Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
Қорғауға жіберілген
Кафедра меңгерушісі
_____________ С.Т. Иксатова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011500 - Құқық және экономика негіздері
Орындаған: Толеуов Е.М.
Ғылыми жетекшісі
филос.ғ.д. К.Г. Нигметжанов
Павлодар

Толеуов Е.М.
Орта білім беру жүйесіндегі жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу көріністері механизмінің қалыптасуы

Павлодар, 2019
Мазмұны
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
1.СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-10
1.1 Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның құбылысы ретінде ... ... .11-13
1.2Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың түрлері және оларды жасағаны үшін жауапкершілік ... ...14-20
2.СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ТЕТІКТЕРІ МЕН ДАМУ ИНСТИТУТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21-27
2.1 Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы механизм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28-30
2.2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетігі ретінде қоғамдық бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31-34
2.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие ... ... ... ... ... ... ... . ... ..35-38
3. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ... ... ... ... ... .. ... ... ... .39-40
3.1 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41-43
3.2 Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамы ... ... ...44-48
3.3 Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық ... ... ... ... ... ... .. ..49-53
Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54-55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
КІРІСПЕ
Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады. 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты рухани-этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл екенін көрсетті. Осыған байланысты елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс келешек түлектердің қызмет бейініне қарамастан барлық оқу орындарын қамтуға тиіс. Өткен жылдан бастап барлық жоғары оқу орындарындағы оқу процесіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері атты жаңа пән енгізіле бастады. Дегенмен, бізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дүниетанымдық, этикалық, рухани аспектілерін жан-жақты көрсететін тиісті әдебиет әлі аз, ал бұл мәселе бойынша қолда бар әдебиет көбіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық аспектілерін ашуға бағытталған. Қалыптасқан мән-жайды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғалымдар тобы бұл мәселе бойынша оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету үшін оқу құралын жасау туралы бастама білдірді. Ұсынылатын оқу құралы Академияның профессор-оқытушылар құрамының жұмыс нәтижесі болып табылады, оқу орнының құрылымдық бөлімшелерінде құқық қорғау, экономикалық және тәрбиелік моделдерін қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетіктері жүйелі түрде әзірленуде. Авторлар ұжымына әртүрлі бейіндегі мамандар кірді, олардың ішінде-практикалық тәжірибесі бар мемлекеттік қызметшілер, педагогика, философия, экономика, юриспруденция саласында зерттеулер жүргізетін ғалымдар бар. Авторлық ұжымның мұндай іріктелуі белгіленген міндеттерді шешуге және тарихи әрі қазіргі заман тұрғысынан алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелерін байыптауға кешенді көзқарасты қамтамасыз етті. Жүйелі тәсілдің міндетін белгілеген авторлар сыбайлас жемқорлықтың мәнін, табиғатын, шығу тегін, оның орнықтылығының себебін ашу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани-этикалық аспектілерге сапалы талдау ұсыну әрекетін жасады. Оқу құралында қамтылған мәселелер кешеніне орай оларды төрт тарауға топтау орынды деп табылып, олардың әрқайсысы тиісті тақырыптық блокты қамтыды. Оқу құралы аясында оқырмандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сияқты ұғымдармен танысып, қазіргі күннің құбылысы ретіндегі сыбайлас жемқорлық және оның тарихи тамырлары туралы мәлімет алады. Тұлғаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұрғысынан тәрбиелеуде отбасының рөліне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздеріне, шетелдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға айрықша назар аударылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері оқу құралында авторлар оқытудың тәрбиелік сипатына сүйенді, сондықтан ол жоғары оқу орындарының барлық мамандықтары мен дайындық бағыттары бойынша оқу процесінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының соңғы жылдары жинақтаған тәжірибесін пайдаланғанымызды, Академияда еліміздің мемлекеттік қызметшілерін оқытудың барлық бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылық пәндері енгізгенін атап көрсету қажет. Бұл тақырып бойынша бірінші оқу құралының жарыққа шығуы және оның отандық жоғары оқу орындарының білім беру процесінде пайдаланылуы бұл пәнді оқытудың жаңа модельдері мен әдістемелерін өмірге әкелуі мүмкін. Оқу құралының мән-мазмұны бойынша берілетін кез келген ескертулер, ұсыныстар бұл ұжымдық еңбектің мазмұнын жақсарту тұрғысынан алғанда мұқият қаралады және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы білім беру саясатының бұл маңызды бағыты бойынша ынтымақтастыққа дайын.
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады. Сондықтан бұл параграфта сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феноменін қарастырамыз. Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың көмегімен адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді. Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана болып бөлінеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана ұғымы қоғамдық сананың барлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-бұл адамдардың сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңында мүдделер қақтығысы жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін деп айқындалады [1]. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі оның барлық көрінісінде мүдделер қақтығысына жағымсыз, төзбеушілік қатынастың призмасы арқылы өмірлік болмысты көрсетеді, содан кейін жаңғыртады. Ол жалпыға міндетті мінез-құлық нормаларын белгілеуді талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы санаға нысандандыру, белгілілік пен кесімділік тән. Сондай-ақ моральдық және құқықтық міндеттерді орындауға қатаң бақылау талабы тән. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың рөлі оның танымдық, реттеуші, бағалаушылық, болжамдық функцияларында көрінеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың танымдық функциясы (гносеологиялық) әлеуметтік зұлымдық ретінде сыбайлас жемқорлық туралы білімді жинақтау және оның негізінде адами өзара қарым- қатынастар әлемін одан әрі пайымдау мүмкіндігінен тұрады. Реттеуші функциясы. Белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана құндылықты бағдарлар арқылы қоғамдық қатынастардың реттеушісі болады. Осы реттеудің нәтижесі-сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік болады. Бағалау функциясы өмірлік тәжірибе мен практика негізінде әлеуметтік өмірдің әртүрлі жағы мен құбылыстарына тұлғаның белгілі бір эмоционалдық қатынасынан көрінеді. Моральдық және құқықтық нормалар, моральдық-құқықтық жүйенің басқа элементтері бағалау объектісіне айналады. Бағалау функциясы тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қатынасын айқындайды. Оның көмегімен моральға және этикалық кодекске, құқық пен заңнамаға, құқық қорғау органдарына, азаматтық қоғамға, борышқа, айналасындағылар мен өзінің де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына деген қатынас бағаланады. Болжамдық функция моральдық-құқықтық жүйенің болашақтағы жай-күйін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын көре білу мүмкіндігінен тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сияқты рухани мәдениеттің интегративті нысаны болып табылады. Мәдениеттің, сонымен қатар адам санасындай басымдықтары да бар, әлеуметтік деп айқындалатын барлығының қалыптасуы мен дамуында атқаратын рөлі де бар. Ақиқатты игеру тәсілі ретінде мәдениет-жекелеген бағалау, нормалар емес, олардың жиынтығы, сомасы емес, керісінше тұтастық ретінде алынған құндылықты элементтер. Мәдениет сана феномені ретінде тұтастықты білдіреді. Мәдениет-пассивті, қажетсіз, жүзеге аспаған білім, білік, сенімдер емес. Ол өзіндік процесті, ішкі қызметті білдіреді, оның негізінде өзара іс-қимыл, өзара өту және білім, білік-дағдының, тұлғаның құзыретінің, оның сенімінің, ақпараттық, сезімдік және күш- жігер компоненттерінің түйісу жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет рухани мәдениет жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Адам мәдениет субъектісі ретінде еңбек, саяси, этикалық, эстетикалық, адамгершілік және басқа мәдениеттердің жанашыры болып табылады, ол өзара тығыз байланысты, ал әртүрлі үйлесімде кірпияз симбиозды қалыптастырады. Мәдениет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет айрықша функцияларды орындап, қоғамның белгілі бір тұтастығы мен ұйымшылдығын сақтай отырып, ерекше орын алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет өз мазмұнына мәдениет- тердің барлық қалған түрлерінің элементтерін қамтиды, бұл олардың тұтастығының жалғыз субъектісі ретінде адамның өзінің табиғатымен байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ерекшелігі мәдениеттердің барлық түрлерімен өзара байланыста ғана емес. Оның мазмұны бірінші кезекте құқық пен адамгершілікті қамтиды. Мәдениеттердің барлық түрлері арасындағы диалог олардың арасындағы тығыз байланыстың барын белгілейді, олардың өзара толықтырушы рөлін атап өтіп, күшейтеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет -бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілеті. Осындай адамның мазмұны құқықтық мәдениет болып табылатыны маңызды. Қазіргі әдебиетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мазмұны негізінен құқықтық құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті толықтай құқықтық мәдениетке апару дұрыс емес. Құқықтық мәдениет мысалы, адамгершілік, саяси мәдениетпен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тек бөлігі ғана. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-бұл жаппай сана және оның жекелеген элементтері емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-сыбайлас жемқорлықты қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес келмейтін құндылықтар жүйесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет -адамгершілік пен азғындық (орынды және орынсыз, мейірімділік пен зұлымдық, пайдалы және пайдасыз), құқықтық және құқықтық емес, ақылды және ақымақтық, тамаша және бейберекет призмасы арқылы адами қатынастар әлеміне көзқарас. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қазіргі уақытта шынайы қажетті құбылыс мәртебесін иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде қоғамның барлық әрекетке қабілетті мүшелері игеруі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ұғымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі деп түсініледі. Сондай-ақ ол білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім-тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі. Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады [2]. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны көздейді:
- сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік;
- моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу;
- құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру;
- қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәжін ынталандыру;
- мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру. Осыған байланысты мыналар қажет:
- сыбайлас жемқорлыққа саналы қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға моральдық иммунитетті қалыптастыру және осының негізінде сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша құзыреттерді дамыту;
- Қазақстан азаматтарының мінез-құлқы моделін қалыптастыру, бұл ретте сыбайлас жемқорлық сөзінің өзін қабылдамау, адамгершілік тойтарыс, төзбеушілікті туындатуы тиіс;
- құқықтық құндылықтарды жоққа шығару, заң мен тәртіпті құрметтемеуді білдіретін құқықтық нигилизмді жою (латынша nihil - ештеңе);
- құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұғымының мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі ретінде ашылады. Ал сыбайлас жемқорлықтың алдын алу-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет нақты әлеуметтік жүйенің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағдарланған, сондықтан оның түбегейлі қасиеті сыбайлас жемқорлықты тұтас, жүйелі-оның барлық адамгершілік, заңдық, экономикалық, саяси, ресурстық, технологиялық, экологиялық, әлеуметтік-психологиялық аспектілерінде, байланыстары мен көріністерінде болжай білу болып табылады. Әлеуметтілік, әлеуметтендіру сияқты адамгершілікті қолдау мемлекеттің қызметіндегі институттардың, құқықтың, тетіктердің, тәртіптің, рәсімдердің белгілі бір жай-күйін қажет етеді. Бұл мәселеде өркениеттік біртектіліктің ерекше мәні бар. Біздің еліміз үшін бұл көптеген басқа да мемлекеттер үшін де маңызды. Жаңа қазақстандық мемлекетті құру жағдайында тәуелсіз Қазақстанның өзіндік табыс коды, әлеуеті мен құндылықтары бар екенін ұмытпау қажет, оны сыбайлас жемқорлықтың шығу себебін жоя отырып, оған қарсы күресте жандандырған жөн. Қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті социумды тұрақтандырудың басты факторларының бірі болып табылады, қоғамның кез келген құрылымдық деңгейінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы күрестің табыстылығын айқындайды.[3] Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуде заңнаманың сапасы, құқық қолдану нысандары, шарттық міндеттемелерді сақтау, азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау да маңызды. Моральдық-құқықтық қағидаттарды білу мен ұтымды конформистік сенімдерді үйлестіру-қоғам өміріндегі тәртіптіліктің қуатты факторы. Қорытындыда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың, тіпті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейі тұлға мен қоғамның сыбайлас жемқорлықтың тұрақсыздандыру күшін сезіну дәрежесіне байланысты екенін белгілеуге болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің міндеті - сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті білім алушы жастардың азаматтық позициясы ретінде бекіту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға берік иммунитетті нықтау, оларды жария түрде жоққа шығару болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 26 желтоқсанындағы №986 Жарлығымен бекітілген ҚР 2015-2025ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін құбылыс ретінде бағаланған. Осы уақытқа дейін біз сыбайлас жемқорлықпен күресу қажет деп келсек, ендігі уақытта басты идеологиялық құжатымыз Стратегияда көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл деп айтамыз. Демек, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты кінәлілерді анықтап, олардың жауапкершілігін қараумен ғана шектелмей, жалпы сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтап, оның алдын алуды жүзеге асыруға бетбұрыс жасады. Тіпті еліміздің жаңа Заңының атауы да бұрынғыша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес емес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы деп өзгертілді. Идеологиялық жағынан да, нормативтік-құқықтық жағынан да елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясатты жүзеге асыруға толыққанды жағдай жасалған. Бүгінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан жүргізілуде .Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.[4] Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі түсініледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұлғада құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді, олар: жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі . Индивидтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің деңгейі оның тұлға ретінде дамуы деңгейінің айнасы. Яғни, әр бір адам белгілі бір деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті болады, ол не төмен, не жоғары деңгейде болуы мүмкін. Сонымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті келесі алгоритмде қарастыруға болады: индивидтің құқықтық багажы-оның құқық нормаларын сақтауға дағдысы, заңды бұзбауға дағдысы, жемқорлыққа қарсы құқықтық белсенділігі. Ол дегеніміз индивидтің тек өз іс-әрекетін ғана құқықтық норма шеңберінде ұстауға ұмтылысы емес, сонымен қатар, жемқорлыққа қатысты кез келген заңбұзушылыққа қарсы тұруға дайындығы.
Осы арада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің келесі функцияларын атап өтуге болады: танымдық функция (қоғамның түрлі жүйелерінде болып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы процесстерді зерттеу және түсіндіру), ол индивидтің жемқорлық көріністерін құқықтық тәжірибеде біліп, түсінуімен сипатталады. Осы функцияны жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестерді зерттеп, түсіндіру жүзеге асады. Реттеуші функция (өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетің құқықтық талаптармен салыстырмалы түрде қарастыру), үлгілеу функциясы (ұғыну, мәнін түсіну негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет моделін қалыптастыру). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Бала кезінен тұлғаны қазақстандық париотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.[5] Талай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылығы әлсіздігінің салдары болып табылады. Осыған байланысты, халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысы, олардың жасын, кәсіби және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жүйе қалыптасуы тиіс.
1.1 Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның құбылысы ретінде
Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің құбылысы ретінде. Сыбайлас жемқорлықты феномен ретінде қоғамдық санадан, оның белгілі бір әлеуметтік жағдайларда қалыптасуы мен өзгеру динамикасынан бөліп қарастыруға болмайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды тергеу, кінәлілерді жауапкершілікке тарту - мамандардың ісі, бірақ осы жұмыстың нәтижелері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдің туындау себептеріне қатысты еліміздің әрбір азаматының өзіндік жеке пікірі болуы тиіс. Ол өзінің жеке бағдарларын, адамгершілік ұстанымдарын, діни идеяларын басшылыққа алуы тиіс, сондықтан оның сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері туралы түсінігі нормативтік және ғылыми дефинициялардан ерекшеленуі мүмкін. Қоғамдық өмірдің жағымсыз құбылысы ретінде сыбайлас жемқорлық қоғамдық айыптауды туындатады, алайда әртүрлі әлеуметтік топтарда оларға төзімділік дәрежесі бірдей емес. Өмірінде сыбайлас жемқорлық фактілерімен ұшырасқан әрбір адам оны азамат пен мемлекет өкілі арасындағы өзара қарым-қатынаста, азаматтардың өз арасында және бизнес саласында орын алмауы тиіс қоғамдық зұлымдық ретінде бағалайды. Моральдық нормалар мен олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы рөлі. Адамзат өркениеті тарихында діни ілімге негізделген мораль нормалары тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Адамның моральдық қағидаттарды саналы түрде сақтауы оның сыбайлас жемқорлыққа деген қатынасы бойынша ұстанымына байланысты. Ол оны кез келген мемлекеттік құрылыстың мәңгі жолсерігі немесе нақты қарсы тұра алатын және қарсы тұру қажет жағымсыз қоғамдық құбылыс ретінде қабылдайды. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық зұлымдық ретінде қоғамға ыдыратушы ықпал етеді. Әсіресе бұл адамдардың қылмыстық мінез- құлқын, сыбайлас жемқорлық фактілерін Интернет желісіне қол жеткізетін тіпті оқушылардан жасыра алмайтын қазіргі ақпараттық технологиялар ғасырында қауіпті. Жастарды тәрбиелеудегі кемшіліктер мен қателіктер, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық ықпал үшін әлсіз санаттарына тиісті көңіл бөлмеу аса жағымсыз салдарға әкеледі. Сыбайлас жемқорлық дендеген адамдардың адуындығы мен арсыздығы, олардың қылмыстық қызметінің нәтижелері адамгершілік құндылықтарының құнын жояды және қоғамның адамгершілік ұстанымдарын әлсіретуі мүмкін. Адамгершілік, әділдікке сену, этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау қажетті жағдайлар кешенін білдіреді. Осы құрамдас бөліктерсіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптаса алмайды және мемлекеттік жазалау саясаты пәрменді бола алмайды. Мінез-құлық актілеріндегі моральдық қағидаттардың басымдығының құқықтық тыйымдар немесе қылмыстық аңду қаупіне қарағанда әсері көп. Мораль, оның жазылған және жазылмаған заңдары болмауы тиіс салаларға ақша ережелерін енгізуге қарсы тұра алады, анықталуы бойынша сатып алуға болмайтын нәрсе ақылы алу үшін қолжетімді бола алмайды: құрмет, лауазым, дәреже және көптеген басқалар, олардың қоғам алдындағы құндылығын түсіруі мүмкін. Сыбайлас жемқорлықты елдегі адамдар әділетсіздік деп негізді түрде қабылдайды. Бұл жерде әрбір адам өздері байқайтын болмысты оның санасында қалыптасқан тәрбие мен идеологиялық ұстаным негізінде адамгершілік тұрғысынан бағалайтынын тағы да атап өткен жөн. Егер адамгершілік ережелердің кешені жұмыс істемесе, қоғам азғындаған, ал мемлекет-әлсіз болады, егер социум өмірінде мораль тиісті орын алмаса, азғынданған қоғамның болашағы жоқ. Адамгершілік және қылмыстық идеология қақтығысы. Сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз қоғамдық құбылыс ретіндегі ерекшелігі қоғамдық процестер өзгерісінде өте жылдам қозғалғыш келеді, оның қауіптілігін елемеу әртүрлі тәртіптің шығындарына әкеледі. Экономикалық шығындардан және халықаралық аренадағы беделін жоғалтудан бөлек (индекс CPI) , кез келген мемлекет қылмыстық идеологияны тарату проблемасына ұшырасады. Ең қауіптісі белгілі бір топтардың бай тап өкілдерінің санасында тоғышарлық элементтерінің тамыр жаюымен сән-салтанатта өмір сүретін, шамадан артық тұтынуға ұмтылуын жете бағаламау болып табылады. Бұл кемістік зиянсыз емес, ол адамдардың санасында өзіндік мінез-құлық стандарттарын қалыптастырады, кейіннен құқықтық түзетуге келмейді. Н. Бердяев тоғышарлықты ауыздықталмаған рахатқа батудың кері жағы, ал тоғышарлық нормалар, оның пікірінше, адамның қайырымды өзін-өзі шектеуіне сенбеушіліктің жемісі деп атаған[6]. Адамдар бұны жақсы түсінеді, демек, сыбайлас жемқорлық және оның көріністері дегеніміз не, олардың болашағына және жас ұрпақтың болашағына қандай қауіп төндіреді жөнінде ойланады. Осылайша, адамдардың түсінігінде қазіргі сыбайлас жемқорлық: - қоғамдық санаға, тұрмыс пен қызметтік жұмысқа терең тамыр жайған зұлымдық; - билік басындағы адамдардың жүзеге асыратын қылмыстық әрекеті; - адамгершілік мінез-құлық шектеулері жоқ, бірақ қоғамдық процестерге кері ықпал ете алатын арам адамдардың өмір сүру қалпы сияқты көрінеді. Адамдардың позитивті адамгершілік бағдары болатын мінез-құлық ережелері бір мезгілде пайда болмайды, олар - олардың қайда пайда болғанына, қандай формацияда тамыр жайғанына және әлеуметтік норма белгілерін қашан иеленгеніне қарамастан тарихи тәжірибенің нәтижесі болып табылады. Мысал ретінде әрбір совет оқушысы жаттап алған екі цитатаны келтірейік: 1. Ғылымда даңғыл жол жоқ, шаршағаннан қорықпай оның тастақ жерлеріне өрмелейтіндер ғана оның шырқау шыңына жетеді (К. Маркс); 2. Адамзат жасаған барлық байлықты білу арқылы өз біліміңді байытқанда ғана коммунист бола аласың (В. И. Ленин). Бұл сөздердің өнегелік құндылығы бұқара санасында айқындаушы орын алады, яғни бұрындары олар қарапайым ұран ғана болған. Оларды адамдар ұстанып, жастар тәлім-тәрбие алатын, ал еңбектік, партия, өндірістік тәртіпті бұзу ауыр моральдық шығындарға әкелетін. Адамгершілік бастаулары тамыр жайған қоғамда заңдар сақталады, жемқор өзін қолайсыз сезінеді, оның іс-әрекеті шектелген және өзінің қылмыстық мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Басқаша айтқанда, мораль (қолданыстағы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде) және жоғары өнегелі орта жемқордың қылмыстық іс-әрекетін аса қиындатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін жазалау шаралары жеткіліксіз. Сот тағайындайтын жазаның қаталдығы мен жұрт алдында тұтқындау кезінде қарапайым адам оның алдына қазіргі болмыс қойған қарапайым сұрақтарға жауап табуы тиіс. Өзі байқаған нәрседен адам сыбайлас жемқорлыққа және оның қоғам өмірі мен өзінің өмірлік қағидаттарына жағымсыз ықпалына қатысты өз тұжырымын жасайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жазалау тетіктеріне немесе ғылыми зерттеулерге ғана сүйенбеуі тиіс. Адамдардың сыбайлас жемқорлық туралы моральдық құндылықтар негізінде қалыптасатын түсінігін басты мәселе қойған жөн. Тек қана осы жол арқылы мемлекет қарапайым адамдардың мемлекет және сыбайлас жемқорлық билік ұғымдарын теңдестіруіне жол бермеуі тиіс. Егер соңғысы бұқара халықтың санасында тамыр жайса, онда сыбайлас жемқорлық мыңдаған жемқорлар жазаланса да жойылмайды. Адамгершілік ұстанымы мықты адам сыбайлас жемқорлықты былайша сипаттайды:-өзі үшін, өз елі және оның болашағы үшін төнетін нақты қауіп; - азаматтың өзін азаматты болып табылатын елмен байланыстыруын тоқтатуының бір себебі; - ұлттық байлықты тонау және қоғамдық сананы бұзу арқылы параға сатып алу және заңсыз баюдың қылмыстық сызбасы; - мемлекеттің құрылысына, өнегелік құндылықтарына қол сұғатын және бұқара санасына жалған құндылықтарды енгізу үшін жағдайлар жасайтын қылмыстық идеологияны заңсыз енгізу;-заңдар жұмыс істемейтін және әділдікке орын жоқ әділетсіз өмір. Сыбайлас жемқорлықты жағымсыз құбылыс ретінде қабылдай отырып, оның әртүрлі көріністерін зерттей, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша әдістерді әзірлей отырып, мемлекет жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нәтижелерін көрсеткен жөн. Оң нәтижелер бар екеніне құқық қорғау статистикасы мен сот практикасы дәлел бола алады. Оң өзгерістер туралы ауыз ашпау адамдардың құқықтық саясаттың тиімділігіне сенбеушілігін туғызады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына көмектеспейді.
1.2 Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың түрлері және оларды жасағаны үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңға (бұдан әрі - Заң) сәйкес мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады. Заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкімшілік және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары) болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылық субъектiлерiне мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар жатады.[7]
2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) барлық лауазымды адамдар, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттары, судьялар;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;
2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері;
3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;
4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестіріледі. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерi Қылмыстық кодекспен (бұдан әрі - ҚК) көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдар мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтарды алған жағдайда, мынадай қылмыстар сыбайлас жемқорлық қылмыстарға жатады: мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адамдар жасаған сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса (ҚК 176-бабының үшінші бөлігі г) тармағы; мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам жасаған алаяқтық, егер ол өз қызмет бабын пайдаланумен ұштасса (ҚК 177-бабының үшінші бөлігі г) тармағы; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам жасаған жалған кәсіпкерлік, егер оларды өз қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып жасаса (ҚК 192-бабының екінші бөлігі в) тармағы; мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам жасаған заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлiктi заңдастыру, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса (ҚК 193-бабының үшінші бөлігі а) тармағы; мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам жасаған экономикалық контрабанда, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса (ҚК 209-бабының үшінші бөлігі а) тармағы; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам жасаған рейдерлік, егер ол оның қызмет бабын пайдаланумен ұштасса (ҚК 226-1-бабының үшінші бөлігі б) тармағы; қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану (ҚК 307-бабы); өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану (ҚК 308-бабының төртінші бөлігі в) тармағы; кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу (ҚК 310-бабы); заңды кәсiпкерлiк қызметке кедергi жасау (ҚК 310-1-бабы); пара алу (ҚК 311-бабы). Сонымен қатар, егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның бiрiншi рет сыйлық ретiнде мүлiк, мүлiкке немесе өзге мүлiктiк пайдаға құқық алуы бұрын жасалған заңды әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда маңызы аз екендiгiне байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкімшілік ретпен қудаланады; пара беру (ҚК 312-бабы). Пара берген адам, егер мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның тарапынан оған қатысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады;
-парақорлыққа делдал болу (ҚК 313-бабы);
-қызметтiк жалғандық жасау (ҚК 314-бабы);
-қызметтегi әрекетсiздiк (ҚК 315-бабы);
-билiктi терiс пайдалану (ҚК 380-бабы); өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану (ҚК 380-1-бабының екінші бөлігі в) тармағы);-билiктiң әрекетсiздiгi (ҚК 380-2-бабы).[8] Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық мынадай әкімшілік құқық бұзушылық түрлерін қамтитын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен (бұдан әрі - ӘҚБтК) көзделген: қаржы бақылау шараларын бұзу, яғни, кiрiстер, мүлiк туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарда көзделген басқа да мәлiметтердi қасақана бермеуі немесе толық емес, жалған мәлiметтер бергені (ӘҚБтК 532-бабы);-жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы бергені (ӘҚБтК 533-бабы);-мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның заңсыз материалдық сыйақы алғаны (ӘҚБтК 533-1 бабы);-заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы бергені (ӘҚБтК 534-бабы). Сонымен қатар, мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға заңсыз материалдық сыйақылар, сыйлықтар, өзге де материалдық игiлiктер берген, қызметтер көрсеткен, жеңiлдiктер мен артықшылық жасаған жеке, заңды тұлғалар, егер мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның немесе оған теңестiрiлген адамның тарапынан өздерiне қатысты бопсалау орын алған болса немесе осы жеке, заңды тұлғалар болған жағдай туралы құзiреттi органдарға он күн мерзiм iшiнде өз еркiмен мәлiмдесе, жауапты болмайды; мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы (ӘҚБтК 535-бабы);-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк органдар басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының шара қолданбағаны (ӘҚБтК 537-бабы);-бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдағаны (ӘҚБтК 537-1 бабы) үшін көзделген. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын мынадай құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, егер оларда қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса, қызметiнен төмендетуге, қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзге де түрде босатуға не заңда белгiленген тәртiппен өзге де тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады:
1) басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың қызметiне заңсыз араласу;
2) аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану;
3) мемлекеттік қызметке және мемлекеттік ұйымдарға және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарға, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, ұлттық даму институттарына, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларға қызметке тұратын және қызметін жоғарылататын кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық).[9]
4) шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;
5) кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;
6) мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану;
7) берiлуi заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негiзсiз бас тарту, оны кешiктiру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру;
8) жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету;
9) мемлекеттiк қаржы мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорларына беру;
10) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қараудың және олардың құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн бірнеше рет бұзу;
11) жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету;
12) жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау;
13) кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау өкiлеттiгiн сондай қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға беру;
13-1) мемлекеттік бақылау мен қадағалау міндеттерін мемлекеттік органдық мәртебесі жоқ ұйымдарға беру;
14) қызметi немесе жұмысы бойынша жоғары немесе төмен тұрған, не өздерiне өзге де түрде тәуелдi лауазымды адамдардың ақша немесе басқа да мүлiк салынатын сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатысу;
15) егер заңнамада көзделмесе, өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның шотына келiп түскен, аталған адам бiлмейтiн ақша қаражаты, сондай-ақ осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып, тиiстi мiндеттерiн атқаруына байланысты алған қаражаты ол анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиiстi салық органына мұндай қаражат түсуiнiң мән-жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле отырып, республикалық бюджетке аударылуға тиiс;
16) өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызметіндегі енжарлығы үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау.
Аталған адам бiлмей келiп түскен сыйлықтар, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып тиiстi мiндеттердi атқаруына байланысты алған сыйлықтары жетi күн мерзiм iшiнде арнайы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзiлуі тиiс, ал адамға осындай жағдайлар кезiнде көрсетiлген қызмет үшiн республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы ақы төленуі тиiс. Өзiне сыйлықтар келiп түскен адам жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерлерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz