Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми теориялық негіздері
Кіріспе
Қазіргі кезде елімізде егемендігімізді нығайтып, дамыған елдердің қатарына ену үшін жасалынып жатқан игі шаралар баршылық. Ел боламын десең, бесігіңді түзе дегендей, ең алдымен, біз жастарымыздың өз Отанына аялы көзқарасын, туған жерге сүйіспеншілігін, халқының салт-дәстүрлеріне сыйлы қатынасын, батырларына құрмет сезімін тәрбиелеуіміз қажет. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің міндеті азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу [1] - деп айтылған болатын. Бұл міндет білім беру ұйымдарында патриоттық тәрбие беру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Ел өмірінде қалыптасқан бірқатар мәселелерді шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейін арттыруға, жастардың жоғары патриоттық сана-сезімін қалыптастыруға, олардың бойына туған өлкесін мақтан тұту, құрметтеу сапаларын дарытуға, өз Отанының мүддесін қорғау үшін азаматтық борышын өтеуге даярлықты тәрбиелеуге байланысты. Сондықтан бүгінгі мектепте патриоттық тәрбие беру жүйесі оқу-тәрбие жұмыстарында әлеуметтік мәні зор құндылықтар арқылы азаматтықты және патриотизмді қалыптастыру мен дамытуды көздейді.
Өлкетану материалдары оқушыларға патриоттық тәрбие берудің қуатты құралы болып табылады. Оқушылар неғұрлым өзінің туған өлкесін жан-жақты оқып-үйреніп, зерттеп білуге құштар болса, соғұрлым олардың патриоттық сана-сезімі биік, жан-дүниесі бай, аймақтық білім қоры мол болады, әрі Жер-ананың қадір-қасиетін білген адам өзін оның перзенті санап, оған зор жауапкершілік сезіммен қарайды. Мұның өзі бүгінгі таңда оқушыларды жергілікті жердің - аймақтың өлкетану материалдарымен тереңірек таныстырып, соның негізінде патриоттық тәрбие беру қажеттілігін дәлелдейді.
Өлкетану материалдары жан-жақты, әр қырынан зерттелгенімен, біздің материалдарын негізінде бағдарлама бойынша жалпы білім беретін негізгі мектеп оқушыларын патриот тұлға ретінде тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік жолдары тұңғыш рет қарастырылып отыр. Coл ceбeптeн диплoмдық жұмыc тaқыpыбын Өлкетану материалдарын қолдану арқылы отаншыл жеке тұлғаны қалыптастыру дeп тaңдayымa нeгiз бoлды.
Тaқыpыптың өзeктiлiгi: Мектепте жүргізілетін өлкетану жұмыстары, яғни туған өлкенің тарихын зерттеу, соның нәтижесінде жиналған материалдарды оқу тәрбие жұмыстарында жоспарлы, жүйелі түрде пайдалану аса маңызды. Егер де мектепте бұл жұмыс жақсы жолға қойылып, жиналған материал мектеп мұражайында, өлкетану бұрышында сақталса және де ол материал ретіне қарай тарих сабақтарында пайдаланып отырса, онда осы пәнді оқытудың алдына қойылған үш міндетті: білімділік, тәрбиелік, дамытушылықты ойдағыдай жүзеге асыруға үлес қосады. Тарихты білу - өзінің, отбасының, әулетінің, туып-өскен өлкесінің тарихын білуден басталады. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде туған өлке тарихын зерттеудің, оның материалдарын оқу-тәрбие жұмысында пайдаланудың мол тәжірибесі жинақталған.
Мaқcaты: өлкетану материалдарының ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындап, оны орта мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану арқылы оқушыларды отаншыл жеке тұлға болуға тәрбиелеу.
Мiндeттepi:
- мектепте тарихихи-өлкетану жұмысын жүргізу;
- өлке тарихын, Отан тарыхын меңгерген тарихи сананы қалыптастыру;
- оқушыларда туған өлкеге деген қадір-құрметті оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
- оқушының өлкетану жұмысын жүргізудегі тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру
Зepттey oбъeктici: негізгі мектептегі оқу-тәрбие үрдісі.
Зepттey пәнi: өлкетану материалдарын пайдалану арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.
Зepттey әдicтepi: философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, оқу-тәрбие үрдісінде өлкетану материалдарын пайдаланудың әдістемесіне сипаттама, оқулықтар мен оқу бағдарламаларына салыстырмалы талдау, озат іс-тәжірибелерді жинақтау, қорыту, диагностикалау, педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижелерін сұрыптау, оларды математикалық статистикалық жағынан өңдеу.
Зepттeyдiң ғылыми жaңaлығы:
- этномәдениеттің өркендеу генезисі айқындалып, патриотизм, Қазақстандық патриотызм, ұлттық патриотизм, елжандылық ұғымдарға ғылыми анықтамалар берілді;
- өлкетану материалдарын тарих сабағында пайдаланудың тәлімдік және білімдік мүмкіндіктері айқындалып, оны іске асырудың технологиясы қарастырылды.
Зepттeyдiң тeopиялық жәнe ғылыми мaңыздылығы:
- oқyшылapдың туған өлке тарихы жайлы бiлiмдepiн, патриоттық сана-сезімдерін дaмытyдa тарих пәніне дeгeн қызығyшылығын apттыpyдың тиiмдiлiгi ғылыми нeгiздeлдi;
- aлғaн бiлiмдepiн жүйeлey, oқyшының өзiндiк жұмыcтapғa бeлceндiлiгi, oлapдың жac жәнe жeкeлeй epeкшeлiктepi eceпкe aлынa oтыpып тарих пәнін oқытy бapыcындa білімдерін кеңейту және патриот жеке тұлға қалыптастыру мақсатында бағыттар мен технологиялар ұсынылды.
Зepттe жұмыcтың құpылымы мeн көлeмi. Диплoмдық жұмыc кipicпeдeн, үш тapayдaн, қopытынды жәнe пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн тұpaды.
1 Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми теориялық негіздері
0.1 Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әлеуметтік-педагогикалық мәні
Патриоттық тәрбие берудің әлеуметтік-педагогикалық мәнін ашу үшін патриот және патриотизм ұғымдарын саналы ой елегінен өткізіп алу керек. Бұл ұғымдар ең алғаш рет 1789-1793 жылдары Ұлы Француз төңкерісі кезінде жиі қолданылған. Ол уақытта патриоттар деп еркіндікті аңсаған, халықтың ісі үшін күрескен төңкерісшілерді, республиканы қорғаушыларды атаған. П.Ларусстың белгілі француз энциклопедиялық сөздігінде патриотизмнің мәнін анықтау бойынша мынадай анықтама берілген: Патриот - Төңкеріс кезеңінде прогресс пен еркіндік достарына тағайындалған есім. Бұл сөз өз Отанын сүйетін адамды ғана білдірмеді, ол неғұрлым нақты мағынаға ие болып, жаңа Францияның арнайы азаматы, ескі режимнің жауы, күресуші апостол және төңкеріс солдаты деген мағынаны білдірді [2].
В.И.Даль патриот ұғымына мынадай түсініктеме береді: Патриот - Отанын сүйетін, оның байлығын қорғайтын, Отансүйгіш, отаншыл азамат [3]. Қазіргі заманда патриот деп Отанын сүйетін, өз халқына адал қызмет ететін, өз Отанының мүддесі үшін құрбан болуға және қаһармандық ерлік жасауға дайын отаншыл азаматты айтуға болады.
Патриот ұғымының семантикасы патриотизмнің лексикалық мағынасын адамгершілік сапа ретінде анықтайды, яғни патриотизм Отанға деген сүйіспеншілікті, өз еліне, өз халқына адалдықты білдіреді. Патриотизм ұғымы философиялық тұрғыдан былайша анықталады: Патриотизм (грек сөзі - parties - отан) - адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім, оның мазмұны Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, оның өткені мен бүгіні үшін мақтаныш, Отанның мүддесін қорғауға ұмтылушылық [4]. Қазақ кеңес энциклопедиясында Патриотизм - дегеніміз (грек. pаtгіоtеs - отандас, раtгіо - Отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды - деп анықталған [5].
Мектеп оқушылары өз бетімен өмір сүруге қадам жасаудың баспалдағында тұрғандықтан, әлеуметтік және азаматтық тұрғыдан қалыптасудың белсенді кезеңін бастан кешіреді. Бұл кезең - тұлғаның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығы (енді бала болмағанымен, әлі ересек те емес), өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез-құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы - осының бәрі қосыла келіп, жоғары сынып оқушыларында бағалаушылық-бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт арттырады. Әңгіме өз қасиеттерін тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса да, жоғары сынып оқушылары оларды бағалауға өте ерекше ден қояды да, өзінің мінез-құлқын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген өлшемдер мен нормалар негізінде құруға тырысады. Бұл ең алдымен өзіндік сананың дамуында көрінеді. Сондықтан мектеп оқушыларына үлкен жауапкершілік артылады, себебі ол жаңа әлеуметтік құндылықтарды қолданушы болып табылады, оның ішінде айрықша роль патриоттық қасиеттерге бөлінеді. Мұның өзі бүгінгі таңда жасөспірімдердің патриотизмін қалыптасыру мәселесінің ерекше көкейкесті болып отырғандығын дәлелдейді.
Париотизм, патриоттық сезімдер әрбір адамның өз Отанына, еліне, туған жеріне қатынасын сипаттайды және Отанға деген сүйсіпеншілікті білдіреді, оған өз елінің мүдделері мен тарихи тағдырына қамқорлық, ол үшін өзін құрбан етуге даярлық; өз еліне сенімділік, оның әлеуметтік және мәдени жетістіктерін мақтан ету; өз елінің тарихи өткенін, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, тілін құрметтеу; өзінің туған және тұратын жерін жақсы көру; қоғамның әлеуметтік кемшіліктеріне төзбеу жатады.
Қазіргі таңда патриотизм ұғымы жаңа тұрғыдан кеңейіп, басқа ұлттар мен халықтардың мәдени материалдарын игеру үшін ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм, ұлтжандылық, толеранттық, ұлтаралық қатынастар мәдениеті ұғымымен байланыста қарастыруды көздейді.
Ж.Н.Қалиев өз зерттеуінде ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм, ұлтжандылық ұғымдарының мәнін ашып, оларды жалпы патриотизммен байланыстыруға талпыныс жасаған.
Ұлттық патриотизм әдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, өз тілімен, мәдениетімен, сол аймаққа тән дәстүрлерiмен тығыз байланысты.
Қазақстандық патриотизм ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды атажұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті, қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді [6].
Д.С.Құсайынова қазақстандық патриотизмді адамның өзін республика халқының құрамдас бөлігі ретінде сезінуі, Отанға деген сүйіспеншілігі мен берілгендік сезімі, халық пен елдің мүддесін қорғауда азаматтық парызын түсінуі және намысын ұстай білуі деп анықтай отырып, қазақстандық патриоттық тәрбиенің мақсатын бөліп көрсетеді.
Қазақстандық патриоттық тәрбиенің мақсаты - жеке тұлғаның, әлеуметтік, ұлттық топтың патриоттық іс-әрекетке саналы түрде ұмтылуын анықтайтын саяси-моральдық, кәсіби, денешыңдау қасиеттерін қалыптастыру. Оның жүйесіне мүліктік элементтер, рухани құндылықтар, адами элементтер жатады. Нәтижесінде Отанға деген сүйіспеншілік, жалпы ұлттық намыс, Отанның экономикалық, ғылыми, саяси-моральдық, әскери және спорттық саладағы мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылу, саяси-идеологиялық, әскери қорғанысқа даярлық қалыптасады [7].
Ү.К.Санабаев өз зерттеуінде қазақстандық патриотизмнің мынадай ерекшеліктерін бөліп көрсетеді:
- біздің халықтардың көпұлттық құрамына негізделе отырып, қазақстандық патриотизм өз мәні бойынша интернационалды;
- қазақстандық патриотизм біздің халықтың бай рухани-адамгершілік әлеуетін бөліп көрсете отырып, жоғары ізгілендіру негізін құрайды;
- ұлттық мүддені қорғауға деген шексіз ұмтылыс, Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өзін құрбан етуге даярлық қазақстандық патриотизмнің халықтық сипатын айқындайды;
- бай дәстүрлер қазақстандық патриотизмнің сабақтастығын анықтайды;
- ортаның қандай да бір факторының қолайсыз әсеріне шыдамдылық қабілеті, басқа пікірлерге, дінге, мінез-құлықтарға төзімділік қазақстандық патриотизмнің толеранттығын білдіреді [8].
Ұлтжандылық - жеке тұлғаның туған жерiне, ұлтына адал ниетi, мемлекетiнiң күш-қуатын, өмiршеңдiгiн, тұтастығын қорғайтын рухани тiрегi. Ал ұлтжандылық тәрбие - ұлт, ұлттық тiл, ұлттық сана, ұлттық мiнез-құлық, ұлттық намыс, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық мәдениет, т.б. ұлттық қасиеттердiң ерекшелiктерiн көрсететiн ұлттық тәрбиенiң бiр түрi [6].
Толеранттық (лат. tolertantia - төзім) - қайсыбір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі. Мысалы, алаңдауға толеранттық қатерлі жағдаятқа эмоцияның үн қату табалдырығының көтерілуінен көрінеді, ал сырттай - ұстамдылықтан, сабыр сақтаудан, бейімдеушілік мүмкіндіктерді төмендетпестен, жағымсыз әсерге ұзақ уақыт төзуге қабілеттіліктен байқалады [9].
Ұлтаралық қатынастар мәдениеті, ең алдымен, халықтардың тең құқылығы, өзара сыйластық, өзара көмек, гуманизм, т.б. өркениетті қатынастар принципінің ұлттық санаға қаншалықты сіңгеніне, сол санада ұлттық мүдделер мен басқа халықтардың мүдделері қаншалықты үйлесім тапқанына байланысты дамиды. Яғни, ұлтаралық қатынастар мәдениеті дегеніміз ұлттардың қамсыз-мұңсыз өмір сүруіне қажет мүлде жаңа сипаттағы рухани-парасат ортасының және ұлтаралық қатынастардың қалыптасуына себепкер, әрі сол себептердің нәтижесінде қол жеткен ақтық нәтиже болып табылады [10].
Патриоттық тәрбие берудің бастау бұлағы халықтық педагогикадан нәр алады. Халықтық педагогика мыңдаған жылдар бұрын пайда болып, қазіргі кезеңнің өзінде педагогика ғылымының басты қайнар көздерінің бірі болып табылады. Халық педагогикасындағы озық идеялар қай халықтың болсын тіршілік тынысымен, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланысты туып, өсіп-өркендеп, дамып және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетіп отырған. Бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Патриотизмнің құрамдас бөлігі болып табылатын маңызды элементтердің бірі - рух немесе ұлттық патриотизм өз халқына деген сүйіспеншілік ретінде қарастырылуы тиіс. Патриотизм өзінің шыққан тегінің бірлігі мен ортақтылығы, туған жеріне, тіліне, өскен ортасына, мінез-құлқына, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктеріне, басқаларынан өзгеше, әрі ерекше тарихи ұлттық дәстүрге байланысты. Ұлттық сезімдерді патриотизм арнасына, Отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілік рухына дұрыс бағыттау үшін бұл ерекшеліктерді жақсы білу және оларды міндетті түрде бала санасына сіңіре беру қажет.
Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты адамдар санасына патриоттық іс-әрекетке құштарлық сезімін оятатын моральдық-саяси, кәсіби және мінез-құлық қасиеттерін сіңіру болып табылады. Ал, патриоттық іс-әрекет дегеніміз - жеке адамның, әлеуметтік, ұлттық топтың Отан мүддесі үшін саналы түрде өз еркімен қызмет етуі. Патриоттық тәрбие жұмысының барысында Отанға деген сүйіспеншілік, жалпыұлттық намыс, елдің экономикалық, ғылыми, моральдық-саяси, әскери, тіпті спорт қуатын арттыруға, Отанды идеологиялық, саяси, қажет болса қарумен қорғауға әзірлік сезімі қалыптасады [10].
Қазіргі қоғамның патриоттық санасы үш түсінікті құрайды: ұлттық-этникалық; жалпыадамзаттық және әлеуметтік-таптық. Ұлттық-этникалық дегеніміз - ұлттық намыс сезімі, Отанға деген, ұлт мәдениетіне, тіліне, т.б. деген сүйіспеншілік, Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, жалпықазақстандық патриотизм республикадағы ұлттар өкілдерінің бәріне дерлік ортақ түсінік болу керек.
Қазақстандық патриоттық тәрбиенің мақсаты - жеке тұлғаның, әлеуметтік, ұлттық топтың патриоттық іс-әрекетке саналы түрде ұмтылуын анықтайтын саясиморальдық, кәсіби, денешыңдау қасиеттерін қалыптастыру.
Қазақстандық патриотизм қазақ ұлтының республикадағы басқа да ұлттармен өзара қатынасы негізінде мына принциптер бойынша жүзеге асады: өзара түсінушілік; материалдық және рухани құндылықтармен өзара алмасу; өзара көмек; ортақ мақсат, идеялар негізінде өзара қарым-қатынаста болуға саналы талпыныс; ұлттық және жалпыадамзаттық мүдденің табиғи үйлесімділігі; тең құқықтық, т.б. Бүгінгі жағдайда бұл принциптер қазақстандық патриоттық тәрбиенің негізгі бағыттарын жүзеге асыруға ықпал етеді [18].
Патриоттық тәрбиенің мазмұны өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі негізгі компоненттен тұрады. Оның біріншісі кең әлеуметтік-педагогикалық бағыттылығымен сипатталады. Ол мынадай элементтерге негізделеді: негізгі әлеуметтік, тарихи, адамгершілік, саяси, әскери және басқа мәселелер бойынша оң дүниетанымдық көзқарастар мен ұстанымдар, маңызды рухани адамгершілік, әрекеттілік сапалар (Отанға деген сүйіспеншілік, заңнамаларға сыйлы қатынас, конституциялық міндеттерді орындау және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау алдындағы жауапкершілік, т.б.).
Патриоттық тәрбие мазмұнының әлеуметтік-педагогикалық компоненті оның өзегін құрайтын басты компонент болып табылады, өйткені бойында өзіне тән материалдары, көзқарасы, бағдары, қызығушылақтары, ұстанымдары, мотивтері бар қазақстандық азамат пен патриоттың тұлғасын қалыптастырмай, Отан қорғау, әскери және басқа да мемлекеттік қызметке қатысты нақты міндеттердің табысты шешілуі мүмкін емес.
Бүгінде патриоттық тәрбие мазмұнының өзіне тән арнайы компонентінің мәні артып отыр. Бұл компонент патриоттық тәрбиені алға қойылған нақты міндеттерге сәйкес саралап, негіздеп, әрі жан-жақты жүргізуді көздейді. Патриоттық тәрбие мазмұнының өзіне тән арнайы компоненті неғұрлым нақты және әрекетті бағыттылығымен сипатталады. Қазіргі жағдайда патриоттық тәрбие мазмұнында басымдық танытатын рухани адамгершілік құндылықтар ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:
- Отанды қорғауға даяр болу;
- моральдық-саяси оптимизм;
- ізгілендіру;
- бейбітшілік сүйгіштік, бейбіт өмір мен әлеуметтік прогресс;
- ерлік, отансүйгіштік қызметте көрінетін белсенділік;
- өз Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезім; - өз халқына, туған өлкеге, тіліне, мәдениетіне берілгендік;
- өзге ұлт өкілдеріне, олардың тіліне, мәдениетіне құрметпен қарау;
- ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, бүгінгіні тәрбиелеу үшін ерлікке толы өткенімізге, әскери, еңбек пен озық халық дәстүрлеріне адал, әрі берілген болу [19].
Жоғарыда айтылғандар негізінде қазіргі таңда оқушыларға патриоттық тәрбие беру мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. Рухани-адамгершілік - тұлғаның жоғары құндылықтарды, мұраттар мен бағдарларды, әлеуметтік маңызды процестер мен шынайы өмірдің құбылыстарын саналы түсінуі, оларды күнделікті іс-әрекеті мен мінез-құлқында негізгі принциптер, ұстанымдар ретінде басшылыққа алу қабілеті. Бұл бағыт жоғары мәдениеттілік пен білімділікті дамытуды, Отанға адал қызмет етуге даяр болуға итермелейтін идеяларды саналы түсінуді, мінез-құлықтың жоғары адамгершілік, кәсіби-этикалық нормаларын, шыншылдық, жауапкершілік және ұжымшылдық қасиеттерін қалыптастыруды көздейді.
2. Тарихи - біздің ата-бабаларымыздың тарихын танып білу, Отанның, оның тағдырының қайталанбайтындығын саналы түсіну, ерлікке толы өткендегі төңкеріс, әскери, еңбек және халық дәстүрлеріне аялы көзқарас. Бұл бағыт Отанымыздың көпғасырлық тарихын, әлемдік тарихи процесте Қазақстанның алатын орны мен атқаратын ролін оқып-үйренуді, біздің халқымыздың менталитетінің, әдет-ғұрыптарының, наным-сенімдері мен дәстүрлерінің ерекшеліктерін түсінуді, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен өткен дәуірлердегі батырларымыздың, қайраткерлеріміздің, билеріміз бен хандарымыздың, халық құрметтеген азаматтарымыздың ерлік істерін дәріптеуді көздейді.
3. Саяси-құқықтық - мемлекет пен ар-ожданның бағынышты күшіне негізделген адамдар арасындағы нормалар мен ережелердің жиынтығы. Оның негізгі мақсаты - қоғамдық меншікті қорғау, халық үкіметін, демократияны, мемлекеттік заңдылық нормаларын, адамның құқықтары мен бостандығын қорғау. Біздің елімізде демократиялық құқықтық мемлекет орнатудың күн тәртібіне қойылуына байланысты құқықтық сананың маңызына назар аударылып, саяси-құқықтық бағыттың ролін арттыру көзделуде. Құқықтық нормаларды қоғамдық қатынастардың нақты практикасына ендіруге құқықтық сананы жетілдіру, азаматтардың санасын ояту, қоғамдық пікір беделі мен заңның күшін мемлекеттік құқық қорғау органдарының көмегімен күшейту арқылы қол жеткізуге болады.
Құқық қоғам өмірінде бірнеше маңызды әлеуметтік функцияларды атқарады. Құқықтың негізгі қайнар көзі мемлекеттік құқықтың мәнін ашып көрсететін Ата Заң болып табылады. Ата Заңның негізінде қоғамдық өмірдің әрбір саласы (еңбек, азаматтық, меншік, кәсіпорын, кооперация, қоршаған ортаны қорғау туралы, әкімшілік, отбасылық, қылмыстық) бойынша заң актілері жасалып, әрекет етеді. Мұнда құқықтың реттеуші функциясы көрінеді.
Тәрбиелік функциясы демократиялық құқықтық мемлекетте адам тәртібінің негізі - оның белсенді және саналы түрде адамгершілік пен құқық нормаларын орындауы болып табылады. Осында педагогикалық және заң ғылымының өзара әрекеті негізделеді: педагогика адамгершілік нормаларын тәрбиелеуден құқыққа қарай, юриспруденция - құқықтан адамгершілікке қарай жылжиды. Екі ғылым да бір міндетті - тұлғаның бойында адамгершілік құқықтық мәдениетті қалыптастыруды көздейді.
4. Патриоттық - біздің қоғам мен мемлекетті, қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімін, өмір салтын, дүниетанымы мен тағдырын қалыптастыру мен дамытудың ерекшеліктерін айқындайтын маңызды рухани-адамгершілік және мәдени-тарихи құндылықтарды тәрбиелеу. Ол өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілік пен берілгендікті, халқының байлығы, ерлік істері мен дәстүрлері, мәдениеті үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруды, қоғам мен мемлекетке адал, шынайы қызмет етуді қамтиды.
5. Кәсіби-әрекеттілік - Отанға қызмет етумен байланысты еңбекке жауапкершілік пен борыштылық қатынасын, лауазымдық міндеттері мен қойылған міндеттерді табысты орындау мүддесі тұрғысынан кәсіби еңбек сапаларын белсенді танытуға ұмтылушылықты қалыптастыру. Ол тұлғаның өзін-өзі кәсіби-әрекет тұрғысынан көрсетуінің мотивтерін, мақсаты мен міндеттерін, құндылық бағдарларын, еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге кәсіби құштарлықтары пен ынтасын, міндетті жоғары тиімділікпен орындау және нақты мақсаттарға жету қабілетін, өзінің кәсіби тұрғыдан өсу жоспарын болжау және іске асыра білу білігін қамтиды.
6. Психологиялық - жастарда жоғары психологиялық беріктікті, кез келген жағдайда күрделі, әрі жауапты міндеттерді орындауға даярлықты, қиыншылықтарға төзімділікті, табысты өмір мен іс-әрекет үшін қажетті маңызды психологиялық қабілеттерді қалыптастыру. Ол әскери және басқа ұжымдарда әлеуметтік-психологиялық процестерді оқып-үйренуді және болжай білуді, жағымсыз құбылыстардың алдын-алуды мен девиантты мінез-құлықты болдырмауды, психологиялық қызбалылықты сабасына түсіруді, қозушылық жағдайын жоюды, іс-әрекет түрлерінің, мінез-құлық ережелері мен нормаларының, рухани материалдарының ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық сапаларды қалыптастыруды көздейді.
7. Әскери - патриоттық - жас жеткіншектерді әскери қызметке, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасының және өз халқының алдындағы азаматтық борышын өтеуге, тәуелсіз демократиялық Отанының сенімді қорғаушысы болуға даярлау, маңызды әскери дәстүрлерді игеруі және қазіргі заман қару-жарақтарын меңгеруі. Ол мынадай мәселелердің шешімін табуды көздейді:
- жастарды Қазақстан Республикасының Ата Заңымен, Отан қорғау, ҚР Қарулы Күштерінде әскери борышын өтеу туралы Заңдармен таныстыру;
- әскери істің тарихымен таныстыру; - ҚР Қарулы Күштерінің және басқа жасақтардың міндеттерімен, құрылымымен таныстыру; - азаматтық қорғаныс негіздерін оқыту;
- әскери істің негіздері бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру;
- Отан алдындағы әскери борышын өтеуге психологиялық даярлық беру;
- өлкетану және ізденіс жұмыстарын, Әскери Даңқ тарихы мектеп мұражайларының іс-әрекетін ұйымдастыру.
Бұл бағыттардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты, патриоттық тәрбие берудің мақсаты, міндеттері, рухани-адамгершілік және дүниетанымдық негіздері, принциптері, формалары мен әдістері тұрғысынан іс-әрекет барысында өзара бірлікте жүзеге асырылады.
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің мақсаты, міндеттері, мазмұны мен принциптері мектеп практикасында белгілі бір жүйе арқылы іске асырылады. Жүйе - бұл белгілі бір тұтастықты құрайтын өзара байланысты элементтердің кешені; олар өзара байланысты, бір-біріне тәуелді бола отырып, өзара әрекет етуі негізінде тұтас бірлікті құрайтын элементтердің (компоненттердің) реттелген жиыны [20].
Патриоттық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу соған сәйкес тәрбие жұмысы формаларының тұтас кешенін пайдалануды көздейді, оларды шартты түрде екі негізгі топқа бөлуге болады:
- бірінші топ патриоттық тәрбие мазмұнының жалпы дамытушылық компонентіне негізделген, жалпы патриоттық сипаттағы неғұрлым кең, әрі көптүрлі формаларды қамтиды. Олар оқу-тәрбие мекемелерінде негізгі тәрбиелік шаралар (әңгімелесулер, кештер, дөңгелек үстел, кездесулер, т.с.с.) немесе факультативтерде, үйірмелерде, курстарда, секцияларда қосымша оқу сабақтары түрінде өткізіледі;
- екінші топ патриоттық тәрбие мазмұнының өзіне тән ерекшелігіне негізделген, көптүрлі емес және көп жағдайда әскери және әскери-қолданбалы бағыттылықпен сипатталады. Бұл формалар негізінен практикалық сабақтар, жұмыстар, әскери ойындар түрінде өткізіліп, жасөспірімдерді әскери бөлімшелердің өмірі мен қызметімен және әскер қызметшілерінің тұрмысымен, қызметімен таныстыруды көздейді.
Еліміздің егемендігін нығайту жағдайында жас ұрпақты Отаншылдыққа тәрбиелеу, олардың елін-жерін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуін қамтамасыз ету үшін оқушыларға патриоттық тәрбие беру жүйесінің тиімділігін арттырудың бағыттары мен шарттарын айқындап алудың маңызы зор:
- ақпараттық-түсіндірмелік тұрғыдан қамтамасыз ету - мемлекет пен қоғам мүддесімен тығыз байланыста оқушылардың санасында маңызды құндылық ретінде патриотизмді, конституциялық борышты, Отанға адал қызмет етуді сіңіру; осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді пайдалану; әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің өзектілігі мен қажеттілігі тұрғысында насихат айту, иландыру;
- ғылыми-теориялық тұрғыдан қамтамасыз ету - қазіргі жағдайда жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесі бойынша зерттеу жұмыстарын белсендіру, алдыңғы қатарлы тәжірибені кеңінен пайдалану. Мемлекетiмiздiң ұлттық мәдени тұрғыдын кемелденуi тәрбие жұмысының мазмұнын мәдени, тарихи, рухани-адамгершілік, өлкетану және басқа да компоненттермен толықтырып, байытып, әлеуметтік-гуманитарлық, қазіргі педагогикалық ойлар саласындағы маңызды жетістіктерді ендіруді қажет етеді;
- педагогикалық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету - әртүрлі формада патриоттық тәрбие беруді ұйымдастыру мен өткізу бойынша оқу және арнайы бағдарламалар кешенін, жаңа әдістемелерді, педагогикалық технологияларды жасау, оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу негізінде педагогикалық оқу құралдарын кеңінен пайдалану; патриоттық тәрбие беру формалары мен әдістерін жетілдіру; инновацияларға, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибеге сәйкес осы жұмыс аумағын ұйымдастыруға қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттерді үнемі басып шығару;
- білім беру мекемелері мен әлеуметтік институттардың өзара бірлескен іс-әрекетін қамтамасыз ету - мектеп пен әлеуметтік институттардың жастарға патриоттық тәрбие беру бойынша бірлескен тәрбиелік іс-шараларын жоспарын құру, тәрбие жұмыстарының бір бағыттылығы мен жүйелілігін, үйлесімділігі мен бірізділігін оңтайландыру.
Сонымен біз білім беруді диверсификациялау жағдайында оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әлеуметтік-педагогикалық мәнін аша отырып, қазіргі кезде оқушыларға патриоттық тәрбие беру жүйесінде орын алып отырған проблемаларды айқындауға да талпыныс жасадық. Сондай проблемалардың бірі бүгінгі қоғамдық сұраныстың өсуіне байланысты болашақ қоғамның тізгінін ұстайтын жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жетілдіру болып табылады, ал оны шешудің бір жолы өлкетану материалдарын пайдалану болып табылады. Сондықтан келесі параграфта өлкетану материалдары арқылы жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің мүмкіндіктері мен ежолдары туралы сөз болады.
1.2 Ұлы тұлғалар шығармаларында бейнелеген патриоттық тәрбие
Қазақ халқының сан ғасырлық тәжірибесіндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі ерлік, батырлық және азаматтық дәстүрлерді жалғастыру, бүгінгі күнмен сабақтастыру заман талабы болып табылады. Бірнеше мыңжылдық тарихы бар атабабамыздың бойындағы сыйластық, жомарттық, азаматтық және батырлық қасиеттерді бүгінгі ұрпаққа дарыту аса қажет. Ал ол халық педагогикасының құралдары арқылы мүмкін болады. Отансүйгіштікке тәрбиелейтін яғни, туған жерге, Отанға деген ыстық ықыласты сезімге тәрбиелейтін мақал-мәтелдердің алатын орны өз алдына ерекше маңызды, оның оқушылардың патриоттық тәрбиесі үшін пайдасы мен атқаратын рөлі зор. Қазақ халқының мысалдап, мәтелдеп, мақалдап сөйлейтін ұлттық ерекшелігіне сәйкес мақал-мәтелдері мол. Ауыздан-ауызға тарайтын бұл жанр үнемі толығып отырады. Мақал-мәтел жас өрендерді еңбекке, адамгершілікке, елін сүюге, достыққа, бірлікке тәрбиелейді. Оқушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятуда Жекен жерінде көгерер, ер елінде көгерер, Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас, Сағынған елін аңсайды, сары-ала қаз көлін аңсайды, Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын, Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас, Отансыз адам - ормансыз бұлбұл, Отан үшін отқа түссең де күймейсің, Отан оттан да ыстық, Отаны бірдің - тілегі бір, жүрегі бір, т.б. мақал-мәтелдердің құндылығы орасан зор.
Қазақ халқының эпос шығармаларының да оқушылардың өз өлкесіне сүйіспеншілігін оятуда орны ерекше. Қазақ эпостарында еңбексүйгіштік, отансүйгіштік, рулар мен тайпалардың өзара ізгілік қатынастары, әйелдерге, ақсақалдарға құрметпен қарау, адамгершілік, батылдық, балаларға қамқорлық, мейірбандық, туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік, т.б. жырланады. Жыр кейіпкерлерінің туған өлкесінің табиғатына аялы көзқарасы, халқының салт-дәстүріне құрмет сезімі, жұртына адалдығы әрбір адамға үлгі-өнеге болып табылады.
Батырлар жырында (Ер Тарғын, Қамбар батыр, Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, т.б.) батырлардың өзінің туған елі, жері үшін басқыншыларға, билеушіқанаушыларға қарсы ұлы батырлық істері, мінез құлқындағы ең жақсы қасиеттер - өлкесінің табиғатына деген сүйіспеншілік, халқына деген құрмет, туған бауырларына, жақын адамдарына бауырмашылдық, теңдесі жоқ ерлік, халқына шексіз берілгендік, туған елі үшін өзін құрбан етуге дайын тұрушылық ашылып көрсетіледі. Сонымен қатар ізгілік пен патриотизм, ержүректілік пен адамшылық, аға мен інінің қарым-қатынасы, батырлардың өзін қоршаған адамдарға қамқорлығы, бірлік пен татулық, ел мен елдің достығы, т.б. батырлар жыры мазмұнының негізгі өзегі болып табылады. Қазақ этнопедагогикасындағы батырлар жырында көтерілетін негізгі идея - отансүйгіштік. Халық туған елін, өскен жерін, өз халқын қорғайтын батырларды адамгершілігі мол ұлы бейне ретінде сомдап, қалың жұртшылыққа үлгі-өнеге ете білген. Осы айтылғандардың барлығы эпостық шығармалардың оқушылардың патриоттық тәрбиесінде жетекші роль атқаратындығын дәлелдейді.
Халқымыздың жауынгерлік және ерлік дәстүрлерінің мол тарихын ескере отырып, туған өлкеге сүйіспеншілікті қалыптастыруда, мектептiң оқу-тәрбие жұмысында патриоттық қаһармандық ерлік дәстүрінің негізгі элементтерін, оның ішінде патриоттық тәрбиенің негізгі бағыттарының бірі ерлік және жауынгерлік тәрбие мазмұнын жан - жақты қамти отырып, кеңінен енгізу қажеттілігі өмір талабынан туындап отыр.
Педагогика тарихында патриоттық тәрбиенің негізі ерте заманнан-ақ ойшылдардың, ғұламалардың назарында болды. Олардың құнды идеялары атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге жетіп отыр. Ұлы ғұламалардың қалдырып кеткен тәлімдік ой-пікірлері сан ғасырлар тоғысынан өтсе де, ешқашан өз мәнін жойған жоқ, керісінше олардың құндылығы жылдар өткен сайын арта түсуде.
Көне замандардан күні бүгінге дейін сақталып, тәуелсіздігін алып отырған халқымыздың тарихын саралайтын болсақ, ол сонау Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөк өмір сүрген көне түрік дәуірінің өзінде-ақ жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы болғандығын дәлелдейді. Екінші Шығыс Түркі қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, көк түркінің көк семсері атанған атақты батыры Құтылығұлы Күлтегін ерлігін оның басына қойылған жазба ескерткіште Йоллығтегін былайша суреттейді: Он алты жасқа келгенде... алты чуб, соғдыларға қарсы аттандық. Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды. Он тұтықты қарулы басшыларымен қолға түсірді. Ол әскерді сонда талқандадық. Жиырма бір жасында Чача Сеңүнмен айқастық. Күл-тегін әуелі тадықан шораның Боз атын мініп шапты. Ол ат сонда өлді. Екіншісінде Ышбыр Жамтардың Боз атын мініп шапты. Ол ат та сонда өлді. Үшіншісінде Сілікбек-иегінің Торы атын мініп шапты. Ол ат та сонда өлді. Күлтегіннің сауытына, қалқанына жүздеген оқ тиді, бірақ бірі де денесіне дарыған жоқ. Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде қырғыздарға қарсы аттандық. Күлтегін Байырқының Ақбоз айғырына мініп, шабуылға ұмтылды. Бір батырын оққа ұшырды, екі батырын найзамен түйреп түсірді. Ақбоз айғырдың белі үзілді. Қырғыз қағанын өлтіріп, елін алдық... Тоғу қаласында шайқастық. Күлтегін Азбан ағын мініп ұмтылды. Алты батырын шаншып түсіріп, жетіншісін қылышпен шапты. Тоғыз батырын қуып жетіп, тақымға басты... Оғыздармен соғыстық. Күлтегін Жетімек (Өгсіз) ақты мініп шауып, тоғыз ерін шанышты...Түргеш хақы жау болды. Күлтегінді шағын қолмен жібердік. Жойқын соғыс жасапты. қара түргеш халқы сол жерде өлім тауыпты.... Осылайша жалғаса береді. Мұның өзі Күлтегіннің 47 жасқа жетіп, қаза тапқанша, жаумен ерлікпен шайқасып, елін, жерін қорғап отырғанын дәлелдейді [11].
Елін-жерін құрметтеу, атамекенін көлденең келген жаудан қорғау, халықтың бірлігі мен ынтымақтастығын сақтау орта ғасырлық ғұламалар Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари мұраларында көрініс тапқан.
Әл-Фараби өзінің Ізгі қаланың тұрғындары, Бақытқа жету жолдары, Ғылымдар тізбегі немесе Ғылымдар энциклопедиясы, Музыканың ұлы кітабы, т.б. еңбектерінде білім беру философиясы, этика, эстетика, адамгершілік мәселелерін қозғап, қоғамды кемелдендіруді, әрбір қоғам мүшесін бақытқа жеткізуді тереңнен тұжырымдаған. Сонымен бірге ғұламаның әрбір ой түйіндеуінен оның Отанына деген асқақ сезімін байқауға болады, әрбір философиялық ой-пікірлерінде туған елінің бүгіні мен болашағына алаңдаушылық байқалып тұрады, халқы үшін қызметі оның патриоттық сана-сезімін білдіреді. Осы айтылған ойларды мына өлең жолдары дәлелдейді:
Кеткенім жоқ, елім сенен,
Атақ, бақыт, тақ іздеп,
Шықтым жалғыз, жұртым шалғай,
Ғылым атты шам іздеп.
Ақтадым мен ақ сүтінді,
Келгенінше шамамның.
Ассамдағы сексен жастан,
Сәбиіңмін, балаңмын ...
Айналайын, атам қыпшақ,
Туған жерді сағындым.
Өз атыңа, құрметіңе,
Қайда жүрсем табындым! [12]
Әл-Фарабидің патриоттық рухы Ж.Баласағұнидің Құтты білік дастанында жалғасын табады. Қарахандық түркілердс әскери-жауынгерлік дәстүр жақсы дамығаны белгілі. Сондықтан Жүсіп Баласағұни дастанда әскери өнердің қыр-сырын тамаша суреттейді. Ол көне түркілерден мирас больш келе жатқан рухтылық, жауынгерлік, мәрттік, серілік, антқа беріктік, аманатқа адалдық қасиеттерді ұлағат тұтады. Сөйте тұра, ол халықтар арасындағы қантөгісті мінеп, бейбітшілік пен татулықтың туын жоғары көтереді. Оның ойынша, елдің береке-бірлігі, тыныштығы қылыш арқылы орнаса, оның атақ-даңқы, байлығы, білім мен оқудың өркендеуі қалам арқылы, яғни, ғылым арқылы келеді. Ақын Қылыш күзейді, һәм жасытар, қалам түзеп, қазынасын тасытар (2417-бәйіт) - деп, бейбіт тұрмысты бәрінен артық санайды [13]. Ж.Баласағұнидің тәлімдік ой-пікірлерін талдай отырып, оны меңгерудің нәтижесінде ғұламаның патриоттық тәрбие беру бойынша тұжырымдаған даналық қағидаларын бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың қажеттілігін көруге болады.
Кемеңгер ойшыл Махмұт Қашқари өзінің атақты Диуани лұғат-ит-түрк (Түрік сөздігі) еңбегінде өскелең ұрпақтың өз еліне деген сүйіспеншілігін, халқына деген құрмет сезімін, атамекеніне деген отаншылдық рухын тәрбиелеуге баса назар аударады. Отанды қорғау ошақ қасынан, отбасынан басталатыны туралы мынадай келелі ой түйіндейді:
Туыс, қоңсы-қолаңды,
Құрметте де қадірле,
Сыйын алып, одан да, жақсы тауар қарым бер.
Сонымен бірге Отан дәстүр мен ұлттық мәдениеттен тұрады, Отаннан күдер үзу болғанмен, дәстүр-салтты аттап кетуге жол жоқ - деген мақалы оның Отанды құрметтеуге, Отанның салт-дәстүрін дәріптеуге бағытталған.
Жау қамалы алынды,
Қызыл байрақ қағылды,
Дұшпан шөптей шабылды,
Құтылмайды қашса да,
Талқандадым ерлерін,
Қансыратты шеңгелім,
Алтындардан теңдедім,
Бізден өтер жау бар ма? - деп, ерлік жасауға үлгі болған ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы күресін, батырлардың қуат-күшін, майдан даласындағы шайқастарын, олардың соғыс өнерін жетік меңгергендігін ашып көрсетеді.
М.Қашқаридің жастарды елін-жерін сүюге, қандай қиындық болмасын халқымен бірге көруге, атамекеннің даңқын көтеруге үндейтін мынадай ғибратты ойлары да көп нәрсені аңғартады:
Батыр майдан шебінде,
Дана жиында сыналады;
Кіріспе іске, әбдіреп, асықпай тұрып көріп ал,
Әбдіреп шақпақ шаққанда, шырақ та құлап сөнер ол;
Сорлы қонақ мұқтаж болып келсе егер,
Сарылтпа оны, бар асыңды тездеп бер! немесе
Дауыстап үлкен шақырса, тезірек бар жүгіріп, Құрғақшылық жылы жұртты көр, қайда түссе, сонда түс!, т.б. [14]
Халқымыздың біртуар азаматы, қазақ тарихын зерттеуші ғалым Ш.Уәлиханов, қазақ даласында тұңғыш мектеп ашып, болашаққа оқу-бiлiм сәулесiн таратқан халқымыздың мәшһұр ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин, ұлы ғұлама Абай Құнанбаев, көрнектi қоғам қайраткерi, ғалым-ұстаз Ахмет Байтұрсынов, қазақ жерiнде тұңғыш ұлттық педагогика, психология пәндерiнiң негiзiн қалаған Мағжан Жұмабаев, Жүсiпбек Аймауытовтардың патриоттық тәрбие беру бойынша қалдырған асыл мұрасы кешегiнi бүгiнгiмен жалғастырып келе жатқан игiлiгi мол қазына екенi сөзсiз. Олардың шығармашылық асыл мұралары бұл күнде жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесiнiң төрiнен орын алып, патриоттық тәрбие берудің дәрмендi құралдарының бiрiне айналып отыр.
Ш.Уәлиханов өзінің патриоттық сезімін Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық), мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін [15] деген ойлары арқылы білдіре отырып, патриоттық тәрбиенің жүйесін жобалайды. Ағартушының айтқан ой-пікірінде патриоттық тәрбие берудің мазмұны толығымен қарастырылған, яғни мұнда патриоттық тәрбие берудегі отбасының ролі, өлкетанудың қажетттілігі, ұлтжандылық, ұлтаралық қатынас мәселесі негізделген.
Абай Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухта, патриотизмге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін оятуды үнемi мақсат етедi. Оның Атаның баласы болма, Адамның баласы бол деген қағидасының өзі патриоттық рухты, халық үшін қызмет етуді аңғартады [16].
Бүгінгі таңда педагогика ғылымының теориясы мен практикасында оқушыларға патриоттық тәрбие беру мәселесі әрқырынан зерттеліп, бірнеше бағыттар бойынша қарастырылғаны мәлім:
- мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің теориялық және әдіснамалық негіздері Ю.К.Бабанский, Э.И.Моносзон, В.А.Сухомлинский, т.б. зерттеулерінде қарастырылып, патриоттық сана-сезім, патриотизмді қалыптастырудың мәні ашып көрсетілген;
- патриоттық және интернационалдық тәрбие берудің мазмұны, әдіс-тәсілдері мен формалары Э.Г.Абрамян, С.М.Ахмедов, И.Н.Качура, Н.С.Киямов, К.Г.Кожабаев, С.Е.Лещинская, Ж.А.Мақатова, И.А.Меликова, А.Н.Тесленко, т.б. зерттеулерінде қарастырылған;
- оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие берудің әдістемесі С.А.Каримбеков, С.Нұрмұқашева, Ш.А.Шарапов, т.б. еңбектерінде айқындалған;
- халық педагогикасының озық дәстүрлері мен шығармашылығы, материалдары мен тәжірибесі арқылы патриоттық тәрбие беру мәселелері А.А.Бейсенбаева, Р.Н.Кенжебаева, Ж.К.Коидзе, Ж.Н.Қалиев, Т.Ә.Қоңыратбаева және т.б. еңбектерінен орын алған;
- мектеп оқушыларына патриоттық үлгісін көрсеткен қайраткерлердің, батырлардың үлгі-өнегесі, майдангер жазушылардың шығармалары арқылы патриотизмге тәрбиелеу Б.С.Байменова, Е.Жұматаева, С.Т.Иманбаев, М.Ж.Құрманбаева, Д.С.Құсайынованың зерттеулерінің негізі ретінде алынған;
- жоғары оқу орындарында студенттерге патриоттық тәрбие берудің мазмұны, формалары мен әдіс-тәсілдері А.К.Қалимолдаева, Е.С.Салтанов және т.б. еңбектерінде зерттелген;
- Қазақстан Республикасының Iшкі істер министрлігіне қарасты ішкі істер әскерлерінің әскери қызметкерлерінде патриотизмді тәрбиелеуді педагогикалық тұрғыдан негіздеу мәселесін Ү.К.Санабаев өз ғылыми зерттеу жұмысына арқау етіп алған.
Патриоттық тәрбие - жастарда жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген шынайы адалдықты, Отанның мүдесін қорғауда азаматтық борышты, маңызды конституциялық міндеттерді орындауға даярлықты қалыптастыру бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың жүргізетін көпжоспарлы, жүйелі, мақсатқа бағытталған және орталықтан реттелген қызметі [17].
1.2 Өлкетану жұыстарының негізгі мазмұны, мектептегі өлкетану жұмысы
Ғылыми пән ретінде өлкетанудың өзінің зерттеу объектісі бар табиғатты, халық, экономикасы, тарихы, өлкенің өнері. Негізгі дерек ретінде Өлкетанудың библиографиясы, басқа деректері, статистикалық мәліметтері, тарихи ескерткіштеріжәне т.б.
Қазақстан жоғары мектебінің алдына қойылған міндеттерді орындаудың маңызды жолдарының бірі болып тарихи өлкетану табылады. Өлкетану деп белгілі бір аймақты жан-жақты зерттеп-тану ісін айтамыз. Әдетте, ондай зерттеуге өлкенің әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи және мәдени дамуы, сондай-ақ, оның табиғи сипаты нысан болады.
Өлкетану-мазмұны мен жекелеген зерттеу әдістері бойынша бір-бірінен ерекшеленетін, бірақ, бір тақырыптық жиынтықты құрай отырып, өлкені ғылыми тұрғыдан жан-жақты тануға мүмкіндік беретін бірнеше ғылыми пәндер кешені.
Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуыны тұжырымдамасында айтылған: Тарихи ағарту және тәрбиелеу жастарды өз халқының рухани әлеміне баулуға, оның мәдениетінің, тарихының тамырларын үйрету, халық поэзиясы, музыкасын, бейнелеу өнерін түсінуге ықпал ету. Осы мақсаттарға орай өлкетану жұмысын жаңғырту, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz