Қазақстанда неміс тілін коммуникация құралы ретінде сақтау мәселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Серикова М.

Солтүстік Қазақстан тарихындағы немістер (ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. бірінші жартысы)

Астана 2019
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі,
т.ғ.д., профессор
Мусабалина Г.Т.
___ _____________ 2019 ж.

Солтүстік Қазақстан тарихындағы немістер (ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. бірінші жартысы)

Орындаған: Серикова М.

Ғылыми жетекшісі:
т.ғ.д., профессор Мұсағалиева А.С.

Астана, 2019
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕМІС ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ, ДЕРЕКТЕРІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1.1 Солтүстік Қазақстандағы неміс халқының тарихнамасы және деректері
1.2 Тақырыптың зерттеу методологиясы

2 XX ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ШИРЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІГІНДЕГІ НЕМІСТЕР ТАРИХЫ: ҚОНЫС АУДАРЫЛУЫ ЖӘНЕ ЖЕР АУДАРЫЛУЫ
2.1 ХХ ғасырдың басында Cолтүстік Қазақстанда неміс селоларының құрылуы
2.2 Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Солтүстік Қазақстанға немістердің жер аударылуы

3 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕМІС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІ (ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ)
3.1. Немістердің Қазақстан экономикасына қосқан үлесі
3.2. Қазақстан немістерінің мәдени-қоғамдық өмірдегі орны мен рөлі
3.3 Солтүстік Қазақстанның белгілі немістері: қызметі мен қоғамдық-саяси өмірі
3.4 1979 жылғы Қазақстандағы Неміс автономиясының құрылу мәселесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Ғылыми-зерттеу жұмысының сипаттамасы. Тарих тағылымы кез келген өркениетті елдердің ұлттық тәуелсіздіктеріне қол жеткізгеннен кейін, мемлекет құрушы ұлттан басқа да ұлттардың мемлекет дамуына қосқан үлестерін назардан тыс қалдырмай, орнын айқындап отырады. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ жеріне тағдыр талқымен келген, өзге ұлттардың қоныстану тарихы, жаңа жерге бейімделуі және тіршілігі жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда көп этносты ел болып табылатын Қазақстан Республикасында 130-дан артық этнос өкілдері, соның ішінде немістер өмір сүреді. Осы жағдайда мемлекет пен азаматтық қоғамның басым міндеттерінің бірі - Республикада этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады, оған қазақстанда тұратын халықтардың тарихимәдени мұрасын зерттемей, қол жеткізу мүмкін емес.
Еліміз тәуелсіздік жариялағаннан кейін тарих ғылымында белгілі бір түрде өзгерістер орын алып, тарихшылар алдында ғылыми-зерттеу алаңы кеңінен ашылды. Осы тұста тарихшылар алдында еліміздегі диаспоралардың тарихы мен қалыптасуы, мемлекет дамуына қосқан үлесін зерттеу өте маңызды. Қазақ жеріндегі неміс диаспорасының шынайы тарихын зерделеу мәселесінде көп еңбектер жазылғанмен әр жыл сайын уақыт өте келе көптеген деректер ашылып, зерттеу аясын кеңейтіп отыр.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан пен Германия арасындағы ынтымақтастықтың жетістігі - саяси және экономикалық прагматикаға да таралады. Одан да сенімді капитал бар - ол адамдар, халық дипломатиясы мен мәдени алмасу арасындағы жанды көпір. Бұл - Қазақстаннан өздерінің тарихи отанынына кеткен мыңдаған немістер. Бұл - қазіргі кезде Қазақстанда өмір сүріп жатқан немістер... [Қазақстан немістері: тарихы және қазіргі заманғы этноәлеуметтік үдерістер Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ғылым комитеті, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы. - Астана, 2016. - 144 б. 59-б.] деген сөздерінен қазақ жеріндегі немістердің ел дамуына тигізген оң ықпалын жоғары бағалайтынын аңғартады.
Ғылыми-зерттеу жұмысының зерттелу деңгейі. Қазақстандағы неміс диаспорасының тарихы жайлы еңбектерді сараптай келсек, еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттағы еңбектер санының көбейгенін аңғарамыз. Негізінде, неміс ұлты өкілдерінің қиын тағдыры, өмірі, қоныс аудару мәселелері бойынша зерттеулер қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған этностар тарихын зерттеу мәселелерінен туындаған.
1997 жылы Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президенті мұрағаты құрастыруымен Қазақстандағы немістер тарихынан атты құжаттар жинағы жарыққа шықты. Аталған жинақ Қазақстандағы немістердің құқықтық, әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайын мұрағат құжаттары негізінде қарастырудың елеулі қадамдардың бірі болған. Жинақ құрастырушылары 1921-1975 жылдар аралығында Қазақстан Коммунистік партиясы қызметі барысында жасалған таңдаулы, әлі толық зерттелмеген құжаттарды жарыққа шығарған [Из историй немцев Казахстана (1921-1975 гг.). Сборник документов: Архив Президента Республики Казахстан Отв. Редактор Г.А. Карпыкова. - Алматы - Москва: Готика, 1997. - 376 с.].
Қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған тағдырлары мен олардың тарихын қарастыратын жұмыстардың бірі 1997 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 стратегиясынан кейін жарыққа шықты. Белгілі тарихшылар, әлеуметтанушылар, қоғам қайраткерлері Қазақстанға қуғындалғандың күнделікті өмірі, азаматтық құқықтарға ие болуын құжаттар негізінде зерттейді. Еңбекте немістер, корейлер, ингуштар мен шешендер, түріктер және басқа да ұлт өкілдерінің қиын тағдырлары қарастырылды [Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы. - Алматы: Арыс - Қазақстан, 1998. -428 с.].
2013 жылы Алматы қаласында Возрождение Қазақстан немістерінің бірлестігінің қолдауымен Е.С. Шепель мырзаның История судеб из уст очевидцев атты құжаттар жинағы жарық көрді. Бұл жинақта оқырманға депортация мен репрессияға ұшыраған Ресей немістері тарихына жеке адамдар тағдырының призмасы арқылы қарауға мүмкіндік береді. Зерттеулер тарихи анықтамалар, мұрағат құжаттары мен құжаттық дәлелдемелер негізінде жасалған [История судеб из уст очевидцев. Сборник материалов по истории этнических немцев в годы депортации. - Алматы: Ассоциация общественных объединений немцев Казахстана Возрождение, 2013. - 86 с.].
Ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша құнды кітаптардың бірі Депортация народов в Казахстан в 1930-1950 гг.: общность истории саналады. ХХ ғасырдың 30-жылдары Қазақстанға күштеп қоныстандырылған өзге ұлт өкілдері мен олардың туыстары естеліктері негізінде жазылған жұмыстардан сол уақыттың куәгерлері заманның аласапыран тұстарын еске алып, өзіндік бағаларын береді. Болашақ үшін естелік халықаралық жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыруымен шыққан еңбек негізінде 82 сұхбат алынып, Кеңес өкіметі саясатының қыр-сырларын зерттейтін ізденушілерге маңызды болып табылады [Депортация народов в Казахстан в 1930-1950 гг.: общность истории (интервью с пострадавшими от депортации в 1930-1950 годы в Казахстан). - Астана, 2013г. - 683 с.].
Ғылыми-зерттеу жұмысына А.М.Мамырбековтың Шығыс Қазақстандағы неміс және поляк диаспораларының тарихы зерттейтін маңызды болып табылады. Бұл жұмыс біздің зерттеу жұмысы аясынан тыс болса да, ғалымның неміс ұлты өкілдерінің қоныстану тарихы, диаспора ретінде қалыптасуы, миграция қозғалысы, мәдени дамуы жайында қозғаған мәселелері Солтүстік Қазақстанға қоныстандырылған немістерден өте қатты айырмашылық құрамайды [Мамырбеков А.М. Шығыс Қазақстандағы неміс және поляк диаспораларының тарихы (ХХ ғ.). - Семей, 2014. - 192 б.].
2015 жылы 5-7 қазан аралығында Алматы қаласында Қазақстан немістерінің Возрождение бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан немістері: Астана мен Берлин арасындағы көпір атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция қатысушылары өз баяндамаларында Қазақстандағы немістер мәселелерін көтереді, оның ішінде немістердің Германиядан Қазақстанға реэмиграциялауы; Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық және мәдени байланыстар; еліміздегі ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы. Қатысушылар өз баяндамаларында аталған мәселелердің шешу жолдарын ұсынады [Қазақстан немістері: Астана мен Берлин арасындағы көпір. Халық. ғыл.- практ. конф. мат. (Астана қ., 5-7 қазан 2015 ж.). - Алматы: АООНК Возрождение, 2015. - 560 бет.].
Қазақстандағы неміс диаспорасының тарихына жаңаша көзқарас жағынан, тұрмыс-тіршілігі жайлы сипаттайтын Қазақстан немістері: тарихы және қазіргі заманғы этноәлеуметтік үдерістер деген еңбек өзінің ауқымдылығымен ерекшеленеді. Еңбек Қазақстан немістерінің тарихы мен қазіргі этникалық-әлеуметтік үдерістеріне арналып, оның шығуына Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Білім және Ғылым министрлігі ықпал жасады. Жұмыста ХІХ ғасырдың аяғынан бастап Қазақстан немістерінің қалыптасу тарихы зерттелген, 1940 жылдардың басында депортация және ХХ ғасырдың соңындағы эмиграция кезінде орын алған, немістердің саны мен орналасуындағы өзгерістер қарастырылады, сонымен бірге қазіргі этнодемографиялық және этномәдени даму мәселелері талданады [Қазақстан немістері: тарихы және қазіргі заманғы этноәлеуметтік үдерістер Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ғылым комитеті, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы. - Астана, 2016. - 144 б. ].
2017 жылы Ресей Федерациясының Омск қаласында Д.С. Лихачев атындағы Ресей ғылыми-зерттеу институты мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесіп Қазақстан мен Сібірдегі немістердің мәселесі жайлы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференция барысында Солтүстік Қазақстан өңіріне немістердің көшірілуі, олардың әлеуметтік жағдайы, мәдени өмірі, діні, олардың тарихы мен азаматтардың тағдыры мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар мақала авторлары неміс халқының қауым ретінде қалыптасуы және этнотарихи дамуы және бүгінгі таңдағы жағдайы жан-жақты сипатталады [Немцы Казахстана и Сибири: история и современные проблемы развития: материалы Международной научнопрактической конференции гл. ред. И.А. Селезнева; отв. ред. М.Л. Бережнова, С.Р. Курманова, К.Ю. Гизиева. - М.: Институт наследия, 2017. - 198 с - 2 с.].
Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Солтүстік Қазақстан немістерінің тарихын, диаспора ретінде қалыптасу және даму ерекшеліктерін жан-жақты зерделеу мақсаты айқындалады. Осы мақсатқа жету үшін келесі ғылыми міндеттер орындалуы тиіс:
oo Солтүстік Қазақстандағы неміс халқының тарихнамасы және деректерін талдау;
oo ХХ ғасырдың басында Cолтүстік Қазақстанда неміс селоларының құрылуы мәселесін қарастыру;
oo Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Солтүстік Қазақстанға немістердің жер аударылуын зерттеу;
oo Солтүстік Қазақстанның неміс тұрғындарының күнделікті өмірін қарастыру;
oo Немістердің Қазақстан экономикасына қосқан үлесіне талдау жасау;
oo ХХ ғасырдағы Солтүстік Қазақстанның неміс халқының демографиялық көрсеткіштерін талдау;
oo 1979 жылғы Қазақстандағы Неміс автономиясының құрылу мәселесін зерттеу;
oo ХХ ғасырдағы Солтүстік Қазақстандағы немістердің қоғамдық-саяси, экономикалық жағдайын, мәдени өмірін қарастыру.
Ғылыми-зерттеу жұмысының жаңалығы. Бұл жұмыс ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр бірінші жартысындағы Солтүстік Қазақстандағы неміс диаспорасының қалыптасуы мен дамуы тарихын жан-жақты зерделеу болып табылады. Зерттеу бұрын ғылыми айналымға енгізілмеген мұрағаттық құжаттар кешеніне негізделген. Диссертациялық жұмыста диаспораларды зерттеуде қолданылатын негізгі теориялық тұжырымдамаларды талдау негізінде, қарастырылатын уақыт аралығында Солтүстік Қазақстанның неміс диаспорасының қалыптасуы мен даму ерекшеліктері анықталды. Қазақстан немістерінің этникалық құрылымында маңызды мәдениет үрдістерінің болуы кеңестік кезеңде оларға қатысты мемлекеттік саясаттың ерекшеліктерімен тікелей байланысты екендігін анықтадық. Неміс көші-қон стратегияларын қалыптастыруға республиканың мемлекеттік саясатының және экономикалық дамуының өзара байланысы анықталды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстың зерттеу әдістері. Ғылыми-зерттеу жұмысындағы қолданған негізгі әдістер мен тәсілдер арқылы зерттеуге керекті материалдарды жинақтап, оларды саралау, ұғымдарды жинақтау, баяндау, пікірлерді қорыту, ғылыми тұрғыда талдау. Сонымен бірге, ғылыми салыстыру негізінде тарихи талдауы басшылыққа алынды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстың хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысы хронологиялық жағынан ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың І жартысындағы уақыт аралығын қамтиды.
Ғылыми-зерттеу жұмысынан күтілетін нәтижелер. Қазақ жеріне депортацияланған, қоныс аударылған немістер мен басқа ұлттардың тарихын зерттеу Қазақстанның тарихи өткенінің толық көрінісін құрудағы заңдылықты және объективті үрдісі болып табылады. Әлеуметтік-мәдени және саяси аспектілерде ол қазақстандық патриотизмді, этнос аралық келісім мен толеранттылығын құруға мүмкіндік туады. Диссертациялық зерттеу кезінде шешілетін сұрақтар, қазіргі заманғы диаспорология сияқты отандық тарихи ғылымдағы өзекті бағытына жатқызуға болады.
Ғылыми-ерттеу жұмысының деректік негізі. Диссертациялық еңбекте Астана қаласының мемлекеттік мұрағатының қорлары қолданылды. Ақмола облысы мен Астана қаласындағы Видергебург қоғамының құжаттары Астана қаласының мемлекеттік мұрағатының №424 - Жаңа астана (1997-2003 жж.) сақтаулы. Атап өтсек: №424 қордың 6 тізімдемесі, 1 іс - Қала күнін тойлау, 1998 жыл, 6 іс - Видергербург қоғамының ұжымы, 17 іс - Видергебург неміс қоғамының жастар клубы, С надеждой в сердце спектаклінің тұсаукесерінен соң, Германиядан келген актерлармен бірге, 2011 жыл, 21 іс - АЛЖИР мұражайында Германия Елшілігінің мемориалының ашылуы, 2012 жыл, Ақордадағы халықтар бірлігі күні, 2006 жыл, Еске алу күні. 31 мамыр, 2002 жыл. Ақмола облысы, Шортанды аудандық мемлекеттік мұрағатынан жергілікті немістер туралы жаңа деректер жинақталды. А.Бараев атындағы Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты мұражайынан осы институтта қызмет еткен немістер туралы фотоқұжаттар алынды.
Сонымен қатар, зерттеу жұмысында ауызша деректер қолданылды. 2018 жылы 20 маусым айында Ақмола облысы, Щучинск қаласында тұратын неміс халқының өкілі, академик Эрвин Госсеннен сұхбат алынды. Эрвин Госсен сұхбатында жер ауып келген жылдардағы немістердің тұрмыстары туралы, А.Бараев атындағы Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтында қызмет еткен жылдары туралы айтып берді.
Сонымен қатар, Ақмола облысы, Шортанды ауданының Новокубанка селосындағы орта мектептің мұражайындағы жергілікті немістер туралы мәліметтер алынды.
Деректер тобының маңызды бөлігі ретінде ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында елімізде және шетелде өткен ғылыми-тәжірибелік конференциялар қорытындысы бойынша жарық көрген ғылыми жинақтар саналады. Мынадай конференциялар жинақтары қарастырылды: История немцев Центральной Азии: Мат-лы международ. Науч. Конф. (г. Алматы, 10 октября, 1997 г.); Миграционные процессы среди российских немцев: исторический аспект: Мат-лы межд. Науч. Конф. (г. Анапа, 26-30 сентября 1997 г.); История немцев Центральной Азии: Мат-лы. междунар. науч. конф. (г. Алматы, 10 октября 1998 г.); Германия - Центральная Азия - диалог культур: история, современность, перспективы: Материалы международной научно-практической конференции (г. Алматы, 1-2 ноября 2001 г.); Сібір немістері: тарихы мен мәдениеті: IV халықаралық ғыл.-практ. конф. материалдары (г. Омск, 29-31 мая 2002.); Два с половиной века с Россией (к 250-летию начала массового переселения немцев в Россию): Мат-лы. 4-й науч.-практ. конф. (г. Москва, 24 - 27 августа 2012 г.); Қазақстан немістері: Астана мен Берлин арасындағы көпір. Халық. ғыл.- практ. конф. мат. (Астана қ., 5-7 қазан 2015 ж.); Вопросы исторической науки: материалы III междунар. науч. конф. (г. Москва, январь 2015 г.); Немцы Казахстана: мост между Астаной и Берлином. Мат. межд. науч.-практ. конф. (г. Астана, 5-7 октября 2015 г.); Немцы Казахстана и Сибири: история и современные проблемы развития: материалы Международной научнопрактической конференции (г. Москва, 2017); Человек в истории: источники о научной и инженерно-технической интеллигенции Казахстана. 1920 - 1950-е гг.: Мат-лы. междунар. науч.-практич. конф. (г. Алматы, 21 апреля 2017 г.). Аталған конференцияларда ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында зерттеушелердің ізденістерімен қатар қазақ жеріне айдауға жіберілген немесе Қазақстанда тұратын неміс ұлты өкілдері ұрпақтарының естеліктері жарияланып, зерттеу аясының ауқымын тереңдетті.
2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мұрағатының қолдауымен Из истории немцев в Казахстане (1921-1975 гг.) [Из истории немцев в Казахстане (1921-1975 гг.). Сборник документов: Архив Президента Республики Казахстан Сост. И.Н.Бухонова, Т.Б. Митропольская. - Алматы: Готика, 1997. 376 с. ] атты деректер мен құжаттар жинақтары жарық көрді. Еңбекте ХХ ғасырдың 20-жылдары КСРО құрылуынан кейінгі неміс ұлты өкілдерінің алып империя территориясындағы орын ауыстырулары құжаттық мағлұматтар негізінде қарастырылды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Диссертациялық зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы оның материалдарын Қазақстандағы немістердің этникалық тарихын әрі қарай зерделеу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Зерттеудің нәтижелері республика халқының көпұлтты құрамын сақтау, мемлекетаралық және ведомствоаралық келісімдердің бағдарламаларын әзірлеу, Қазақстан мен Германия арасындағы өзара тиімді және тату көршілік қатынастарды кеңейту және тереңдету бойынша Қазақстан Республикасының ғылыми негізделген және мемлекеттік саясатты әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Зерттеудің нақты материалдары, қорытындылары, бағалауы Қазақстанның демографиялық тарихының проблемаларын дамытуда, республика халқының тарихына арналған арнайы және жалпылама монографияларды құруда пайдаланылуы мүмкін.
Ғылыми-зерттеу жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, сегіз тараушадан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

1 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕМІС ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ, ДЕРЕКТЕРІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ

1.1 Солтүстік Қазақстандағы неміс халқының тарихнамасы және деректері

Соңғы жиырма жылдан астам уақытта отандық тарихты зерттеудегі ақтаңдақтар анықталуда. Кеңес кезеңінде құпия болған немесе қолданылуы қиын қиын болған көптеген деректер мен басылымдар соңғы жылдары ғалымдар үшін қол жетімді болып, ғылыми айналымға енгізіледі. Олар тек қазақстандық мұрағаттар мен кітапханаларда ғана емес, сонымен қатар шетелдік мұрағат қорларында да сақталады. Қазір бұл деректер мен басылымдарды зерттеу қажет.
Немістер тақырыбы кеңестік ғылымда жабық тақырыптардың бірі болғаны белгілі. Бірақ Кеңес Одағы территориясында мекендейтін немістер туралы зерттеулер болмады деп айту қателік. Немістер жайлы зерттеулер неміс тілі, олардың діні (негізінен атеистік бағыттағы) жайында жазылды. 1960-1970 жылдары немістер мәдениеті мәселелері бойынша зерттеулер қазақстандық немістердің фольклоры мен музыка жайлы мақалалардан құралды [Черказьянова И.В. Летопись диссертаций по историии и культуре российских немцев (1960-е и 2009 гг.): Справочник. - СПб.: Нестор, 2009. - 286 с.; Айсфельд А. Исследования по истории культуры российских немцев История немцев Центральной Азии: Мат-лы международ. Науч. Конф. Алматы, 10 октября, 1997 г. - Алматы, 1998. С. 80-92.]. Тек 1980-жылдардың соңына қарай ұлттардың тарихына зерттеуге мемлекет тарапынан қысымның азаюына байланысты кеңестік немістер, Қазақстанды мекен еткен немістер бойынша жекелеген зерттеулер жүргізіле бастады [Лайгер М.П., Кригер В.Э. География расселения и социально-экономическая характеристика немецкого населения Казахстана в конце ХІХ века Вестник АН КазССР. - Алматы, 1988. № 11. - С.79-81.].
Қайта құру кезеңінде зерттеуші И.В.Черказьянова КСРО-дағы немістер тарихын зерттеу бойынша арнайы институтты құруға ұмтылыс жасайды. Ғалым 1986 жылғы 18-наурыздағы Қазақстан ОК Компартиясы О дальнейшем усилений политико-воспитательной работы среди граждан немецкой национальности, проживающих в Казахстане деген қаулысына сілтеме жасай отырып, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында неміс секциясын құрып, Қазақстандағы неміс халқы тарихына зерттеу жүргізу жайлы айтады [Черказьянова И.В. Летопись диссертаций по историии и культуре российских немцев (1960-е и 2009 гг.): Справочник. - СПб.: Нестор, 2009. - 286 с.; Айсфельд А. Исследования по истории культуры российских немцев История немцев Центральной Азии: Мат-лы международ. Науч. Конф. Алматы, 10 октября, 1997 г. - Алматы, 1998. С. 80-92.].
ҚазКСР Ғылым академиясы бөлімі өкілі М.Лайгер 1990 жылы ғылыми-сараптамалық жинақ шығарады. Бұл жұмыс Қазақстан немістері тарихы бойынша мазмұны жағынан шағын болғанменен бірінші жалпы жарияланым болып табылады [Лайгер М.П. Социально-культурное развитие немцев Казахстана. - Алма-Ата, 1990. 37 с. ]. Қайта құру жылдарында бірінші республикалық ғылыми конференциялар өтіп, Воспитание культуры межнациональных отношений (Алматы, 1988 жыл 11 мамыр) және Немцы в братской семье советских народов (Алматы, 1989 жыл 16-17 маусым) деген баяндамалар тыңдалады.
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында А.Н.Фризеннің және В.И.Кригердің кандидаттық диссертациялары орындалып, қорғалады [Кригер В.Э. Социально-экономическое развитие немецкой переселенческой деревни Казахстана (дореволюционный период): Автореф. Дис. канд. ист. Наук. - Алма-Ата, 1991. - 25 с. ]. Аталған жұмыстарда революцияға дейінгі кезеңдегі Қазақстандағы немістердің ауыл шаруашылығына қосқан үлесі, олардың мәдени өмірі секілді аспектілерге арналған.
Немістерді жан-жақты зерттеген И.В.Черказьянова Қазақстан тарихшылары неміс халқын зерттеу бойынша диссертациялық еңбектерде пионер болғанын алға тартады. Бірақ зерттеуші бұл бағыттағы зерттеулер КСРО-ның ыдырауы мен қазақ жерін мекен еткен немістердің тарихи отандарына көшіп кетуіне байланысты тоқтап қалғанын айтады. Дегенмен Германияға көшіп кеткен В.Э.Кригер аталған тақырыптағы зерттеулерін әлі де жалғастырып жазуда.
Қазақстанға немістердің қоныстану мәселелері бойынша неміс ғалымдары өз ана тілінде еңбектер жазды. Беньямин Пинкус пен Ингеборг Флайшхауер Кеңес Одағындағы немістер: ХХ ғасырдағы ұлттық кігі топтар тарихы (Die Deutshen in der Sowjetunion: Geschichte einer nationalen Minderheit im 20) [ Pinkus B. Fleischhauer I. Die Deutshen in der Sowjetunion: Geschichte einer nationalen Minderheit im 20. Jahrhundert. Bearb. U. Hrsg. Von Karl-Heinz Ruffmann. - I. Aufl. - Baden-Baden: Nomos Verlagsgesellschaft, 1987. - 599 s.] жұмысы неміс ұлты өкілдерінің ХҮІІІ ғасырдан бергі Ресей аймағына қоныстану тарихына арналған. Жұмыста ресейлік немістердің Бірінші дүниежүзілік соғыстағы әрекеттені мен 1917 жылдан кейінгі тағдырлары қаралған. 1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының батыс бөлігіндегі немістерді көшіруге байланысты зерттеушілер өзіндік тұжырымдама жасайды. Олар неміс ұлты өкілдерін көшіруді үшке бөліп қарастырады. Көшірудің бірінші және екінші фазасын талдау кезінде неміс ұлты өкілдерінің қазақ жеріне қоныс аударуы туралы жалпылама сипаттайды.
1990-жылдары немістер тематикасы қазақстандық, сонымен бірге ресейлік ғылыми әдебиеттер беттерінен көрініп жүрді. Осы уақытта жемісті жұмыс істеген зерттеушілердің бірі Л.А.Бургарт болып табылады [ Бургарт Л.А. Международная ассоцация исследователей истории и культуры российских немцев. 1995-2000: Справочник. - Москва: МСНК, 2010. - 220 с. С. 43-47 ]. Зерттеуші неміс халқы депортациясы, арнайы жерлер мен немістер діни мәселелерін қарастырды. Бүгінгі таңдағы немістердің көші-қон үдерісі, Қазақстан немістерінің демографиялық процесстері туралы И.В.Ерофееваның мақалалары әлі күнге дейін маңыздылығын жоғалтқан жоқ [ Ерофеева И.В. Типы миграции немцев в Казахстан в дореволюционный период Миграционные процессы среди российских немцев: исторический аспект: Мат-лы межд. Науч. Конф. Анапа, 26-30 сентября 1997 г. - Москва, 1998. С. 159-170 ].
Қазақстандағы немістердің тарихы мәселесі жөнінде Г.К.Бельгердің публицистикалық мақалалары үлкен қызығушылық тудыруда [ Бельгер Г.К. Помни имя свое: Статьи и выступления о литературе и культуре российских немцев. - Алматы: Гылым, 1999. - 296 с.]. Жазушы мақалаларында негізінен естеліктерді көптеп келтіреді.
Қазақстан тарихшылары республикадағы неміс халқының қоныстану тарихына, депортация мәселесіне, әлеуметтік жағдайлары мен мәдениет, дін мәселелерімен отандық зерттеушілер айналыса бастады. Осы ретте жазылған М.Қозыбаевтың, В.Кригердің, А.Фризеннің [Козыбаев М.К. Немцы Советского Казахстана: факты и действительность История Казахстана: белые пятна. - Алма-Ата: Казахстан, 1991. - 345 с.; Кригер В., Фризен А. Из истории советских немцев История Казахстана: белые пятна. - Алма-Ата: Казахстан, 1991. - 345 с.] мақалаларында неміс диаспорасының қалыптасуы мен даму тарихына баса назар аударылған.
Солтүстік Қазақстандағы неміс диаспорасы мәселесін қарастыру барысында демографиялық үрдістерді назарға алу қажет. ХХ ғасырдың 90-жылдары бұл бағыттағы жұмыстардың бірі ғалымдар М.Х.Асылбеков пен А.Б.Галиев тарапынан жазылды [ Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980). - Алма-Ата: Ғалым, 1991. - 192 с. ]. Ғалымдар ХХ ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық үдерістерін зерттейді. Әр жылдардағы санақ қорындыларын қолданып, статистикалық мәліметтерді сараптап, талдап, этникалық диаспоралар бірі немістер туралы айтқанмен оларды жекелеген зерттеу обьектісі ретінде зерттемейді.
Неміс ұлты ғалымы Карл Штумпттың жарыққа шыққан Ресей немістері. 200 жылдық сүрлеу (Zweihundert Jahre unterwegs. Verlag Landsmannshaft der Deutschen aus Rusland) [Stumpp K. Zweihundert Jahre unterwegs. Verlag Landsmannshaft der Deutschen aus Rusland. - Nachdruck, 1993. - 147 s. ] деген жұмысында Еділ өзені бойындағы немістердің қазақ жеріне қоныс аударуы туралы жазады. Зерттеуші неміс ұлты өкілдерінің қоныс аударуын қарастырғанмен, кейінгі қазақ жеріндегі өмірі жайлы зерттемейді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетімізде Қазақстан мен Ресей Федерация мемлекеттері ғалымдарының бас қосып, күштеп қоныс аудару мәселесі бойынша кешенді жұмыс 1997 жылы жарық көрді. Екі бөлімнен тұратын еңбекте мұрағаттық фондтар құжаттары, ғылыми-анықтамалық аппарат, орыс және неміс тілдерінде түрлі деңгейдегі құжаттар бар. Еңбектің жарық көруіне барынша ат салысқан Қазақстан Республикасы Президент Мұрағаты мамандары араласуымен іске асты. Мұндай қадамдардың жасалуы 1994-1995 жылдар аралығында ведомствоаралық комиссияның араласуымен көптеген құжаттардан құпиялық белгінің алып тасталуы нәтижесінде орын алып отыр [Из историй немцев Казахстана (1921-1975 гг.). Сборник документов: Архив Президента Республики Казахстан Отв. Редактор Г.А. Карпыкова. - Алматы - Москва: Готика, 1997. - 376 с.]. Еңбекте құжаттар алуан түрлі. Олардың ішінде республиканың партиялық органының қаулылары, ақпараттар, справкалар, статистикалық мәліметтер, телеграммалар, кеңес органдарының, ведомстволардың, саяси бөлімдердің хаттары талданған. Барлығы еңбекте 157 құжат алғаш рет талданып отыр.
Қазақстан немістерінің тарихын зерттеу мәселесінде Алматы қаласындағы 1997 жылы өткізілген Орталық Азия немістер тарихы атты халықаралық ғылыми конференцияның өткізілуі болды. Аталған іс-шара Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты ұсынысымен және Германия мемлекетінің Геттинген зерттеу орталығы бірлесуімен өткзілді. Кейінгі жылдардағы конференциялар Возрождение Қазақстан немістерінің қоғамдық ассоциация ұйымы және Германия мемлекеті елшілігі қатысуымен ұйымдастырылды.
Еліміздің шығыс өңіріндегі немістер де Солтүстік Қазақстан жеріндегі немістер секілді тарихы бір болып табылады. Сондықтан Қазақстанның шығысына қоныстанған немістер жайлы зерттеулер ғылыми жұмысымызға маңызды екені белгілі. Шығыс Қазақстандағы неміс диаспорасының тарихын зерттеген Л.Бургарт олардың тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады. Яғни зерттеуші Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңына дейін, ХХ ғасырдың 30-жылдардың соңынан бастап КСРО басшысы Сталин өліміне дейінгі уақыт пен Хрущев жылымығы кезінен немістердің тарихи Отанына оралу кезіне дейінгі аралықты зерттейді. Л.Бургарттың Из истории немецких поселении в Восточном Казахстане (нач. ХХ века 1941 г.) [ Бургарт Л.А. Из истории немецких поселении в Восточном Казахстане (нач. ХХ века -1941). - Усть-Каменогорск, 1999. -125 с. ]. деген жұмысында Қазақстанның шығыс өңіріне қоныстанған немстер тарихының қыр-сырлары қарастырылады. Мұнда Ресей империясындағы көші-қон саясаты және неміс шаруаларының қазақ жерін отарлау үрдісіне талдау жасалады. 1897 жылғы халық санағының қорытындыларын талдай отырып, зерттеуші тек Өскемен уезіне тоқталған. Өскемен уезі 1917 жылға дейін Семей облысы құрамында болғанын ескере отырып, Қазақстанның шығысы толық қаралмай, зерттеу аясы кішігірім болғанын аңғарамыз. Сол секілді жұмыста ХХ ғасырдың басындағы неміс ұлты өкілдерінің діни, рухани тұстарына көңіл бөлінбеген. ХХ ғасырдың бас кезінен бастап 1941 жылға дейінгі уақыт аралығына арналған жұмыста Қазақстанның шығыс өңірінің қазіргі заман тарихы құжаттар орталығы деректері талданбайды, Кеңес Одағы құрылу уақытындағы саяси бағыттағы оқиғалардың неміс диаспорасына тигізген әсері назардан тыс қалып қояды.
Л.Бургарттың Қазақстанның шығыс өңіріндегі неміс ұлты өкілдеріне арналған Немецкое население в Восточном Казахстане в 1941-1956 гг. [Бургарт Л.А. Немецкое население в Восточном Казахстане в 1941-1956 гг. - Усть-Каменогорск, 2000. -375 с.]. деген монографиялық жұмысында жоғарыда айтылған жұмыстың жалғасы секілді болып табылады. Ғылыми жұмыста мұрағат құжаттарын жеткілікті деңгейде пайдаланған автор өңірдегі неміс диаспорасының қалыптасуы мен олардың тарихын сипаттайтын құнды жұмыстардың бірі саналады. Еңбекте неміс ұлты өкілдерін қоныстандыруды ұйымдастыру, немістердің экономикалық, шаруашылық, саяси-әлеуметтік мәселелері жан-жақты қаралады. Л.Бургарт зерттеушілер арасында осы бағытта бірінші болып, арнайы тұрақтардағы немістерге бақылаудың жүргізілуіне, олардың арасындағы демографиялық өзгерістерге тарихи бағытта сараптау жасайды. Дегенмен зерттеуші ХХ ғасыр 50-жылдарының бірінші жартысындағы неміс ұлты өкілдерінің еркіндік алу үрдісін белгілі бір деңгейде зерттемейді. Сол уақыттағы мемлекеттің жарлықтары, қаулыларының негізге алынбауы, немістердің ақталу процесіне қол жеткізу мәселесінің жеткілікті түрде қарастырмағандығын білдіреді.
Немістер жайлы өз еңбегінде айтып өткен ғалымның бірі Н.В.Алексеенко. Ғалымның Историческая демография Казахстана [ Алексеенко Н.В. Историческая демография Казахстана. - Усть-Каменогорск, 2001. - 67 с. ] атты жұмысында Қазақстан Республикасындағы этностардың қалыптасуы мен қазақ жеріндегі өзгеріске ұшыраған демография үдерістеріне тарих ғылымы тұрғысынан түсініктеме береді.
Қазақстанға қоныс аударылған немістердің діни, рухани және мәдени тұстарына арналған зерттеу ғалым В.Диктің Свет Евангелия в Казахстане. История возвещения Евангелия и распростронения общин баптистов и меннонитов в Казахстане (первая половина ХХ века) [ Дик В. Свет Евангелия в Казахстане. История возвещения Евангелия и распростронения общин баптистов и меннонитов в Казахстане (первая половина ХХ века). - Штайнхаген: Samenkorn, 2003. - 384 с.] деген жұмысы болып табылады. Ғылыми жұмыста ғалым Қазақстан территориясындағы неміс ұлты өкілдерінің баптистік ағымды тарату мәселелерін де қарастырады. В.Дик ХХ ғасыр бірінші жартысындағы қазақ жеріндегі неміс-меннониттердің мәдени-рухани өмірін жан-жақты зерттеген авторлардың бірі саналады.
Неміс ғалымы Август Лонзингер өзінің Еділ немістерінің обьективті этнографиясы (Sachliche Volkskunde der Wolgadeutschen) [ Lonsinger A. Sachliche Volkskunde der Wolgadeutchen. Verlag Bernhardt Albert Greiner, - Auflage, 2004. - 239 s. ] деген жұмысында неміс ұлты өкілдерінің қоныстану аймақтарын, этнографиясын жан-жақты талдайды. Автор Еділ өзені бойындағы немістердің қазақ жеріне күштеп қоныстандырылуына тоқтала келіп, қазақ даласындағы неміс ұлты өкілдерінің этнографиялық ерекшеліктеріне, шоғырланған территориясына шолу жасайды. Еңбектің этнографиялық бағытта жазылуына байланысты қазақ жеріндегі немістер тарихына байланысты мағлұматтар аз болып келеді.
Зерттеуші-ғалымдар М.Х.Асылбеков пен А.И.Құдайбергенова қазақ жеріне депортацияланған халықтардың, жалпы мемлекеттің әлеуметтік-демографиялық мәселелерін қарастыратын еңбек жазады. Қазақстан халқының әлеуметтік демографиялық жағдайы (1939-1959 жж.) [ Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. Қазақстан халқының әлеуметтік демографиялық жағдайы (1939-1959 жж.). - Алматы: - Өркениет баспасы, 2005. - 160 б. ] деп аталатын жұмыста ғалымдар көші-қон, мемлекет халқы санақтары, ұлтттық құрам және басқа да көптеген мәселелер құрғақ статистика тұрғысынан қарастырылмай, тарихи жағынан сараптама жасайды.
Қазақстан мен Ресейге қоныс аударылған немістердің әлеуметтік-саяси жағдайларын сипаттайтын жұмыс неміс ғалымы В.Кригермен жазылды. Зерттеуші еңбекте Орталық Азия неміс халқының революцияға дейінгі кезеңі қарастырылып, неміс тіліндегі Фройндшафт газетінде жарияланған мақалалар негізінде құрастырылды. Жұмыстың екінші бөлімінде қазақстандық немістердің кеңестік дәуірдегі қайғылы тарина арналған. Бөлімде еңбек армияларындағы немістердің хаттары негізінде келтірілген тарихи мағлұматтар сол уақыттың куәгері болған азаматтардың естеліктері арқылы үлкен мәнге ие болып отыр. Сонымен бірге немістердің басқа ұлттар алдында дискриминациясы олардың құқықтарын шектеу жолдарын арқылы көрініс тауып отырғандығына автор назар аударады. Үшінші тарауда қазақстандық немістердің естеліктерін талдау публицистикалық материалдар негізінде жүзеге асырылды [Кригер В. Рейн - Волга - Иртыш: из истории немцев Центральной Азии. -- Алматы: Издательство Дайк-Пресс, 2006. - 276 с. ]
Зерттеу тақырыбының мазмұны мен мағынасының тереңдетілуінде 2009 жылы О.А.Ямшанованың тарих ғылымдарының кандидаттық диссертация жұмысының мәні зор. Автордың зерттеу аясы Орталық Қазақстан немістерінің қоныстануы мен саяси-әлеуметтік қызметі болғанменен, еңбектен немістерді зерттеген ғалымдар жұмыстары, неміс диаспорасының Қазақстандағы пайда болуы мен даму ерекшеліктері секілді бағыттар бойынша құнды мәліметтер алу мүмкіндігі туындайды [ Ямшанова О.А. История немецкой диаспоры Центрального Казахстана в ХХ в. Автореф. Диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук. - Караганда, 2009. 30 с.]
Қазақстандағы немістер мәселесі бойынша біз қазақ жеріне күштеп қоныстандырылған халықтар негізінде көп ақпарат аламыз. Күштеп қоныстандыру мәселесі бойынша М.Ч. Кылышбекова өз монографиясын зерттейді [ Кылышбекова М.Ч. История депортированных народов Казахстана (1937-1956 гг.). - Алматы, 2008. - 188 с. ]. Ғалым еңбегінде 1937-1956 жылдар аралығындағы Қазақстанға қоныс аударылған халықтар тарихын, себептерін, орналасу территориясын, оларды жұмысқа тарту мәселелері, сол халықтарға билік тарапынан ұстанымдарына тарихи талдау жасайды. Дегенмен ғалым жеке облыстардағы қоныстанған халықтардың аймақтық, ұлттық ерекшеліктеріне көп тоқталып өтпейді. М.Ч.Кылышбекова өзге де ғалымдар секілді немістерді арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырмайды.
Сталиндік тоталитарлық кезең уақытындағы этникалық қуғын-сүргінге арналған жұмыстардың бірі ресейлік И.И.Алиевтың Этнические репрессии [ Алиев И.И. Этнические репрессии. - Москва: Радио Софт, 2008. - 472 с. ]. болып табылады. Зерттеуші ғылыми жұмысында ХХ ғасырдың 30-40 жылдары Кеңес Одағында болған ірі этникалық репрессияны, жаһандық өркениеттегі ауыр қылмыстардың бірі санайды. И.И.Алиев жекелеген ұлттардың репрессияға ұшырау себептерінің саяси қырларын ашады. Зерттеуші өзге ұлттардың тағдырының ауырлығына қарамай, қиыншылық көрген ұлттар қатарына орыс ұлтын да жатқызады. Өз жұмысында зерттеуші этникалық қуғын-сүргінге ұшыраған ұлттар тарихын кешенділік әдістерін қолданып зерттейді. Дегенмен аталған еңбекте қуғын-сүргінге ұшыраған ұлттардың қазақ жеріне жіберілгендігі айтылғанмен, олардың мемлекеттегі атқаратын қызметі, саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелері мүлдем назардан тыс қалады.
Қарағанды қаласында бір топ авторлар ұжымы Қазақстанға жер аударылған немістер жайлы баяндай келе қазақ жеріндегі НКВД қатыгездігі, еңбек майдандарындағы жұмысы жайында тоқталып өтеді. Еңбектің маңыздығы сол ГУЛАГ қасіретін көрген немістердің өздері мен ұрпақтарының баяндап беруінде болып табылады. Құжаттар, очерктер жинағы ретінде жазылған жұмыста фактілік және құжатты материалдар топтастырылған. Кітап соңында ГУЛАГ қасіретінің қатыгездігін суреттейтін бейне ретінде лагерьлерде қаза тапқан немістердің тізімі көрсетілуі аталған дәуірдің қарапайым халықтың тағдырындағы ауыр жылдар екенін дәлелдей түседі [Карлаг ОГПУ-НКВД: От Столыпина до ГУЛАГа. Караганды: Болашақ-Баспа, 2011. 351 с. ]
Қазақстанда өмір сүретін этностардың тарихын баяндайтын көптеген ғылыми еңбектер мен тың материалдар, оқиғалардың тарихи шындығын көрсететін көптеген зерттеулер жарық көре бастады. Кеңес дәуірінде, тарих ғылымының ұстанымдары тұрғысында оқиғаларды талдау, сол негіздегі еңбектерді жарыққа шығару мүмкін болмады [Мамырбеков А.М. Шығыс Қазақстандағы неміс және поляк диаспораларының тарихы (ХХ ғ.). - Семей, 2014. - 192 б. 9-б.]. Сол себепті тәуелсіз ел болу арқасында тарих ғылымы жаңа арнаға бұрылып, жаңа бағыттағы тақырыптарға қызығушылық арта түсті.
Алматы қаласында 2015 жылы өткізілген халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылардың баяндамалырында Қазақстан немістерінің, оның ішінде Қазақстанға Германиядан келген реэмигранттардың мәселелері: Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастық; Қазақстанда неміс тілін коммуникация құралы ретінде сақтау мәселелері; мемлекеттегі этносаралық келісім мен бейбітшілікті қалыптастырудағы іргелі табыстарға жеткен институт ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі мен маңызы талданады. Конференцияға қатысушылардың мақалаларында осы аталған мәселелерді шешудің жолдары ұсынылады [Қазақстан немістері: Астана мен Берлин арасындағы көпір. Халық. ғыл.-практ. конф. мат. (Астана қ., 5-7 қазан 2015 ж.). - Алматы: АООНК Возрождение, 2015. - 560 б.].
Еліміздің және Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтардағы немістердің қоныстануы мен қоғамдық-саяси қызметі жайында көп мағлұматты 2017 жылы Ресейдің Омск қаласында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы жинағынан көре аламыз. Жинақтағы авторлар баяндамаларында Солтүстік Қазақстан облысына немістердің ҰОС жылдарындағы депортациясы, Павлодар облысындағы немістер, соғыс жылдарындағы немістердің еңбегі, неміс тілі, неміс ғалымдарының жергілікті тарихты зерттеуге қосқан үлесі, РФ Сібір аймағындағы немістер жайында ақпараттар, немістердің діні мен соғыстан кейінгі неміс конфессия жағдайы кеңінен сипатталады [Немцы Казахстана и Сибири: история и современные проблемы развития: материалы Международной научнопрактической конференции гл. ред. И.А. Селезнева; отв. ред. М.Л. Бережнова, С.Р. Курманова, К.Ю. Гизиева. - М.: Институт наследия, 2017. - 198 с.].
Қазақстандағы неміс диаспорасының әлеуметтік мәселелерін қарастыруда олардың тілдік факторларына назар аудару қажет. Зерттеуші А.Бижкенова Қазақстан немістерінің тарихы мен неміс тілінің қыр-сырларын зерттеу арқылы қазақ қоғамына тигізген әсерін зерттейді [ Бижкенова А.Е. Немецкий язык в Казахстане: история и современность: учебно-методическое пособие. - Астана: Мастер ПО, 2017. -93 с.]. Зерттеуші немістердің Қазақстандағы орналасуын кесте түрінде көрсетіп, таралу аймағының бағыттарын анықтап көрсетеді.
Бүгінгі таңдағы Қазақстан неміс диаспорасының мемлекеттегі орны мен олардың қызметін сараптау бағытында зерттеулердің қатарында В.Д.Курганская мен В.Ю.Дунаев еңбегінің маңызы зор. Зерттеушілер Қазақстан неміс диаспорасының қоғамдық өзін-өзі басқару мәселесін әлеуметтік зерттеулер тұрғысынан қарастырады. Возрождение Қазақстан немістерінің қоғамдық бірлестігі асоциациясы араласуымен атқарылған жұмыста Қазақстандағы немістердің әлеуметтік-саяси жағдайы, неміс этникалық тобының елдің қоғамдық өміріне араласуы, қазақстандық немістердің көші-қон үдерісі мен басқа да мәселелер қарастырылады. Еңбекте Қазақстан неміс диаспорасының қоғамдық өзін-өзі басқару механизмдерін жақсарту бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар беріледі [ Курганская В.Д., Дунаев В.Ю. Общественное самоуправление немецкой диаспоры Казахстана: состояние и тенденции развития. - Алматы: Ассоциация общественных обьединений немцев Казахстана Возрождение, 2013. - 198 с.].
2000 жылдардан кейін зерттеу мәселесінде өзгерістер орын алды. Немістер мәселесін зерттеумен айналысқан зерттеушілер көбісі отандарына оралды. Енді бұл мәселе академиялық ғылым аясынан жоғары оқу орны деңгейіне өтеді. ЖОО білім алушылары немістердің қазақ жеріне депортациялануы мәселесін гуманитарлық ғылымдар пәндері барысында оқи бастады.
Бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасының жүргізіп отырған өзара түсіністік, ұлтаралық келісім және татулық саясатына сәйкес көптеген шаралар жүзеге асырылды. Еліміздегі ұлтаралық байланысты нығайту жұмыстары бойынша өткізіліп отырған көптеген ғылыми-тәжірибелік конференциялары нәтижесінде өте көп ғылыми жинақтар шығып, құнды мағлұматтардың жиналуына септігін тигізіп жатыр.
Тарихшы өткен кезеңдерді зерттегенімен, өзінің зерттеу нысанын тікелей бақылай алмайды. Тіпті, қазіргі заман ағымындағы күнделікті оқиғалар да тарих қойнауына жылдам кетуде. Өткен кезеңнің шындығынан сыр шертетін тарихи жәдігерлер (артефакт) арқылы ғана тарихи білімнің негізін құрайтын тарихи мәліметтерге, тарихи ақпаратқа қол жеткізе аламыз. Тарих деректерін алты бірнеше топқа бөлуге болады: 1) барынша көп санды және деректердің маңызды тобы - жазбаша деректер: эпиграфикалық ескерткіштер, қолжазбалар, баспа материалдары; 2) заттай ескерткіштер - әр түрлі бұйымдар, күнделікті пайдаланатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдағы газеттің рөлі
Жалпы аударма теориясы
Лингвистикалық аударма теориясы
Аударуманың теориялық мәселелері
Аударма сапасының бағалау мәселелері
Аударма теориясының негізгі ұғымы және оның басқа ғылыми салалармен байланысы
Сөйлеу әрекеттестігі: қабылдау және түсіну үдерістері
Ілеспе аударманың түрлері
CLIL -ді оқытудың теориялары, дидактикалық принциптері, психологиялық ерекшеліктері және модельдері
ЖАРНАМА МӘТІНДЕРІНІҢ ТІЛДІК СИПАТЫ
Пәндер