Орман қорының жері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қaзaқcтaн pecпyбликacының жep қopы 272,5 млн.гa құpaйды.TMД eлдeрiнiң aрacындa oның тeppитopиясы Peceй Фeдepaцияcынaн кeйiнгi eкiншi,aл дүниe жүзiндe тoғызыншы opын aлaды.
Қaзaқcтaнның бүкiл жep қopы өтe қуaң климaтпeн cипaттaлaтын тaбиғи aймaқтapдa opнaлaсқaн. Жaлпы түрдe aйтқaндa,бұл қayiптi eгiншiлiк aймaғы болып келеді. Қaзaқcтaнның oңтycтiк aймaқтapындa тeк cyapмaлы eгiншiлiк қaнa бoлyы мүмкiн. Дaлa жәнe құpaқ дaлa aймaқтapындa тәлiмi егіншілік дамығанымен,ол топырақтағы ылғалды сақтап қалу мақсатымен күрделі шаралар кешенін талап етеді.
Қaзiргi кeздe Қaзaқcтaндa 20 млн.гa жыpтылғaн жeр мeн 35 млн.гa жaйылым эpoзияғa ұшыpaғaн,нeмece ocы жaғынaн қаyiптi. Coнымeн қaтap 17 млн.гa cy мeн иppигaциялық эpoзиядaн зaқымдaнғaн. Peфopмaғa дейiнгi жылapы eлдe жыpтылғaн жeрдiң бip жaнғa шaққaндaғы мөлшepi 2,8 гa eдi. Бұл көpceткiш әлeм бoйыншa шaмaмeн 7 eсe apтық бoлғaн eкeн.
Ayылшapyaшылық aлaптapы epeкшe қopғayды тaлaп eтeдi. Қaндaй eл бoлcaдa, aгрaлық саяcaтының eң бacты пpинциптepiнiң бipi бoлып ayыл шapyaшылығының жepгe дeгeн пpиopитeтi тaбылaды.
Iшкiшapyaшылық жepгe opнaлacтыpy - жepгe opнaлacтыpyдың нeгiзгi түpлepiнiң бipiнe жaтaды. Жepгe opнaлacтыpyдың бұл түpiнiң жoбaлay oбъeктici peтiндe ayылшapyaшылық кәciпopындapынa, шapya қoжaлықтapғa, cepiктecтiктepгe, кooпepaтивтepгe жәнe бacқa шapyaшылықтық құрылымдapға тұpaқты пaйдaлaнyғa нeмece жaлғa aлy шapтымeн бeлгiлi бip мepзiмгe бeкiтiлгeн жepлepдe ayылшapyaшылық өндiрiciн тeppитopиялық ұйымдacтыpy бoлып тaбылaды. Қaзiргi yaқыттa ayылшapyaшылық өнiмi өндipyмeн әp түpлi ipi мeмлeкeттiк кәciпopындap (тұқым дaйындaйтын жәнe бacқa мaмaндaндыpылғaн шapyaшылықтap), мeмлeкeттiк eмec (шapya қoжaлықтapы, ұжымдық кәciпopындap мeн кooпepaтивтep aкциoнepлiк қoғaмдap жәнe т.б.) aйнaлaсaды.
Teppитopяны iшкiшypyaшылық ұйымдacтыpy пpoцeciндe көpceтiлгeн нeгiзгi мiндeттepдeн тyындaйтын нeмece oнымeн тығыз бaйлaныcты бipқaтap бacқa дa мaңызды мiндeттep шeшiлeдi:
Toпыpықтың құнapлығын caқтay жәнe көбeйтy;
Aуылшapyaшылық aлaптapдың пaйдaлaнyын жaқcapтy, өңдeлeтiн жepлepдiң қapқындылығын көтepy;
Toпыpaқ эpoзиясы caлдapын жoю жәнe бoлaшaқтa эpoзиялық пpoцecтepдi бoлдыpмay;
Cyapмaлы жеpлеpдiң тұздaнy сaлдapын жoю, эppигaциялық эpoзия мeн қaйтa тұздaнyды бoлдыpмay;
Бapлapын caқтaп, жaңa мәдeни лaдшaфтapды құpy;
Aдaмдapдың дeмaлy, eңбeк жәнe тұрмыcтық жaғдaйлapын жaқcapтy.
Ayыcпaлы eгic дeгeнiмiз -- ғылымғa нeгiздeп дaқылдap мeн cүpi тaнaпты бeлгiлi бip мepзiмдe жәнe ayмaқтa кeзeктecтipiп opнaлacтыpy.
Бip дaқылды тұpaқты нeмece ұзaқ yaқыт бoйы бip жepгe өcipe бepce, oндa apaмшөптep, зиянкecтep жәнe aypyлap қaптaп, тoпыpaқ тoзaды дa, өнiмнiң aзaюынa әкeп coқтыpaды. Ayыспaлы eгicтe дaқылдapды кeзeктecтipy, биoлoгиялық ceбeптepдiң кepi әcepiн төмeндeтeдi нeмece тiптi мүлдeм жoяды.
Ayыcпaлы eгicтepдi ұйымдacтыpy oлapдың типiн, түpiн, дaқылдapдың кeзeктeлy cxeмacы жәнe oлapдың тeppитopияcын opнaлacтыpyды қaмтиды. Ayыcпaлы eic тaнaптapдaн тұpaды. Oның тaнaптapы ayылшapyaшылық дaқылдapын өciп өндipy жәнe aгpoтexникaлық мexaникaлaндыpy жұмыcтapын opындay үшiн apнaлғaн бөлiктep жaтaды. Keйбip кeздe тaнaптap жұмыcшы учacкeлepiнe бөлiнeдi. Жұмыcшы учacкeлeр мeн тaнaптapдың мeжeлepi apacындa aлaптық жoлдap жүргiзiлeдi.

I Әдебиетке шолу.

Қазақстан Республикасының жер қоры

Республиканың бүкіл жер байлығы біртұтас жер қорын құрайды. ҚР Жер кодексі бойынша жер қоры 7 категорияға бөлінеді;
1.Ауылшаруашылық мақсатындағы жер;
2.Елді мекендердің (қалалар, қала типіндегі поселкелер және ауылды елді мекендер ) жері;
3.Өнеркәсіп, транспорт, байланыс, қорғаныс және өзге ауылшаруашылық емес мақсаттағы жерлер;
4.Айрықша қорғалатын табиғи территориялардың, сауықтыру, рекреациялық және тирихи - мәдени мақсатындағы жер;
5.Орман қорының жері;
6.Су қорының жері;
7.Босалқы жер.
Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалықтарын жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелерінде және жеке қосалқы шаруашылықтың егістік телімдерінде ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ объектілер, оның ішінде тұрғын үйлер (жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда) салуға жол берілмейді. Бұл ретте мал шаруашылығы кешендерін салуға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстарға және шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарға суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлері, егістік, тыңайған жерлер, көп жылдық екпелер егілген жерлер жататын бағалы ауыл шаруашылығы алқаптары пайдаланыла алмайды.
Жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін алаңдары осы Кодекстің 50-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген ең аз мөлшерден төмен учаскелерге бөлуге жол берілмейді.
Ауыл шаруашылығы алқаптарына егiстiктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егiлген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.
Егiстiк- жүйелi түрде өңделетiн және көп жылдық шөптердiң егiстiгiн қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiгiне пайдаланылатын жер учаскелерi, сондай-ақ сүрi жер. Алдын ала егiлетiн дақылдардың егiстiгi орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлi жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелерi, сондай-ақ бақтардың егiске пайдаланылатын қатар аралығы егiстiкке жатпайды.
Тыңайған жер- бұрын егiстiк құрамында болған және күзден бастап бiр жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және пар айдауға әзiрленбеген жер учаскесi.
Көп жылдық екпелер- жемiс-жидек, техникалық және дәрi-дәрмек өнiмдерiнiң түсiмiн алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендiруге арналып қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелерiне пайдаланылатын жер учаскелерi.
Табиғи шабындықтар мен жайылымдар- шөп шабуға және жануарларды жаюға жүйелi түрде пайдаланылатын жер учаскелерi.
Түбегейлi жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар- шөп егу арқылы жаңадан отайған шабындық және жайылым учаскелерi.
Суландырылған жайылымдар- тиiстi мал басын сапасы ойдағыдай сумен қамтамасыз ете алатын су көздерi (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегендi құдықтар) бар жайылымдар.
Ауыл шаруашылығы алқаптары суармалы және суарылмайтын болуы мүмкін.
Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына ауыл шаруашылығында пайдалануға және суаруға жарамды, су ресурстары жүйесiнiң қазiргi пайдалы жұмыс коэффициентiнде суару нормаларының жобалау немесе қолданыстағы нормативтерi бойынша осы жердi сумен қамтудың қолайлы мерзiмi iшiнде қамсыздандырудың кемiнде 75 процентiнен кем емес су ағынымен қамтамасыз ететiн суару көзiмен байланысты тұрақты және уақытша суару жүйесi бар жер жатады.
Жайылма суару жерi қар суын және көктемгi тасқын суды, сондай-ақ топырақты ылғалдандыру үшiн суару және суландыру каналдарынан берiлетiн суды осы учаскелер аумағында ұстап қалуды және қайта бөлудi қамтамасыз ететiн су бөгейтiн белдеулерi, суды реттейтiн бөгеттерi мен басқа да гидротехникалық құрылыстары бар учаскелер болып табылады.
Қалаларды, кенттердi, ауылдарды, селолар мен басқа да қоныстарды дамыту үшiн берiлген жер учаскелерi елдi мекендер жерiнiң санатына жатады.
Елдi мекендердiң жерi өзге әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың жерiнен қаланың шегi, кенттiң шегi, ауылдық (селолық) елдi мекеннiң шегi арқылы шектеледi.
Елдi мекендер жерiнiң құрамына:
1) құрылыстар алып жатқан әрi көп пәтерлi және көп қабатты тұрғын үйлер, үй iргесіндегі жер учаскелерi бар жеке тұрғын үйлер салуға арналған тұрғын жай салатын жер;
2) денсаулық сақтау, мәдениет, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, коммерциялық қызмет объектiлерi, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдар және жоғары білім беру мекемелерi, әкiмшiлiк, ғылыми-зерттеу мекемелерi, ғибадат үйлерi мен өзге де iскерлiк үйлерi, құрылыстар мен ғимараттар салынған және соларды орналастыруға арналған қоғамдық iскерлiк құрылыс салатын жер;
3) өнеркәсiп, коммуналдық және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қойма объектiлерi, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерi салынған және соларды орналастыруға арналған, сондай-ақ осы объектiлердiң санитарлық-қорғау аймақтарын белгiлеуге арналған өндiрiстiк құрылыс салатын жер;
4) темір жол, автомобиль, өзен, теңiз, әуе және құбыр тасымалы жолдары, инженерлiк инфрақұрылым мен байланыс магистральдары өтетiн және соларды салуға арналған көлiк, байланыс, инженерлiк коммуникациялар жерi;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
6) өзендер, табиғи және жасанды су айдындары мен акваториялар, су қорғау аймақтары, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары орналасқан су айдындары мен акваториялар жерi;
7) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер;
8) алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гүлзарлар, орман парктерi, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерiн қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын басқа даинженерлiк жүйелер, сондай-ақ жылу желілерінің күзет аймақтары мен ортақ пайдаланудағы инженерлік жүйелер)орналасқан және соларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер;
9) қала құрылысы қызметiне тартылмаған, елдi мекендi аумақтық тұрғыдан дамытуға және өзiндiк қосалқы шаруашылықтыдамытуға арналған резервтегi және өзге де жер;
10) крематорийлердi, мал қорымы, тұрмыстық қалдықтар тастау орындарын және арнаулы нормативтер мен ережелер белгiленбейiнше пайдалануға болмайтын өзге де объектiлердi орналастыру үшiн бөлiнетiн арнайы мақсаттағы жер;
11) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін берілген, сондай-ақ өзге де пайдалану режиміндегі жер кіруі мүмкін.
Жер учаскелерiн елдi мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы жерлерге жатқызуды, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты ортақпайдаланудағы жердiң құрамынан шығаруды өз құзыретiне сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
Өнеркәсiп жерi
1. Өнеркәсiп жерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру мен пайдалану үшiн берiлген жер, оның iшiнде олардың санитарлық-қорғау және өзге де аймақтар жатады.
2.Аталған мақсаттарға берiлетiн жер учаскелерiнiң мөлшерi белгiленген тәртiппен бекітілген нормаларға немесе жобалау-техникалық құжаттамаларға сәйкес айқындалады, ал жер учаскелерiн бөлiп беру оларды игеру кезектiлiгi ескерiле отырып жүргiзiледi.
Көлiк жерi
1. Автомобиль, теңiз, iшкi су, темір жол, әуе, құбыржолжәне өзге де көлiк түрі объектiлерiнiң қызметiн қамтамасыз ету және (немесе) оларды пайдалану үшiн берiлген жер көлiк жерi болып танылады.
2. Автомобиль, теңiз, iшкi су, темір жол, әуе, құбыржолжәне өзге де көлiк түрi объектiлерiн дамыту, салу және қайта жаңғырту үшiн жағдай жасаумақсатында осы Кодексте көзделген тәртiппен жердi резервте ұстау жүзеге асырылуы мүмкiн.
Темір жол көлiгiнiң жерi
1. Темір жол көлiгi қажеттерiне арналған жерге:
1) магистраль жолдарына және солармен технологиялық байланыстағы құрылыстар мен ғимараттарға (темір жол белдеуi, көпiрлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтiк-техникалық үйлер);
2) кiрме жолдарға;
3) энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылықтары, сумен жабдықтау және канализация құрылыстары, қорғау және бекіту екпелерi, қызметтiк және темір жол көлiгiне қызмет көрсететiн арнаулы мақсаттағы өзге де объектiлерi бар темір жол станцияларына (вокзалдарға);
4) темір жолдарға берiлген белдеулер мен күзет аймақтарына;
5) концессия шарттары бойынша темір жолдар мен темір жол көлігінің объектілеріне бөліп берілген жер жатады.
2. Темір жол көлiгiнiң қажеттерiне арналған жер учаскелері темір жолдар мен темір жол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық құжаттамасына және бас схемасына сәйкес белгiленген тәртiппен бекітілетiн нормативтер бойынша берiледi.
3. Тұрғын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ темір жол көлiгi қажеттерiне арналып бөлiнген белдеуге iргелес жер учаскелеріндегі объектiлердi қауiпсiз пайдалану мақсатында жер пайдаланудың ерекше шарттарымен күзет аймақтары белгiленедi, олардың шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарына сай келмейтiн қызмет түрлерi шектеледi немесе оларға тыйым салынады.
4. Темір жол көлiгiнiң күзет аймақтарына: орманды қорғау белдеулерi, көлiк құрылыстарының, құрылғылары мен басқа да объектiлерiнiң сақталуын, төзiмдiлiгi мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жер учаскелерi, сондай-ақ темір жол көлiгiне бөлiнетiн белдеуге iргелесорналасқан, сел қаупi, көшкiн қаупi бар аймақтардағы және басқа да қауiптi әсерлер төнетiн жерлердегi жер учаскелерi кiредi.
Күзет аймақтары жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн алып қоймай белгiленуi мүмкiн.
Автомобиль көлiгiнiң жерi
1. Автомобиль көлiгi қажеттерiне арналған жерге:
1) автомобиль жолдарына, олардың конструкциялық элементтерi мен жол ғимараттарына және олармен технологиялық байланысқан құрылыстар мен ғимараттарға;
2) автовокзалдар мен автостанцияларды, автомобиль көлiгiнiң басқа объектiлерiн және жер бетi мен жерасты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, дамыту үшiн қажеттi жол шаруашылығы объектiлерiн орналастыру үшiн;
3) автомобиль жолдарына бөлiнетiн белдеулердi белгiлеу үшiн бөлiнген жер жатады.
Автомобиль көлiгiнiң қажеттерi үшiн бөлiнетiн белдеуге арналған жер учаскелерi жолдың санатына байланысты және жобалау құжаттамасына сәйкес белгiленген нормалардың негiзiнде берiледi.
Тұрғын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және автомобиль жолдарын пайдалануға жағдай жасау үшiн жолда жүру қауiпсiздiгiнің талаптары ескерiле отырып, оларды пайдаланудың ерекше режимi белгiленiп, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына бөлiнетiн белдеулерге екi жағынан iргелес жатқан жер учаскелерi түрiнде жол бойындағы белдеулер жасалады.
Жол бойындағы белдеудің мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалануға беруі мүмкін.
Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, жол полициясы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кеден қызметі, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін қоспағанда, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары бойынан бөлінген жер белдеулерінің шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады.
Құрылысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жол қызметі объектілерін және жол сервисі объектілерін қоспағанда, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолы бойындағы жол белдеуінде ғимараттар мен құрылыстар салуға тыйым салынады.
Теңiз және iшкi су көлiгiнiң қажеттерiне арналған жерге теңiз және өзен порттарын, айлақтар, пристаньдар, гидротехникалық ғимараттар, жер бетi және жер асты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтiп ұлғайту үшiн қажеттi басқа объектiлердi және теңiз және iшкi су көлiгiнiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер жатады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің, мемлекеттік зоологиялық парктердің, мемлекеттік ботаникалық бақтардың, мемлекеттік дендрологиялық парктер мен мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің жері жатады.
Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың жер учаскелері жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынбай, басқа санаттардағы жерлер құрамында бөлінеді және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу кезінде ескеріледі.
Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың аумағы шегінде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелерінің және оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметті шектеу меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалық болып енгізіледі және бұл жерге орналастыру құжаттамасында ескеріледі.
Орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне берiлген жер учаскелерi орман қорының жерi деп танылады. Орман қорының жерi мемлекеттік және жекеше орман қоры жерiнен тұрады.
Табиғи өскен орманы бар және мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған жасанды орманы бар жер, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берiлген ормансыз жер мемлекеттік орман қорының жерiне жатады.
Жекеше орман қорының жерлеріне осы Кодекске сәйкес жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға орман өсіру үшін нысаналы мақсатпен жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген: қолдан өсірілген екпелер; табиғи, тұқымдық және (немесе) вегетативтік жолмен өскен екпелер; жекеше орман питомниктері; арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер; агроорман-мелиорациялық екпелер; жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарын бөлу жолақтарындағы қорғаныштық екпелер отырғызылған жерлер жатады.
Орман қоры жеріндегі орман шаруашылығының қажеттерiне пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптары Қазақстан Республикасының орман заңдарына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн жеке және заңды тұлғаларға берiлуi мүмкiн.
Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілері үшін учаскелер беру Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Су айдындары (өзендер және олармен теңдестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздерiнде орналасқан, ағысты реттейтiн су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ көрсетілген су объектілерінің су күзет белдеулеріне және ауыз сумен қамтамасыз етудiң бас саға жүйелерiн санитарлық күзет аймақтарына бөлiнген жер су қорының жерi деп танылады.
Су қорының жерiне меншiк құқығы
1. Су қорының жері мемлекет меншігінде болады.
2. Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (суару және кәрiз жүйелерi) алып жатқан су қоры жерiнiң құрамындағы жер учаскелерi, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi бiр субъектiнiң жер учаскесiне қызмет ететiн ирригациялық құрылыстары, аталған құрылыстар мемлекет меншігінен иеліктен шығарылғанжағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.
3. Жер учаскелерiнiң екi немесе одан көп меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға қызмет көрсететiн сушаруашылығы құрылыстарының жер учаскелерi оларға ортақ меншiк немесе ортақ жер пайдалану құқығымен берiледi.
Меншiкке немесе жер пайдалануға берiлмеген, аудандық атқарушы органдардың қарамағындағы барлық жер босалқы жер болып табылады.
Ядролық қару сынақтары жүргiзiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен босалқы жер құрамына ауыстырылады.Аталған жердiң құқықтық режимi Кодекстiң 143-бабына сәйкес айқындалады.
Босалқы жер ауыл шаруашылығының, жекеше орман өсірудің, өнеркәсіптің мұқтажы және өзге де мақсаттар үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда меншікке немесе жер пайдалануға беріледі. Босалқы жерді басқа санаттарға ауыстыру оны меншікке немесе жер пайдалануға берумен бір мезгілде жүргізіледі.

Ішкішаруашылық жерге орналстыру міндеттері мен түсінігі

Ішкішаруашылық жерге орналастыру (ІШЖО) - жерге орналастырудың негізгі түрлерінің бірі. Жерге орналастырудың бұл түрінің жобалау объектісі ретінде ауылшаруашылық кәсіпорындарына, шаруа (фермерлік) қожалықтарға, серіктестіктерге, кооперативтерге және басқа шаруашылықтық құрылымдарға тұрақты (мерзімсіз) пайдалануға немесе жалға алу шартымен белгілі бір мерзімге бекітілген жерлерде ауылшаруашылық өндірісін территориялық ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі уақытта ауылшаруашылық өнімі өндірумен әр түрлі ірі мемлекеттік кәсіпорындар (тұқым дайындайтын және басқа мамандандырылған шаруашылықтар), мемлекеттік емес (шаруа қожалықтары, ұжымдық кәсіпорындар мен кооперативтер акционерлік қоғамдар және т.б.) айналысыды. Олардың көпшілігі әр түрлі шаруашылықаралық және агроөнеркәсіптік бірлестіктер қатарына кірген мен, бірақ барлығыда өз еріктілігін сақтайды және негіргі жер пайдаланушылықтар болып табылады. Сонымен қатар ішкішуруашылық жерге орналастыру объектісі ретінде ғылыми - зеттеу мекемелерінің және машина сынау станцияларының тәжірибелік шаруашылықтары жоғары оқу орындарының колледждердің оқу - тәжірибелік шаруашылықтары, өнеркәсіптердің, ұйымдар мен мекемелердің қосалқы ауылшаруашылықтары болуы мүмкін.
Ішкішаруашылық жерге орналастырудың басты мақсаты - шаруашылықтық субъектілердің алдына қойған міндеттерін жер бетінде ойдағыдай орындауға мүмкіндік беретіндей реттілікті орнатуға, яғни аз шығын жұмсап, максимальды мөршерде жоғары сапалы өнім алу, оны сондай тауарлы түрінде тұтынушыларға өз уақытында жеткізу, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін топырақтың құнарлығын сақтауды және ұдайы өндіруді ескере отырып, адамдардың өмірін жақсарту жөніндегі маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу.
Ішкішаруашылық жерге орналастырудың негізгі міндеттері - ауылшаруашылық айналымындағы әр бір жер учаскесін толық, ұтымды, тиімді пайлануды қамтамасыз ететін территорияны ұйымдастыру формасын құру, оларды табиғаттың қолайсыз құбылыстары мен антропогенді әсерлерден қорғау, сонымен қатар уақыт пен ресурсты үнемдеу мақсатымен машина-трактор паркін өнімді пайлану және еңбекті ғылыми ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Территорияны ішкішуруашылық ұйымдастыру прцесінде көрсетілген негізгі міндеттерден туындайтын немесе онымен тығыз байланысты бірқатар басқа да маңызды міндеттер шешіледі:
Топырықтың құнарлығын сақтау және көбейту;
Ауылшуруашылық алаптардың пайдалануын жақсарту, өңделетін жерлердің қарқындылығын көтеру;
Топырақ эрозиясы салдарын жою және болашақта эрозиялық процестерді болдырмау;
Суармалы жерлердің тұздану салдарын жою, эрригациялық эрозия мен қайта тұздануды болдырмау;
Барларын сақтап, жаңа мәдени ладшафттарды құру;
Адамдардың демалу, еңбек және тұрмыстық жағдайларын жақсарту.
Инженерлік бір стадиялы немесе екі стадиялы жобаларды жасау, оларды натураға көшіру және жүзеге асыру арқылы өтетін ішкішаруашылық жерге орналастырудың аумақты және толық мазмұны күрделі міндеттер мен сәйкес келеді. Демек, ішкішаруашылық жерге орналастыру ұғымы бұл - еңбекті және ауылшаруашылық техникасын ұтымды пайдаланып, топырақ құнарлығы мен жердің басқа да пайдалы қасиеттерін сақтап көбейтіп, ауыл тұрғындарының еңбек етуі мен өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес меншік формаларындағы әр түрлі шаруашылықтық құрылымдардың ауылшаруашылық өндірісін территорияда ұйымдастыру үшін жүргізілетін шаралар жүйесі.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру ауылшаруашылығы өндірісімен айналысатын барлық кәсіпорындардың территориясында оларға бекітілген жерлерде жүргізіледі. Демек, ішкі шаруашылық жерге орналастырудың объектісі ауылшаруашылық кәсіпорын территориясы болып табылады. Ішкішаруашылық жерге орналастырудың басты мақсаты - шаруашылықтық субъектілердің алдына қойған міндеттерін жер бетінде ойдағыдай орындауға мүмкіндік беретіндей реттілікті орнатуға, яғни аз шығын жұмсап, максималды мөлшерде жоғары сапалы өнім алу, оны сондай тауарлы түрінде тұтынушыларға өз уақытында жеткізу, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін топырақтың құнарлығын сақтауды және ұдайы өндіруді ескере отырып, адамдардың өмірін жақсарту жөніндегі маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу. Ішкішаруашылық жерге орналастырудың негізгі міндеттері - ауылшаруашылық айналымындағы әрбір жер учаскесін толық, ұтымды, тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін территорияны ұйымдастыру формасын құру, оларды табиғаттың қолайсыз құбылыстары мен антропогенді әсерлерден қорғау, сонымен қатар уақыт пен ресурсты үнемдеу мақсатымен машина-трактор паркін өнімді пайдалану және еңбекті ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ішкішаруашылық жерге орналастыру кезінде өндірісті территориялық ұйымдастыру негізін шаруашылықтық учаскелер мен сызықтық контурлардың аудандары құрайды. Территорияны ішкішаруашылық ұйымдастыру процесінде көрсетілген негізгі міндеттерден туындайтын немесе онымен тығыз байланысты бірқатар басқа да маңызды міндеттер шешіледі:
1) жерді, еңбекті, аш техникасын пайдалану кезінде максималды экономикалық тиімділік алу үшін экономикалық міндеттерді шешу;
2) топырақтың құнарлығын сақтау және көбейту жөніндегі экологиялық міндет;
3) айнала қоршаған ортаны сақтау арқылы және шаруашылық экономикасын нығайту кезінде шешілетін әлеуметтік міндет.
Ішкішаруашылық жерге орналастырудың негізгі міндеті ұйымдастырылған территория жердің әрбір учаскесін толық, ұтымды және тиімді пайдалану, сонымен қатар уақыт пен ресурстарды үнемдеу мақсатында машина трактор паркін өнімді пайдалану мен еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілген формасын құру болып табылады. Ішкішаруашылық жерге орналастыру түсінігін былайша тұжырымдауға болады: бұл - еңбекті және ауылшаруашылық техникасын ұтымды пайдаланып, топырақ құнарлығы мен жердің басқа да пайдалы қасиеттерін сақтап, көбейтіп, ауыл тұрғындарының еңбек етуі мен өмір сүруі ушін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес меншік формаларындағы әр турлі шаруашылықтық құрылымдардың ауылшаруашылық өндірісін территорияда ұйымдастыру үшін жүргізілетін шаралар жүйесі. Ішкішаруашылық жерге орналастырудың қазіргі кездегі мазмұны шаруа қожалықтарын, кооперативтер мен шаруашылықтық серіктестіктерді, а.-ш. кәсіпорындарын және ірі, орташа, ұсақ агроқұрылымдарды ұйымдастыру шаруашылықтық тұрғыдан нығайтудың, а.-ш. өндірісін интенсификациялау және жерді пайдалану деңгейін көтерудің, егіншіліктің топырақ қорғау бағытындағы ғылыми негізделген жүйесін жүзеге асырудың және шаруашылықты жүргізудің прогрессивті жүйесінің объективті қажеттіліктермен анықталады. Қазақстандағы ішкішаруашылық жерге орналастыру түрлері мыналар болып табылады: богарлы егіншілік аймағындағы ІШЖО; суармалы егіншілік аймағындағы ішкішаруашылық жерге орналастыру; отарлы мал шаруашылығы жағдайларындағы ішкішаруашылық жерге орналастыру. Богарлы егіншілік аймағындағы ішкішаруашылық жерге орналастыру міндеті топырақ су қорғау технологиясын жүзеге асыру болып табылады. Суармалы егіншілік аймағында қойылған міндеттер жер мен суды кешенді пайдалану арқылы шешіледі. Отарлы мал шаруашылығы жағдайларындағы ішкішаруашылық жерге орналастыру міндеті мезгілдік жайылымдарды пайдалану болып табылады. Жерге орналастыру кезінде жобаланатын контурлар өндірістің территорияда ұйымдастырылуын көрсетеді. Олар территорияны ұйымдастыру формасы деп аталады. Ішкішаруашылық жерге орналастыру кезіндегі территорияны ұйымдастыру формаларына жататындар: бөлімшелер, бригадалар; алаптар; шаруашылық орталықтары (құрылыстар); ауыспалы егістер, ауыспалы жайылымдар, ауыспалы шабындықтар; жеміс-жидек кварталдары; танаптар; жұмысшы учаскелер, алқаптық жолдар; каналдар; мал айдайтын жолдар; орман белдеулері.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларының топтары табиғи-шаруашылықтық жағдайлары бойынша жобалар топтамаларына бөлінеді: богарлы егіншілік аймағындағы ішкішаруашылық жерге орналастыру жобалары; суармалы егіншілік аймағындағы ішкішаруашылық жерге орналастыру жобалары; топырақ эрозиясы аймағындағы ішкішаруашылық жерге орналастыру жобалары; отарлы мал шаруашылығы жағдайларындағы ішкішаруашылық жерге орналастыру жобалары. Шаруашылық жүргізу формасы бойынша ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарының ішкішаруашылық жерге орналастыру жобалары және шаруа қожалықтарының ішкішаруашылық жерге орналастыру жобалары болып бөлінеді. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларында шаруашылықтың ішкі территориясын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасының мазмұны жерге орналастырылатын объектінің табиғи және экономикалық жағдайларына, шаруашылықтың өндірістік типіне, меншік формасына байланысты. Дегенмен, ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасының негізгі алты түрлі құрамдас бөлігін атап көрсетуге болады. Олар:
1) өндірістік бөлімшелер мен шаруашылық орталықтарын орналастыру;
2) ішкішаруашылық жолдарды, су шаруашылығы мен басқа да инженерлік ғимараттарды орналастыру;
3) алаптарды ұйымдастыру;
4) ауыспалы егіс жүйесін ұйымдастыру және олардың территориясын орналастыру;
5) жеміс-жидек және жүзімдік көшеттерінің (бақша, жидектік, жүзімдік) территориясын орналастыру;
6) мал азықтық алаптардың территориясын орналастыру.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасының нәтижесі ауылшаруашылық өндірісінің территорияда ұйымдастырылуын көрсететін шаруашылықтық учаскелердің экономикалық негізделген ауданын, межелерін және орналасқан жерін планда графикалық көрініспен дәл анықтау болып табылады
Ішкішаруашылықтық өндірістік бөлімшелерді жобалау кезінде келесідей талаптар ескеріледі: берілген өндіріс типіне және табиғи- шаруашылықтық аймаққа сай жер ауданының сәйкестігі; алаптардың құрамы мен ара қатынасы мамандандырылуына, еңбек ресурстарына сәйкес болуы тиіс; ықшамды және дұрыс конфигурациялы; шаруашылық орталығынан негізгі а.ш. алаптарға дейін ара қашықтықтың минималды болуы, әрбір өндірістік бөлімшеге оның шаруашылық орталығына ең жақын орналасқан жерлер бекітілуі тиіс; ішкішаруашылық өндірістік бөлімшелердің жер массивтерінің межелері мүмкіншілікке қарай табиғи урочищалармен және жасанды қондырғылармен біріктіріледі.
Орталық елді мекенді олардың бөлімшелерімен, мал фермаларымен, далалық қостармен, өнімді дайындау, сақтау және қайта өндеу пункттерімен, басқа да агроөнеркәсіптік объектілермен қосатын, сонымен қатар ортақ пайдаланылатын жолдармен транспорттық байланыс жасауды қамтамасыз ететін жолдар ішкішаруашылық жолдарға жатады. Автомобиль жолдары бес категогрияға бөлінеді. Қозғалыс қарқындылығына байланысты шаруашылыққа келіп кіретін жолдар IV, ал тұрақты ішкішаруашылықтық жолдар V категорияға жатады. Олар төрт топқа бөлінеді: басты ішкішаруашылық жолдар; подъездер; негізгі далалық жолдар; ауылдық елді мекеннің территориясындағы жолдар. Бірінші топқа ауылшаруашылық кәсіпорындарының орталық усадьбаларын өндірістік бөлімшелермен, басқа елді мекендермен, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен, темір жол станцияларымен қосатын жолдар жатады. Екінші топқа өндірістік бөлімшелердің усадьбалары және басқа елді мекендерді мал фермаларымен, қосалқы цехтармен, өнімді дайындау, сақтау және алғашқы өңдеу пункттерімен, улы химикаттар, тыңайтқыштар қоймасымен қосатын жолдар жатады. Үшінші топқа өндірістік бөлімшелер усадьбаларын, фермаларды, басқа да елді мекендерді ауылшаруашылық алаптары және жеке шаруашылық учаскелерімен, дала қостары, жайылымдық лагерьлермен қосатын жолдар кіреді. Төртінші топтың жолдары елді мекеннің қүрылысының бас планын жасау кезінде жобалаудың негізі болып табылады. Ішкішаруашылық жол торабын орналастыру кезінде келесідей мәселелер шешіледі: жол бағытын, категориясы мен жасалу типін анықтау; трассаны және ондағы жасанды қондырғыларды орналастыру. Соңында құрылыстың құны және кезектілігі, күрделі қаржының экономикалық тиімділігі анықталады.

1.3 Ауыспалы егіс танаптары мен жұмысшы учаскесін орналастыру
Ауыспалы егіс дегеніміз -- ғылымға негіздеп дақылдар мен сүрі танапты белгілі бір мерзімде және аумақта кезектестіріп орналастыру. Дақылдар мен сүрі жердің кезектесу ретімен бірінен соң бірінің орналасуын ауыспалы егістің сұлбасы (кескіні) деп атайды. Мысалы, Солтүстік Қазақстандағы ең кең тараған ауыспалы егістің сұлбасы:1 -- сүрі жер, 2 -- жаздық бидай, 3 -- жаздық бидай, 4 -- арпа. Дақылдар мен сүрі жердің ауыспалы егістің барлық танаптары арқылы өтуі олардың аумақта кезектесуін білдіреді. Дақылды бір танапта ұзақ уақыт өсіруді ауысымсыз, ал шаруашылықтағы негізгі дақылды дара дақыл деп атайды. Ауыспалы егістерде, кейде бір дақылды бірнеше жыл бойы қатарынан егеді, сосын оны басқа дақылмен ауыстырады. Мұндай егістіктерді қайталама егістік деп атайды.
Ауыспалы егістің әр танабында әдетте бір дақылды өсіреді, кейде бір танапта биологиясы және өсіру технологиясы ұқсас бірнеше дақылды орналастырады. Ауыспалы егістің мұндай танаптарын құрама деп атайды. Ауыспалы егістің жақсы алғы егіспен басталып, келесі жақсы алғы егістің алдында аяқталатын бөлігі ауыспалы егістің буыны деп аталады. Ауыспалы егіс тәсіліне сәйкес, дақылдар мен сүрі жердің кезектесуінің толық циклі өтетін кезеңді айналым (ротация) деп атайды. Оның ұзақтығы әдетте ауыспалы егістегі танаптар санына тең. Ауыспалы егістің тыс танабы деп дақылдардың кезектесуінен уақытша шығарылып және бірнеше жыл бойы бір дақыл ретінде өсірілетін танапты айтады. Тыс танапта көбінесе көпжылдық шөптер, жүгері өсіріледі. Алғы дақыл деп осы танапта өткен жылы болған дақылды немесе сүрі жерді атайды, яғни ауыспалы егістегі әрбір дақыл немесе сүрі жер өзінен кейінгі дақыл үшін алғы дақыл болып табылады. Ауыспалы егістің, дақыл мен сүрі жерді ретімен ауысуына, олардың кезектестік қағидасына өзгертулер енгізуге мүмкіндік беретін қасиетін оның икемділігі (бейімделгіштігі) деп атайды. Айналымы ұзақ және биологиясы ұқсас дақылдардан тұратын ауыспалы егістің икемділігі жоғары. Дақылдардың кезектесу қажеттілігі химиялық, физикалық, биологиялық, экономикалық себептерге байланысты.
Бір дақылды тұрақты немесе ұзақ уақыт бойы бір жерге өсіре берсе, онда арамшөптер, зиянкестер және аурулар қаптап, топырақ тозады да, өнімнің азаюына әкеп соқтырады. Ауыспалы егісте дақылдарды кезектестіру, биологиялық себептердің кері әсерін төмендетеді немесе тіпті мүлдем жояды. Мәселен, күнбағысты тұрақты сепкенде ол тоғышар арамшөп сұңғыладан күшті зақымданады; бидайды кезектестірмей сепсе, онда ол тамыр шіріндісі ауруына шалдығады.
Бірнеше дақылдарды (дәнді, отамалы дақылдар, көпжылдық екпе шөптер) өсіру оларды себудің, орып алудың мерзімдері әр түрлі болғандықтан, еңбекті, техниканы, жұмысшы күшін біркелкі пайдалануға, мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар. Дақылдар өнімінің мөлшері мен сапасына алғы дақыл үлкен әсер етеді. Солтүстік Қазақстанның құрғақшылық жағдайында, ең жақсы алғы дақылға сүрі жер (танабы) жатады. Ол топырақта ылғалдың, өсімдікке сіңімді түрдегі қоректік заттардың жиналуын, танаптың фитосанитарлық күйінің жақсаруын және арамшөптен тазалануын қамтамасыз етеді. Қазақстандағы таза, екпе, ықтырмалы, сидералды, жазықтілгіш гербицидті, т.б. сүрі танаптары кең тараған. Отамалы дақылдар (қант қызылшасы, жүгері, картоп, көкөніс, т.б.) алғы дақыл ретінде танаптарда арамшөптермен күресті жақсы жүргізуге мүмкіндік береді: жаз бойы арамшөптермен қатарлықта күрес жүргізіледі, топыраққа тыңайтқыштар енгізіледі.
Ауыспалы егіс - ауылшаруашылық дақылдарының уақыт пен кеңістікте кезектелуі арқылы жүргізілетін территорияларының алмасуы. Ауыспалы егістерді ұйымдастыру олардың типін, түрін, дақылдардың кезектелу схемасы және олардың территориясын орналастыруды қамтиды. Ауыспалы егіс танаптардан тұрады. Оның танаптары ауылшаруашылық дақылдарын өсіп өндіру және агротехникалық механикаландыру жұмыстарын орындау үшін арналған бөліктер жатады. Кейбір кезде танаптар жұмысшы учаскелеріне бөлінеді. Жұмысшы учаскелер мен танаптардың межелері арасында алаптық жолдар жүргізіледі.
Ауыспалы егіс жыртылған жер территориясын реттестіру жөніндегі шешілетін территориялық кешенді міндеттерді қамтиды. Ауыспалы егістерді ұйымдастыру байланысты және кешенді қарастырылатын жобалық міндеттерді қамтамасыз етеді.
Ауыспалы егіс жүйесін жобалаудың міндеті - топырақ құнарлығын қалпына келтіру және оны жақсарту, егіншілік дақылдардын өнімін көтеру және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін жоғарылату, еңбек қорын тиімді пайдалану болып табылады.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарында ауыспалы егістерін жүргізу және жетілдіру жөнінде тәжірибе өте үлкен. Ауыспалы егіс тұрақты игерілген шаруашылықтарды дәнді дақылдардын өнімділігі мен игерілмеген шаруашылықтармен салыстырғанда 3-4 ц жоғары.
Нарықтық қатынастардың дамуы мен ауылшаруашылық кәсіпорындарының реформалануына, жер пайдаланушылықтарының өзгерістеріне байланысты, бұрынғы ауыспалы егістерді түзетуге және оларды қайтадан жасауға тура келеді. Сонда бұда шаруашылықтық агроқұрылымдар, шаруашылық серіктестіктер, шаруа фермерлік қожалықтары, коперативтер және т.б мәселелерін толығымен шешуі тиіс.
Ауыспалы егіс егіншіліктін басты міндеті болып табылады. Ауыспалы егісте топырақты өндеу, тұқым өсіру, тынайтқыш, танапты қорғайтын орман белдеуі, мелиорациялау және т.б. Ауыспалы егіс осындай талаптарды қанағаттандырады:нарық сұранысын қанағаттандыратын өсімдік шаруашылығының жалпы товарлы өнімін өндіру; жер учаскесін оның табиғи қасиеттерін, ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктерінің шығымдылығын және экологиялық тұрақтылығын ескере отырып пайдалану;
топырақ эрозиясымен және табиғаттың кері құбылыстарымен күресу жөніндегі шараларды жүзеге асыру; жұмысшы күші мен ауылшаруашылық техникасының транспорттары және басқа механизмдерді тиімді пайдалану үшін жағдай жасау.
Ауыспалы егістін жүйелерінің барлық элементтерін жобалауға және ғылыми негізделген кешенді мәселені шешуге қолдану арқылы қол жеткізу.
Ауыспалы егістерді жобалау және территорясын реттестіру кезінде көптеген талаптар ескеріледі. Ауыспалы егіс массиві былайша орналасуы керек:ауылшаруашылық дақылдарын өсіп өндіруне қолайлы топырақтарында; агроэкологиялық территорияларда;ықшамды.
Ауыспалы егістерді ауылшаруашылық дақылдарының топырақтарын ескеру арқылы кезектелу схемасында жүгері егістігі бар ауыспалы егістерді тұзданған және эрозияланған топырақтарда орналастыруына болмайды. Тұзданған топырақтарда арпа және көпжылдық шөптерді орналастырған жөн.
Ауыспалы егіс жүйесін орналастыру кешенді бір мәселеге айналды. Ауыспалы егісте экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін жер массивінің ауданы, саны, орналасқан орны, агротехникалық құрамы бірге қарастырылуы керек. Тұқым қоры мен қысқы мал азығын сақтайтын пунктеріне бұрынғы жасалған есептеулерді пайдаланған жөн. Жаңа жоба бойынша ауыспалы егіс массивтері мен танаптарының пайдалануы анықталып, прогрессивтік технологияларды пайдалану мәселелерін зерттеу. Жерге орналастырулық зерттеулер, бағалау материалдары пайдалану және топырақты қорғау шараларын жыртылған жер массивтеріне бөлу.
Жыртылған жер массивтерінде көлемі мен орны бойынша ерекшеленетін ауыспалы егістер болады. Шабындықты және жайылымдық топырақты қорғайтын ауыспалы егістін көлемі эрозияланған эрозиялық қауіпті аймақтар массивтерінің болуымен анықталады. Сортанданған жыртылған жер массивтері тұзға төзімді дақылдарын отырғызуға жарамды, дегенмен ылғалданған учаскелер болса ылғал сүйгіш дақылдар жеке өзінің бір ауыспалы егістеріне бөлінеді. Көкөністік ауыспалы егістеріне өзен жайылмалары мен анғарлар жарамды.
Ауыспалы егіс массивтері шағын, ұзындығы минималды, табиғи қасиеті біртекті, дақылдары өсіруге қолайлы болуы керек. Ауыспалы егіс массивтерін жол және орман жолағымен жыртылған жер массивінде орналасуы тиіс. Су эрозиясы суайрық сызықтарымен жүргізілуі керек.
Ауыспалы егіс типіне өндірістік мақсаттағы ауыспалы егістің негізгі төрт тобы кіреді. Олар: алқаптық немесе далалық, мал азықтық, арнайы, топырақ қорғайтын.
Алқаптық немесе далалық ауыспалы егістерге массивтің 50%-дан астамына далалық дақылдар ауыспалы егістер кіреді. Алқаптық немесе далалық ауыспалы егістер әр түрлі болады: пар - дәнді - отамалы, пар - дәнді дақылды, дәнді - отамалы, мақталық, қант қызылшалық және т.б. Алқаптық немесе далалық ауыспалы егістерді жобалауға осындай факторлар әсер етеді: топырақ, жыртылған жер массивтерінің өлшемдері, парлы жердің ауданы мен далалық дақылдар жиынтықтарының ұйымдастырылуы. Қазақстан республикасында астық өндіретін солтүстік және орталық облыстарында 4-5 танапты ауыспалы егістер таралған. Олардағы таза пардың үлес салмағы 25%, ал дәнді дақылдардың үлес салмағы 75-80%.
Мал азықтық ауыспалы егістің 50%-дан астамына мал азықтық дақылдар егіледі. Оның мынадай түрлері болады: ферма, лагерьлік және шабындықты-жайылымдық ауыспалы егістер. Мал азықтық ауыспалы егістерді жобалау негізінде маңызды экономикалық талаптар бар. Транспорт және басқа шығындарды азайту мақсатында, мал азығы өндірісін жақындатуғ. Осындай талаптарды ферма маңында орналасқан далалық ауыспалы егістерде және ауыспалы егіс учаскелерін мал азықтық дақылдарды өсіруге болады. Ферма маңындағы ауыспалы егісітер негізінен қыстық мал азығын өсіруге бейімделген. Онда тамыр жемістілер, тамыр түйнектілер, мал азықтық бақшалық және сүрлемдік дақылдар өндірілмесе болмайды.
Арнайы ауыспалы егістерге қоректену жағдайлары талап қойылады, яғни көкөністік, техникалық дақылдар немесе өсіруге талап қоятын темекі, дәрі-дәрмектік және т.б. дақылдар егілуі керек. Және де біріктірілген көкөністік-мал азықтық, мал азықтық-далалық және т.б. ауыспалы егістер жүргізілуі де мүмкін.
Көкөністік дақылдар темекі, дәрі-дәрмектік өсімдіктер топырақ құнарлығына жоғары талап қояды. Борпылдақ жеңіл саздақты немесе механикалық құрамы құмдақ топырақтар қажет болады. Бедері бойынша өзен аңғарлары, жайылмалары, беткейдің зиянды желдерден қорғалған және төменгі бөліктері, жақсы жылынатын бөліктері жарамды. Көп еңбек шығынын талап етуіне байланысты көкөністік ауыспалы егістер елді мекендерге, мал фермаларына жақын орналастырылады.
Топырақ қорғайтын ауыспалы егістердің екі түрі болады: пар мен көпжылдық және біржылдық ауылшаруашылық дақылдары егістігі отырғызылған және танаптың бөлігіне көпжылдық шөп, екінші бөлігіне біржылдық ауылшаруашылық дақылдары себілген танапты ауыспалы егістер жатқызылады.

II Жобалау обьектісінің сипаттамасы
2.1 Шаруашылық туралы мәлімет
Дипломдық жобада қарастырылатын Шапағат ЖШС территориясы Егіндікөл ауданында орналасқан.
Егіндікөл ауданы - 1970 ж. Атбасар және Қорғалжын аудандарының ықшамдалуына байланысты құрылған. Аудандағы 16 елді мекен 8 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Аудан орталығы - Егіндікөл ауылы. Егіндікөл ауданы Сарыарқаның орта бөлігінде, Есіл өзен мен Теңіз - Қорғалжын ойысы аралығында орналасқан.
Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері 518,8 мың га, оның 346,2 мың га-сы жыртылған, 1,0 мың га-сы шабындық, 171,5 мың га-сы жайылым. Аудан Егіндікөл - Астраханка - Макинск - Щучинск - Көкшетау автомобиль жолы арқылы облыс орталығымен және Егіндікөл - Новочеркасское - Астана автомобиль жолы арқылы Астана қаламен байланысады. Егіндікөл - Атбасар темір жол тармағы арқылы Астана - Қараталды темір жол магистралімен жалғасқан. Шапағат ЖШС-тің аумағы 1 кестеде көрсетілген, шаруашылық астық өнімін өндіруге бағытталған. Сонымен қатар мал басын өсіру қосалқы болып есептеледі.
1-кестеЖер экспликациясыӨл-шем бірліктерЖердің барлығыоның ішінде алаптардың түрлері бойыншаА.ш. алаптардың барлығыоның ішіндеБасқа алаптаржырт жертыңаймашабындық жайылымбарлығыжақсартылғаныбарлығыж ақсартылғаныга995197608764---996-19 1%1009888102Сурет-1 Жер пайдаланушылық планы2.2Табиғи-климаттық жағдайларыЖер бедері негізінен жазық, тек орта бөлігі сайлы-жыралы, белесті келген (абсолют биіктігі 400 м). Жерінің көпшілігін жоғарғы плиоцен мен төменгі антропоген жүйелерінің көлді-аллювийлі шөгінділері жапқан. Кен байлықтарынан гипс, құм, гипсті саз кездеседі. Өзендер сирек кездеседі. Терісаққан өзенің саласы - Талдысай өзенің бастауы және жазда құрғап қалатын бірлі-жарым еспелер ғана бар. Аудан аумағында көптеген суы тұщы және ащы көлдер орналасқан.
Самарбай, Ұзынкөл, Алакөл (тұзды), т.б. Жер асты сулары 50 - 100 м тереңдікте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер салығы туралы
Ауылшарушылық мақсатындағы жерлердің жағдайы
Ормандардың құқықтық режимі
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
Жайылым - ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері
Ормандардың құқықтық режимі туралы
ҚР- ның жер қорының жалпы сипаттамасы
Орман қоры жерінің жалпы ережелері
Жер кадастрының даму тарихы
Жер кадастры туралы мағлұматтар
Пәндер