Пәнаралық байланыстардың дидактикалық міндеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

І бөлім. Химия пәнін оқытуда пәнаралық байланыс ұғымының ғылыми теориялық негіздері
Ғылыми әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-7
Мектептерде пәнаралық байланыс бойынша оқытудың маңызы мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-12
1.2.1.Мектепте химия пәнін оқытуда пәнаралық байланыстардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-18 1.2.2. Пәнаралық байланыстардың дидактикалық міндеттері ... ... ... ... ... ..18- 25
Педагогика саласында химия пәнін пәнаралық байланыс арқылы оқытудың жаңа технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25-30

ІІ бөлім. Мұғалімнің практикалық іс- әрекетіндегі пәнаралық
сабақтардың жүйесі.
2.1. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру кезіндегі берілетін тапсырмалар түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31-34
2.1.1.Химия пәнін басқа пәндермен байланыстыра оқытуды жүзеге асырудың тәсілдері мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34-42
2.2.Сабақта пәнаралық байланысты практикалық тұрғыда жүзеге асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42-56
2.3. Жаңа технологияны қолдана отырып өткізілген сабақтардың тиімділігіне сараптама жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57-6 2
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64-66

Қосымша

ІІ бөлім. Мұғалімнің практикалық іс- әрекетіндегі пәнаралық
сабақтардың жүйесі.
2.1. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру кезіндегі берілетін тапсырмалар түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31-34
2.1.1.Химия пәнін басқа пәндермен байланыстыра оқытуды жүзеге асырудың тәсілдері мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34-42
2.2.Сабақта пәнаралық байланысты практикалық тұрғыда жүзеге асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42-56
2.3. Жаңа технологияны қолдана отырып өткізілген сабақтардың тиімділігіне сараптама жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57-6 2

2.1. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру кезіндегі берілетін тапсырмалар түрі

Қайсы бір пән болмасын тестілеу әдісі оқушы білім деңгейін тексеруде маңызды, тиімді және негізгі әдіс болып отыр. Соңғы кездері тестілеу арқылы білім тексеру әдісі және тест тапсырмаларының мазмұны көптеп сыналуда, дегенмен бұл әдіс алдағы уақытта да кеңінен қолданыла беретіндігі, жетілдіріле беретіндігі даусыз. Оның себебі:
біріншіден, тест тапсырмаларын орындауға уақыт аз кетеді, мұғалімнің де оқушының да уақыты үнемделеді;
екіншіден, әр оқушыға жеке пән бойынша әз білімінің объективті бағасын алады;
үшіншіден, тест тек білім тексеріп қана қоймай, оқыту функциясын атқаратындықтан әрбір тестілеуден кеиін оқушы білімі тереңдей түседі. Себебі оқушы дұрыс жауапты таба алмаған жағдайда оқулықтағы сәикес тақырыпты қайталап оқиды, пысықтайды.
төртіншіден, кейінгі кездегі тест тапсырмалары деңгейленіп берілуде: I деңгей - тану, II деңгей - жаңарту, III деңгей - білімді, білікті және дағдыны ұғына отырып қолдану. Сондай-ақ IV деңгей - шығармашылық деңгей - оқушы білімінің ең жоғары деңгейі, терең білім көрінісі болып табылады. Инновациялық режимде жұмыс істейді мектептеріміз әр түрлі деңгейлі диагностикалық тестілеу әдісін қолдануда. Оның басты мақсаты - деңгейлеп саралап оқыту жүйесіндегі оқушының білім және білігінің өсу динамикасының, сондай-ақ оқыту үрдісіндегі жеке тұлғаның күйін және даму дәрежесін анықтау. Тестінің нағыз жалпы анықтамасын былай тұжырымдауға болады: тест - берілген деңгейдегі әрекеттің орындалуына және бағалау (эталон ) тәсіліне берілетін тапсырма, яғни тест = тапсырма + эталон. Оқушы өз жауабын эталонмен салыстыру арқылы тапсырманың орындалу сапасын қорытындылайды. Эталонсыз тест кәдімгі қарапайым бақылау сұрағы немесе объективті бағасы жоқ тапсырма болып қалады. Атап айтсақ, эталон бағаның объективтілігін қамтамасыз етеді. Бір қарағанда тест құрастыру жеңіл көрінгенмен оған қойылатын бірқатар талаптар бар. Олардың ең маңыздыларының біріне тестінің негізділігі (адекваттылығы, әрекеттілігі, сенімділігі) - тест мазмұнының оқытудың мақсатына, тексерілетін білімге, яғни білім сапасына сәйкес келу талабы жатады. Бұл өте жоғары талап - білімнің жан-жақты және толық тексерілу талабына жақын.
Тест әсерін сандық бағалау үшін статистикалық әдістер қолданылады. Ол үшін бір сыныпта бір тақырып бойынша білім тексеру әрі тестілеу арқылы тексеріліп, нәтижелері салыстырылады.
Тестінің орындылық (релеванттылық) талабы да негізділік талабына жақын.
Орындылық дегеніміз тест тапсырмаларының мазмұнының өтілген оқу материалының мазмұнымен сәйкестігі.
Сенімділік - тестінің тең бағалы нұсқалары арқылы бірнеше рет білім тексергенде тәтижелерінің тұрақты болу талабы.
Тестінің деңгейлік (жіктеу) күшінің болуы - әрбір оқушының өз білім дәрежесіне сәйкес тапсырмаларды орындауына жағдай туғызатын талап. Егер оқушылардың басым көпшілігі тестіні түгел орындаған немесе орындай алмаған болса, тестінің деңгейлеу күші төмен болғаны және тест тапсырмаларының дұрыс құрастырылмағаны көрсетеді. Яғни тестінің деңгейлік күші тапсырманың қиындығы және оқушылардың оны орындауға шамасы келетіндігі немесе келмейтіндігі тығыз байланысты. Негізінде тест қиын болуы тиіс, бірақ оның қиындығы жіктегіш қабілетінің аумағынан шығып кетпеуі керек. Тестінің қол жетерлік болуы ондағы сұрақтың түсінікті, дұрыс қойылуымен байланысты. Тестінің қарапайым болу талабы, яғни нені сұрап тұрғанын, нені орындау керектігін дәл тұжырымдап беру - білім тексерудің тиімділігінің іс жүзіндегі ең маңызды шарты. Тестінің бірмәнділігі - бір оқушыны көп мұғалім тексергенде бірдей бір ғана баға қою талабы, яғни бақылаудың объективтілігі. Кейінгі кездегі аталған талаптарға қоса тестінің диагносттикалығы жайға талапқа ерекше мән берілуге. Бұл талап бойынша бөлек-бөлек тапсырма бермей, көп сұрақты бойынша жиған бір ғана тапсырма арқылы үлкен бір тақырыпты немесе бүкіл білім жүйесін тексеруге де болады. Сұрақтың немесе тестінің диагностикалық салмағын мына формула бойынша анықтауға болады: Д = АБ, мұндағы А - берілген тақырып, бөлім, білім жүйесі бойынша жауап берген барлық оқушылар саны, ал, Б - берілген сұраққа немесе сұрақтар тобына дұрыс жауап берген оқушылар саны. Мысалы, егер оқушы аммони дигтдрофосфатының,бар қышқылының немесе мыстың гидроксокарбанатының формулаларын табу сияқты қиын тапсырманы орындай алса, онда ол кальций оксиды немесе кремний қышқылының формуласын жазып беретіндігі даусыз, демек ол оқушыға ондай сұрақты бермесе де болады. Тест тапсырмаларын құрастырғанда сұрақты беру реттілігін сақтаудың маңызы зор. Сұрақты беру реттілігін логика ғылымына және бақылаудың мақсатына қарай отырып анықтау керек. Егер тексерудің мақсаты оқу материалын толық, терең игерген оқушыларды анықтау болса, бірінші ретте қиын тапсырмалар тұруы тиіс. Тексерудің сенімділігіне сұраққа берілген жауаптардың саны әсер етеді. Жауап саны аз (2 - 3) болса, кездесоқ дұрыс жауапты таңдау мүмкіндігі артады. Дұрысы - 4-5 жауап берілген 8-12 сұрақтардан тұратын тапсырмалар. Таңдауға берілген жауаптар санының өте көп болуы дұрыс жауапты кездейсоқ табуды қиындатқанмен тестілеуге және тексеруге уақыт көп жұмсалады. Оқушылардың көп жауаптың ішінен таңдау қиындығының кесірінен дұрыс жаупты таңдайтындығын жиі кездестіреміз. Осындай кемшіліктерді болдырмас үшін ешқандай зияны жоқ : білмеймін, дұрыс жауабы жоқ деген сияқты жауаптарды берген дұрыс. Сұрақтардың жауаптарының дұрыс емес және өтірік болуы - тестілеп тексерудің ең үлкен кемшілігі. Білім тексеру кезінде оқушының зейіні күшейеді, жауаптарды таңдап, таңдау кезінде дұрыс емес жауапты таңдағанды ол жауап оқушы жадында дұрыс жауап ретінде ұзақ сақталып қалуы мүмкін.
1-мысал.
Төмендегі аталған куландардың қайсысы атом молекулалық теориясының негізін қалаушылардың бірі:
а) Д. Пристли;
б) К. Шееле;
г) білмеймін
ә) С. Канницаро;
в) Д. Менделеев;
(Дұрыс жауабы: С. Канницаро) Егер оқушы Д. Пристлиді атаса, осы жауапты жадында ұстап қалатындығы даусыз. Ондай олқылықтарды болдырмас үшін анықтама немесе тұжырымдаманы табуы арналған тест тапсырмасын құрастыру әдісін қарастырайық.
2-мысал.
Электролиттер дегеніміз:
а) коваленттік полюсті байланысты заттар;
ә) иондық байланысты заттар;
б) олар әрі коваенттік полюсті, әрі иондық байланысты заттар;
в) ерітінділері электр тоғын өткізетін заттар;
г) балқымасы және ерітіндісі электр, тогын өткізетін заттар; Осылардың ішіндегі А, Ә, Б, В, жауаптары дұрыс, бірақ толық емес жауаптың біреуін таңдағанмен, одан келер зиян аз. В.П. Беспалько дайын жауаптармен берілген сұрақ білімді игерудің тек білімді деңгейін ғана тексереді деген пікір білдіреді. Ал О.С. Зайцев дұрыс жауапты саналы таңдау оқушының сұрақ пен жауаптың мағынасын түсініп, жауаптардың мазмұнын талдай алғанда ғана жүзеге асады деп есептеп, В.П. Беспалькомен келіспейді. I, II, III деңгейлі тест тапсырмаларын құрастырумен қатар, қиындығына қарамастан IV деңгейлі тапсырманы оқушының өте жоғары білім дәрежесін анықтауға болады.
3-мысал.
Температураны жоғарылатқанда Сграфит = Салмаз -2,1 Джмоль реакция теңдеуінің тепе-теңдігі қай бағытқа жылжиды:
а) оңға (алмазға қарай);
б) жылжымайды;
ә) солға (графитке қарай)
в) білмеймін? (Дұрыс жауабы: б) Қорыта келгенде тексерудің қай түрі, формасы және әдісі болмасын барынша күшті оқыту функциясына ие болуы, жоғары білім сапасы жүйелі түрде қалыптастыруы, алынған білімді стандартты емес жағдайларда қолдана білуге үйретуі және шығармашылық ойлаудың қалыптастырылуын қадағалай аклатын болуы тиіс.

2.1.1.Химия пәнін басқа пәндермен байланыстыра оқытуды жүзеге асырудың тәсілдері мен әдістері

Интеграция ұғымын жүзеге асыруда Б.Л.Тевлин, Ц.Б.Кац, Ю.С Царь, А.В.Усова, В.П.Шуман, В.Н.Шушарин, П.Н.Янцен, В.Д,Хомутский, И.С.Карасова, А.Ф.Зубов, В.С.Елагина, Н.Н.Кузьмин және т.б еңбектерінде толығымен жазылған.
В.В.Ильиннің көзқapacы бoйынша ғылыми білімдeргe cиcтeмaтикaлық бaйлaнысқан, лoгикaлық ұғынықты, құрылымы peттeлгeн білімдерді жaтқызaмыз.
А.В.Усoвa білім caпаcының 8 нeгізгі кpитериін бөліп қapacтырды: толықтылық, тереңділік, талаптылық, жүйелілік, майысқақтық, әрекеттілік, тіршілікпен байланыс, беріктілік.
Б.Л.Тeвлин интeгpaцияны құpacтыратын пәнapaлық байланыстың нeгізгі 3 түpін қарастырады: ұғымдық-уақытша, біріктірілген, толықтырылған, оның ішіне 6 тәсілі кіреді.
В.Ц.Eлaгина пәнapaлық бaйлaныcтың 8 тәcілін ұсынады.
А.В.Усовa пәнаралық байланыстың келесідей тәсілдерін ұсынады:
1.Басқа пәндерді оқытудан бұрын алынған білім көзі.
2.Алынған білімдерді практикалық сабақтарда және пән бойынша тапсырмаларды шешуде қолдану.
3. Әртүрлі пәндерден алынған білімдерді тапсырмаларды шешуде қолдану.
4.Пәнде оқытылатын тапсырманы басқа пәндермен байланыстыру.
5. Денелерді, құбылыстарды, заңдылықтарды және теорияларды басқа пәндермен байланыстыра оқыту.
6. Ортақ білім көзін қалыптастыру.
Кулагин П.Г. ойынша: ... оқушыларға алдын ала алынған білімді өз бетінше басқа пәндерде қолдану қиын, сол себепті оқушылардың өткен сабақтарын мұғалімдер еске түсіруі керек [], Автордың ойынша бұл тәсіл пәнаралық байланыспен оқытуда тиімді болып келеді. Ғалым - педагог Г.Ф.Федорец келесі тәсілді ұсынды. Ол пәнаралық байланыстар туралы мәселелерді шешуде және анықтауда осы тәсілді қолданды: Мұнда жұмыстың екі кезеңі болды: іздеу (поисковый) және орындау (созидательный). Іздеу кезеңі пәндегі оқу тапсырмаларын меңгеруде тұрақтылығы және шынайылығы талқыланады. Оқушыларға анкета, тест тапсырмалары және жазбаша жұмыстарды орындау барысында оқушылар өзбеттерінше басқа пәндермен де жұмыс жасай алады.
Оқушылардың жазбаша жұмыстары келесі критерий бойынша анализденді:
1.Пәнаралық байланыстар туралы толық білім алу.
2.Оқушының жауабында алынған білімнің орны.
3.Пәнаралық байланыстардың синтезінің сапасы.
Жазбаша жұмыстардың нәтижелері пәнаралық байланыстар негізінде білім жүйесін меңгерудің 4 кезеңі бойынша анықталады:
І - ЖАУАБЫ ТОЛЫҚ, егер оқушы (ПБ негізінде) барлық тапсырманы орындаса, басқа пәндермен байланысын ажырата алса, басқа оқу пәндерінің материалдарын еркін әрі терең еткізе алса, толық түсіндірсе, оқушының жауабы эталонды үлгіге сәйкес келеді.
ІІ - ЖАУАБЫ ЖАРТЫЛАЙ ТОЛЫҚ, егер оқушы тапсырманың 23 бөлігін ғана айта алса, басқа курстардың аргументтерін білмесе, алынған білімін жартылай ғана қолданса, логикасы және дәлелдемесі толық емес жағдайда болады.
ІІІ- ЖАУАБЫ ТОЛЫҚ ЕМЕС (ФРАГМЕНТАРЛЫ), егер оқушы 23 бөлігінен төмен айтса,басқа пәндермен байланысын анықтай алмаса, жауаптың толықтылығы және дәлелдемесі болмаған жағдайда орын алады.
ІҮ-ЖАУАП ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚСЫЗ, оқушы басқа пәндерден алынатын білімге жүгіне алмайды, ал әлсіз алынған білімі, басқа пәндермен байланысын түсінбеу, оқушының дайындықсыз келгенін көсетеді.
Оқушылардың өтіп жатқан тапсырмаларын ашып қарағаннан кейін, әр оқушыға синтездеуші сұрақтар қойылды. Оған тек өтіп жатқан тақырып қана емес, тақырып аралық сұрақтар да қойылды. Мұнда оқушыларының жазбаша жұмысының анализі мынаны көрсетті: пәнаралық байланыстар негізінде экспериментальды тақырыптар оқушылардың көбі аша алған жоқ.
30%- пәнаралық синтездің жоғары деңгейіне жетті, 60%- ең төмеңгі 4 деңгейде болды. Синтездеуші сұрақты шешу барысында келесі дей жағдай: ешбір жауап 1 деңгейлі болмады, 8%- 2 деңгейлі, 18%- 3 деңгейлі, 74%- 4 деңгейлі болды. Тәжірибе барысында оқушылардың ешқайсысы 1 деңгейде болмағаны, мектептерде пәнаралық байланыстың толық ұйымдастырылмауы. Сонымен қатар оқулықтардың пәнаралық байланыс негізінде жазылмауы болып табылады.
Г.Ф.Федорецтің зерттеу жұмысы бойынша ғылымилық, жүйелілік, мобильділік және дүниетанымды қалыптастыру, кіріктірілген сабақтарды ұйымдастырудың нәтижесінде орындалатынын айтты [].
Келесі тәсіл сыныптық-сабақтың ұйымдасырылуы. Мұнда: Зерттеу барысында оқушылар белгілі бір бірдей жас мөлшерінде және бірдей дайындалудеңгейінде болуы тиіс. Сынып бірдей сабақ жоспары мен сабақ бағдарламасымен оқытылуы тиіс, сонымен қатар сабақ кестесі бәріне бірдей болу керек. Зерттеу барысында оқушылар бір уақытта келуі керек.
Оқытудың негізгі бірлігі сабақ болып табылады. Сабақ белгілі бір пәнге қатысты және оқушылар бір оқу материалымен оқуы тиіс. Сабақ соңында және жыл соңында мұғалім оқушыларды бағалап сыныптан сыныпқа көшіреді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып жастағы оқушыларды оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру мәселелері
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды арттыру
Математиканы оқытудағы пәнаралық байланыстар
Пәнаралық байланыстың оқушы құзыреттілігін арттырудағы рөлі
Биология сабағында пәнаралық байланыс
Сызуды оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы
Математиканың басқа пәндермен байланысы немесе пәнаралық байланыс
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының ең басты мәселелерінің бірі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Пәндердің интеграция деңгейлері
Пәндер