Қазактан поштасынын тарихы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТ
«Экономика және Қаржы» кафедрасы
5В050900 «Каржы» мамандығы
Есептеу нәтижесі
Диплом алдындағы өндірістік тәжірибенің бағдарламаларын орындау туралы
Тәжірибе өту орны : «Қазпошта» АҚ
Кәсіпорын мекен-жайы : Алматы каласы
Cтудент : Толыбаева Эльмира Кажимуратовна
Курс, топ :4 5В050900 «Каржы» мамандығы бойынша
«Экономика және Қаржы» кафедрасынан тәжірибе
жетекшісі
э. г. к., доцент Смагулов А. М.
Шаруашылық істейтін субъектен тәжірибенің жетекшісі
Алматы, 2019 ж.
5В050900 «Каржы» мамандығы
4 курс студентінің өндірістік практика бойынша
Күнтізбелік Жоспар
Студент: Толыбаева Эльмира Кажимуратовна
№
п/п
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
- КазпоштаАҚ компаниясына жалпы сипаттама . . . 5КазпоштаАҚ компаниясының құрылу тарихы . . . 5КазпоштаАҚ мақсаттары мен міндеттері . . . 18Компанияның негізгі салалары мен қызмет түрлері . . . 11КазпоштаАҚ еншілес кәсіпорындары . . . 20КазпоштаАҚ-ның басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы . . . 22
- КазпоштаАҚ негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін талдау . . . 37
2. 1 КазпоштаАҚ қызметінің негізгі нәтижелері . . . 37
2. 2 Есеп-кассалық қызмет көрсету . . . 43
2. 3 Депозиттер . . . 45
2. 4 КазпоштаАҚ инвестициялық қызметі . . . 47
2. 5 КазпоштаАҚ несиелік рейтингісі . . . 51
- КазпоштаАҚ қызмет көрсету сапасы және оны жетілдіру жолдары . . . 54КазпоштаАҚ қызмет көрсету саласын жетілдіру . . . 54КазпоштаАҚ даму стратегиясы . . . 59
Қосымшалар . . . 63
Кіріспе
Мен, Толыбаева Эльмира Кажимуратовна «Қаржы» мамандығының 4 курс студенті, өндірістік тәжірибені 22. 01. 2019ж. - 30. 04. 2019 ж. Аралығында КазпоштаАҚ өттім. Аталған жұмыс орнында практика уақыты өте қызық әрі пайдалы өтті. «Қазпошта» АҚ қызметі мен көрсететін қызметтер түрімен таныстым. Қазпоштаның ағымдағы жағдайы мен негізгі қаржылық көрсеткіштерімен таныстым.
Өндірістік тәжірибені өту мақсаты Университет қабырғасында оқу процесінде алған теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекіту, өзінің болашақ мамандығы бойынша тәжірибелік еп (машық) алу және болашақ маман ретінде кәсіби қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.
Өндірістік практиканың міндеттеріне келесілерді жатқызуға болады:
- кәсіпорынның қызметін зертеу;
- оның ішкі және сыртқы салада иеленетін орнын зерттеу;
- кәсіпорын өнім шығарумен айналыспағандықтан, қызмет көрсету процесін қарастыру;
- кәсіпорынның технологиялық схемасы;
- басқару құрлымы туралы ақпарат алу;
- бөлімшелер мен басқарылатын бөлімдер функциялары;
- кәсіпорынның негізгі техника экономикалық көрсеткіштерін талдау (ол көрсеткіштердің әртүрлі болып, уақыт шамасына байланысты өзгеруін, яғни экономикалық өзгеруін сипаттау және түсініктеме беру) ;
- өндірістік шара қызметінің талдауын жасау үшін ақпарат жинау;
- қорларды шығару мен тиімділікті жоғарлатуға ұсыныстар жасау. Өткізу түсінігін әртүрлі көзқарас бойынша айыруға болады. Осылай кәсіпорын активтері мен балансының өтімділігі туралы, сонымен қатар активтер кәсіпорын міндеттемелерін жабу көзі болып табылады. Өткізу активтерінің шамасы дегеніміз, ол баланстың айналымдық өткізуін активтерін ақша құралдарына айналу уақыты: белгілі актив түрі ақшаға ауысу уақыты төмен болса, онда оның өткізулігі жоғарлайды. Баланстың өткізулігін талдаудың мәні активтер бойынша құралдарды салыстыру. Соған байланысты өткізілу дәрежесі бойынша топтастырылған және өткізудің кему тәртібі бойынша орналасуы, пассив міндеттілігі бойынша, талдау мерзімі бойынша топтастырылған және мерзімнің өсу тәртібімен орналасқандығын талдау.
1. КазпоштаАҚ компаниясына жалпы сипаттама
1. 1 КазпоштаАҚ компаниясының құрылу тарихы
Қазпочта ТМД аумағында бірінші болып пошта-жинақ жүйесін құрастырып енгізген бірден-бір пошта әкімшілігі болып табылады. КазпоштаАҚ-ның сапалы пошта-жинақ жүйесін құрастырудағы жұмысының нәтижелері Байланыс саласындағы аймақтық достастықпен сәтті деп танылды. Ал Қазақстандағы жаңа пошта жүйесінің үлгісі Достастық елдері пошта әкімшіліктері үшін болашағы мол даму жолы ретінде атап өтілді.
Бүгінгі күні қазақстандық пошта 21 000-ға жуық қызметкер, республика бойынша 3200 байланыс бөлімшелері, 14 облыстық және 4 республикалық мәндегі филиалдан тұрады.
Қазіргі кезде қазақстандық поштаны көп функционалды қаржылық супермаркетке айналдыру үрдісі жедел іске асырылуда. Мұнда жақын арада пошталық, қаржылық және басқа да қызметтер көрсетіледі. Қазақстан сияқты үлкен мемлекетте ақпараттық қоғамның дамуы жағдайында әмбебап логистикалық операторының қызметінсіз мүмкін емес.
Қазпочта бүгін - көп қызметті қаржылық супермаркет болып табылады. Еркін бәсекелестік жағдайында почта қызметтері жаңа стратегиялар мен жаңа коммерциялық жолдарды өңдіруде. Радио болсын, телефон болсын, интернет болсын адамзатты почтадан айыра алмады, керісінше, қазіргі жағдайларда почта - байланыс құралы ретінде таяу уақытта жойылады деген торығушылық болжамдарға қарамастан, өз дамуын жалғастыруда. Почта қызметінің әлемдік нарығындағы негізгі үрдісі - көптеген қызметтерді кіргізетін, әсіресе қаржы қызметін, әмбебап почта қызметін құру болып табылады. Қазіргі пошта - жеке, әрі заңды тұлғаларға пошталық, агенттік және қаржылық қызмет көрсету кешеніне бағытталған
КазпоштаАҚ 2006 жылдың қаңтарынан «Самұрық» мемлекеттік холдингісіне кіреді. Бұл даму институтын құрғанда алға қойған басты мақсаттар корпоративтік басқару, мемлекеттің қызығушылығын қорғау мен макроэкономикалық тұрақтылықты одан әрі қолдау болды.
Қазіргі кезде 89 жедел пошта пункті қызмет көрсетеді, Қазпочта бөлімшелері негізінде «бір терезе» ұстанымы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылуда.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы аумағында ішкі және халықаралық жөнелтімдерді бақылау автоматтандырылған жүйесін енгізу арқылы қазақстандық пошта халықаралық EMS қызметі сапасын сәтті дамытуда. Бұл сертификаттау деңгейінде өз үлесін тигізді. 2006 жыл қорытындылары бойынша «EMS-Kazpost» қола деңгейіне қол жеткзді.
КазпоштаАҚ басқаруды нығайту, персоналды оқыту, пошта байланысын жаңарту, бәсекеге қабілетті пошта-жинақ жүйесі мен тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер сапасын көтеруге бағытталған қазіргі күнгі ақпараттық-технологиялық тізбектерді енгізуге зор назар аударады.
Біздің бүгінгі күнгі стратегиямыз - көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту мен оларға нақты сапа стандарттарын бекіту. Компания сапа менеджменті жүйесін енгізумен белсенді түрде айналысуда. Бұл еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру қарсаңында өте маңызды болып табылады.
2007 жылдың желтоқсанында КазпоштаАҚ-ға ХС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкестілік халықаралық сапа сертификаты тапсырылды. Бұл сертификат - компания басқару жүйесінің халықаралық сапа менеджменті стандарттарына сай келетінінің куәлігі. Аталған сертификатқа ие болу компания мен оның қызметкерлеріне ерекше жауапкершлік жүгін артады.
Бүгінгі күні компания 19 елмен пошталық ақшалай аударымдармен өзара айырбас жасауда, соның ішінде ТМД, Канада, Латвия, Литва, Туркия, Эстония, Жапония, Польша және Қытай елдері кіреді, сонымен қатар Швейцариядан түсетін ақшалай аударымдарды төлеуді жүзеге асырады.
Халықаралық сертификатқа ие болып және сапаға деген ұстанымын көпшілікке паш етіп, КазпоштаАҚ өзінің күнделікті жұмысымен халықаралық деңгейге сай сапалы қызмет көрсету компанияның барлық басқару деңгейлерінде, өндрістік бөлімшелерінде басымды міндеті екенін, ал тұтынушылардың қанағаттануын көбейту атқарған жұмысының мақсаты.
Почта банктердің, сақтандыру компаниялардың құнды қағаздар портфелімен басқару жөніндегі инвестициялық қызметін, жүзеге асыратын ұйымдардың және басқа банктік емес қаржылық мекемелердің ресми өкілі болып отыр.
Бүгінгі таңда қазақстандық почта екінші деңгейлі банктердің агенті ретінде халыққа тұтыну несиелерін беру бойынша қызметтерді жүзеге асыруда. Жуырда қазақстандықтар үшін почта ақша алатын (осы мақсат пен банкоматтар орнатылуда), оларды басқа қалаларға немесе шет елдерге жіберуге, сонымен қатар сақтандыруды ресімдеуге, ақшаны құнды қағаздарға салуға, салымдар бойынша сыйақы алуға болатын бірыңғай супермаркеті ретінде болмақ. Қоғам филиалдарында көптеген процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін, банктік операцияларды, почта жөнелтімдерді ресімдеу, әкімшілік-шаруашылық жұмыстарды, бюджеттеу мен құжат айналымы сияқты, Корпоративтік Ақпарат Жүйесі (КАЖ) белсенді енгізілуде. Яғни, хаттарды, жүктерді жіберу, ақша аудару, мерзімді басылымдарға жазылу, жеделхаттарды қабылда, зейнетақыны, стипендия мен еңбекақыны төлеу жедел уақытында орындалатын болады.
Пошта-банктік терминал - пошталық байланыс кәсіпорындарымен көрсетілетін қызметтер бойынша почта-банктік операцияларды автоматты ресімдеу, есепке алу және бастапқы өңдеу үшін арналған почта терезелерінің жұмысын автоматтандыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен. ПБТ келесі операцияларды орындау үшін арналған:
- Ішкі және халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау және табыстау;
- Аударымдарды қабылдау және табыстау;
- Мерзімді басылымдарға жазылуды қабылдау, жеткізу және есепке алу;
- Мерзімді басылымдарды, почтаның халық тұтынатын тауарларын сату;
- Жеделхаттар қабылдау;
- Зейнетақы, жәрдемақы, стипендия және еңбекақы төлеу;
- Халықтан төлемдер қабылдау;
- Халықтан салымдар қабылдау және төлеу;
- Валютамен айырбастау операциялары;
- Ішкі шаруашылық операцияларын тіркеу.
Қазпоштаның бөлімшелерінде КАЖ енгізу 4 жылға, яғни «Қазпошта»
АҚ мен Colvir Software & Solution компаниясы арасындағы кестеге сәйкес 2006 жылдың аяғына дейін есептелген.
Компанияның бәсекеге қабілеттілігі мен серпінді даму проблемелары. Қорыта айтқанда, өсіп келе жатқан бәсеке жағдайларында бүгін әр компанияың өндіріп жатқан тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтің сапасын үнемі көтеру проблемасымен жиі кездесетіндігін атаған жөн.
Нарықта тек тауарлары мен қызметтері тұтынушылардың талабын толық қанағаттандыратын фирмалар ғана тұрақталып қалады. Ұсынылатын тауаурдың немесе қызметтің сапасы компанияның бәсекеге қабілеттіліктің шешуші факторы ретінде маңызды рөл атқарады. Тек жоғары сапалы қызмет көрсетуге ұмьылу кез келген компанияның стратегиялық өзегі болып табылады.
КазпоштаАҚ отандық нарықтың барлық өзекті салаларында жетекші позициясын сақтай отырып, Қазақстан аумағын түгелдей қамтудың артықшылықтарын барынша пайдалануды мақсат тұтады; сол үшін почталық қызметтер мен қаржылық қызметтердің кеңейтілген жиынтығын тиімді ұсынып, алдағы 18 жылда 2018 жылғы жылына 19, 9 млрд теңгені құрайтын түсімді 2020 жылы 47, 5 млрд теңгеге жеткізу, операциялық түсімді 2018 жылғы 0, 07 млрд теңгеден 2020 жылы 1, 5 млрд теңгеге шейін өседі.
- КазпоштаАҚ мақсаттары мен міндеттері
«Қазпошта» АҚ - ҚР Ұлттық почта операторы, Дүниежүзілік почта одағында Қазақстанның почта әкімшілігінің мүддесін білдіреді, жалпы мемлекеттік инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бірі болып табылады.
«Қазпошта» АҚ почталық, қаржылық, брокерлік, агенттік, электрондық қызметтердің үлкен спектрін ұсынады. «Қазпошта» АҚ иелігінде Қазақстанның, әсіресе аудандық және ауылдық жер деңгейінде іс жүзінде бүкіл аумағын қамтитын, елдегі ең ауқымды филиалдық желі бар. Почта желісі бизнес және халық үшін электрондық сауданы, көлік-логистикалық сервисті, қаржылық қызметтерді алға жылжыту үшін тиімді құрал болып табылады.
«Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында баршаға қолжетімді қызметтерді көрсете отырып, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жауапкершілікте болады. Қоғамның тұрақты дамуына үлес қосуға деген өз жауапкершілігін түсіне отырып, «Қазпошта» АҚ барлық мүдделі тұлғамен әлеуметтік жағынан жауапты өзара іс-қимыл жасау бойынша міндеттемені қабылдайды. Компания елдің ең шалғайдағы елді мекендерінде қызмет көрсететіні және қалыптасқан жағдайларда почта байланысы бөлімшелері ауылдағы экономикалық белсенділік орталығы ретінде көріне алатыны «Қазпошта» АҚ артықшылығы болып табылады, ол үшін «Қазпошта» АҚ басшылығы бар күш-жігерін салады.
Компанияда жаңғырту және қызметтерді сапалы ұсынуға өту процесі белсенді жүріп жатыр, бұл қызмет көрсетудің жақсаруын ғана емес, почта желісінің техникалық, операциялық, технологиялық, ақпараттық жаңаруын да білдіреді. «Қазпошта» АҚ үкіметтік бағдарламаларда және «Самұрық-Қазына» АҚ даму жобаларында өзінің қатысуын кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдайды. «Қазпошта» АҚ дамыту мүддесі алға қойылған міндеттерге айрықша жауапкершілікпен қарауды міндеттейтін, ең жоғары мемлекеттік деңгейде көрініс тауып отыр.
Миссиясы
Қазпошта қалалар мен ауылдарды, елдер мен континеттерді байланыстырады, қатынасу үшін уақыт пен арақашықтықты қысқартады, қазақстандықтарға пошта және қаржы саласындағы заманауи, қолайлы және сапалы өнімдермен және сервистермен қамтамасыз етеді. Қазпошта өзінің кез келген қалалық немесе ауылдық бөлімшелерінде барлық қажетті базалық өнімдердің және сервистердің қолжетімділігін қамтамасыз етуі қажет.
Пайымы
Компанияның қаржылық тиімділігі мен әлеуметтік міндеттемелері арасындағы байланысты сақтай отыра, қызмет көрсетудің әмбебап кешені бойынша ұлттық көшбасшысы болу.
Қазактан поштасынын тарихы
Қазақстан почтасының терең тамырлы тарихи дәстүрі бар. Патшалық Ресейдің почта-телеграф байланысының мұрағаттық қорларынан белгілі болғандай, 1860 жылы Верныйде (Алматы қаласы) бірінші почталық байланыс бөлімшесі ашылып, көп ұзамай ол почта-телеграф кеңсесі болып қайта құрылды. Ал 1883 жылы оған 14 почталық байланыс бөлімшесі бағынатын болды. Кейінірек Сырдария облысының Тәшкенттегі почта кеңсесіне бағынатын Перовск (Сырдария өзені бойында) қалалық почта бөлімшесі, Ростов телеграф округінің Нарынқұм теміржол бекетіндегі Нарынқұм (хан ордасы) почта бөлімшесі, Орал губерниялық почта-телеграф кеңсесі, Петропавл уезінің Петропавл почта бөлімшесі, және басқалар ашылды.
Сонымен қатар төңкеріске дейінгі ұлан-байтақ қазақстан аумағында барлығы 250 почта-телеграф кәсіпорны болды. Олардың өзінде шенеуліктер мен жандармерияға және жергілікті ақсүйектерге қызмет етті. Шалғай ауылдарда почта сирек кездесетін еді. Жергілікті жерлерде почта ашу үшін тұрғындар үш жыл бойы почтаны өздері тегін тасуға, баспанамен және керек-жарақтармен қамтамасыз етуге, көбіне почта қызметкерлерінің штатын өздері ұстауға міндеттеме алуы тиіс болатын
Почта байланысының арзан болуы үшін почта идарасы (атты) -почта бекеттері және болыстық басқарма жанында қосымша пункттер ашты. Ондай пункттерде почта жұмыстарын жүргізу болыстық старшиндар мен писарларға жүктелді. Атты-почта даңғыл жолдарының жалпы ұзындығы 20 мың шақырым шамасында болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей империясының почта шаруашылығына үлкен зиян тигізсе, азамат соғысы және басқыншылық жылдары ол барынша әлсіреді. Елдегі хат-хабарлар тасымалдау жүйесі бүлінді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жойылуы даңғыл жолдар бойымен почта тасу санын азайтты, почта бекеттері іс-жүзінде барлық аттарынан айрылды.
Азамат соғысынан кейін Кеңес үкіметі почта байланысын аса зор күйзелістен шығаруға, оны тұрғындар мен халық шаруашылығының қажеттілігі үшін пайдалануға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырды. Мысалы, салмағы 15 гр-ға дейнгі хаттар тегін жіберілетін, мерзімді басылымдарға жазылу почта бөлімшелері арқылы жүргізілетін болды, сондай-ақ, почта бөлімшелері жанында басылымдарды тасымалдау және бөлшек сауда арқылы сату ұйымдастырылды, почта тасымалдау көліктері әскери мақсатпен алынбайтын болды,
Жиырмасыншы жылдардың басында Орынбор қаласындағы Қырғыз әскери комиссариаты жанындағы почта-телеграф басқармасы Қырғыз почта-телеграф округы болып қайта құрылды, ал 1925 жылдың аяғында ол ҚСРО Почта және телеграф Халық комиссариаты жанындағы Қазақ облыстық байланыс басқармасы деп аталатын болды. Сол жылы почтаның даму тарихында тұңғыш рет ауылдық хат тасушы лауазымы құрылды, Алыстағы ауылдарға почта қызметін көрсету үшін тұйықталған атты почта жүйесі енгізілді. Қалаларда атты почта автомобильдермен ауыстырылды, идаралық кемелер мен теміржол көліктері пайдаланыла бастады. 1929 жылы біздің республикадағы бірінші почталық әуе желісі Алматыны Тәшкенттпен байланыстырды. 1930 жылдың басында Қазақстандағы почта-телеграф кәсіпорындарының саны 1250-ге, ал почталық даңғыл жол ұзындығы 42 мың км-ге жетті.
1932 жылы Почта-телеграф Халық Комиссариаты Қазақ КСР Халық Комиссариаты Кеңесі жанындағы Байланыс Халық Комиссариаты деп қайта аталатын болды. 1940 жылы Қазақстандағы байланыс кәсіпорындарының саны 1987-ге жетті және 20 мың км почта даңғылы механикаландырылды.
Ұлы Отан соғысы почта алдына барлық жағдайда армияда, тылда, фронт пен тыл арасында сенімді және тұрақты байланыс орнату туралы қиын да, жауапты да мәселе қойды. Көптеген білікті байланысшылардың армия қатарына алынуына байланысты соғыстың бастапқы жылдары почта үшін аса ауыр болды.
1946 жылдың наурыз айында Қазақ КСР ХКК жанындағы КСРО Байланыс Халық Комиссариатының уәкілеттігі Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы КСРО Байланыс министрлігінің Уәкілеттігі деп қайта аталды. 1950 жылы республикада 2438 почта кәсіпорны (олардың 2083-і аулдық жерлерде) болды
1954 жылы 25 желтоқсанда КСРО Байланыс министрлігінің Уәкілетті Басқармасы Қазақ КСР Байланыс министрлігі болып қайта құрылды, Почта және электр байланыстары сол министрліктің бірыңғай «Байланыс» саласын құрды. Алпысыншы жылдардың ортасында Қазақстанда толық қанды қызмет көрсететін 4000 байланыс бөлімшесі жұмыс істеді. Бұл кезеңде почта саласы тиімділікпен жұмыс істеді, бірақ, барлық табыс электр байланысын дамытуға жұмсалды. Зейнетақы жеткізуден және телеграф-телефон қызметін көрсетуден алынатын табыстар Жалпы кірістің негізгі бөлігін құрады. Қазақстан тәуелсіздік алып, егеменді ел болғаннан кейін саладағы жағдай күрт өзгерді. Қазақстандағы почта саласы (халық шаруашылығының барлық саласы сияқты), ел экономикасының түбегейлі өзгеру кезеңіндегі баға еркіндігіне және бұрынғы Кеңестер Одағының қалыптасқан почта байланысы жүйесінің бұзылуына байланысты орын алған белгілі қиындықтар мен проблемаларға кезікті. Мұның өзі почта жөнелтімдері санының және бүкіл республика бойынша байланыс бөлімшелер санының азаюына әкеліп соқты.
Қоғамның негізгі мақсаты ретінде тұтынушылардың үміттеріне сәйкес келетін сапалы деңгейді ұсынатын, пошта-жинақтау жүйесінің қызметтеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы әр заңды және жеке тұлғаға тиімді әдістерді, жоғарғы сапаның инновациялары мен стандарттарын пайдалана және азаматтарға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ете отырып пошталық және қаржылық қызметтерін ұсыну.
КазпоштаАҚ басқаруды нығайту, персоналды оқыту, пошта байланысын жаңарту, бәсекеге қабілетті пошта-жинақ жүйесі мен тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер сапасын көтеруге бағытталған қазіргі күнгі ақпараттық-технологиялық тізбектерді енгізуге зор назар аударады.
Компанияның мақсаттары
1. Заманауи және өнімді бизнес-үдерістерге көшуді қамтамасыз ету мақсатында қол жеткізілген еңбек нәтижелері және технологиялық үрдістердің деңгейіне сараптама жасау негізінде негізгі қызмет түрлерінің тиімділігін арттыру;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz