Нұсқаулық мәтіндерінің жанрлық сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Заманауи ғылым мен техника белсенді қарқында дамып келе жатқандықтан ғылыми-техникалық ақпарат көбеюде. Соның нәтижесінде ғылыми-техникалық аударманың тәжірибелік мәні де артуда. Бұл ғылыми-техникалық саладағы әлемнің түрлі елдерінің мамандары мен ғалымдарының арасындағы жаңа технологиялар жайында ақпараттармен жылдам әрі сапалы түрде алмасуды қамтамасыз етеді. Техникалық құжаттарды аудару сұранысы көбейгендіктен, ғылыми-техникалық аударманы аударма саласындның ең маңызды түрі деп айтуға болады.

Аударма - бұл бастапқы тілдегі ақпаратты екінші бір тілге жазбаша немесе ауызша түрлендіру үдерісі және осы үдерістен шығатын өнім. Дж. Кэтфорд аударманы «аударма бір тілдегі (SL) мәтіндік материалды басқа тілдегі (TL) баламалы мәтіндік материалмен ауыстыру» деп анықтайды [1, 20] . Аударманың мақсаты - басқа тілдегі мәтіндердің әртүрлі түрлерін жаңғырту және оларды оқырмандарға толығырақ жеткізу.

Аудармашы бастапқы және аударма тілін жақсы білуі, сондай-ақ жоғары лингвистикалық білімі болуы тиіс, өйткені ол аударылған нұсқадағы автордың ниеттерін, өзіндік ойлары мен пікірлерін дәлме-дәл және адал жеткізе білуі тиіс. Ғылыми-техникалық мәтіндер аудармашысы лексикалық білімін әрдайым дамытып отыруы тиіс және осы саладағы терминдер мен олардың мағынасын білуі қажет.

Ғылыми-техникалық мәтіндерді аудару - бұл пән саласын және оның арнайы терминдерін жоғары деңгейде білетін, шет тілін жақсы меңгерген және өз ойын аударма тілінде, түпнұсқа мәтінінің мағынасы мен стилін сақтай отырып, сауатты жеткізе білетін аса білікті техника мамандарымен іске асырылатын аудармашылық қызметтің бір саласы болып табылады.

Белгілі бір салалардың түрлілігіне қарай оларға тән мәтіндердің жанрлық-стилистикалық және т. б. айырмашылықтары болады. Сондықтан әр саладағы мәтіндерді аударуда әртүрлі аудару тәсілдері мен түрлері қолданылады Аударма түрлерінің ішінде айрықша ерекешеленетіні, ғылыми және техникалық құжаттарды аударуға қызмет ететін арнайы аударма жанрларының бірі, ғылыми-техникалық аударма. Бұл аударма түрінде терминология кеңінен қолданылады. Тіпті эмоциялық-экспрессивті құралдар қолданылмаған жағдайда да материалдың өте нақты және дәлме-дәл жеткізілуімен ерекшеленеді. Ғылыми-техникалық аудармада аудармашыдан терминологияны білу ғана емес, сонымен қатар оны дұрыс қолдану дағдылары талап етіледі.

Тұтыну қоғамы және технологияларды дамыту әртүрлі техникаға сұранысты жоғары деңгейде сақтап тұрады. Пайдаланушылардың көпшілігі пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды оқымауды жөн көретіні жалпыға белгілі пікір екеніне қарамастан, заң бойынша өндірушілер оларды нарыққа шығатын әрбір құралға қосуына міндетті. Нұсқаулық мәтіннің ережелері мен нұсқауларын орындау құрылғының үздіксіз жұмыс істеуіне және пайдаланушының қауіпсіздігіне кепілдік береді.

Нұсқаулық аудармалары кез келген өнім өндіруші компания жұмысының негізгі бөлігі болып табылады. Бүгінгі жаһандық экономикада әрбір өнім дерлік халықаралық деңгейде сатылады немесе басқа тілде сөйлейтін пайдаланушыларға жетеді.

Нұсқаулық - жабдықты пайдалануда дәйектілік пен ыңғайлылықты қамтамасыз ететін техникалық құжаттардың біріне жатады. Мұндай сипаттарға қол жеткізу үшін нұсқаулық түсінікті, функционалды және нақты болуы тиіс. Сонымен қатар ол ресми құжат болып саналатындықтан, оған үлкен жауапкершілік, әсіресе заңдық жауапкершілік жүктеледі.

Осы зерттеудің тақырыбын таңдау, ең алдымен, әр түрлі үлгідегі техникалық өнім импортының ұлғаюына байланысты нұсқаулықтардың техникалық аудармаларына деген қажеттіліктің артуымен байланысты. Медициналық тауарлар мен аспаптар импортының тұрақты өсуіне байланысты осы бағыттағы өнімге сұраныстың артып келе жатқанын атап өтуге болады. Шетелден импортталатын сатып алынатын техникалық өнім санының өсуіне қарай осындай өнімге нұсқаулықтарды білікті аудару қажеттілігі артады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: техникалық құжаттарға, әсіресе жоғары сапалы нұсқаулықтарға сұраныстың артуымен сипатталады. Техникалық нұсқаулықтар, жалпы қолданыстағы құрылғылар мен тұрмыстық техникаларға қарағанда лингвистикалық талдаудың басты объектісі болып келе жатыр. Пайдаланушының нұсқаулықты дұрыс және барабар қабылдауы нұсқаулықтың құрылымына байланысты болады. Жалпы нұсқаулықтың жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерін түсіну қабылдаушы мен өндіруші арасында тиімді қарым-қатынасты іске асырады. Мәтіндерді зерттеу өзектілігі, сонымен қатар, ресми іс-қағаздар және ғылыми-техникалық стиль жанрларындағы нұсқаулық мәтіндерінің құрылымын меңгеру және жүйелеу маңыздылығымен байланысты.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері : медициналық жабдықтарды пайдалану нұсқаулығын ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Осы жоба аясында келесі міндеттер анықталды:

- нұсқаулық мәтіндерінің лингвостилистикалық сипатын ашу;

- медициналық саладағы нұсқаулықтардың жанрлық сипаттамасын қарастыру;

- нұсқаулық мәтіндерін қазақ тіліне аудару мәселелерін талдау;

- медициналық техника нұсқаулықтарын ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару тәсілдерін анықтау.

Зерттеу нысаны медициналық техниканы пайдалану нұсқаулықтарын ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың ерекшеліктері мен әдістері болып табылады.

Зерттеу пәні ағылшын тіліндегі медициналық жабдықты пайдаланушы нұсқаулығы.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Медициналық (эндоскопиялық) жабдықты пайдалану бойынша нұсқаулықты алғаш рет аударма тұрғысынан жан-жақты талдаумен анықталады. Себебі қазіргі таңда медицина саласында емделудің тәсілдері көбеюде, сәйкесінше заманауи технологиялардың қолданысы да артуда.

Зерттеу жұмысының дереккөздері: Эндоскопиялық жүйе нұсқаулығы, System guide endoscopy.

Дипломдық жұмыстың теориялық мәні: Пайдалану нұсқаулықтарының саны көп болғанымен, нұсқаулық мәтіндерінің және оларды аударудың басты ерекшеліктері бойынша ғылыми оқулықтарда толық ақпарат берілмеген. Демек, дипломдық жұмыс нұсқаулық мәтіндерін ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы мәселелерді анықтап көрсетуде аударма теориясы мен практика саласына үлесін қосады деп айтуға болады.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік мәні: ғылыми стильдің ерекшеліктері ғылыми-техникалық мәтіндерді аудару үдерісіне қандай ықпал тигізетінін анықтаумен сипатталады. Зерттеудің нәтижелері пайдалану нұсқаулықтарын аударуда әдістемелік нұсқау ретінде пайдаланыла алады.

Зерттеудің теориялық негіздері: Жұмысты орындау барысында Алексеева И. С., Гавриленко Н. Н., Жеребило Т. В., Шарндама Э. С., Троянская Е. С., Коваленко А. Я., Шмелева Т. В., Чабан Т. Ю., Комиссаров В. Н., Киндеркнехт А. С., Кожина Н. М., Гарбовский Н. К. және т. б. ғалымдардың негізгі тұжырымдары мен пікірлеріне сүйендік.

Осы жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне жету үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды:

- қажетті материалды жинақтау және жүйелеу тәсілі (іздеу әдісі ) ;

- трансляциялық түрлендірулердің жалпы ерекшеліктеріне қатысты қорытынды жасауға мүмкіндік берген сипаттама әдісі;

- компоненттік талдау;

- салғастырмалы талдау әдісі (түпнұсқа мәтінмен аударма мәтінін салыстырмалы талдау) .

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Зерттеудің теориялық негіздеріНұсқаулық мәтіндерінің жанрлық сипаттамасы

Технологиялардың жетілуі, нарықтың жаһандануы, бәсекелестіктің көбеюі және қолданушылар арасында жоғары-техникалық құрылғыларға сұраныстың көбеюі нұсқаулық мәтіндерінің өзгеруіне әкеліп соқты.

Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңы 3-тараудың 7-бабына сәйкес «Тұтынушылардың тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға» құқығы бар. Сонымен қатар 4-тараудың 24-бабында сатушының тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге міндетті екендігі көрсетілген [2] . Бұл ақпарат тұтынушыларға әдетте "пайдалану нұсқаулығы" деп жазылған шағын кітапшалар немесе буклеттер түрінде, ағылшын тілінде - "Owner' s manual" (немесе operating instructions, instruction for use) ретінде ұсынылады.

«Instruction» сөзі латын тілінің instructio сөзінен шыққан "нұсқаулық" дегенді білдіреді. Мұнда кез келген жұмысты орындау, жабдықты, құрылғыны пайдалану ережелерінің жиынтығын, сондай-ақ кез келген қызметті реттейтін заңға тәуелді құқықтық актіні жатқызуға болады. Нұсқаулықтарда сондай-ақ жоғары тұрған органдар шығаратын ережелерді орындаудың тәртібі мен шарттарын анықтайтын нормалар, ережелер қамтылады.

Нұсқаулық - қарапайым адамдарға түсінікті болатын әмбебап құжат түрі. Ол түрлі бөлімдердің белгілі бір операциялары мен процестерін түсіндіреді.

Әдетте, адресаттың белгілі бір әрекеттері немесе әрекетсіздігі жауап реакциясы болып саналады. Осыған байланысты, нұсқаулықта заңды мәртебе жоқ, бұл жағдайда ол ерекше мәнге ие. Тұтынушы жабдық жұмысының барлық ерекшеліктері мен оны дұрыс пайдаланған жағдайда қандай салдары болатынын білуі тиіс.

С. И. Ожегов және Н. Ю. Шведованың сөздігінде нұсқаулық "бірдеңені жүзеге асыру, орындау тәртібі мен тәсілін белгілейтін ережелер жиынтығы" болып табылады [3] .

И. С. Алексееваның пікірінше, «нұсқаулық дамудың, маманданудың, сондай-ақ басқа сөйлеу жанрларымен интерференцияланудың ұзақ жолынан өтті және « қазіргі заманғы нұсқаулық арсеналда басқа да мәтіндердің кейбір ерекшеліктері алынған шекаралық нұсқалар да бар» дейді. [4] .

English Oxford Dictionary онлайн-сөздігіне сәйкес owner 's manual үшін мынадай анықтама беріледі: «An instruction book for a specific product, procedure, etc., typically giving information about operation and maintenance» [5] . Яғни бұл анықтаманы қазақ тілінде беретін болсақ: «Белгілі бір өнім, іс-әрекет бойынша нұсқаулық және т. б. әдетте өнімді қолдану және сақтау жайында ақпарат береді».

Нұсқаулық - əдетте әртүрлі жабдықтар мен техникалық жəне электрондық өнімдеріне арналған ілеспе құжат болып табылады. Бұл жанрдағы мәтіннің негізгі коммуникативтік міндеті - ақпараттандыру және белгілі бір іс-әрекеттерді орындау туралы нұсқаулық беру. [4, 177] .

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз пайдалану нұсқаулығын қандай да бір өнімнің толық сипаттамасы мен оны дұрыс пайдалану мен жұмыс істеуге көмектесетін қажетті нұсқаулар, кеңестер, ережелер жинақталған құжат ретінде сипаттай аламыз. Және де нұсқаулық мәтіндерін аудару үшін аудармашы түпнұсқа мен аударма тілін жақсы меңгерген болуы тиіс, себебі ол аударма барысында екі жақтың тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып, ақпаратты дұрыс қабылдауы және жеткізуі тиіс.

Медициналық жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулық өнімді практикалық қолдану мәселелерін ғана емес, сонымен қатар оған техникалық қызмет көрсету, тазалау және күту мәселелерін, сондай-ақ ақаулардың пайда болу және жою жағдайларын қозғайды.

Осы жерде нұсқаулықтың коммуникативті мақсатын айтатын болсақ, оған күрделі жабдықты қалай қолдану керектігі туралы толық ақпарат көрсету, яғни қолданушы не жабдық зақымданбауы үшін оның қалай қосылатынын және өшірілетіні, жөндеу керектігі жазылады. Техникалық нұсқаулықтарда нақты мақсатты көруге болады: автор адресатқа құрал-жабдықтар мен жүйелерді қолдану бойынша қажетті тәжірибелік білім беру болып табылады.

Нұсқаулықтың негізгі міндеті болып «тиісті объективті ақпаратты жеткізіп, онымен байланысты қажетті іс-әрекеттерді белгілеп, адам әрекеттерін реттеу» саналады. Сондықтан нұсқаулық мәтіннің коммуникативті міндеті - мағлұмат беруі және іс-әрекеттерді белгілеу. И. С. Алексееваға сәйкес нұсқаулықтар "маңызды объективті мәліметтерді хабарлау және олармен байланысты қажетті әрекеттерді белгілеу, адамның іс-әрекеттерін регламенттеуге" арналған делінген [6, 177] .

Нұсқаулық мәтіннің ерекшелігі ақпарат пен іс-қимыл беру болып табылады. Адресат осы ақпаратты алуға мүдделі [7] .

Нұсқаулық мәтіндерінің коммуникативті ерекшеліктері жайлы айтатын болсақ:

1) сөйлеу жанрларының өзіндік жиынтығы: жоғарыда айтып өткендей пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, ескертпе, белгілеу және қызметтік директива, т. б. Бұл жанрларды іріктеу негізі мәтіндердің синтаксистік, құрылымдық-композициялық және контекстік-тәуелді параметрлері болып табылады;

2) негізгі сөйлеу тактикасының өзіндік жиынтығы: ақпараттандыру тактикасы (Шаңсорғыш машина бірнеше саптамаларымен қамтамасыз етіледі»), жауапкершіліктерді басқа адамға арту (Берілген нұсқаулықта ескерілмеген телефон аппаратын кез-келген қолдану жауапкершілігі қолданушыға артылады), іс-әрекетке ынталандыру (әсіресе операцияны іске асыру алгоритмін сипаттаған жағдайда: «Кір жуғыш машинаны айнымалы тоқ көзіне қосыңыз») ;

3) коммуникативті рөлдердің шамалы алмасуы: дәстүрлі нұсқаулықтарда кері байланыс болмайды және айтушы мен тыңдаушының рөлдерін өзгертпейді [8] ;

4) коммуниканттардың рұқсат етілген позициларына келесілер жатады:

Спикер: сарапшы − тыңдаушы: маман. Мұндай позициялар құрылғының жұмыс істеуі туралы сипаттама берілген бөліктеріне тән (мысалы, құрылғының ішкі құрылысы немесе орнату туралы тараулар) : «Кір жуғыш машинасын іске қосар алдында изоляциялық тіректерді орнату қажет (1-сурет) . . . ».

Спикер: мұғалім − тыңдаушы: студент. Коммуникаторлардың мұндай ұстанымы құрылғымен жұмыс істеу әдістерін сипаттайтын нұсқаулардың тарауларына тән. Осындай тараулардың басты міндеті - құрылғының қалай жұмыс істейтінін айту емес, оны қалай қолдану керектігін айту. Мысалы, «Мұздатылған тағамдарды аздаған порцияларға бөліп сақтау қажет. Тағамдар қатып қалған жағдайда оларды қырып алу үшін қабырғаға ешқандай өткір немесе қатты заттарды қолдануға болмайды, керісінше жібіткішті іске қосу керек» [8, 20] .

Түрлі компаниялардың өздеріне тән стандарттар болады, соған орай нұсқаулықтар мынандай түрлерге бөлінеді:

1. Өнім бойынша нұсқаулық (Product manual) . Бұл сондай-ақ "пайдаланушы нұсқаулығы"деп аталады. Бұл өнімді пайдалану үшін сатып алушыларға нұсқау беретін нұсқаулық;

2. Орнату бойынша нұсқаулық (Installation manual) ;

3. Ақаулар бойынша нұсқаулық (Troubleshoot manual) . Бұйым бөлшектерін бекіту үшін пайдаланылатын нұсқаулық түрі;

4. Пайдаланушы нұсқаулығы (User manual) . Әр түрлі пайдаланушы - әкімшілерге, қызмет көрсететін жұмыскерлерге, бас менеджерлерге немесе студенттерге бағытталатын нұсқаулық түрі;

5. Үдерістер бойынша нұсқаулық (Operation manual) . Бұл компания немесе бизнес операцияларына арналған нұсқаулық. Бұл стандарттар мен процедуралар жиынтығы, жұмыс стандарттары және компания саясаты;

6. Дағдарысты басқару бойынша нұсқаулық (Crisis Management Manual) . Жер сілкінісі, өрт, дауыл, цунами немесе жұмыс үй-жайларындағы зорлық-зомбылық сияқты дағдарыста немесе апаттарда әрекет ету жөніндегі нұсқаулық.

7. Аудит бойынша нұсқаулық. Нұсқаулықтың бұл түрі бухгалтерлік есеп пен аудит мәселелері бойынша қаржылық есептілікті жасау жөнінде болып табылады [9] .

Жоғарыда аталып өткен нұсқаулық түрлерінің негізінде, талдауға алынған медициналық жабдықты пайдалану бойынша нұсқаулықты өнім нұсқаулы түріне жатқызуға болады. Өнім нұсқаулығы - өнімнің дұрыс және қауіпсіз жұмыс істеуі үшін қажетті құрылғының дизайны, жұмыс принципі, сипаттамалары (қасиеттері), оның құрамдас бөліктері және нұсқаулары туралы ақпаратты қамтитын құжат немесе интерактивті электронды құжат (пайдалану, күтім жасау, сақтау) сондай-ақ өнімді немесе оның компоненттерін иеліктен шығару туралы ақпаратты жіберу кезінде оның техникалық жай-күйін бағалау. Пайдалану нұсқаулығы әдетте барлық техникалық жағынан күрделі өнімдерді шығаруға қосылады. Өнім нұсқаулығы әдетте келесілерді сипаттайды:

- нұсқаулықтың жалпы құрылымы мен мақсаты;

- жұмыс принципі;

- өнімнің сипаттамасы;

- компоненттері мен көлемі;

- өнімді дұрыс және қауіпсіз пайдалану үшін қажетті нұсқаулар;

- техникалық жағдайды бағалау әдістері;

- өнімді шығару туралы ақпарат.

Нұсқаулықтарды түрлі негіздерге сүйене отырып классификациялауға болады:

1. Нұсқаулықты түрлі жабдықтар, өнімдер мен құрал-саймандарға байланысты және нұсқаулар мен әрекет ету ережелері бар нұсқаулықтарға (мысалы, қауіпсіздік ережелері нұсқаулығы) бөлуге болады;

2. Құрамдық белгілерге байланысты нұсқаулықтарды, қызметтік хат сияқты, регламенттелген (стандартты) және регламенттелмеген (стандартты емес) деп бөлуге болады. Олар мәтіндегі ақпараттың ерекше әрі қызықты берілу тәсілдерімен ерекшеленеді.

3. Формалды белгілеріне қарай нұсқаулықтар толық, егжей-тегжейлі брошюраларға бөлінеді. Мұнда қолданушы тауарды пайдаланған сайын нұсқаулықты қолданады, және қысқаша нұсқаулықтар, мұнда (түсіндірмелі нұсқаулық) керекті әрі маңызды ақпарат қысқаша жазылған. Көптеген жағдайда зат пен нұсқаулық типтері бір-біріне тәуелді болып келеді (бірақ әрқашан емес, мысалы теледидар үшін түсіндірмелі нұсқаулықтың қажеті жоқ) . Кейде жабдықты пайдалану нұсқаулығы аса білім мен жігерді қажет етпейді, себебі тым көп және егжей-тегжейлі нұсқау артық болып кетеді. Алайда брошюра түріндегі нұсқаулықтарды қолдану оңайырақ болып келеді, себебі онда маңызды ақпаратты табу оңай және толығымен көрнекі материал көрсетілген. Мәтінде әртүрлі көрнекілік құралдардың болуы маңызды.

И. С. Алексеева ғылыми-техникалық материалдардың түрлерін қарастыра отырып, оның ішіне пайдалану нұсқаулығын да талдаған. Ол барлық нұсқаулықтарды келесідей топтастырады:

  • Тауарларды тұтыну бойынша нұсқаулық (теледидар, велосипед, т. б. бойынша нұсқаулықтар) ;
  • Дәрі-дәрмектерге аннотация;
  • Ведомстволық нұсқаулық (құжаттарды толтыру ережелері және клиенттердің мінез-құлық ережелері: кеден мағлұмдамасы, өрт сөндіру бойынша нұсқаулық және т. б. ) ;
  • Лауазымдық қызмет нұсқаулығы (белгілі бір лауазымдағы жұмыскердің мінез-құлық ережелері) [10, 292]

Я. Б. Глаголев пен А. С. Киндеркнехт нұсқаулық мәтіннің барлық түрлерін зерттеген және оларды келесі түрлерге бөлді:

  • ведомстволық нұсқаулықтар;
  • лауазымдық нұсқаулықтар;
  • техникалық құралдарды пайдалану бойынша нұсқаулықтар;
  • өнеркәсіптік өндіріс тауарларын пайдалану бойынша нұсқаулықтар;
  • дәрі-дәрмектерге аннотациялар;
  • көпшілік нұсқаулық мәтіндер;
  • пайдалы кеңестер;
  • аспаздық рецептер [11, 54] .

Пайдалану бойынша нұсқаулық өндіруші зауыттың өкілі мен оның тұтынушылары арасындағы қарым-қатынас болып табылады. Егер нұсқаулық маман емес пайдаланушыларға арналған болса, ондағы ғылыми-техникалық ақпаратты жеңіл түсінуді қамтамасыз ету нұсқаулықтың коммуникативті міндеті болып табылады.

Сирек кездерде қарапайым нұсқаулықтарға қосымша ретінде нұсқау сипаты бар қосымша материалдар беріледі (мысалы, аудиомагнитофонды қалыпқа келтіру бойынша нұсқаулары бар аудиокассета), бірақ бұл ереже емес, ал ерекшелік болып саналады. Демек, нұсқаулықтың негізгі мақсаты - оқырманға немесе реципентке нақты және кеңес беретін ақпаратты тура өз мағынасында жеткізу болып табылады.

Нұсқаулық мәтіндері, басқа да барлық мәтіндер сияқты, кез келген мемлекеттің ересек азаматына арналғандығы мәлім. Кез келген адам тауар тұтынушысы, белгілі бір ведомствоның клиенті немесе белгілі бір саланың маманы бола алады. Сондықтан нұсқаулық мәтіні әр адамға түсінікті болуы тиіс, және де арнайы, мысалы кәсіптік, дайындықты талап етпеуі керек.

Ғылыми-техникалық стиль, әсіресе ғылыми және техникалық салалар, адамзат қызметтерінің белгілі бір салалармен жұмыс істейтінімен ерекшеленеді. Бұл салалар бойынша ақпаратты дұрыс жеткізу үшін тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық құралдары қолданылады.

Нұсқаулық жанрындағы мәтіндердің құрамды ерекшеліктеріне келесілерді жатқызуға болады:

1) логикалық;

2) байланысты және тұтастық;

3) нақтылық;

4) анықтық, түсініктілік.

Мәтін типологияларының негізі - берілген мәтіндегі тілдің функциясы болып табылады. Карл Бюлер ұсынған мұндай функциялардың классификациясын негізге ала отырып, К. Райс үш мәтін типтері мен бір аралас типтің бар екенін көрсетеді:

1. Ақпараттық мәтін типі. Бұл жағдайда бірінші орында сипаттама функциясы тұрады(яғни ақпаратты хабарлау) ;

2. Экспрессивті мәтін типі. Бұл типте білдіру функциясы негізгі рөл атқарады (эмоционалды немесе эстетикалық әсерлену) ;

3. Оперативті мәтін типі. Мұнда жолдау, үндеу сияқты функциялар қолданылады (белгілі бір әрекетке шақыру және т. б. )

4. Аудио немесе мультимедиалық мәтін типі. Бұл типте мәтін жазбаша жазылады да, қабылдаушыға ауызша жеткізіледі, яғни ақпарат есту арқылы қабылданады [12] .

Бірінші мәтін типіне жататындар келесілер: ақпарат материалдары, оқулықтар, нұсқаулықтар, корреспонденция, баспасөз хабарламалары және т. б. Техникалық жабдықтарды пайдалану бойынша нұсқаулық бірінші типке жатады деп есептейміз. Себебі талданған нұсқаулық мәтіндерінің функциясы берілген жабдықтың функциясы мен бөлшектері туралы пайдаланушыға ақпараттарды жеткізу болып табылады. Сонымен қатар нұсқаулық мәтіндері оперативті мәтін типіне жатады. Себебі нұсқаулықтың негізгі сипаты мен коммуникативті міндетіне сәйкес мәтіндерде пайдаланушыға белгілі бір міндетті әрекеттерді орындау реті жазылады.

Байқағандай нұсқаулық мәтіннің түрлері көп, алайда жоғарыда келтірілген әр түрлі атаулар мен аудармаларға қарамастан, ол сатып алған өнімге қатысты пайдаланушы үшін қажетті ақпаратты жеткізу қызметін атқарады.

Ю. В. Ванников техникалық мәтіндердің прагматикасы бойынша келесі типологияны ұсынады:

  1. ақпараттандыру (кейбір механизмнің, құрылғының сипаттамасы) ;
  2. нұсқау (құрылғыларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, нұсқаулықтар және т. б. ) ;
  3. бағдарлы (техникалық жарнама, реферат, аннотация) [13, 40] .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауызша мәтін артикуляциясы
БАҚ мәтіндерін классификациялау
Әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаттары
Жарнама мәтінінің функциялары
Әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты
Қазақ тілді хабарламалардың зерделенуі
Жарнама тілі прагматикалық және коммуникативтік аспектісі. Қазақ жарнамаларының стильдік, тілдік ерекшеліктері
Жарнама мәтінінің тілдік сипаты
Жасақталған сайттардағы мәтін ерекшелігі
Бұқаралық дискурс ерешеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz