Қапшағай қаласының орталық аумағы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Дипломдық жұмыста Алматы облысы, Қапшағай қаласының жерлерін есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру.
Жобаны орындаушы ЗАП-16-5кс тобының студенті Машрап Еламан Сайыпұлы, жетекші - т.ғ.к., доцент Султанбекова П.С, қорғау жылы - 2019.
Дипломдық жұмыс тақырыбына сай Алматы облысы, Қапшағай қаласының жерлерін аймақтарға бөлу және есепке алу жұмыстарына толық мәлімет берілді, яғни жер пайдаланушылықтардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланып жатқанын анықтадық.
Жұмыстың жүргізілу мерзімі және сметалық, техника-экономикалық көрсеткіштері анықталған. Құрылымдарды пайдалану, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселелері қарастырылған.

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі - Ауыл шаруашылығы саласы елімізді сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз жасауда және ел экономикасының қуаттылығын арттыруда, табиғат тепе-теңдігін сақтауда айрықша маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Егістік жерлердің құнарлығын арттыру,суармалы егістік жүйелерін дұрыс жолға қою қазіргі заманның нарықтық экономикадағы шешуін кейінге қалдыруға болмайтын өзекті де күрделі мәселе қатарына жатады.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы- Қапшағай қаласының тұрғын үй аумағын қайта жаңарту мен дамытудың басым бағдарламалары:
- халықтың қалың тобына тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу;
- халықтың қазіргі және болжанған стратификациясы негізінде тұрғын үй саясатының үлгісін әзірлеу;
- табысы көп емес тұрғындарға жалға беру үшін саны 675,2 мың шаршы метр (жаңа құрылыс көлемінің 26 пайызы) болатын коммуналды жалдамалы тұрғын үй қорын қалыптастыру;
- саны 99 мың шаршы метр болатын коммуналдық, қолжетімді қор салу, олардың 9,9 шаршы метрі (10 пайызы) халықтың аз қамтылған және әлеуметтік әлсіз топтарына беріледі және жылжымайтын мүлік нарығын құру болып табылады.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы - Орталықтың демалыс аймағының Қапшағай қаласы мен Қапшағай су қоймасы жағалауы демалыс аймақтарының бекітілген жобасын ескере отырып, жоспарда орындалған барлық функционалдық аймақтарды өзара байланыстыра қараумен бірыңғай инженерлік-көлік, жалпы сәулеттік-кеңістік тұжырымдамасын шешумен, функционалдық аймақ демалыс, спорт, ойын-сауық, рекреация орны болып табылады.
Жұмыста қарастырып отырған ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау - дипломдық жобаны орындау үшін Қапшағай қаласы аумағы жерлерінің бағасының нормативтік деңгейін, жерді бағалау аудандар шамасында жер қыртысының топтары бойынша орташа нормативтік есебін, жердің нормативтік бағасының есебі, тұрғын үйлер,демалыс орындары, магистралды инженерлік желілерді дамытып нормативтік бағасын есептейді.
Диплом жұмысының мақсаты - Қапшағай қаласы жерлерін аймақтаудың басты мақсаты - экологиялық қолайлы, қауіпсіз және әлеуметтік-қолайлы өмірлік орта құруға бағытталған қала құрылысы іс-шаралары ,тұрғын үйлер ортасын кешенді қалыптастырудың негізгі бағыттары қаланың жалпы тұрғын үй қорын 3250 мың шаршы метрге дейін арттырып, орташа алғанда 1 адам басына 27 шаршы метрге дейін тұрғын үймен қамтамасыз етуге жеткізуді қарастырады. Жаңа құрылыстың көлемі жалпы жоспарлау кезеңінде 2600 мың шаршы метрді құрайды. Құрылыс еркін аумақтарда 724,8 гектар (жалпы алаңы 2350 мың шаршы метр) және қайта жаңартылып жатқан аумақтарда, ескі үйлерді бұзу есебінен 82 гектар (жалпы алаңы 250 мың шаршы метр) жүзеге асыру,құрылыс аумағында магистралды инженерлік желілерді дамытып және жайластырып әрі әлеуметтік сала объектілерін орналастырып тұрғын үй қала құрылысы кешендерін кезең-кезеңмен салу.
Диплом жұмысының міндеті - Бас жоспар қалалық инфрақұрылымды дамыту, табиғи кешеннің аумағын сақтау мен дамыту, тұрғын үйлерді қайта жаңарту және өндірістік аумақты қайта ұйымдастыру, қоғамдық, іскер және мәдени орталықтарды, туризм және демалыс объектілерін дамыту, қалалық ортаны кешенді абаттандыру және эстетикалық ұйымдастыру, Қапшағай қаласының әкімшілік аудандарының және басқа да аумақтық бірліктерінің аумақтарын дамыту қала құрылысы жоспарлары және жобаларын әзірлеу және іске асыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны - Алматы облысы, Қапшағай қаласының аумағы жерлері. Қапшағай 3600 шаршы м құрайды. Қапшағай су қоймасы жағалауында, Іле өзеніне таяу теміржолмен түйіскен жерде, Алматыдан солтүстікке қарай 76 шақырым жерде орналасқан.
Теориялық және әдістемелік негізі- ҚР МЖМБС 3.08.327 - 2006 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары білім. Жалпы ережелер., ӘН ОҚМУ 7.15 - 2011 СМЖ. Дипломдық жұмысты ұйымдастыру.
Дипломдық жұмысты жазу практикалық базасы - Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалы.

2 Әдебиетке шолу

2.1 Жерге орналастырудың мақсаты мен мазмұны

Жерге - орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады.
Жерге орналастыру меншік нысанына тиесілілігіне және оларда шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан, барлық санаттағы жерде жүргізіледі.
Жерге орналастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу нәтижесінде белгіленген, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қаралған және бекітілген жердің нысаналы мақсаты, жерді пайдалану мен оны қорғау режимі, шектеулер мен ауыртпалықтар, жер учаскелерінің шекарасы, жердің сапасы мен мөлшері туралы деректер және басқа да деректер жер құқығы қатынастары субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
Жерге-орналастыру:
1) ландшафтық-экологиялық көзқарас негізінде жерге орналастырудың, жерді айжүгерірға бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық схемаларын (жобаларын) және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді;
2) қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілеуді;
3) белгілі бір жерде елдімекеңдердің шекарасын (шегін) анықтау мен белгілеуді, олардың жер-шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;
4) белгілі бір жерде әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аужүгерірдың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерінің шекарасын белгілеуді;
5) жерге орналастыру, бүлінген жерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобаларын, соңдай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты баска да жобалар әзірлеуді;
6) жерді түгендеу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анықтауды;
7) топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді;
8) жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланылуының тақырыптық карталары мен атластарын жасауды қамтиды және қамтамасыз етеді. [1,2,3].

2.2 Жерге орналастыруды жүргізу

Жерге орналастыру облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша не мүдделі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі.
Жер учаскелерінің мүдделі меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың бастамасы бойынша жургізілетін жерге орналастыру олардың тиісті жергілікгі атқарушы органға беретін өтініштерінің негізіңде жүзеге асырылады.
Жерге орналастыру жұмыстарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге белгіленген тәртіппен лицензия "алған заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды.
Жерге орналастыру жұмыстарын орындау тәртібі мен технологиясы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді, олар жерге орналастыру жұмыстарын орындаушылардың барлығы үшін міңдетті.
Белгіленген тәртіппен келісілген жерге орналастыру құжаттамасын:
1) Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 10 қаңтардағы № 116-111 Заңымен 150 баптың 4 тармағының 1 тармақшасы алып тасталды.
2) шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобаларын және жерді ұтымды пайдалануға, топырақтың құнарлылығын сақтау мен арттыруға байланысты олардың өз есебінен әзірленетін және жүзеге асырылатын жобаларды -- жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарымен келісім бойынша жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар, басқа да тапсырыс берушілер;
3) жер учаскелерінің шекарасын қалыптастыруға, оларды белгілі бір жерде белгілеуге, жер учаскесінің жоспарын дайындауға байланысты жерге орналастыру құжаттамасын, сондай-ақ жерге орналастыру жөніндегі, жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланылуының арнайы тақырыптық карталарын жасау жөніндегі топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, топырақты зерттеу, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеу және іздестіру жұмыстарының материалдарын -- жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың (рес-публикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетгі органдары бекітеді.
Жерге орналастыру құжаттамасына өзгерістер осы құжаттаманы бекіткен органның рұқсатымен ғана еңгізіледі.
Жерге орналастыру жобасын орындау: жобаны жер бетіне көшіруді; жобаның барлық элементтерін игеруді, жерге орналастыру материалдары мен құжаттарын ресімдеуді және беруді қамтиды [4,5].

2.3 Қазақстан Республикасының жер қоры

1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру маќсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5) орман қорының жері;
6) су қорының жері;
7) босалқы жер.
Жердің құқықтық режимі оның қай санатқа тиесілілігіне және жерді (аумақты) аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсатты пайдаланылуына негізделіп айќындалады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленеді:
1) орманды дала;
2) дала;
3) қуаң дала;
4) шөлейтті;
5) шөлді;
6) тау етегі-шөлді-далалық
7) субтропикалық шөлді;
8) субтропикалық-тау етегі-шөлді;
9) орта азиялық таулы;
10) оңтүстік -сібір таулы аймақтар[1,2,3,4,5].

2.4 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жер кадастры

Жер кадастры Қазақстан Республикасындағы табиғи объектілердің мемлекеттік кадастрларының құрамды бөлігі болып келеді. Барлық табиғи объектілердің кадастрларының жүйесі жер кадастры жүйесіне негізделіп құрылады.
Кадастрдың басқа түрлерінен жер кадастры өзінің объектісімен (жер өндіріс құралы және материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшеленеді.
1994 жылға дейін жер жылжымайтын мүліктер қатарында болмады, яғни құқықтық реттеу объектісі болып саналмай келді және жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер берілмеді. Жер кадастрының (құқықтық жағының ) әрі қарай дамуына Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы Жер қатынастарын реттеудің кейбір мәселелері туралы және Жер қатынастарын әрі қарай жетілдіру туралы жарлықтары болды. Сол жылдан бастап жерді пайдаланудың, өмірлік мұра ретінде иемденудің, жер учаскелерін жолға алудың құқықтарын сатып алу және сату өмірге енгізілді. Әрі қарай Республика Президентінің 1995 жылы жарық көрген Жер туралы, Жер қойнауы және оны пайдалану туралы заң күші бар жарлықтарынан кейін жер учаскелері жылжымайтын мүлік объектілері қатарына жатқызылды және жер ақысы енгізілді.
Үкіметтің осы заң актілері мен қаулыларының негізінде 1996 жылдан бастап мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің тәртібі орнатылды және жекеменшікке сатылатын немесе пайдалануға берілетін жер учаскелерінің бағалары белгіленді; жер кадастрлық құжаттардың стандарты қабылданды; жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлері мен кодтары бекітілді, яғни жерді мемлекеттік тіркеуге және есепке алудың негізі қаланды.
Сөйтіп Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес мемлекеттік жер кадастры (МЖК) - Қазақстанның табиғи және шаруашылық қатынастағы жерлері жайындағы учаскелердің орны, көлемі, шекарасы, атқаратын мақсаты, сапалық қасиеттері, кадастрлық бағасы және басқа да үнемі толықтырылып отыратын жүйелі мәліметтердің жиынтығы.
Жер кадастрының объектісі ретінде, жер кеңістіктегі өлшемдері және орналасу жағдайларымен сипатталады.
Оның сандық және сапалық көрінісі үшін, кеңістікте есептелінетін (анықталатын) заттың (мәннің) тиісті өлшемдерін жүзеге асыру, яғни жергілікті арнайы түсірістер мен тексерулерді жүргізу талап етеді.. Қағазда тиісті масштабта, графикалық тәсілдермен алынған нәтижелер негізінде, сол жергілікті жермен бірдей, жоспарлы - картографиялық құжат (жоспар, карта) алынады. Бұл жоспарда (картада) қандай мәндер көрсетілгендігіне байланысты, олар мысалы, топырақ, геоботаникалық және тағы басқа түрлерге бөлінеді.
Кешенді жоспарлы - картографиялық материалдарда мәліметтердің бәрі бейнелеп көрсетіледі (кескінделеді), жер кадастры үшін (жер кадастрлық - карта) қажет болуы мүмкін. [1,2,3,4,5].
Жоспарлардың (картаның) масштабы кадастрланатын территориялардың (жер пайдалану, облыс, аудан территориясы және сол сияқты) өлшемдеріне, атқаратын қызмет жүгіне, мазмұнына байланысты түрлі болуы мүмкін.
Жер кадастрының мақсаттары үшін территорияларды картаға түсіруде картографияның және геодезияның тиісті әдістеріне сүйенеді (құрылады).
Жоспарлы - картографиялық материалдар қашанда қазіргі заман дәрежесіне лайықты болуы керек. Бұл мақсаттар үшін оларға түзету жүргізіледі, яғни бұл жер жағдайында болып жатқан өзгерістерді жергілікті жерде анықтайды және жоспарға (картаға) енгізеді. Жер кадастрының жоспарлы - картографиялық материалдарына нақты талаптар ұсынады. Олар жердің кеңістік жағдайын, сапалық жағдайын және пайдаланылуын сипаттайтын жергілікті жердің барлық әлементтерін қамтамасыз етуі керек.
Жергілікті жердің барлық әлементтері жоспарларда жеткілікті дәлдікпен және толықтықпен бейнеленеді (кескінделеді).
Кадастр және жерді ұтымды пайдалану мақсаттары үшін суретке түсірулер мен тексерулер жүргізіледі. Түсірулер мына түрлерге бөлінеді: жердегі түсіріс, аәрофототүсіріс, аәрокосмостық түсіріс.
Жердегі түсіру аәрофототүсіріс материалдары болмаған жағдайда шағын аудандарда, жердің құрамы мен пайдалануындағы күнделікті өзгерістерді есепке алу барысында қолданылады. Қазіргі кезде жер кадастрында аәрофототүсірістер кеңінен қолданылады. Ол біршама қысқа уақыт ішінде еліміздің барлық территориясында жағдайы мен пайдаланылуын сипаттайтын, жергілікті жердің барлық әлементтерін егжей - тегжейлі бейнелейтін қажетті жоспарлы материал алуға мүмкіндік береді. Кадастрда аәрофототүсірістің әр түлі түрдегі (аәрофотосуреттер, фотопландар және сол сияқты) жоспарлы материалдары қолданылады.
Аәрофототүсіріс материалдары аудандары бойынша үлкен емес жер пайдаланушыларды, соның ішінде үй іргелерін есепке алу барысында да қолданылады. Жеке жер пайдаланушылар жерді есепке алу барысында жер пайдаланудың фотопландары және фотопланшеттері қолданылады. Олардың масштабтары жер пайдалану өлшемдеріне, алқаптар контурлылығына және сол сияқты байланысты түрліше болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта аәрокосмостық әдістер, соның ішінде оптикалық және инфрақызыл диапазонда көп спектрлік түсірістер көмегімен жер ресурстарын жан - жақты зерттеудің нақты (ашық) мүмкіндігі туды.
Жер кадастрында келесі материалдар мен мәліметтер қолданылады:
oo жердің кеңістікте орналасуын, пайдаланылуын және алқаптарын сипаттайтын әр түрлі түсірістің жоспарлы - картографиялық материалдары
oo жер пайдалану құқығын негіздейтін және жер пайдаланушылардың жер аудандары мен орналасуы мәліметтерінен тұратын жер бөліп беру құжаттары мен жоспарлы - картографиялық материалдар.
oo жерлердің кеңістік жағдайын, үлестірулерін және пайдалануын
oo сипаттайтын ауданның, облыстың жерге орналастыру схемалары. [1,2].

2.5 Жер қорының санаттары

Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді: ауыл шаруашылығы жерлері, елді мекендегі жерлер, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа қолданыстағы жерлер,
ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерлер, орманды жерлер, сулы жерлер, бос жерлер.
Ауыл шаруашылығы үшін берілген немесе осы мақсатқа арналған жерлер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер деп танылады. Олар шаруа қожалықтарының, азаматтардың, кооперативтердің, серіктестіктердің және басқада жер пайдаланушылардың, ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысушылардың пайдалануында болады. Бұл жерлерді ауыл шаруашылық кәсіпорындарда, ұйымдарында, мекемелерінде, олардың ақш даму жоспарына сәйкес, базарларды ақш өнімдерімен және өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланады.
Елді мекендер жерлеріне - қалалардың, қала типтес поселкелердің және ауылдардың жерлері жатады. Жалпы бұл категориядағы жерлер кеңістік базис ретінде, яғни ғимараттар мен құрылыстар және т.б. орналастыратын орын ретінде қолданылады. Қала жерлеріне қала шегімен шекаралығын бөліп жатқан барлық жерлер жатады. Қала шегі - бұл қала жерін бірыңғай жер қорының басқа санаттарынан бөліп тұратын сыртқы шекара.
Үшінші санатқа - өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер жатады. Олар кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің пайдалануына берілген. Өнеркәсіптік жерлерге қазба және өңдейтін өнеркәсіп жерлері кіреді. Көлік және байланыс жерлеріне барлық түрдегі көлік және байланыс (теміржол, әуежай, автомобиль, су құбыр тасымалы т.б.) кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарының жерлері жатады. Қорғаныстық жерлерге Қорғаныс Министірлігіне бөлінген учаскелер кіреді.
Төртінші санатқа - ерекше қорғалатын табиғи аймақтық жерлер - ұлттық парктер, қорықтар, заказниктер және т.б. жатады.
Бесінші - мемлекеттік орман қоры жерлері құрамына орманы бар, сондай-ақ ормансыз, бірақ орман шаруашылығының мұқтаждарына және орман шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің пайдалануына берілген жер учаскелері кіреді.
Алтынша - мемлекеттік су қоры жер санатына: су айдындары (өзендер, көлдер, су қоймалары, арналар, ішкі теңіздер және т.б.), мұздықтар, батпақтар, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары орналасқан жерлер, сондай-ақ су айдындары жағаларын бойлап бөлінген жерлер жатады.
Жетінші - мемлекеттік босалқы жерлер, меншікке немесе жер пайдалануға мерзімсіз немесе ұзақ мерзімге пайдалануға берілмеген жерлер жатады. Жалпы, бұл жерлер жаңа кәсіпорындарды ұйымдастыру үшін қор қызметін атқарады және пайдалану мен меншікке беріледі. [1,2,3,4,5].

3 Жалпы бөлім

3.1 Алматы облысы Қапшағай қаласының жалпы сипаттамасы

Алматы облысы -- Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 1631,7 мың адам (1998). Әкімшілік орталығы -- Алматы қаласы (1,06 млн., 1998). Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік - шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.
Қапшағай қаласы 1970 жылдары құрылған. Қапшағай 3600 шаршы м құрайды. Қапшағай қаласында қазіргі таңда 2 округ және 11 елді мекен бар. Қапшағай бөгетінің солтүстік батысында 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағасында Тамғалы Тас орналасқан. Қапшағай өңірінде 54,4 мыңнан астам адам тұрады. Қала Қапшағай бөгені жағасында бой көтерген. Қапшағай халықтың ең көп демалатын жерлерінің бірі болып саналады.
Қапшағай - Қазақстанның Алматы облысында орналасқан қала. Қапшағай су қоймасы жағалауында, Іле өзеніне таяу теміржолмен түйіскен жерде, Алматыдан солтүстікке қарай 76 шақырым жерде орналасқан. Қала Қапшағай ГЭС-інің құрылысы салынған кезден бастап пайда болды.
Қапшағай ГЭС-ін су қорымен қамтамасыз ету үшін Іле өзенінің бойына салынған су қоймасының жағалауында орналасқан. Қапшағай ГЭС-і - бұл осы тәрізді объектілерді салу кезінде инженерлік жобалар аясында әлемдік баламасы жоқ ерекше ғимарат. Қолдан жасалған теңіздің ұзындығы солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа дейін 117 шақырымнан астам, ені 25-тен 30 шақырымға дейін. Су айдынының әр жерлердегі тереңдігі 3-тен 40 метрге дейін, сондай-ақ сазан, ақ амур, табан балық, көксерке, ақмарқа, мөңке, жыланбас, сом, шаянның мекендеуіне қолайлы жер, бүгінде бекіре тұқымдас тікенек балықтар сирек кездеседі. Бүгінгі таңда Қапшағай демалу кезінде ең талғампаздарға қызметтің кең түрін ұсынатын 220 демалыс орны бар қала ретінде танымал.
Мұнда әлемнің ең үздік курорттарындағыдай жоғары санаттағы қонақүйлер, робинзонада үлгісіндегі пансиондар және ұлттық үлгідегі, емдік қасиеті бар құм жағажайының демалыс орындары айтарлықтай көп. Таза ауа, ғажап таза су, яхталар, су мотоциклдері, теплоходтар және судағы басқа да таңғажайыптар жылдан-жылға алыс және таяу шетелден қонақтарды қызықтыруда.
Қорық жерлермен ағатын мың шақырымдық Іле өзені жыл сайын Қапшағайдан Балқаш өзеніне дейін баратын көптеген мемлекеттерден келетін жабайы туристер үшін орны ерекше сый. Таңғажайып және әлемдік назар аударарлық орындардың әуесқойлары сапарларын Қапшағайдан бастаса, бірнеше күн бойы теңіздің солтүстік-шығысында Ән салып тұрған құм төбелерді; Жоңғар Алатауының таулы өзендері бар Альпі қарағайларын; адамзат мекендемейтін Сарыесік-Отырау шөлін; Ыстықкөл өзеніне қарай жүретін туристік бағыттың тау өткелдерін, Қапшағай қаласынан бес шақырым төменде орналасқан екі мың жыл бұрынғы жартастардағы суреттерді; ерте заманнан бері әлемде қалған екі тораңғы терегін және осы аймақтағы басқа да қызықтарды көре алады. Қала аймағында өзен айлағы, жолаушы кемелері және Қытай халық республикасының Дугунь айлағына дейін баратын жүк баржалары бар. Қапшағайда түйісетін және Қытай, Ресей жіне Орта Азия мемлекеттерін біріктіретін автомобиль және теміржол көлік магистральдарі қаладағы әртүрлі бағытта дамитын бизнес-құрылымды тартатындғы анық.
Бекітілген жобаға сәйкес аймақтағы халықаралық жүк-жолаушы әуежайының құрылысы бүгінгі таңда бүкіл адамзат билігіндегі көлік қызметінің барлық түрін Қапшағай қаласында біріктіруге мүмкіндік береді. ҚазГидроМет институтының мәліметтері бойынша, жылына 275 күн бойы шуақты, ашық ауа райын есепке алатын бұл шешімнің логикалылығы - сауатты инженерлік-техникалық қызметтің нәтижесі.
Халық санын арттырып Қапшағай қаласын дамыту және солтүстік жағалауға жолсерік қалалар мен Жаңа Іле қаласын салу жөніндегі G4 жобасын жүзеге асыру бағдарламасы халықаралық бизнес әрекетін Алматы облысындағы гидро және желэнергетикасын дамыту бағдарламасы атты жобаға қатысуға итермеледі. Данияның тәуелсіз сарапшыларының бағалауы бойынша географиялық жағынан қала Жоңғар қақпасы мен Шелек дәлізі арқылы өтетін ауа ағынының бойында орналасқан, қала мен аймақтағы аталған энергетиканы дамытудың әлемдегі ең үздік жел дәлізі болып табылады. Сондай-ақ, ҚазГидро институтының бағалауына сәйкес қуаты 50-ден 300 МВТ-қа дейінгі ГЭС құрылысын салу Қазақстан өзендеріндегі болашағы бар жеті учаскенің төртеуі Іле өзеніндегі Қапшағай аймағында анықталған. Қала мен аймақтың басымдылықтарын бірінші болып итальян бизнесмендері бағалады. Итальяндық кәсіпкерлердің инвестициясына салынған қазіргі заманға сай аквапарк (Қазақстандағы алғашқы) - туристік бизнес қана емес, ұзақ мерзімді, өзаратиімді ынтымақтастықты көздейтін басқа да құрылымдарды дамытудағы Қапшағай қаласының болашағы зор екендігін көрсетеді[12,13,14,20].

3.2 Алматы облысының табиғи климаттық жағдайы

Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа темп-ра солт. жазық бөлігінде -- 10-160С, оңтүстікте -- 4-90С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа темп-расы солтүстігінде 250С, оңтүстігінде 270С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа темп-расы -- 5-90С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа темп-расы тау бөктерінде 21-230С, тау аңғарларында 19-220С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы -- Бесбақан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1,0 мың км2-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан т.б.) өзен маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңт. және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің т.б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандала, Бозой, Қараой үстірттері). [12,13,14,20].

3.3 Алматы облысының геологиясы

Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақта-тасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер т.б. палеозой жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында, альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоник. процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзген. Мұнда осы кезге дейін тектоникалық процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер -- соның айқын дәлелі. Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипс, тас және қоңыр көмір (Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жерасты сулары бар. [12,13,14,20].

3.4 Алматы облысы Қапшағай қаласының бас жоспары

Тыныс-тіршіліктің неғұрлым қолайлы ортасын құру, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және табиғи және мәдени мұраның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен сақтау мақсатында әзірленген Алматы облысы Қапшағай қаласының бас жоспары (бұдан әрі - Бас жоспар) қаланы 2025 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық және аумақтық дамытуды жоспарлаудың негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.
Бас жоспар қалалық инфрақұрылымды дамытудың, табиғи кешеннің аумағын сақтау мен дамытудың, тұрғын үйлерді қайта жаңартудың және өндірістік аумақты қайта ұйымдастырудың, қоғамдық, іскер және мәдени орталықтарды, туризм және демалыс объектілерін дамытудың, қалалық ортаны кешенді абаттандырудың және эстетикалық ұйымдастырудың, Қапшағай қаласының әкімшілік аудандарының және басқа да аумақтық бірліктерінің аумақтарын дамытудың қала құрылысы жоспарларын, қала жоспары мен құрылысы жобаларын әзірлеудің және іске асырудың перспективалы және бірінші кезектегі бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.
Бас жоспардың басты мақсаты - экологиялық қолайлы, қауіпсіз және әлеуметтік-қолайлы өмірлік орта құруға бағытталған қала құрылысы іс-шаралары кешенін өткізу. Тұрғын үйлер ортасын кешенді қалыптастырудың негізгі бағыттары қаланың жалпы тұрғын үй қорын 3250 мың шаршы метрге дейін арттырып, орташа алғанда 1 адам басына 27 шаршы метрге дейін тұрғын үймен қамтамасыз етуге жеткізуді қарастырады. Жаңа құрылыстың көлемі жалпы жоспарлау кезеңінде 2600 мың шаршы метрді құрайды. Құрылыс еркін аумақтарда 724,8 гектар (жалпы алаңы 2350 мың шаршы метр) және қайта жаңартылып жатқан аумақтарда, ескі үйлерді бұзу есебінен 82 гектар (жалпы алаңы 250 мың шаршы метр) жүзеге асырылады.
Жеке тұрғын үй құрылысының үлесі барлық кезең бойынша тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінің 3,6 пайызын құрайды.
Қапшағай қаласының тұрғын үй аумағын қайта жаңарту мен дамытудың басым бағдарламалары:
- халықтың қалың тобына тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу;
- халықтың қазіргі және болжанған стратификациясы негізінде тұрғын үй саясатының үлгісін әзірлеу;
- табысы көп емес тұрғындарға жалға беру үшін саны 675,2 мың шаршы метр (жаңа құрылыс көлемінің 26 пайызы) болатын коммуналды жалдамалы тұрғын үй қорын қалыптастыру;
- саны 99 мың шаршы метр болатын коммуналдық, қолжетімді қор салу, олардың 9,9 шаршы метрі (10 пайызы) халықтың аз қамтылған және әлеуметтік әлсіз топтарына беріледі және жекешелендіруге жатпайды;
жылжымайтын мүлік нарығын құру;
Жалпы алаңы 821,4 мың шаршы метр болатын көп қабатты жалдамалы коммерциялық тұрғын үй құрылысы және Қапшағай су қоймасының жағалауында аз қабатты коттедж құрылысы аймағын қалыптастыру болып табылады.
Жаппай көп қабатты құрылыс аумағында магистралды инженерлік желілерді дамытып және жайластырып әрі әлеуметтік сала объектілерін орналастырып тұрғын үй қала құрылысы кешендерін кезең-кезеңмен салу көзделеді.Бас жоспар мекемелер қызмет көрсетудің әлеуметтік-кепілдендірілген минимумын және қалалық маңызы бар объектілерді дамытудың нормативтік көрсеткіштерін қамтамасыз етудің нормативтік көрсеткіштеріне қолжеткізу бағытындағы жаңа әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысы талаптарын ескеріп әлеуметтік саланы дамытуды қарастырады.
Перспективалы дамытудағы негізгі басымдылықтар қоғамды орнықты дамытуды қамтамасыз етуге, сауаттылық деңгейін сақтауға, денсаулық сақтау мен мәдениетке қолжетімділікке мүмкіндік беретін әлеуметтік сала жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Жобалау кезеңінде бас жоспар 280 орындық балаларға арналған 28 мектепке дейінгі мекеме, 1200 оқушыға арналған 12 жалпы білім беру мектебін, 1875 орынға арналған аурухана қалашығын, ауысымында 500 адам келетін 8 емхана, он машинаға арналған жедел медициналық жәрдем станциясын, 440 орындық қарттарға арналған интернат үйін, спорт орындары мен мәдени-ағартушылық объектілер салуды көздеп отыр.
Қаланың экономика саласы құрамында туризм мен ойын бизнесі индустриясы дамуының маңызды рөлін ескере отырып, ойын-сауық және спорт инфрақұрылымын дамытып, Жаңа Іле көп бейінді рекреациялық кешенін салу жоспарланып отыр. [12,13,14,20].

3.4.1 Орталық аумағын жобалық ұйымдастыру

Инвестициялық тартымдылығы үшін Орталықтың құрылысы ойын-сауық: туризм, демалыс және ойын бизнесі объектісі ретінде ойластырылған.
Орталық Қапшағай су қоймасының оң (солтүстік) жағалауында құрылысқа бөлінген ауданы 11,0 мың гектар 3 аумаққа жобаланған.
Жоспарда аумақты қала құрылысы аймақтарына бөлу ҚР ҚНмЕ 3.01.01-2002* Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық қоныстарды жоспарлау және салу ережесіне сәйкес орындалды. Қала құрылысын аймақтандыру қызыл жолақтарды және жолдарды ескере отырып, аумақтық бірліктер деңгейінде функционалдық пайдалануға қойылатын талаптарды (функционалдық арналуы) белгілейді.
Орталық аумағын сәулеттік-жоспарлы ұйымдастыру қаралып отырған өңірдің ландшафттық ерекшеліктерін ескере отырып, аумақтарды кешенді бағалау негізінде орындалды. Жел бриздерінің аэрациялық әсер ету және таралу жолағының 1-4 км шегіндегі Қапшағай су қоймасының жағажай бөлігі әлеуметтік сала объектілерін және демалыс аймақтарын орналастыру үшін неғұрлым жайлы және қолайлы болып табылады.
Орталықтың сәулеттік-жоспарлы ұйымдастырылуы және композициясы ең бастысы Қапшағай су қоймасының суына барлық жағынан бағындырылған. Үлкен су кеңістігінің жақындығы жағажай бөлігін жоспарлау кезінде оны сәулеттік-жоспарлау шешімдеріне белсенді түрде енгізуге мүмкіндік берді.
Жоспарда ұсынылған Орталықты функционалдық аймақтандыру оның Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасуын ескереді. Табиғи жағдайларын ескере отырып, аумақты аймақтарға бөлгенде рекреациялық аймақ (демалыс аймағы) ерекше орын алады.
Орталықтың жоспарлы құрылымының негізін мыналар құрайды: орталық білік - оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа (су қоймасынан ұйғарылып отырған әуежайға дейін) қосарланған тасжол магистралдық көшелері арасындағы эспланада және одан әрі жүрдек қала жолы болып қайта жаңартылатын қолданыстағы Алматы - Өскемен автожолы.
Орталықтың аумағын оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытында кесіп өтетін қолданыстағы Алматы - Өскемен автожолының ұзақтығы 26,5 км учаскесі жоспарлы құрылымның магистралдық өзегі болып табылады. Көше-жол желісінің құрылымында (КЖЖ) автожолдың бұл учаскесі қызыл жолақтағы ені 120 метр жүрдек қала жолына жатқызылған.
Осы жолдың оң жағынан доға тәрізді сызылған бойлық магистралдық көшелер су қоймасының жағалау желісі сызықтары сипатымен үйлеседі. Жолдың солтүстік жағындағы көшелердің торкөзі негізінен тікбұрышты сызбаға ие.Жоба бойынша Алматы - Өскемен айналма автожолы болашақта солтүстік жағынан Орталық шегінен көшіріледі.Орталықты қалыптастырудың жалпы композициялық идеясы әрбір жекелеген ауданның жалпы сәулеттік-кеңістіктік жүйеге енгізілуін қамтамасыз етеді. Жаяу жүргіншілер аллеясы, гүлзарлар мен көшелер заңды салынған анфиладты қалыптастыруға ықпал етеді. Жоспарлау және құрылысты салу қоршаған ортамен, Қапшағай су қоймасымен табиғи үйлестірілетін, рельефті және табиғи-климаттық жағдайларды ескеретін тұтас композиция ретінде шешіледі.
Орталық композициясының арқауы сопақша автокөлік торабы болып табылады, онда: казино, отельдер, іскерлік орталық орналасқан.
Барлық магистралдық инженерлік желілер бірыңғай жерасты өтпелі коллекторына ұштасады, бұл күрделі және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. [12,13,14,20].

3.4.2 Қапшағай қаласының орталық аумағы

Орталық аумағы мынадай негізгі аймақтарға бөлінеді:
- жағажай демалысы;
- ұзақ және қысқа уақыттағы демалыс;
- Ойын-сауықтар қаласы;
- селитебті аумақ;
- көлік-логистикалық және өнеркәсіп аймағы.
Барлық функционалдық аймақтар су қоймасынан алыстау шамасына қарай кезектілікпен орналастырылған. Орталық аумағында бизнес орталықтарға, іскерлік және қаржы офистеріне қызмет көрсету орталықтарынан, конференциялар, көрмелермен тұсаукесерлер, жарнамалық кампаниялар өткізуге арналған үй-жайлардан тұратын іскерлік орталығын орналастыру көзделеді.Орталықтың жоспарлы арқауы казино және отельдер кешенін, мұражайларды, көрме залдарын және сурет галереяларын қамтиды.Әрбір қонақ үй кешені өзіндік өңірлік ерекшелікті көздейді. Зәулім ғимараттардың шолу алаңдарынан түрлі панорамалық көріністер: оңтүстіктен Хан Тәңірі шыңынан бастап Алатау тізбектерінің көрінісі, ал оңтүстік-шығыстан Іле өзенінің оң жағалауында Ән салатын шағыл тізбегі бар Алтынемел табиғи паркінің ландшафты және Қапшағай су қоймасы айдынының көрінісі ашылады.
Орталық жоспарлы білікте (су қоймасынан әуежайға қарай), Орталықтың магистралдық көшелері арасында мыналар тізбектеле орналасқан: бас пирс, су думаны, жағажай, орталық сквер, Конгресс-холл, қаланың орталық алаңы, автомобиль-темір жол көлік торабы, бизнес және қаржы орталықтары, жоспарлау ауданы орталығы.Қаланың негізгі бөлігінде автокөліктің жартылай айналма жолы шегінде селитебті аймақ орналасқан және, ол Орталықтың негізгі арқауын доға бойынша орай өтеді.
Тұрғын үй құрылысы туристік Орталықта тұрақты тұратын, қызмет көрсетуші персонал мен оның отбасыларына арналған 5, 9, 12, 16 және 20 қабатты тұрғын үйлермен берілетін болады.Мұнда сондай-ақ халыққа тиісті барлық денсаулық сақтау, ағарту, мәдениет, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері орналастырылады.Шағын қабатты және коттедж құрылысы бар тұрғын үй кварталдары жасыл желекті кеңістігі бар елеулі аумақтарды ала отырып, Орталықтың негізгі бөлігінен тыс жерде орналасқан.
Тұрғын үй аудандарының арасындағы аумаққа су қоймасының жағалауы бойынша созылып жатқан Ойын-сауық қаласы орналастырылады, онда:стадион, спорт аймағы, Американдық горкалар, рампалары бар скейтте, роликті конькиде сырғанауға арналған жастар саябағы, Граффити, мұз сарайы конкурстарына арналған учаскелер, халықтың серуендеу аймағы, ландшафтты саябақ, Дисней-Лэнд, ипподром болады. Оңтүстік-батыс жақтан: жануарлар саябағы, ралли, гольф ойнауға арналған алаң орналастырылады.
Ойын-сауық қаласының аумағы бойынша саябақ аймағы арқылы жылдам қозғалу үшін МАГЛЕВ магнитті ілмектегі көлік желісі көзделеді (11 шақырым).
Жағажай аймағының аумағында жағажайларды тиісінше абаттандыруды жүргізу, қайықтарға, яхталарға, катамарандарға арналған аймақтарды жабдықтау, тамақтану мекемелерінің желісін құру жоспарланып отыр. Жағажай құрылыстарының құрамына көлеңкелік қалқалар, жантайма төсектер, жуыну кабиналары, сауда павильондары, биодәретханалар және т.б. кіреді.
Акваторияның жобалық ауданы шамамен 400 гектар. Жобада суда жүзу қауіпсіздігін жасау және қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар көзделеді.
Жобада жағалаудағы суда қорғау жолағының аумағында бар демалыс базаларын абаттандыру, аймаққа қызмет көрсетуге арналған автожолдар, өрт сөндіру машиналары мен жедел жәрдем машиналарының өтпелері көзделеді. ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002 Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық қоныстарды жоспарлау және салу ережесіне сәйкес осы аймақта демалыс орындары және жағажай аймақтарына қызмет көрсетуге арналған құрылыстар көзделді.
Жоспарға сәйкес функционалдық аймақтандыру бойынша жобаға сәйкес осы аумақта санаторийлік-курорттық аймақ орналасады.
Жобада суда қорғау жолағындағы табиғи ортаға зиян келтіретін шаруашылық және басқа да қызмет орталықтарының құрылысы көзделмейді.
Демалыс аймағының аумағында ұзақ және қысқа уақыттағы демалыс объектілерін орналастыру болжанады.
Орталықтың демалыс аймағының қағидатты шешімдері Қапшағай қаласы мен Қапшағай су қоймасы жағалауы демалыс аймақтарының ТЭН-і және бас жоспары бекітілген жобасын ескере отырып қабылданды.
Жоспарда орындалған нақтылаулар барлық функционалдық аймақтарды өзара байланыстыра қараумен бірыңғай инженерлік-көлік, жалпы сәулеттік-кеңістік тұжырымдамасын шешумен байланысты.
Демалыс аймақтары өзара бас композициялық элементпен - жол бойымен өтетін жағалаумен - Үлкен жағалаудағы гүлзармен байланысты. Демалыс аймақтары және жағалаудағы гүлзары бар осы функционалдық аймақ демалыс, спорт, ойын-сауық, рекреация орны болып табылады, онда Орталық халқы үшін қызмет көрсету орындарының елеулі саны шоғырландырылатын болады.
Сонымен бірге, гүлзар бас композициялық арқау бола отырып, қаланың барлық орталықтарын демалыс аймағымен байланыстыратын болады.
Ұзақ демалыс объектілері санаторийлік-курорттық мекемелер, балаларды сауықтыру базалары, пансионаттар, демалыс үйлері, жастардың спорттық базалары, қонақ үй кешендері түрінде берілетін болады.
Қазіргі Алматы Демалыс демалыс аймағының аумағындағы Орталықтың негізгі бөлігінде орналастырылған қонақ үй кешендері мен ойын-сауық қызметтерінің кең ауқымы бар аймақтарды қамтиды.Балаларды сауықтырудың демалыс үйлері транзиттік магистралдардан оқшауландырылған, абаттандырылған жағажайға қолайлы шығу жолдары бар Орталық аумағының шығыс бөлігінде көзделген және басқа функционалдық аймақтардан бөлек орналасқан.Балалармен отбасылық демалуға арналған базалар балалар алаңдарымен, бассейндермен, спорт құрылыстарымен, бейне-залдармен және ойын автоматтары бар павильондармен жабдықталған. [12,13,14,20].

3.5 Алматы облысы Қапшағай қаласының демографиялық жағдайы

Демографиялық процестердің серпіні болашақта қоғамдық даму факторларының дәстүрлі, бұрыннан қалыптасқан және жаңа, өсіп келе жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен қоғам өміріндегі қайта құрулар барысында қалыптасатын барлық жиынтықтың өзара іс-қимылымен анықталатын болады.Қапшағай қаласын демографиялық дамытудың сипаттамасы масштабы мен бағыттылығы әлеуметтік-экономикалық, қайта құрулар нәтижелеріне тәуелді болатын халықтың табиғи және көші-қон қозғалысымен анықталатын болады:қаланың экономикалық әлеуетін дамыту;
жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу қоры;
Көші-қонның оң сальдосына 2003 жылы қол жеткізілді, ол барлық болжанған кезеңге (1000 тұрғынға 38) болжанады.
Қапшағай қаласы халқының жобалық саны Алматы және тұтастай Қазақстан Республикасы бойынша орналасу жүйесінде тұрақты, инерциялық демографиялық үдерістермен анықталады.
Қапшағай қаласының перспективалық параметрлері 130 мың адамды құрайды. Бұл ретте резервтік алаңды қоса алғанда, қала аумағының демографиялық сыйымдылығы 300 мың адамды құрайды.
Халықты жұмыспен қамту құрылымының есептік көрсеткіштері қаланың экономика саласындағы жұмыспен қамтылғандар санын 18 мың адамнан 58 мың адамға дейін ұлғайтуды болжап отыр.Қаланың әлеуметтік және қала құрылысын дамытудың негізгі мақсаты - бұл Қапшағай қаласын дамыту ерекшеліктерін ескеріп, аумақты оңтайлы функционалды аймақтандырып, жоспарлы құрылымын өзара байланыстырып, қала халқы үшін тіршілік етудің қолайлы ортасын құру болып табылады. [12,13,14,20].

3.6 Алматы облысы Қапшағай қаласының экономикалық жағдайы

Өңірді индустриялық-инновациялық дамытудың қолда бар ресурстық әлеуеті мен басым бағыттары базасында қала экономикасының басты салаларын құрайтын қалыптастыру болжамы бойынша қағидатты ұсыныстар берілген:
- туризм, демалыс, ойын-сауық бизнесі индустриясы;
- құрылыс кешенін қалпына келтіру және дамыту;
- қызмет көрсететін салаларды дамыту;
жедел жүретін көлік түрлерін ұйымдастыра отырып көліктік торапты құру:
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы
АГЛОМЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Қапшағай
Моноқалаларда туристік кластерді қалыптастыру механизмі
Оңтүстік Балқаш маңы
Қапшағай су қоймасы мен Алакөл көліне
Алматы облысының физикалық - географиялық сипаттамасы географиялық орны
Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы
Алматы облысының гидрологиясы
Қазақстанның көрікті жерлерінің - туризм саласындағы сапа менеджмент жүйесінің ерекшіліктері
Пәндер