Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің қазіргі жағдайын зерттеу, бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Мемлекеттік сектор ұйымдарындағы есеп және ішкі аудит қызметі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1.1
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІПТЕРІ

1.2
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ АКТИВТЕР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

1.3
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ТӘРТІБІ

2
ТҰРҒЫН ҮЙ - КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЙЫМЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ТАЛДАУ

2.1
ТҰРҒЫН ҮЙ - КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЙЫМЫНЫҢ ТЕХНИКО ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ БОЙЫНША ТАЛДАУ

2.2
ТҰРҒЫН ҮЙ - КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНДЕ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2.3
ТҰРҒЫН ҮЙ - КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАРЖЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

3
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ЕСЕП ПЕН ІШКІ АУДИТТІ ЖЕТІЛДІРУ

3.1
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ІШКІ АУДИТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.2
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ЕСЕП ПЕН АУДИТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ТІРКЕМЕЛЕР

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстандық экономиканың қазіргі заманғы даму кезеңіндегі қаржыны басқару саласындағы бақылауды жақсарту дер кезіндегі талдауды және тиімді мемлекеттік саясатты талап ететіндей ауқымды өзгерістермен орындалады. Нәтижесінде елдің жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының шешуші факторы болып қалады. Ал аталған мәселелерді шешуде мемлекеттік қаржылық және есептік саясат ерекше роль атқарады.
Қазақстанның алдында тұрған негізгі мәселелердің ішінде қаржыны басқару үрдістері маңыздысы болып саналады. Себебі, олар экономикалық өсудің қарқыны мен үлесіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Мемлекеттік әлеуметтік және есеп саясатын реформалау тек қана қаржылық-экономикалық іс-шараларды жүзеге асыруды ғана емес, қабылданған шешімдердің әлеуметтік салдарларын толық есепке алу, соның ішінде бухгалтерлік есеп-қисап пен экономикалық талдау арқылы қоғамды мүмкіндігінше үйлесімді жағдайға жақындататын қадамдардың жүйесін білдіреді.
Аймақтардың өзін-өзі басқару деңгейлерінің өсуі мен өкілеттіліктерді шектемеу тенденциясының ныгаюы жергілікті әкімдердің жауапкершілігін және еңбек нарықтарын басқару мен реттеуді жүзеге асыратын институттардың жуапкершілігін жоғарылатты. Осыған байланысты жергілікті қаржы нарығының динамикасын ғылыми тұрғыда жүйелі зерттеудің тәжірибелік мәні аса зор. Себебі, олар жергілікті қаржыны дамытудың стратегиялық мәселелері мен басқарушылық шешімдерін жасауға мүмкіндік береді. Осының барлығы мемлекеттік мекемелер кызметіндегі бухгалтерлік есепті, экономикалық талдауды және аудитті ұйымдастырудағы мәселелерді көбейтіп, еліміздің жеке аймақтарындагы қаржы нарығының теңгермешілігіне кедергілер келтіреді. Аталған мәселелер мен қалыптасқан жағдайларды талдаулардың нәтижелері өзінің өзектілігін ұзақ уақыт бойы сақтайды.
Сонымен қатар, зерттеулердің өзектілігі экономикалық процесстерді басқаруда аймақтардың өзін-өзі басқаруы жағдайында аймақтық деңгейдегі қаржы мәселелерін зерттеудің айтарлықтай мәнге ие болатындығымен негізделеді. Мемлекеттік мекемелерде шығындар сметасының орындалуы жөніндегі ақпараттар тек бюджеттік жіктемелердің баптары бойынша ғана емес, халықты жұмыспен қамту іс-шараларына байланысты шығындардың нәтижелілігін анықтау үшін де қалыптастырылуы тиіс. Бұл мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік және шұғыл есеп жүйесін жетілдірудің қажеттілігін талап етеді.
Қарастырылып отырған мәселенің әлеуметтік-экономикалық мәнділігінің жоғарылығы, мемлекеттік мекемелердің қызметіндегі бірқатар аспектілердің жеткіліксіз зерттелгендігі, қаржы нарығының мақсатты мәселелері және бухгалтерлік есеп пен экономикалық талдауды жетілдірудің өте қажеттілігі дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбының өзектілігі мен мақсатқа сәйкестігін және олардың нәтижелерінің тәжірибелік құндылығын анықтайды.
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттелу деңгейі. Жалпы қаржы нарығы, ондагы іс-әрекетті ұйымдастыру мен қызмет нәтижелерінің жалпы ережелері, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің теориялық негіздері мен негізгі мәселелері келесі шет елдік және ресейлік авторлардың еңбектерінде қарастырылады: А.Смит, Л.Пигу, А.Маршалл, Дж.М.Кейнс, П.Самуэльсон, К.Р.Макконнелл, Г.Беккер, Р.Эренберг, Р.Смит, Р.К.Филер, Д.С.Хамернеш, Л.Роббинс, Ф.Кэне, У.Петти, Д.Рикардо, Э.Бернштейн, Д.Робинсон, С.Л.Брю, Белов А.Н., Кондраков Н.П, Маркина Е.В. және т.б.
Бұл мәселелер бірқатар қазақстандық авторлардың еңбектерінде де қарастырылған, олар: Шаяхметов К.О., Абдраимов Г.Т., Дүйсембаев К.Ш., Тажибаев С.Д., Сатубалдин С.С., Ержанов М.С., Берешев С.Х., Мырзалиев Б.С., Даулетбеков А.Д., Раимбеков Ж.С., Миржакыпова С.Т., Бутин М.Е., Радостовец В.К., Айтжанова Ж.Н., Тайгашинова К.Т., Тулешова Г.К., Жакипбеков С.Ж., Алиев М.К., Сатмурзаев А.А., Тулегенов Э., Каренова Г.С., Шәріпов А.Қ., Мырзалиев Б.С., Абдушукуров Р.С. және т.б.
Мемлекеттік бюджеттік мекемелерінде бухгалтерлік есепті, экономикалық талдауды және аудитті ұйымдастыру мен жетілдірудегі көптеген маңызды мәселелер әлі де жеткілікті зерттелмеген және осы мекемелерге қатысты кейбір арнайы зерттеулер мүлдем жүргізілмеген. Осы айтылғандар дипломдық жұмыстың мақсаты мен мәселелерін таңдауды анықтайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру.
Аталган мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылды:
- мемлекеттік мекемемелердегі шұғыл және бухгалтерлік есептің қазірғі жағдайын зерттеу, бюджеттік мекемелердің шұғыл және бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау, есептілік жүйесінің негізгі модельдерінің мазмұны мен қызмет ету ерекшеліктерін зерттеу;
- мекеменің есеп-қисап бөлімінің ұйымдастырушылық құрылымын жасау, шығындар сметасын орындаудың міндеттерін анықтау және шығындарды есепке алуды жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;
- мекемеге бөлінген жалпы бюджет қаржыларының мақсатты жұмсалуын бақылауды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау және халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарының (ХҚЕС) жіктемелік белгілеріне сәйкес шығындарды есепке алудың жаңа нысандарын жасау.
Зерттеу нысаны Түркістан Қаласы Әкімдігінің Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімі болып табылады.
Зерттеу пәні мемлекеттік сектор ұйымдарының қызметіндегі бухгалтерлік және аудит есептілігінің элементтері болып саналады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі экономикалық теорияның жалпы заңдылықтары мен категориялары, отандық және шет елдік ғалымдардың бухгалтерлік және шұғыл есеп пен есептілік, экономикалық талдау мәселелеріне қатысты фундаменталды еңбектері, заңдылық және нормативтік құжаттар, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің отандық және халықаралық стандарттары болып саналады. Танудың әдістемелік ұстанымы ретінде жүйелік әдіс, сонымен қатар, диалектика, себептілік және функционалдылық ұстанымдары да қолданылады. Зерттеу барысында келесі жалпы және жеке ғылыми әдістер қарастырылды: талдау және синтез әдістері, жүйелік-функционалдық, абстрактілі-логикалық, есептеу-конструктивті, экономикалық-статистикалық, нормативті, эксперттік бағалау әдістері.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады және ---- кесте, --- суретті қамтиды.

бухгалтериялар мiндеттемелер және төлемдер бойынша жеке жоспарларының, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) сатудан түсетiн ақшаның түсiмдер мен шығыстардың жоспарларын, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) сатуынан түсетiн ақшаны есепке алуға және олардың есебiнен (бұдан әрi Ақылы қызметтер - ҚБШ) шығыстарды жүргiзуге, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес бюджеттік ұйымдарға арналған демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн ақшаны есепке алуға және олардың есебiнен жұмсауға (бұдан әрi - демеушiлiк, қайырымдылық көмек - ҚБШ), Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгiлi бiр талаптар басталған кезде тиiстi бюджетке немесе үшiншi тұлғаларға (бұдан әрi - ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ) аудару шартымен беретiн ақшаны есепке алуға, шетел валютасымен операциялар жүргiзуi үшiн шетел валютасындағы шотқа (бұдан әрi - шетел валютасындағы шот) және бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шоты (бұдан әрi - сыртқы қарыздың және байланысты гранттың бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шоты) республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтiң) құны түрiнде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты Нұсқаулыққа сәйкес операцияларды есепке алудың орындалуын жүзеге асырады.
Бюджеттік ұйымдардағы есеп бүгінгі таңда бюджеттік классификациялардың шоттар жоспарымен интеграциялануы мен бюджет орындауының қазынашылық жүйеге өтуіне байланысты қайта өрлеу жағдайында. Сонымен бірге, мемлекеттік сектордағы салалық есеп стандарттарының болмауы бюджеттік есептің қайта құрылуына бөгет келтіріп отыр.
Бюджеттік ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары есепке алынатын объектілерді есепке алу және бағалаудың балама әдістерінің барлығының егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтиды, олардың ішінен бюджеттердің барлық деңгейлерінің барлық мемлекеттік мекемелері үшін бірыңғай болып табылатын, тәжірибелік қолдануға міндеттілерін есеп саясаты анықтайды. Есеп саясатына өзгерiстер мен толықтыруларды бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган енгiзедi.
Бюджеттік ұйымдардағы шығындар сметасының орындалуы туралы ақпарат, істелінген жұмыстарға байланысты арнайы шығындардың нәтижелілігін айқындау мақсатында тек бюджеттік классификация баптары бойынша ғана емес, сонымен бірге әрбір бөлімшенің шығындарын қамти отырып, құрылуы тиіс.
Міне, осы айтылғандардың барлығы бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін жетілдіру қажеттілігін туындатады. Қазақстан Республикасының Алматы қаласы бойынша Қазынашылық Департаментінің бухгалтерлік есеп және есептілік жүйелерінде қалыптасатын ақпараттардың шұғыл және нақтылық деңгейі оның саясатын жетілдіру бағытын айқындауда аса үлкен теориялық және тәжірибелік мәнге ие.
Міне осы жағдайлар, зерттеу тақырыбының өзектілігі мен оның тәжірибелік мәнін анықтайды. Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Диплом жұмысының мақсаты бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.
Аталған мақсатқа сәйкес диплом жұмысын жазу барысында келесідей міндеттер қойылды:
- Бюджеттік ұйымдардағы есеп және есептілік жүйесінің теориялық- әдістемелік негіздерін зерттеу;
- Қазынашылық Департаментінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау;
- Қазынашылық Департаментінің есеп саясатымен танысу;
- Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің қазіргі жағдайын зерттеу, бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау;
- Бюджеттік ұйымдардағы есептілікті дайындау және ұсыну ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеу объектісі Алматы қаласының Қазынашылық Департаменті болып табылады.
Зерттеу пәні бюджеттік ұйымдардың қызметіндегі бухгалтерлік есеп пен есептіліктің элементтері болып табылады.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізі отандық және шет елдік ғалымдардың бухгалтерлік есеп пен есептілік, экономикалық талдау мәселелеріне қатысты еңбектері, заңдылық және нормативтік құжаттар, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің халықаралық стандарттары болып табылады.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІПТЕРІ
Бюджеттік ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ жекелеген мемлекеттiк мекемелер жанындағы орталықтандырылған бухгалтериялар мiндеттемелер және төлемдер бойынша жеке жоспарларының, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) сатудан түсетiн ақшаның түсiмдер мен шығыстардың жоспарларын, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) сатуынан түсетiн ақшаны есепке алуға және олардың есебiнен шығыстарды жүргiзуге, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелерге арналған демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн ақшаны есепке алуға және олардың есебiнен жұмсауға, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемеге жеке және заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгiлi бiр талаптар басталған кезде тиiстi бюджетке немесе үшiншi тұлғаларға аудару шартымен беретiн ақшаны есепке алуға, шетел валютасымен операциялар жүргiзуi үшiн шетел валютасындағы шотқа және бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шоты республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтiң) құны түрiнде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операцияларды есепке алудың орындалуын жүзеге асырады.
Бюджеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінде операциялар мен оқиғалар мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары негізінде көрсетіледі.
Бюджеттік мекеменің басшысы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу үшін жағдайлар жасайды, есепке қатысы бар мемлекеттік мекемелердің барлық бөлімшелерінің және қызметкерлерінің құжаттар мен мәліметтерді есепке алу үшін рәсімдеу мен ұсынудың тәртібіне қатысты талаптардың мүлтіксіз орындауын қамтамасыз етеді.
Бюджеттік мекемеде бухгалтерлік есепті оның дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылатын мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік қызметі немесе бас бухгалтер басқаратын орталықтандырылған бухгалтериясы жүзеге асырады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді және есеп саясатын сақтай отырып, бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар беруі мүмкін.
Бухгалтерлік қызметтердің басшылары өз жұмыстарында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті қалыптастыру басқармалары (бөлімдері) туралы ережелерді басшылыққа алады.
Бюджеттік мекеменің бас бухгалтері лауазымына басшы тағайындайды және босатады және мемлекеттік мекеменің басшысына тікелей бағынады. Бюджеттік мекеменің бас бухгалтері барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есеп шотында көрінуі мен бақылануын, шұғыл операцияның ұсынылуын, қаржы есептілігінің белгіленген мерзімде жасалуын қамтамасыз етеді [2].
Бас бухгалтер мемлекеттік мекеме басшысымен бірлесіп банк құжаттарына және материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын қабылдау мен беруге негіз болатын құжаттарға, сондай-ақ қаржы міндеттемелері мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қол қояды.
Бас бухгалтер атқаратын лауазымынан босатылған (жұмыстан шығарылған, басқа жұмысқа тағайындалған, ауыстырылған) кезде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалған бас бухгалтерге, ал соңғысы болмаған кезде мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тағайындалған қызметкерге істерді тапсыру жүргізіледі.
Істерді тапсырушы бас бухгалтердің және істерді қабылдаушы қызметкердің істерді тапсыруы және қабылдауы мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі. Бұйрықта бухгалтерлік қызмет істерінің қабылдау-тапсыру мерзімі, бірақ екі аптадан аспауы тиіс; тапсырушы мен қабылдаушының еңбекақы төлеу тәртібі көрсетіледі. Бұйрықта сондай-ақ істерді қабылдау-тапсыру кезеңінде қол қою құқығы кімге берілетіні көрсетіледі, бұл ретте қабылдаушы тұлғаның қол қою құқығын рәсімдегенге дейін құжаттарға қабылдаушының бақылауымен істерді тапсырушы қол қоятыны келісілуі тиіс.
Істерді тапсыру процесінде осы Бюджееттік мекемедегі бухгалтерлік есептің жағдайы және есеп мәліметтерінің дұрыстығы анықталады, бұл ретте істерді қабылдаушы мен тапсырушының жауапкершілігін шектейтін істерді қабылдау-тапсыру актісі жасалады.
Бухгалтерлік қызмет істерін тапсыру соңғы ұсынылған баланстың негізінде жүргізіледі. Қабылдап алу-беру актісінде істерді беруді жүзеге асыру күні көрсетілуі тиіс.
Істерді қабылдау және тапсырудың басында істерді қабылдау-тапсыру кезіндегі кассаның (қолда бар ақша қаражатының сақталуына тиісті жағдайлар қамтамасыз етілген бе, кассада сақталатын басқа құндылықтар бойынша жағдай және олардың бухгалтерлік жазбаларға сәйкестілігі, чек кітапшаларының, қолданылмаған чектер нөмірлерінің болуы) жағдайы тексеріледі. Кассадағы қолма-қол ақшаның қалдығын тексеру актісіне (онда ерекшеліктер бойынша ақша қаражатының қалдық сомасы, соңғы шығыс және кіріс ордерлерінің нөмірлері мен күні көрсетіледі) бухгалтерлік қызмет істерін тапсырушы және қабылдаушы адам, сондай-ақ кассир не кассалық операцияның жүргізілуіне жауап беретін тұлға қол қояды. Істерді қабылдау және тапсыру кезінде ақшалай есептің, есептеу операцияларын есептеу жағдайы, есептеу баптары балансының жағдайы (дебиторлық және кредиторлық берешектің нақтылығы, осыған кінәлі тұлғалардың көрсетілуімен өндіріп алуға болмайтын берешектің болуы, өзара есептесудің салыстыру актісінің болуы, бюджетке уақытылы аударылмаған сомалардың болуы), сондай-ақ мемлекеттік мекеменің қаржы есептілігінің жасалуы (есеп тәртібінің сақталуы, ұсынылатын есептің сапасы) тексеріледі.
Бұдан басқа қабылдап алу-беру актісінде:
- бухгалтерлік қызметте есепті ұйымдастырудың жағдайы (штат, оның жинақталуы, міндеттердің бөлінуі, лауазымдық нұсқаулықтар, бухгалтерлік есеп пен есептілік бойынша нұсқаулық материалдардың болуы, бухгалтерлік кітаптармен, есеп пен есептілік бланкілерімен қамтамасыз етілуі), есеп жүйесінің қалыптасуы;
- есептің, бухгалтерлік есептіліктің алғашқы құжаттамасының жағдайы;
- есеп пен қаржылық бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті іс-шаралар;
- құжаттардың ресімделуінің және сақталуының дұрыстығы, мұрағаттың жағдайы көрсетіледі.
Бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс.
Бюджетттік мекемені бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін нұсқаулық құжаттармен қамтамасыз етуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.
Бюджеттік мекеме бухгалтерлік есептің мемориалды-ордерлік нысаны бойынша бухгалтерлік есепті жүзеге асырады [1].
Операция мен оқиғаларды жасау фактісін белгілейтін, дұрыс рәсімделген алғашқы құжаттар бухгалтерлік есептің тіркелімдерінде жазбаларды көрсетуге негіз болып табылады. Алғашқы құжаттар операцияны немесе оқиғаларды жасау кезінде жасалуы тиіс, егер бұл мүмкін болмаса операция мен оқиғалар аяқталғаннан кейін тікелей жасалуы тиіс. Алғашқы құжаттардағы жазбалар ұзақ уақыт бойы жазбалардың сақталуын қамтамасыз ететін құралдар арқылы ғана жүргізіледі. Алғашқы құжаттарда мынадай міндетті деректемелер қамтылуы тиіс: құжаттың атауы (нысандар); жасау күні; ұйым атауы немесе құжат кімнің атынан жасалса, соның тегі мен аты-жөні; операция немесе оқиға мазмұны; операция мен оқиғаның өлшем бірлігі (сандық және құндық шамада);операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс рәсімделуіне жауапты тұлғалардың лауазымдарының атауы, тектері, аты-жөндері және қолдары.
Алғашқы құжаттың электрондық нысаны қағаз жүзінде ресімделген алғашқы құжаттың күшінде болады. Электрондық қолдарды қолданушы электрондық қолтаңбаларды пайдалану және қол жеткізу құқығына қатысты тиісті сақтану шараларын және бақылауды белгілеуі тиіс.
Мемлекеттік мекемелер электрондық тасымалдағыштарда алғашқы құжаттарды және бухгалтерлік есептілік тіркелімдерін жасау кезінде операцияның басқа қатысушылары үшін осындай құжаттардың көшірмесін қағаз тасығыштарда дайындауы тиіс. Алғашқы құжатта мынадай қосымша деректемелер көрсетілуі мүмкін: құжат нөмірі, мемлекеттік мекеменің мекен-жайы, құжатпен тіркелген операция жасау үшін негіздеме, құжатталатын операциялардың сипатымен анықталатын басқа қосымша деректемелер.
Материалдық құндылықтарды сатып алуға арналған құжаттарда осы құндылықтарды алғаны жөніндегі материалдық жауапты тұлғаның қолхаты, ал орындалған жұмыстар үшін құжаттарда - тиісті тұлғалардың жұмыстарды қабылдау растамасы болуы тиіс[3].
Алғашқы құжаттарда мәтіндік бөлімде де, сандық мәліметтерде де келісілмеген түзетулер мен тазартуларге жол берілмейді.
Алғашқы құжаттарда қателер дұрыс емес мәтінді немесе соманы сызып тастау жолымен түзетіледі және сызып тасталғанның үстінен дұрыс мәтінді немесе соманы жазу арқылы түзетіледі. Сызып тастау бұрынғы жазылғанды оқитындай етіп, жіңішке сызықпен жүргізіледі. Алғашқы құжатта қатені түзеу Түзетілді деген жазумен ескертілу және құжатқа қол қойған тұлғалардың қолымен, түзету енгізу мерзімін көрсету арқылы расталуы тиіс. Кассалық және банктік алғашқы құжаттарға түзетулер енгізуге жол берілмейді.
Есепке алу тіркелімдерінде жазбалар үшін негіз болып қызмет ететін құжаттар бас бухгалтер белгілеген және мемлекеттік мекеменің басшысы бекіткен мерзімде бухгалтерлік қызметке беріледі.
Материалдық жауапты тұлғалар алғашқы құжаттарды екі данада жасалатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 548 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары альбомының 442-нысанына сәйкес құжаттарды беруді тізілімге алу кезінде (кіріс және шығыс құжаттары бойынша жеке толтырылады) екі данада тауар-материалдық құндылықтардың кірісі және шығысы бойынша алғашқы құжаттарды ұсынады. Материалдық жауапты тұлғаның қатысуында ұсынылған алғашқы құжаттардың рәсімделуінің дұрыстығы өткізілгеннен кейін тізілімнің бір данасы бас бухгалтердің қолымен материалдық жауапты тұлғаға қайтарылады, екінші дана бухгалтерлік қызмет істерінде қалады. Ақша қаражатының және материалдық құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғалармен Нысандар альбомының 321-нысаны бойынша толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасалады.
Бухгалтерлік қызметке түскен алғашқы құжаттар нысан бойынша да (алғашқы құжаттарды рәсімдеудің толықтығы мен дұрыстығы, деректемелердің толтырылуы), мазмұны бойынша да (құжатталатын операциялардың заңдылығы, жекелеген көрсеткіштердің қисынды үйлесімі) тексеруге жатады.
Тексерілген және есепке алынған құжаттар операцияларды жасау күні бойынша жүйеленеді және мемориалды ордерлермен - нысандар альбомының нысандары бойынша жинақтау ведомостерімен ресімделеді, оларға мынадай тұрақты нөмірлер беріледі:
1-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 381 нысанды кассалық операциялар бойынша жинақтау ведомосі;
2-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 381 нысанды мемлекеттік мекемелердің кодтарындағы қаражаттың қозғалысы жөнінде жинақтау ведомосі;
3-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 381 нысанды ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - ҚБШ), демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ, ақша қаражатын уақытша орналастыру ҚБШ, шетел валютасындағы шоттағы және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарындағы ақша қаражатын есепке алу жөніндегі жинақтау ведомосі;
5-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 405 нысанды еңбекақы мен стипендиялар бойынша есептеу ведомостерінің жиынтығы;
6-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 408 нысанды ұйымдармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі;
7-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 408 нысанды аванстық төлемдер тәртібіндегі есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі;
8-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 386 нысанды есеп беруге жауапты тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі;
9-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 438 нысанды ұзақ мерзімді активтердің шығып қалуы мен орын ауысуы бойынша жинақтау ведомосі;
10-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 438 нысанды арнайы киім- кешекті және жеке пайдаланудағы басқа да заттардың шығып қалуы мен орын ауысуы бойынша жинақтау ведомосі;
11-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 398 нысанды тамақ өнімдерінің кірісі бойынша жинақтау ведомостерінің жиынтығы;
12-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 411 нысанды тамақ өнімдерінің шығысы бойынша жинақтау ведомостерінің жиынтығы;
13-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 396 нысанды материалдардың шығысы бойынша жинақтау ведомосі; 1
4-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 406 нысанды балаларды қамсыздандыру үшін ата-аналармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомостерінің жиынтығы;
15-мемориалды ордер- Нысандар альбомының 409 нысанды айырбасталмайтын операциялардан кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі;
16-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 409-а нысанды тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі;
17-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 409-б нысанды активтерді басқарудан түсетін кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі;
18-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 409-в нысанды өзге операциялар бойынша кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі;
19-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 458 нысанды операциялық шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
20-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 458-а нысанды бюджеттік төлемдер бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
21-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 458-б нысанды активтерді басқару бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
22-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 458-в нысанды өзге операциялар бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі.
Қалған операциялар және Сторно операциялары бойынша Нысандар альбомының 274 нысанды жеке мемориалды ордерлер жасалады, олар әр ай үшін 23-тен бастап жеке нөмірленеді.
Жеке мемориалды ордерлер операцияны жасау шамасына қарай, бірақ келесі күннен кешіктірмей (алғашқы құжатты алғаннан кейін), жеке құжаттардың негізінде де, біртекті құжаттар тобының негізінде де жасалады. Мемориалды ордерде қосалқы шоттарды корреспонденттеу бір қосалқы шоттың дебеті бойынша және басқа қосалқы шоттың кредиті бойынша немесе бір қосалқы шоттың дебеті бойынша және бірнеше қосалқы шоттардың кредиті бойынша немесе керісінше бір қосалқы шоттың кредиті бойынша немесе бірнеше қосалқы шоттардың дебеті бойынша операция сипатына қарай жазылады[7].
Мемориалды ордерлерге бас бухгалтер мен оның орынбасары және орындаушы қол қояды.
Барлық мемориалды ордерлер Нысандар альбомының 308 нысанды Басты- журнал кітабында тіркеледі. Баст-журнал кітабындағы есеп әдетте қосалқы шоттар бойынша жүргізіледі.
Басты-журнал кітабы өткен жылдың қорытынды балансына сәйкес жыл басындағы сома қалдықтарының жазбаларымен ашылады. Онда жазбалар мемориалды ордерлерді жасау шамасына қарай жүргізіледі, ал жинақтау ведомостерінің мемориалды ордерлерін жасау кезінде айына бір рет жүргізіледі. Мемориалды ордердің сомасы алдымен Ордер бойынша сома бағанына, содан кейін тиісті қосалқы шоттардың дебеті мен кредитіне жазылады. Бір айда айналымдардың сомасы дебет бойынша да, кредит бойынша да, барлық қосалқы шоттар бойынша Ордер бойынша сома бағанының қорытындысына тең болу керек. Бір айдағы айналымнан кейін екінші жолда әрбір қосалқы шот бойынша келесі айдың басындағы қалдық шығарылады.
Талдамалы есеп есепке алу тіркелімдерінде (кітаптарда, карточкаларда, жинақтау ведомостерінде және басқа есепке алу тіркелімдерінде) жүргізіледі.
Бухгалтерлік кітаптарда жазбаға дейін барлық беттер (парақтар) нөмірленеді. Беттің соңғы парағында бас бухгалтердің қолымен: Осы кітапта барлығы ___ бет (парақ) нөмірленді деген жазу жазылады. Нысандар альбомының КО-4 нысанды және 440 нысанды кассалық кітап, Нысандар альбомының 449 нысанды еңбек кітапшаларының бланкілерін есепке алудың кіріс- шығыс кітабы да бау өткізілуі және сүргіш немесе мастикалық мөрмен басылуы тиіс, КО-4 және Нысандар альбомының 440 нысандарындағы беттердің саны мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтердің қолдарымен расталуы және Нысандар альбомының 449 нысанына мемлекеттік мекеме басшысы қол қоюы тиіс.
Әр кітапта мемлекеттік мекеме, орталықтандырылған бухгалтерияның атауы және кітап ашылған жыл жазылады. Кітапта онда ашылған қосалқы шоттардың мазмұны болуы тиіс. Жазбаларды кітаптың басқа бетіне көшіргенде, осы қосалқы шот бойынша мазмұнда жаңа беттерді көрсете отырып жазуларды көшіру туралы белгі жасалады.
Бухгалтерлік есеп кітаптары жыл өткенен кейін бос беттер болған кезде келесі жылдың операцияларын жазу үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл жағдайларда кітаптар екі жылда бір рет мұрағатқа тапсырылады.
Карточкалар (активтер бойынша карточкалардан басқа) әр шот бойынша жеке жүргізілетін Нысандар альбомының 279 нысанды каточкалар тіркелімінде тіркеледі. Активтерді есепке алу карточкалары Нысандар альбомының ОС-10 нысанды активтерді есепке алу бойынша түгендеу карточкаларының тізімдемесінде тіркеледі.
Карточкалар картотекада сақталады, олар онда қосалқы шоттар бойынша іштей материалды жауапты тұлғалар бойынша бөліну арқылы орналасады, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер бойынша да орналасады.
Материалдарды есепке алу карточкалары тігілген түрде карточкалар тізілімімен, тіркелімдерімен және басқа бухгалтерлік құжаттармен бірге жыл сайын немесе екі жылда бір рет мұрағатқа тапсырылады. Жыл бойы шығып қалған активтерді есепке алу карточкалары осындай мерзімдерде мұрағатқа тапсырылады.
Нысандар альбомының ОС-10 нысанды активтерді есепке алу бойынша түгендеу карточкаларының тізімдемесі Нысандар альбомының ОС-6, 8, 9 нысанды соңғы түгендеу карточкасы бойынша мүкәммалды есептен шығару туралы белгі болғанда мұрағатқа тапсырылады. Тізімдемесіз түгендеу карточкаларын мұрағатқа тапсыру кезінде олар жеке ведомосте жазылады, онда карточка нөмірі және есептен шығарылған мүкәммалдың атауы көрсетіледі, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда одан басқа қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекеменің атауы да көрсетіледі.
Бухгалтерлік есеп тіркелімдеріндегі жазбалар алғашқы құжаттардан, оларды алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей жүргізіледі. Әр ай аяталғаннан кейін талдамалы есеп тіркелімдерінде айналымдар қорытындысы саналады және қосалқы шоттар бойынша қалдықтар шығарылады.
Өткен жыл үшін бухгалтерлік есеп жазбаларында анықталған қателерді түзеу мынадай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік басқару есебінің жүргізілуі, олардың проблемалары мен жетілдіру жолдары
Жұмыспен қамтудың арнайы түрлері
Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы денсаулық
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есепті жүргізу жолдарын зерттеу, есептің ұйымға тигізетін әсерін анықтау және оның есебін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы құжаттардың тәртібі
Қаржылық есеп, талдау және аудит
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастыру
Пәндер