағы балаларға сюжетті-ролдік ойындарды ұсынған дұрыс. Осы жастағы балалар ойыншықарды шынайы заттармен салыстырады, ұқсастықтарын табады.

1.3. Мектепке дейінгі ұйымдағы балаларды жаңа ойыншықтармен таныстыру әдістемесі
Топта жаңа ойыншықтың пайда болуы- әрқашан да қуаныш. Балаларды онымен таныстыру алдымен педагогтің қандай міндетті шешкісі келетініне байланысты. Егер ол балалардың назарын ойыншықта бейнеленген қандай да бір затқа аударғысы келес, ол соны көрсетіп, оның өзіне тән қасиетін, сапасын айтып береді. Ересек кісінің бейнесі болса, оның көзқарасын білдіреді. Көңілді, қызық ойыншықты көрсетер алдынан қызықтыра түсетін ескерту жасап қояды. Егер ойыншық нәзік болса, механизмі абайлап ұстауды қажет етсе, бұл жөнінде балаларға ескеріп, сынып не бұзылып қалғанда ренжімес үшін оны күтіп ұстаудың тәсілдерін көрсетіп беру керек. Қандай ойыншықты болмасын көрнекі құрал етіп пайдалануға болмайды.
Таныстыруда тәрбиеші ойын элементтерін алады: қуыршақтың атын, оның қайдан келгенін, қайда және қай жерде тұрғаын қандай ертегілер,өлеңдер, ойындар білетінін айтады.
Бірінші талапқа ашық текшелері бар сөрелер неғұрлым сай келеді. Текшелер балаладың бойы жететіндей, ойыншықтарды еш бір қиындықсыз ақ оңай алатындай болып орналасыуға тиіс. Балабақшада әр түрлі ойыншықтарға тұрақты орын бөлінеді. Ірі құрылыс материалдары үшін төменгі сөре, сюжетті образды ойыншықтар үшін одан жоғарылау, стол үстінде қағазға басылған ойыншықтар үшін ең жоғарғы сөрені пайдаланған жөн. Бір ойыншықтарға екінші ойыншықтарды жауып тастамай, көрініп тұруын қамтамасыз ету керек. Ойыншықтарды ойнауға дайындау және ойнап болғаннан кейін жинап қоюға жұмсалатын уақыт та елеулі рольа тқарады. Ірі құрылыс материалдарын әдетте құрылыс ойындары өткізілетін жерде жақын жинағаны дұрыс. Дидактикалық және сюжетті образды ойындар үшін подностардың немесе қорапшалардың болғаны жөн. Бұл ойыншықтарды үстелге немесе ойын өтетін жерге апару, ойыннан соң жинау оңай болады. Сонымен бірге бұл балаларды ұқыптылыққа ұйымшыл әрекетке тәрбиелейді.
Музыкалық ойыншықтардың дыбыс үнінің жақсы сақталуы үшін әйнектелген шағын сөрелерде сақталғаны жөн. Дидактикалық ойыншықтар арнайы сөрелерде сақталады. Ойыншықтарды сақтау тәртібі- белгілі бір дәрежеде тұрақты, яғни өзгерістерге жол беретіндей болуы тиіс. Қуыршақтарды пайдалану ыңғайлы болу үшін оларды орналастыру эстетикалық тұрғыда, топтық жалпы көркемдігінің шырқын бұзбайтындай болуы үшін балалар, әсіресе мектепке дейінгі ересектер тобында қуыршақтарды қалай орналастыру керек екенін талқылауға қатыстырылып тұрады.
Балалар ойнап болған соң ойыншықтарды толық тәртіпке келтіруі керек. мекетеп жасына дейінгі балаларды ойыншықтарды тәртіптеп қалдыруға үйрету- оларды ерте жастан ақылға қонымды ықтияттлыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, маңындағылардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу деген сөз.

2. ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ- ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2.1. Бастапқы кезең
Іс-тәжірибиеден №45 Самұрық балабақшасында "Өнер" мектеп алды даярлық тобында өттім. Іс-тәжірибиеден өту кезінде зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша эксперименттік іс-тәжірибие жүргіздім. Мен балалармен оқу қызметін өткізу барысында ойыншықтарды қолдану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың дүниетанымының дамуына ойыншықтың әсері
Бала дамуындағы ойыншықтардың маңызы. Педагогикалық көркемдік құндылығы
Бала өмірінде ойыншықтардың атқаратын рөлі
Ойыншықтардың бала дамуына септігі
Ойыншықтарға қойылатын талаптар
Баланың психикалық дамуына ойыншықтың әсерi
Ойыншықтардың химиялық құрамы
Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтар жасау
Бастауыш мектептегі математика сабағында жаңа технологияларды қолдану
Гигиеналық факторлар
Пәндер