Қазақ әдебиетінде үлкен орын алатын шығармаларды ірі тұлға қазақтың тарихи мұраларымен айқындау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі қазақ поэзиясының эстетикалық байлығы мол, көкжиегі кең. Ал қазақ ақындарының әрқайсысы, шын мәніндегі талант ретінде, қайталанбас творчестволық тұлға ретінде дара-дара. Сондай дара таланттардың бірі - С.Сейтхазин. Осы дипломдық жұмыста қазақ әдебиетіне өзіндік, айтулы үлес қосқан, дүниеден ерте де түрлі жанрда қалам тербеген ақынның шығармашылық өмірі айшықталды. Ол поэзиядан өнімді жұмыс бастап, өлмес туындыларды дүниеге келтірген талантты қаламгер.
Зерттеудің өзектілігі. Кеудесін кернеген жыр нөсеріне ерік беріп, өлең кемесіне мініп, әдебиет мұхитында еркін жүзе білген - Саттар Сейтхазин Кемпірбекұлы. Ол өзі ғұмыр кешкен дәуірде әдебиеттің түрлі жанрында қалам тербеген. Ақиқатында С.Сейтхазин тек өлең жазумен шектелмей басқа да жанрларда жазған еңбектері сан алуан. Солардың ішінен Социалистік Еңбек ері атағын екі рет алған Ыбырай Жақаевқа арналған Қарт диқан туралы жыры, Жамбыл - дастан атты Жамбылға арнау дастаны, Жұмағали Саинға, Ғафу Қайырбековке, Еркеш Ибраһимге арналған арнау өлеңдері бар. Өзі аудармашы ретінде Аржан Адаровтың, Семен Даниловтың, Николай Дамдиновтың, т.б. белгілі ақындардың өлең-жырларын қазақшалап, жеке кітап етіп шығарған. Саттар Сейтхазин өзінің жыр сәулесін жан-жағына шашып үлгерді. Жүрегінен жжарып шыққан өлмес әдеби мұра қалдырды. Сол мұраларының ішіндегісі ең шұрайлы, халық ішіне кең тараған туындылары, жалпы тіл ерекшелігі, образдық жүйесі, сюжеттік желісі, композициялық көркемдігі кеңінен сөз болады.
Зерттеу нысаны. Қаламгер Саттар Сейтхазинның артына қалдырған мол мұрасының кейінгі ұрпақ үшін маңызы қандай болса, оның баға жетпес әдеби шығармалары қазақ әдебиетінде өмір сүретіні анық. Оның түрлі жанрдағы туындыларының ішінде зерттеу нысаны етіп, ең шұрайлы деген, классикалық тұрғыдағы лирикалық, эпикалық шығармалары қолға алынып зерттеледі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.Әдебиеттің әлеуметтік табиғатын ашуда көп еңбек сіңірген кеңес үкіметі тұсында түрлі қоғамдық қызметімен параллель оқу-ағарту, қаламгерлік жұмысты бірге жүргізген Саттар Сейтхазинның филология, библиография, текстология үшін маңызды кейбір табыстары болғанын айтып кетпеске болмайды. Сол тұстағы дүние жүзінде капитализмнің дамуы нәтижесінде экономикалық қарым-қатынастар шеңбері ұлғайып, жерге, байлыққа қызығуымен қатар, әдебиет нұсқаларына да назар аударылғаны да жасырын емес. Қаламгер сол аласапыран уақытта өмір сүргендіктен, өзінің бағыты мен қаламгерлік жолын тек шығармашыққа арнағандықтан, жазғандары көркемдік-идеялық, композициялық ерекшелігі, образдық бояуларының әдебиетте өзіндік арнасы болғандығы зерттеушілер тарапынан әлі де толық зерттеліп біткен жоқ.
Қазіргі тұстағы жаһандану мәселесі аса өзекті болып тұрғанда, өзіміздің төл мұрамыздың біреудің жетегіне кету қауіпі тұрғанын айта кетудің еш артықтығы жоқ. Сол тұста халқымыздың өткен ғасырдағы өмір тіршілігі мен тұрмысын, кеңесс өкіметіндегі елдің жай-жапсарын көз алдыға елестетуге Саттар Сейтхазин шығармашылығының, туындыларның септігі тиері сөзсіз.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Жұмыстың басты мақсаты - Саттар Сейтхазинның өлең туындылары мен поэмалары, өткен ғасырдың 60-70 жылдары кеңінен тарағанын, оның бай әдеби туындыларынан іздеу қажеттілігі туыындайды. Ол үшін мынандай міндеттерді орындау қажет:
Саттар Сейтхазинның шығармашылық еңбегі 15-20 жыла созылса, сол уақыт ішінде оның түрлі жанрлардағы әдеби туындылары қазақ жұртшылығына, оның алдыңғы қатарлы қазақ әдебиетінің өркендеуіне де өз әсерін тигізгендігі туралы ой-пікірлер саралап көрсету;
Алғашқы белгілері мен ұшқынын сол дәуірде өмір сүрген қаламгерлердің туындыларынан және тағы да басқа да кейінгі, қазіргі әдеби туындылардан іздеу.
Өз жолы ен ешбір қаламгердің әсерінсіз пайда болған әдеби туындыларды болса да, оның ішінде әлем әдебиетінің элементтері мен кей детальдары кездесетін нақты мысалдар, сюжеттерарқылы айқындау;
Ақынның орыс тілінің білуін нақты фактілермен көрсете білу және орыстың әлем әдебиетінің ойшыл-жазушыларынан еш кем түспегенін автордың еңбектеріне жүгіне көрсету;
Қазақ әдебиетінде үлкен орын алатын шығармаларды ірі тұлға қазақтың тарихи мұраларымен айқындау;
Жекелей поэзия, поэма жанрларындағы туындыларын сол тұстағы қазақ әдебиетіндегі озық туындылармен ұқсастықтарын салыстыра көрсету;
ХХ ғасыр ортасындағы әдеби процесті бағамдап, С.Сейтхазинның шығармашылығы айналасында ой өрбітіп, айқындау:

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:Ақын бірден өзі жетіліп, өзі биіктеген жоқ. Осы мәселеге орай еңбекте мынадай ғылыми жаңалықтар тілге тиек етіледі:
Қазақ әдебиетінің озық қаламгерлерінің бірі Саттар Сейтхазин шығармашылығы басқа ақындармен салыстырғанда өзіндк жолы, бағыты, жаңалығы барын ерте сездірген қаламгердің нақты туындылары арқылы айшықтау.
Саттар ақын шығармашылығына мән берсек, Саттар Сейтхазинға өз халқы мен қоғам және озық орыс, батыс мәдениетінің әсері болғанын алдыға тартады. Бұл қатарға кіретін елдердің ішіне Ресей, Европа, Орта Азия, сан ғасырлық әдебиеті мен мәдениеті, тамаша бейнелеу өнері мен сәндік шеберлігі бар бар Шығыс өркениеті өз әсерін тигізген;
Зерттеу әдістері: Диплом жұмысы әдебиеттің ғылыми әдістемелік заңдылықтарына сүйене отырып, қазақтың көне және кейінгі кезеңіндегі әдеби мұраларын тарихи-типлогиялық, тарихи-образдылық пен тарихи-әдеби жағын әдебеиттану ғылымы мен мен ауыз әдебиеті мұралары негізінде қарастырылды. Сонымен бірге, кейбір теориялық, әдебиеттегі параллель ұқсас, обьективті-аналитикалық талдау, кешенді әдістерді басшылыққа алып, зерттеудің соңғы үлгілері қарастырылып пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жиырмасыншы ғасырдың басында әдебиетімізге үлкен талантты шоғыр келді. Бұл жылымық кезеңге тұспа-тұс келген қуатты толқын әдебиетімізге рухани серпін әкелді. Олардың оқырмандарға танылғаны да бар, танылмағаны да бар, қалай айтсақ та, талантты буын еді. Танылғандары - белгілі. Ал өз шығармаларымен оқырман, әдеби қауымның жылы ықыласына, сүйіспеншілігіне ие болған, өз талант қуаттарымен өз тобынан әсте кем емес біраз қаламгерлер есімі сана түкпірімізден көмескіленуде. Олардың қатарында ұлт ақыны - Саттар Сейтхазин да бар. Елге танылмаған, яғни таланты халық үшін белгілі болмаған дарынды да, талантты ақын Саттар Сейтхазин бойға біткен табиғи дарынына қоса орыс пен Еуропа классиктерін оқып, тынымсыз ізденген ақын болмысы ішкі әлемін сонша байытқанымен, қазақы сипатын соншалықты өзгере алмаған екен. Қайта алған мол білімінің арқасында өз поэзиясын әрлендіріп, күллі адамзатқа ортақ әлемдік үлгілерімен жаңғыртты. Уақыттың өзі оны мойындап жыр тарланын лайықты тұғырға көтеруі де сондықтан.
Ақын Саттар Сейтхазинмен оның алғашқы жыр жинағын қолыма алған кезде таныстым. Кітапты ашып оның шығармаларын оқыған сайын, оның басқа ақындардан ерекшелігі, шығармаларының тәрбиелік мәні мен адамды ойландыра алатын қасиеті көзіме оттай басылды. Әрбір шығармасы адам жанын басқа әлемге алып кетуге шамасы жететіндігі, оқырманды өмірге құлшындыра алатындығы ақындық дәрежесін өз оқырманының алдында көтере түсті.
Саттар ақын балалар ақыны емес. Бірақ балалық шақтың әсерін бойында сақтап қалған ақын. Қалам иесі үшін бұл үлкен бақыт, өйткені балалық шақ - Болашақ деп аталатын университеттің алтын бастауы.
Жыр-адам жанын тазартады. Қалғып бара жатқан рухыңды сілкіп оятады. Жақсылыққа, өмірге құлшындырады. Саттар ақын жырлары бейне мөлдір бастау. Шөліркеп бас қойсаң сусының қанады, мұңдатып жүрсең өзіңмен сырласып шеріңді тарқатады. Бейне бір сырыңды сыртқа шашпас жан досыңмен сырласып отырғандай боласың. С.ссеййтхазин өлеңдері үстіне кір жұқтырмас кірпияз мұнтаздай таза болып келеді артық жол, басы артық бір сөз жоқ екендігі адамды еріксіз таңғалдырады. Әсемдікті сезіндіріп, әдемілік дүниесіне шомылдырып тұрып та терең ойланып, дүние ғаламға көзіңді ашып, көңіліңді оятып жатады.
Жыр болып төгілсем,
Егін боп егілсем,
Туған жер риза, сен риза,
Ризасың, өмір, сен.
Мұрат боп қалармын,
Қырат боп қалармын.
Мүмкін ғой, әрине,
Осының бәрінен
Жырақ боп қалармын.
Осы үзіндінің өзінен табиғат суретін, тірлік мұратын, халқымен қоштасу сөзі, өлімнің өзі бар екендігін айқын көре аламыз емес пе?! Қалай жақсы, ойлы айтылған өлең жолдары оқырманды еріксіз ойға шомдырары анық.
Өнегелі ақынның өмірінен қысқаша мәлімет. Саттар Сейтхазин 1927 жылы 12 қаңтарда Көкшетау облысы, Көкшетау ауданы, Қарасай ауылында дүниеге келген. Ақынның Өзім туралы атты өлеңіне назар аударсақ:
Жібектің суырылған бір талымын,
Сүйенер бір шаңырақтың іңкәрімін.
Жаратқан дара қылып әуел баста,
Айтулы бір атаның ұрпағымын.
Ешкім қағып бетімнен жасқамайды,
Ешкім мені итеріп тастамайды.
Аймалайды бәрі де қуанышта,
Аялайды түскенде басқа қайғы.
Мен ағамын біріне, біріне іні,
Біріне ұсақ адаммын, біріне ірі.
Ешқайсысын бәрі бір жатсынбаймын,
Жүрегімді түсінер түбі бірі, - деп өзін-өзі таныстырған ақын, айтулы бір адамның ұрпағы екендігін ескерте кеткендей. Сондықтан ақын Саттар Сейтхазиннің ата-тегі туралы айта кетейік, аталары Шындаулет пен Бектас елдің сөзін сөйлеген ерек ойлы, тапқыр тілді, жөн-жосыққа жүйрік билер болған. Бектас би - Абылай ханның қадірлі кеңесшісі екен. Ал, Қосдаулет 1905 жылы Қызылағаш дейтін жерде мектеп ашқан. Саттар ағаның әкесі - Сексенқожа Сейтхазы - нағашысы, 60 жыл жылқышы болған. Атақты Кемпірбай ақын Саттар Сейтхазинге нағашы болып келеді. Өз шығармаларында текті ұрпақтың ұлы екендігін тілге тиек еткен қазақтың текті ұлының өмір жолы да мән-мағынаға толы, өз еліне қызмет етумен өткендігін байқауға болады. Ол 1954 жылы Көкшетаудағы №3 қазақ орта мектебін аяқтаған соң, Қарағанды педагогикалық институтына оқуға түскен. 1947-1951 жылдары Көкшетау еліндегі орта мектептерде қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс оқып, ұстаздық қызметпен шұғылданған. Содан соң Алматыда оқу құралдары баспасында (қазіргі Мектеп баспасы) аға редактор міндетін атқарды. Әрі қарай Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде референт, Қазақ әдебиеті газетінде тілші ретінде қызметін жалғастырады. 1956-1958 жылдарда СССР Жазушылар одағы жанындағы Жоғары әдебиет курсында білімін жетілдіреді. Ол әлемге әйгілі Шыңғыс Айтматов, Қайсын Кулиев, Давид Кугультинов, шешен классигі Жамаладдин Яндиевпен, СССР Жазушылары біріншші съезінің делегаты, дағыстан классигі Аткай Аджаматовпен бірге оқиды. Сырлас, пікірлес, қанаттас болады. Орыс ақыны Л.Ошаниннен дәріс алады. Ақын А.Твардовскийдің ізет-құрметіне бөленеді. Мәскеуден елге қайтып, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Қарағанды теледидарының аға редакторы, Қазақ теледидарының саяси хабарлар редакциясында аға және бас редактор қызметін атқарады. Ең соңында Жазушы баспасында жұмыс жасап, 1977 жылдан бастап таза шығармашылыққа ден қояды. Хас жақсының белгісі, әрі мырза, әрі құл деп бабаларымыздың толғағанындай, Саттар аға өлең отын маздатумен ғана шұғылданбай, өзге де шаруаларға да мықтап араласқан. Мәселен, Таулы Алтай Жазушылар одағын ұйымдастыруға ұйытқы болған. Осы елеулі еңбегін ескеріп, ол Таулы Алтайдың құрметті азаматы атағын алады. Тағдырлас, тектес алтайлықтар жөніндегі лебізінде әдемі сырлар, нұрлы ойлар тамаша өрбітілген. Жақсыны жалғыз демеңіз, бір болып туса жүзге тең демей ме қазақ. Иә, қанатты, талантты ақын өз елінің шеңберінде өмір сүрмейтіні хақ. Бұған куә - Саттар Сейтхазиннің өнегелі, өрелі істері мен мейірбан жүрегі. Соған лайық саха елінің Саттар мүйісі деп жерінен жаңа атау еншілетуі де қызықты құбылыстай. Ақынның өзі:

Азаматын шақырдым да ой-қырдың,
Дос таптым да кіші-гірім той қылдым, - дейді.

Ақын өлеңдері мен поэмалары жеке кітап болып шыға бастайды. Атап айтқанда, Оның Тарих дейтін тырнақалды өлеңі 1947 жылы Советтік Қарағанды газетінде басылған. Ақынның 1953 жылы Жүрек сыйы жинағынан бастап, 40 шақты кітаптары жарық көрген. Ақынның 1978 жылы Жер шоқтығы атты таңдамалы өлеңдер жинағына бұрынғы кітаптарынан іріктеліп алынған шығармалары енген. Бірінші бөлімге әр тақырыптардағы өлеңдері, екінші бөлімге Сәкен Сейфуллинге, Сәбит Мұқановқа, Мәлік Ғабдуллинге арналған деректі дастандары енгізілген. 1988 жылы жарық көрген Дастандар атты кітабында ақынның поэмалық шығармалары топтастырылған. Жамбыл-Дастан, Кенен-жыр, Қайран Сәбең, Алғашқы сапар, Көкшетау, Балуан Шолақ поэмалары жұртшылық көңілінен жақсы орын алған көркем туындылар. Есіл ер деректі поэмасы қос Даңқ ордендері, Ұлы Отан соғысы ордендерінің толық иегері жауынгер Ахметбек Исаұлына арналған. Сыршыл ақын лирикалық өлеңдерімен қатар, кесек-кесек поэмалар туындатқаны мәлім. Ұлт мәдениетінің көрнекті өкілдері Жамбыл Жабаевтың, Балуан Шолақтың, Кенен Әзірбаевтың, Сәкен Сейфуллин мен Сәбит Мұқановтың өмірі мен өнерпаздығына арнап, күрделі шығармалар жазған. Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин мен қарақалпақ халқының дарынды перзенті, ақын, драматург, қоғам қайраткері Қасым Әуезов жайында поэмалары бар. Ұзын саны оннан астам. Поэмаларының қажырлы ізденістерден, терең толғаныстардан, шалқар шабыттан туындағанын көреміз.Аруағыңнан айналайын, Абылай!, Мағжан еді бір жұлдыз атты өлеңдері Жұлдыз журналының 1994 жылғы №10-12 санында басылып шыққан. Ал, 1990 жылы жарық көрген Оқжетпес атты кітабына ақынның әр жылдары жазылған өлеңдері мен поэмалары және балладалары топтастырылған. Туған, жердің әсем табиғаты мен жайсаң жандарының, еңбек адамдарының бейнесін суреттейді. Қаһарман поэмасы белгілі қазақ ғалымы, қоғам қайраткері, Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллинге арналған. Туған жер, Көкшеге, Сексен көл, Туған ел, Оқжетпес атты туған жер толғаулары, ақын Жұмағали Саинға, Ғафу Қайырбековке, Еркеш Ибраһимге арнау өлеңдері шыққан. Осы кітапта ақынның өлеңдеріне жазылған әндері берілген. Ақынның көптеген өлеңдері орыс, қарақалпақ, поляк тілдерінде аударылған. Көрнекті ақын Саттар Сейтхазин өзі аудармашы ретінде Аржан Адаровтың, Семен Даниловтың, Николай Дамдиновтың, т.б. белгілі ақындардың өлең-жырларын қазақшалап, жеке кітап етіп шығарған. Ақын Саттар Сейтхазиннің туғанына 80 жыл толуына орай, Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық библиография бөлімінің өлкетану, ұлттық библиография секторы Елін сүйген азамат атты библиографиялық көрсеткіш дайындап шығарды. Сонымен қатар, кітапханада жерлес ақын Саттар Сейтхазинге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Өнер көгінде өршелене самғап, елі мен жеріне оттай маздаған жалынды жырын арнаған сырлы өнерпаз Саттар Сейітхазин:
Жалғыз парақ қағазға,
Сыяды екен бар арман.
Жалғыз парақ қағазға,
Сыяды екен қара орман.
Жалғыз парақ қағазға,
Сыяды екен бар өмір.
Жалғыз парақ қағазға
Сыяды екен бар өңір.
Жалғыз парақ қағазға,
Сыяды екен бар жырың.
Жалғыз парақ қағазға,
Сыяды екен тағдырың, - деп төгілте жырлапты Қағаз дейтін өлеңінде. Рас-ау! Кейде ақындар арғымақ тағдырлас келеді. Жалғыз парақ қағазға - алтын арай Отаны, нұрға малынған табиғаты, атамекен ажары, заманның ғажабы, болашақтың базары, ғашықтық сырлары, ақын жанының небір иірімдері бейнеледі екен. Егер ақын Саттар Сейітхазин 36 кітап жариялап, өз дәуірінің, өз басының көркем өмірбаянын кестелесе ше?! Бұл ұшан-теңіз көңіл де, көз де тоярлық азабы мол ақындық еңбек қой. Сынаптай сырғып аққан, жылмиған жүйріктей жүйткіген жылдарды мән-мағынаға, сән-сәулетке, жемісті бейнетке айналдыру ғой. Негізінде, ақын Саттар Сейтхазинің шығармашылық табиғаты, қаламгерлік қабілеті, алдымен, лирикалық ән мәтіндерін шығаруда, екіншіден, кең құлашты, кемел тынысты, советтік оқиғаға құрылатын, белгілі бір қаһарман тұлғасын даралап суреттейтін поэмаларында шынайы көрініс тапқан деуге болады.
Ақындық - текті өнер. Табиғат сыйы. Поэзия сұлулықпен, бекзаттылықпен өлшенеді. Оған пәктік, тазалық, құштарлық тән, қиял еркіндігі, ой мен сезім салтанаты, поэзиялық сипаттаулар, ішкі жан дүниесінің сілкініс-серпілістері бір-бірімен тұтаса өріліп, сөз бен сөз қасиеттерін үстемелейді. Бұл тұста:
Жаз болшы маған, жабысқа жаным,
Жанымды сүйреп алысқа таңым.
Өртеді мені, іздейді сені,
Көңілде мәңгі шалықта бағым.
Сағынған көптен жұлдызым едің,
Сайрашы, сайра, бұлбұлм менің!
Өмірге өксір өкпем жоқ менің.
Замана сырғып өткен жоқ тегін.
Жанымыз жалын жандармыз біздер,
Бақыттың желі ескен жоқ тегін.
Сағынған көптен жұлдызым едің,
Сайрашы, сайра, бұлбұлым менің!
Арманым болмай, ай болып тұршы,
Жаныма жақын жай болып кірші,
Көкірегің көктем - өмірдің бағы,
Жазымда келген май болып тұршы.
Сағынған көптен жұлдызым едің,
Сайрашы, сайра, бұлбұлым менің! - дейтін сүйкімді де лепті жыры, жанды сұлулық толқындары жүрегіңді аймалап, жалынды аялайды. Өзіңді әуелетіп, асқақтатып, сезімнің телегей теңізінде тербетеді, арманның құшағында әлдилейді. Сөз жоқ, поэзия мен музыка біртұтас құбылыс екендігін Саттар шығармашылығы толық дәлелдейді. Бұған Даниярдың әні (Музыкасы Ілия Жақановтікі), Арқаның аруы, Алтын айым, Жас шопан әні, Ақ ерке тәрізді құбылып, құлпырған ән-өлеңдері айғақ.
Қаламгердің Тереңдегі теңіздер (1974) атты кітабы, Өлеңдер, Поэмалар болып екі тараудан тұрады. Қариялар, Ағалар, Құрбылар, Балдыздар атты өлеңдерін оқуға болады. Қарт диқан туралы жыры Социалистік Еңбек ері атағын екі рет алған Ыбырай Жақаевқа арналған.
Сом дене сол қалпында ерге біткен,
Еншісін өзі туған жерде күткен.
Қыран көз жарқылдайды нұр таймаған,
Алдын кесіп өтпейді пенде біткен.
Асса - дағы сексеннен жетпесі көп,
Өзі өткерген өмірге өкпесі жоқ.
Тау көтерсе тағы да азырқанған
Таланты ердің жүретін ниеттесі боп.

Туған даласының таң дидарын, сол даланы сұлу сазға бөлеген еңбек дүбірін, диқан даңқын шабыттана жыр етті. Саттар ақын дастандарының кесек-кесек бөлімдерін жатқа айтады. Нақышына келтіріп, иірім-иректерін жіті тауып, келістіре оқиды. Өзі өзгеше күйге түсіп оқиды.Сондай-ақ, Алмания мен Польшада Бүркітті кітабы аударылған. Проза саласында Жылқышының баласы мен Хадиша повестері бар. Асылында Саттар Сейтхазин лирикасының тақырыбы сан алуан. Ақынның әр кездегі шағын лирикасынан бастап, кең көлемді поэмаларына дейін толық оқып көз жіберсек, бүгінгі заман ағымына, уақыт керуеніне жарысып, қоғамымыздың, халқымыздың тіршілік тынысына үн қоспай қалған сәті жоқ. Ақын қандай тақырыпты жырласа да, нені суреттесе де дәуірдің сан қилы көріністерін¸құбылыстарын реалистік шындықпен дәл, айқын бейнелеп, өз замандастарының биік тұлғасын шеберлікпен нақты жасап шыққан. Ақын Саттар Сейтхазин - шығармашылығы әр қырынан, жанрға бөліп жеке-жеке талдауды керек ететін сан қырлы дарын. Содан да болар оны туған әдебиетіміз тарихындағы ұлы ақын десек айна қатесіз шындық. Саттар Сейтхазин өзі ғұмыр кешкен уақытта ақын ретінде, қаламгер ақын ретінде қыруар дүние қалдырды және ол басын бастасаң соңы көрінер шағын дүниелер, болмысыз тақырыптар емес, халқының өткені мен өзі өмір сүрген дәуірі, келешегінің тынысын тыңдап, сана сарабына өткізді. Жай өткізген жоқ, жаһандық философиялық пайымдаулармен оймыштап, әдіптеді.
Ақын Саттар Сейтхазин жырлаған тақырып аясы мейлінше кең. Қазақ аталатын ұлы халықтың ұлттық қасиеттері мен бүгінге дейін бастан кешкен қасіреттерін ол өзіндік өрнекпен, мөлтек сюжетке құрып, мөлдіретіп бере білген. Ол жырлар ішінде бейкүнә балалық - ақын шығармашылығының алтын өзегі секілді арна тартып жатады. Ақын адалдық, азаматтық кісілік, тазалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат сыйы
Ы.Алтынсариннің білім жүйесіне қосқан үлесі
Рахманқұл Бердібай - фольклор зерттеуші
ЖЫРАУ МЕН ЖЫРШЫЛЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУЫ
Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы жайлы
XIX ғасыр поэзиясындағы өнер, білім, ғылым тақырыбы
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің көрінісі
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Әуелбек Қоңыратбаев - әдебиеттанушы ғалым
Жыраулар поэзиясындағы Абылай хан бейнесінің көрінісі
Пәндер