Ауыл шаруашылық дақылдарының суару режимі


Ф. 7. 04 -08
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘуЕзов АТЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАНМЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
КУВАНДИКОВ Р. М.
Түркістан обласы Төлеби ауданы Жеңіс шаруа қожалығының суару жүйесін жобалау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы: 5В080500 - «Су ресурстары және суды пайдалану»
Шымкент, 2019
Ф. 7. 04-09
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘуЕзов АТЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАНМЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Султанбекова П. С.
(ғылыми дәрежесі, атағы, аты-жөні)
«» 2019 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Түркістан обласы Төлеби ауданы Жеңіс шаруа қожалығының суару жүйесін жобалау
мамандығы 5В080500 - «Су ресурстары және суды пайдалану»
Ғылыми жетекшісі
т. ғ. к., аға оқытушы
Шымкент, 2019
Ф. 7. 04 -10ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ТҮРКІСТАНМЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Қашықтықтан оқыту институты
«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы
Мамандық 5В080500 - «Су ресурстары және суды пайдалану»
«БЕКІТЕМІН»
Кафедра меңгерушісіСултанбекова П. С.
дипломдық жұмысты орындауға ТАПСЫРМА №___« » 2018ж.
Студент Кувандиков Р. М., ЗАП-17-4ку тобы
Жұмыстың (жобаның) тақырыбы: Түркістан обласы Төлеби ауданы Жеңіс шаруа қожалығының суару жүйесін жобалау
Университет бойынша 24. 11. 2016ж . № 7-230 С бұйрығымен бекітілген
Жұмысты (жобаны) аяқтау мерзімі:Жұмысты (жобаны) орындауға берілген мәліметтер
Дипломдық жобаны (жұмысты) орындауға қатысты сұрақтар тізімі:
Дипломдық жоба ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАсыНЫҢ МАЗМҰНЫ
(ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ)№
р/с
ҰСЫНЫЛҒАН НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тапсырманың берілген күні: «___»201__
Дипломдық жұмыстың (жобаның)
ғылыми жетекшісі т. ғ. к., аға оқытушы Абдикеримов С.
( қолы)
Тапсырманы орындауға алған студент Кувандиков Р. М.
( қолы)
Ф. 7. 04 -11
Дипломдық жобаны (жұмысты) орындау
күнтізбелік кестесіСтудент : Кувандиков Р. М.
Тобы: ЗАП-17-4ку
Мамандығы: 5В080500 - Су ресурстары және суды пайдалану
Дипломық жобаның (жұмыстың) тақырыбы: Түркістан обласы Төлеби ауданы Жеңіс шаруа қожалығының суару жүйесін жобалау
№
р/с
Тапсырма
ны орындау мерзімі
(қолы) (күні)
Бітіруші түлек(қолы) (күні)
Норма бақылау Дуанбекова А. Е.(қолы) (күні)
Аннотация
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Түркістан обласы Төлеби ауданы Жеңіс шаруа қожалығының суару жүйесін жобалау». Дипломдық жұмысты орындаған ЗАП-17-4ку тобының студенті Кувандиков Р. М., ғылыми жетекші т. ғ. к. Абдикеримов С. Қорғау мерзімі 15. 05. 2019ж. Жобалау объектісі - «Жеңіс» шаруа қожалығының көкөніс ауыспалы егіс дақылы. Жұмыстың мақсаты «Жеңіс» шаруа қожалығындағы 800 га жердегі тамыр азықтыларға арналған суару жүйесін жобалау.
Жұмыста жалпы және технологиялық бөлімдерді суғарылатын аймақтың табиғи жағдайлары мен суғару көздері сипатамасы, суғарылатын аймақты ұйымдастыру, ауыл шаруашылық дақылдарын суғару режимі мен суғару тәсілдері, суғару элементтерін есептеулері, суғару жүйесіндегі гидротехникалық құрылымдар көрсетілді.
Суғару жүйесі құрылысын жобалауда еңбек және тіршілік қауіпсіздігін қорғау және қоршаған ортаны қорғау туралы мәселелерде қарастырылған. Экономикалық тиімділік және шаруашылықтың құрылысының техникалық мүмкіндіктері туралы қорытынды жасалды.
Дипломдық жұмыс түсініктеме жазбасы 96 беттен, 25 кестеден, 8 суреттен және графикалық бөлім А1 форматты 4 парақтан тұрады.
Мазмұны
2. 4
2. 5
Пайдаланатын судың жалпы мөлшерін анықтаудың әдістері . . .
Суару нормасы . . .
21
23
6
6. 1
6. 2
6. 3
6. 4
6. 5
6. 6
6. 7
6. 8
6. 8. 1
6. 8. 2
6. 9
Бизнес-жоспарлау . . .
Аннотация . . .
Түйіндеме . . .
Кәсіпорынның сипаттамасы . . .
Маркетинг жоспары . . .
Өнімнің сипаттамасы . . .
Өндірістік жоспары . . .
Ұйымдастырушылық жоспар . . .
Қаржылық жоспар . . .
Шығындарды болжау . . .
Пайда мен залалды болжау . . .
Қоршаған ортаға тигізетін ықпалы . . .
83
83
83
84
84
86
86
87
88
88
89
92
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей құжаттарға сілтеме жасалынып қолданылды:
- СНиП 2. 01. 14. 83 Есептік гидрологиялық сипаттамаларын анықтау;
- СНиП 2. 02. 02-85 Негізгі гидротехникалық құрылымдар;
- СНиП 2. 06. 01-86 Гидротехникалық құрылымдар. Жобалаудың негізгі орналасуы;
- СНиП 2. 06. 04-82 Гидротехникалық құрылымдарға жүктемелер және әсерлер;
- BS 8800:1996 Еңбек және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы менеджмент жүйесін басқару;
- ILO-OSH 2001 (ГОСТ 12. 0. 230-2007) Еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі;
- НАССР (ГОСТ Р 51705. 1-2001) Қауіптілік нүктелерінің жүйесі;
- SO 22000:2005 (ГОСТ Р ИСО 22000-2007) Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы менеджмент жүйесі;
- СНиП 3. 0101-85. Организация строительного производства;
- СНиП 2. 06. 03. -85 Мелиоративные системы и сооружения;
- СНиП 2. 06. 08 - 87 Бетонные и железобетонные конструкции гидротехнических сооружений;
- СНРК 3. 04. 01 - 2001 Нормы отвода земель для мелиоративных каналов.
Анықтамалар
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей анықтамалар қолданылды:
Су ресурстары - белгілі бір территорияның топырақ және атмосфера ылғалын қоса алғанда, пайдалануға жарамды барлық жер астындағы және жер бетіндегі су қорлары.
Су ресурстарын кешенді пайдалану - су ресурстарын халықтың және экономиканың әр түрлі салаларының қажеттерін қанағаттандырып, сарқылтпай пайдалану.
Су шаруашылығы - халықтың және халық шаруашылығының қажетін сумен қамтамасыз етуді, оны тиімді пайдалануды, қорғауды қарастыратын шаруашылық саласы.
Суару нормасы деп 1 гектар жерді 1 рет суаруға қажет болатын судың мөлшерін атайды.
Су пайдалану мөлшері - судың пайдаланушыға қажетті мөлшері.
Су жинайтын аудан - жер бетіндегі немесе жер астындағы судың жиналатын орны.
Су жібергіш - су қоймалардан артық суды ағызып шығаратын
Суды қорғау шаралары - табиғи су көздерін тиімді пайдалану, таза сақтау, қалдықтармен ластамау шараларының жүйесі.
Пайдалы әсер коэффициенті (пәк) - қуатты өзгертіп пайдалану кезіндегі жүйенің (машина, құрылғы) тиімділігін көрсететін шама.
Еңбекті қорғау - еңбек жағдайының адам өміріне, денсаулығына қауіпсіз болуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.
Су алатын құрылым - өзеннен, көлден, су қоймалардан және т. б. су алуға қызмет ететін гидротехникалық құрылыс.
Суару жүйесінің пайдалы әсер коэфициент - егістік жерге берілетін судың аумағын «Т» мерзімінде суару жүйесінің басына келген судың аумағына қатынасы болады.
Су балансы - қарастырылатын нысан үшін таңдалған уақыт аралығындағы су қорының өзгерістерін ескере отырып, оның кірісі мен шығысының арақатынасы.
Суару режимі - ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың саны, мерзімі және суару нормасының мөлшерінің жинағы.
Гидромодуль - суарылатын аудан бірлігіне бір уақыт бірлігінде берілетін су көлемі.
Жер асты сулары - барлық физикалық күйдегі литосфераның сулары.
Топырақтың ылғал сыйымдылығы - топырақтың ылғалды ұстау қабілетінің сандық сипатының шамасы.
Ауыл шаруашылық мелиорациясы - ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және тұрақты өнім алу үшін, қолайсыз табиғи жағдайларды (гидрогеологиялық, топырақтық, агроклиматтық) түбегейлі жақсарту жолында қолданылатын ұйымдастыру-шаруашылық және техникалық шаралар жүйесі.
Белгілер мен қысқартылған сөздер
Бұл дипломдық жұмыста келесідей белгілер мен қысқартулар қолданылды:
ПӘК-пайдалы әсер коэффициенті;
га-гектар;
м³/секунд - текше метр/секунд;
м³/га - текше метр/гектар;
м/сағ - метр/сағат;
л/с - литр/секунд;
м - метр;
см - сантиметр;
мм - миллиметр;
сағ - сағат;
ОБҚ - оттегінің биологиялық көрсеткіші;
ОХҚ - оттегінің химиялық көрсеткіші;
m e - сіңіре суару нормасы, м³/га;
Н - топырақтың дымқылданатын қабатының тереңдігі, м;
A - топырақ қабатының көлем салмағы, т/м 3 ;
ß - топырақтың суарғанға дейінгі дымқылдығы, %;
γ - топырақты суарғаннан кейінгі дымқылдылығы, %;
µ - жауын-шашынды пайдалану коэффициенті;
А - жауын-шашынның сіңіре суару мен егу аралығындағы мөлшері, мм;
Е - осы мерзімдегі булану мөлшері, мм;
q - есептелген топырақ қабатына қыл түтіктер арқылы ыза судың көтерілу мөлшері, гектарына текше метр есебімен.
Төлқұжат
«Түркістан облысы, Төлеби ауданы «Жеңіс» шаруа қожалығының суару жүйесін жобалау» тақырыбы бойынша төлқұжат
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзекті мәселесі - Қазіргі уақытта су шаруашылығы жұмыстарының көлемі арттырылып, суармалы жерлерді пайдаланудың сапасы жақсартылды. Солай бола тұрса да суармалы егіншілік шаруашылығының тиімділігінің көтерілгеніне қарамастан олардың потенциалды мүмкіндіктері толығынан пайдаланылмайды. Бұл жұмыстарды жүргізуде, суару жүйелері мен суармалы егіншілікті пайдалануда кемшіліктер орын алуда.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Түркістан облысы, Төлеби ауданы Жеңіс шаруа қожалығының суғару жүйесін жобалау және шаруа қожалығында 800 га жердегі ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алу және тұрақты өнім алу үшін егіс белгілі тәртіпте қолдан сұрыпталып, топырақ ылғалдылығы қажетті мөлшерге дейін жеткізілуге тиісті. Ал суды егіс алқабына жіберу үшін арнаулы суару жүйелері жасалады. Шөл және шөлейт аймақтарда ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту тек суармалы егістер ұйымдастыру негізінде ғана мүмкін болады. Ал қуаңшылық аудандарда жер суару жұмысын тиімді пайдаланудың арқасында оларды гүлденген аймаққа айналдырып, елімізде мақта, күріш, жеміс және тағы басқа ауыл шаруашылық дақылдарының мол өнімін алуға мүмкіндік туады.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы: техниканың, адамзат өмірінің дамуы барысында таза суды пайдаланудың артуымен қатар шайынды сулар да көбейе түсті. Қазіргі кезде өндіріс, қала маңдарында жасанды тоғандар, сай-салада шайынды сулар жиналып қоршаған ортаның экологиясына зиянды әсерін тигізіп отыр. Зауытар мен ірі мал шаруашылығы кешендерінің шайынды сулары ретсіз ағызылып жіберуінің салдарынан олардың су көздерін ластайтыны белгілі. Қазіргі кезде экологиялық проблемалардың бірі - ірі қалалардан шыққан ластанған қалдық суларды тазалау және пайдалану мен қайта өңдеу мәселесі көтеріліп отыр. Тек Қазақстан қалаларынан жылына 9 млрд. м 3 шайынды сулар пайда болады. Егер оларды тиімді пайдаланатын болсақ, 600-700 мың гектар егістік жерлерді суаруға болады.
Суғаруға жұмсалатын суды ұтымды пайдалану суармалы жерлердің тиімділігін арттырудың үлкен қоры болып табылады. Дегенмен су ресурстары әлі де үнемділікпен пайдаланылмай келе жатқандықтан, жер суаруға пайдаланылатын судың тиімділігін арттыру үшін суару жұмыстарын барлық жерде де суды үнемділікпен пайдалануға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру қажет. Ал егіс алқаптарын суаруда пайдаланатын суды үнемдеудің бірден-бір көзі шайынды су болып табылады.
Ғылыми мәселенің заманауи жағдайын бағалау: қазіргі уақытта республикамыз бойынша жер суару үшін пайдалануға болатын шайынды сулардың мөлшері ондаған мың гектар жерлерді суаруға жететіні анықталып отыр. Шайынды суларды ауыл шаруашылығында пайдаланудың өте тиімді екендігін көптеген ғылыми-зерттеу мекемелері мен озат шаруашылықтардың тәжірибесі толығымен дәлелдеді. Жалпы ауыл шаруашылық дақылдарын жыл бойы шайынды сулармен суару топырақтың құнарлығын арттырып қана қоймай, сондай-ақ судың өзін де тазартады. Сонымен бірге шайынды суларды тікелей өзендер мен су қоймаларына жіберілмеуінің арқасында ондағы су қорлары ластанбайды. Шайынды сумен суарғанда топырақтағы органикалық заттар бұзылып, өсімдіктер пайдалана алатындай қосындыға айналады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Төлеби ауданындағы «Жеңіс» шаруа қожалығына тиісті 800 га суармалы жерді суару болып табылады. Соңғы жылдары әлемдегі су проблемаларының өршуіне байланысты мемлекеттерді тұрақты сумен қамтамасыз ету мәселелері ұлттық қауіпсіздік проблемалары шегінде қарастырылады. Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігі бар су ресурстарының шектеулілігімен, оларды аумақ бойынша әркелкі бөлумен, уақыт шегіндегі елеулі өзгеріспен, өзендер ластануының жоғары деңгейімен сипатталады.
Жұмыстың зерттеу міндеттері - ауыл шаруашылық дақылдарын суаруға арналған суландыру жүйесін жобалау болып табылады. Жобаланатын нысандағы дәнді дақыл: қызанақ, қияр, картоп, орамжапырақ, пияз болып табылады. Егіс алқабы Төлеби ауданында 800 га 10 танапта орналасқан. Бұл дақылдарды өсіруге ауданның табиғаты өте қолайлы болып келеді. Келешекте шекаралас мемлекеттер аумақтарынан өзен ағысының қысқаруына, сондай-ақ климаттық тұрғыға орай жергілікті ағыс ресурстарының азаюна байланысты республиканы сумен қамтамасыз ету жағдайының шиеленісуі мүмкін.
Зерттеу нысаны - Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Жеңіс шаруа қожалығының суғару жүйесі.
Теориялық және әдістемелік негізі - СНиП 2. 01. 14. 83 Есептік гидрологиялық сипаттамаларын анықтау; СНиП 2. 02. 02-85 Негізгі гидротехникалық құрылымдар; СНиП 2. 06. 01-86 Гидротехникалық құрылымдар. Жобалаудың негізгі орналасуы; СНиП 2. 06. 04-82 Гидротехникалық құрылымдарға жүктемелер және әсерлер; BS 8800:1996 Еңбек және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы менеджмент жүйесін басқару; ILO-OSH 2001 (ГОСТ 12. 0. 230-2007) Еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі; НАССР (ГОСТ Р 51705. 1-2001) Қауіптілік нүктелерінің жүйесі; SO 22000:2005 (ГОСТ Р ИСО 22000-2007) Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы менеджмент жүйесі; СНиП 3. 0101-85. Организация строительного производства; СНиП 2. 06. 03-85 Мелиоративные системы и сооружения; СНиП 2. 06. 08 - 87 Бетонные и железобетонные конструкции гидротехнических сооружений; СНРК 3. 04. 01 - 2001 Нормы отвода земель для мелиоративных каналов.
Жұмыстағы пайдаланылған зерттеу әдістері - суару жүйесінде суару техникасының элементтерін есептеу әдістері, суару нормалары мен каналдың гидравликалы есептерін жүргізу тәсілдері.
Диплом жұмысты орындау тәжірбелі базасы - Оңтүстік ГГМЭ мекемесі .
- Жалпы бөлім
1. 1 Жоспарланатын жүйенің орналасуы мен тағайындалуы
Жоспарланып отырған суармалы алқап Түркістан облысы Төлеби ауданында «Жеңіс» шаруа қожалығына қарасты аумақта орналасқан.
«Жеңіс» шаруашылығына қарасты алқапта суару жүйесін жоспарлаудағы негізгі мақсат суармалы алаң ауданын ұлғайта отырып, суғару жүйесінің мелиоративтік құрылысын, ауыл шаруашылық өндірісті ұйымдастыру және ішкі шаруашылық территорияларды ұйымдастыру арқылы су ысырабын азайту.
Суғару алаңында жерді тегістеу және ауыспалы танап шекарасы бойынша су қашыртқы жүйесі, канал бойы бойынша орман жолағы қарастырылады.
Жоба бойынша 800 га нетто жер аймағы көлеміндегі егісайналымын суару қарастырылған. Суару көзі ретінде Бадам өзені пайдаланылады. Суару теліміне су жинау Р-1 шаруашылық үлестіргішінен өткізгіштігі 1, 4м 3 /с «Бадам» өзені арқылы іске асады, ал ол жақтан Р-1-1 үлестіру каналдарына жіберіледі, ол суды У-1 ÷ У-8 телімдік үлестіргіштерге таратады.
1. 2 Аймақтың табиғи жағдайлары
Түркістан облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 3, 1 мың км² (облыстың 2, 6%-ын қамтиды) . 1932 жылы құрылған (1991 жылға дейін Ленгер ауданы) . Тұрғыны 112, 8 мың адам. Аудан жеріндегі 59 елді мекен, 1 қалалық, 13 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы - Ленгер қаласы. (1945) .
Негізінен сүтті-етті мал, биязы жүнді қой, астық, картоп, жібек кұртын өсіруге маманданған 8 ұжымшар, 4 кеншар болған. Жер бедері таулы, дөңесті жазық. Ең биік жері - Сайрам шыңы (4338 м) . Шығысыңда Талас Алатауы, оңтүстік-батыста Өгем, Қаржантау (2500 м), Қазығұрт (1200 м) тау сілемдерінің бөктерінде орналасқан. Батысындағы жазықта және тау аңғарларында егіншілікке жарамды суармалы жерлер, жайылымдар, жеміс ағаштары кездеседі. Кен байлықтарынан қоңыр көмір, құрылыс материалдары өндіріледі. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы -3-9°С, шілде айында 24°-26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері батысында 450 мм, шығысында 650 мм. Топырағы тауда қоңыр, сұр, жазықта саздақты. Дала өсімдіктерінен астық тұқымдас, ақселеу, жатаған, бидайық, беде, тағы басқа; тауда долана, арша, бадам, шырғанақ, итмұрын, тағы басқа өседі. Жануарлардан: қасқыр, аю, бБадам, арқар, таутеке, сілеусін, тағы басқа; құстардан - бүркіт, ителгі, кекілік, ұлар мекендейді. Аудан жерімен Ақсу, Сайрамсу, Бадам (өзенде Бадам бөгені салынған) өзендері ағып өтеді. Аудан тұрғындарының орташа тығыздағы 1 км²-ге 34, 6 адамнан келеді. Халқы көп ұлтты, негізгі бөлігі қазақтар 70% пайыздан, өзбектер, түріктер, әзербайжандар құрайды. Ірі елді мекендері: Ленгер қаласы, Первомаевка, Көксәйек, Сұлтанрабат, Қамшақ, Тоғыс, Ақжар, Зертас тағы басқа ауылдар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz