Орыс түркологтарының еңбектеріндегі қазақ тілі сөздерінің тапқа жіктелуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Cөздеpді түpлі семaнтикa-құpылымдық топтарға бөлу - морфологияның ең өзекті мәселеcі болып табылады. Біздің дәуірімізге дейінгі coнay IY ғacыpдaғы eжeлгі үнділеpдің aлғaшқы тіл тypaлы еңбeктepінeн бacтay алатын сөздерді таптастыру теориясы жаһандық лингвистикада әлі де болса үзілді-кесілді шешімін таппаған мәселелер қатарына жатады. Бұның себебі, ең алдымен, сөздердің семантикалық деңгейлерінің әр қилы болуына байланысты, сонымен қатар сөз таптастыру морфологиясының ең өзекті әрі ең күрделі проблемасы екендігінде. Оның дәлелі ретінде мынандай мысал айтуымызға болады: есім сөздер мен шылау сөздерді семантикасы жағынан бір денгейде қарай алмасақ, одағайлардың табиғаты тіпті өзгеше, олар (одағайлар) ешбір ақиқат ұғымды білдірмей, тек сөйлеушінің түрлі көңіл күйінің сыртқа шыққан беглісі ретінде қызмет атқарады. 1954 жылы бұрынғы КСРО Ғылым академиясы Тіл білімі иниституның ұйымдастыруымен бұл проблемаға арналып түрлі лингвистикалық иниституттар мен жоғары оқу орындарының жүзден аса өкілдері қатысқан мәжіліс өтуі де мәселенің өте күрделі екендігін білдіреді. Дегенмен, сөздердің осындай көп қырылылығына байланысты туатын қиыншылықтарға қарамастан, әлемдік лингвистикада сөз таптастыру теориясы біртіндеп дамып келеді, тілші-ғалымдар ХХ ғасырда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

Қазақ тіл білімінде де сөздерді түрлі тапқа жіктеу мәселесінің өзіндік даму, қалыптасу жолы бар. Қазақ тілі сөздерін таптастырудың алғашқы сүрлеуі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Н. И. Ильминский, П. М. Мелиоранский, В. В. Катаринский секілді орыс түркологтарының еңбектерінде салынды. ХХ ғасырдың басында бұл мәселе қазақ тілінде А. Байтұрсыновтың еңбегінде жалғасын тапса, Қ. Жұбанов бастаған мамандардың өсіп жетілуіне байланысты сөз таптастыру ісі одан әрі теориялық жағынан толығып, өз дамуының келесі бір маңызды кезеңіне аяқ басты. Ал, қазақ тіл білімінің бүгінгі даму дәрежесі сөз таптастыру теориясына қазір де өз толықтыруларын енгізуде.

Бүгінгі таңда да жекелеген тіл білімдерінде (қазақ тіл білімінде) сөз таптастыру межелеушілерінің (критерий) жетекшілік мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалады деп айта аламыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық ілімнің проблема ретінде қазақ тіл білімінде алғаш қойылып, пайда болуынан бастап, оның қалыптасу, даму процесін жан-жақты зерделеудің, осы даму барысындағы әр бағыт, әр кезеңнің өзіндік жетістік, кемшілігін нақты талдаудың, жалпы сөз таптастыру теориясына қатысты барлық мәселеге айқындық берудің қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтады.

Жұмыста сөздерді семантика-құрылымдық топтарға көрудің күрделі теориялық ілім ретінде қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуынан бастап, оның даму жолы таразыланады. Осы даму жолында кездескен түрлі ағымдар анықталып, олардың негізгі қағидалары белгіленді, ағым өкілдерінің ой-тұжырымдарына нақты талдау жасалып, баға берілді.

Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының өткен жолын таразылаумен қатар, бүгінгі жайлы да сөз етіле отырып, оның жетістігі мен кемшілік тұстары да айқындалды. Қазақ тіл білімінің бүгінгі жетістігі тұрғысынан сөз таптарының сематикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптеріне анықтама берілді.

Жұмыс нәтижесінде сөз таптастыру проблемасына қатысты бірқатар қосымша жаңалық, ұсыныстар енгізілді. Олар: а) модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде танудың негізі жасалады; ә) сөз табы ретінде белгілі одағайды синтаксистік катигория - оқшау сөздер құрамында қыстырма, қаратпа сөздермен бір қатарда қарауға болмайтындығы айқындалады; б) сөз таптастырудың синтаксистік принципі аясында сөздердің тіркесімділік қабілетін ескеру керектігі дәлелденді.

Зерттеу нәтижелерін мектеп бағдарламасы шеңберінде, жоғары оқу орындарында жүргізілетін «Қазіргі қазақ тілі» (морфология) ғылыми курсында пайдалануға болады.

Қазақ тіл білімінің бастан өткізген тарихи белестерін жан-жақты айқындап, бүгінгі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенді безбендемей, алға басу жоқ. Морфологияның өзекті мәселесінің бірі - тілдегі сөздерді түрлі семантика-құрылымдық топтарға жіктеу теориясы да тіл білімі тарихын айқындауда өзіндік орны, салмағы бар мәселе екені анық. Семантикалық принцип бойынша сөздің лексикалық мағынасына қарайды, морфологиялық принцип бойынша сөздің түрлену жүйесін басшылыққа алады, ал синтаксистік принцип бойынша сөздің қай сөйлем мүшесі болуына сүйенеді. Соңғы жылдары қазақ тілі біліміндегі сөз таптары теориясына елеулі жаңалық енгізген С. Исаев болды. Ғалым еңбегі, ең алдымен, қазақ тіл біліміне грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория секілді негізгі іргелі грамматикалық ұғымдарды салмақты қазіргі лингвистиканың даму дәрежесіне сай нақты анықтап, басын ашып беруімен салмақты екенін айтқан жөн. Тілге қатысты әдебиеттерде бұрын да жиі қолданылмағанымен, мән-мағынасы айқын емес бұл грамматикалық ұғымдарды дұрыс түсінбеу салдарының сөз таптастыру проблемасында да бірқатар қателікке әкелгені белгілі болып отыр. Осыған орай, сөз таптастырудың негізгі өзектілігін көрсетеміз.

Қазіргі қазақ тілі сөздерін түрлі семантикалық - құрылымдық топтарға (сөз таптарына) жіктеуде бір қиыншылық туғызатын жайт - көш, тоң, жылы секілді тағы басқа бір қатар түбір сөздердің әрі есім, әрі етістік болып келуі болып табылады. Бұндай мәселелерді ғалымдардың еңбектерінен саралап, ажыратып көрсету керек.

Тіл білімінде сөздің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы, әдетте ешқандай сөз тудырушы жұрнақсыз іске ауысуына байланысты түсіндіріледі, және бұл құбылыстың жеке сөз таптарына қатысына қарай, яғни сөздің қандай сөз табына ауысқанына қарай адвербиалдану (сөздердің басқа сөз таптарынан үстеуге ауысуы), адьективтену (сөздердің басқа сөз таптарынан сын есімге ауысуы), вербальдану (сөздердің басқа сөз таптарынан етістікке ауысуы), прономиналдану (сөздердің басқа сөз таптарынан есімдікке ауысуы), субстантивтену (сөздердің басқа сөз таптарынан зат есімге өтуі) деп аталады. Ал жалпы сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына өту процесін атау үшін конверсия термині қолданылады. Бұл да әлі тіл білімінде толық анықталып, зерттелмеген мәселелердің бірі болып келеді.

Сөздерді түрлі семантика-құрылымдық топтарға бөлу - морфологияның ең өзекті мәселесі болып табылады. Біздің эрамызға дейінгі сонау ІҮ ғасырдағы ежелгі үнділердің алғашқы тіл туралы еңбектерінен бастау алатын сөздерді таптастыру теориясы әлемдік лингвистикада әлі де болса үзілді-кесілді шешімін таппаған мәселелер қатарына жатады. Бұның себебі, алдымен, сөздердің семантикалық деңгейлерінің әр түрлі болуына байланысты және сөз таптастыру морфологияның ең өзекті әрі күрделі проблемасы екендігінде. Мысалы, есім сөздер мен шылау сөздерді семантикасы жағынан бір деңгейде қарай алмасақ, одағайлардың табиғаты тіпті өзгеше, олар ешбір ақиқат ұғымды білдірмей, тек сөйлеушінің түрлі көңіл күйінің сыртқа шыққан белгісі ретінде қызмет атқарады. 1954 жылы бұрынғы КСРО Ғылым академиясы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен бұл проблемаға арналып түрлі лингвистикалық институттар мен жоғары оқу орындарының жүзден аса өкілдері қатысқан мәжіліс өтуі де мәселенің өте күрделі екендігін білдіреді. Дегенмен, сөздердің осындай көп қырлылығына байланысты туатын қиыншылықтарға қарамастан, әлемдік лингвистикада сөз таптастыру теориясы біртіндеп дамып келеді, ғалымдар ХХ ғасырда айтарлықтай қол жеткізді.

Қазақ тіл білімінде де сөздерді түрлі тапқа жіктеу мәселесінің өзіндік даму, қалыптасу жолы бар. Қазақ тілі сөздерін таптастырудың алғашқы сүрлеуі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Н. И. Ильминский, П. М. Мелиоранский, В. В. Катаринский секілді орыс түркологтарының еңбектерінде салынды. ХХ ғасырдың басында бұл мәселе қазақ тілінде А. Байтұрсыновтың еңбегінде жалғасын тапса, Қ. Жұбанов бастаған мамандардың өсіп жетілуіне байланысты сөз таптастыру ісі одан әрі теориялық жағынан толығып, өз дамуының келесі бір маңызды кезеңіне аяқ басты. Ал, қазақ тіл білімінің даму дәрежесі сөз таптастыру теориясына қазір де өз толықтыруларын енгізіп, сөз таптастыру күрделі зерттелу үстінде.

Тіл біліміндегі әрбір теориялық ілімнің пайда болу, даму, қалыптасу жолдарын айқындау, осы арқылы дәстүр жалғастығын ашу, болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар нұсқау - маңызды іс болып табылады. Қазақ тілі білімінде қалыптасқан сөз таптастыру теориясы бойынша сөздерді түрлі топтарға жіктеу барысында әлі де болса, бірқатар қиыншылықтар, шешемін таба қоймаған ірілі-ұсақты проблемалар кездеседі. Соның бірі, сөз таптастырудың синтаксистік принципін қолдану кезінде әрбір сөз табының сөйлемде атқаратын қызметімен қатар жүйелі түрде олардың (белгілі бір сөз табына жататын сөздердің) тіркесу қабілетін нақты анықтаудың өз дәрежесіне емес екені болса, келесі бір сөз таптастыруға қатысты шешімін күтіп тұрған үлкен проблема - сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы процесін зерттеу болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыруға қатысты шешімін табуға қатысты шешемін табуға тиісті жоғарыда аталған проблемалармен қатар кейбір түсінбеушілік жайлар да кездеді. Мысалы, бұрын-соңды жарық көрген қазақ тілі оқулықтарында, тағы басқа бірқатар жеке еңбектерде одағай сөз табынан синтаксистік құрылым ретінде қаратпа, қыстырма сөздермен бірге оқшау сөздер аясында қаралуы аталмыш сөз табы туралы, жалпы морфология мен синтаксистің ара қатынасы туралы екіұшты пікір қалыптасады. Осы орайда, қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының даму барысын зерделеу кезінде бұл жағдайдың 40-жылдардан бастау алатыны анықталатынын білеміз. Соған байланысты Г. Бегалиев пен Н. Сауранбаевтың 1948 жылы педагогикалық училищелерде арналып басылып шыққан «Қазақ тілінің грамматикасында» еңбектерін қарап, тұжырым жасау міндеті туындайды.

Осы қағиданы меже ете отырып, жұмыста қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:

─ Әлемдік тіл біліміндегі сөз таптастыру проблемасының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан кезеңдерге бөлу;

─ Қазақ тіл біліміндегі сөздерді семантика-құрылымдық топтарға жіктеу барысында болған бағыттарды, олардың негізгі қағидасын анықтау;

─ Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі бүгінгі жайына баға беріп, осы мәселеге қатысты әлі түйіні шешілмеген проблемаларды бөліп шығару.

Демек, зерттеу жұмысында болсын, оқыту процесінде болсын, түрлі межелеуіш тұрғысынан анықталған тілдік құбылыстарды бір терминмен атаудың жақсы нәтиже бермейтіндігі ескеріле отырып, бұл екі сөз табы да морфологиялық категория ретінде өз терминдерінде (одағай, модаль сөздер) қалып, ал синтаксистік тұрғыдан екеуі де қыстырма бола алатындықтан оқшау сөздердің осы түрі ретінде қыстырма терминімен атаулы қисынды болмақ. Сондықтан келешек зерттеу жұмыстарында ескерілуге тиіс мәселенің бірі осы жай болуға тиіс.

Дипломдық жұмыстың нысаны болып қазақ тіліндегі сөздерді таптастыруға байланысты және сөз таптастыру принциптеріне байланысты әр жылдары жазылған ғылыми-танымдық мақалалары, тақырыпқа сай ғалымдардың еңбектері, "Қазақ грамматикасы" еңбегі, Қарағанды Мемлекетті Университетінде жинақталған материалдар қамтылды.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Бұл жұмысымызда негізделген ғылыми жаңалылықтарымызды төмендегіше топтастырдық:

─ Сөздерді семантика-құрылымдық топтарға бөлудің күрделі теориялық ілім ретінде қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуынан бастап, оның даму жолы таразыланды. Осы даму жолында кездескен түрлі ағымдар анықталып, олардың негізгі қағидалары белгіленді, ағым өкілдерінің ой-тұжырымдарына нақты талдау жасалып, баға берілді.

─ Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының өткен жолын таразылаумен қатар бүгінгі жайы да сөз етіле отырып, оның жетістігі мен кемшілік тұстары да айқындалды. Қазақ тіл білімінің бүгінгі жетістігі тұрғысынан сөз таптарының семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптеріне анықтама берілді.

Жұмыс нәтижесінде сөз таптастыру проблемасына қатысты бірқатар қосымша жаңалық, ұсыныстар енгізілді. Олар: а) модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде танудың негізі жасалды; ә) сөз табы ретінде белгілі одағайды синтаксистік категория - оқшау сөздер құрамында қыстырма, қаратпа сөздермен бір қатарда қарауға болмайтындығы айқындалды; б) сөз таптастырудың синтаксистік принципі аясында сөздердің тіркесімділік қабілетін ескеру керектігі дәлелденді.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы . Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі алғаш пайда болу, даму, қалыптасу жолын саралау арқылы түрлі бағыт, ағымдар болғанын, олардың негізгі қағидаларын анықтау, сөз таптастырудың бүгінгі күнгі жайын зерделеу арқылы түйіні шешілмеген ірілі-ұсақты проблемаларды бөліп шығару - қазақ тіл біліміндегі морфологияның бұл өзекті мәселесінің болашақ дамуына оң ықпал тигізетіні сөзсіз.

Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер:

1. Сөздерді семантика-құрылымдық топтарға жіктеудің қазақ тіл біліміндегі ірі грамматикалық теория ретінде күрделі даму жолынан өтіп, қалыптасқандығы;

2. Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының дамып, қалыптасуы барысында бір-бірінен айырмашылығы бар семантикалық және лексика-грамматикалық аталатын бағыттардың болғандығы, олардың негізгі ұстанымдары;

3. Қазақ тілі сөздерін таптастыру барысында әртүрлі бағыттар өкілдерінің өз ұстанымы (позициясы) тұрғысынан келуі себепті сөз таптарының саны да, кейбір сөз таптарының сапасы да өзгеріп отырғандығы;

4. Бүгінгі таңда қазақ тілші-ғалымдарының сөздерді түрлі топтарға бөлу мәселесінде жетістіктерге қол жеткізуі нәтижесінде сөз топтастыру теориясының қазақ тіл білімінде негізінен орныққандығы.

Дипломдық жұмысты зерттеу әдістері. Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы, сөздерді таптастырудағы негізгі принциптерін зерттеу тақырыпты ашуға көмектесті.

Дипломдық жұмыстың құрылымы . Жұмыс кіріспеден, негізгі 2 бөлімнен, әр бөлім үш тараушадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Cөздерді таптастыру туралы ғылыми көзқарастар

1. 1 Сөздердi таптастыруға байланысты алғашқы ғылыми көзқарастың пайда болуы

Жеке, нақтылы тілдердегі немесе тілдердің тобындағы сөздерді сөз таптарына топтастыруда сөз таптарының жалпы теориясына (общая теория частей речи) сүйену өте-мөте қажет. Әрине, жеке, нақтылы бір тілдегі сөз таптарының санын да, табиғатын да сол тілдің өзіндік ерекшеліктерін ескермей немесе сол ерекшеліктерге байланыссыз айқындау дұрыс болмаған болар еді. Бұл жерде әңгіме сөз таптарының жалпы теориясының жеке, нақтылы тілдердегі сөздерді сөз таптарына дұрыс топтастыра білуге қатысы жайында болып отыр. Жеке тілдегі немесе тілдердің тобындағы сөз таптарын айқындауда сол тілдердің немесе тілдер тобының грамматикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, сөз топтарының жалпы теориясына негізделу қажет. Мұнсыз сөздерді сөз таптарына классификациялау мәселесі өзінің дұрыс шешімін таба алмайды.

«Жалпы теорияның негізінде ғана тілдер үшін сөз таптарының арнайы теориялық қажетті көрнекі мысалдармен және түсіндірмелермен жасала алынады. Мұндай теориялардың жалпы және арнайы теориялардың өз ара қатынасы жалпы тіл білімі мен нақтылы тіл білімінің, жалпы теориялық грамматика мен жеке тілдердің грамматикаларының арасындағы ара қатынастардан басқаша болмауы керек. Кім сөз жүзінде емес, іс жүзінде жалпы теориялық білімінің, тілдің жалпы теориясының, тіл туралы қазіргі ілімнің саналары ретіндегі жалпы фонетиканың, жалпы лексикологияның, жалпы грамматиканың қажеттілігін мойындаса, сол жалпы ғылыми грамматиканың бөлімдерінің бірі сөз таптарының жалпы теориясын жасау тәжірбиелерінің жөн екендігін мойындамай тұра алмайды.

Сонымен тіл білімінде сөз таптары және олардың классификациясы туралы мәселе сөз таптарының жалпы теориясы тұрғысынан қарауға тиісті мәселе болып табылады.

Лингвистика тарихын әр түрлі кезеңдерге бөліп қарастырушылық бар. Олар: 1) Ежелгі заман лингвистикасы, 2) Орта ғасырлар лингвистикасы 3) Қайта өркендеу дәуірі лингвистикасы, 4) ХІХ ғасыр лингвистикасы 5) ХХ ғасыр лингвистикасы [1, 152-154] .

Біздің жыл санауымыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египедтіктердің, шумерлердің т. б. Шығыс халықтарының жоғары мәдиниеті болғандығын, әр түрлі жазуларды пайдаланғандарын ескерсек, тіл білімінің көне ғасырлардың бірі екендігін байқауға болады. Бірақ египеттіктердің, шумерлердің тілге байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үнді, Ежелгі Греция елдеріне тән.

Ежелгі дәуір - лингвистикалық ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейлінше балаң шағы. Соған қарамастан бұл кезеңдегі лингвистикалық мәліметтерді қазіргі кездегі өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы еді деп санаған жөн.

Ежелгі дәуір лингвистикасында ерекше екі түрлі күрделі проблема болды. Оның бірі-атау, ат қою, екіншісі-грамматикалық өнер (исскуство) проблемасы.

Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Сондай-ақ, грамматикалық өнердің де негізгі ілімі көне жазуы - иероглифке негізделген.

Иероглифтік грамматикаларда морфема сөздер мағынасы, этимология мәселесi болмаса қалыпты грамматикалық әдебиеттердегідей грамматикалық категория мәселелері сөз болмаған. Қытай лингвистикасының өзіндік ерекшелігі, өзіндік дәстүрі де осында.

Адамзат тарихында өзіндік орны бар Қытай жеріндегі грамматикалық ілімнің негізін салған әкелі-балалы Ван-Нянь-Сунь мен Ван-Инь-Чжи қытай тілі сөздерін мағыналы сөздер (шицзы), мағынасыз сөздер (сюйцзи) және көмекші сөздер (чждцзи) деп бөліп, сөздерді іштей зат есім, сын есім, етістік деп ажыратты [2, 6] . Бірақ бұл тілде жазылып сақталған тарихи материалдар басқа тілдерге, әсіресе европалық тілдерге дер кезінде аударылмағандықтан, ғылым әлемінен шектеп қалып келеді. Лингвистикалық нұсқалар жағдайы да осындай.

Сондықтан лингвистка тарихын зерттеген Европа ғалымдарының барлығы дерлік әңгімені Ежелгі Үндістан, Ежелгі Грециядан бастайды.

Ғылымда қалыптасқан көзқарас бойынша тіл туралы ғылымның алғаш пайда болуы ежелгі үнділерден басталады. Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы V ғасырдан басталады. Бұл материалдардың ғылыми жүйелігіне, ой тереңдігіне қарағанда Үндістан лингвистикасы бұдан да бұрын болғанға ұқсайды. Тіл білімі мұнда практикалық қажеттіліктен туған. Үнділердің өте ерте ежелгі дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған «Веда» деп аталатын кітаптары болған. Біздің дәуір алдындағы VІ ғасырларда белгілі болған бұл жинақты үнділер қасиетті, киелі деп санаған және қазір де солай санаушылық бар көрінеді. «Веда» жөніндегі зерттеулер үнділердің аса көрнекті лингвисі Яски мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманымызға жетті.

Яски біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырларда өмір сүрген. Ол - «Веда» тілінің бес томдық сөздігін жасап түсінік жазған адам.

Панинидің біздің дәуірімізге дейінгі ІҮ ғасыр шамасында жазған «Аштадхьяй» (Грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі) деген еңбегінде төрт мыңнан астам грамматикалық ереже берілген. Бұл еңбегінде Панини «Веда» тілін қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған үнділердің санскрит деп аталатын көне әдеби тілінің және «Веда» жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөз туғызу, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттелген. Панини еңбегі - тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматикасы. Ол санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады. Мұнда сөздерді тапқа, түбірге, түрлі қосымшаларға бөлу, жұрнақ, префикс дегендердің бәрі де бар. Панини грамматикасы ережелерінің дәлдігіне, зерттеулерінің терең және жан-жақтылығына қарап, бірсыпыра ғалымдар Үндістанда тіл білімі Панинге дейін де даму басқышынан өткен, бірнеше грамматикалық еңбектер жазылған болу керек деп жорамалдайды. Бірақ ондай еңбектердің болған болмағына ғылымда әзірше белгісіз.

Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп төрт топқа бөлген де әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаттаған. Етістіктің шаққа бөлінуі, есімдерде жеті түрлі септік жалғаудың барлығы т. б. көптеген грамматиканың мәселелер өте дәлдікпен шешілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
ХIX ғасыр орыс түркологтарының грамматикалық еңбектері, зерттеу объектілері
Түркологиялық еңбектерде зат есімнің зерттелуі
Орта ғасырлар лингвистикасы
Оқшау сөздердің сөйлемдегі қызметі
Түркі тілдерінің жіктелуі
Зерттеудің практикалық мәні
А. Байтұрсыновтың есім сөздерді жіктеуі
Одағай
Сөздіктің алғы сөзінен үзінді
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz