Еңбекақы төлеуге арналған сомада - уақытша бос ақша капиталы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

1
Несие және несиелендiрудiң теориялық негіздері

1.1
Несие және қарыз капиталының мәнi

1.2
Несие жүйесiндегi несиелiк қатынастар мен банкаралық
бәсекелестiң туындауы

1.3
Несиенiң түрлерi мен ерекшелiк сипаттары

2
Қазақстан Республикасындағы тұтынушылық несиенің даму болашағы

2.1
АТФ жалпы сипаттамасы және ұйымдастырушылық құрылымы

2.2
АТФ Акционерлік қоғамның Банкінің тұтыну несиесiн клиенттерге беру жағдайы мен тәртiбi

2.3
АТФ Акционерлік қоғам мысалындағы тұтынушылық несиені тартудағы кездесетін мәселелері

3
Қазақстан Республикасында тұтынушылық несиенің мәселелерін реттеу

3.1
Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесін беру мәселелері және тұтынушылық несиелеуді дамытудың болашағы

3.2

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қазақстан Республикасындағы тұтынушылық несиенің даму болашағы мен мәселелері

Кiрiспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Несие (кредит), экономика ғылымдарының iшiнде маңызды деңгейге жатады. Тауар өндiрiсiнiң дамуымен ақша, төлем құралы қызметiн атқара отырып, айырбас кезiндегi Тауар - Ақша - Тауар өзгерулерi (ауысулары), ендi Тауар - Мiндеттеме - Ақша формасын қабылдайды, яғни тауарды сату мен оған төлем ақыны алу аралығындағы уақытша үзiлiсiне байланысты несиелiк ақшалар пайда болады. Олар, алдын ала келiсiлген мерзiмде төленетiн мiндеттемелер болып табылады. Осыған байланысты, мұндай төлем түрiнiң құқықтық жағын реттейтiн, қаржы - несиелiк қатынастар туындайды.
Несие, капитал айналымы жылдамдатуды қамтамасыз етедi, себебi сатып алынған тауар үшiн төлемдi кейiнiрек жүргiзуге болады, сол сияқты басқа компаниялар мен банктердiң қаржыларын тарту есебiнен капиталды ұлғайтады.Барлық меншiк формасындағы кәсiпорындарда, өзiнiң қызметiн жүргiзу және пайда табу (алу) үшiн, көбiнесе қарыз қаржыларды тарту қажеттiлiгi туындайды. Қаржы тартудың ең көп тараған түрi, несие келiсiмi бойынша банктен қарыз алу болып табылады.
Сондықтан да диплом тақырыбы өзекті болып саналады, себебi тұтыну несиесi арқылы мына жағдайларға қол жеткiзуге болады:
1. несие көмегiнсiз ұзақ уақыт кұтуге немесе қол жеткiзуге болмайтын заттарды (мұлiктердi, т.б.) сатып алу мұмкiндiгiне;
2. икемдiлiгiне байланысты ыңғайлы уақытта жәрмеңкедегi баға төмендету кезеңдерiнде сатып алуға және қажеттi қолма-қол соманың болмаған жағдайында да пайдалы келiсiм жасауға;
3. қауiпсiздiгiне байланысты саяхатта болғанда немесе сатып алуды жұргiзгенде төлемдiк кредиттiк карточкалар мен шығындық шоттар (расходные счета), қолма-қол ақшамен салыстырғанда, аса сенiмдi және ыңғайлы болып табылады;
4. көмектiк жағынан алып қарағанда, алдын ала қарастырылмаған асығыс шығындарды өтеуге мүмкiндiк туғызады (жол оқиғасындағы автомобилдi жөндеу, т.с.с. жұмыстарды).
Былайша айтқанда, бiздi көп жағдайларға босқа бас қатырмай өз жеке басы мен отбасы қамын ойластыруға мұмкiндiк туғызады.
Тұтыну несиесiнiң, осындай жақсы жақтарымен қатар кемшiлiктерi де бар болып табылады.
Шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау. Несиенi зерттеуге, талдап - бiлуге марксизм классиктерi мен көптеген кеңестiк және шетелдiк экономистер еңбектерiн арнаған. Дегенмен, бұл тақырып әле де толық зерттелмеген және қосымша жұмыстар жүргiзудi қажет етедi, себебi қазiргi нарық жағдайында несие қатынастары жоғарғы өрiстеу дәрежесiне жетiп отыр. Қазiргi кездегi сөз етiп отырғанымыз қарызға беретiн ақша капиталдар көлемiн тұрақты ұлғайту туралы ғана емес, сонымен бiрге несие қатынасындағы субъектiлердiң көбеюi мен несиелендiру операциясының көп түрлiлiгi туралы болып отыр.
Тақырып туралы айтқанымызда, өтпелi кезеңдегi әкiмшiлiк реттеушiлiктен нарықтың қатынасқа көшудегi бiздiң экономиканың кездесетiн проблемаларын естен шығаруға болмайды, яғни ақша - несие сферасындағы мәселелер айтарлықтай радикалдық өзгерiстердi қажет етедi. Выборнованың Е.К. айтуы бойынша "қазiргi кезеңде несие сферасына тән (жататын) экономикалық рычалтарды (тұтқаларды) толығымен пайдаланудың керектiгi пiсiп жеттi, елдегi ақша айналымын басқаруға принципальдi жаңа жолдарды жасап, жүзеге асыру қажет".
Төлем қаржыларының айналымдағы аса көптiгi мен несиенiң өз тағайындылығын (назначения) жоғалтуы несиелiк сфера сипаттарының айрықша белгiсi болып табылады. 1987 жылдың басында банктердiң несиелiк салымдары ең жоғарғы деңгейiне жетiп 593,2 млрд. соманы құрады, бiрақ 1991 жылы шаруашылық салаларға және халықтарға берiлген жалпы несие көлемi 1987 жылдың басымен салыстырғанда 28 %-ға қысқарған. Соңғы жылдары несие салымдарының құрылымында да өзгерiстер болды. Қазiргi кезеңде, бюджет ресурстары жетiспеушiлiгiнiң орнын толтыруға берiлетiн несиелердiң үлес салмағы 16,4-тен 34,7 %-ға өсiп, халық шаруашылығына берiтетiн несиелер үлесi 51,7 - ден 35,2% - ға кемiген. Бұл келтiрiлген фактiлер несие проблемаларына айтарлықтай көңiл бөлу қажеттiлiгiн бiлдiредi, себебi елдiң экономикалық жағдайы, оның ақша-несие жүйесi жағдайынан тәуелдi болып келедi. Сондықтан, өркениеттi елдердiң бұл сферадағы жинақталған iс-тәжiрбиелерiн есепке алу қажет болып табылады.
Жобаның мақсаты және міндеттері. Өткен ғасырдың орта кезiне дейiн тұтынушылық несиесiнiң бар екендiгi туралы ешкiм бiлмейтiн едi. Ал қазiргi кезде тұтынушылық несиесi кең таралып, бiздiң өмiрiмiзде аса маңызды рөл атқарып отыр.
Қойылған мақсатқа жету үшін келісідей міндеттер қойылды:
- тұтынушылық несиенің теориялық негіздері мен оның даму эволюциясын сипаттау;
- Қазақстан Республикасындағы тұтынушылық несиенің даму болашағы;
- АТФ Банкінің Атырау облыстық филиалының тұтыну несиесiн клиенттерге беру жағдайы мен тәртiбiн зерртеу;
- Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесін беру мәселелері және тұтынушылық несиелеуді дамытудың болашағы;
Дипломдық жұмысты зерттеудің объектісі. Осы міндеттерді шешу үшін бітіру жұмысын жазу барысында Қазақстан Республикасындағы тұтынушылық несиенің дамуы туралы сипаттайтын көптеген статистикалық мәліметтерге сараптау жасалынып, солардың негізінде тұтынушылық несиенің даму барысы айқындалды.
Жобаның теориялық және әдістемелік негізі. Қазақстан Республикасындағы тұтынушылық несиені дамыту мәселелерін зерттеген шетел және отандық практик- экономистердің, ғылыми еңбектері, ғылыми - тәжірибелік конференциялар мен мерзімдік басылымдардың материалдары алынды. Жұмыста зерттеліп отырған мәселені реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен қаулылары, нормативтік - құқықтық құжаттары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлгінің статистикалық мәліметтері пайдаланылды.
Дипломдық жұмысты жазудың тәжірибелік базасы. Барлық несие жүйесiнде реформа жұргiзiлiп, соның нәтижесiнде акционерлiк негiзде нсиелендiру мекемелерi құрылды және бiздiң елiмiзде тұтынушылық және комерциялық несиелердiң жаңа формалары өрiс алып, дамыды. Бұл, елiмiздiң экономикасы үрдiсiн жылдамдатып, аса тиiмдi етiп жасады. Соңғы кезеңдерде бiздер несие-несиелер сөзiн жиi естимiз. Бiреулер үлкен, ал кейбiреулер кiшi дәрежеде осы "несиемен, несиеде" өмiр сұрiп жатыр. Бiздiң барлығымызға несиенiң көптеген түрлерi бар екендiгi белгiлi: инвестициялық несие, айналым капиталға несие, тұтыну несиесi, т.б. Олардың әрқайсысы бiздiң игiлiгiмiз үшiн қызмет атқарады. Бұл диплом жұмысында соңғы келтiрiлген Қазақстан Республикасындағы тұтынушылық несиенің даму болашағы мен мәселелері туралы айтылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Банк ұйымдары тұтыну несиесі жүйесіне белсенді кірісті. АҚШ және Ұлыбритания банктері жеке тұлғаларға персоналды несие аталатын несие беруді тәжірибеге айналдыруда. Бұл несиелер тауар сатуды қаржыландырудан бірқатар ерекшеліктерін тұтыну несиесінің түрі ретінде қарау керек.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Қазақстан Республикасындағы даму болашағы ."АТФ" мысалындағы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі. Ғылыми жұмыстын бірінші бөлімінде тұтынушылық несиенің нарықтық экономикадағы қажеттілігі мен экономикалық мәні ашылған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы тұтынушылық несиенің артықшылықтары мен кемшіліктері де осы бөлімге арқау болды. Сонымен бірге несиенің шығу тарихы мен дамуы бірінші бөлімінде қарастырылады. Ал, екінші бөлімінде, АТФ Банкі мысалында тұтыну несиесiн клиенттерге беру жағдайы мен тәртiбi осы бөлімде айқындалады. Келесі үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесін беру мәселелері және тұтынушылық несиелеуді дамытудың болашағы туралы ашылып көрсетіледі.

1-бөлiм. Несие және несиелендiрудiң теориялық негіздері
0.1. Несие және қарыз капиталының мәнi.

Несие (кредит - kredo)- сенiм, сенемiн деген ұғымды бiлдiредi. Ақша фермасындағы капитал, ссудалық капитал (қарыз капиталы) деп аталады және оның иесiнiң уақытша белгiлi бiр мерзiмг берiп, процент түрiндегi өсiмiмен қайтарылуын айтамыз.
Несие (кредит)- бұл, ссудалық капиталдың ақшалай немесе тауардай, әдетте өсiм процентiмен, қарызға берудегi қозғалыс фермасы;
Құн-бағалық экономикалық категория және ақша-тауарлық қатынастардың бөлiнбейтiн элементi болып табылады. Шындығында несие - үдемелi ұдайы өндiрiстiң ажырамас бөлiгi және тауарлы өндiрiс-несие қатынастарының пайда болатын табиғи негiзi. Себебi тауардың пайда болуы маңызды екi жағдайға байланысты: бiрiншiден, өнiм тауар болуы үшiн оның заттай түрi мен құны болуы қажет; екiншiден, өнiм бiр өндiрушiден екiншi өндiрушiге (тұтынушыға) ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас несиенiң пайда болатын ортасы немесе оның, көрiнiс берiп, туындайтын жерi болып табылады.
Осыған байланысты, өндiрiстегi капиталдың қайталама айналымы мен қаражаттардың айналысы - несие қатынастарының туындайтын және одан әрi дамитын нақты экономикалық негiзi (шығу тегi) болып табылады.
Жалпы, барлық шаруашылықтағы еңбек құралдары мен еңбек заттарының құны өзiнiң қозғалысында бiр уақыт кезеңiнде әрi ақша, әрi өндiрiстiк, әрi тауар фермасында әр түрлi қызмет атқаруы мүмкiн және осыған байланысты, өндiрiстiк капиталдың қайталама айналымы кезеңдерiнде уақытша бөлiнiп шығып, бос тұрған ақша қаражаты қарыз-несие капиталының (қорының) пайда болатын бiрiншi көзi есебiнде саналады.
Ақша қорының уақытша бөлiнiп шығуы мынадай себептермен болады: бiрiншiден, негiзгi капитал-құралдарының өндiрiс процесiнде бiрте-бiрте тозуынан, яғни еңбек құралдары өндiрiсте бiрнеше жылдар бойы пайдаланылып, олардың құны дайындалған өнiмге бiртiндеп ауысады. Дайын өнiмдi сатқаннан кейiн ол сома тозған негiзгi қорларды күрделi жөндеуден өткiзгенше, не жаңасын сатып алғанша кәсiпорынның банктегi шотында ақша түрiнде, толық тозуы мерзiмi бiткенде дейiнгi шотында ақша түрiнде, толық тозуы мерзiмi бiткенге дейiнгi аралықта, жинақталып сақталады. Бұндай жинақтап сақтауды амортизациялық (жаңғырту) қоры деп атайды. Мысалы, егер 1 млн.теңге тұратын трактор (комбайн) 10 жыл пайдаланылса, онда жылма-жыл амортизациялық қорға оның 100 мың теңге сомасы түседi: Бұл уақытша бос ақша қоры - несие ресурстарының бiр көзi болып табылады.
Екiншiден дайын өнiмдердi сату мен қажеттi материалдарды және шикiзаттарды сатып алу мерзiмдерi барлық уақытта бiрiне - бiрi сай келе бермейдi. Сондықтан сатылған дайын өнiмнен түскен ақша сомасының бiр бөлiгi қолданылған шикiзаттар мен қосалқы материалдардың құнын көрсетедi. Ол сома да уақытша бос ақша қоры-несие ресурстарының бiр көзi есебiнде болады.
Үшiншiден, еңбекке ақы төлеу мерзiмi мен дайын өнiмдi сату мерзiмiнiң сай келмеуi. Себебi өнiмдi өндiруге еңбек күшi күнде жұмсалғанмен оған еңбекақы төлеу бiраз кешiгiп жүредi. Еңбекақы төлеуге арналған сомада - уақытша бос ақша капиталы.
Төртiншiден, үдемелi ұдайы өндiрiстiң қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшiн пайданың бiр бөлiгiн жинақтау қажет, яғни кәсiпорынға жаңадан құрал-жабдықтар, машиналар және т.б. сатып алу ұшiн жылма-жыл пайданың бiр бөлiгiн банктегi есепшотта жина қою да - уақытша бос ақша капиталы.
Сонымен, өндiрiстiк капиталдың қайталама айналымы, сөзсiз, уақытша бос ақша капиталының пайда болуына әкеп соқтырады. Статистика мәлiметтерi бойынша бүкiл ақша жинағының 20 процентке жуығы кәсiпорындарда пайда болады екен.
Қарыз капиталының жинақталатын екiншi көзi, бұл, мемлекеттiң әр түрлi жолдармен түсiретiн ақшалары, атап айтқанда: мемлекеттiң өндiрiстiк, коммерциялық және қаржылық iс-әрекеттерiнен түскен ақша, түрлi деңгейдегi бюджеттердiң активтi қалдық ақшалары, сақтандыру мекемелерiнiң, зейнетақы қорларының және басқа да мемлекеттiк ұйымдардың қолдық уақытша бос тұрған қаражаттары. Жалпы капитал жинағындағы мемлекеттiң үлесi 10 пайыз шамасында болып келедi.
Қарыз капиталы құрылымының үшiншi көзi, бұл, халықтың жинақ қаржылары, яғни күнбе-күнгi қажеттiлiкке жұмсалмай болашақтағы жағдайларға немесе ұзақ мерзiмге тұтынылатын заттарды, қымбат тауарларды, жылжымайтын мүлiктердi сатып алуға сақтап қойған жалақының бiр бөлігі.
Ақша жинақтаудың осы аталған негiзгi көздерiнен басқа несие - қаржы мекемелерiндегi шоттар бойынша әртүрлi қалдық (сальдо) пен резервтiк сомаларды да жатқызуға болады.
Әрбiр экономикалық категорияның мәнi мен мазмұны оның атқаратын қызметтерiнде көрiнiс табады (бередi). Ал оның әрбiр қызметi басқа категориялардан өзгешiлiгiн анықтайтын маңызын сипаттайды.
Тауарлық өндiрiс жағдайында қарыз келiсiмi өндiрiс процесiндегi тауар айналасына қажеттi несиелендiруден туындайды. Өндiрiс, үдемелi ұдайы өндiрiстiң бастапқы, әрi шешушi моментi болып табылса, ол басқа фазалармен де тығыз байланысты болып келедi. Үдемелi ұдайы өндiрiс процесi қоғамның материалдық игiлiктерiн үздiксiз өндiруде оның әртүрлi стадиялық фазалардан жүйелi түрде өтуiн қарастырады. Әрбiр стадия-өндiрiс, айырбас - ауыстыру, тарату және тұтыну-фазаларының белгiлi бiр мағына - маңызы бар болып табылады. "Өндiрiс, тұтынуға қажеттiлiк сәйкестiкте затты (тауарды-өнiмдi) жасайды; тарату, қоғамдық заңдарға сәйкес оларды таратып - бөледi; айырбас-ауыстыру, жекелеген сұраныс-тұтынуға байланысты, бiр рет бөлiске тұскен қоғамдық өнiмдердi қайта таратып-бөледi; ақыр соңында, осы қоғамдық қозғалыстан шығып, өнiм тұтынуға, пайдалануға түседi".
Өндiрiс болмаған жағдайда шығарылған тауар-өнiмдi тұтыну стадиясы да болмайтын сияқты, тұтыну болмаған жерде өндiрiстiк фазада болмаған болар дi, себебi өндiрiстiк стадияда мақсатсыз өнiм-тауар өндiрiлген болған болар едi.
Айырбас процесiнде уақытша бөлiнiп шыққан құнды кейiн өзiнiң алғашқы иесiне өсiм ақысымен қайтарып беру келiсiмi бойынша несие берушi мен қарыз алушының арасында неси қатынастары пайда болады.
Қорыта айтқанда, қарыз капиталы (қоры) өндiрiс және айналыс қорларының ауыспалы айналысынан уақытша бөлiнiп шыққан бос ақшасынан және халық пен мемлекеттiң ақшалары жинағынан құралады. Ақша қоры үнемi айналыста болуы қажет - ол уақыт үнемдеу заңының талабы. Бұл талапқа сай қызмет ететiн құрал-несие. Себебi шаруашылықтардың бiркелкi жұмыс iстеу үшiн және оны ары қарай дамыту үшiн де қосымша ақша қажеттiгi туындайды. Бұндай қажеттiлiк маусымдық жұмыстарды орындау, атқару кезеңдерiнде айрықша бiлiнедi.
Уақытша бос тұрған қаржыларды жинақтап, оны қажет уақытында, қажеттi мөлшерде, қажеттi жерiне жұмсап және белгiленген уақытта қайтарып алуға мүмкiндiк беретiн құрал-несие болып табылады. Басқаша айтқанда, экономикадағы уақытша бос ақшаны iске (айналысқа) қосып және оны ұтымды пайдаланып, мезгiлi келгенде оның қайтарылуын қамтамасыз ететiн-несие қатынастары.
Теориялық жағынан капитал жинақтаушы барлық субъектiлердiң мүмкiндiктерiнiң көптеген күмән келтiруге болмайды, сол сияқты iс жүзiнде оның тек бiреуiн бөлiп көрсетуге де болмайды. Себебi ақша қаражатын несие жүйесi, бiр жағынан, өзiнде шоғырландырса, екiншi жағынан - ол сол субъектiлерге несие бередi. Нәтижесiнде ақшаны жинау және несие беру процестерi араласып, дәл сол уақытта бiр сома әрi қарыз, әрi жинақ болуы мүмкiн.

1.2. Несие жүйесiндегi несиелiк қатынастар мен банк аралық бәсекелестiң туындауы

Өркениеттi мемлекеттердiң тәжiрибесiнде несие жүйесi туралы екi түрлi ұғым қалыптасқан: бiрiншiсi - несие - есеп қатынастары, оның түрлерi мен несиелеу әдiстерiнiң жиынтығы; екiншiсi - несие - қаржы институттарының (мекемелерiнiң) жиынтығы.
Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап, несиенiң барлық формалары мен түрлерiн қамтиды. Несие жүйесi несие - қаржы мекемелерiнiң жиынтығы ретiнде жеке және заңды тұлғаларды уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып, оларды кәсiпорындарға, үкiметке және халықтың әр түрлi топтарына қарызға бередi.
Несие жүйесiнiң қызметiнен несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерiнде әр түрлi субъектiлердiң уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгiлi бiр мерзiмнен кейiн және белгiлi бiр төлем ақымен қайтару үшiн бөлiп беру анықтайды. Сонымен бiрге несие жүйесi мемлекеттiң ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бiр саласынан екiншi саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал етедi. Несие жүйесi арқылы кәсiпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдерi жүргiзiлiп, сондай - ақ әр түрлi несиелiк, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенiмдiлiк, кеңес беру және с.с. көптеген операциялар өтедi.
Несие жүйесiнiң маңызы мен ел экономикасындағы рөлi бiраз көрсеткiштермен, атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемiмен, кәсiпорындар мен мекемелердiң негiзгi және айналмалы капиталын қалыптастыруға банктiк қарыздың үлесiмен, жиынтық төлем айналымымен және т.б. сипатталады. Мысалы, әрбiр қоғамның даму тарихындағы белгiлi бiр кезеңге және қоғамдық - экономикалық формацияның өзiне және несие жүйесiнiң құрылымы болады. Мысалы, XX ғасырдың 20 - жылдарынан 90 - жылдардың бас жағына дейiн бұрынғы Кеңестiк Одақтағы (КСРО) жоспарлы - орталықтанған экономикаға сай келетiн қатаң орталықтанған несие жүйесi құрылды.
Несие қатынастарының даму дәрежесi, несие мекемелерiнiң көбеюi, өндiрiс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалану жөнiнен дүниежүзiндегi дамыған мемлекеттердiң iшiнде АҚШ алдыңғы қатарда келедi. Оған дәлел, ол елде ақша капиталының орташа алғанда төртен үш (34) бөлiгiнiң несие жүйесi арқылы өтуi болып табылады.
Қазiргi кезде экономикасы дамыған мемлекеттердiң несие жүйесiнде көптеген өзгерiстер кездеседi. Олар:
Бiрiншiден, банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы нәтижесiнде банк монополиясының пайда болуы: XIX -ғ. аяғы мн XX -ғ басында әр мемлекеттерге ақша капиталының көп бөлiгiн жинақталған iрi банктер бөлiнiп шыға бастады.
Бұл iрi банктер қарыз капиталының нарығында үстемелiк еттi. Олардың капиталының мөлшерi iрi клиенттердi және жинақ салушыларды өзiне тартып, нәтижесiнде үлкен табыс табудан өстi.
Несие жүйесiнде iрi банктердiң үлесiнiң өсуi тек операция жүргiзумен ғана емес, сонымен қатар капиталдардың бiрiгуiнiң интенсивтi процесiне байланысты болады.
Капиталды шоғырландырудың және орталықтандырудың ашық және жасырын түрлерi кездеседi. Бiрiншiсiн ұсақ банктердiң күйреуi, олардың бiр-бiрiмен қосылуы, бөлiмшелерiнiң дамуы, ал екiншiсiнде корреспонденттiк қатынастар мен көпбанктiк жүйелердiң дамуы жатады. Корреспонденттiк қатынастар деген несие мекемелерi арасындағы келiсiм бойынша жүргiзiлетiн операциялар, олардың мақсаты - бiр - бiрiнiң тапсырмасы бойынша төлемдер мен есеп айырысуды жүзеге асыру. Корреспонденттiк шоттар: "лоро" - олардiкi, "ностро" - бiздiң қаржы деп бөлiнедi: Оларда арасан iрi сома жинақталады. Мысалы, АҚЩ - тағы барлық коммерциялық банктердiң арасынан бiрнеше iрi банктердiң ресурстары басқа банктердiң ресурстарының сомасынан шапшаң өсуiмен көзге тұсуде. 1960 - 1970 ж.ж-да 50 iрi коммерциялық банктердiң депозиттiк сомасы 88,8 млрд-тан 230,4 - млрд. долларға жетiп, яғни 2,5 есе өскен болса, ал осы уақытта басқа коммерциялық банктердiң депозиттiк сомасы 141,7 млрд - тан 255,1 млрд. долларға жетiп, яғни тек 1,8 есе ғана өскен. 1970 жылы осы 50 iрi банктер 13,705 барлық коммерциялық банктердiң депозисттiк сомасының 47% -iн билеген болып табылады. (10; 292).
Iрi коммерциялық банктерден азғана алып банктер "Бэнк оф Америка", "ферст нейшнл сити бэнк оф Нью-Йорк" және осындай бiрнешеуi бөлiнiп шығып, олар өнеркәсiп - қаржы топтарын басқарумен шұғылданады немесе оларда басты роль атқарады. Олар - iрi банктердiң өзара қосылып, банк холдингiн құруының көрiнiсi болып табылады.
Екiншiден, әр түрлi несие мекемелерi арасында бәсекенiң күшеюi. Банк монополиясы мен несие қатынастарының өркендеуi қарыз капиталының нарығында бәсекенi өршiте түстi.
Бәсеке бiртектес және әр түрлi несие мекемелерiнiң арасында жұредi. Мысалы, коммерциялық банктер, немесе сақтандыру компаниялары өзара бәсекеге тұседi. Бәсеке нәтижесiнде iрi компаниялар iрi мөлшерде несиенi оңай алып, кәсiпорындарды өз ықпалында ұстау үшiн несиенi жеңiлдiкпен бередi. Ондай жеңiлдiктер несие алудың жағдайларына (яғни пайдалану мезгiлiне, мөлшерiне, қайтарылуына) жасалады. Бiрақ банк қызметiне бұрынғысынша жоғарғы тарифтер мен проценттiк төлем ақысы сақталады. Сондай - ақ, клиенттерге банк қызметiнiң қосымша түрлерi көрсетiледi (мысалы, тәулiк бойы төлем құжаттарын қабылдау, әр түрлi сұрақтарға жауап беру, кеңес беру және тағы сол сияқтылар).
Бәсекенiң келесi тұрi - әр түрлi несие - қаржы институттарының арасында туындайды. Мысалы, коммерциялық банктер мен жинақ мекемелерiнiң арасында жинақты өздерiне тарту үшiн, коммерциялық банктер, қаржы компаниялары, несие одақтарының халыққа тұтыну тауарларына берген қарыздың үлкен бөлiгi ұшiн; ипотека нарығындағы сақтандыру компаниялары, өзара жинақ және жинақ - қарыз банктерiнiң бәсекесi. 1970-80 ж.ж несие мекемелерiнiң бәсекесi өрте түстi, оған себеп болған негiзгi факторлар: қаржылық қызметтердi шектердi реттейтiн бiрсыпыра заңдарды алып тастау; қаржылық инновацмяның қарқынды өсуi, яғни несие - ақша операцияларының жаңа түрлерiнiң және есеп айырысу мен қарыз капиталы нарығының құралдарының пайда болуы; электронды - есептегiш машиналар мен телекоммуникация құралдарын кең қолдану несие аясында монополистiк бақталастықтың мүмкiншiлiгiн арттырады. Осы процестердiң нәтижесiнде клиенттерге көрсетiлетiн қызметтердiң көптеген түрлерiн ұсынатын әмбебап операциялар тенденциясы байқалып көп бағытты несие мекемелерi құрыла бастады. Коммерциялық банктер бұрын шұғылданбайтын жаңа қызметпен, яғни жылжымайтын мұлiкпен операция жұргiзу, лизинг, сақтандыру және сол сияқты қызмет түрлерiн кең қолдана бастады.
Бәсекенi күшейтетiн маңызды фактордың бiрi - қаржылық емес корпорациялардың қаржылық қызмет түрлерiн арқаруы. Бұл мекемелер банк қызметiнiң тек кейбiреуiн ғана орындайтындықтан, несие институтына таралатын заңды шектеулерге бағынбайды. АҚШ-та оларды "банктiк емес банк" деп атайды. Олар - ДЖенерал мотороз, форд, ИБМ, Америкен экспресс және т.б. - көптеген операциялар жұргiзумен шұғылданады: өнеркәсiптiк және тұтынушылық несиесiн беру; жылжымайтын мүлiктен, сақтандыру, лизинг операцияларын жұргiзiп, қолма - қол ақшаны басқарады.
Қазiргi кездегi банктер арасындағы бәсеке халықаралық дәрежеге көтерiлуде. Өндiрiстiк мемлекетаралық мамандандыруы мен бiрлесуi, сыртқы сауданың дамуы, еуровалюта нарығының өсуi банк iсiнiң интернационалдануына және банк операцияларының көп бөлiгiнiң мемлекет шекарасынан шығуына әкеп соқтырады. XX ғасырдың соңғы төрттен бiр бөлiгiне АҚШ, Жапония, Германия, Франция және басқа да бiрсыпыра мемлекеттердiң iрi банктерi халықаралық қаржы концерндерiне айналып әлемнiң әр түрлi елдерiнде көптеген несиелiк, есеп айырысу, инвестициялық операциялар жұргiзедi.
Халықаралық банктер негiзiнен ұлтаралық және көп ұлттық болып бөлiнедi. Ұлтаралық банктер - ол әмбебап ұлгiдегi iрi несие - қаржы кешендерi болып табылады. Олар, әдетте, қолында шетелдiк кәсiпорындардың кең желiсi мен мемлекеттiң қолдануымен дүниежүзiлiк нарықта валюта, несие операцияларын бақылайтын жүйесi бар қарыз капиталының қозғалысындағы басты делдалдар. Ұлтаралық банктердiң шетелдерде көптеген филиалдары, бөлiмшелерi қызмет жасайды. Мысалы, 1980 - жылдардың басында дүниежүзiнде 84 ұлтаралық банктер болса, оның 22-сi АҚШ - та, Ұлыбритания мен Жапонияның әрқайсысында - 10 - на, 7-еуi Францияда, ал Германия мен Канаданың әрқайсысында 5-тен саналады.
Көп ұлттық банктер - ол бiрсыпыра елдердiң iрi банктерiнiң үлестiк жарна төлеу арқылы құрылған халықаралық банктер топтамасы болып табылады. Олар әлемдiк нарықта ұлтаралық банктердiң операцияларын iске асырумен, сыртқы сауданы несиелеумен, еуровалюта нарығын жұргiзумен шұғылданады.
Үшiншiден, банк капиталы мен өнеркәсiп капиталының бiрiгiп қаржы капиталын құруы. Өнеркәсiп пен банк iсiнде монополиялардың пайда болуы және оладың бiрiгiп жұмыс жүргiзуi қаржы капиталының құрылуына негiз болды. Себебi банктiк несие - өнеркәсiптi несиелеудiң басты көзi болып табылады. Банктiк несие өнеркәсiп компаниясының тағдырын қаржы болған кезде несие берумен шешiп отырады. Сөйтiп, несие берушi мен қарыз алушының байланысты негiзiнен төмендегiдей тұрғыда жүргiзiледi: өнеркәсiп компанияларына банктердiң несие беруi; ағымдағы және есеп айырысу операцияларын жүргiзу; элтссиялық құрылтайшы операциялары мен ақша иемдену жұмыстары.
Төртiншiден, несие жүйесiндегi құрылымдық өзгерiстер. Арнаулы несие - қаржы мекемелерiнiң дамуы мен олардың жұмыс масштабының ұлғаюы қаржы капиталы нарығындағы банк iсiнiң кеңеюiне жол ашып, несие жүйесiнiң құрылымдық өзгерiстерiне әкеп соқтырады. Несие жүйесiнде жаңа буындардың пайда болуына байланысты ресурстар мен операциялардың жиынтық сомасында коммерциялық банктердiң үлесi төмендейдi. Мысалы, ХХ ғ. басында АҚШ - та несие мекемелерiнiң 7-i түрi болса, 80-жылдары олардың түрi 20-дан асты. 1900 ж активтердiң 23-iн коммерциялық банктер, ал 13-iн сақтандыру және жинақ мекемелерi жүргiздi. Ал 1987 ж коммерциялық банктердiң бұл көрсеткiштегi үлесi шамамен 40% болса, жинақ мекемелерiнiң, инвестициялық, ипотекалық, сақтандыру компанияларының үлесi анағұрлым көтерiледi. Осындай өзгерiстер басқа өнеркәсiбi өркендеген мемлекеттердiң де несие жүйесiнде байқалады. (20; 78).
Қазiргi кезеңдегi несие жүйесi күрделi, әрi көпбуынды құрылым болып келедi. Егер несие мекемелерiнiң клиенттерге көрсететiн қызмет түрлерiн негiзге алғанда несие жүйесi үш элементтен тұрады:
1) орталық банк;
2) коммерциялық банктер;
3) маманданған несие - қаржы институттары.
Шаруашылық буындарына көрсетiлетiн қаржы - несиелiк қызметтерiнiң санына, мөлшерiне және олардың көлемiне, сондай-ақ мамандануына қарай несие жұйесiнiң өзегi-банк жұйесi болып табылады, ал несиелендiру мекемелерiнiң жұмысын үйлестiретiн бiрыңғай, бiрден-бiр орган - Орталық банк болып саналады.

0.3 . Несиенiң түрлерi мен ерекшелiк сипаттары.

Несие жүйесiндегi несиелiк қатынастардың пайда болып, көрiнiс беруi несие түрлерi мен оның мазмұнында сипатталады. Сонымен бiрге, қоғамдағы қатынастардың өзгеруi несиенiң мазмұны мен қолданылатын түрiн де өзгертедi. Несие әртүрлi формаларда болып келедi, негiзгiлерi болып: коммерциялық және банктiк несие. Бұл екi формадағы нсие бiр - бiрiнен несие субъектiлерi, құрамы, қарыз нысаны, динамикасы, процент мөлшерi және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Коммерциялық несие - ол бiр тауар өндiрушiнiң басқа тауар өндiрушiге сатқан тауары ұшiн ақша төлеудi кейiнге қалдырып, оны қарызға беруi. Бұлай несие - қарыз берудiң құралы коммерциялық вексель болып табылады. Вексельдiң ең көп тараған екi түрi бар: жай, қарапайым вексель және аударым векселi. Коммерциялық несие барлық несиелендiру жүйесiнiң негiзi болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің несиелік ресурстары
Экономикалық теория пәні
Тұтынушылық несие
Банктің пассивтік операциялары
Коммерциялық банктің басқару құрылымы
Кәсіпорынның корпоративтік табыс салығын есептеу
Банктегі депозиттік операциялар және олардың есебі
Несие жүйесінің нарықтық қатынаста жетілдіру
Несиелік мекемелердің түрлері
Бухгалтерлік есепті жүргізу
Пәндер