Батыс Түрік қағанаты мемлекеті және этникалық тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Өзектілігі. Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II-V ғғ.) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік Монғолиядан Шығыс Европаға дейінгі далалық өңірге қоныстанды, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жетті.
VI ғасырда Қазақстан жерлері кұдіретті держава - билеушілері түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шықкан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік этносының өзі қағанаттың құрылар алдындағы кезеңде Ганьсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасты.
Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань өңірі болған. Халықтардың ұлы қоныс аударуының нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта және Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. Теле деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады.
Бірақ, олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық- саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уақыт сүйеніп тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттері, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581-618 жж.), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түрік қағанаты Шығыс Түрік қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды.
Батыс Түрік қағандығы байырғы үйсін жерінде түріктер құрған қуатты, дербес қағандық ретінде Орталық Азия тарихында аса зор рөл атқарды. Қағандық Алтайдан Атырауға, Ертістен Әмударияға дейінгі ұлан-байтақ территорияны мекендеген.
Батыстың түріктері Тоң Жабғу қаған тұсында өз дамуының шарықтау шегіне жеткен. Ол Орталық Азия мен Шығыс Түркістанның түріктену үрдісін орнықтырып, түркеш, қарлұқ- қарахан дәуіріндегі аса қарқынды мемлекеттік, елдік, мәдени өркениетке жол ашты.
Батыс Түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құла, үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі болуына қарамастан, Батыс Түрік қағанатында таптардың құрылу және ертедегі феодалдық қоғамдық қатынастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің жүргені анық.
Бағынышты тайпаларға және қарапайым көшпелі бұқараға жүктелген міндеткерліктер туралы жазба деректер аз. Солай бола тұрса да, басты міндеткерліктердін бірі әскери міндеткерлік болғаны белгілі. Бағыныштылық әрқашанда алым-салық төлеумен қатар жүріп отырған. Оның үстіне бағындырылған тайпалардан, сондай-ақ соғыс қимылдары кезінде тұтқынға алынғандардан құлдар тобы қалыптасқан. Бірақ ертедегі түркілердегі кұл деген терминді жалпыға мәлім классикалық түрде түсінуге болмайды. Құл тайпалар - үстем тайпаға мал және аң терісі, т.б. түрінде салық төлеп тұруға міндетгі вассал тайпалар.
Алайда, Батыс Түрік қағанатындағы бұл үрдіс ұзаққа созылған жоқ.
Қытайдың Таң империясының араласуы мен ішкі қақтығыстар салдарынан қағанат әлсірей бастады.
Батыс Түрік қағандығы қашан құрылған, алғашқы қағаны кім болған, қағандық қанша жыл өмір сүрді,оның этникалық құрамы қандай болған деген сауалдарға тарих ғылымы әлі күнге дейін тиянақты жауап бере алған жоқ. Әрине, оның да өзіндік тарихи себептері бар. Бүгінгі менің курстық жұмысымның өзектілігі де осында.
Деректік негіздері: VIII ғасырдың алғашқы ширегіне дейін түріктер өздері жөнінде жүйелі жазба дерек қалдырмапты. Олар жөніндегі азды- көпті мәліметтерді қытайдың Бей патшалығы тарихы - (Бей шы- Таң патшалығының орда тарихшысы Ли Ян Шоу құрастырған 100 томдық, онда Солтүстік Вей патшалығы (386-534), Сүй патшалығы (581-618) дәуіріндегі тарихи оқиғалар қамтылған), Жоу шу (Жоунама)- 557- 581 жылдар және Сүй шу (Сүйнама) мен Таңнама (көне, жаңа таңнамалар)- (Көне таңнама, 194 орам. Түріктер тарауы) жазылымдарынан көре аламыз.
Соғды әріптерінен өзіндік ерекшелігі - ағашқа немесе тасқа жазуға жақсы бейімделгені болса керек. Ал біз өз зерттеулерімізге сүйене отырып: Орхон- Енисей сына жазуы- хұн, үйсін мен қаңлы, көктүріктер қолданған ежелгі алфавиттік жазуының тікелей жалғасы (қайнар көзі) жаңғыртылып, жетілдірілген жаңаша жазу үлгісі болған дегенді жақтаймыз [1, 117 б.].
689- 745 жылдар аралығында дәурендеген екінші Түрік қағанаты тұсында тасқа басылған Күлтегін ескерткішінде: Биікте көк тәңірі, Төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласы үстіне ата тегім Бумын қаған, Естемі қаған отырған. Отырып түрік халқының ел-жұртын қалыптастырған, иелік еткен,- деп түріктер құрған қағанаттарды бөліп- жармай біртұтас мемлекет ретінде қарайды [2, 46 б.].
Батыс Түрік қағандығындағы билік жүйесі жөнінде қытай жылнамаларында мынадай жазбалар бар: Батыс Түрік қағандығының халқы дулы (дулат), нушбе, қарлұқ, чөре, чымыр, үбір, т.б. Олардың ғұрып-әдеттері түріктерге ұқсас, тек тілдерінде ғана аздаған айырмашылық бар. Оларды билейтін ябғу, тегіндер, әдетте, түрік қағанының балалары мен туыстары... Бұл лауазымдардың бәрі де атадан балаға мұра болып қалып отырды.
Қытай жиһангездері: Батыс өңірдің қалаларында саудагерлер мен көшпелі малшылар бірге тұрады... қалаларда халықтың бір бөлігі жер өңдейді, ал екінші бір бөлігі саудамен айналысады,- деп жазды [3, 150 б.].
611 жылдан бастап үлкен қағандық Естемі жабғу мен Дарту жабғу қағанның ұрпақтары қолына өтеді. Қытай жазба деректерінде Шекуй қаған (610- 618 жж.) деген атпен мәлім болған адам - Дартудың немересі, Дулу жабғудың баласы еді.
Оң-сол қанаттар арасындағы ықпал аймағы үшін, үлкен қағандық тақ үшін болған қиян- кескі соғыстардың салдарынан 639 жылы үлкен қаған Ышбара Теріш қаған бас сауғалап Ферғанаға (Бохан) кетіп, сонда қайтыс болғаны жөнінде Тұң диянда баяндалған. (Тұң диян- Таң патшалығы тарихшысы Ду Ю (735-812) құрастырған 200 орамдық жинақтың аты, Жалпы заң- ережелер жинағы).
VIII ғасырда дулаттың бес тайпасы қоныстанған жерлер жөнінде Таңнамадан мол дерек таба аламыз. Онда түркештер Жемсар, Бесбалық пен Іле аңғарында тұратыны туралы жазылған. Қойлау тайпасы қазіргі Барлық тауы мен Ебнор көлі маңында, шимойындар Тарбағатай өңірінде, жаныстар Еренқабырға тауының оңтүстігіндегі Үлкен Жұлдық бен Кіші Жұлдыз бойында, ыстылар Іле өзенінің шығысы мен Қосөзен бойында тұрғандығы жазылған [4, 113 б.].
Қалаларының тұрғындары жайлы қытайдың белгілі түріктанушылары былай дейді: Батыс Түрік қағанаты барынша дәуірлеген кезінде ұлан- байтақ батыс өңір тұтастай қағанат иелігіне өтті де, ондағы барлық мемлекеттер оған бағынышты болып қалды. Бұл елдер тек алым-салық төлеуге міндетті болып қана қоймай, қаған ордасынан арнайы жіберілген бақылаушы тұтықтарды қабылдауға, әскери қосындарды қабылдап, түрлі қызмет көрсетуге міндетті болды... Міне, осылайша Батыс өңірдің түріктенуінің тарихи кезеңі басталды [5, 322-323 б.].
Тарихнама. Мен бұл жұмысты жазу барысында белгілі тарихшылардың еңбектеріне арқа сүйедім.
Көрнекті археолог К.Байпақов бұл қалаларды көлемі мен топографиясын және жазбаша деректерді саралай келе үлкен үш топқа бөліп қарастырған. Астаналық және ірі қалалар - Тараз, Суяб, Невакет. Бұлар бүгінгі Тараз, Ақбешім, Қызылөзен, Шойтөбе сияқты ірі қалалардың орналасқан жерлеріне, жұрттарына сәйкес келеді. Орташа қалаларға Таластағы Ақтөбе қала жұрты, Текабкет және Сус- Шалдавар, Меркі, Аспара, Жол- Соқылық, Харран, Жуван, Ақсу бекінісі, Жақ- Сарығ, т.б қалалар, ал шағын қалаларға- Құлан, Түрік қағанатының ауылы, Шөміш, Кірмірау (Покровский), т.б. жатады [6, 63-70 б.б.].
Тарихшылар Батыс Түрік қағанатының Шығыс Түрік қағанатынан бөлініп, дербестенуі жөнінде неше түрлі пікірлер ұстанып келгенін байқаймыз. Мысалға, В.Бартольд бастаған орыс тарихшылары оның: Түрік мемлекетін мемлекет болысымен бір әулет биледі, бірақ жеке бір адам билік жүргізе алған жоқ. Батыс бөлікке билік жүргізген барлық қағандар әу бастан-ақ толық дербес болды,- деген тұжырымды басшылыққа алып, Батыс Түрік қағанатын сонау 552 жылдан бастап өз алдына қағандық болып танылды деп келді [7, 20 б.].
Батыс Түрік қағанаты 603 жылы дербестенген дейтін көзқарас. Бұған дейін қалыптасып келген жоғарыдағы пікірлердің ықпалынан шығып, өз алдына тәуелсіз ой түйген қазақ тарихшылары Қазақстан тарихының жаңа редакциясында: Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі ... Сүй қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581- 618жылдар) ақырында оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа - Шығыс және Батыс қағанаттарға бөлінуімен аяқталады,- деп жазды. Біз де осы тұжырымды жақтаймыз [8, 300 б.].
Қазақстан тарихының жаңа редакциясында: VI-VII ғасырларда Түрік қағанатының құрамына кірген Орталық Азия мен Қазақстанның түркі тілдес тайпалары, сондай- ақ төменгі Еділ бойының, Дон бойы мен Солтүстік Кавказдағы Хазар мемлекетін құрған батыс түрік тайпалары сол кезде-ақ өз пайдаланған,- деп атап көрсеткен [9, 390б.].
Тұран даласына Алтай түріктері келгеннен әлдеқайда бұрын түрік текті байырғы халықтар мұнда өмір сүріп, мемлекеттер құрып, өзінің тамаша заттық, рухани мәдениетін жасап үлгерген болатын. Түріктер Бұл аумақтағы этникалық тегі, тілі, тұрмыс салты, қоғамдық шаруашылығы мен саяси құрылымы бір- біріне жақын, нәсілдес үйсін, қаңлы, кердері, йобан, дулат, алан, т.б. ру- ұлыстардың басын біріктіріп, ұлы мемлекет құрды. Бұл мемлекет тек түріктер ғана емес, еуроазиялық халықтардың басын біріктірген держава деңгейіне көтерілді [10, 295 б.].
Батыс Түрік қағанаты дәуіріне тән қалалардың орнына қазба жұмысын жүргізген Қазақстан археологтарының ортақ пікірі мынадай: ...Қала қауымдарының конфессионалдық өмірінің күрделі де ала- құла болуы ерте орта ғасырлардағы әр түрлі этникалық және діни топтардың өзара әсері жөнінде түсінік береді [10, 361 б.].
Орыс ғалымы В.А. Левшиннің пайымдауынша, Түрік қағанаты тарихының алғашқы кезеңінде, бері дегенде VII ғасырдың бірінші жартысында, ертедегі түрік таңбаларына ұқсас бірнеше белгілерімен толтырылған соғды жазуы негізінде түріктердің арасында жаңа жазу пайда болған [11, 12-13 б.б.].
Қағанатта ішкі соғыс бұрқ етісімен, Түрік қағанаты Шығыс, Батыс қағанатқа бөлініп кетті деудіңде тарихи негізі әлсіздеу. Әйтсе де, кешегі КСРО тарихшылары да, Н.Мыңжан да осы пікірді жақтап келді. Ол былай деп жазды: ...Түрік қағандығының ордасындағы аға- інілер арасында үкімет билігіне таласқан ішкі қырқыс туылып, ұлы қаған Ышбараға қарсы шыққан Апа қаған батыстағы Дарту қағанмен тізе қосып, Ышбара қағанға қарсы күресті. Ақырында, 582 жылы Түрік қағандығы өз ішінен Шығыс Түрік қағандығы деп екіге бөлінді, екі қағандықтың арасындағы шекара Аратүрік ауданы мен Алтай тауы болды [12, 50 б.].
Тарихшы Н.Мыңжан: Қағаннан соңғы үлкен лауазым ұлұғ еді,- деп жазады [12, 63 б.].
Н.Мыңжан: Дулаттар- қазақ халқының этникалық құрамына қосылған негізгі және белді тайпаларының бірі. Қазақтың байырғы шежірелері дулатты Ұлы жүз үйсінінен таратады... Дулаттан ботпай, шымыр, сыйқым, жаныс рулары тарайды. Қазақ ішіндегі дулаттардың таңбасы О (күн таңба), ұраны Бақтияр деп... Дулат деген ат түрлі тілдегі деректерде дулы, дулұғ, далу, дулығас, далұғ, доғлат түрінде ұшырасады,- деп жазады [12, 172 б.].
Қалалар сауда керуен жолдарына тізбектеле орналасты. 629-360 жылдары Ыстықкөл мен Шу, Талас өңірін аралап өткен діндар саяхатшы, монах Шуан заң өз қолжазбасында: Суябтың батысында бір- бірінен тәуелсіз, бірақ бәрі де түріктерге бағынышты он шақты қала бар,- деп жазған еді. Қазақстан археологтарының анықтап зерттеуіне қарағанда, дәл осы Талас пен Шу аңғарында 36 қала болған [13, 353 б.].
Қытай тарихшысы Шуе Зұңжың мырза да өзіне дейінгі тарихшылардың Көне таңнама, Жаңа таңнама, Сүйнамалардағы дерек көздерін талғамай пайдаланып келгеніне арнайы тоқталып: Тарихта дербес саяси билік құрған Батыс Түрік қағанаты ешқашан да түрік аралық ішкі соғыстың ұзаққа созылған арпалысның табиғи түрде итжығыспен аяқталуы емес, керісінше, Сүй патшалығының осы ішкі қырқысқа тікелей қарулы күшпен араласып қалыпты тепе- теңдікті бұзуы арқылы пайда болған жаңа саяси билік жүйесі,- деген қорытындыға келген [14, 274 б.].
Зерттеудің мақсаты: Батыс Түрік қағанатының құрылуынан бастап, құлдырау кезеңіне дейінгі уақытты зерттеу.
Міндеттері:
Батыс Түрік қағанатының пайда болу тарихын анықтау;
Батыс Түрік қағанатының мемлекеттік құрамы мен билік жүйесін талдау;
Батыс Түрік қағанатының этникалық құрамы және этнотерриториясын қарастыру;
Батыс Түрік қағанатының әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндау;
Батыс Түрік қағанатының шаруашылығы мен мәдениетін сипаттау.
Курстық жұмысының әдістемелік негізі: Жалпы ғылыми және арнайы тарихи әдістер кешені қолданылды, яғни салыстырмалы, типологиялық, жүйелік анализ әдістері, ғылыми әдістерді қолдану арқылы топтау, саралау және т.б. Осы әдістер арқылы зерттеудің методологиялық негіздерін айқындауға болады.
Хронологиялық шеңбері: Біз зерттеп отырған тақырып Батыс Түрік қағанаты 603-704 жж аралығын қамтиды.

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, төрт бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Батыс Түрік қағанаты мемлекеті және этникалық тарихы
1.1. Батыс Түрік қағанатының құрылуы және мемлекеттік құрамы, билік жүйесі

Түрік этнонимінін алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюн-нулердің (ғұндардың) ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде қытайдың Вэй князьдігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер (туцзюе) жыл сайын шапқыншылык жасап, ойрандап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл қүрылыктағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған окиғаларға байланысты [3, 226 б.].
Этникалық және саяси жағдайларға байланысты Түрік қағанатында екі топқа бөліну жүрді. Соның нәтижесінде 603 жылы Түркі қағанаты екі үлкен саяси және этникалық бөлікке бөлінеді: Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттары [4, 107 б.].
Батыс Түрік қағанаты- Қазақстан мен Орталық Азияда билік құрған ерте орта ғасырлардағы әскери- феодалдық мемлекеттердің бірі. Оның аумағы Алтай тауынан Тәңіртауына дейін, шығыста Баркөлден батыстағы Арал, Каспий теңіздеріне дейінгі ұлан-байтақ өңірді алып жатты. Қағандықтың негізгі орталығы Жоңғар даласы мен Жетісу өңірі болды, ал халқы осы өңірді ежелден бері мекендеп келе жатқан түркі тілдес үйсін, қаңлы, дулат, түркеш, қарлұқ, теле, басмыл, оғыз, оғыз, яғма т.б. ру ұлыстардан құралды. Бұл тайпалар Он оқ будун (он оқ халқы) деп аталады да, кейінірек Бес арыс дулат және Бес тайпалы нушабе аталатын болды. Оларды жалпылама Он оқ елі деп атау да дағдыға айналды.
Батыс Түрік қағандығы қашан құрылған, алғашқы қағаны кім болған, қағандық қанша жыл өмір сүрді,оның этникалық құрамы қандай болған деген сауалдарға тарих ғылымы әлі күнге дейін тиянақты жауап бере алған жоқ. Әрине, оның да өзіндік тарихи себептері бар.
689-745 жылдар аралығында дәурендеген екінші Түрік қағанаты (Шығыс Түрік қағанаты) тұсында тасқа басылған Күлтегін ескерткішінде: Биікте көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласы үстіне ата тегім Бумын қаған, Естемі (Істемі) қаған отырған. Отырып түрік халқының ел-жұртын қалптастырған, иелік еткен,- деп түріктер құрған қағандықтарды бөліп- жармай біртұтас мемлекет ретінде қарайды [2, 45 б.].
Алайда, әр дәуірдегі әр ел тарихшыларының пікірі одан өзгешелеу.
Тарихшылар Батыс Түрік Қағанатының Шығыс Түрік қағанатынан бөлініп, дербестенуі жөнінде, негізінен, үш түрлі пікір ұстанып келгенін байқаймыз.
1. В.Бартольд бастаған орыс тарихшылары оның: Түрік мемлекетін мемлекет болысымен бір әулет биледі., бірақ жеке бір адам билік жүргізе алған жоқ. Батыс бөлікке билік жүргізген барлық қағандар әу бастан-ақ толық дербес болды,- деген тұжырымды басшылыққа алып, Батыс Түрік қағаны сонау 552 жылдан бастап өз алдына қағандық болып танылды деп келді. Мұндай ұстанымға негіз болған бірден- бір жазба дерек қытайдың Көне тарихнамасындағы: Алғашындағы шаньюйдің бұйырумен Естемінің қол астына 10 шад басқарған он түмен әскер берілді. Ол батыс өңірдегі елдерді бағындырған соң өзін қаған деп жариялады, оның қол астындағы тайпалар он оқ бодун (он оқ халқы) деп аталады, деген жолдар болса керек. Бұлай болған көктүріктер құрған қағандықта ешқашан да біртұтас саяси құрылым болып көрмеген. Алайда тарихи шындық олай деп кесіп айтуға келмейді.
Естемі жабғу (Естемі ябғу) көзі тірісінде өзін дербес қаған деп жариялағаны жөнінде тарихи дерек жоқ. Керісінше, ол Түрік қағанатындағы кіші қағандардың бірі ғана еді. Түрік қағанатында үлкен-кіші қағандар болды, олар қағанаттың өзіне бөліп берілген аумағындағы барлық жер мен елге, әскери күшке тікелей басшылық жасағанымен, үлкен қағанға бағынатын, біртұтас саяси билікті мойындайтын еді. Естемі қаған да үлкен қаған Мұқанның жарлығымен батыс иеліктегі елдерді билеуге тағайындалған кіші қаған болатын. Естемістің үлкен қағанның бұйрығын бұлжытпай орындап отырғаны жөніндегі деректер баршылық.
В.Бартольд Түрік қағанатының біртұтас саяси жүйе болғандығын мойындамағандықтан, түрік қағанатының батыс тарабын билеуші кіші қағанын Батыс Түрік қағанатын құрушы қаған деп қарағандықтан, Батыс және Шығыс Түрік қағанаттары арасындағы принципті айырмашылықты ажырата алмай отырған сияқты. Бұл туралы алда кеңірек тоқталатын боламыз.
2. Батыс Түрік қағанатын 582 немесе 583 жылы құрылған болар деп болжайтын пікір осы жылдары басталып, 20 жылға созылған, Түрік қағанатын қансыратқан сұрапыл ішкі соғысқа байланысты туындайды. Мұндай пікір ұстанушылардың басында көрнекті тарихшы Шавани тұр. Ол былай дейді: Бумын қаған шығыс Түріктердің арғы атасы болғанда, Естемі батыс түріктерді билеген барлық қағандардың атасы болып шығады,- дей келе, Естемінің ұлы Дарту қаған солтүстік түрік (Шығыс түрік дегенні болар) пен батыс түріктің бөлініп, жарылуының бастаушысы болды... Саяси ажырасу 582 жылы аяқталды.
Мұндай пікірге қосылмау себебіміз: Дарту да, Апа да ішкі соғысты қоздырушы батыс тараптағы бүлікшілер тобының серкелері болды, бірақ олар Батыс Түрік мемлекетінің шаңырағын көтеруші қағандар емес еді. Шындығына келгенде, түрік аралық ішкі соғыс пен Шығыс-Батыс болып екі қағанатқа бөліну дегеніңіз тіптен басқа құбылыс еді. 20 жылға созылған ішкі соғыстың шын мәніне үңілсек,екі жақта үлкен қағандықты кім билеуі керек, кім-кімге бағынуы керек дегенге келісе алмағаннан, ағайын аралық тақ таласы өршіген, бірақ ешқашан да қағанатты екіге бөліп әкетуді мақсат тұтпаған деп қараймыз. Өйткені ішкі қырқыс басталған тұста қарсылас екі тарапта айқын саяси әскери одақ болмаған. Батыс қағанаттағы Апа мен Дарту бастаған бүлікшілдер алғашында одақтас болғанымен, Апа қаған Шығыс Түрік жерін өзіне қаратып алған соң, өзін-өзі үлкен қаған деп жариялаған күннен бастап, Дарту қағанға қарсы күш көрсете бастайды. Осыдан кейіін екі өліспей беріспейтін қанды соғысқа кіріскенін көреміз. Ақырында Дарту Өтукендегі билікті тартып алады да, Апа қаған әулетін өз қол астындағы кіші қағандыққа бағындырады. Сондықтан көктүріктер тарихын қарастырғанда, алдымен, Түрік қағанатындағы билік жөніндегі ұғым мен территориялық- аумақтық мүддені, сондай- ақ Түрік қағанатындағы батыс тараптық кіші қағандық пен ішкі соғысты жақтаушы батыстағы бүлікшіл топтарды шатастыруға болмайды. Біз сол үшін де Батыс Түрік қағанаты 582 немесе 583 жылы құрылған деген пікірдің тарихи- деректік негізі жоқ, ол тек үлкен қағандық үшін таластан туындаған 20 жылдық қарсыластықтың басы ғана деп танимыз.
Бұл дәуірдегі үлкенді- кішілі тарихи оқиғаларды орда хаттамаларына тіркеп жазғандар ол оқиғалардан бір-екі жүз жылдан кейін өмір сүрген Таң патшалығы дәуірінің таришылары болғандықтан, олар көбінесе өз заманының геосаяси жағдайымен, билеушілерінің емеуріні бойынша жазғаны белгілі. Мәселен, Батыс Түрік қағанатының негізін қалаған қаған Бумын Мұқан әулетінен бе, әлде Естемі әулетінен бе деген сауалға жауап беруге келгенде, Таң дәуірінде Батыс Түрік қағанатын Естемі қаған әулеті билеп тұрғандықтан, Таң тарихшылары Естеміні Батыс Түрік қағанатының дербес билеушісі деп жаза салғаны байқалады. Сондықтан да қытай дерек көздерінде баяндаған бір оқиға немесе белгілі бір таихи тұлға жөнінде неше түрлі пікірлердің жазыла беретінін ескеріп, жан- жақтылы салыстырып- саралау арқылы ғана ғылыми қорытынды жасау зерттеушілердің алдында тұрған міндет.
3. Батыс Түрік қағанаты 603 жылы дербестенген дейтін көзқарас. Бұған дейін қалыптасып келген жоғарыдағы пікірлердің ықпалынан шығып, өз алдына тәуелсіз ой түйген қазақ тарихшылары Қазақстан тарихының жаңа редакциясында: Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі.
Сүй қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581-618 жылдар) ақырында оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа - Шығыс және Батыс қағанаттарға бөлінуімен аяқталады,- деп жазды. Біз де осы тұжырымды жақтаймыз.
Батыс Түрік қағанаты билігін Мұқан мен Апа қаған ұрпақтары ұстап тұрғанда негізгі ордасы Алтайда болды. Бірақ олар Батыс Түрік аумағына айтарлықтай ықпал ете алмады [7, 71 б.].
610 жылдан былай қарай жағдайдың күрт өзгергені байқалады. Сүй патшалығының қолдауына арқа сүйеген Жабғу (Шекуй қаған) қаған Шығыс Түрік жерін бас орда етіп тұрған ұлы қаған Чораға қарсы аттанып, оны жеңеді. Чора қаған інілерін ертіп, Сүй патшалығын паналап кетуге мәжбүр болады.
611 жылдан бастап үлкен қағандық Естемі жабғу мен Дарту жабғу қағанның ұрпақтары қолына өтеді. Қытай жазба деректерінде Шекуй қаған (610-618 жж.) деген атпен мәлім болған адам - Дартудың немересі, Дулу жабғудың баласы еді. Шекуй (Sekuyi) Таң патшалығы дәуіріндегі оқылуы бойынша қалпына келтіргенде Иеху (Jenu) болып оқылады. Ол түрікше жабғу- ябғу дегеннің дыбыстық баламасы болса керек. Ендігі жерде біз оны Жабғу қаған деп қолданамыз.
Жабғу қаған таққа отырысымен, аталары орда тіккен Қарашәрінің терісіндегі үлкен Жұлдыз өзені бойынан батысқа қарай жылжып Бес Нүшебінің ортасына қарай ойысты. 610 жылдың өзінде Жабғу қаған батысқа жорық жасап,Чора қаған тағайындаған Шаш (Ташкент) ханын өзіне бағындырып, солтүстік- батыстан келер қатерді жоя алады.
Батыс Түрік қағаны Жабғу інісі Тон Жабу қаған таққа отырысымен қайта дәуірлей бастайды.
617 жылы Жабғу қаған қайтыс болады. Кемел, толық, күллісін қамтыған дегенді білдіретін түріктің tulub сөзін лақап ат етіп алған бұл қаған шынымен аты затына сай құдіретті билеуші болыпты.
Ол ең алдымен ордасын Қаратаудағы Мыңбұлақ бойына көшірді. Ондағы негізгі мақсаты батысқа қарай ішкерілеп, кезінде Батыс Түрік қағанатына қараған жерлерді біртіндеп қайтарып алу, өзіне қарасты Бес Нүшбенің қақ ортасында болып, шығыс пен терістіктегі жауларынан шалғайда еркін әрекет ету еді [14, 110 б.].
Тон Жабғу қаған сонау шалғайдағы Византиямен байланыс орнатып, әскери одақтастыққа қол жеткізу арқылы күш біріктіріп, парсыларды күйрете жеңді. Парсыларды жеңген түрік әскерінің басында қағанның үлкен ұлы Данду шад болған екен. 628 жылы қол жеткізген бұл жеңіс Батыс Түрік қағанатының даңқын аспанға шығарды.
Батыс майдандағы осы жеңістен шабыт алған Тоң Жабғу қаған шығыстағы түрікке шабуыл жасауды жоспарлап, Таң патшалығымен құдандалық қатынас орнату арқылы одақтастыққа қол жеткізуге әрекет жасайды. Бірақ Таң патшалығынан да, Бес Дулат пен қарлұқтардан да қолдау таба алмай торығуы оның саяси беделіне нұсқан келтірді. Алтайда орда тіккен Апа қағанның ұрпағы- кіші қаған деп жариялады.
Сонымен Батыс Түрік қағанаты 13 жыл (617-630) билеген Естемі қаған ұрпағы Тон Жабғу қаған билігі аяқталды да, Мұқан- Апа қаған билік басына қайта келді.
Батыс Түріктің үлкен қағандық тағына Теріш қаған отырған тұста (634-638) ел іші барынша дүрліккен оқиғаларға толы болды. Оған дейінгі төрт жыл ішінде, яғни 630-632 жылдары il beg ixbara Istami yagu kagan деген атақпен таққа отырған Жабғу қағанды тақтан тайдырған Дулу қаған да (632-634) мұнда ұзақ тұра алмай, Теріш қағаннан сескеніп, Ертіс бойына өтіп кетті. Ол өңірде бұрыннан мекендеп келген шігіл (чу йо), чұмұл (чуми), қошу (гусу), қарлұқтарға арқа сүйеп, үлкен қаған билігін қайтарып алуға әрекет жасады [11, 330 б.].
Қағанат аумағында үлкен қаған билігіне қарсы басқа да үлкенді- кішілі топтар аз емес еді.
Осындай аса күрделі саяси, әскери жағдаймен есептеуге мәжбүр болған Ышбара Теріш қаған Батыс Түріктің негізгі ұйытқысын құрайтын екі қанат (Бес Дулат, Бес Нүшбе) арасындағы алауыздықты реттеп, топтастырудың шарасы ретінде басқару жүйесіне кейбір реформа жасауға бел байлайды.
Оның реформасы бойынша, Шығыс пен Батыстағы екі қанат тең құқылы 10 тайпа бастығы арқылы басқаруды заңдастырып, олардың әрқайсысының қолына бірден жебе ұстатты. Әрбір тайпа өзін- өзі билеу құқығына ие болды. Бұл бір жағынан тайпа аралық араздықты уақытша ауыздықтағанымен, елінің тұтастығы мен орталық билікті әлсіретіп жіберді. Осының салдарынан қағанат өздігінен ыдырауға бет бұрды.
Өйткені бұл реформа бойынша алтын жебеге ие болған Асыл текті Асана тұқымынан басқа рулардан шыққан шорлар мен еркіндер ендігі жерде ең жоғарғы дәрежелі шадтармен теңестірілгендіктен, асана әулетінің бұрынғы зор артықшылықтарынан айырылды. Ол іс жүзінде қаған билігінің де беделін түсіріп, басқа әулеттің қоғамдық орнын асқақтатуға себепші болды [16, 75 б.].
Тарихтан белгілі болғандай, 630 жылдан былай қарай Шығыс Түрік қағанаты әлсіреп, Таң патшалығы ұйымдастырған Тізгіндеуші әскери- әкімшілік аймақтар арқылы басқарыла бастады. Олдарды бақылап- басқарып отыратын үлкен Тұтық мекемелерін құруға кірісіп кетті.
Күлтегін (үлкен жазуда) шерлене: Түрік халқы елдігін жойды, қағандығынан айырылды, табғаш халқына бек ұлдары құл болды, пәк қыздары күң болды. Түрік қағанына бағынды, елу жыл ісін-күшін берді,- дейтін қаралы кезең басталған болатын. Ендігі жерде Таң патшалығының ықпал аймағы тікелей Батыс Түріктің шығыс шекарасымен шектесіп жатты [2, 114 б.].
Батыс Түрік қағанатын да әлсіретіп өзіне бағындыруды мақсат тұтқан Таң империясы билеушілерінің саяси белсенділігі арта түседі. Бұған екі қанатқа заңды түрде бөлініп басқарыла бастаған он оқ бодун жұртын билеуші шорлар мен еркіндердің бет-бетімен кеткен бақталастығы себепші болды.
Оң-сол қанаттар арасындағы ықпал аймағы үшін, үлкен қағандық тақ үшін болған қиян- кескі соғыстардың салдарынан 639 жылы үлкен қаған Ышбара Теріш қаған қаған (Дие ли шы) бас сауғалап Ферғанаға (Бохан) кетіп, сонда қайтыс болғаны жөнінде Тұң диянда баяндалған.
Қағанаттың негізгі билігі ендігі жерде Ilik bagduluk kagan деген атпен белгілі болған Дулу қаған Бес Нүшбенің қолдауымен Бес Дулат аумағын да өзіне қаратуға кірісіп, шығысқа қарай жылжи бастады. 639 жылы Бес Дулатты басқарған Асана Нишу өзіне берілген шігіл, чұмұл тайпаларын бастап, Таң патшалығын паналап, қағанат аумағынан шығып кетті.
Дулу қаған Таң патшалығымен ендігі жерде бейбіт қатар өмір сүре алмасын анық сезінгендіктен, Едіхұт (Гаушаң) патшалығымен бірлесіп, империя өктемдігіне батыл қарсы тұрып, өз тәуелсіздігі үшін күреске бел буды. Бірақ төрт жылға созылған (638-642) табанды қарсыласудан еш нәтиже шықпай, ақырында Тохарстанға қашып кетуге мәжбүр болды. Сонымен Батыс Түрік қағанаты 651 жылға дейін Таң империясы тағайындаған қуыршақ қағандар билеген кіріптарлыққа ұрынды.
Батыс Түрік қағандығы ішіндегі Асана тұқымдары арасында белең алған тақ таласын одан әрі ушықтырып отырған Таң патшалығы біресе Бес Дулат, біресе Бес Нүшбе жағын қолдаған сыңай танытып, жеңілгендерін Таң патшалығы иелігіндегі аумаққа барып қоныстануға мәжбүр етіп отырды. Осылайша көшіп оралған ру басыларына әр түрлі жалған мансап, лауазым ұсынып, сый- сияпат көрсету арқылы діттеген мақсатына жетіп отырғанын көреміз.
630 жылы Құймыл аймағы убір (йуыр) елінің билеушісі Ше уан жеті қаланың басшыларын соңынан ертіп, Таң патшалығына бағынса, 632 жылы Ыстықкөл маңын мекендеген шеп тайпасының билеушісі Хели өз елін бастап, Таң жеріне барып қоныстанды. Ал, 635 жылы Батыс Түріктің кіші қағандары Асана Шер, 636 жылы Асана деген Манас өзені маңындағы Чөре мен Шымыр бірінен соң бірі Таң патшалығына барып бас ұрды. Таң патшалығы оларды қолтығына алып,олардың әскери күшін өз мақсаттарына ұтымды пайдаланып отырды.
Осындай алтыбақан алауыздық Батыс Түрік қағандығын әбден әлсіретіп тастады. 634 жылдан былай қарай қағандық өзінің Сырдарияның батысқа созылған иеліктері ғана емес, Тәңірі тауының оңтүстік- шығысындағы иелік жерлерінен де айырылып қалды.
Таң патшалығы осы жылдарда өзінің өкіл әкімдік орталығын Бесбалықтан Тұрпанға, одан Күшарға көшіріп , Күшар, Қашқар, Хотан қалаларын осы өкіл әкім мекемесіне бағындырған еді. Бұл өңірді мекендеген ысты, ботбай, шимойын рулары Таң патшалығы билігін мойындап,бағыныштылығын білдірді [9, 69 б.].
Осындай қиын- қыстау жағдайда уақытша Таң патшалығына бағынғансып жүріп, іштей күш жинап алған асана Қойлы (Қойлық) өзіне қарасты әскері мен елін бастап, батысқа жылжып, Мыңбұлақта орда шаңырағын көтерді де, өзін Ышбара қаған деп жариялады. Бұл өңірдегі Таң патшалығы әскеріне соққы беріп, Батыс Түрік қағандығының тәуелсіздігі үшін жеті жыл бойы арпалысты. 658 жылы болған аса жойқын соғыста баласымен бірге Таң армиясы қолына түсіп, империя астанасы жеткізіледі. Бір жыл мырза қамақта отырған Асана Қойлы 659 жылы дүние салады.
Таң патшалығының отарлаушылық- әскери экспанциясын ақтау үшін қытай жылнамалары бұл оқиғаны Асана Қойлының бүлігін басу деп атап келді. Жаңа таңнама мен Сыфу Юань гуй қатарлы жылнамаларды пайдаланып зерттеу жүргізген әр замандағы (әрі бүгінгі) қытай тарихшылары мен орыс, еуропа тарихшылары да жоғарыдағы дерек көзін талдап, талғап жетпай, сол күйінде пайдаланып келгенін көреміз. Соның салдарынан Асана Қойлы бастаған Батыс Түрік елінің тәуелсіздігі жолындағы азаттық күресі әлі күнге әділ бағасын ала алмай келеді.
Асана Қойлының жойылуы Батыс Түрік қағанатының біржола жойылуы емес еді. Асана Қойлыға қарсы жорық кезінде Таң армиясы жағында болған Суябтың батысындағы Бес Нүшбенің билеушісі Асана Женжу йеху (ilig beg ixbara Istami yagu kagan) өзін қаған деп жариялады. Бірақ ол да бақталасы Шиңши уаң қағанмен Екіөгіз қаласы үшін болған соғыста мерт болды да, Батыс Түрік қағанаты тағы да шығыс және батыс болып екіге бөлініп, Таң патшалығының бодандығына түсті.
Одан кейін де Батыс Түрік қағанаты аумағында үлкенді- кішілі оқиғалар болғанымен, негізінен, таң патшалығы тағайындаған қуыршақ қағандар мен бодандаушы аймақтық өкіл әкімдердің бақылап, басқаруына ықпал етерліктей саяси, әскери күшке айнала алмады. Сөйтіп, Батыс Түрік қағанаты 659-660 жылдары дербес ел ретінде өмір сүруін тоқтатты.
Батыс Түрік қағанатының билігінде болып келген негізгі тайпалар Батыс Түрік қағанатының негізінде 692 жылы құрылған Түркеш қағанаты билігіне өтті [17, 74 б.].
Тарихшылар Батыс Түрік қағанаты мен Шығыс Түрік қағанатының мемлекеттік құрылымы мен басқару жүйесі, негізінен, ұқсас болған деп қарайды. Алайда, нақтылай талдап, салыстыра қараған адамға олардың арасында көптеген айырмашылықтар бар екені байқалады [4, 118 б.].
Екі қағандықтың да ең жоғарғы билеушісі қаған деп аталады. Ол бүкіл қағанаттың бас иесі әрі елдегі барлық қарулы күштердің бас қолбасшысы болды. Тарихшы Н.Мыңжан: Қағаннан соңғы үлкен лауазым ұлұғ еді,- деп жазады. Қағандықтағы әр дәрежелі лауазымдардың орны мен реті төмендегідей болып келеді: жабғу (ябғу), тегін, шад, бек, бөрук (бұйрық), шор, еркін, елтебер, тұтық, тархан (дархан) ян хұнда т.б. Ал орданың іс жүргізушісі үй қағаны, қаражат ісін басқаратын лауазым ет жөні деп аталады.
Батыс Түрік қағанатын түріктің Асана тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Қағаннан кейінгі жабғу, тегін, шад сияқты лауазымдар қағанның балалары мен туыстарына тиесілі болды. Олар, негізінен, қағандыққа қарасты ел- жұртты билеуге жіберіліп отырды. Олардың әрқайсысының өздері тікелей басқаратын ірі әскери құрамалары болды.
Батыс Түрік қағандығындағы билік жүйесі жөнінде қытай жылнамаларында мынадай жазбалар бар: Батыс Түрік қағандығының халқы дулы (дулат), нушбе, қарлұқ, чөре, чымыр, үбір, тағы басқалар. Олардың ғұрып- әдеттері түріктерге ұқсас, тек тілдерінде ғана аздаған айырмашылық бар. Оларды билейтін ябғу, тегіндер, әдетте, түрік қағанының балалары мен туыстары... Бұл лауазымдардың бәрі де атадан балаға мұра болып қалып отырады.
Алайда біз сөз етіп отырған дәуірдегі Батыс Түрік қағанатының алғашқы кезеңінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«түрік дәуірінің кезеңделуі»
Алғашқы түркі мемлекеттері
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
Түркі қағанаты
Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы
«Түркі» этносы және этнонимі
Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер (ҮІІ – ХІІ ғғ.)
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Түркі қағандығы
Пәндер