АЛТЫН ОРДАДА ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУЫ


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих, археология және этнология факультеті
«Қазақстан тарихы» кафедрасы
АЛТЫН ОРДАДА ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУЫ
Орындаған: Түменбай Ысматолла Нұрланұлы,
В020300 - тарих мамандығының 2 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы
т. ғ. к., қауым. профессор
Алматы, 2018 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I АЛТЫН ОРДАДА ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУЫ . . . 7
- Ислам дінінің қабылдануының алғышарттары . . . 7
- Ислам дінінің таралуындағы суфизмнің рөлі . . . 15
ІІ АЛТЫН ОРДА ХАЛҚЫНА ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУЫНЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДЕГІ КӨРІНІСІ . . . 20
- Моңғолдық және исламдық жерлеу рәсімдерін салыстырмалы талдау . . . 20
- Алтын Ордадағы ислам мен исламға дейінгі салт-дәстүрлердің қарым-қатынастары туралы . . . 28
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан тарих ғылымындағы соңғы жылдарғы белең алған тенденциялар қазақтың ортағасырлар тарихымен тікелей байланысты. Бұл еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи жадыны қайта жаңғырту идеяларымен сәйкес келеді. Себебі тарихи сананың қайта түлеуіне алғышарт болған тәуелсіздіктің негізінде отандық тарих ғылымындағы ақтандақ түстарды қайта қарауға мүмкіндік туды. Бұл төл тарихымызды зерттеуде жаңаша ойлау мен шыңайы деректерге талдау жасауды талап етті. Осы тұрғыда қазақ халқының көне тарихын қайта қалыптастырып жаңғырту ғалымдар мен зерттеушілердің алдында зор міндет қоя білді. Бұл Алтын Орда дәуіріндегі Дешті-Қыпшақ тарихын өз дәрежесінде зерттеу еді. Адамзат тарихында көптеген мемлекеттер іргелес елдер мен халықтарға өз ықпалын тигізіп отырды, соның бірі Алтын Орда. Ол өз кезегінде Солтүстік Еуразияның ортағасырлық тарихында маңызды орынға ие болды. Қазіргі кезде көптеген халықтар өзінің тарихын дәл осы Алтын Ордамен байланыстырады. Жошы Ұлысының ортағасырлық империяға айналуы, көптеген этностардың біріккен күші болуында және мәдени және тарихи дәстүрлердің орталығына айналуында болды. Осындай үрдістер нәтижесінде өркениеттік ерекшелігін қалыптастырды. Алтын Орда құрамындағы әртүрлі халықтар тарихи-мәдени ерекшелігіне қарамастан әлеуметтік-мәдени және этно-саяси дәстүрлердің ерекшелігін қалыптасуына бірден-бір себеп болған ислам діні еді. Ислам бұл үрдістерді бірегей құрылымға айналдырды. Жошы Ұлысы тұсында ислам діні алғаш рет Шығыс Еуропа мен Орта Азия тарихында мемлекеттік және аймақтық шекарадан шыға бастады. Ендігі жерде ол еуразиялық түркі империясының діні болып қалыптасты. Соның негізінде ортағасырлық тарихшы Жувейни (XIII) моңғолдардың жорықтары ислам дінінің таралуына негіз болды, деп жазды. Міне осындай жағдайда Жошы Ұлысында ислам дінінің кең қанат жаюы көпқырлы болды. Бұл жағдай саяси және мәдени контексте қарауға қиындық туғызады. Себебі, XIII ғасырдың ортасында бірнеше қанды-қырғыннан кейін Солтүстік Еуразияның елдері мен қоныстары Жошы Ұлысына бағынышты болды. Бұлғария бірнеше эмиратқа бөлініп, Шыңғыс тұқымдарына бағынып кетті. Моңғолдар басып алған елдерінің дініне аса мән бермеді. Соның негізінде ислам Жошы ұлысындағы көп діннің бірі болып қала берді. Бұл үрдістерде Алтын Ордада діни төзімділік танытып, уақыт өте келе исламның ошағына айналды.
Жошы Ұлысының хандарының исламға бет бұруы Дешті Қыпшақтан шыққан түркі-мұсылмандардың билігіндегі Мысырмен әскери саяси одақ құруға мүмкіндік туғызды. Алтын Орда тұсындағы Дешті-Қыпшақта орын алған фактілер отандық тарих ғылымында өз дәрежесінде зерттелуді талап етеді. Бұл мәселеде Алтын Орда тарихының жүйелі түрде зерттелмеуі, батыстық және өзге елдердің тарихнамасында бұл кезеңге әртүрлі көзқарастар қалыптастыруда. Мысалы, осы кезең бойынша қазіргі кезде Татарстанның тарихшыларының белсенділігі байқалады, дегенмен олардың зерттеу еңбектерінде біржақтылық пен Еділ-Бұлғарлардың Жошы Ұлысындағы белді объекті болғанын көрсеткісі келеді. Алайда, тарихи факті Алтын Ордадағы тарихи оқиғалардың басым көпшілігі, оның ішінде наным-сенімдер мен ислам дінінің қарқынды дамып, Жошы Ұлысының саяси қадамдарының Дешті-Қыпшақта орын алғанын дәлелдейді. Осы тұрғыда отандық тарих ғылымында Алтын Орданың тарихын қайта қарастыру өзекті мәселе болып табылады.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Зерттеу Алтын Орда кезеңіндегі ислам мен діннің мәселесін қамтығандықтан XIІІ-XV ғасырларды қамтиды.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Алтын Ордадағы ислам дінінің рөлін көрсету және археологиялық, этнографиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсаттарға жету үшін алдымызға мынадай міндеттер қойып отырмыз:
- Жошы Ұлысындағы діни наным-сенімдер мен ислам дінінің таралуының алғышарттарын анықтау;
- исламға дейінгі моңғолдық идеологияның Дешті-Қыпшақтағы көрінісі, оның жергілікті көшпелілердің танымындағы ұқсастықтарды салыстыру;
- Ислам дінінің таралуындағы сопылардың рөлін зерделеу;
- Алтын Ордадағы ислам дінінің таралуын моңғолдық және исламдық жерлеу дәстүрлерін салыстыру арқылы көрсету;
Зерттелу деңгейі: Алтын Орда дәуірінің тарихнамасы отандық тарих ғылымында өзекті мәселелерді тудырып отыр. Бұл өз заманында Жошы Ұлысының қазіргі кездегі мемлекеттердің ортақ тарихи кезеңі мен аймағын қамтумен ерекшелендіреді. Яғни, қазіргі кезде бұл дәуірді зерттеушілер әр елдің зерттеушілері өз тарапынан субъективті зерттеулер жүргізуде. Бұл құбылыс бір жағынан қайта қалыптасып жатқан елдер үшін тарихи жадыны қалыптастырудың негізгі функциясын атқарса, екінші жағынан тарихи объективтіліктен алшақтауға алып келуде. Қалай дегенмен Жошы ұлысындағы ислам дінінің таралуы мен дамуы жөнінде көптеген еңбектер жарық көрді.
Бұл кезеңге байланысты зерттеу еңбектерін жалпылама үш топқа бөліп қарастырса болады: бірінші батыстық зерттеушілердің еңбектері; екінші топқа патшалық Ресей мен Кеңес одағы тұсында жарық көрген зерттеулер. Ал үшінші топқа отандық зерттеушілердің еңбектерін атап айтсақ болады.
Бірінші топқа, Алтын Орда тарихы мен мәдениетіне көптеген зерттеген Дегинь К. Д. Оссон, Г. Вамбери, Г. Хоуорос, Томас Олесен, Рене Груссе, Пауль Пеллио, Д. Бедли, Л. Коэн [1] және соңғы кезеңдегі Еуропа тарихшыларының ішінен Девин Девис, Чарльз Гальперин, Руди Пол Линднер, Иштван Вашари және Питер Голдендерді атауға болады [2] . Соның ішінде американдық тарихшы Девин Девис Алтын Орда билігіндегі ислам дінінің таралуы барысын көрсетсе, ағылшындық Чарльз Гальприн өз еңбегінде ортағасырлардағы Алтын Орданың орыстарға тигізген әсерін айқындайды [3] .
Екінші топқа, XIX ғасырдың алғашқы ширегінен бастап, Ресей империясы Алтын Орда тарихына ерекше үңіліп, арнайы зерттей бастады. Бұл кешенді зерттеулердің нәтижесінде Я. Бичуриннің [4], Е. Бретшнейдердің [5], В. Г. Тизенгаузеннің [6] құжаттық аудармалары мен зерттеулері жарық көрді. Бұл өз кезегінде ресейлік тарихнамадағы Алтын Орда дәуірінің зерттелуінің алғашқы толқыны болды десек болады. Жоғарыда келтірілген зерттеушілердің ізінен ресейлік ғалымдардың түбегейлі еңбектері жазыла бастады. Олардың қатарында В. В. Бартольд [7], А. Н. Насонов, В. Я. Владимирцов [8], В. В. Радлов, П. С. Савельев, Г. С. Саблуковтың еңбектері тұрды [9] .
Сондай-ақ, Кеңес одағы тұсында Б. Д. Греков және А. Ю. Якубовскийдің монографиясы Жошы ұлысының біртұтас тарихын сипаттады [10] . Бұл іргелі еңбектің жалғасы В. В. Вельяминов-Зернов, М. Г. Сафаргалиев, Г. А. Федоров-Давыдов, А. А. Семенов, Л. Н. Гумилев, Б. А. Ахмедов, М. А. Усманов, А. П. Григорьевтің еңбектері Алтын Орда тарихын жан-жақты зерттеуге арналды [11] .
Үшінші топқа, отандық зерттеушілер арасында Н. Нұртазинаның «Ислам в средневекового Казахстана» [13] атты монографиясында Алтын Ордадан Қазақ хандығына дейінгі көшпелілердің исламды қабылдауының үрдістеріне тоқталған. Сонымен қатар, автор тек тарихи деректерден басқа қазақтардың мәдениетіндегі діни ұстанымдар мен көне нанымдардың сарқыншақтарын қарастырған. Бұл көшпелі қазақтар арасындағы исламның таралуының күрделі саяси немесе мәдени өзгерістер тудырмағандығын көрсетеді. Сондай-ақ Ә. Муминовтың «Ханафитский мазхаб в истории Центральной Азии» [14] атты еңбегінде Орта Азиядағы ханафи мазхабының таралуына ықпал еткен ғалымдар мен жиһанкездердің өмірі мен шығармашылығын таныстыра келе Алтын Ордадағы исламның даму және орнығу жағдайына сипаттама берген. Бұл тұрғыда Жошы Ұлысының тарихы мен ісргелес елдерінің тарихы мен мәдениетіне арналған З. Қинаятұлының соңғы кездері жазған монографиялық зерттеулерін айта кеткен жөн [15] .
Зерттеу жұмысының деректік негіздері. Жошы ұлысының тарихына қатысты көптеген дереккөздер сақталған соның ішінде ислам дінінің таралуы мен дамуына қатысты араб, парсы деректері өте құнды болып табылады. Сонымен қатар, Берке ханның Мысыр сұлтанына жазған хаттары мен елшілік жіберулеріне байланысты армяндық деректерде кездеседі. Соның ішінде Ибн Фаддаль әл Омаридің [16], Ибн Арабшах [17], Әл-Муфаддаль [18], ән-Нувейри [19], Рукн ал-дин Бейбарстың [20], Бадр ад-дин әл Айни [21], Ибн Батута [22], Рашид ад дин [23] және т. б. авторлардың еңбектерінде кездеседі. Зерттеудің үшінші бөліміне қатысты ауызша және фольклорлық деректер құрайды. Ол батырлық жырлар мен дастандардан тұрады. Діни дастандар өзінің сюжеттері, мазмұны, шығу тарихы, таралу жолдары жағынан әр түрлі. Бірақ олар идея жағынан бірігеді, ол - исламдық руханият құндылықтарын үгіттеу. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін діни дастандарда дүниенің исламға тән жаратылыс түсініктері, Құран мифологиясы, Шығыс пен Батыс халықтарына ортақ көне ертегілік, эпикалық мотивтер мен шығыс халықтарының типтік кейіпкерлерінің бейнелері кеңінен қолданылады. Бұл шығармалар ойдан шығарылған көркем қиял арқылы байиды. Кейіпкерлердің образдары мақсатты түрде халық танымына сәйкес тұлғаланады.
Діни дастандардың 1917 жылға дейін жарық көрген және қолжазба күйіндегі үлгілерін тақырып пен мазмұнына сәйкес былайша топтастыруға болады:
- Ислам дінінің негіздері мен ұстанымдарын (діни ақиқаттар мен өсиеттер, тиымдар. Құран оқу шарттары, құдайға құлшылық ету ережелері, т. б. ) дәріптеу және оларды бұзушыларды жазалау туралы дастандар;
- Мұхаммед пайғамбар, «мұсылманды құтқарушы» және «әділетті төрт халифа» жайлы дастандар;
- Әр түрлі мұсылман батырлары мен әулие, әнбиелердің өмірі, жасаған ерліктері туралы шығармалар;
- Исламды тарату мен орнықтыру жолында дінсіздермен күресті суреттейтін туындылар және т. б.
Негізін мұсылман аңыздары мен мифтері, Құран қағидалары, Пайғамбар сүннеті мен хадистері, мұсылман қайраткерлері мен ислам батырлары туралы аңыздардан тұратын діни дастандары классикалық тарихи деректер тобымен бірге салысырмалы түрде дерек ретінде ішінара пайдалану маңызды.
Жұмыстың құрылымы. Кіріспе, негізгі (2-тараудан, әр тарау екі тараушадан), қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I АЛТЫН ОРДАДА ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУЫ
- Ислам дінінің қабылдануының алғышарттары.
Өзбек ханның 1312 жылы исламды Алтын Ордадағы мемлекеттік дін ретінде жариялауы ұзақ жылдардағы процесстің нәтижесі еді. Тарихта моңғолдардың дінге деген наным-түсініктері барлық дін өкілдеріне бірдей көзқараста болуымен ерекшеленді. [24, 263 б. ] Шыңғысханның Яса заңдар жинағында: «Ол (Шыңғысхан) оларға (моңғолдарға) қандай да бір дін өкілі болуға тыйым салды . . . » деген жарғысы бар [25, 213-214 б. ] Тарихшы Джувейни де атақты Бату ханның «ешқандай сенімді нақты ұстанып, бір діни ұғымның жетегінде жүрмеді, ол дін хақындағы наным үлгілерін тек құдіретті Жаратушыны танудағы әрекет» деп түсінген билеуші болғандығын да айта кетеді. [26, 123 б. ] Осы арқылы Орданың алғашқы құрылған жылдарында билік арасында діннің соншалықты маңызы болмағандағын байқауға болады. Олардың бұл түсініктері жер бетіндегі барлық дін шынайы, түбі бір Құдайдан жаралғандығын, алайда бір-бірінен айырмашылығы - ұлттық ерекшеліктер мен әдет-ғұрыптардың орындалуына байланысты деген ұғымды қалыптастырды. Осының негізінде моңғолдар жаулаған ұланғайыр атырапта дін еркіндігі берілді, политеизм (әртүрлі діннің) салдарынан да болар кейінен осы арқылы өзге де, тіпті монотеизмнің (бір діннің) орнығуына ықпал жасалынды. Политеизм мен монотеизм арасындағы қақтығыс кейін барлық рухани сұраныстарды қамтамасыз ететін бір діннің пайда болуы тиіс екендігін көрсетті. Ал шынында бұл хандықтағы болып жатқан түрлі қақтығыстарды жабу үшін дінді сылтаурату еді, орын алған келеңсіздіктердің негізгі себептері - әлеуметтік, саяси және экономикалық мәселелер болатын. В. Л. Егоровтың хандық ішіндегі исламның орнығуы хақында және Орда қалаларында дамуы туралы айтқан пікірі біраз қызығушылық туғызады:
«Бірақ Ордадағы исламның таралу тарихымен байланысты қалалардың дамуы қалай болды? Бұл мәселе Чингизид пен Алтын Орда мемлекеттерінде ұлтаралық басқару жүйесі, сондай-ақ, ұлт билеушілері мен орталық хандық әкімшілігінің арасындағы қарым-қатынастармен тығыз байланыста қаралды. Өйткені олардағы саяси және экономикалық өмірдегі көшпелі және бейресми үрдістердің күрес көрінісін көріп отырмын. Ислам осы жағдайдағы сыртқы «үшінші күш» ретінде әрекет ете алмады. Исламның өкілдері мен оның таратушыларына осы тенденциялардың бірін таңдап, саясат пен экономикада оған сүйену керек болды. Менің пікірімше, таңдау XIII-XIV ғасырларда мұсылмандардың таңдауы айқын болды, ол - орталық хандық әкімшілігінің жағында, мемлекеттік жүйені жетілдіруге ұмтылған билік, таққа мұрагерліктің тікелей тәртібін белгілеп, мемлекетті орталықтандыруға әрекет жасады». [27, 78 б. ]
Мемлекет аумағы үлкен далалық кеңістікте болды, қалалар тек Азов және Қара теңіз өңірлерінде, Қырымда, Орта Еділде, Хорезмде, даланың шетінде болған, Еділдегі (Волга) төменгі Саксин және Саммерсента туралы айтылған. Дегенмен, мемлекеттің коммерциялық жағынан қолайлы жерде орналасуы Алтын Ордаға транзитпен айналысатын көптеген саудагерлерді тартты. Плано Карпини 1246-47 жылдары орыстардың оңтүстік далаларынан бірде-бір қала көрмеген болса, 6 жылдан кейін Рубрук өз саяхатында бұл жерлерде құрылыстар пайда болып жаңа өркениет қалыптаса басатағанын жазған. Көшпелі өмір салтын ұстанып жүрген халықты қалалық тірлікке дереу көшіру үдерісі қалай жүзеге асырылды? Мұны Қарақорымға қатысты Алтын Ордадағы сепаратизмнің біртіндеп ұлғаюы және экономикалық тәуелсіздікке ие болуымен түсіндіруге болады. Мемлекеттің қалыптасуының алғашқы кезеңінде моңғолдардың ұлыс ақсүйектері өздерінің билеп отырған ұлыс пен үй-жайларынан, қоныстанған аумақтарды басқарудан ажырай бастады. Салық жинауды шетелдік (моңғол, қытай және орталықазиялық) салықшылар жүргізді, ал салық Қарақорымға түсті. Бұл тәртіп Шыңғысханның Яса заңдар жинағында да қарастырылған. Бірақ Жошы ұлысы Қарақорымнан экономикалық және саяси тұрғыдан ажырап, ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында бүкіл моңғол билігіне тән сепаратистік үрдістерден, кейін оның саяси ықпалынан да құтылуға тырысты. [28, 27-28 б. ] Моңғол империясының бөлінуі феодалдықтардың жаңа мемлекеттік құрылымдардағы саяси билікті тезірек нақты ресімдеуге деген ұмтылысының нәтижесі болды. Әрбір түменбасы он мыңға жуық сарбаздардың қабілетін ашып әскери ұрысқа тәрбиелеуге және соншалықты шаңыраққа ие болып өзіне тиесілі аумақтың қожасы саналды. Әрине, XIII ғасырдың саяси жағдайында ұлт феодалдық иеленудің мүлдем иеліктен шыққан нысаны болып табылады және оның мүшелігі белгілі бір тұтқынды насихаттаумен немесе сот шартымен байланысты болды. Ордадағы Ұлы хан билігінің әлсіреуімен, қоныстанған аумақтарды басқару ескі қала орталықтарының қалпына келтірілуін және жаңаларын құруды ынталандыратын іргелес киіз үйлердің иелеріне берілді, өйткені феодалдықтар қоныстанған халықты қанаудан пайда көрді. Дәлірек айтқанда қалалар көпестерді, әсіресе мұсылмандық сенімдегі саудагерлерді тарту орнына айналды. [29, 236-237 б. ] Бату хан билік еткен тұста-ақ мұсылмандар оның ауналасына шоғырлана бастады. Мұсылмандар келіп, Болгария мен Хорезмді, яғни дамыған мұсылман мәдениетімен айналысатын өлкелерде, мемлекеттік басқаруда білімді мамандарды тарта бастады деп болжауға болады. Орда ішінде биліктің үлкен бөлігі құрылуына байланысты оқыған сауатты адамдарға мұқтаж болғандығын байқауға болады [29, 14-15б] . Моңғолдардың әртүрлі дін өкілдеріне қатысты кемсітуге жол бермейтін «діни толеранттылық» деген ұстанымы білімді адамдарға - христиандарға, буддистерге және мұсылмандарға - үкіметтің түрлі салаларына енуге мүмкіндік берді. Мысалы, Джузджани мұсылмандарының жағдайы туралы жазады: «Ол (Бату) өте мұқият адам және мұсылмандардың досы, оның қамқорлығымен мұсылмандар өмірлерін еркін өткізді. Лагерьде және тайпаларда мешітте ғибадат етушілерге, имам және муезиндермен бірге салынған . . . Сонан соң асырып: Кейбір сенімді адамдар былай дейді: Бату хан жасырын түрде мұсылман болды, бірақ оны ашпады және ізбасарларына да исламды дәріптеді». [26, 27-28 б. ]
Беркеге қарсы қолдауды Бату xан Саин xанның қазасынан соң ордада үлкен болып қалуы арқылы алды. Бұл жағдайда мұсылман адам өзін қалай ұстаушы еді? М. Г. Сафарғалиеваның пікірінше Берке xанның бұл тартыста жеңуіне тікелей мұсылман көпестерінің тікелей ықпалы болған. Бір уақыт ішінде тақтан шынайы исламды қолдаушы xанды көргісі келген Хорезм және Бұлғар мұсылмандары да Беркеге жақтасты. Оның таққа отыруымен исламды дәріптеуге келген дін таратушыларға еркін жол ашылды. Осыдан кейін Берке тұсында Алтын Орда ақсүйектері жайлап ислам дінін қабылдай бастайды. Мұсылман көпестері Орданың билік құрылымына зор ынта танытады. Бәрінен бұрын олар Орданың ұлыс ішілік әкімшілік басқаруында сенімді билеушілердің отырғанын және алдағы атқаратын қызметтері үшін олардың жәрдем беретініне сенімді болды. Сонымен қоса, мұсылман көпестері Қарақорымдағы салық жүйесінің жойылуынада да белсенділік танытты. Оған түсетін қаражатты өздері алып отырғысы келді. Расында да дін тарату үшін мемлекеттің қаржылай көмегі қажет болары анық, сондықтан мұсылман көпестері алдымен ел билігіндегі адамдардан қолдау іздеді. [30, 45-48 б. ] Осы тұрғыда М. Г. Сафарғалиевтің пікірімен келісуге болады. Уақыт өте келе бұл тұжырым да расталды, Берке xан Шыңғыс тұқымындағы ұлы xанды мойындамай, өз билігін орнықтырған алғашқы xан болды. Моңғолдар арасында исламды мойындаған тұңғыш xан ретінде тариxта қалды.
Құбылай ұлы xан атанғанына қарамастан Берке оның атын ақшаға басудан бас тартты. Оның орнына соңғы xалиф Насыр ад-Диннің атын жаздырды. Осы қылығы арқылы xалифаттың жоғарғы билігін мойындайтынын көрсетті. Шығыс тариxшылары Берке xанды осы мұрат үшін туылған деп санайды. Тариxшы Жүзжани оның дүниеге келуін былай сипаттайды: «анасы Берке xанды дүниеге әкелген тұста оның әкесі (Жошы) : «мен бұл баладан мұсылман жасаймын, сондықтан оны мұсылманша кіндігін кесіп, мұсылман әйел сүтімен емізсін»-деп бұйырыпты. Осының арқасында xан мұсылмандықты туылған сәтінен бастап сезінеді». [26, 17 б. ] Кейінен Берке xанға таңдаулы имамдардың бірі Ходжентте Құран оқуды үйретеді. Бұдан кейін Орда әскерлерінің ішінде де басшыларын мұсылмандардан тағайындады. Берке xанның исламды ұстануы Бату xанның тұсында болғандығын Сартақтың мына сөздерінен байқауға болады: «Сен-мұсылмансың. Мен xрестьян сеніміндегі адаммын ғой, маған мұсылманның келбетін көру бақытсыздық» дейді. [26, 19 б. ]
Египеттік Эннувейри: «бұл Берке xан мұсылмандықты берік ұстанды және керемет болды. Ол ислами сенімнің ұшқындарын оятып, исламның жоралғыларын жасады. Мұсылман мектептерін ашып, исламның ең жақсы қасиеттерін еліне де сіңдірді. Оның әйелі де исламды қабылдады; ол өзіне шатырлардан бірге алып жүретін мешіт құрғызды. Берке нағыз мұсылмандардың қатарынан болатын, ол ғалымдарды құрмет тұтып, қайырымына бөледі. Шатырдан құралған мешітін үнемі өзімен бірге алып жүрді. Оның жанында күніне бес мезгіл құлшылық жасайтын имамдары болды. Исламды ұстанатын әскер xандықтың тірегіне айналды». [26, 204 б. ]
Тағы да бір маңызды оқиға Бейбарыс сұлтанның жылнамасында жазылған: «ислам дінін қабылдаған он мың қол Хулагуды жаулап Хорасанға қарай аттанып бара жатыр». [26, 82-83 б. ] Иран моңғолдары мұсылман Египет мемлекетінің жауына айналды. Сондықтан Берке xан сұлтанға жазған xатында екі жақты одақ құруға ұсыныс білдірді. Бұл одақ тек қана саяси маңызға ие емес, бауыр екі мемлекеттің ортақ жеңісі үшін күресі саналады. Сондықтан мен Берке xанның елшілерін құшақ жая қарсы алдым. Олар мұсылманша киініп, мұсылман есімдерімен келген алғашқы елшілер еді». [31, 87 б. ]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz