Бізде балалар әдебиеті жасалмаған әдебиет



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
Қaзaқcтaн Pecпyбликacы Білім жәнe ғылым миниcтpлігі

Балаларға арналған халық прозасының танымдық-көркемдік ерекшеліктері

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫC

6М011700 - Қaзaқ тілі мeн әдeбиeті мaмaндығы

Алматы 2019 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті

Қорғауға жіберілді______ 2019 ж.
Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі _________ PhD доктор Н.С.Балтабаева

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНЫҢ
ТАНЫМДЫҚ-КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

6М011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

Орындаған: 2 жылдық 2-курс
А.Я.Ясымбек

Ғылыми жетекшісі: С. Сәкенов
п.ғ.д., профессор

Алматы 2019 ж.

РЕФЕРАТ

Жұмыс көлемі -
Пайдаланылған әдебиеттер саны -
Тірек сөздер: тарих, пікір, зерттеу, ғылым, әдебиет, ертегі, аңыз, жұмбақ, фольклор, мақал-мәтелдер.
Мақсаты: Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты - Балаларға арналған халық прозасының зерттелмеген тұстарын аша түсу. Балалар әдебиетін зерттеуші ғалымдардың пікірлері мен түрлі көзқарастарын талдап, саралау. Осыған байланысты мынадай маңызды мәселелер төңірегінде ой қозғалды.
Қазақ балалар әдебиетіне тоқтала келіп, тарихи деректерге назар аудару, яғни:
Қазақ халықпрозасының балалар санасына лайық түрлерін жинап, жүйелеу;
Балаларға арналған халық прозасына байланысты ғалымдардың зерттеу жұмыстарына талдау жүргізу;
Балалар әдебиетіне байланысты жеке көзқарастар мен тарихи дереккөздерді салыстыру;

Тақырыптағы өзекті мәселелерге қатысты нақты дәлелдер келтіре отырып, жеке пікір ұсыну ;
Қолданылған әдістер: зерттеу жұмысын жазу үшін салыстырмалы талдау, кешенді және әдеби-тарихи саралаумен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру,тұжырым жасау, сияқты ғылыми әдіс-тәсілдер пайдаланылды.
Практикалық қолданысы: Зерттеу барысында алынған тұжырымдар мен қорытындылар - қазақ әдебиетіндегі балалар әдебиетінің алатын орнын анықтаудағы қосылған кішігірім жұмыс. Зерттеу жұмысында ғалымдардың балаларға арналған халық прозасының шығу тарихы мен дамуына қатысты көзқарастары теориялық жақтан қарастырылды. Практикалық тұрғыдан зерттеу жұмысының ғылыми тұжырымдары мен нәтижелерін жоғары оқу орындарында филология факультетінің студенттеріне Қазақ халық ауыз әдебиеті пәні бойынша оқылатын дәрістер мен жүргізілетін практикалық сабақтарда, басқа да білім беру орталықтарына көмекші құрал ретінде, сонымен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдалануға болады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
І ТАРАУ. АҢЫЗДЫҚ ПРОЗАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
1.1. Балаларға арналан халық прозасының танымдық мәні ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2. Балалар прозасының зерттелу өрісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Балаларға арналған прозаларының қазіргі дамуының бағыт-бағдары ... ... ... ... ..

ІІ ТАРАУ. ЕРТЕГІЛІК ПРОЗАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ МӘНІ

2.1. Балаларға арналған қазақ прозасы үлгілерінің көркемдік ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Балаларға арналған прозадағы танымдық бейнелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3. Халық прозасының балаға берер рухани құндылықтары ... ... ... ... ... ... ..

ІІІ ТАРАУ. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің өскелең бір саласы - ол балалар әдебиеті. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Балалар әдебиеті алғашында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып отырды. Кейін XIX ғасырда өзінің ерекшеліктерінің арқасында дербес пән ретінде қарастырыла бастады. Совет заманында балалар әдебиеті тәлім-тәрбие мен білім ошағына айналды.
Балаларға арналған халық прозасын зерттеп оның сырын ашу шын мәнінде де оңайға соқпасы белгілі. Осыншама жауһардың қойнауына жасырынып жатқан құпияның бағасы қашан да биік болмақ.
Қазақ балалар әдебиеті қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе
жатқан рухани іргелі сала. Біздегі балалар әдебиеті кейбір еуропалық елдердегідей арнайы салаларға жүйеленіп жазылмауы мүмкін. Бірақ, сол халықтың, сол ұлттың мол рухани қазынасы аралас жүреді. Аралас жүре отырып балғын бөбек, бүлдіршін жасты сұлулыққа құштарландыратын, отансүйгіштік, ерлік рухына ұмтылдыратын тәрбиешілік қызметін жасай береді. Қазақ балалар әдебиетінің де тағдыры осыған ұқсас. Қазақта Балалар әдебиеті деген ұғым ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басына дейін бола қойған жоқ. Оған қарап, қазақта балаларға арналған рухани қазына мүлдем жасалмаған екен деп ойлауға болмайды. Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, ақын, жыраулар поэзиясының бәрі тұнып тұрған балалар әдебиеті. Ал, балалар әдебиетінің жіктелуі, салаланып дамуы, сараланып сөз бола бастауы ХХ ғасырдың отызыншы жылдарынан басталады. ХХ ғасырдың жетпісінші, сексенінші жылдары қазақ балалар әдебиеті қарыштап дамыды. Оған Жалын - жастар, Балауса - балалар баспаларының ашылуы дәлел бола алады. Ал, Балдырған, Ұлан газет, журналдары - ежелден балалар әдебиетінің көрігі болып келеді.
Әдебиет - тәрбие құралы. Әуелі жеке дарындардың дуалы ауыздарынан шығып, кейін оны халық қалап, қастерлеп, жаттап, жадында қалдырып, ғасырлар бойы өңдеп, өркендетіп, қадірлеп қалыптастырып, асылым деп ақыл-санасына сіңірген әдебиеттің үкілі үлгілері - мәдени мұрамыздың ең құнды қазынасы. Ол - ұрпақ тәрбиесінің күн сәулесіндей әсерлі нұрымен от алатын ой тамызығы болып, жанды жалындататын, қиялды қияндататын, ақыл-сананың айшықты көріністерін бейнелейтін қасиетті, киелі мұра. Әдебиет мұрасы арқылы жан-дүниеміз тазарып, ұрпағымыздың өркениеті өсе түспек.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Балаларға арналған халық прозасы бұған дейін тұтас тұрғыда алынып, жүйелі түрде карастырыла қойған жоқ. Соған байланысты балалар әдебиетіне байланысты көтерілетін мәселелер де жан-жақты талқыланып, жүйелеу жолдары сұрыпталып, сараланды. Бүгінгі таңда балалар әдебиеті әлі де терең зерттеулерді қажет ететіндігін көрсете келіп, оның қалыптасуына, дамуына, тарихи деректерге қатысты жоба-ұсынысымызды ортаға салдық. Балалар шығармаларының ел ішіне ауыздан ауызға көшіп таралғандығын да ескере отырып, көпшілігінің өңдеу мен өзгертулерді басынан өткізгендігін аңғарттық.
Зерттеудің нысаны. Зерттеу барысында балалар прозасына арналған халық жырлары және Мұхтар Әуезов, Кенжехан Матажанов, Ш. Ахметов, С.Қасқабасов, Ә.Марғұлансынды ақын-жазушылардың балалар әдебиеті туралы жазған шығармалары зерттеу нысанына алынды.
Зерттеудің құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үщ бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. АҢЫЗДЫҚ ПРОЗАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Балаларға арналан халық прозасының танымдық мәні
Қазақ халқының бағзы заманнан бергі негізгі рухани азығы, мәдениеті, философиясы - фольклор болғандығы мәлім. Оның шығармашылық үлгілері қисапсыз мол болса, жанрлық түрлері де көп. Мұнда батырлар жыры, ғашықтар жыры, ертегі, аңыз, тарихи жыр, өлең, мақал­мәтел, шешендік сөз, жұмбақ, мұң­шер жырлары, өтірік өлең тағы басқалар бар. Бұлар орындалу мәнеріне қарай не поэзия түрінде, не проза түрінде болып келеді. Поэзия түріндегісі айтарлықтай зерттелген, ал проза үлгісіндегілері ғылыми жағынан әлі толық қарастырылмай келеді. Әділдігін айтсақ, қара сөз түріндегі фольклор өзінің көнелігі, ұшқырлығы, ғажайып сипаты жағынан поэзиялық үлгілерден кем емес, қайта көп жағдайда басым түсіп жатады. Оның бұдан да басқа толып жатқан қасиеттері бар. Егер өлең түріндегі фольклор, негізінен, көркемдік, эстетикалық және тәрбиелік роль атқарған болса, прозалық халық шығармалары елге көбінесе табиғаттың сырын ұғуға, дүниетанымды ке­ңейтуге, өмірді білуге жәрдемдескен.
Қазақ филологиясында халық прозасы деген терминдік ұғым жоқ. Бұл заңды да. Өйткені халық прозасы деген ұғым әлем дік фольклортану ғылымының өзінде бертін (1950­1960 жыл­дардан бастап), яғни Халық прозасын зерттеушілердің халықаралық қоғамы құрылғаннан кейін қолданыла бастады. Дүние жүзі фольклортануында қалыптасқан түсінік бойынша, халық прозасына фольклордың қара сөзбен айтылатын барлық түрі кіреді.
Сахарада көшіп жүрген, күнделікті өмірі жазда, күзде, тіпті жыл бойы дерлік кең далада, төңкерілген ашық аспан ас тында, өзен­судың жағасында өтетін елдің өзін ұдайы табиғаттың аясында, құшағында отырғандай сезінуі таңға­ларлық нәрсе емес. Даланың сайы, белі, тауы­тасы, өзен­көлі - қыр адамы кезінде бір көріп қызықтайтын ғана көрініс емес, оның ғұмыр кешетін, ұдайы малын бағып, орын теуіп отырған ортасы, мекен­жайы. Айналасындағы табиғаттың әр сипат белгісі оның ой­санасында ерекше орын алады. Олай болса, қазақ фольклорында жаратылыстың әр түрлі көріністері ту­ралы, неше түрлі формадағы тастар мен шың­құздар жайлы, сондай­ақ сырт түрімен ерекшеленетін тау, шоқы, өзен­көлдер жайында ертегіден басқа небір әдемі аңыздар мен әңгімелердің болуы - табиғи нәрсе.
Халық прозасының ертегіге жатпайтын жанрлары (әсіре­се, жай әңгіме, хикая және аңыз) өзінің табиғаты мен мүд­десіне қарай баяндап отырған оқиғаларын барынша шын етіп көрсетуге тырысады, әрбір фактіні өмірде болған деп хабарлайды.
Аңыздағы, әпсанадағы, мифтегі, хикая мен әңгімедегі баян далатын оқиғалар айтушы мен тыңдаушыларға, жалпы көпшілікке шын болып көрінуге тиіс, өйтпеген күнде ол шығармалардың ел үшін құны болмайды. Бұл шығармаларда да қиял белгілі бір дәрежеде орын алады. Бірақ мұндағы қиял мен ертегідегі қиял бірдей емес. Ертегіде қиял болуға міндетті деп саналады және ол көркемдеу құралы болып есептеледі. Ал ертегіге жатпайтын прозалық жанрларда, яғни аңыздық прозада, қиял саналы түрде пайдаланылмайды. Оның себебі - мұнда қиял көркемдік қызмет атқармайды, ол өмірдің түсініксіз бір құбылысын немесе фактісін, түсіндіру мақсатынан пайда болады. Соның арқасында қиялдан туған нәрсе рас болған деп қабылданады және шындықтың өзі деп ұғынылады.
Халық прозасының әңгіме, хикая, аңыз, әпсана жанрла­ры орындау кезінде күнделікті сұхбат­әңгімеден оншалықты дараланып, бөлектенбейді. Бұл жанрлардың шығармалары топ адамның өзара сұхбатында айтыла береді, себебі олар айтушы мен тыңдаушылар арасындағы әңгіме тақырыбына қатысты болып келеді. Сондықтан айтушы баяндап отырған аңыздың немесе хикаяның көркемдігін әрлендіріп жатпайды, оның міндеті - қажетті мәліметті, яғни оқиғаны хабарлау. Бұл жанрлардың ертегідей көркем болмайтыны осыған да байла нысты. Оның үстіне әр аңыз, хикая, әпсана, белгілі бір себепке, жиналған топтың сөз қылып отырған тақырыбына қатысты айтылады да, арнайы дайындықты қажет етпейді. Сол себепті бұларда көркемделген бастама мен аяқтама жоқ, уақыты бөлектеніп, тұйықталмайды. Демек, бұл жанрлардағы шығармалардың жалпы сапасы айтушы мен тыңдаушыларға, яғни орындалу жағдайына (ситуацияға) байланысты.
Егер тыңдаушыларға айтылатын аңыздың немесе хикаяның мазұнына қатысты, әйтпесе оған негіз болған түсінік­пайым беймәлім болса, онда айтушы алдымен әңгімесін сол түсінік­пайымды ұғындыра баяндаудан бастауы мүмкін. Кейде осы түсіндірменің өзі бір әңгіме бола алады. Ол танымдық қызмет атқарады. Мұнда хабар формасы басым.
Ал егер тыңдаушы адамдар жиналған қауымға ортақ түсінік­пайымдармен таныс болса, онда айтушы орындайтын шығармасын басқаша: не естелік түрінде, не әңгіме түрінде баяндайды.
Халық прозасының жай әңгіме, меморат, хикая сықылды жанрлары ылғи да дамыған, тұрақталған сюжетті пайдалана бермейді, онда сюжеттер кейде формасыз да бола береді, оқиғалар бейнеленіп отырған құбылыстың өзгеруіне байла­нысты немесе сол құбылысты көрген әңгімешінің, айтушының көңіл күйіне байланысты бір­біріне жай ғана тізбектеліп қосыла беруі мүмкін. Айтушы көрген немесе басынан кешкен оқиғаны жай ғана баяндап қоймайды, ол оны іштей өзінше салмақтайды, оның мәнісін арттырады және баяндап отырып, оған түсініктеме береді. Баяндағанда, ол жай салдыратып сөйлей бермейді. Баяндауын бір ізге түсіреді, бір сюжет құрайды. Кейін бұл сюжет тұрақталып, ел арасына жайылса, оны әркім айтып жүрсе, ол сюжет фольклорлық сипат қабылдап, белгілі бір жанрға кіреді. Сөйтіп, бір адамның басында болған жағдай немесе болды деп баяндалған оқиға әңгімеге немесе меморатқа, я болмаса хикаяға айналады.
Міне, біз аңыздық прозаға кіретін жанрлардың қайсысы бұрын және қалай пайда болған деген мәселеге келдік. Ал бұл сауалды бірден шеше қою мүмкін емес. Сонда да болса қойылған мәселені мүмкін қадарымызша шешіп көруге тырысып көрейік.
Сонымен, аңыздар тобына кіретін жанрлардың басты ерекшелігі - олардың көркемдік жағынан қарапайымдылығы мен тыңдаушыларды барынша иландыратындығы. Бұл - біріншіден. Екіншіден, аңыздық проза жанрларының бас нысанасы - ғибрат, білім беру, яғни олар танымдық қызмет ат­қарады.
Аталған ортақ қасиетімен бірге аңыздар тобындағы жанр­лар шығу тегіне, яғни пайда болу жағдайына байланысты бір­бірінен ерекшеленіп те тұрады. Кейбір жанрлар шындық пен қиялдың қосындысынан пайда болса, кейбіреулері өмірдің өзінен тууы мүмкін. Ал енді біреулері таза қиялға негізделуі ықтимал. Сонда бұл жанрларды шығуы мен даму жолына қарай қатарлағанда қай принципті ұстаған дұрыс: а) шығарманың мазмұнына қарау керек пе? ә) әлде шығармадағы шындықтың (болмыстың), я болмаса болған оқиғаның көрінісін ескеру қажет пе? б) немесе өмірде үзіліссіз күнде туып, күн өткен сайын фольклорға айналып жататын шығармаларды алға қою керек пе? (алғашқы қауымда да күнделікті ауызекі әңгіме туып отырған ғой және олар бірте­бірте фольклорға айналып отырған, т.т.).
Мұндай сұрақтар көп және ғылым оған әлі дәлелді жауап таба алған жоқ. Біз өз материалымыздың жай­күйі мен ерек­шелігіне сүйене отырып, мынандай шартты ұстанғанды жөн көрдік.
Аңыздар тобына кіретін жанрларды шығарманың мазмұнына және онда қаншалықты нағыз шындыққа жанасатын оқиға баяндалатынына қарай топтауға болатын сияқты. Сонда атам заманда, адам жаңа адам болып келе жатқан кезде болған оқиға жайлы баяндайтын шығарма, әрине, бірінші қатарда қаралу керек. Ондай шығармалар миф пен хикаяжанрларына кіреді. Мұнда өмір көріністері айқын болмайды, кейіпкерлердің іс­әрекеттері бұлыңғыр көрінеді.
Бұлардан кейінгі ретте жай әңгіме мен таза аңыздар тұрмақ. Олардың негізгі мазмұны - дені өмірден алынған, не өмірде болған жайттар болып келеді.
Содан кейін әпсана­хикаят болуға тиіс. Себебі алдында айтылған жай әңгіме мен аңыз бірте­бірте хикаятқа айналады, мұнда алғашқы реальді оқиға көмескіленіп, қиял араласып, шығарма көркемделе бастайды. Сонымен қатар әпсана­хикаят өз бетінше де туып жатады. Олардың оқиғасы көбінесе ойдан шығарылады.
Әрине, біздің бұл реттеуіміз даусыз емес. Мысалы, аңыздық прозаның шығып, даму жолын былай да қарастыруға болар еді. Алғашқы рулық замандағы бір адам (батыр, мерген) аңда немесе жорықта жүріп, өзінің басынан кешкен бір оқиғаны руластарына айтып беруі мүмкін. Бұл - жай әңгіме. Оны естіген адамдар енді басқа біреулерге айтады, айтқанда өз жанынан желі қосуы да мүмкін. Ал одан естіген кісі тағы біреуге айтады, ол да өзінше баяндайды. Сөйтіп, алғашқы жай әңгіме хикаяға, бірте­бірте аңызға айналады. Біраз уақыт өткен соң ол аңыз біршама көркемделіп әпсана­хикаятқа айналуы мүмкін. Міне, бұл - өмір шындығына тікелей қатысы бар жанрдың даму жолы. Және бұл жанрлар бір ғана дәуірде, бір ғана қоғамда тумайды. Олар адамзат тарихының барлық кезеңінде туып отырады.
Ал миф олай емес. Миф - тек алғашқы қауымның ғана жемісі, ол кейінгі замандарда тумайды, керісінше мифтік (яғни киелілік) қасиетін жоғалтқан соң ертегіге айналып кетеді. Мифтің тағы бір ерекшелігі - өмірдегі нақты бір оқиғадан алшақтығы. Бұл жағынан келгенде, мифте біршама абстрактілік бар деуге болады, бірақ ол абстрактілік алғашқы кезде қиял деп түсінілмеген...
Міне, аңыздық проза тобындағы жанрларды осылайша да қарастыруға болады. Ал, біздің ұстанып отырған шартымыз бұған қайшы келмейді, қайта халық прозасын басқа бір қырынан тануға мүмкіндік береді.
Осы күнге дейін біз қазақ фольклорында миф жанры бар деп айтпаппыз. Көбіне мифологиялық түсініктер, мотивтер, кейіпкерлер бар деп жалпылама түрде айтып, сырғып өтеді екенбіз. Оның басты себебі, біздің ойымызша, миф жанрын еуропалықтарша түсінгендіктен. Әдетте миф десе ойымызға ежелгі Грекия мен Римнің тамаша әңгімелері түседі (оның үстіне миф деген де грек сөзі ғой). Міне, сол өлшеммен келеміз де, қазақ фольклорында миф жоқ дейміз, тіпті бар ма екен деп іздемейміз де.
Соңғы ширек ғасыр ішінде әлем фольклортануында (әдебиет пен әдебиеттануда да) мифке деген көзқарас, ынта күрт өзгерді. Азия, Африка, Америка, Австралия елдерінің отарлықтан құтылып, өз экономикасын, мәдениетін, тарихын, әдебиетін зерттеп, дамытуы арқасында мифке деген ықылас айрықша өсті. Осының нәтижесі ретінде миф жанрына арналған қомақты да мазмұнды зерттеулер әр тілде жарық көрді. Біраз еңбек Совет Одағында да баспадан шықты.
Ғылымда мифке берілген анықтама өте көп. Анықтамалардың көпшілігі антика дәуіріндегі дамыған мифологияға арналған және мифтің атқаратын қызметіне (түсіндірмелі, психологиялық, социологиялық, т.т.), оның дінмен, өнермен, философиямен, әр түрлі ырымдармен, ертегімен және әпсана­хи­каятпен арақатынасына байланысты негізделген.
Егер барлық анықтаманы жиынтықтап айтсақ, үлкен екі топқа бөлінеді: біріншісі, миф дегеніміз - дүние туралы фантастикалық түсінік, әлемде билік жүргізетін құдайлар мен рухтардың ғажайып образдарының жүйесі (системасы), екіншісі, миф дегеніміз - құдайлар мен алыптар жайындағы ауызекі әңгіме.
Бірақ Австралия, Океания, Африка, Чукотка елдерінің мифтерін зерттеушілердің айтуына қарағанда, миф тек қана таза түсінік күйінде, я болмаса тек таза әңгіме түрінде кездесе бермейді. Демек, мифология дегеніміз мифтік әңгімелердің жиынтығы ғана емес. Кейбір мифологиялық түсініктер әңгімеде емес, ырымда ғана бой көрсетеді. Тіпті көп жерлерде миф пен басқа фольклорлық прозаны ашып айырмайды, себебі миф тарихи негізі бар аңыз, хикаят, тіпті ертегі сипатта да баян далады.
Міне, осының бәрі миф жанрының фольклортануда әлі де айтарлықтай зерттелмегенін дәлелдесе керек.
Біздің қазақ фольклоры тұрғысынан қарағандағы миф деп отырғанымыз - әлемдік мифология ауқымынан шықпайтын, тіпті типологиялық сипаты оған сәйкес келетін дүниенің, жаратылыстың әр түрлі құбылыстары мен жердің жаратылуын, адамзаттың алғаш қалай пайда болғанын және аңдар мен құстардың шығу тегі мен мінез­құлқын, ерекшеліктерін түсіндіріп баяндайтын прозалық шығармалар. Типологиялық сипатына орай, қазақ мифі ежелгі (архаичный) классикалық мифтер түріне жақын. Мифтің поэтикасын зерттеген ғалым Е.М. Мелетинский ежелгі классикалық мифтердің мынандай белгілерін көрсетеді: қандай да болмасын заттың мәнін оның пайда болуымен байланыстыру, яғни заттың жаратылысын түсіндіру деген сөз - оның қалай пайда болғанын әңгімелеу; айналаны қоршаған дүниені сипаттау деген сөз - сол дүниенің пайда болу тарихын баяндау.
Ежелгі классикалық мифтің белгілері мұнымен шектелмейді. Архаикалық мифті сипаттайтын тағы да біраз нәрселер бар. Олар мыналар: мифтік уақыт пен мифтік сана; мифтік ұғым мен мифологиялық ойлау; осылардан барып мифтік дәуірде аспан мен жер - бір, адам мен табиғат - бір деп түсіну. Сол себепті ежелгі классикалық мифтің мазмұны - әлемнің (космостың) жаратылуы, алғашқы адамның дүниеге келуі мен оның жасампаздығы бо лып келеді.
Архаикалық мифтің кейінгі адамзат қоғамы мен санасының ілгерілеген кезіндегі мазмұны - адамды қоршаған дүниенің пайда болуы мен ерекшелігін, аңдар мен жануарлардың мінез­құлқын түсіндіру болып келеді. Бұл мифтік сананың кейінгі, дамыған сатысы. Мұнда алғашқы қоғам адамы өзін табиғаттан бөліп алып, оған қарсы қоя бастайды. Табиғаттан, маңайды қоршаған дүниеден, аңнан, құстан өзінің ерекше
екенін түсінген адам енді соның себебін іздеген. Сөйтіп, ол өзі туралы, аңдар мен құстар туралы миф туғызған. Бұл кезде миф бұрынғы ізбен, яғни ескі наным­түсінікті пайдалана жасалған. Бірақ бұл уақыттағы миф түсіндірмелі сипатта болған.
Архаикалық мифтің жанр ретіндегі тағы бір сипаты - ат­қаратын қызметінің танымдық және көркемдігі мен қиялының қарапайым болуы. Ежелгі көне мифті алғашқы қауым адамы қиял деп есептемеген, оған, оның оқиғасы мен мазмұнына кәміл сенген. Мифте қиял бар деген түсінік біздерде ғана, ал мифтік дәуірдегі, мифтік санадағы адам оны таза шындық деп қабылдаған. Мифтің бұл қасиеті ту ралы белгілі совет ғалы мы М.И. Стеблин­Каменский былай деп жазады: Миф дегеніміз - өзінің пайда болып, өмір сүрген ортасында, қаншалықты шындыққа ұқсамаса да, ақиқат деп қабылданған әңгіме ... ..
Бірақ та мифті зерттейтін адам, әрине, оған сенбейді. Сол себепті ол мифті қиял емес деп айта алмайды. Алайда, мұ­нысымен ол миф мазмұнын шындық деп қабылдайтын сананың орнына өз санасын, яғни мифті тек қиял деп түсінетін сананы қойып отыр.
Расында да, қазіргі зерттеуші - біздің түсінігімізде миф - қиялдан туған әңгіме. Ал біздің бұрынғы бабаларымыз, тіпті революцияға дейінгі, ол аз болса одан бертінгі кезде өмір сүрген қариялар қазақ арасында айтылған аңыздар мен мифтерге иланған, ондағы оқиғаларды баяғыда болған деп ойлаған. Сәкен Сейфулиннің айтуынша, адам ол заманда түрлі хайуандар туралы, жаратылыстың түрлі заттары, құбылыстары туралы әңгіме қылғанда, өздерінің түсінулеріне шындап нанып әңгі­ме қылатын. Және оларды неше түрлі керемет, сиқыр істеуге, неше түрлі құбылуға қолдарынан келеді деп те сенген. Солардың бірін әңгіме қылған өзінің қиялын шын тәрізді қылып айтатын.
Сонымен бұрынғылар шын деген әңгімелер соңғыларға ер­тек болып қала берген.
Демек, бұрын қазақтар өздері айтатын мифтер мен аңыз­дарға сенген. Қазақтың мифтері өзінің барлық компоненті жағынан жоғарыда белгілерін сипаттаған көне классикалық мифпен жақын. Онда сол архаикалық таза күйінде болмаса да, көне заманғы мифке тән мифтік сана, уақыт, мифологиялық ұғымдардың іздері айқын көрінеді. Қазақ мифінен мифтік сананың дамуындағы екі сатыны да, космос моделін де, ілкі атаның жасампаздығын да, адам мен табиғаттың қарсы қоюын да, аң мен құстардың мінез­құлқын түсіндіріп әңгімелеудің де көріністерін табуға болады. Енді осы ойымызды дәлелдейік.
Дүниенің осы күнгі көрінісі - жер беті, аспан шырақтары, аңдар мен құстардың, өсімдіктердің түрлері, адамдардың өмір салты, әлеуметтік топтар, діни қағидалар, яғни өмірдегі барлық нәрсенің қазіргі күй­жайы - миф бойын ша атам заманда болған оқиғалар мен тіршілік еткен мифтік адамдардың іс­әрекетінің нәтижесі.
Мифтегі оқиғалардың болатын шағы - мифтік дәуір. Ол қасиетті уақыт деп есептелген, себебі барлық заттың пайда болуы, осы күнгі түр­түсі, ерекшелігі сол заманда орныққан деп түсінілген. Мифтік сана бойынша, заттың мәнін ұғу үшін оның шығу тарихын білу керек, яғни заттың мәні мен тегі теңестіріле байланыстырылған. Қай заттың болса да шығу тегін білмейінше, оны пайдалануға болмайды. Міне, мифтің көбінесе этиологиялық болатыны осыдан.
Алғашқы қауым адамының ойлау қабілеті абстракті түсі­ніктерді қабылдамаған, сол себепті ол дәуірде субъекті мен объектіні, зат пен оның атауын, көп пен азды, уақыт пен кеңістікті айыра алмаған. Соған қарамастан алғашқы қауым­дық логика айтарлықтай абстрактілікке бара алған, әйтпесе мифологиялық түсінік пайда болмас еді. Таза мифологиялық ойлау дегеніміздің өзі - белгілі бір дәрежедегі абстрак­ция, - деп жазады Е.М. Мелетинский. Мұның таңданарлық ештеңесі жоқ. Себебі көне қоғамдағы өндірістік практика мен техникалық тәжірибеден туындайтын әр түрлі импульстер болды. Сөйте тұра мифологиялық ойлаудың химиядағыдай таза күйінде анықталмайтындығының өзі оның адамзат мәдениеті тарихының, тіпті сананың өзінің ең көне синкреттің фазасымен төркіндес екенін көрсетеді.
Мифтік санаға рух пен табиғаттың бірлігі тән. Осыдан барып оның негізі болып теңдік заңы (закон тождества) саналады. Өзінің даму жолында мифтік сана екі түрлі сатыдан өтеді деуге болады. Бірінші кезеңде рух пен табиғат (духовное и природное) толық тең, яғни бір болып көрінеді. Екінші кезеңде адамның табиғат қойнауынан алшақтауына байланысты жаңағы айтқан теңдік бұзыла бастайды.
Табиғаттағы дүниенің бәрі бірдей деген алғашқы мифтік сана әлемдегі жанды және жансыз, өлі мен тірі нәрсені анық жіктемеуден туған. Бұл түсінік мифтік санаға тән ани мизмді, яғни дүниедегі нәрсенің бәрінің жаны бар деген се німді туғызған. Сол себепті революциядан бұрын қазақтар жаратылыстың барлық түрлерін, барлық хайуанаттарын адамша ақылды, адамша тіршілік қылады деп білген.
Мифтік сананың алғашқы кезеңінде адам өзі мен жануардың арасына жік қоймаған. Сол себепті, мысалы, австралиялықтар мен океаниялықтардың көне мифінде адам мен жануар дараланбайды. Бұл оқиға аңдар адам кезінде бол ған еді, - деп басталу ол мифтерде заңдылық.
Адам мен жануарды бөлмеу, адамды екі кейіпті болады деп түсіну ол замандағы миф кейіпкерін жартылай адам, жартылай жануар түрінде бейнелейді, яғни зооантропоморфтық образ жасайды. Бұл, әсіресе, тотемдік мифтерде кең етек алған, ал кейінгі дәуірлерде мифтің басқа да түрлерінде орын тепкен. Әдетте, көне тотемдік мифтерде бір рулы ел мен белгілі бір жануарлар тобының тотемдік атасы - бір аң деп баяндалады. Бұл мифтердегі кейіпкерлердің өзгеруі - әлі таза құбылу емес, бұл мақсатты құбылуға апаратын жол. Мақсатты құбылу кейін, мәселен, ертегі жанрының бір белгісіне айналады. Ал то темдік мифтегі қаһарман кейпінің өзгеруі шын мәніндегі құбылу деп саналмауы керек, себебі мұнда, сол кездегі сана бойынша, қаһарман адам кейпінде де, жануар түрінде де көріне береді. Бір­екі мысал келтіре кетейік.
Қиыр солтүстікте, Қола түбегінде тұратын лопар елінің миф­тері былай деп баяндайды: Бір Мяндаш­қыз деген әйел­бұғы болыпты. Бір күні ол бұзау­ұл туыпты. Біраз уақыт өткеннен кейін бұзау­ұл жап­жас бұғы Мяндаш­жігітке айналыпты. Әлгі бір айналып еді - кәдімгі адам кейпіне келді. Мяндаш­қыз да айналып еді - ол да адам түріне келді. Тағы бір мысал: Өте ерте заманда бір сиқыршы кемпір болыпты. Ол адам түрінде жүруден әбден жалығыпты. Содан бір күні әлгі кемпір жабайы ұрғашы бұғыға айналып кетіпті. Тағы бұғылармен қанша жүргенін кім білсін, әйтеуір жаңағы ұрғашы бұғы буаз болып қапты. Туатын күні жақындаған кезде мен қалай бұғы туамын деп қорқып, ол қайтадан әйел қалпына келіпті.
Келтірілген екі мифте де адам мен жануарлардың арасында жік жоқ. Мұндағы кейіпкерлер біресе адамға, біресе аңға оп­оңай айналып кетеді. Бірақ осы айналуда өзгешелік бар. Ал­ғашқы мысалдағы бұғылардың адамға айналуы әлі жете мақ­сатты емес.
Ал екінші мысалдағы құбылу басқаша сипатта: кәрі мыстан әйел еріккеннен ұрғашы бұғыға айналады, кейін корыққаннан ол қайтадан адам қалпына келеді.
Мифтік дәуірде адам өзінің әр түрлі жанды­жансыз нәрсе­нің кейпіне кіріп, өзгеріп кететіндігіне кәміл сенген... Бұл дәуірде адам өзін­өзі бірде аспандағы аққу кейпіне, бірде жор­тып жүрген жолбарыс кейпіне ауыса алады деп сенген.
Мифологиялық ойлаудың кейбір ерекшеліктері көне за­мандағы жабайы адамның өзін­өзі маңайдағы табиғаттан, әлемнен бөлмеуінің салдарынан пайда болған. Ол кездегі адам өз қасиетін табиғатқа, оның белгілі бір құбылысы мен объектісіне теліген, олар да адам сияқты өмір сүреді деп ойлаған. Өзін қоршаған дүниені адам қалпында қабылдамаса, алғашқы қауым адамдары мифті де, ондағы кейіпкерлерді де, анимизм, фетишизм, тотемизм сияқты діни нанымдарды да шығармаған болар еді.
Жазба әдебиеті дамыған қандай елді алсақ та оның негізі ауыз әдебиетімен тығыз байланысты, содан қоректене отырып жетілгенін білеміз. Бұл - жазу, сызудың шығуына, сауаттылыққа және мәдениеттің үздік өсуіне байланысты іске асатын құбылыс. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы ерекшеліктерді, ондағы басты-басты айырмашылықтарды белгілей келіп, В.Г.Белинский мынадай теориялық анықтамаларға тоқталған еді. ...Ауыз әдебиетінде аты мәлім автор болмайды, неге десеңіз ауыз әдебиетінің авторы әрқашан да - халық. Халықтың немесе тайпаның балаң дәуіріндегі оның ішкі және тысқы өмірлері табиғи қалпында айқын көрсетілетін өлең-жырларын шығарушылар кімдер еді, оны ешкім білмейді...
Ал әдебиет ол басқаша. Әдебиеттің шығарушысы халық емес, оның авторлары - халық рухының әр алуан жақтарын өзінің ой-ақылы арқылы білдіретін жеке адамдар. Әдебиетте жеке адамдар өздерінің праволарын толық өз қолына алады, сөйтіп, әдебиет дәуіріндегі сол жеке адамдардың аттарына байланысты болып белгіленеді [10].
Халықтық шығармалардан жазба әдебиетке ауысуда жоғарыда айтылған теориялық анықтамаларға сәйкес қазақ балалар әдебиетінің де өзіндік қалыптасу, өсу, даму жолдары болды.
Халықтық шығармалардағы балалар әдебиетінің өсіп-жетілуімен қатар, XIX ғасырдың жазушылары да балалар әдебиетінің өркендеуіне ат салысып, жетекші роль атқарады.
Егер біз фольклор балалар әдебиетінің алтын бесігі десек, Әліппе мен Букварь балалар кітабының, балалар жазба әдебиетінің негізі болды дер едік. XIX ғасырдан бастап-ақ қазақ балалар жазба әдебиеті өзінің тұрақты педагогикалық көзқарасы анықталған және түрлі жанрларда жазылған әдебиет болып қалыптасты.
Балалар әдебиеті - рухани қазына. Балалар әдебиеті - балалар өмірінің энциклопедиясы. Ең бастысы - балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлауға, үлкенге құрмет көрсетуге, имандылыққа тәрбиелейтін негізгі құрал.
Балалар әдебиетінің өркендеуі жағынан Россия алдыңғы қатардағы мәдениетті елдердің бірінен саналады. Россияда балаларға арналған әдебиет өз алдына дараланып XVI-XVII ғасырларда таныла бастаған. Ұлы орыс халқының алдыңғы қатарғы жазушылары мен әдебиет қайраткерлері бала тәрбиесіне үлкен мән бере отырып, балалар әдебиетін жасауға ат салысқан. Бұл ретте Жуковский мен Одоевскийдің, Белинский мен Чернышевскийдің, Добролюбовтың, Лев Толстой мен Чеховтың, Некрасов пен Мамин-Сибиряктің, Горький мен Маяковскийдің есімдері ерекше аталады.
Үлкен әдебиет үлкен теорияны тудырады. Осындай алдыңғы қатардағы балалар әдебиеті теориясының негізін салған ұлы орыс халқының революционер демократтары В.Г.Белинский, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов болды. Олардың балалар әдебиетіне қойған ең үлкен талаптары Отаны, халқы алдында қызмет ететін болашақ ұрпақтарды тәрбиелеу мәселесі еді.
В.Г.Белинский, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов балалар әдебиетінің реалистік демократтық бағытта дамуына жол ашып берді: Балалар кітаптарының мақсаты - балаларды белгілі бір іспен ғана шұғылдандыру емес, оларды бұзық әдеттерден, бұзық бағыттан алдын ала сақтандыру ғана емес, сонымен қатар оларға табиғаттың берген адамгершілік рух элементтерін: сүйіспеншілік сезімін, шексіздікті сезінуін дамыту болады. Мұндай кітапшалар балалардың ес-ақылына емес, сезіміне төтеден, тікелей әсер ететіндей болуы керек. Сезім білімнен бұрын пайда болады, ақиқатты сезбеген адам - оны түсінбеген де білмеген адам. Балаларды үш әлем табиғатымен таныстырып, толып жатқан халқы бар бүкіл жер шарын олармен бірге аралап өту керек. Оларға әр алуан мінез-құлықтары, әдет-ғұрыптары, ұғымдары, нанымдары бар адамзат ұрпақтары мен қоғамдарын көрсету керек. Ал ол үшін балаларға арнап бүкіл дүниеге, бүкіл табиғатқа жан беріп, меңіреу тасты да, қырдың қылтамағын да, сарқыраған бұлақты да, майда қоңыр желді де, жер үстінде ұшып жүрген көбелекті де сүйіспеншілік тілмен, өмір тілімен сөйлету керек [1] - деді В.Г.Белинский.
Ал Н.Г.Чернышевский: Біз кейде балалардың ақыл-ойын дұрыс бағалай білмейміз... Біз баланың зейіні нашар, ақылы өткір емес деп ойлаймыз; жоқ олай емес, баланың тек тәжірибесі ғана жоқ, ал ақылы өткір, қиялы жүйрік екеніне сеніңіз. Үлкен кісілердің кез-келгеніне ұғындыра алмайтын алгебраның қиын есептерін он екі жасар бала оқып үйренеді ғой... Ендеше, істі біліп қана қолға алу керек, балалармен тарих туралы да, адамгершілік ілімдер туралы да сөйлесуге болады [2] - деген.
Революционер демократтардың осындай теориялық идеялары социалистік қоғамның жаңа жағдайында жасалған совет балалар әдебиетін құруға негіз болды. Ал совет балалар әдебиетін социалистік реализм бағытында дамытқан, соның негізін салған М.Горький еді. Халықтың көкейтесті ой-арманын, тілегін бейнелеген өткен замандардағы мол тәжірибелерін пайдалана отырып, балалар әдебиеті жас өспірімдер мен балдырғандардың таңдаулы, ең мақтаулы жаңа әдебиетіне айналды. М. Горькийше айтқанда, балаларға арналған поэзия негізі бесік жырынан басталады.
Октябрь революциясының арқасында жарық көрген совет балалар әдебиеті өзінің жаңа оқырмандарын тапты. Шаруалар мен жұмысшы балаларына қызмет көрсете бастады. Оларға өздерінің әкелері мен аталарының, апалары мен ағаларының бастан кешіргендері жайлы көркем шығармалар жасап берді. Балалар әдебиеті алдына жаңа міндеттер қойылды. Бұл жөнінде М. Горький былай деген еді: Біздің елде балаларды тәрбиелеу дегеніміз - балаларды революциоландыру, яғни баланың ой-пікірін ата-бабалардың өткен замандарда ұялаған үйреншікті ойынан, оның адасуынан азат ету деген сөз [3].
Совет шындығының негізінде пайда болған балалар әдебиетінің алға қойған міндеттері - жасөспірімдерді советтік патриотизмге, коммунистік моральға, интернационалдық бірлікке, еңбекке, коммунистік көзқарасқа және адамгершілікке деген ізгі қасиетке баулу.
Совет балалар әдебиетінің тағы бір үлкен ерекшелігі - халқымыздың Октябрь революциясына дейін бастан кешірген бейнет, қасіреттерін қазіргі өмірімізбен салыстыра суреттеу, шындық тұрғыдан бейнелеп беру. Осыған орай А.С.Макаренко совет балалар әдебиетіндегі басты проблемалардың бірі тақырыпты таңдап ала білуде, таба білуде деп көрсетті. Адамгершілік қасиет балаға жас кезінен егілуге тиісті болса, соның негізінде тақырып таңдау бала тәрбиелеудің саяси міндеттерімен тығыз байланыста болмақ.
Совет балалар әдебиеті теориясын дамыту жайында айтылған М.Горький еңбектерінде социалистік құрылыстар тақырыбына және бұл жолдағы ірі табыстарымыз жайында жазылған көркем әдебиеттер мен еліміздің көрнекті озат адамдарының өмірі жайлы жазылған шығармаларға көп көңіл бөлінген.
М.Горький Тақырып жайында деген мақаласында балаларға арналған ғылыми көркем әдебиеттерді қалай жазу керектігі жайында біртұтас программа сызып берген.
Алексей Максимович совет балалар әдебиетінің ұлы жазушысы, теоретигі, сыншысы және оның қамқоршысы, балаларды коммунистік рухта тәрбиелеудің қажырлы қайраткері болды. М.Горькийдің балалар әдебиеті жайында жазған: Темалар туралы, Ертегілер туралы, Жауапсыз адамдар туралы және Біздің тұсымыздағы балалар кітабы туралы т.б. еңбектері ғылымға және балалар әдебиеті жайында жазылған сын еңбектерге енгізген ірі мұра болып қалды.
Ш.Ахметов Қазақ балалар тарихының очеркі кітабында балалар әдебиетінің алты ерекшелігін атайды. Біріншіден, балалардың психологиясына зерттеу жасағанда, олардың ойлау, түсіну қабілеті әңгімеленіп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығын, дәлдігін, әсіресе кқрнектілігін, өз өмірінің айналасынан алынып отыруын қажет етеді; Екіншіден, әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында лиризм болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірен әсер ететін күшті де мағыналы сөздер айтылуы керек; Үшіншіден, балалар әдебиетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу өзгешеліктері мен әдістерінің динамикасы ерекше болады. Психологияның дәлелдеуіне қарағанда, балалар алдымен оқиғадан оқиғаның туып отыруына, бұлардың тез өзгеруіне, шешіміне, кейіпкерлер мінездерінің әр жақты болуына қызығады. Одан соң оның неден шыққан себептерін іздестіре бастайды; Төртіншіден, балалар жаратылыстың көркем көрінісітерін, пейзажды шебер зейнеттеуді ұнатады, оған сүйсіне қарайды, соны өз айналасынан іздейді. Көркем әдебиеттегі жаратылыс суреттері олардың байқағыштық, талғампаздық қабілетін арттыра түсеі. Пейзаждық сурет - эстетикалық тәрбиенің бір көрінісі. Эстетикалық тәрбие көбіне ақыл тәрбиесімен тығыз байланысты болып отырады. Өйткені көркемдікке тәрбиелеу - баланың ақыл-есінің тез жетіліп, тез дамуына көмектесіп отырады. Эстетикалық тәрбие сондықтан да көркем өнердің барлық салаларында ұлы шеберелер жасаған көркем өнердің, көркем әдебиеттің аса құнды шығармаларын балалардың терең түсінуін, сол шығармалардан рахаттанып рухани ләззат алуын дамытады; Бесіншіден, балалар әдебиеті шығармаларының мазмұн мен идеясы олардың белсенділігін арттырып, өз өмірінің жарқын болашағын танытуға себепкер болуға тиісті. Оларды белгілі мамандыққа үйретіп, еңбексүйгіштікке әуестендіре білуі керек; Алтыншыдан, Сөз - әдебиеттің негізгі материалы. Біздің барлық әсерімізді, ойымызды көркем түрге келтіретін - сол. Әдебиет - сөз арқылы сұлу суреттелетін өнер - деген М.Горький. Әсіресе, балалар әдебиетіне қойылатын талаптар да дәл осындай. Балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл, әрі көркем, әрі қысқа, әрі мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әсерлі болып отыруға тиісті. Блалар әдебиетінің тілі олардың сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін бірден бір құрал болып табылады.
Балалар әдебиеті шығармаларының ықпалы, тәрбиелік күші жағымды кейіпкерлер образын жасау проблемасына байланысты шешіледі. Жақсыны үлгі етіп көрсету, ардагер адамдардың отаны, халқы алдындағы қызметін суреттеу, солардың типтік образдарын жасап беру жас өспірімдердің еліктеуіне, солардай болуға талаптануына жол ашады. Октябрь революциясынан кейін совет балалар әдебиетінде жаңа адамдардар бейнесінің туа бастауы, еңбек адамдарының көрінуі жасөспірімдерді тәрбиелеудің ең маңызды белесіне айналды.
М.Горькийдің 1928 жылдан 1936 жылға дейін жазған Тағы да сауаттылық туралы(1928), Құлағына мақта тығып алған адам(1930), Жауапсыз адамдар туралы(1930), Балаларға әдебиет(1933), Тақырып туралы(1933), Ертегілер туралы(1935) деген көптеген еңбектері ғылымға және балалар әдебиеті жайында жазылған сын мәселелеріне енгізілген ірі мұра болып табылады. Аталған мақалалар балалар әдебиетінің теориясын дамытқан еңбектер болып саналады. М.Горькийдің айтуынша балалар әдебиетінің өзіндік өзгешелігі қайсы? Баланың талғамы, ойы, ықыласы, есі, қабілеті, тілінің даму мәдениеті, олардың өсу, есею жылдарына қарай әр түрлі ерекшеліктері болады. Жазушы тіл шеберлігін игерумен қатар, алдыңғы қатардағы білімді, мәдениетті азамат болумен қатар, бала тәрбиесіндегі мақсаты мен міндетін ұмытпауы керек.
Балалар әдебиетіне араласатын автор әр алуан жастағы оқушылардың барлық өзгешеліктерін ескеруге тиіс. Бұлай етпеген күнде оның кітабы балаға да, үлкенге де керексіз, иесі жоқ кітап болып шығады - деп ескертеді М.Горький. Балалар әдебиетіне қойылатын критерий де осы. М.Горький балалар әдебиеті ең алдымен тәрбие құралы екенін айтқан еді. Балалар әдебиеті ғылыммен, тәрбиемен тығыз байланысты болуын талап етті. Әр қилы тақырыптарға жаза білу үшін жазушы алдымен білімді, талантты, тіл көркемдігін игерген шебер болуға тиіс. Тақырып жайында сөз ете келіп М.Горький Телескоп, телевидение адамның көзбен көрушілігін ұзартты, микроскоп оны тереңдетті. Телефон, радио есітуді күшейтті. Жер бетінде сумен, ауамен сапар шегудің қазіргі кездегі жаңа амалдары аяқты ұзартты. Алыста тұрып басқару қолды ұзартты - дейді. Мұндай тақырыптарға жазу баланың ой-өрісін дамытуға себепкер болар еді. Тақырып таба білу де балалар әдебиеті үшін үлкен жаңалық.
Балалардың оқуына қажетті кітаптарға шек қою, әлі де болса, балалардың жастық шақтағы қабілеттілігін ұға білмегендік болар еді. Үлкендерге арнап жазылған жақсы шығармалардың көпшілігі балалардың түсінуі мен олардың тәрбиесіне қайшы келмесе, қайта оларға қазіргі дәуірдегі жаңа адамды тәрбиелеудің ең үздік үлгілерін көрсетіп, өмір жолын танытарлық дәрежеде болса, ол сөзсіз балалардың оқуына да кең түрде ұсыныла береді. Өмір жолын танытып, саналы түрде тәрбиеге баулитын кітаптарды үлкен кісілердің араласуынсыз-ақ балалардың өздері де біріне-бірі ұсынып, көпшіліктің оқуына айналдырып жібереді. Бұл - өмір заңы, оған қайшы келуге болмайды. Мысалы, орыс жазушыларында Отан қорғау ісіне байланысты, әсіресе Отан соғысы тақырыбына байланысты жазылған шығармалардың көпшілігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Балалар әдебиетінің қалыптасу тарихы
«Адасқандар». романнан повестке
Балалар прозасы
Отандық телеарналардағы анимациялық туындылар: мазмұндық сапасы мен пішіндік ерекшеліктері
Балаларға арнап жазған өлеңдері
Орта мектепте қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың жаңа технологиялары
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХИ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Балалар энциклопедиясы әмбебап оқулық
Қазақ баспаларының қызметін нарықтық экономика және мемлекеттік реттеу мәселелері
Пәндер