Аяқпен жасайтын әдіс


Мазмұны
1. 1 Қазақша күрестің пайда болуы мен дамуы . . .
1. 2 Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері мен қолдану мүмкіндіктері . . .
2. 1 Қазақша күрестегі тиімді техникалық әдіс-тәсілдері . . .
2. 2 Қазақ күресі арқылы жасөспірім балуандардың дене сапаларын жетілдіру амалдары . . .
2. 3 Қазақ күресі бойынша мамандарды даярлаудың тактикалық дайындығы . . .
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енейін деп отырған заманында білімі жоғары, рухы мықты, жан-жақты тұлғаны қалыптастыруда ұлттық құндылығымызды жоғалтып алмас мұра ретінде қазақ күресі арқылы жетілдіру. Білімді, саналы, тәрбиелі, дені сау және салауатылығы мол ұрпағы бар халықтың болашағы әрқашанда жарқын. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты бағдарламасында бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет.
Қазақстанда қазақ күресінің кең танымалдығы оны сауықтыру мақсатында жаппай айналысуды дамыту үшін маңызды. Қозғалу белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін көптеген секциялар құру, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму мен білім беру жүйесі салдарынан әлсіреген қазіргі таңда оның өзектілігі зор. азақ күресінің кең танылуы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы білімдік тиімділігі, дене шынықтыруға енгізілуі, ерік-күші мен басқа да психологиялық сапаларын тәрбиелеу, денсаулықты нығайту тәсілінің сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесі көп жағдайда осы күрес түрінің орта мектептегі дене шынықтыру пәні бойынша оқу және сыныптан тыс сабақтар бағдарламасына енгізілуіне ықпал етеді.
Жасөспірімдер мен жастардың ұлттық ойындарға қызығушылықтарын ескере отырып, орта мектептер мен колледждерде дене тәрбиесіне және сыныптан тыс қосымша сабақ кезінде тек бағдарламадағы жаттығуларды ғана емес, ұлттық спорт түрлері мен ойындарын оқу жоспарына енгізуге болады.
Қазақстан жастарының спорттың осы түріне әуестенуі қазақ күресінің даму деңгейінің едәуір жоғарылауына, балуандардың шеберлігінің қалыптасуына, жастардың қазақ күресімен жаппай шұғылдануына септігін тигізеді. Қазақ күресімен шұғылданатың жастар арасынан, өздерінің спорттық кемелденуін спорттық күрестің халықаралық және олимпиадалық түрлерінде жалғастырып, ең жоғары нәтижелерге жеткен көптеген атақты балуандар шыққан.
Дене мәдениеті - адамның дене сапаларын дамытуға және денсаулығын нығайтуға, сонымен бірге қоғамдық іс-тәжірибедегі қажеттіліктерге сәйкес пайдалануға бағытталған әлеуметтік қызмет саласының бірі, қоғамның және жалпы мәдениеттің бөлігі.
Спорттық күрес, оның ішінде қазақ күресі халықтық спорт түрлерінің ішіндегі ең ежелгі және сүйіктілерінің бірі, яғни ол жас жеткіншектердің жан-жақты дене дамуының маңызды құралы болып табылады.
Қазақ күресінің көптеген елдер арасына танымал болып, халықтардың қызығушылығының артуы кездейсоқтық емес, яғни ол жасөспірімдердің үйлесімді үндестікте дамуы және қолданбалы дайындығының тамаша құралы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты : Қазақ күресінің ерекшеліктерін талдап, жарыста қолданылатын әдіс-тәсілдерін тіркеп реттеу. Қазақ күресінің дене шынықтыру әдістемесінде, дене тәрбиесінде және қазақ жастарының салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыруда пайдалану мүмкіншіліктерін зерттеу. Балуанның өнерінің кең танылуы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы білімділік тиімділігі, дене шынықтыруға енгізілуі, ерік-күші мен басқа да психологиялық сапаларын тәрбиелеу, денсаулықыты нығайту тәсілінің сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесі көп жағдайда осы күрес түрінің қалыптасыуы ықпал етеді.
Курстық жұмыстың міндеттері :
1. Қазақ күрестің оқу пәні ретінде қалыптасу кезеңдерін, Кеңес дәуірі мен тәуелсіздік жылдарында қазақ күресі жөніндегі ғылыми және әдістемелік жұмыстарды жариялау барысын зерттеп-білу.
2. Қазақ күресінің ерекшеліктерің талдап, жарыста қолданылатын әдіс-тәсілдерін тіркеп реттеу.
3. Қазақ күресінің дене шынықтыру әдістемесінде, дене тәрбиесінде және Қазақстан жастарының салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыруда пайдалану мүмкіншіліктерін зерттеу.
4. Қазақ күресін оқушы жастардың денелерін шынықтыру мен тәрбиелеу және құрама командалар резервін дайындау құралы ретінде пайдалану тиімділігін негіздеу.
Курстың зерттеу нысаны: Қазақстанда қазақ күрестің оқу пәні және жастарды дене тәрбиесі құралы ретінде дамуы.
Курстық жұмыстың пәні : Қазақ ұлттық кұресінің заманауи спорт түрін қалыптастыру үдерісі.
Курстық жұмыстың объектісі:
Курсттың зерттеу болжамы: Қазақ күрестің осы ұлттық спорттан мамандар дайындағы оқу құралы ретінде қалыптасу кезеңдерін. Жаттығу үдерісінің әдіснамасын жетілдіру, жарыстарды өткізу ережелері мен 21-ғасырда халық спорт түріне дейін дамуын зерттеу қазақ күретің спорттық күрестің басқа заманауи түрлерінен даму тарихындағы, жеңіске жетудің қолданбалы құралдардың техникасы мен әдістеріндегі, бауандарды дайындаудағы әдіснамасындағы және айналысушыларға тигізетін әсерінің тиімділігіндегі айырмашылықтарын анықтау қазақ ұлттық күресін ұтымды танытып, қазақ күресі бойынша оқу материалдарын жетілдіруге және қазақ күресті жасөспірімдің дене тәрбиесінде пайдалану қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: ғылыми-әдістемелік және тарихи түпнұсқаларды жинақтау, ҚР заңнамалық кесімдеріне, ресми статитистика мен құжатнамалық материалдарға талдау жасау, педагогиклық бақылау, күрестердің жарыстардағы әдіс-қимылдарын тіркеу, дене дайындық сынақтары.
Курстық жұмыстың құрылымы : Курстық жұмыс кіріспеден, негізі үш тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі :
- қазақтың ұлттық күресінің Қазақтанда тұрақты дамып келе жатқан спорттық күрес түрлері арасындағы орнын зерттеп-білу, спорттық күрестің олимпиадалық және халықаралық түрлерінің дүниежүзінде және Қазақстанда пайда болуы мен дамуы кезеңдерін нақтылауында;
- қазақ күрестің олимпиадалық және халықаралық спорттық күрес түрлерінен жарыстардың даму тарихындағы, техникасындағы және тәсіліндегі, жарыстар ережелері мен балуандарды дайындауындағы айырмашылықтары мен өзара байланыстарын анықтауында;
- қазақ күрестің жас ұрпақты дене тәрбиесіне баулу, салауатты өмір салтына тарту мен қимыл тапшылығын қозғалыс белсенділігімен толықтыруға қажеттілікті тәрбиелеу құралы ретінде білім беру және сауықтыру әсерін дәлелдеуінде.
- қазақ күресі бойынша дене жаттығулары, техника мен тактика айырмашылықтарының даму негіздемесі және әдістемелік жағын қалыптастыруда олардың білімдік, сауықтыру және тәрбиелік жақтарын зерттеп жетілдіру;
- қазақ күресі бойынша әдістемелік, әдіс тәсілдік және қимыл-әрекеттің ерекшілектерін талдау, денсаулықты нығайту мен тұрақтылығын сақтау мақсатында әдістеме сапасын анықтауда.
Ғылыми ізденістің негізгі қорытындысы: Қазақ күресімен айналысу жеке тұлғаның денсаулығының нығаюына, оның үйлесімді дамуына, шұғылданушылардың денесінің дамуы мен шымырлануына себеп, жастардың дене қабілеттерін (күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік, икемділік) дамытуды және дене тәрбиесінің тиімді құралы болып табылады.
Қазақ күресінің кең танымалдығы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы оқыту тиімділігі, ішкі ағзалардың физиологиялық өмір сүру қабілетін дамытады, дене даярлығының сапасы мен дене қабілеттерін қамтып, күш-жігер мен басқа да психологиялық сапаларды тәрбиелейді. Қазақстанда қазақ күресінің танымалдығы спорттың бұл түрін сауықтыру орындарында дене жаттығуларымен жаппай шұғылдануды дамытудағы маңызын арттырады.
1. Қазақ ұлттық спорт ішіндегі қазақша күрестің алатын орны және оның даму тарихы
1. 1 Қазақша күрестің пайда болуы мен даму тарихы
Қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Балуандардың күш сынасуы ат жарысы, ақындар айтысы сияқты қазақ халқы өнерінің ажырамас бір бөлігі болып саналады. Қазақтар күш иесін «алып», «толағай», «балуан» деп атап, оны ерекше қасиет қонған адам ретінде таныған. Күрес - ұлттық мәдениетіміздің маңызды бір саласы болып табылады. Қазақтардың жыл он екі ай далада өмір кешіп, үнемі қозғалыста болу тірлігі, жас баладан бастап еңкейген кәріге дейін дене-күш дайындығына ерекше талап қойды. Қазақ елінде ат үстінде еркін отырудан бастап, садақ ату, күрес, жекпе-жек айла-тәсілдерін меңгеру ұл мен қызға бірдей қойылатын талап деңгейіне көтерілді.
Халқымыздың ұлан-байтақ аумақта орналасуы, көшіп-қонып жүруге негізделген шаруашылығы және көршілес елдер салт-дәстүрлерінің ықпал етуі қазақ жерінде балуандық өнердің бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше түрлерінің дамуына негіз болды. Ертегі, аңыздарда, батырлар жырларында, тарихи және көркем шығармалар мен, археологиялық қазба деректерде күрестің бірнеше түрлері болғандығы туралы көптеген дәлелдер кездеседі.
Қазақ топырағында балуандық өнердің ежелден келе жатқанын мына бір тарихи оқиғадан айқын аңғаруға болады.
Осыдан 18 ғасыр бұрын 371-381 жылдар арасында ғұндар патшасы Баламбер (Атилланың алдындағы патша) өзінің жеңістері мен мемлекеттік шешімдерінен кейін үлкен той-жиын өткізіп, оның негізгі бір бөлігі ретінде ат жарыс, балуан күресі, садақ ату, найза лақтыру, аударыспақ, теңге алу, т. б. ойын түрлерін өткізген. Ал сол кездегі ғұндар тілімен осы ойын түрлері былай айтылған: Ээр-хүреш, Ат-хуреш, Ланса-хуреш, Шабарман-хүреш, Жебе-хүреш, т. б. Ээр - ер күшті мағынасында, Хүреш - балуан күресі мағынасын білдіреді. Біздің дәуірімізден 3000 жыл бұрын салынған Бени-Гассан жеріндегі перғауынның табытындағы суреттерден Мысыр жауынгерлерінің ең маңызды жаттығуларының бірі күрес болғандығын көруге болады. [1]
Жылдар жылжып өтті, ғасырлар артта қалды. Содан бері қазақтың ұлттық спорты - күрес ешқашан тіршіліктен тыс қалмай, бірге жасасып келеді. Тарихи жазбаларда балуандық өнер туралы деректер өте көп. I. Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасы мен Ғ. Мүсіреповтің "Ұлпан" романындағы балуандардың айқастары халықтың бауырынан бастау алған өнердің мәңгілік екенін дәлелдейтін бір ғана мысал. Батырлар жырларына зер салсаңыздар халықтың жекпе-жек өнеріне асыл мұра ретінде қарағанына күмән келтірмейсіз. Академик, ғалым Әлкей Марғұлан «балуан» сөзін көне түркінің «блбл» сөзінен шыққандығын айта келіп, Орхон-Енисей жазуындағы «балбал» сөзі «кемпір тас» қазіргі уақыттағы «балуан», яғни күшті, мықты, алып ұғымын беретіндігін көрсетеді.
Қазақ күресін бүгінде әлемнің көптеген елдері танып білді. Қазақ күресінен өткізілетін жарыстар республикалық дәрежеден асып, Азия және Әлем біріншіліктері деңгейінде өткізіле бастады.
ХХ ғасырдың бас кезіне дейін балуандар салмақ дәрежесіне немесе жас ерекшеліктеріне қарай күрескен. Ол уақытта «итжығыс», «бас аттау» сияқты тәртіптер болған.
«Итжығыс» - екі балуанның күресуі кезінде болатын жағдай. Екі балуан бір-бірін жеңе алмаған жағдайда «итжығыс» болды деп күресті тоқтатқан немесе балуандардың екеуі де бір мезгілде жерге құлаған жағдайда «итжығыс» деп, балуандарды қайта күрестірген. «Бастан аттау» қазақ халқының көне ырымдарының бірі. Негізгі мағынасы - бір адамның екінші адамның басынан аттауы арқылы «күш» алу. Бұл түсінік бойынша жеңілген адамның «күші» жеңген адамға өтеді. Күресу кезінде жеңген балуан жығылған балуанның басынан аттаса жеңімпаз атанған.
1928 жылға дейін қазақ күресіне арналған бірыңғай ереже болған жоқ. Сондықтан күреске шыққан балуандардың жас ерекшеліктері, салмақ дәрежелері ескерілмеді. Балуандар күресі алдын ала өзара ауызша келіскен шарт бойынша өткізілді.
Әр аймақта күрестің өзіндік ережелері болған. Күрес киімі әр өңірдің дәстүріне сәйкес ойластырылып, киілетін болған. Қандай ережемен белдесетіндерін балуандардың өзара келісімдері бойынша шешіліп отырған. Сондай-ақ, күресудің әдістерін балуандар өзара ақылдаса отырып, алдын-ала айтып отырған. Халық арасында ауыздан ауызға жеткен күрес ережелерін қатаң түрде сақтауға тырысқан. Сол заманда ең мықтыны атайтын «түйе балуан, өгіз балуан» сөзі бүгінгі күнге дейін айтылып жүр.
Күрестің ұлттық түрі - «қазақша күрестің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлары қазақша күрес жарыстарысыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан Мұңайтпасов есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.
Тұңғыш рет қазақ күресі 1938 жылы Алматыда өткізілген колхозшылардың республикалық спартакиадасының бағдарламасына енгізілді. Бұл спартакиадада Семей облысының балуандары: С. Адасқанов, К. Алтыбасаров және И. Түменов республика жеңімпаздары атанды. Бұл спартакиада Ел мықтыларының есімін көпке танытумен бірге, ұлттық күрес өнерінің өрісін кеңейтуге жол ашты.
Кезекті екінші спартакиада 1939 жылы Семей қаласында жалғасты. Бұл жолы жанкүйер қауым боз кілем үстінде тағы бір таланттардың шоғырына куә болды. Жеңіл салмақта - Құрманбаев (Алматы облысы), орта салмақта - Досқалиев (Батыс Қазақстан облысы), ауыр салмақта - Мусин (Павлодар облысы) қарсыластарын түгелдей тізе бүктіріп, жеңіс тұғырына көтерілді. Дәл осы жарыста «түйе палуан» атағы үшін сын өткізіліп, онда Батыс Қазақстан облысының өкілі Досқалиев жеңіске жетті.
Қазақша күрес - көптеген тәсілдер, жасап орындалатын күрес. Оның ережесі бойынша самбоның, еркін және классикалық күрестің кейбір амалдарын қолдануға рұқсат етіледі. Мұнда белбеуден қос қолдап, бір қолмен ұстап немесе кеудеден қолдан, киімнен ұстап лақтыруға болады.
Қазақ күресінің басты ерекшелігі: табан тіреп ұстасқан сәтте тобықтан қағуға, шалуға рұқсат етіледі, ал ұстасқан бетте қолмен аяқтан алуға болмайды. Қазақ күресінің ауқымы, көкжиегі өте кең. Қазақ күресін жетік меңгерген адам өзге халықтардың күресін еркін меңгеріп кетеді. Кейбір әдістер күрестің классикалық түрлеріне сай келетінін айта кеткен дұрыс. Қазақ күресінің ең бір ерекше тұсы мұнда төрттағандату (партер) жоқ.
Әрине, осындай ғажап күресі бар қазақтан әлем мойындаған даңқты балуандардың (Ә. Айханов, Ж. Үшкемпіров, Д. Тұрлыханов т. б. ) шығуы заңды құбылыс.
Бүгінгі таңда қазақ күресінен үш Әлем, екі Еуропа, алты Азия біріншіліктері болып өтті. Төл күресімізден тұңғыш рет ұйымдастырылған әлем додасы 2006 жылы Алматы қаласында жалауын көтерсе, екінші Әлем біріншілігі Ресейдің Орск қаласында өтті, үшінші Әлем біріншілігі 2010 жылы Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында жалауын көтерді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылға дейін ел халқының 30 пайызы бұқаралық спортпен шұғылдануы керектігін ескертіп, Қазақстан халқына жолдауында спортқа ерекше басымдық береді. «Қазақстан Барысы» жобасы да халықтың салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты серік етуіне, өзінің ұлттық құндылықтарын жоғары қойып, төл спорттың тынысын ашуға серпін беріп келеді. Одан бөлек, «Қазақстан Барысы» жобасы арқылы бүгінге дейін босағадан сығалап, тек ас пен тойдың көркі болып келген қазақ күресінің мәртебесі асқақтады. «Қазақстан Барысы» жобасы арқылы қазақ күресінің Олимпиада ойындарының бағдарламасына ену мүмкіндігі де молайды. Себебі, «Қазақстан Барысында» чемпион атанған спортшы еліміздегі Олимпиада жеңімпаздарымен тең дәрежеде құрметтеледі.
Алдымен «Қазақстан Барысы» турнирін облыстық деңгейде ұйымдастырып көрді. Қызылорда облысының аумағында өткен сында қазақ күресінің шеберлері бұл жоба іске қосылса, ғұмыры ұзақ, көрермені көп болатынын дәлелдеді. Арада көп уақыт өтпей, 2011 жылдың тамыз айында Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде тұңғыш рет Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирі өтті.
Еліміздің әр облысынан 4 балуан, жалпы есебі 64 спортшы қатысқан додада Қызылорда облысының намысын қорғаған Ұлан Рысқұл чемпион атанды. Ұлан дзюдодан әлем кубогы бәсекелерінде олжа салып жүрген, қазақ күресінде де қанжығасы жиі қанданатын спортшылардың қатарынан. Финалда ол әккі қарсыласы, Жамбыл облысының балуаны Бейбіт Ыстыбаевты жеңді. Күміс Бейбітке бұйырса, қола жүлдеге Шығыс Қазақстан облысының батыры Шалқар Жоламанов иеленді. Осылайша, негізінде Алматы облысында дүниеге келіп, кейін Қызылорда өңірінің намысын жыртқан Ұлан Рысқұл тұңғыш «Қазақстан Барысы» ретінде тарихта қалды.
2012 жылы турнир қайтадан жалғасын тапты. Еліміздің әр аймағында іріктеу сындары жүргізіліп, еліміздің әр аймағынан жиналған 33 балуан ақтық сынға қатысу құқына ие болды. Ал, дзюдошы Ержан Шынкеев іріктеу айналымдарына қатыспай-ақ, бірден финалда күресті. Себебі, 2012 жылы «Қазақстан Барысы» турнирін ұйымдастыру ел спортшыларының Лондон Олимпиадасына дайындалған тұсына тура келді де, көптеген балуандар Олимпиадаға қарқынды дайындалды. Осыдан соң, турнирді ұйымдастырушылар наурыз айында өткен баспасөз мәслихатында Олимпиадаға қатысқан балуандар «Қазақстан Барысында» бақ сынаймын десе, оларды тікелей финалға қатыстырамыз деген болатын.
2012 жылы «Қазақстан Барысы» турнирін жамбылдық Бейбіт Ыстыбаев ұтып алды. 2011 жылы ақтық сында сүрінген Бейбіт бір жылдан соң барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп отырды. «Қазақстан Барысы» турнирінің тұңғыш жеңімпазы Ұлан Рысқұл ширек финалда оралдық Арман Әбеуовке жол берді де, жүлде ауылынан алыс қалды. «Тараз арланы» деген лақап аты бар Бейбіт Ыстыбаев финалда шығыстың шымыры Шалқар Жоламановпен белдесіп, таза жеңіспен кездесуді өз пайдасына аяқтады. «Сарыарқа» велотрегін дүбірге бөлеген сында Бейбіт Ыстыбаев еліміздегі ең адуынды балуандардың бірі екенін дәлелдеп, 2011 жылы финалда кеткен есесін қайтарды. Күміс белбеу Шалқар Жоламановқа бұйырса, қола тұғырдан Шығыс Қазақстан облысының тағы бір өкілі Айбек Нұғымаров көрінді. Айбек қола жүлде үшін күресте Арман Әбеуовпен белдесіп, жеңіске жетті.
2013 жылы турнир ауқымы одан әрі кеңейіп, «Қазақстан Барысының» іріктеу айналымдарына қойылатын талаптар күшейе түсті. Сонымен қатар, 2 жыл бойы жанкүйер жүрегіне жол тартып, қазақ күресінің абыройын асқақтатқан жобаға қатысам деушілер қатары да тым көп еді. Алайда, еліміздегі ең айтулы спорттық доданың финалына шығу үшін балуандарға 3 іріктеу кезеңін артта қалдыру керек болды. Алдымен еліміздің әрбір ауыл-аймағында іріктеу сындары өтті. Өз ауылында дес бермегендер аудан орталығында бақ сынап, «Қазақстан Барысы» жобасына іріктеу айналымының екінші кезеңін артта қалдырады. Ал, үшінші іріктеу айналымы әрбір облыс орталықтарында өтеді. Міне, тап осы облыстық сында оза шауып, қарсыласынан басым түскен 2 спортшыға «Сарыарқа» велотрегінде өтетін республикалық финалға қатысу мүмкіндігі берілді. [2]
1. 2 Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері мен қолдану мүмкіндіктеріҚазақша күрес - ұлттық спорттық өнеріміздің ішіндегі күрделі түрлерінің бірі болып саналады. Мұнда жан-жақты дайындығы мол, күшті төзімді, қайратты, епті палуан болмай жеңстен-жеңіске жету, табыстан-табысқа жету мүмкін емес. Кілем үстінде белдескен екі палуанның қайсында жоғарыда айтылған қасиеттерін мол болса, сөз жоқ сонысы жеңіске жетеді. Қазақша күреспен айналысатын палуанның бойында күш қайраты мол болумен қатар, ол өте сезімтал боу керек. Себебі кейбір белдеслер аз уақыттың ішінде, көзді ашып жұмғанша өте шығады. Қазақ күресіндегі жекпе-жекті жүргізу шеберлігі мен әдісі, жеңіске жетудің бірегей әдістері мен тәсілдерін қалыптасыруға, қолданылатын тәсілдердің сапасы мен тиімділігін жақсатруға септігін тигізетін әдістерінің айрықша ерекшеліктерді зерттеу нәтижелері талқыланады. Сонымен бірге спорттық күрестің олипиаядалық және халықаралаық түрлеріне қатысты жеңіске жетудің тәсілдерін орындау әдістерінің белгілі ұқсастықтары мен қолданылуы, қолданылатын құралдары мен күресу әдісінің баяндалуы. [4]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz