Әдебиет қандай өнер


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Имангалиева А. Б
Поэзиялық шығармалардағы цитация құбылысы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5B020500 - «Қазақ тілі филологиясы» мамандығы
Қарағанды 2019
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Қазақ тіл білімі
кафедрасының меңгерушісі.
Ф. ғ. д., профессор
Мажитаева Ш. М.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Поэзиялық шығармалардағы цитация құбылысы»
5В020500 - «Қазақ филологиясы» мамандығы
Орындады: А. Б. Имангалиева
Ғылыми жетекшісі: А. С. Адилова
Ф. ғ. к., профессор
Қарағанды 2019
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
- Жалпы әдебиет туралы . . . «Поэзия, менімен егіз бе едің!» . . . Көркем мәтін, оның қызметі . . .
- «Интертекст», «интертекстуалды», «интертекстуалдылық» . . . Интертекст. Интертекст туралы ғалымдардың ойы . . . Цитата. Дәйек сөз. Цитата құбылысы . . . Мәтінаралық байланыстарға құрылған троптар . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60
Әдебиеттің өзі әдебиет туралы ғылымнан тумайды, керісінше, әдебиет туралы ғылым әдебиеттен туады. Әдебиет жоқ жерде әдебиет туралы ғылым болуы да мүмкін емес. Ендеше, әдебиет туралы ғылымнан бұрын, алдымен әдебиет дегеннің өзі не нәрсе екенін, әдебиетті жасаушы суреткер жөнін, сөз өнерінің қоғамдық бітімі мен идеологиялық пішінін жалпы түрде бір байыптап алу шарт. Біз солай етейік, яғни, сөз өнері жайлы аз-кем ұғым қалыптастыра кетейік. Жалпы әдебиет - араб тілінен аударғанда, «асыл сөз» деген мағынаны білдіретіні бәрімізге де аян. Бұл ғылым - сөз өнерін зерттейтін ғылым екені де мәлім. Әдебиет туралы ғылымның, дәлірек айтқанда, оның ғылыми жұрнақтарының тұңғыш туу тарихы тым әріде жатқаны белгілі. Қай халықтың, тарихын алсақ та бәрі-бір, оның баяғы бабалар дәуірінен басталатын ауызекі көне әдебиетінің туу, қалыптасу, даму кезеңдерінің, әр тұсында сөз өнері туралы талғамдар туып, кейбір эстетикалық талғамдар белгіленген. Олар кейін әр сипатта, әр жолмен, қоғамдық таптар пайда болған тұстарда тіпті әр алуан таптық ағым мен бағытта өрбіп отырған. Айта берсек, өте көп дүние бар. Біраз ғалымдар зерттеп тастаған. Әлі де зерттелу үрдісінде.
Демек, сөз өнері жайлы ғылымның даму кезеңдерін көз алдымыздан өткізе қалсақ, жалпы көркемөнер туралы ілімнің қалыптасу тарихы да жанамалай жарысып, айтар ойларымызға араласа кетіп отырары заңды деп білу керек. Сөз өнері жайлы айта кеткен сон, осы ғылым саласының ең бір таза құндылығы ретінде көркем шығарманы айтпасқа болмайтын шығар.
Әдебиет қандай өнер? Әдебиет - сөз өнері. Неге?
Негесі - сол, мүсіншінің құралы - саз, суретшінің құралы - бояу, әншінің құралы - үн, бишінің құралы- қимыл болса, әдебиетшінің құралы - тіл. «Сөз - әдебиеттің құрылыс материалы» (Федин) .
Қоғамдық сананың айрықша саласы - көркемөнер десек, мұның жалпы адамзат мәдениетінен алар орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқарар қызметі орасан зор. Фиди статуясы, Рафаэль картинасы, Шекспир трагедиясы, Глинка музыкасы, Абай лирикасы мезгіл межелерінен аттап өтіп, уақыт сынына мүдірместен, көрген, тыңдаған, оқыған адамдар жанын сусындатумен келеді және сусындатқан үстіне сусындата бермек.
Көркемөнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі - көркем әдебиет. Оның өнердің өзге түрлерімен әлгідей бірлігі бола тұра өзгешелігі де мол. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімді деу қиын: сөз - бояу немесе дыбыс емес, барлық халыққа бірдей түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар; әдеби шығарма сол тілде ғана туады. Бұл - көркем әдебиеттің халықаралық өрісіне біраз бөгеу, тіпті түсау екені рас. Бірақ, мұның есесіне, әдебиеттің тілі музыка тілінен гөрі нақты, театр тілінен гөрі затты: симфонияны тыңдаушының бәрі нақты түсіне бермейді, театр сахнасында бүгін кеште жүріп жатқан спектакльдің ертеңгі ұрпаққа мұра боп қалғандай қолға ұстар затты дерегі бола бермейді, ал әдебиетте екеуі де - нақтылық та, заттылық та - бар. Кескін, сәулет, сымбат өнерлері затты, нақты болғанмен жансыз, қимылсыз, ал әдебиет кез келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылта, құлпырта көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін - бар өнердің басы, «өнер атаулының ең қиыны және күрделісі» (Бальзак), «ең жоғарғы түрі» (Белинский) десек, асырып айтқан болмаймыз. Қазақ халқының «өнер алды - қызыл тіл» деген білгір тұжырымы да тегіннен тегін тумаған-ды.
Өнер қадірін білмейтін, оның ішінде сөз өнерін түсінбейтін тоғышарлар жаңа ғана сахнадан көрсетілген комедияны арзан күлкіге, әшейін әзіл-әжуаға сайған сәтте Гоголь ызаға булығып, «Театр табалдырығында» тұрып айғай салған болатын: «Әзіл-әжуа!. . Әне, театр балкондары мен жақтаулары күңірене теңселіп кетті; тебіренген жұрт бір сәт бір ғана сезімге көшіп, бір адамға айналып, бір туған бауырдай құшақтасып, бір ғана діріл деммен тыныстап, бұдан бес жүз жыл бұрын дүниеден өткен бейтаныс біреуге құшырлана қол соғып, алғыс гимнін азынатып жатқаны анау… Әзіл-ажуа!. . Мұндай «әзіл-әжуа» болмаса, дүниені меңіреу ұйқы жайлар, тіршілік қаңсып, адыра қалар, көңілді мүк басып, балдыр шалар». https://surak. baribar. kz/487478/
Қоғамдық сананың айрықша саласы-өнер; өнердің жалпы адамзат мәдениетінен алатын орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан. Өнердің бірнешеу құралы-бояу, әншінің құралы-үн, бишінің құралы-қимыл болса, әдебиетішінің құлағы-тіл. Демек, әдебиет-сөз өнері. Өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиетті- көркем әдебиет. Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері нақты, затты болғанымен жансыз, қимылсыз, ал әдебит кез келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылтып, құлпыртып көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін-бас өнердің бас, «өнер атаулының ең қиыны және күрделілісі» (Бальзак), «ең жоғары түрі» (Белинский) десек, халқымыздың «өнер алды-қызыл тіл» деген қағидасы да соны растайды. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, солардың өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал етеді.
Әдеби шығарма адамның бүкіл ой-қиялын, сыр-мінезін түгел баурайды: қуантады, сүйіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді…Қысқасы, адамның көңіл-күйінде сан сапа құбылыстартуғызып, із қалдырады. Бұл әдеби шығарманың, яғни көркем әдебиеттің эстетикалық әсері, оның таным, тәрбие тарапындағы мәні де осыған негізделген.
Кітап және симфония, сурет немесе, мүсін не туралы деген сұрақтың жауабы бір-ақ: адам туралы, адамның әсемдігі мен асыл қасиеттері туралы адам рухының керемет күші мен қасиеті жайлы… Өнер дүниесінің (туындысының) бәріне ортақ мазмұн-адамның ойы, арманы, құштарлығы, мұраты; өнер туындысының қай түрі болсын, әрқайсысы өз тілінде өмірдегі, қоғамдағы адам тіршілігінің мәні мен мағынасын паш етеді. Адам тағдыры-жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді танудың өзгеше тәсілі.
Болмыстың көркем көрінісі мен адамды нақты қимыл-әрекет үстіндегі жанды бейнелеу-тек сөз өнерінің ғана еншісі. Бейнелеу құралы-тіл. Тіл арқылы сөзбен сурет жасалады, яғни кез келген көркем шығарманың тілсіз өрілуі мүмкін емес. Көркем әдебиеті тілі-әдеби тілдің ауқымында жасалғанымен, ұғымдық аясы одан әлдеқайда кең. Бұл-оның шығармашылық қызметінен, образды бейнелеуші, кейіпкерді мінездеуші сипатынан туындайды. Өзінің осы ерекшелігіне орай көркем әдебиет тілі екінші және басты ерекшелікке-жалпы халықтық тілдің барлық қабаттарын (диалектілерді, жаргондарды, кәсіби сөздерді) керегінде қамтитын синтетикалық тұрпатқа ие болады. Көркем әдебиеттің тілі-тіл мәдениетінің, тілдік талғамның ғана тарихы емес, қоғамдық өзгерістердің, әлеуметтік психологияның да тарихы. Өйткені жалпы ұлттық тіл мәдениеті аясында жасалған әр кезең әдебиетінде сол әдебиетті тудырған уақыт ерекшеліктері өзіне тән сөз саптау стилі арқылы таңбаланады. Әдебиеттің пәні-адамның өмірі, қоғамдық қарым-қатынастар мен алуан түрлі қоғам өміріндегі құбылыстар, өз мінез-бітімімен дараланып көрінетін жеке адамдардың тағдыры. Әдебит қоғам өміріндегі сан қилы шиеленіс, тартыстарды, қақтығыс пен күресті бейнелейді. Сондай-ақ саяси, экономикалық, моральдық тағы басқа талай мәселелерді қорғайды. Алайда оларды дербес талдап кетпей, адамның тағдырын көрсету, кейіпкердің іс-әркетін, мінез-құлқын ашу қажеттілігіне орай, белгілі мөлшерде баяндайды. Жазушы кейіпкерлер өмір сүретін, әркет ететін қоғамдық ортаны, жағдайды нақты бейнелейді, олардың іс-әркетінің, мінез-құлқының белгілі тарихи жағдаймен байланысын айқындап береді. Әдебиет өмірді көрккем образ арқылы бейнелейді, адамның дараланған характерін жасау, жеке оқиға, жағдайларды суреттеу арқылы қоғамдық өмірдегі аса маңызды заңдылықтарды ашып береді. Қоғамдық өмірде әдебиет қозғамайтын мәселе, назар аудармайтын жағдайлар аз-ақ, жоқтың қасы. Алайда әдебиет алдымен адамның тұтас тұлғалы бейнесін көрсететін болғандықтан, қоғамдық өмірдегі қай мәселеге болсын эстетикалық қатынас тұрғысынан қарап, оны шығармадағы көрсетілетін нақтылы өмірлік жағдайларға орай бейнелейді. Көркем шығармада өмір құбылысы, оның әр түрлі ерекшеліктері тұтас көрсетілсе де, ненің маңызды, мәнді екені айқын ажыратылып, дәл танылады. Уақиғалардың, адам бейнесінің әдебиетте нақтылы сереттеледі, оқырманға өмірдің өзін көріп отырғандай әсер беріп, шығарманың ой-сана күшті ықпал етуіне мүмкіндік береді. Әдебиетте қоғам өмірі, тарихи даму пройесі үнемі алға қарай бастайтын тура тартылған жол сияқты болып жатпайды, қайшылығы мол қиын жағдайлар, қақтығыстар, адамдардың тағдыры арқылы көрінеді. Жекелеген жағдайлар, сан түрлі адамның өмір-тағдыры арқылы жазушы қоғамдық заңдылықтардың, әлеуметтік құбылыстардың сырын ашып береді. Әдебиет адамның байқағыштық, сезімталдық, көркем ой-қиялдан ләззат ала білу секілді қабілеттерін күшейте түседі, эстетикалық сезімін байытады. Әдебиет адамды биік қоғамдық идеялдар, зор арман-мұратарға жетелейді. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, табандылыққа баулиды, адалдық үшін күресуге жігерлендіреді. Оқырман әдеби шығармадан әлеуметтік мәселелерге жауап-шешім іздейді. Ендеше, көркем әдеби шығарма өзінің үлкен қоғамдқ, тәрбиелік маңыздылығымен де эстетикалық сезімімізге әсер етіп, өмірдегі адамның бойындағы, мінезіндегі, әдемілікті, әсемдікті қалай түсіну керектігін үйретеді.
А. Байтұрсыновтың «Әдебиеттанытқышы», ең алдымен, сөз өнерінің табиғатын, өнердің басқа түрлерінен айырмашылығын, артықшылығын сөз етеді. …Сөзбен сымбаттаудың я кескіндеудің үлгісін көрсету үшін автор Абай өлеңдерінен мысалдар келтіреді. «Әдебиет танытқышта» ауыз әдебиетінің ең шұрайлы, ең бейнелі, мазмұны мен көркемдігі бай үлгілерін пайдаланған. Ағартушы өз айтқандай, «адамның насихатшысы» ретінде қазақ халқының көркем ойлау жүйесіндегі рухани қадір-қасиеттерге, жақсылық пен жамандық тартыстарына, ерлік пен батырлқ істерге, бірлік пен ынтымақ, сұлулық сырларын бейнелеген үлгілерген көбірек көңіл бөлген.
…ауыз және жазба әдебиеттің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық, әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөледі.
Әдебиет-сөз өнері. Суреткерге тән ерекшеліктер. Сезім. Нәзік сезімталдық. Бақылау. Жіті бақылағыштық. Қиял. Творчестволық фантазия. Интуиция. Сезімталдық. Өмірбаян. Тәжірибе молдығы. Парасат. Сананың саралығы. Шеберлік. Өнердегі шын шеберліккеапарар жол-еңбек. Шеберлік шексіз. Шабыт. Шалқыған шабыт болмаса, шеберліктенде ештеңе шықпайды.
Суреткерлік сипаты оның азаматтық рухынан, қоғамдық бітімінен басталады. Демек, оның жеке өз басының дара асиеті, оның рухани жан дүниесі, әлеуметтік кейпі мен моральдық кескіні, дүниетанымы мен қоғамдық қызметі, білімі мен мәдениеті бір-бірімен ұштасып, бірін-бірі толықтырып, нағыз суретекердің өзіндік болмысын танытады.
Әрбір өнер адамының бәрінен бұрын жаны сұлу, адамгершілігі мол, мінезге бай, білімі терең және мәдениеті биік болуы керек.
Суреткер-өз дәуірінің перзенті, сондықтан ол-қоғғам қайраткері, өйткені қаламгерлік-қоғамдық іс. Әдебиеттің қоғамдық мәнін сөз еткенде, оның танымдық маңызын аттап өту мүмкін емес. Көркем шығарма адамға өмірді танытады, таныта тұра тәрбиелейді. (М. Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы туралы камерун жазушысы Бенжамен Матиптің пікірін келтіру) көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына ықпал етеді, тұрмыс-тіршілігіне әсерін тигізеді. Көркем әдебиеттің құдіретті күшін, немес, оның өмір таныту, атәрбиелеу жапйын ғана емес, күллі қоғамдық өзгертушілік қасиетін түсіну үшін, оның эстетикалық тбиғатын тану қажет. Эстетика-жан тебірентер, адамды баурап алар әсем әсер. Әдеби шығарма аамның күллі ой-қиялын, сыр-сезімін түгел баурап алар әсем әсері. Әдебиеттің әлеуметтік мәнін, оның қоғамдық-өзгертушілік күшін осы тұрғыдан түсіну шарт. Сөз өнері-қоғамдық сананың әрі күрделі, әрі орасан маңызды саласы. Қоғамдық сана (идеология) -белгілі бір таптың мақсат-мүддесіне сәйкес көзқарастар жүйесі. Демек әдебиет-қондырма, яғни қоғамның белгілі бір дәуіріндегі экономикалық құрылысына, базиске негізделеді. Әр дәуірдің әдеиетінде сол дәуірдің ізі сайрап жатады, онда қоғамдық құрылыстағы іс-әрекеттерді даттау не жақтау болады; олардың дамуына ықпал жасайды, я құлдырауына әсер етеді. Демек, әдебиет-тіл сияқты бірнеше дәуірдің жемісі, емес, бір ғана дәуірдің жемісі. Тіл-бәріне ортақ және бейтарап. Әдебиет-мәдениеттің бір бөлігі, ал мәдениет-қондырма. Әдебиет-ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы; көркем шығарма өзегі-шындық. Жазушы өмірдегі сан-салалы шындықтан зінің суреткерлік мақсатына керегін ғана таңдап, шығармасына арқау етеді. Ол өмір құбылыстарын өзінің дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан саралайды. Ал суреткердің бл қасиеттерін ол өмір сүріп отырған қоғамдық орта белгілейді. Ол өзі қаласын-бәрі-бір, белгілі бір «таптың көзі, құлағы мен үні» (Горький) болмақ. Демек-әдебиет таптық. Әдебиеттің таптығының жоғары түрі-әдебиеттің халықтығы. Пайдаланатын әдебиеттер А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» Кітапта: А. Байтұрсынов шығармалары. А., 1989 З. Ахметов «Өлең сөздң теориясы» А., 1973 Қ, Жұмалиев «Әдебиет теориясы» А., 1969 . . . https://www. uniface. kz/index. php?post=article§ion=2&id=154
Әр кезеңде өмір сүрген қай буынның болса да, сүйіп оқитын көркем шығармаларының бір түрі - өлеңдер. Белгiлi әдебиет теоретигi, академик З. Қабдолов: «… өлең - еркiн сөйленетiн жай сөздер тiркесi емес, ырғағы мен ұйқасы белгiлi қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейiн белгiлi тәртiпке бағынған нақысты сөздер тiзбегi» деп тұжырым жасайды және бiр тұста «… поэзия дейтiнiмiз - өлеңдi шығармалар»[1. 248] деген ой айтады.
«Поэзия, менімен егіз бе едің!» - деп, Мұқағали атамыз айтқандай . . . Поэзия - ұлы әлем, тылсым күш. Мұңайғанның жүзіне күлкі сыйлатқан, бейқам көңілді тұңғиық ойға шомдырған, ғашық көңілдердің асық жүректерін бір арнаға тоғыстырған не құдірет? . . . Әрине, ол - поэзия. Өлең - сөздің патшасы екендігі ықылым заманнан бері айдан анық. Соно-о-у замандағы «Алып Ер Тұңғаны жоқтау» жырынан бастап, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай атамызға дейінгі һәм одан кейінгі барша ақындар осыны дәлелдеп берді емес пе?! Абай ата көрсетіп кеткен ұлы жолмен жүріп, поэзия көгінің ай-қанат қырандарына айналған қаншама ата-апаларымыз, аға-әпкелеріміз бар: М. Жұмабаев, С. Торайғыров, С. Сейфуллин . . . бертін келе М. Мақатаев, Ж. Нәжімеденов, Қ. Мырзалиев, Ф. Оңғарсынова, К. Ахметова, Ж. Жақыпбаев, М. Шаханов . . . Осы аталған ақындардың (аты аталмаған қаншама жыр жампоздары бар) жыр-жауһарларының куәсі ХХ ғасыр.
«Поэзия - жүректің сөзі. Бір жүректен шыққан шымыр сөз кем дегенде жүз жүректе бұғып жатқан бұла сезімнің бұлықсып бас көтеруіне түрткі болады. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» деген ұлғатты сөздің өлеңге де толық қатысы бар. Жүректегі сезімді оятқан өлең тегін өнер болмаса керек. Өлеңнің өнегесі сол, ол адамдық сезімді ғана оятып қоймайды, оны адамзаттық асқақ сезімнің дәрежесіне дейін көтереді. Азаматтық асқар сезімнің шыңы ұлттық сезім де өлең арқылы оянып рухани күш алады» [1, 437-438 бб. ], - дейді сыншы С. Әшімбаев.
Қазақ халқының поэзиясы барлық рухани-мәдени қазынаның ішіндегі тарихы тереңнен келе жатқан ең молы, бағалысы болып табылады. Прозалық жанрдан бұрын халықтың дәстүр-салтына, өмір-тіршілік жағдайына орай көп ғасырлар бойы поэзия жетекші өнер саласы болып келді. «Поэзия - өнердің асыл тегі. Өзге өнердің бәрінің өзін біреуде қолданатын құралының мүмкіндігіне қарай творчестволық әрекеті азды-көпті болса да қысымнан, тар өрісті боп келеді. Поэзия адамның еркін тілімен берілгендіктен, онда үн де, сурет те және пайымды, айқын айтылған түсінік те болмақ. Сондықтан өзге өнердің барлық элементтері поэзияда бар, сөйтіп, ол әлдебір өнердегі жеке-жеке тәсілдердің барлығын бірінен-бірін бөлектемей, бірден пайдаланатын секілді. Поэзия тұтас өнер соның ұйытқысы болып табылады және оның барлық жағын қамти отырып, бүкіл өзгешеліктерін айқын, анық түрде бойына жинақтады» [2, 13 б. ], - дейді В. Г. Белинский. Шындығында да, өлең сөз қазақ халқының өмір, тіршілік, табиғат, адамдардың қарым-қатынасы, елдік салт-дәстүр, батырлық өнеге мен тәлім-тәрбие туралы жинақталған көркем таным дүниесінің көрінісі десек қателеспейміз. Одан халықтың сыншылдық-эстетикалық, философиялық-этикалық дүниетанымы көрінеді.
Өте ерте қалыптасқан жанр ретінде поэзияның прозадан айырмашылығы бірінші кезекте түр тұрғысынан ерекшеленеді. Сондықтан біздің қазіргі түсінігімізде поэзия, проза ұғымдары бұл туындылардың жазылу сипатын бірден айқындайтын көрсеткіш болып танылады. Әрине, поэзия мен прозаның айырмашылығын мұнымен шектеуге болмайды. Асылында, поэзия ең көркем прозаның сапалық ерекшелігін анықтайтын басты белгілердің бірі екені талас туғызбайды. Тұтас алып қарағанда, поэзиялық шығармаға сезім-әсер байлығы айрықша тән болып, сол бағытта жазылса, ал прозалық шығармаларда оқиғаны баяндау, бейнелеу жағы басым келеді. Поэзияның көркемдік ерекшеліктері сыртқы ұсақ белгілер емес. Оның жанрлық-көркемдік тұрғыдан даралануында поэтикалық бейнелеу құралдарын қолдану өзгешіліктері, сөздің, тілдің ырғақтық, интонациялық байлығын кеңінен пайдалану тәрізді елеулі ерекшеліктер алдыңғы кезекте көрінеді. Сол себепті өлең-жырларда, дастан-поэмаларда өмір құбылыстарын терең эмоциялық-сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем етіп бейнелеу басты принципке айналады. Алайда, поэзияда адамның ой-сезімі сырттай көркемделіп, сұлулап айтылады деу ағаттық болар еді. Көркемділік, бейнелілік әдебиеттегі, өнердің басқа салаларындағы ойлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән қасиет. Поэзия ұғымы тарихи жағынан алғанда өте ерте қалыптасқан. Өйткені, қай халықтың әдебиетінде де поэзия ерте заманнан өркендеген.
Өткен ғасырдың 60-80 - жылдарындағы қазақ поэзиясы мазмұн, түр, дәстүр, жаңашылдық жағынан толысып, кемеліне келген поэзия болды. Сол жылдары қазақ әдебиетіндегі сыншылары сын мақалаларынан жекелеген ақын-жазушылардың көркемдік ізденістерін саралауға, сол арқылы әдеби процестің беталысын пайымдауға негіздеді. Абай, М. Мақатаев, Ө. Нұрғалиев, О. Сүлейменов, Қ. Мырзалиев, Т. Бердияров, М. Шаханов, Ж. Әбдірашев сынды қазақ өлеңін жаңа сапалық биікке көтерген, өзіндік таным-өлең өрнегімен дараланған қазақ поэзиясының бірегей тұлғалары туралы жазылған мақалалары парасат-пайымының кеңдігімен, талдау тереңдігімен дараланады. С. Әшімбаев сын мақалаларының өзіндік ерекшелігі - әрбір жазушының қолтаңба ерекшелігін дәл танып, өнер иесінің шығармашылық ішкі иірімдеріне, табиғатына тереңдеп ене білуімен және талдау арқылы ой қорыту, жинақтау сипатының логикалық нанымдылығымен ерекшеленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz