Құқық бұзушылықтың алдын алу


Мазмұны
Кіріспе
1. Жан-жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, әлеуметтік-толық қамтылған адамгершілікті тұлғаның қалыптасуы
1. 1Құқық бұзушылықтың түсінігі оның түрлері
1. 2 Құқық бұзушылықтың себептері мен оны тудырушы факторлар
1. 3 ҚР азаматы бойында рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу
2. Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша психология-педагогикалық жұмыс жүргізу
2. 1 Заңды жауапкершіліктің түсінігі оның түрлері
2. 2 Жасөпірімнің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын алу және болдырмау
2. 3. Жасөспірімнің қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтау
3. Шетелдік педагогикадағы тәрбие
3. 1 Шетелдер мектебі мен педагогикасының тарихы
3. 2 Шетелдік мектептегі білім беру мен тәрбиелеу практикасы
3. 3. Шетелдік практика мен Қазақстандағы тәрбие мақсаттарының
тұжырымдалуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жастар тәрбиесі - қоғамның ең өзекті мәселесі. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды салалардың бірі. Биыл елімізде «Жастар жылы» болып жарияланды. Жастардың білімі мен кемелді болашағы қай кезде де қоғамды көп толғандыратын мәселе болған. Сондықтан қоғам өз мұрасын, мәдениетін және құндылық-тарын кейінгі ұрпаққа қалдыруды алдына мақсат етіп қояды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман бола алатын деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз», - деп атай отырып, мемлекет болашағы жастарда, сондықтан студент жастарға тек білім беріп қана қоймай, тәрбиелі, дені сау, егемен елдің дамуы мен өркендеу жолында талмай еңбек ететін азамат етіп тәрбиелеу қажеттігін нақты міндет етіп қойып отыр. Қазақстан Президенті «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауында: «Мен жастар біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буын-ның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты. «Нұрлы жол», міне, біздің креативті жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы» деген еді. Шын мәнінде жастарымыз-елдің негізгі күші. Оның басты стратегиялық кадрлық ресурсы. Бүгінгі таңда Қазақстанда жастардың саны 4, 2 миллионнан асады, яғни олар халықтың 25 пайызын құрайды деген сөз. «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасының Заңы» 2004 жылы қабылданды. 2004 жылғы 7-шілдедегі ҚР «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңын жетілдіру мәселелері және «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білімді дамту мемлекеттік бағдарламасының» жобасы қарастырылды. Биылғы Жастар жылы арқылы елімізде алғаш рет жастарға жүйелі түрде қолдау көрсетудің кешенді шаралары қабылданып отыр. Әлемдік тәжірибелер көрсетіп отырғандай, жылдам өзгермелі жаһандану үрдісінің қозғаушы күші - білім мен ғылымды, жаңа технологиялар мен ақпараттарды жетік игерген адами капиталы жоғары мемлекеттердің еншісінде. Аталмыш бәсекеде елдің ересек топтарына қарағанда жастардың инновациялық әлеуеті, тез қабылдағыш зейінділігі, бастамашылдығы мен белсенділігі қоғам дамуының алғышартына айналып отыр. Бұл біздің мемлекетіміз үшін де заңды құбылыс мемлекет басшысының «Ұлт жоспары қазақстандық арманға бастайтын жол» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларын еліміз жастары арасындағы білім алу, оның ішінде еңбек нарығындағы сұранысқа сай мамандықты игеру, жұмысқа орналасу, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу сынды өзекті мәселелердің толықтай шешімін табуға бағытталған құжат ретінде қарастыруға болады. Президенттің бағдарламалық мақаласында «Біздің жолымыз - ол бірлік жолы және азаматтық біртектілік негізінде ұлтты дәйектілікпен қалыптастыру жолы. Қазақстандықтардың азаматтық біртектілігі мен біртұтастығын нығайтуға бағытталған төртінші реформаның мәні де дәл осында», -деп атап өтуі тегіннен- тегін емес. Осы тұста жастар мен жасөспірімдерді тұрғылықты жері бойынша бос уақытын тиімді өткізуге, сол арқылы қазақстандық патриотизммен тәрбиелеуге бағытталған «Аула клубтары» жобасын дәйекті түрде атауға болады. Мыңдаған жасөспірім мен жастарды, балаларды ортақ қызығушылықтары мен ынтасына қарай біріктірген сан түрлі мәдени және спорттық үйірмелерде елімізді мекен еткен сан түрлі ұлттар ұрпағы бірлік пен достықта бас қосуда. Олардың әрбір жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері біздің ортақ жеңісіміз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жастардың тәрбиесі мен өмірге бейімділігін қамтамасыз ететін бағдарлама мемлекеттің ең маңызды бағдарламасы екені сөзсіз. Мемлекетімізді, жастарымызды, ұлттық және рухани құндылықтарды болашақ ұрпаққа табыстау ұлы мұрат. Ол туралы Қазақстан Президенті жастар жылының ашылу салтанатында жанжақты айтып берді. Қоғамдағы өзекті мәселелер мен еліміздің даму бағыттары туралы Елбасымыз өзінің ойларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа үнемі жеткізіп отырады. Осынау өрелі ой-пікірлер бүгінгі күні еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуі мен рухани жаңғыруының негізіне айналып отыр. Сондықтан оны негізінен жаһандық дағдарыстарға қарамастан 5 институттық реформаны жүзеге асырудың басым бағыттарын айқындап беруімен ерекшеленетін Стратегиялық бағдарлама дер едім. Сондықтан «Жаңа қазақстандық арманды» жүзеге асырудың сара жолын көрсеткен мақаласы-нда Елбасымыз: «Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды. Оларда қашан да туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді», деп бастап, ұлтымыздың ұлы мұратының әрбір қазақстандықтың ізгі ойынан құралатынына ерекше мән беруінің өзі түсінген жанға үлкен серпін беретін үлкен күш. [1]
Бүгінгі таңда біз Елбасымыздың көреген саясатының арқасында бақытты өмірге қол жеткізіп отырмыз. Мемлекет басшысының осы бағдарламалық мақаласы алдағы күннің бұдан да бақытты, бұдан да кеңейе, нұрлана түсетіндігіне халықтың сенімін нығайта түсетініне сенім білдіреді. Еліміздегі ауызбіршілік пен ынтымақ басты мұратымыз. Осы ретте Елбасымыз Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы мен мәніне тоқтала келе: «Ел» сөзінде үлкен біріктіруші күш бар, өйткені, барлық уақыттарда да туған жер қазақстандықтар үшін ең жақын және өзіне тартушы құндылық болған және болып қала береді» -деп Мәңгілік Ел идеясының біріктіруші күші халықтың өз Отанына деген сүйіспеншілігінен бастау алатындығын атап көрсеткен болатын. Толыққанды белсенді тұлға ретінде жастар-дың үнқатысуында дамуына қолайлы барлық жағдай жасалған. Еліміз қоғамдық сананың өзгеруімен қатар жүретін Үшінші модернизацияны бастан кешуде. Бір кездері бабаларға арман болған, аталарымыздан аманатқа қалған аңызды ақиқатқа айналдыратын «Мәңгілік Ел» идеясы ұлт мұраты болып, келешек ұрпақты ізгі ниеттерге жетелейтіні анық. «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру бүгінгі ұрпақтың парасатты парызы келешек ұрпаққа тағылым. Осы ұлы мұратты жүзеге асырсақ, бабалардың алдындағы қарызымыз бен балалардың алдындағы парызымыздың өтелері айқын. Қазақстан әлемдегі алып елдердің қатарынан өз орнын алса, әлемге танылған елдің ұландары ел мен жердің иесі болатындай намысты болып жетілсе, ұлттық құндылықтарымыз ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырса, «Мәңгілік Елдің» болашағы баянды, келешегі нұрлы болары белгілі.
Құқық бұзушылықтың алдын алу
Балалар мен жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын-алу кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекеттіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр. Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет. Ол дегеніміз, балаларды тұрақтылығы бар, әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиелеуге берілуі тиіс. Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр. Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Студенттер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу: отандық және шетелдік тәжірибе».
Зерттеу мақсаты:
Жеке тұлға мен топтың өзара әрекет ету тәсілін зерттеу, келеңсіздіктердің алдын-алу.
Зерттеу міндеттері:
1. Өзіне талдау жасай білуін қалыптастыру.
2. Жаңа өзекті тақырыпқа зерттеу бағдарламасын құру, теориялық кезеңнің жұмысын айқындау бағдарламасын құрып, бекіту.
3. Оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын анықтау.
4. Өз құқықтарын қорғай отырып, жоғары нәтижеге жету.
Зерттеу обьектісі:
жасөспірімдер
Зерттеу пәні:
Келеңсіздіктің алдын алу арқылы, студенттер немен айналысатынын бағдарлау.
Зерттеу болжамы:
Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттері.
Зерттеу әдістері:
Эксперимент барысында құқықтық сауаттылығын, қылмысқа көзқарасын зерделеу, бақылау, байқау әдістері қолданылды.
Бақылау-
зерттелінушінің танымдық белсенділіктерін анықтау.
Салыстыру-
құқық бұзушылықтың зиянды жақтарын нақты жағдайға байланысты айқындау.
Өлшеу-
нақты жағдайларды елестете отырып, жаман ниеттерге бармауын қадағалау.
Эксперимент-
күнделікті жағдайда баланың есіне өмірде болып жатқан қатерлі жағдайларды ескерте отырып, бойларын аулақ ұстауға дағдыландыру. Құқықтық сауаттылықтарын, ақпараттық деңгейлерін жетілдіру.
Кездесетін қарама-қайшылықтар
психологиялық диагностика жүргізу үшін теориялық білімнің төменділігінің, диагностикалық формализмнің зерттеу нәтижелерінің нақтылығына кедергі келтіруі; теледидар, интернет желілеріндегі қажетсіз көрсетілімдер;
қажетті ақпараттың жеткіліксіздігі.
Зерттеу жұмысымыздың басында бірінші кезекте студенттердің «Сіз бөтен адамның әсеріне қаншалықты жиі ұшырайсыз?» сауалнамасы жүргізілді. Сауалнамаға 1, 4 курстың студенттері, барлығы 30 студент қатынасты. Нәтижесінде оқушылардың 65, 2%-ы 6 баллдан жоғары жинап отыр. Ол дегеніміз бұл студенттердің қулықтың үлкен қорына ие, алдау мүмкін емес десе, 21%-ы 3-6 балл жинап, керемет ақылды, оны алдау мүмкін емес, бірақ өтірік айтуға бейім екенін көрсетсе, 14%-ы 3 баллдан төмен жинап, өздерінің сенгіш және оңай адастыруға болатынын, енжар екендіктерін көрсетті.
Мектеп 8-10 сыныптардың арасында өткізілген «Жасөспірімдердің қылмысқа көзқарасын зерделеу» сауалнамасы өткізілді. Сауалнамаға барлығы 112 оқушы қатынасты. Таратылып берілген сауалнамаға «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деген жауаптар берілді. Нәтижесінде «салауатты өмір салты» дегенді оқушылардың 90%-ы «ішімдік ішпеу», 70 %-ы «шылым шекпеу», 100%-ы «спортпен шұғылдану» деп, 20%-ы «толық тамақтанбау» деп есептейді.
Нашаны пайдаланып көрмедік, болашақта да пайдаланғымыз келмейді, ол адамды тәуелді етеді деп ойлайды. 30%-ы «кезекті нашаны пайдаланбауға болады, нашаны қолданбау адамның өз еркіне байланысты» десе, 70%-ы «мүлде татып көрмеу керек» деп есептейді. «Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын зерделеу» сауалнамасын 8-10 сынып оқушылары қатынасты. Қойылған сұрақтарға сәйкесінше жауаптың бір нұсқасын белгілеу керек. Мұнда жалпы сыныптар бойынша құқықтық ақпараттылық деңгейлерінің ортадан төмен екені байқалды. Сынып жетекшілермен сынып оқушыларына құқық туралы білімдерін кеңейту туралы ұсыныстар беріліп, ауыл учаскелік полициямен кездесулер ұйымдастырылды. Жасөспірімдердің АҚТҚ\ЖҚТБ туралы ақпараттық деңгейлерін зерттеу мақсатында 8-11 сыныптан барлығы 153 оқушыға сауалнама жүргізілді. Мұның нәтижесін төмендегі мониторингтен көруге болады. (%) Бұл зерттеудің нәтижесінде 8-11-сыныптардың АҚТҚ\ЖҚТБ жөнінде ақпараттанғанын түсінуге болады. Жалпы алғанда оқушылардың АҚТҚ\ЖҚТБ жөніндегі ақпараттық деңгейлерінің төмендігін көруге болады. «Мектебіңіздегі құқық бұзушылық фактілері туралы не білесіз?» сауалнамасына 9-сыныптардан 17 оқушы қатынасты. Зерттеу нәтижесінде 89%-ы білмеймін, 11%-ы әр түрлі қылмыстарды байқап жүрмін деген. «Мектебіңізде бопсалау фактілері кездесе ме?» деген сауалға 95%-ы десе, 5%-ы менде кездеспеді, жалпы бар сияқты деп жауап берді. «Сіздің ойыңызша жасөспірімдерді қылмысқа не итермелейді?» деген сауалдың жауабын мына мониторингтен көруге болады:«Балалар мен жасөспірімдердің құқық бұзушылығының алдын-алу» зерттемесінің қайталауы сәуір айына жоспарланып отыр. [2]
Қорытындылай келе: Жас ұрпақтың құқықтық білімін жетілдіруге мұғалім тәрбиесі ғана жетекілікті десек, кем өлшегеніміз болар еді. Олардың өмір тәртібіне көзқарасы ата-анасы арқылы қалыптасып, өзге тәрбие жүйесі арқылы әсер етеді. Оқыған әдебиеті, баспасөз материалдары, теле-радио хабарлары, көрген фильмдері білім қорын молайта түседі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заң жобасының 35-бабында: «ата-аналар балаларының өмірі мен оқуы үшін олардың денсаулықтарын, рухани әрі дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілігі жағынан дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті» деген. Осыған орай ата-аналар қоғамдық ортаның ісінен шет қалмай белсене араласуына, адам тәрбиелеудегі жауапкершілікті бірлесе көтерулері қажет деп санаймын. Оқушылармен қатар ата-аналардың құқықтық сауаттылықтарын анықтау барысында түрлі сауалнамалар өткізіліп, зерттелді.
Аталған жұмысымызда кемшіліктер де кездесіп отырды. Бұл кемшіліктерді біз оқушының денсаулығына, әлеуметтік жағдайына, ата-ана, пән мұғалімдерімен бірлесе отырып жасасақ оқушының әлеуметтік дағдыларын дамытуға, келеңсіздіктердің алдын-алуға, оқушыларға бағыт-бағдар беру, қоршаған ортаны түсінуге бейімделуін жоғары деңгейге арттыру нәтижесіне жеткізуіміз мүмкін. Келесі кезекте өзіме нақты кездесіп отырған кемшіліктермен жұмыс жасау керектігін жоспарлауды ұйғардым. Бүгінгі таңда зерттеу жұмысынан тиімді деген ой-пікірлерімді жеке тұлға мен топтың өзара әрекет етуінде міндетті қолданамын .
1. Жан-жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, әлеуметтік-толық қамтылған адамгершілікті тұлғаның қалыптасуы қоғамдық тәртіпті орнатудың басты жолы
Қоғамдық тәртіп орнатудың басты жолы-түрлі әлеуметтік нормалардың, былайша айтқанда, адамдардың мінез-құлықты реттейтін қағидалардың орын алуы. Қоғамдық тәртіптің бір бөлігі бұл-дәстүрлік тәртіп. Әлеуметтік нормалардың ең негізгісі, алғашқы пайда болғаны-әдет-ғұрып, дәстүр қағидалары. Әр халықта олар ежелден-ақ қалыптасқан. Мәселен, қазақ халқының әдеттерінің заң сияқты күші болған. Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Осындай әдеттердің күшімен қоғамда тәртіп орнатылған. Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі әдептік нормалар. Ол әдептік тәртіпті реттейді. Әдептік нормалардың құқық сипаты болмайды. Олар адамға құқық бермейді, міндет жүктемейді. Негізінен адамның ар-ұятын, намысын қалыптастырып, солар арқылы қоғамдық тәртіп орнатуға ұйытқы болады. Әдептік нормалар құқықтық нормаларға түрткі-негіз болып отырған. Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқық нормаларға әдептік нормалар арқау болса, соғүрлым заңдардың әлеуметтік, адамгершілік мәні жоғары болады. Қоғамдық ұйымдардағы тәртіп те қоғам бірлестіктерінің нормаларымен қамтамасыз етіледі. Жоғарыда айтып өткен қоғамдық тәртіптің әрбір бөлігі өзіне тән ережелермен реттеле келіп, нәтижесінде толыққанды қоғамдық тәртіп орнап, құқық бұзушылыққа қарсы үлкен тосқауыл орнатады. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне сонымен қатар әр түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады? деген сұрақтар туындай бастады. Міне осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады. Б. з. д Рим құқығы ІХ-VII ғасырда Б. з. д V ғасырда «12 кесте заңы» Ежелгі Қытай елінде Шыңғыс ханның «Ұлы жасасы», Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы». 1885 жылы билер жиналысында ұлы Абайдың «Шар ережесі» қабылданды. Абай бұл заңның мазмұны елін әділдікке жеткізуі, бейбітшілік, тыныштықты сақтайтын нормалар жиынтығы деген. Сонымен қатар қазақ елінің заңын жасауға, әдет-ғұрпының сақталуына, қалыптасуына зор үлесін қосқан үш кемеңгер билеріміз. Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген-арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9-тарау, 53-бап-тан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау-біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын туындап жататын секілді. Заң дегеніміз қоғамның негізгі тірегі Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ел басы Назарбаев «Конституция-бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, гимні, елтанбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармау, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заның, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция-елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. ХХІ ғасыр адам өқөыөтары мен бостандығын бірінші орынға қойды. Әрбір еркін мемлекет адам құқығын құрметтеуге, оларды қамтамасыз етуге және бұзбауға міндетті. Адам құқықтары халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру арқылы іске асырылады. [3]
- Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz