Әлеуметтік желілердің мектеп жасындағы балалардың агрессивті мінез - құлқына әсер ететін психологиялық жағдайлар негіздері


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Әлеуметтік желілердің мектеп жасындағы балалардың агрессивті мінез-құлқына әсер ететін психологиялық жағдайлардың ғылыми теориялық негіздері . . . 71. 1 Әлеуметтік желілердің мектеп жасындағы балалардың агрессивті мінез-құлқына әсер ететін психологиялық жағдайлар негіздері . . . 7
1. 2 Әлеуметтік желілердің мектеп жасындағы балалардың агрессивті мінез-құлқына әсер ететін психологиялық жағдайлардың мүмкіндіктері . . . 22
- Әлеуметтік желілердің мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқына әсер ететін психологиялық жағдайына бағытталған тәжірибелік эксперимент жұмысы . . . 36Әлеуметтік желілердің мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқына әсер етуін анықтау экспериментіне сипаттама . . . 36Әлеуметтік желілердің мектеп жасындағы балалардың агрессивті мінез-құлқына әсер етуінің психологиялық жағдайларының қалыптастыру тәжірибесі және нәтижесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда қоғам және қоғамдық көзқарастар күннен - күнге өзгеру үстінде. Әрі бұқаралық ақпарат және қарым - қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып, ақпарат тарату еркіндігіне кең жол ашылуы балалардың сана - сезімі мен рухына кері әсер етуде. Қазақ бола тұра қазақ тілін ұмытып, ата - бабамыздың салт - дәстүрімен әдет - ғұрпынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен әлеуметтік желілердің еркіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз? Бүгінгі таңда бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек барша қауымды толғандыруда.
Соңғы уақытта қоғам мектеп жасындағы балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатыгездік, агрессиялық, жағымсыздық, ассоциалды мінез-құлықтарын қарқынды түрде зерттеуді талап етіп отыр. Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу - психология ғылымының негізгі мәселелері [1] .
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын «Білім беруді дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді, дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі және мектептегі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі [2] .
Қазіргі таңда көптеген психологтар «агрессия» - бұл өзіне мұндай қатынасты қаламайтын тірі жанға басқа біреудің зиян келтіруі немесе мақсатты түрде жәбірлеуді білдіретін мінез-құлықтың кез-келген формасы деген анықтаманы қолданады [3] . Сонымен қатар өз-өзіне бағытталған агрессивті мінез-құлық әрекеттерін білдіретін -аутоагрессия деген бар дейді [4] .
Барлық қасиеттер сияқты агрессия да индивидтерде әртүрлі дәрежеде көрініс табады, біреулерінде мүлдем жоқ болса, басқаларында шексіз болады. Агрессияның болмауы енжарлыққа, ал оның шектен тыс дамуы қақтығысқа, қоршағандармен өзара түсініспеушілікке әкеледі. Агрессия адамда белгілі бір мөлшерде болуы керек, себебі адамда ол болмаса, адам дамымайды, енжар болады. Мектеп оқушылары үшін әлеуметтік қоршаған орта мәнді рөль атқарады, ерекше орын алады, себебі олар айналамен қарым-қатынасқа түсу арқылы дағдыларды игереді, дамиды [5] .
Қазіргі кезде мектеп жасындағы балалардың жаңа заманғы жеке өздерінің ұялы телефондары, гаджеттері және компьютерлері зиянды қауіп төндіріп отыр. Мектеп жасындағы балалар әртүрлі көптеген әлеуметтік желілерге, компьютерлік ойындарға өзінің бос уақытының бәрін дерлік арнайды. Он бес жыл бойы фантазиядағы (ойындағы) және шынайы өмірдегі жауыздықтың арасында тығыз себеп-салдарлық байланысы бар ма деген пікірталастар жүруде. Алайда, психологияда әлеуметтік желілерге бейімділіктің, агрессивтіліктің жеке тұлғалық қасиет ретінде қалыптасуына ықпалы аз зерттелінген.
Мектеп жасындағы балалардың басты қызығушылықтарын әлеуметтік желіде модаға айналған Вконтакте, Одноклассники, Фейсбук тәрізді, сонымен қатар Твиттер секілді блогтар мен миркоблогтар және тағы басқа жаңалықтар, фото, видео және мәртебені көрсететін түрлі эмоцияларды енгізуге мүмкіндік беретін сервистер аударуда. Осылайша барлық жаңалықтардың және жаңашылдықтың назарында болу үшін мектеп жасындағы балалар бір-бірімен жарысып, интернеттің барынша маңыздылығын дәлелдеуде. Алайда пайдасы бардың зияны бар демекші, физиологиялық және психологиялық дертке ұшырайтындарын елемейді.
Интернет - кеңітікте анонимділік, еркін сөйлеу, қалаған тақырыпта және қалаған уақытта тіл табысу, эмоцияны шығару, кез келген сұрақтарға жауаптар алу мақсатында интернетте көп уақыт отыруды талап етеді. Күні бойғы жасаған әрекеттерін твиттерге жазып, біреулер болса түрлі сайттарда саяхаттар, контактыда достарынның фотосуреттерін, видеобейнелерін бағалап, үйде компьютер/ноутбукпен, жолда келе жатып, далада серуендеп жүріп планшетпен немесе сабақта отырып ұялы телефонмен интернет желісінде отырады.
Үнемі онлайнда отыруға деген психологиялық тәуелділіктің салдарынан, біздің күнделікті өмірде байқайтын сандырақ әрекеттер - автобуста немесе кафеде екі оқушы ұялы телефондарын қолдарына алып, бір-біріне смс жолдайды. Әңгімелері қысқа да нұсқа, өзіндік «тілдері» басқаларына түсініксіз, пошталарын тексеріп, интернетте болып жатқан жаңалықтарға бөгеліп, сонымен үйлеріне мәз мейрам болып қайтады. Осындай кездесудің болғанынан гөрі болмағаны артық емес пе? Осыдан көретініміз балалар арасында тіл табысу деңгейі төмендеп, сөйлеу мәнері бұзылып, қызығу орталарының таяздығын байқауға болады.
Интернетке тәуелділік - біздің басымызда бар мәселенің тікелей салдары. Жаңа ақпараттар мен таныстарды табу, әдеби шеберлікті ұштау өте жақсы. Интернеттің осындай сияқты әрекеттерді орындауда пайдасы зор болады делік. Бірақ шынайы өмірді виртуалды шынайылыққа алмастыру тіптен ақымақсыздық. Құрал өмірдің негізгі мәніне айналмауы тиіс. Өмірде қорқақ, әлсіз, қоянжүректі балалар желіде онлайн/компьютерлік ойындарды ойнауда, батыл да батыр, ержүрек, қанішер, кез келген виртуалды кейіпкерді жеңу үшін бар күшін салады. Олардың өзіндік бір ләззат алуына ыңғайлы орта іспеттес ол интернет кеңістігі.
Теледидардағы қорқынышты фильмдер, әлеуметтік желілердегі түрлі ақпараттар, компьютерлік ойындардағы күштеу элементерінің ықпалы туралы мәселе де әлі шешілмеген. Бірақ, агрессиялық мінез-құлық табиғаты біршама зерттелді. Сол себепті агрессияны зерттеу бағытының негізгі теорияларын көрсетуге болады. Атап айтсақ, инстинкт теориясы (З. Фрейд), агрессияның фрустрация теориясы (Дж. Доллард), когнитивті теория (З. Берковитц) және әлеуметтік үйрену теориясы ( А. Бандура) .
Агрессиялық мінез-құлықты зерттеу мәселесі төңірегіндегі бұл теориялар бір-бірінен агрессиялық мінез-құлықтың дамуы мен қалыптасуын түрліше түсіндірумен ерекшеленеді. Соңғы көрсетілген теориялар реті адамның агрессиялық мінез-құлқын тоқтату мен бақылаудың барынша көп мүмкіндігін туғызады. Агрессияның әлеуметтік үйрену теориясы әлеуметтену процесінде меңгерілген жағымсыз мінез-құлық моделін көрсетеді. Мысалы, кіші жеткіншек жастағы балалар басқа балалармен өзара әрекеттестікке және өзара қатынас барысында түрлі мінез-құлық модельдерін меңгереді.
Мінез-құлықтағы әлеуметтік ауытқушылыққа себепші индивидтік, жеке-даралық, әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық факторлардың жүйелі талдануының жүргізілуі, ауытқушылықтан сақтандыратын тәрбиелік-сауықтырушы жұмыс та толық үздіксіз жүргізілуі керек. Сондықтан мектеп жасындағы балада ерте қалыптасқан мінез-құлықтық мәселесі, оның қалыптасуының сипаттамасын жүйелі талдау және үздіксіз адекватты тәрбиелік-түзетуші жұмыс баланың жағымсыз әлеуметтенуіндегі агрессиялық мінез-құлықтан сақтап қалудың сәті болып табылады.
Ғылыми - техникалық әлемнің дамуына байланысты жеке тұлғаның өмір сүруіне жаңа әлеуметтік талаптар қойыла бастайды. Әлеуметтік желілердің пайда болуы мектеп жасындағы балаларға, олардың ерекшеліктеріне жаңа зерттеулер жүргізуді қажет етеді.
Осы қажеттіліктер біздің зерттеу жұмысымыздың «Әлеуметтік желілердің мектеп жасындағы балалардың агрессивті мінез-құлқына әсер ететін психологиялық жағдайлар » деп алуға түрткі болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Әлеуметтік желілердің ерекшеліктерін зерттей отыра, олардың пайдалы және зиянды жақтарын анықтау.
Зерттеу объектісі - әлеуметтік желілер («Одноклассники», «ВКонтакте», «Facebook», «WhatsApp», « Instagram») және мектеп оқушылары.
Зерттеу пәні: Әлеуметтік желілердің метеп жасындағы балалардың агрессивті мінез-құлқына әсер ететін психологиялық жағдайлары
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер оқушылар әлеуметтік желілердің пайдалы және зиянды жақтарын білсе, онда олар виртуалды және интернет - тәуелділігін болдырмай оны байланыс құралы ретінде қолдана алады.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Зерттеу болжамы анықталған соң, келесі зерттеу міндеттері туындайды:
- Ғылыми педагогикалық-психологиялық және әдістемелік әдебиеттерді талдау;
- Зерттеу тақырыбы бойынша мәселесінің практикалық маңыздылығын анықтап негіздеу;
- Педагогикалық эксперимент ұйымдастырып өткізу және нәтижесін талдау арқылы көрсету.
Зерттеу әдістері: Философиялық, психологиялық - педагогикалық, әдістемелік зерттеулерді оқып-үйрену және талдау, озық педагогикалық іс-тәжірибені оқып-үйрену және талдау, әңгіме, математикалық-статистикалық өңдеу әдістері, тәжірибелік эксперименттік жұмыс.
Зерттеудің әдіснамалық негізі. Зерттеудің теориялық негізі болып ресейлік, қазақстандық және шетелдік концепциялар табылады, олар агрессия мен агрессивтіліктің ғылыми негіздерін (Л. Берковиц, З. Фрейд, К. Лоренц, К. Г. Юнг, Э. Фромм, К. Роджерс, В. Франкл, Ф. Перлз, К. Хорни, Д. Уотсон, А. Бандура, Д. Долард, С. Розенцвейг, А. А. Реан, Г. Паренс, Н. Левитов) қалыптастырған. Осы зерттеушілердің ішінде (Э. Фромм, К. Изард, А. Р. Ратинов, Т. Д. Марцинковская, А. А. Роял, С. А. Соловьева және тағы басқалар) «агрессия» және «агрессивтілік» түсініктерінің синоним емес екендігін атап көрсеткен.
Агрессивтілік - бұл агрессияға дайындықты көрсететін, өз кезегінде агрессивті мінез - құлыққа жататын белгілі тұлға қырларымен сипаттауға болатын тұлға қасиеті, агрессия деп - әдетте деструктивті тұлғааралық өзара әрекеттесуді түсінеді.
Зерттеу базасы. Тәжірибелі экспериментке Ақтөбе қаласындағы №40 жалпы орта мектебінің 5 «а» класс оқушылары қатыстырылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеу мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі, зерттеу пәні, зерттеудің ғылыми болжамы, зерттеудің міндеттері, пайдаланған ғылыми-зерттеу әдістері, дипломдық жұмыстың құрылымы құрастырылған.Бірінші бөлімде: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттер қарастырылды, теориялық түсінік беріліп, оны зерттеген көрнекті педагог, психологтардың еңбектеріне жан-жақты талдау жасалады.
Екінші бөлімде: Әлеуметтік желілердің мектеп жасындағы балалардың агрессивті мінез-құлқына әсер ететін психологиялық жағдайлары бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны беріледі.
Қорытынды бөлімде: зерттеу пәні бойынша орындалған теориялық және практикалық тәжірибе жұмыстарының нәтижесі тұжырымдалып, ұсыныстар беріледі.
- Әлеуметтік желілердің агрессивті мінез-құлқына әсер ету факторы ретіндегі проблемаға теориялық талдауАгрессия мәселесін зерттеуде шетелдік және отандық ғалымдардың психологияға ықпалы
«Агрессия» термині қазіргі кезде кең мағынада қолданылады. Адамдар неге агрессивті әрекет етеді екен, осындай деструктивті мінез-құлықты болдырмау үшін қандай іс-шаралар қолдану керек? Бұл сұрақтар көптеген ғасырлар бойы философия, поэзия, дін сияқты түрлі позицияларда қарастырылып келеді. Біздің мыңжылдықта бұл мәселе жүйелі зерттеудің пәні болып отыр, бірақ агрессия проблемасымен байланысты сұрақтардың бәріне жауап табылып жатқан жоқ [6] .
Тұрмыстық тілде агрессия былайша түсіндіріледі: «Жауласуды тудыратын ашық жағымсыздық», ал «агрессивтілік» зиянды өзара әрекеттесудегі жауластықты тудырушы ретінде жүреді. Яғни, агрессия ашық түрде жауласу болса, агрессивтілік адамның өзара жауласуына әкеледі [7] . Жалпы агрессия термині зорлық әрекеттерін күшейту мағынасына ие. Агрессия және агрессорлар дөрекі күштерді көрсетуші ретінде жағымсыз түрде бағаланады [8] .
Әлеуметтік позициядан қарайтын агрессияға келетін болсақ, агрессияға әкелетін және одан сақтайтын әлеуметтік факторлар мен жағдайларды білу қажет [9] . Адамдар біреуді агрессивті деп сипаттағанда олар біреуді жәбірлейді немесе досшыл емес, немесе күшті бола тұра барлығын өзінше жасатқысы келеді деп, немесе олар өз айтқандарынан қайтпайды деп, немесе шешілмейтін мәселлерді еш қорқынышсыз қолына ала алады деп сипаттаулары мүмкін. Кейбір жағдайда агрессорлар басқаларға деген қайғы немесе ауыртпашылық ниетін жасыруы мүмкін [10] . Агрессияны тек басқаларға зиян әкелетін мінез-құлық ретінде ғана емес, сонымен қатар негативті жетістікке жету тілегі бар кез келген әрекет деп айтуға болады [11] .
Психолог А. А. Реан «агрессия» және «агрессивтілік» деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия (латын тілінен «agressio» аударғанда - шабуыл, басқындық дегенді білдіреді) - бұл бөгде адамға болмаса адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған қиянат.
Агрессивтілік - бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі. Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады. Егер агрессия - бұл әрекет болса, ал агрессивтілік осындай әрекетке дайындық [12] .
Адамдар үнемі қауіпті агрессивті әрекеттер жасайды. Неліктен олар мұндай әрекеттерге барады, деген мәселе ұзақ уақыттан бері маңызды дискуссиялардың бірі болып келеді. Психология ғылымында психикалық құбылыстардың ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі шешімі шексіз болып қала береді.
Эмоциялық тұрақсыздықтың бір көрінісі - агрессивтілік адамның жеке тұлғалық қасиеті ретінде де, эмоциялық жан күйзелісі ретінде де зерттелінеді. Сондықтан бұл мәселені зерттеу бірнеше бағыттан тұрады.
Агрессия құрбанын не жәбірлеуді, не оған зиян тигізуде денеге зақым келтіруді мақсат етуді сипаттайды. Агрессияның нәтижесі негативті салдарға әкеледі. Жәбірлеуден басқа, біреуді қолайсыз жағдайға қалдыру, қорлау, мазақ ету, қажетті бір нәрсесінен айыру және т. б. сияқты көріністерді агрессивті деп атауға болады. А. Басс адамдарда агрессияның көрінуіндегі агрессивті әрекеттерді сипаттауға мүмкіндік беретін 3 негізгі шкалаларды көрсетті:
- физикалық-вербалды;
- белсенді-енжар;
- тура-жанама.
Агрессия осындай бірнеше жиынтықтардан тұрады:
Физикалық агрессия - басқа адамға зақым не ауырлық келтіру, адам сүйектерін, мойынын сықырлатады, тісін қайрайды, жұдырығын жұмып оянады, агрессиялық киноларды көреді.
Вербалды агрессия - жәбірлеу, жүрегін ауыртатын сөз құралдарын қолдану:
- жағымсыз ой-пікірлерімен сыншыл ескертпелер;
- жағымсыз эмоциялардың көрінуі, жек көру, сенімсіздік таныту жасырын өкпелеу сияқты қанағаттанбау формасында;
- агрессия сипатындағы ойлар мен тілектерді айту;
- жәбірлеу, кінәлау т. б.
- қорқыту, зорлау;
- қарапайым айқай - әдетте агрессивті сипатта болады.
Тура агрессия - құрбанға қарсы бағытталған, жамана агрессияда - құрбан қатыспайды, бірақ оған қарсы өсек тарайды.
Агрессия - өзіне мұндай қатынасты қаламайтын тірі жанға басқа біреудің зиян келтіруі немесе мақсатты түрде жәбірлеуді білдіретін мінез-құлықтың кез келген формасы [13] .
Осылайша, агрессия қандай формада көрінсе де, өзіне мұндай қатынасты қайталанбайтын басқа тірі жанға зиян немесе зақым келтіруге бағытталған мінез-құлықты білдіреді.
Ол келесі ерекшеліктермен сипатталады:
- агрессия міндетті түрде әдейі құрбанына зиян келтіреді;
- агрессия ретінде тірі ағзаға зақым немесе зиян келтіруді білдіретін мінез - құлық қана қарастырады;
- агрессия құрбанының мұндай қатынасты өзімен болғанын қаламайтын мотивациясы болуы қажет.
Кейбір авторлар агрессияны эмоция, мотив, ұстаным емес мінез-құлық моделі ретінде қарастырады. «Агрессия» термині үнемі ашу - ыза сияқты эмоциялармен сонымен қатар зақым келтіру, жәбірлеу тілектері сияқты мотивтермен, этникалық нанымдар сияқты ұстанымдармен ассоциацияланады. Нәтижесі зиян келтіруге әкелетін бұл факторлардың мінез-құлықта маңызды рөлді атқаруына қарамастан, олардың бар болуы мұндай әрекеттерді орындаудың шарты болып табылмайды. Жалпы алғанда ашу, ыза басқа адамға қол жұмсап, күш келтірудің қажетті шарты болып табылмайды, ал негативті эмоциялар, мотивтер, ұстанымдар әрқашан басқа адамға қарсылық ету мен тура әрекет етуден көрінбейді деп тұжырымдайды.
Агрессия - бұл әлеуметтенудің бұрмалауының нәтижесі, ата-ананың жазалауды шектен тыс қолдануы, балаларға деген қатал қатынасының нәтижесі. Агрессивті бағыт тұлғаға қарсы бағытталған бағыттау, зорлық, өлтіру әрекеттерінен көрінеді, объективті жағдай мен адамның агрессивті мінез-құлқының арасында себептерді біріктіретін байланысты көрсетеді: агрессияға деген дайындық (ыза, ашу) және өзі үшін осы жағдайларды интерпитациялау [14] .
Зорлық, зомбылық көрсету, қастандық жасау, агрессия мәселелері көптеген теориялық мектептердің зерттеу объектісі болып отыр. Бірақ осы мектептердің ешқайсысы осы сұрақтарға толық және жан-жақты жауап бере алмайды, бірақ мәселенің белгілі аспектісін зерттеп, түсіндіруге мүмкіндік береді.
Психоаналитикалық бағыт өкілдерінің көзқарасы бойынша агрессия - бұл қандай да бір объектіге немесе адамға түрлі себептер бойынша кейбір бастапқы туа біткен бейсана құмарлықтардың іске аспау нәтижесіне өмірге деген энергияның бұзылуы, мақсаты - зиян келтіру болып табылатын мінез-құлық. Бұл құмарлықтарды басу, олардың іске асуын қатал бекіту мінез-құлықтың әлеуметтік дезадаптация формасына әкелетін, мазасыздық, толымсыздық, агрессивтілік сияқты сезімдерді тудырады [15] .
Психоаналитикалық бағытты қалаушы З. Фрейд өзінің бұрынғы жұмыстарында адамның мінез-құлқындағы үйлескен тенденциялар махаббатпен, қамқорлық арқылы өмірді қайта өңдеу мен сақтауға бағытталған энергиялар мен өмір истингі Эростан туа және жанама туады деп пайымдаған. Сонымен қатар З. Фрейд екінші негізгі инстинкт Танатос бар екенін айтты - бұл өлімге деген құмарлық. Оның энергиясы өмірдің аяқталуы мен бұзылуына бағытталған, ал бұл жағымсыз эмоциялар - ыза, жек көрушілік, деструктивтілік болып табылады. З. Фрейд барлық адамдардың мінез-құлықтарын Танатос пен Эростың арасындағы күрделі қарым-қатынас нәтижесі, екеуінің арасында үнемі қысым болып тұрады деген. Осы екі инстинкт арасында үнемі өткір қақтығыс болып тұратындықтан, басқа механизмдер (ығыстыру) Танатос энергиясы сыртқа, ал, «Менін» бөлек бағытқа бұру мақсатында қызмет етеді. Осылайша, Танатос жанама түрде агрессияның сыртқа шығып, басқалардың бағытталуына себеп болады.
З. Фрейд агрессияның зорлық ретінде көрінуін алғашында адамға бұрыннан тән инстинкттер ретінде түсіндіреді. Инстинкттер мен оның әрекеттерін шектеп отыратын әлеуметтік нормалар арасындағы қарама-қайшылықтың болуы агрессия және зорлық сияқты ішкі қысымдарды тудырады. Адам өзіне, басқаларға қатысты және сыртқы әлемге қатысты зорлық жасайды. «Жоғары Мен» арасындағы қақтығыс нәтижесі шынайылық пен психиканың, ішкі мен сыртқының арасындағы қарама-қайшылықты тудырады [16] .
Өмір мен өлімге деген құмарлықтардың өзара қарама-қарсылығы затқа деген махаббат (нәзіктік) пен жеккөрініштілік (агрессивтік) арасындағы полярлігін дәлелдеумен түсіндіріледі. Өлімге деген құмарлық зорлықты тудырады, бірақ махаббат та агрессивті (агрессивтілікті) тудыруы мүмкін. Бұл мінез-құлық өз бастауын адамға тән өлім инстингінен алатын туа біткен ғана емес, сонымен қатар қашып құтыла алмайтын мінез-құлық, себебі, егер Танатос энергиясы сыртқа бағытталмайтын болса, ол индивидтің өзінде бұзылулардың пайда болуына алып келеді. З. Фрейдтің теориясындағы бұл аспект (катарсис жайлы түсінігі) қауіпті әрекеттердің алдын алудың тиімді құралдары болуы мүмкін бұзушысы жоқ эмоционалды/экспрессивті әрекеттерді орындауы.
Агрессиввтіліктің пайда болуына және ары қарай қалыптасуы Фрейдте балалаық дамудың кезеңдерімен сәйкестенеді. Оральді кезеңде оның байқалуы сарказмге, өсекке, бейім сияқты агрессивті қырларының қалыптасуына әкелуі мүмкін. Анальді кезеңде байқалуы қырсықтықтың қалыптасуына, ал ол өз кезегінде қырсықтыққа әкеледі, сонымен қоса ашу-ыза, өш алуға деген бейімділік қасиеттерінің қалыптасуына әкелуі мүмкін.
Яғни агрессивті мінез-құлық адамдағы өлім инстингі Танатостан бастау алып отырған тек туа біткен емес, сонымен қатар қашып құтыла алмайтын әрекет екеніне көз жеткіземіз [17] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz