Қаржылық инвестициялардың түсінігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе3

1 Инвестициялар жобалар негізі5

1. 1 Қаржылық инвестициялардың түсінігі5

1. 2 Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялық жобаны қайта бағалауын анықтау әдістемесі11

2 Инвестиция жоба бойынша басқарушылық шешім қабылдауға ақпарат дайындау әдістемесі17

2. 1 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері17

2. 2 Инвестицияның өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу22

Қорытынды29

Қолданылған әдебиеттер тізімі:31

Кіріспе

Инвестиция ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа да құнды қағаздар, технологиялар, машиналыр, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында.

Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырылады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айрықшаланатын залал түрінде көрінеді.

Инвестициялық жобалар - экономиканы дамытудың тұрақты және жоғарғы қарқынды қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.

Ал, жобаның соңғы бағасы бірнеше жылдар аралығында белгіленеді. Бұл техникалық шешімнің дұрыстығын, жергілікті әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайлардың ескерілуін, шығынның дәл есептелуін, яғни, жобаның тиімділік көрсеткіштерінің тура екендігін дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Қаржыландыру үшін инвестициялық жобалардың тиімділігіне баға беру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданалатын қағидалар мен әдістерге негізделген.

Коммерциялық тиімділікті есептеуге капиталдан түсетін пайда деңгейіне деген әр инвестордың жеке көзқарасы негізінде дисконт нормасын ешқандай қосымша дәлелдемелерге суйенбей-ақ қабылдауға болады. Алайда, дисконт нормасының мөлшерін анықтаудың тәртібі қаржылындыру үшін инвестициялық жобаларды объективті түрде таңдауға мүмкіндік береді. Инвестициялық жобалның тиімділерін талдай отырып таңдап алу инвестицияның қайтарамдылығын қамтамасыз етудің факторы болып табылады.

Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан кұрылған инвестициялык қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың кұйылуына жағдай жасайды.

Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктігімен және олардың епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастырумен, валютаның 6ағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылыктарымен және т. б. осы сияқты мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат залаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының зандары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен преференциялар әзірленіп жасалған.

Курстық жұмысының маңыздылығы Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестацияларға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.

Курстық жұмысының мақсаты: Қаржылық инвестициялар есебін талдау және инвестициялық жобалар бойынша ақпарат дайындау әдістемесін айқындау.

Курстық жұмысының міндеттері:

- қаржылық инвестиция есебінің мән жайын анықтау;

- инвестициялық жобаның сарпатау, дайындау критерийлерін талдау;

- инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері зерттеу;

- Инвестицияның өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу, талдау;

Зерттеу субъектісі ретінде елдің экономикасына жанама әсер ететін инвестициялық жобалар қатынастары алынған.

Зерттеу объектісі болып Қазақстанның ұлттық экономикасын түрлендіру жағдайындағы инвестициялық жобаның рөлі.

Курстық жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Инвестициялар жобалар негізі 1. 1 Қаржылық инвестициялардың негізі

Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканын басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялык қызметтің мақсаты - түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.

Инвестицияның көзі болып жанадан калыптаскан (құрылған) күн немесе таза табыстың жинакталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысынын (таратылған) каражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жанартуға арналған инвестиция кезі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды [1] .

Қаржылық инвестиция өзінен пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.

Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық - өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.

Қаржылык инвестициялар - бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдын есімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялык мәміленің нәтижесі) . Сондай-ак, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылык инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) кағаздар да саналады [1. - 65 б] . Барлык бағалы (құнды) кағаздар екі топка бөлінеді - ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Акшалай бағалы қағаздарды алған кезде акшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т. б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдык (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудын есебінен калыптасады. Акшалай бағалы кағаздар, әдетте, кыска мерзімге (бір жылдан аспайтын уакытка) беріледі.

Капиталды бағалы кағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.

Бағалы кағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куәландыру үшін олар былайша бөлінеді [2] :

- бағалы қағазды ұсынушыға - құқыктарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді (идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолмен қолына береді.

- атаулы бағалы қағаздар - белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландыратын құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.

- ордерлік бағалы қағаз - ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалығын сақтайтын етіп - индоссаментке жазып береді. Индосамент өзінде құқытың болғанына ғана емес, сонымен бірге оның жүзеге асына жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп бөлуге болады.

Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (проценттерді) төлеуді және негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, векселдер жатады.

Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.

Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкімет пен Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық жүргізуші субьектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық - шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.

Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар, облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер, т. б. ) болып бөлінеді.

Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі [3] .

Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.

Нарықтағы айналыс ерекшелктеріне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.

Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.

Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетіліуі мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып алу және сату мәміле юойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.

Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.

Ақша нарығы дегеніміз - қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әреет ету мерзімі бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте төменгі төлем тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.

Бағалы қағаздардың нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар боуы мүмкін.

Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен облигациялар), көмекші (чектер, векселдер, сертификаттар т. б. ) және негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шатты бағалы қағаздар болып бөлінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер, сатып алу құқығының артықшылығы) [4] .

Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес басқа да белгілері бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын және қайтарылмайтын, тұрақты деңгейде және әр түрлі еңгейде табыс әкелетін) жіктелуі мүмкін.

Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды тараптандырудың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл салымдардың тәуекелдігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады [5] . Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы неғрлым аз болса ауытқитын біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер инвестор әр тараптанудың (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық (фондылық) портфел деп аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байланысты болады.

Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың обьектілері ретінде әртүрлі бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау өзінің құрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін және тап сондай тәуекелділіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы қағаздардың тізбесін де, көлемін де инвестор өзгерте алады.

Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындау мерзімін, бағалы қағаздар типін.

Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді калыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип - өсім коржыны, екінші тип - табыс коржыны.

Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен проценттер алу есебінен емес, бағалы кағаздардың бағамдық{курстык) өсімінің есебінен алу болып табылды. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды. Күтілген капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара қатынасына байланысты қоржындық коржындык өсімнің ортасьінан, тағы да баска қоржынның түрлерін, атап айтқанда: агрессивті, консервативті және орташа өсімін бөліп көрсетуге болады. Агрессивті өсім коржындары капиталдын максималды өсіміне бағыталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді, бірак эмитент-кәсіпорындардын, қолайлы дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі мүмкін. Қоржыннын бұл қүрылымы, ешстте, тез өсетін жас компаниялардын акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативтік қоржынның өсімі негізінен ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан тұрады, бұндай қоржынның тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынньң орташа өсімінде агрессивті коржьінға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық касиеттері болады. Осының құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса даму үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай коржын жеткілікті жоғары табыска және тәуекелдің орташа денгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады [6] .

Қоржындардың екінші типі дивиденттер мен проценттер есебінен табыс алу болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің денгейі нөльге тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін, нарықтық ақшалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталынатын) қоржындар: айрықша акциялардан және облигацияларынан тұрады. Мұндай коржын оны құрайтын бағалы кағаздардын есебінен нарык конькжтурасы мүмкіндік беретін болса, онда оларға жай акциялардын өзі де, косымша табыс әкелуі мүмкін. Баскаша жағдайлд, коржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде ғана табыспен қамтамасыз етіледі.

Ақша нарығының қоржындары (портфелі) капиталды толық сақтау мақсатынан тұрады. Оның құрамына акшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нөльдік тәуекелділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар коржындары облигациялардын есебінен калыптасады және нөльдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі.

Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары әсер етеді. Табыс қоржындары тұрақты құрамға және құрылымға ие.

Қоржын кызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелген және мерзімі шектелмеген болып бөлінеді.

Мерзімі шектелген қоржын тек табыс табуға талпыныс жасап қана қоймай, алдына ала уакыты белгіленген кезеннің шегінде табыс алуды көздейді. Ал мерзімі шектелмеген коржынның уакыты шектеліп белгіленбейді.

Мүмкіндігінше толықтырылатын, қайтарып алынатын және тұрақты қоржындар ажыратылып көрсетіледі. Толықтырылатын қоржындар, бастапқы салынған ақша қаражаттарының есебінен емес, сыртқы каражат көздерінін есебінен өсуі (толыктырылуы) мүмкін. Қайтарып алынатын коржындар бастапқы салынған қаражаттардың бір бөлігін қайтарып алуға жол береді. Тұрақты қоржындарда бастапқы салынған қаражаттар қоржынның барлық кезең бойына тұрақты көлемін сақтайды.

Инвестиция - экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқының қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.

Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан кұрылған инвестициялык қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың кұйылуына жағдай жасайды.

Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктігімен және олардьң епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастырумен, валютаның 6ағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылыктарымен және т. б. осы сияқты мәселелерімен байланысты болып келеді [7] . Сонымен қатар, табиғат зілзалаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының зандары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен преференциялар әзірленіп жасалған.

Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты- жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және колайлы кызмет көрсету; отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік денгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.

Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестацияларға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді [8] .

Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарлык капиталына қатыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге өз үлестерін және құқықтарын корғауына болады.

Шетелдік инвесторлар заңға қайшы келмейтін кез келген қызметпен, атап айтқанда: бірлескен кәсіпорындарды құруға және олардың шетелдік филиалдарын ашуға, мүліктік құқын сатып алуға, қарыз, несие беруге т. б. қызметтермен шұғылдануына болады.

Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары бойынша пайдалануға құқылы, Қазақстан аймағында қайта қаржыландыру үшін, тауарлар алуға және баска да мақсаттар үшін, яғни Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуына болады.

1. 2 Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялық жобаны қайта бағалауын анықтау әдістемесі

Қысқа мерзімді инвестициялық жобалардың ағымдағы құнын анықтау. Әрбір шаруашылыкты жүргізуші субъект ағымдағы (нарықтық) құн бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды есепке алуға құқылы. Бұл кезде, есеп саясаты нарық жағдайының өзгерісіне тәуелді етіп, нарык, құнының кезеңдік өзгерісімен бірге қарастырылады [9] . Егер кәсіпорын иеленгендегі алынған қаржылык инвестициялық жобалардың листингтік биржаның қорына енгізілген болса, онда олардың құнын кез келген кезде анықтау қиынға соқпайды. Керісінше жағдайда, қаржылық инвестициялар қор биржасында түзетіліп жазылмаса, онда нарықтық құнына белгілі бір есептеулерді жүргізе отырып, иеленген қаржылық инвестициялардың табыстылығына байланысты анықтауға болады.

Табыстың тіркелген (фиксаждалған) деңгейі бар облигациялардың құнын анықтау. Облигация құны ағымдағы ақшалай төлемдер тасқынының құны ретінде қарастырылуы мүмкін [10] . Жыл соңында төленетін пайыздық табыс төлемі және оның номиналдық құны (N) облигацияны бағалау үшін мынадай теңдік пайдаланылады:

(1)

Мұндағы: Р - облигацияныц ағымдағы құны;

С - жыл сайынғы төлеуге жататын номиналдық табыстың пайызы;

к - жабылу мерзіміне дейінгі алынатын табыс;

п - облигацияны өтеу (жабылу) мерзіміне дейінгі қалған мерзімі. Облигациялардың басым бөлігі бойынша проценттер жылына бір рет емес, екі реттеленеді. Соның нәтижесінде тендікті былай етіп өндеуге болады:

(2)

Мысал. Субъект өзінін есеп саясатында кыска мерзімді каржылык инвестицияларды ағымдағы (нарықтағы) құны бойынша есепке алады және сол инвестицияның номиналдық табыс проценті 11% болған, ал оның жабылу мерзімі 17 жылға белгіленген, алынған облигацияның құны 1400 теңге құраған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдік инвестициялардың түсінігі және құқықтық режимі
Шетелдік инвестицияларға қатысты инвестициялық саясат
Инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі
Қаржылық инвестицияның теориялық негіздері
Инвестициялық қызметтің қаржылық аспектілері. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Инвестицияландыруға қатысу сипаты
Инвестициялық тәуекелдіктер түсінігі және олардың түрлері
Қаржылық салымдар есебі
Қазақстан Республикасының өтпелі экономикасындағы инвестициялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz