Егемен Қазақстан және Жас Алаш газеттерінің тарихи құндылықтары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Еуразия ұлттық университеті

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: «Егемен Қазақстан» және «Жас Алаш» газеттеріндегі дін мәселесінің жазылуы

Орындаған: Әбсағат Арайлым Әділханқызы

Мамандық: журналистика

Шифр: 5В050400

Жетекші: ф. ғ. к., профессор Сақ Қайрат Өмірбайұлы

Нұр-сұлтан - 2019жыл

Мазмұны

Кіріспе

І. «Егемен Қазақстан» және «Жас Алаш» газеттерінің тарихи құндылықтары

І. 1 . «Егемен Қазақстан» газеті - еліміздің бас басылымы (Еліміздің бас басылымы)

І. 2. « Жас Алаш» газетінің қазақ қоғамындағы орны (Жастар газетінің қазақ қоғамындағы орны

ІІ. Дін мәселесінің қос басылымдағы жазылу ерекшеліктері

ІІ. 1 . Дін тақырыбы - «Егемен Қазақстан» газеті редакциясының бас назарында

ІІ. 2 . «Жас Алаш» газетіндегі дін тақырыбында жарияланған материалдардың жанрлық және пішіндік ерекшеліктері

ІІ. 3. «Егемен Қазақстан» және «Жас Алаш» газеттеріндегі діни туындылардың безендірілу ерекшелігі (Басылымдардағы ұлттық рухтың дәріптелуі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Алланың сөзі де рас, өзі де рас. Рас сөз ешқашан да жалған болмас-деп хакім Абай жырлағандай, дін адам баласын жақсылыққа, тура жолға жетелейтін ақиқаттың жолы екенін дана халқымыз білді. Дүние жүзі баспа кітабының өзі тарихи бастауын діни тақырыпта жазылған әдебиеттерді басудан бастады. Бұл жалпы әлем баспасына тән қасиет. Иоган Гутенбергтің әйгілі «Библия - 42» деген тұңғыш неміс және әлемдік кітабы, аталымынан көрініп тұрғандай, діни басылым. Бұрынғы кеңестер одағының кезінде дін - апиын ұранымен елді діннен аластатып, бойдағы рухани күретамырымызға балта шауып, тек діннен ғана емес, тіліміз бен салтымыздан, мәдениетімізден айырды. Қазіргі кезде көпшілік адамдар өздерін діннен бөлек санайды. Сол адамдарға келсек, көбінің дін туралы жеке ойы, сауаты жоқ. Бұл дегеніміз, біріншіден, әртүрлі діни ұйымдардың өз діндеріне оп-оңай кіргізіп, өздерінің идеологиясын жүзеге асыру үшін қол щоқпар қылып, сол адамдар арқылы тұтас елдің ішіне іріткі салдыруына жол ашуы бек, мүмкін. Екіншіден, Ислам атын мойнына жапқан секталардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екендігін айыра алмайтын жас буынға Ислам деген, мұсылмандық деген - осы деп, шынайы дінімізге мүлдем жат бір діннің соңынан ілестіріп, санаға сыймайтын, ақылға қонбайтын дүниелерді жасауға мәжбүрлеу көрінісін қазір күнде көріп, естіп жүрміз. Үшіншіден, дін тақырыбын мүлдем қозғамайтын, имандылық, адамгершілік секілді адами қасиеттерді өскелең ұрпақ бойына сіңірмеген ата-аналардың себебінен қазір қоғамдағы ең өзекті, маңызды тақырыпқа айналып отырған баласын жол бойына, дәретханаға тастап кету, қарттық келіп бала сияқты болған ата-әжесін қарттар үйіне телмірту, көрсе көзің тояр, ертеңгі ұрпақты тәрбиелеуші қаракөздеріміздің жезөкшелік жолға түсуі, адам шошырлық қылмыс түрлерінің күн сайын орын алуы - дінсіздіктің себебінен. Әр істің бір шешімі болары анық. Бұл тығырықтан шығудың жолы - Ислам діні, мұсылманның шариғат жолы мен сүннеттерін орындау екендігін Кеңес одағы тұсында Алласын ұмытпай жасырынып намаз оқып, дұға жасаған ата-бабамыз жақсы білді. Сол себепті де дінімізді дұрыс жеткізіп, насихаттаудың тиімді де түсінікті жолына қарай үңілуіміз керек. Бұл ретте, бұқаралық ақпарат құралдарын басып озар ешкім жоқ шығар. Теле-радио немесе баспасөз арқылы бағдарламалар ұйымдастырып, мақалалар жазып, мерзімді басылым арқылы үзбей шығарып отырса діттеген межеге жету оңай. Сондықтан да мерзімді басылымдарымыз «Егемен Қазақстан» мен «Жас Алаш» газеттеріндегі дін мәселесін бакалаврлық диплом жұмысыма арқау еттім. Тәуелсіздік алған жылдардан бергі кезеңдегі қос басылымдағы діни тақырыпты қозғау ерекшелігі, мазмұндық сапасы, тиражы, безендірілуі, оқырманын қамту ауқымы, әлемнің ең мықты профессор-ғалымдары мойындаған Ислам дінінің журналистикадағы орны, журналистердің діни сауатының деңгейі сынды мәселелер ауқымында ой тербеуді жөн көрдім. Жұмыстың мақсаты. Білім нәрімен сусындамасақ, білімсіз ешкімге жарқын болашақтың жоғын бәрі біледі. Мұхаммед пайғамбар (с. ғ. с. ) : Білімге бесігіңнен бастап, көріңе дейін талаптан; Тіпті Қытайдан болса да білім алуға ұмтыл. Бір сағат ілім үйрену, бір түн жасаған ибадаттан артық. Ал бір күндік дәріс, бір ай ұстаған оразадан абзал, - деген хадистеріне көпшіліктің алдын-ала санасына жетіп, ерікті түрде қабылдағанынан немесе замана талабының еріксіз идіргенінен деп түсіну керек. Алланың соңғы елшісі: Жастықта алынған білім- тасқа ойылған нақыш, - деген ұлы сөзі біздің қазіргі уақыттағы білім алу мәселесінде ұран қылып көкке жазып қоюға тұрарлық. Талайдың жеңсігі болған шұғылалы білім кім көрінгеннің қолына оңайлықпен іліге бермейді. Ғылымды үйренудің соқтықпалы соқпақсыз, ирелең жолдары бар. Қазіргі таңда БАҚ мазмұны жағынан, құрылымы жағынан өзгерістерге ұшырады. Түсінікті айтқанда, мемлекеттік және меншік бөлінісіне қарай, баспасөз беттерінде арзанқол дүниелер көбейіп кетті. Негізінен осы БАҚ-ның өзі қоғамдағы жат әрекеттердің кең етек жаюына себепші болып отыр. Дін тақырыбында қалам тербейтін басылымдарды зерттеп, оның адамгершілік тәрбие берудегі маңызының қаншалықты екенін анықтау керек деп ойлаймын. Дипломдық жұмысымның тақырыбын «Егемен Қазақстан» және «Жас Алаш» гезеттеріндегі дін мәселесінің жазылуы деп алып, еңбегімнің нысаны етіп қос басылымда жарияланған материалдарды алдым. Аталған басылымдардың діни тақырыпты қозғау ерекшеліктеріне, жарияланымдардың жанрлық табиғатына, газетті безендіруі мен оның тұрақты айдарларына талдау жасағанды мақсат тұттым. Жұмыстың міндеті: Ғылыми жұмысты жазу барысында мынандай ескертпелерді алға тарттым: қос басылымдағы діни материалдардың ерекшеліктері мен кемшін тұстарын жан-жақты салыстыра талдау; діни басылымдар жарияланымдарының жанрлық, пішіндік, тіл-стильдік сипатын анықтау; екі басылымның тұрақты айдарларына жүйелі сипаттама беру. Тақырыптың зерттелу деңгейі: Аталған тақырыпты ашу мақсатында ғылыми-зерттеу еңбектері пайдаланылды. Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, бірінші тараудың алғашқы тараушасы «Егемен Қазақстан» және «Жас Алаш» газеттерінің тарихи құндылықтары; Қос басылымның қазақ қоғамында алар орны секілді мәселелерді жан-жақты талдадым. Қазақ қоғамында діни басылымдардың алар орнының ерекше екенін атап өттім. Дін мәселесінің қос басылымдағы жазылу ерекшеліктері деп аталатын екінші тараушада діни жарияланымдардың мазмұндық, стильдік сапасына, ерекшелігіне, идеясы мен жанрына тоқталдым.

І. «Егемен Қазақстан» және «Жас Алаш» газеттерінің тарихи құндылықтары Мерзімді баспасөздің негізгі, көне түрлерінің бірі - газет. Бір ғасырдан асатын тарихы бар қазақ баспасөзі елмен бірге жасап келеді. Келер күні тарих бетінен орын алатын, мезгілімен шығатын ұзақ мерзімді басылымдар еліміздің бетке ұстар айнасы. Халқымыздың ертеңгі өмірі үшін толаспайтын күресі жолында өмірге келген рухани төл перзенті - «Егемен Қазақстан» және жастардың сөзін сойлеп, керекті жерінде сойылын соққан - «Жас Алаш» газеті еді. Тарихта қалған қасиетті құндылықтарымыздың осы күнге дейін жалғасып келгені - мерзімді басылымдардың арқасы. Олардың атқарған, әлі де жалғастырып келе жатқан қызметтері - қоғамдық ой-пікірді қалыптастыру, елімізге идеологиялық тұрғыдан ықпал жасау, саяси-экономикалық, мәдени ахуал бойынша дер кезінде хабардар ету, басқару жүйесінде кері байланыс орнату. Газеттің өзі пайда болуына қарай: экономикалық сұранысқа қызмет ететін, әртүрлі қоғамдық топтардың қызығушылығын таныта келе ой-пікір қалыптастыратын және мемлекеттік идеологияны жүзеге асыратын басылымдар болып бөлінеді. Барлық тақырыпты қамтуға тырысқан «Егемен Қазақстан» газетінің күрделі тұсы - қазақ жағдайы болды. Патша үкіметінің ресми органы болған бас басылым үкімет және әкімшіліктің жаңалықтарын, патша жарлықтары мен бұйрықтарын басып отыруға мәжбүр болды. Оған қоса ақ патшаға арнау немесе оған деген адалдықтарын дәлелдеу мақсатында мақалалар жариялап тұрды. Ұлт мұратын көздеген азаматтар үшін бастысы - қалай болмасын халыққа қызмет ету еді. Ұлттық тәуелсіздік, халықты ағарту жолындағы күрестерін бұрынғыдай ашық түрде жүргізбесе де, астыртын жүргізе берді. Аға басылымның алғашқы шығарылымында революция, жаңа заманның келетіндігі турасында материалдардың жоқ болуы, болған күннің өзінде мағынасы жанаспайтын, бұлыңғыр, әр тұстағы ақпаратты бір-біріне жамап құрастырылды. Одан гөрі «Сыртқы хабарларға» көбірек көңіл бөлініп, кеңес үкіметінің жасап отырған саясаты баяндалып, сыртқы жаулармен күресі егжей-тегжейлі баяндалды. Бейресми бағытты ұстанатын «Жас Алаш» газеті көпшілік қауымға өз заманының хал-ахуалын, саяси жағдайын, әлеуметтік-экономикалық дамуы мен білім берудің озығы мен тозығы жайлы бүкпесіз жариялап отырды. Сонымен қатар жазба әдеби тіліміздің дамуына септігін тигізді. Газет өмірдің айнасы деген атауға ие болған мерзімді шығатын басылымдардың өзгелерден айырмашылығы, басылымда шығатын дүниелердің мерзіміне байланысты сол уақытта болып жатқан түрлі оқиғалар мен істердің уақытына қарай бейнеленуі. Бейнеленген құбылыстың сөздері тасқа басылу әдісімен газет беттерінде бекітіледі. Сөйтіп, болып өткен оқиға туралы ақпарат баспасөздің мұрағатында ұзақ мерзімге сақталу құқығына ие болады. Сонымен қатар, болып өткен әрбір оқиға мен құбылыс белгілі бір кезеңде болатындықтан, соның нәтижесінде пайда болған тың дерек ретінде әрбір басылым өз бойына өзі пайда болған уақыттың, белгілі бір тарихи дәуірдің ерекшеліктерін сақтайды. Мінекей, мерзімді басылымдар жазбаша дәл тарихи ақпараттың бірі ретінде ертеңгі ұрпаққа оқиғамен бірге сол уақиғаның болған жері мен уақыты туралы мардымды мәліметтер береді. Біз үшін еліміздің өткеніне көз жүгіртіп, байыбына баратын танымның бірі, ол - арғы ғасырдың басынан бері шығып тұрған басылымдарымызды тарихи дерек деп пайдалану. Қос басылымның ашылмаған тұсын зерттеу, талдау, олардағы ақпаратты салыстыру, синтездеу.

І. 1. «Егемен Қазақстан» газеті - еліміздің бас басылымы Аға басылымның тарихы 1919 жылы 17 желтоқсанда Орынбор қаласында алғашқы саны «Ұшқын» газетінен бастау алды.

https://egemen.kz/menu_photo/1518774933_menu.jpeg []

Одан соң газеттің аты бірнеше рет жаңартылып, 1920 жылы «Еңбек туы», 1921 жылы «Еңбекші қазақ», келесі жылы «Еңбекшіл қазақ», 1932 жылдан бастап бес жыл бойы «Социалды Қазақстан» деген атаулармен шығып тұрды. 1937 жылы «Социалистік Қазақстан» деп өзгертілді де, осы атаумен 54 жыл бойы шығып тұрды. 1991 жылғы маусымда тәуелсіздік алуға санаулы уақыт қалғанда басылым атауы «Егеменді Қазақстан» деп өзгерді. Ол кезеңдегі басылымның директоры белгілі жазушы, публицист Шерхан Мұртаза еді. «Егеменді» атауы - жаңа кезеңмен қолданысқа енген жаңа сөз болды. 1993 жылдың 1 қаңтарынан лингвистердің ұсыныс-талқылауынан кейін газеттің бас редакторы Әбіш Кекілбаевтың ұсынысымен басылымдағы «-ді» жұрнағын алып, «Егемен Қазақстан»-деп шығарыла бастады. Осы атаумен мерзімді басылым 28 жылдан бері өмір сүріп келеді. 2016 жылдың қыркүйегінен бастап басылым жаңа дизайндағы форматта бүкіл беті түрлі-түсті болып шыға бастады.

https://image.isu.pub/150902021021-576dc3f6d59c7dde39a2cf2a877ecde5/jpg/page_1.jpg 2016 жыл қыркүйек айындағы түрлі-түсті фарматтағы үлгісі

Жарыққа шыққан кезеңінен бастап ел астаналарының ауысуымен қосыла газеттің редакциясы да көшіп-қонып отырды. Орынбор, Қызылорда, Алматы қалаларында болған басылым 1999 жылы Астанаға қоныс аударып, қазіргі мекені - Нұр-сұлтан қаласы, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 мекенжайында орналасқан. Ғимараттың басылым үшін арнайы салынғандығының өзі мәртебесінің қандай дәрежеде екендігін көрсетіп тұр. Басылымның тізгінін ұлтымыздың ірі мемлекет қайраткерлері мен қаламын ту еткен көрнекті қаламгерлері ұстады, басшы болды. Олардың арасынан Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Тұрар Тысқұлов, Ораз Жандосов, Сапар Байжанов, Балғабек Қыдырбекұлы сынды ұлтымыздың біртуар азаматтарын атауға болады. Жаңа кезеңде бас газетімізді Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Нұрлан Оразалин, Сауытбек Әбдірахманов сияқты қарымды қаламгерлер басқарды. Қазіргі таңда басылымның тізгінін - Дархан Қыдырәлі ұстап отыр. «Егемен Қазақстанның» құрылысы, материалдың тақырыбы мен атқарылатын жұмыс саласына қарай: Саясат және құқық, Экономика, Әлеумет және білім, Мәдениет және руханият, Спорт, Интернет-редакция секілді айдарларға бөлінген. Елімізде болып жатқан саяси, экономикалық, мәдени жаңалықтармен оқырманын аптасына 5 рет қауыштырады. Газет тиражы 206 мың дана. Барлық облыс орталықтарында, Нұр - сұлтан мен Алматы қалаларында баспаға басылып, шығарылады. 14 облыста меншікті тілшілер қосыны жұмыс істейді. Елордадағы бас ғимараттың жанынан осындағы қызметкерлерге арнап жатақхана салынған. Бас басылымның сайты 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі таңда сайт қорында газеттің 2005 жылдың қазан айынан бергі материалдары бар. Жарияланған интернет-версиясының Ресей, Қытай, Түркия, Иран елдерінде оқырмандары бар. Қазір egemen. kz сайтының оқырмандары көп. Сонымен қатар басылымның мобильдік нұсқасы және төте жазу әліпбиі қарпіндегі онлайн-нұсқасы (egemen. kz/tote) бар. «Егемен Қазақстанның» бірнеше қосымшасы жеке сайт ретінде шығады. Мысалы, «Етжеңді» қосымшасы (etjendi. egemen. kz) айына бір рет қағаз нұсқада шығады. Ол тарихи-танымдық, мәдени тақырыптағы материалдарға арналған. Одан бөлек онлайн-версиядағы «Фотоархив» (photo. egemen. kz) қосымшасында басылымның фотомұрағаты сақталған. Және де goszakup. egemen. kz, satypalu. egemen. kz қосымшалары бар. Тағы да бір айтатын қыры - PDF форматы. Бұл форматта 2013 жылдың қаңтар айынан бері шығып келеді. Жүз жылдық белестен өткен газетіміз қазіргі таңда қанатын кеңге жайып, күн сайын жаңа бағытта өзгеріп, дамып келеді. Соның бірі ретінде интернет-редакция порталының құрылғанын айтуға болады. Интернет-редакция портал ретінде басылымның жанынан 2010 жылы құрылған болатын. Кейіннен интернет-редакция ретінде техникалық аспаптармен жабдықталып, журналист мамандар мен дизайнерлер жұмыстарына кірісті. Жаңа технологиямен жабдықталып, білікті мамандардың арқасында сайттың оқырмандары көбеюде. Мұның ерекшелігі - ол ақпараттық сайт емес, газеттің жанынан құрылған портал. Сайтта шығатын жаңалықтардың жөні бөлек, ал порталдың өзіндік ерекшеліктері бар:

- басылымда кез келген ақпаратты қырағы қадағалап, жіті зерттеп жазады;

- сенсацияға, жеңіл, арзанқол дүниеге бой алдырмайды;

- көтерген түйткілді әрі күрделі мәселелер қоғамда үлкен резонанс туғызып, парламентте талқыланып, арнайы заң қабылдауларға себепші болып келеді;

- халықтың еңсесін көтеріп, күн сайын жаңа, тың ақпараттарымен бөлісіп отырады; Газеттің шығармашылық ұжымы көптеген мемлекеттік марапаттауларға ие болып келеді. Ұжымда Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ҚР Президенті сыйлығының, 7- БАҚ саласындағы ҚР Президенті грантының, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының, «Халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Қазақстан Журналистер Одағы» сыйлығының, «Нұр Отан» партиясының журналистика саласындағы сыйлығының иегерлері, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің, С. Бердіқұлов атындағы спорт журналистері атындағы сыйлығының лауреаттары бірлесіп жұмыс істейді. Сонымен қатар, кейбір журналистер «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» Құрмет белгісімен, «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мемлекеттік медалімен, «ҚР Президентінің «Астана» медалімен, «Қазақстан Халықтарының ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен, басқа да медальдармен және алғыс хаттармен мадақталған. Елімізде болған елеулі оқиғалар, ҚР Президентінің Жарлықтары, Үкіметте болған қаулылар, Парламент шығарған заңдар мен құқықтық актілер және басқа да ресми ақпараттар бас басылымда, оның сайттарында жарияланады. Жоғары оқу орнына түсуге тапсырған тест қорытындысын жария ету құқығы «Егемен Қазақстан» газетіне берілген. Ел басылымы «Егемен Қазақстан» газетінің форматы 2018 жылдың 21 наурызынан бастап өзгерді. Яғни басылым атауы латын қарпімен «Egemen Qazaqstan» жазыла бастады. http://old.baq.kz/storage/70/7004cfce4b6b88675c4a383220d93cb9_crop_l_30_t_87_w_954_h_537_resize_w_520_h_.jpg []

Бұл маңызды ақпарат туралы басқарманың төрағасы Дархан Қыдырәлі ресми түрде: «Ел газеті «Егемен Қазақстан» Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыздан бастап жаңа форматта, атауы латын әліпбиімен жазылып, 16 бет болып оқырманға жол тартты. Бұдан былай күнде осылай 16 бет шығатын болады. Оқырманның талғамы, заманның талабына сай саяси сараптамалар мен мәдени, рухани сүйекті материалдар көбірек басылады. Қабыл алыңыздар . . . » - деп хабарлаған болатын.

І. 2. « Жас Алаш» газетінің қазақ қоғамындағы орны «Жас Алаш» - жастарға арналған ең әуелгі және беделді республикалық басылым. Ең бірінші саны 1921 жылы 22 наурызда Ташкент қаласында жарыққа шықты. Ұйымдастырушысы, алғашқы редакторы - Ұ. Мұратбаев, жауапты хатшысы - І. Жансүгіров болды. Сол кезеңдегі қаржының жетіспеушілігінен газет «Жас қайрат» (1925), «Өртең», «Жас қазақ» (1923) сынды атаулармен шығып тұрды. Газеттің жабылып қалмауын ойлаған С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, Б. Майлин, С. Сейфуллин, М. Әуезов, Ж. Аймауытовтар газеттің бір бетін «Лениншіл жас» деген атпен шығаруына да тура келген. «Жас Алаш» 1927 жылдың 22 қыркүйегінен «Лениншіл жас» деп шыға бастады. Газет қай кезде болмасын қазақ жастарының азамат болып қалыптасуына, білімді болып өсуіне көп еңбек сіңірді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан соң газет бұрынғы - «Жас Алаш» атауын қайта алды. «Студент», «Руханият», «Алдаспан», «Мыңнан бір мезет», «Ақ отау», «Ырғақ» секілді қосымшалары бар. Еліміздің әр аумағынан келетін тұрақты оқырмандардың әңгімелері мен хаттары «Мақатаев-22» деген бетпен шықса, әр салада қызмет істейтін мамандар мен сарапшылардың пікірі, сұхбаты «Ашық әңгіме», «Екеуара әңгіме» айдарларымен беріледі. Әуел баста жастарға арнап жоспарланғанымен, газетті үлкені де, кішісі де оқып отыратын жаңаша басылым. Сонымен қатар бұл басылым елімізге танымал журналистика мамандарын шыңдап, шынықтырған ұстахана болды. Қазіргі таңда басылымнан күнделікті тұрмыс-тіршілігіміздің сан-саласын қамтитын, халықтың көкейінде жүрген, толғандырар тақырыптарын байқаймыз. «Жас Алашта» күнделікті болып жатқан жаңалықтармен қоса, елдегі және шетелдегі саяси ахуал, экономикамыздың озығы мен тозығын, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өткені, бүгіні, келешегін саралап, қоғамда белең алып бара жатқан әртүрлі уақиғаларға заң шығарып, қылмысты құрықтап, елімізде өркендеп келе жатқан маркетинг жүйесі мен қаржыны басқару жүйесін, білім беру мен денсаулық сақтау секілді тақырыптар аясын қамтитын мақалалар тұрақты түрде шығып тұрады. Газеттің өзіне тән ерекшелігі - тілінің өткірлігі мен ақпаратты жеткізудегі турашылдығы, жаңашылдығы. Ақпаратты барынша шынайы беріп, мәселелерге жаңа қырынан қарап, толық зерттеуі газетті ақпараттық кеңістіктегі беделді басылымға айналдырды. Жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, «Жас Алаш» - 15 жастағы балалардан бастап, алпысқа аяқ басқан қарияларға дейінгі аралықты қамтиды екен. Газет түрлі қоғамдық, халықаралық ұйымдар атынан берілетін мақтау-мадақтауларға ие. 2000 жылы өткен «Алтын жұлдыз» байқауында «Қазақстандағы ең үздік газет» атанды. 2004 жылы «Жыл таңдауы» осы газет болды. Ал, үш жыл қатарынан басылым тілшілері «Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты» атанды. Екі тілдегі басылымдарды қоса есептегенде, ақпараттың объективтілігі мен шынайылығы жағынан «Жас Алаш» алғашқы үштікте. Басылым бетінде шыққан мақалалар интернетте де жарияланады. Сонымен қатар шұғыл жаңалықтар мен онлайн қызметі енгізілген. Қазіргі уақытта интернет нұсқада мақалалар толық шықпайды. Газеттің бүгінгі күнге дейін 15 мыңнан астам нөмері шықты, демек осыншама рет оқырманымен жүздесті. Нұртөре ЖҮСIП, "Айқын" газетiнiң Бас редакторы: 1. "Жас Алаш" жаңашылдығымен, еркiндiгiмен, ерекше батылдығымен есте қалды. 2. "Жас Алаш" ұлттық, мемлекеттiк мәселелердi көтерудегi тегеурiнiмен есте қалды. 3. "Жас Алаш" халықшыл, сыршыл, ұйымшыл басылым ретiнде есте қалды. https://turkystan. kz/article/53915-alashty-ni-zhas-alash

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қaзaқстaндaғы орыс тілді бaсылымдaрдa қaзaқтың ұлттық құндылығының нaсихaттaлуы
Қазақ халқының тарихы мен өмірі
Газет тiлi - қазақ тiл бiлiмiнде зерттеушiлер назарында жүрген сала
Ұлттық баспасөз ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының дерек көзі
Оңтүстік Қазақстан баспасөзі
Газет бетіндегі атаулардың синтаксисі
Қалған ұлттар диаспора
Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы
Қазақстанды ілгерілету жолындағы билік пен баспасөздің рөлі
Газет мақала тақырыптарын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz