Қазақ әліпбиінің тарихи кезеңдері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 7
1 Қазақ әліпбиі 10
1.1.Қазақ әліпбиінің тарихи кезеңдері 10
1.2.Қаріптерді белгілеу 11
2 Android операциялық жүйесі 14
2.1.Android ОЖ-сі туралы түсініктеме 14
2.2.Android ОЖ-нің даму тарихы 15
2.1.1.Android ОЖ-нің пайда болуы 15
2.1.2.Android ОЖ-нің 2005-2007 жылдардағы эволюциясы 20
2.3.Android ОЖ және Android қосымшалардың жұмыс істеу приципі 24
2.4.Android қосымшасы компоненттері 25
2.4.1.Әрекетшілдік 33
2.4.2.Қызметтер 33
2.4.3.Кең таратқыштық мақсатты қабылдағыш 34
2.4.4.Контент-провайдер 34
2.5.Android архитектурасы 34
3 Қосымшаның құрылу ортасы 36
3.1.Қосымша құру ортасын дайындау 36
3.2.Java бағдарламалау тілі 36
3.2.1.Java тілінің негізі және қысқаша тарихы 36
3.2.2.Бай объектілік ортасы 37
3.2.3.Класстар 39
3.3.Android SDK-да қосымшалар құру 40
3.3.1.Жоба қасиеттері 40
3.3.2.Жобаның файлдық құрылымы 44
3.3.3.Деректер қорын құру. SQLite 46
4.1.Қосымшаға қойылатын талаптар 49
4.3.Қосымша интерфейсінің құрылуы 50
4.5.Қосымшаның бағдарламалық коды 58
4.6.Программалық жабдықтарды тестілеу. Программалық жабдықтардың сапасын тексерудің түрлері 59
Қорытынды 61
Қолданылған әдебиеттер тізімі 63
Қосымша 65

Кіріспе

Технологиялардың қарқынды даму процессіне байланысты қазіргі замандағы адамдар өмірін смартфондарсыз, планшеттерсіз көзге елестету мүмкін емес. Мәселен Android операциялық жүйесі Honda, General Motors, Audi мен Hyundai-дың көліктеріне орнатылады. Ақпаратты Google компаниясына сілтеме жасай отырып Nikkei іскер басылымы таратты. Компания жүйені көліктерге өзі орнатып отырады. Оның көмегімен көлік жүргізушілері электронды поштасын тексеріп, карталарды жүктеп, дауыс арқылы көлікті басқара алатын болады. Қазір Google компаниясы көлікті жүргізген кезде ұялы телефонды пайдалануға болатын жүйені жасақтап жатқандығы белгілі болып отыр. Сондай-ақ,с телефон арқылы көліктің компьютеріне ақпарат жіберіп, алмасу қызметі жасақталып жатыр. Оның барлығын дауыс хабарламалары арқылы жасап отыруға болады. Хит әндерді көліктің компьютеріне жүктеу мүмкіндігі де қарастырылған. Биылдан шыққан көліктерде әндер жүктеулі болады. Android операциялық жүйесі 2008 жылы шығып, қазір 80 пайыз ұялы телефондарға орнатылған болып отыр. Оның басқа жүйелерден негізгі артықшылығы компьютерге еркін қосылу мүмкіндіні. Тіпті, жас бүлдіршіндеріміздің өздері еш қиындықсыз кез-келген құрылғыларды тез меңгеруге бейім. Сондықтан Android операциялық жүйесіне арналған балаларға арналған сөйлейтін әліпби қосымшасы балалардың смартфондар, планшеттер алдында өткізетін уақытын тиімді пайдаланудың бірден бір әдісі.
Смартфондар мен планшеттерден басқа Android операциялық жүйесі басқа да құрылғыларға орнатыла бастады. 2009 жылдың соңына таман ең алғашқы рет Android операциялық жүйесінде жұмыс жасайтын фоторамка сатылымға шықты. 2011 жылдың шілде айында Blue Sky компаниясы Android операциялық жүйесімен басқарылатын интеллектуалды i'm Watch қол сағатының шыққанын құлақтандырды. 2012 жылдың тамыз Nikon компаниясы әлемде ең алғаш болып Android операциялық жүйесінде жұмыс жасайтын фотокамераны халыққа ұсынды. Google Nexus топтамасында да смартфондар мен планшеттер ғана емес, сонымен қатар Android операциялық жүйесінде жұмыс жасайтынNexus Qмедиаплеерін айтсақ болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Android операциялық жүйесіне арналған балаларға арналған сөйлейтін әліпби қосымшасы интерфейсі арнайы үйретуді талап етпейтін өте қарапайым түрде құрылған. Сол себепті бүлдіршіндеріміз әліппені ата-анасының және басқа да үлкендердің қатысуынсыз, өз бетімен үйренулеріне болады.
Қосымша жаңалықтары. Қосымша құрылымы өзіне тән ерекшеліктерге ие. Қосымша түрлі функцияларды қамтитын бағдарламалық кешеннен тұрады. Яғни, Андроид ОЖ-не арналған электрондық әліппе қосымшасының жаңалығы - бір қосымша құрамында бірнеше қосымшаға тән қасиеттер жинақталған. Қосымшаны іске қосып, қолдану кезінде жас қолданушылар беттер арасында еркін орын ауыстыра алады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Android операциялық жүйесіне арналған балаларға арналған сөйлейтін әліпби мектепке дейінгі бүлдіршіндерге заманауи технологияларды қолдана отырып қазақ әліппесін оңай меңгеруге, қосымша құрамындағы логикалық ойндардың көмегімен логикалық қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Android операциялық жүйесіне арналған балаларға арналған сөйлейтін әліпбиқосымшасында смартфон экранына жанасу арқылы сурет салу және жеті нотадан тұратын мұзыкалық аспап терезелері қарастырылған. Яғни, Android операциялық жүйесіне арналған балаларға арналған сөйлейтін әліпбиқосымшасы тек әліппені үйретіп қоймай, бүлдіршіннің суретшілік және музыкалық қабілеттерін арттыруға септігін тигізеді.
Қосымша құрамы. Қосымша бес беттен тұрады. Бірінші бет - негізгі меню. Негізгі менюде әліппені уйрену, сурет салу парағы, ойын ойнау және әуен ойнау беттеріне сілтейтін батырмаларды көруге болады. Екінші бет - әліппені үйрену беті. Негізгі беттегі "әліппені үйрену" батырмасын басу арқылы әліппені үйрену бетіне көшеміз. Бұл бетте қазақ әліпбиінің қырық екі әріпі кесте түрінде орналасқан. Әр әріпті басу арқылы басылған әріптің атауынан және сол әріпке байланысты создерден тұратын аудиожазбаны ести аламыз. Үшінші бет - сурет салу парағы. Бұл бетте бүлдіршін экранға саусақпен жанасу арқылы сурет сала алады. Төртінші бет - ойын ойнау беті. Бұл бетте бүлдіршіннің еске сақтау қабылеттін арттыруға арналған ойын құрастырылған. Бесінші бет - әуен ойнау. Әуен ойнау бетінде жеті нотадан тұратын батырмалы музыкалақ аспап орналасқан. Бүлдіршін бұл бетте өзіне керек аспапты таңдап әуен ойнай алады.
Құрал-жабдықтар құрамы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кiрiспеден, төрт бөлiмнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кiрiспеде тақырыптың өзектiлiгi анықталып, оның зерттелу дәрежесi сипатталады.
Қазақ әліпбиі бөлімінде Қазақстан Республикасында жазу жүйесінің пайда болуы туралы тарихи деректер, қазақ әліпбиінің даму кезеңдері және қазіргі таңдағы күйі қарастырылған.
Андроид операциялық жүйесі бөлімінде андроид операциялық жүйесінің пайда болу тарихы, даму кезеңдері, жұмыс істеу принципі және т.б туралы ақпараттар қамтылған.
Қосымшаның құрылу ортасы. Android операциялық жүйесіне арналған балаларға арналған сөйлейтін әліпби қосымшасы Java бағдарламалау тілінде, Eclipse бағдарлама құру ортасын қолдана отырып құрастырылған. Eclipse бағдарлама құру ортасына Android SDK Manager және Android Virtual Devices кірістірілген. Android SDK Manager андроид платформасыны бағдарлама құру мүмкіндігін береді. Android Virtual Devices - андроид операциялық жүйесіне арналған қосымшаларды компьютерде орнатып, іске асыруға арналған виртуалды эмулятор болып табылады.
Қосымшаны құру ортасы бөлімінде қосымшаны құруға қажетті құрал-жабдықтар жиыны, қосымшаны құру әдістері, қосымшаның интерфейсінің құрылуы, қосымша құруға қолданылған әдістер мен қосымша алгоритмі жайлы негігі ақпараттар қамтылған.
1 Қазақ әліпбиі

Қазақ әліпбиі -- қазақша жазу әліпбиі, бұл үшін келесі жүйелер пайдаланылады:
Қазақстан Республикасында -- кирил жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстан бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады. Қытай Халық Республикасында -- араб жазуы негізінде, ресми түрде Шынжаң Ұйғыр автономиялық районындағы Іле Қазақ автономиялық облысында. Тағы да Ауғанстан, Иран және Пәкістан елдеріндегі қазақ диаспорасы да пайдаланады. Түрік Республикасында -- қазақ диаспорасы ресми емес түрде латын жазуы негізіндегі түрік әліпбиін пайдаланады. Сонымен бірге Алмания, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады [20].

Қазақ әліпбиінің тарихи кезеңдері

Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келгені мәлім. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданып келеді. Кирил жазуы негізінде Қазақ кирил әліпбиі -- көбінесе Қазақстан мен Моңғолияда пайданаланылатын әліпби. Бұл Сәрсен Аманжолов ұсынған әліпби 1940 қабылданған, 42 әріп енген: 33 орыс әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша әріп Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ (1947 ж. дейін бұрын осы әріп орнына Ӯӯ пайдаланылған), Ү, Һ, І. Ертеде қазақ әріптері орыс әліпбиі әріптерінің сонында қойылған, сосын дыбысы жақын орыс әріптерінің артына жылжытылған. Келесі әріптер: В, Ё (1957), ф, Х, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, қазақтың төл сөздерінде пайдаланылмайды. Бұл әріптер: Ё, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, тек кеңестік дәуірінде орыс тілінен, немесе орыс тілі арқылы енген сөздерде орыс емле нұсқауларымен пайдаланылған (1990 жж. бері ресми және жеке жария ақпараттарда, әдеби шығармаларда пайдалануы азая түсуде, сиректеніп кетті). Х әрпі қазақ фонетикасында Қ түрінде айтылады. Һ әрпі тек сиреген араб-парсы кіріс сөздерінде кездеседі, және де Х немесе Қ сияқты айтылады. Е сөздің нағыз басында [ʲe] дифтонгоиды боп сөйленеді. Э әрпі әрдайым Е боп айтылады. О сөздің нағыз басында [ʷo] дифтонгоиды болып айтыла алады. У әрпі буын жасамайтын дыбысты белгілейді, және де ҰУ, ҮУ, ЫУ, ІУ псевдодифтонгтерді алмастыру үшін пайдаланылады. Келесі әріптер алдыңғы және артқы ретті дыбысты жұпты белгілейді (әдетте жіңішке мен жуан деп аталады): Е -- А, Ө -- О, Ү -- Ұ, І -- Ы. Араб-парсы кірме сөздерінде Ә -- А қарама-қарсы қоюы көрінеді [20].

Қаріптерді белгілеу

Жақында өткен заманда қазақ мәтінін теру көбінесе қиыншылыққа ұшырайтын еді. Оның себебі, амал жүйелерінде мен мәтінтергіштерде Юникод арқауы жоқтықтан, қалыпты түрде қазақша 8 бит белгішелеу парақ болмағаннан және қалыпты компьютер қаріптері жетіспеушліктен де. Осыған орай қазақ кирил әліпбиін компьютерлерде белгішелеу үшін 20-дан аса әртүрлі нұсқалары[1] ұсынылған. Кезінде Қазақстанда DOS үшін ҚР МҚ 920-91 мемлекеттік қалпы қабылданған болатын. Бұл қалып CP866 8 бит кирил (славян) белгішелеу парақтың негізінде жетілдірілген. Енді бірталай көп кідіріп Windows жүйесіне арнап ҚР МҚ 1048 -- 2002 қалпы бекітілген. Осы қалыптың қолдануы өте шектеулі болды, себебі ол Юникод басқа ескірген 8 бит белгішелеуді ығыстырып шығаруы қызған кезі болды. Сонымен, тек кейбір мемлекетттік және өкіметке жақын ұйымдар, соның ішінде ҚазАқпарат ақпарат агенттігі де, соңғы кезге дейін қолданған. Ағымда барлық жерде де UTF-8 белгішелеу қолданылады. Пернетақта жаймасы Қазақ пернетақта жаймасы (Ё әрпі әдетте орыс жаймасына көшіп теріледі). Қазақ пернетақта жаймасы орыс теруіш жаймасы негізінде дамытылған және де РСТ ҚКСР 903-90 қалпында бекітілген. Осы жайма Юникодпен қуатталған: Windows (NT тұқымдасындағы 2000, XP, Server 2003, Vista одан жоғары нұсқалары да) және Linux амал жүйелерімен жеткізіледі. Қазақтың өзіндік әріптері пернетақтаның жоғарғы тізбегіндегі сан аясы орнында орналасады. Ал, сан және басқа нышандар (, *, - , +) енгізу үшін көмекші сан пернетақтасы пайдаланылады. Осы себебінен қалыпты жаймада әріп емес нышандарға, және Ё әрпіне де, тиісті орны табылмаған.
Араб жазуы негізінде Араб әліпбиінде -- 29 әріп және бір белгіше бар (ٴ) -- жоғарғы һәмзә, бүкіл сөздегі жіңішке дауысты дыбысты белгілеу үшін, сөздің басына қосылады (тек жіңішке дауыстыларымен әрдайым үйлесетін Г және К әріптерінен тыс). Жазу әдісі парсы мәнерінде негізделінген. Жазу бағыты оңнан солға. Қарахан әулеті мезгілінен (10 ғ.) бастап Қазақстан жерінде түркі тіліндегі мәтіндерді жазып алу үшін пайдаланылған.
Көп мезгілде абжад түрінде боп қалды, яғни тек дауыссыз дыбыстарды белгілеуімен. 1924 жылы қазақ фонетикасындағы дауысты дыбыстарын дұрыс белгілеу үшін қайта құрастырылған. Жобаны дамытқан Ахмет Байтұрсынов төте жазу деп атаған (тағы да Жаңа емле деп де аталған). 1929 жылы латын жазуы негізіндегі Жаңәліп әліпбиімен ауыстырылған. Оны қазір де Шығыс Түркістан қазақтары (сонымен бірге, кейбір ұлттық ерекше өзгешеліктерімен қырғыздар мен ұйғырлар да) қолданады. Тағы да араб жазуын пайдаланатын Ауғанстан, Иран Пәкістан және Таяу Шығыс елдерінде қазақ шетжұрты қолданады. Тарихи әліпбилер Есікті жазбасы түрі бірнеше археология мұрасымен таныстырады, соның ішінде ең ежелгісі -- Есікті қорғанынан табылған күміс легендегі жазба (5 ғ. (б.з.б) шамасы). Сол қорған әйгілі Алтын адамның жаназа орны болыпты. Жазуы Орхон және Енесай бойындағы көнетүркі жазуына ұқсас. Кейбір зерттеушілер леген жазуын Солттүстік Үндістандағы кһарошти жазу түрі деп шығарады. Жазба мұқамы әлде де анықталмаған. Орхон жазуы Көнетүркі әліпбиі -- тағы Орхон-Енесай жазуы деп те, руникалық жазу деп те аталады. Оның себебі -- германдық халықтары өзінің ертедегі пайдаланған руна жазуына ұқсас болғандығынан (бірнеше руналарда бірдей дыбыстық және кескіндік тығыз ұқсастығы бар). Көнетүркі жазуы қалыпы Қазақстан жерінде тұрған, сосын қазақ этносына сіңірілген, көшпелі түркі тайпаларымен (5 -- 10 ғғ.) қолданған. Моңғол шапқыншылық заманында (12 ғ.) көнетүркі жазуы Исләм қысымы астында әбден араб жазуымен ысырылған. Жебірей жазуы Қазар (хазар) қағандары бүкіл ел діні есебінде яһуди дінінің қараим масхабын қабылдаған. Жебірей дінімен қолдасып жебірей жазуы да бірге келді. Сол қазарлар тайпаларының ішінде Украина және Солтүстік Қауқаз жер атауларында көп ізі қалған беріш тайпасы болған. Қазір беріш Кіші жүздің руы. Қарайлар (кейде масхаб атауымен шатастырып қараим деп те атайды), 2-ші Бүкіл Әлем соғысынан бұрын Қырымда тұрған, 1920 жж. дейін дәстүрлі жебірей жазуын қолданған. Қарайлар өздерін түркі халқымыз деп таниды, қазарлардың тікелей ұрпақтарымыз деп санайды.
Тағы да қырымшақтар деген -- қыпшақ тілінде (бұрын өздері шағатай тілі деп те атаған) жебірейлер тобы белгілі. 1941 -- 45 жж. соғыс кезінде фашистік Алмания қырымшақтар жұртын түгелге жуық қырған.
Юнан-қыпшақ жазуы Юнан (грек) жазуын Қырымда тұрған ұрымдар (қыпшақ тілінде сөйлейтін юнандар) 1917 ж. дейін пайдаланған.
Әрмен-қыпшақ жазуы XII -- XIII ғасырлар аралығында Әрмен патшалығына көшіп барған қыпшақтар қыпшақ тілінде ауқымды діни, заңгерлік және тағы басқа әдебиетті шығарды. Ол қыпшақ тілінің көне қазақ тілінен айырмашылығы -- әрмен-қыпшақ тілінде әрмен-християн ұғымдары көп қолданылады. Бұл мәтіндер әрмен әліпбиімен жазылды. Олардың бүкіл дүние жүзіне тарап кеткен ұрпақтары 19 ғасырдың соңына дейін шаруашылық жазбалары, жеке хаттар, т.б. секілді күнделікті жазбаларын әрмен-қыпшақ жазуымен жүргізіп келді. Латын қыпшақ жазуы Қырымдағы католик миссионерлері қазақ тілінің ертеректегі түрі -- қыпшақ тілінде Інжілдер және басқа да діни әдебиет шығарумен айналысты. Соның ең көрнекті мысалы -- 13-ші ғасырдың соңында құрастырылған лат. Codex Cumanicus, латынша-парсыша-құманша сөздік. Онда италиян және оңтүстік герман тілдерінде түсініктеме сөздер де бар. Негізінен ислам дінінің үстемдік құрған кезеңге дейінгі уақытта ұйғыр, соғды, манихей, сурияни, тибет және брахми жазуларымен де жазылған түркі тайпаларының эпиграфикалық жазулары белгілі.
Алғашқы қазақ кирил әліпбиін 19-шы ғасырда Ыбырай Алтынсарин жасап шығарған. Кирил әліпбиінің негізінде православ миссионерлері діни әдебиет және орыс-түзем мектептеріне арнап қазақ миссионер әліпбиі жасалды. Онда түрлі қосарланып жазылатын және диакритикалық таңбалар қолданылды. Миссионерлік әліпби 1917 жылға дейін шектеулі дәрежеде қолданылып келді. Латындық Жаңәліп КСРО ОАК жанындағы Жаңа әліпби бойынша комитет тарапынан латын тіліне негізделген Ортақ түркі әліпбиі (Яналиф немесе қаз. Жаңәліп) ұсынылды. Қазақ тілінің талаптарына сай кейбір өзгерістер енгізілген бұл әліпби ресми түрде 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып келді, сосын кирил әліпбиімен алмастырылды. Пинйін латыны 1960-шы жылдары Қытайда орын алған мәдени төңкеріс кезінде аз санды ұлттардың, соның ішінде қазақтардың жазуын қытай иероглифтік жазуына өткізуге талпыныстар жасалды. Бұл әрекеттер сәтсіз аяқталған соң арнайы бұйрықпен Шынжаң Ұйғыр автономиялы ауданының үш облысын мекендейтін қазақтарға арнап пинйін негізіндегі жазу енгізілді. Ал пинйін жазуы 1950-ші жылдары Қытайдың Орталық үкіметінің қаулысы бойынша қалыптастырылған болатын. 1980-ші жылдардың соңында төте жазу қайтақабылданды.
Әліпбиді реформалаудың жобалары 1990-шы жылдардың басынан жазу реформасының бірнеше түрлері ұсынылды: Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде жоқ әріптерді қазақ әліпбиінен аластау (Ё, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э әріптерін), қазақ және орыс емле ережелерін қатар қолданудан бас тартып, тек морфо-фонемикалық ережені ғана ұстану, w дыбысы үшін Ў әрпін енгізу, байырғы қазақ сөздерінде және қазақ тілінің дыбыстық ережелерімен айтылатын араб-парсы сөздеріндегі У әрпін ҮЎ, ҰЎ, ЫЎ ІЎ түрінде жазу (қарақалпақ емлесіндегі сияқты), И әрпінің орнына ІИ, ЫИ қолдану; Жоғарыда айтылған жаңа емле ережелерін қолдана отырып, латын әліпбиіне өту, не 30-шы жылдардағы латын әліпбиін толығымен немесе кейбір жақтарын қайта қабылдау (ресми татар әліпбиіндегі сияқты), не түрік әліпбиіне негізделген латын әліпбиіне өту (қырым-татар, гагауз және ғаламторда қолданылатын татар әліпбиіндегідей); не ағылшын әліпбиін қабылдауы (өзбектер жасаған сияқты); Реформа туралы пікірталастардың бәрі түптеп келгенде екі таңдауға келіп тірелді: не кирил әліпбиін қалдыру керек, не түрік әліпбиінің негізіндегі латын әліпбиіне көшу керек (академик А. Хайдаридің нұсқасына). Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне көшудің тиімділігі туралы мәлімдемесінен кейін де әліпби туралы пікірталастар толастаған жоқ. Латын әліпбине өтуге қарсы пікір білдіретіндердің арасында әдебиетшілер басым. Болашақта әдеби шығармаларды жаңа әліпбиде қайта басып шығару туралы шешім қабылданғанда кейбір шығармалар тізімге енбей қала ма, жаңа буынға керегі болмай қала ма деп қауіптенеді [20].
2 Android операциялық жүйесі

2.1. Android ОЖ-сі туралы түсініктеме

Android - бұл Linux ядросында негізделген, компакты құрылғыларға арналған ашық шығыс коды бар операциялық жүйе. Android - смартфондарға, коммуникаторларға, сонымен қатар, түрлі планшеттік дербес компьютерлерге, дербес медиа-плеерлерге және т.б портативті құрылғыларға арналған танымал операциялық жүйе болып табылады. Қазіргі кезде Android ОЖ-сі қолданыстағы қалта құрылғыларында, ARM процессорлар отбасында, x86 процессорлы қарапайым компьютерлерде және т.б көптеген платформаларда жұмыс істейді. Одан басқа Android MIPS және POWER процессорлар отбасында қолданылады [1].

Сурет 1. Android 2.0 стандартты экраны

Google компаниясымен арнайы кітапханалардың арқасында Java бағдарламалау тілінде Android операциялық жүйесіне арналған қосымшалар құру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар Android Native Development Kit кешені С және т.б бағдарламалау тілдерінде қосымшалар құру мүкіндігін береді.
Бастапқыда Android ОЖ-сі кейіннен Google компанияымен сатып алынған Android Inc компаниясында құрылған. Қазіргі кезде жүйенің құрылуымен және дамуымен 2007-жылы 5-қарашада Google компаниясымен құрылған Open Handset Alliance кәсіптік альянсы айналысады.

2.2. Android ОЖ-нің даму тарихы

1.1.1. Android ОЖ-нің пайда болуы

Android - ықшамды (желілі) операциялық жүйе. Ол Linux ядросының негізінде жасалған және коммуникаторлар, планшетті компьютерлерге, санды ойнатқыштарға, қолсағаттарға, нетбуктар мен смартбуктарға арнап жасалынған. Алғашында бұны Android Inc. компаниясы жасап жатқанды, кейіннен бұл компанияны Google сатып алды. Содан кейін Google қазіргі кезде осы платформаның дамуына ат салысып жүрген Open Handset Alliance (OHA) альянсын құруға ынта білдірді. Android Google кітапхана арқылы жасалынған басқару құрылғысымен Java-қолданбалар жасауға мүмкіндік береді. Android Native Development Kit Си және де басқа да бағдарламалау тілінде жазылған қолданбаларды жасай алады [11].
2008 жылы алғашқы нұсқасы шыққаннан бері жүйе бірнеше рет жаңаланып тұрды. Бұл жаңаландырулар жүйеден табылған ақаулар мен жаңа функцияларды қосу болып табылады. Әр нұсқаның өзінше кодталған есім болады. Кодты есімі алфавит бойынша беріледі.
Қазіргі таңда операциялық жүйенің 10 нұсқасы шығып үлгерді және біреуі әзірлену үстінде. Соңғы нұсқасы - 4.0 Ice Cream Sandwich (Брикеттегі балмұздақ).
2005 жыл:
шілде - Google компаниясы Android Inc. компаниясын сатып алды;
5 қыркүйек - мобилді құрылғыларға арналған ашық стандарттар жасау мақсатында құрылатын Open Handset Alliance (OHA) компания тобының құрылуы жөнінде ресми хабарлады;
12 қараша - Android Early Look SDK жасаушыларына арналған алғашқы нұсқаның пакеті көрсетілді әрі жүктеуге ұсынылды.
2008 жыл:
18 тамыз - OHA SDK 0.9 beta жаңа нұсқасы шыққаны туралы хабарлады;
23 қыркүйек - Google компаниясы T-Mobile мобилді оператормен және тайваньдық HTC компаниясымен бірге жаңа Android 1.0 платформасының базасында жұмыс жасайтын T-Mobile G1 (HTC Dream) смартфон.
2007 жыл:
SDK 1.0, Release 1 жасаушысының алғашқы толыққанды пакетті шықты.
2009 жыл:
30 сәуір - жаңаланған Android 1.5 (Cupcake) нұсқасы ресми түрде шықты;
15 қыркүйек - Android 1.6 (Donut) нұсқасы шықты;
26 қазан - Android 2.0 (Eclair) нұсқасы шықты;
3 желтоқсан - Android 2.0.1 нұсқасы шықты.
2010 жыл:
12 қаңтар - Android 2.1 нұсқасы шықты. Кейбір деректер бойынша оны Flan деп атаған, бірақта бұл Eclair релизінің бір бөлігі болған;
мамыр - Android 2.2 (FroYo) нұсқасы шықты;
жетоқсан - Android 2.3 (Gingerbread) нұсқасы шықты.
2011 жыл:
22 ақпан - Android 3.0 (Honeycomb) нұсқасы шықты;
15 тамыз - Google компания Motorola Mobility директорлар кеңесімен телекоммуникациялық корпорацияны 12,5 млрд долларға сату жөніндегі келісімге отыра алды;
9 қыркүйек - Android 5.0 Jelly Bean туралы алғашқы сыбыстар естіле бастады;
19 қазан - Android 4.0 Ice Cream Sandwich нұсқасы шықты.
Android - бұл ұялы құрылғыларға арналған бағдарламалық стек, ол операциялық жүйеден, аралық қабаттағы бағдарламалық қамтамасыз етуден (middleware), сонымен қатар қолданушылық қосымшадан (e-mail-тұтынушы, күнтізбе, карталар, браузерлер, контакттер және басқалары) тұрады. Android архитектурасы 2.6 нұсқадағы Linux ядросының негізінде құрылған. Ол қауіпсіздікті, жадыны, процесстерді басқару сияқты жүйелік қызметтерге жауап береді, желілік стек пен драйверлер үлгісінен тұрады. Бұған қоса, бұл ядро аппараттық деңгей мен бағдарламалық стектің қалған бөлігі арасындағы абстрактты қабат рөлін атқарады.
Иерархиялық жүйедегі келесі деңгей - CC++ тілінде жазылған кітапханалар. Медиа кітапханаларда (Media Libraries) негізгі форматтар мен кодектер қолдауы орналасқан, MPEG4, H.264, MP3, WMA, WAV, AAC, AMR, JPG, PNG-дан тұрады. Графикалық кітапханалар (3D Libraries) API OpenGL ES 3.0-ті қолдайды және аппаратты 3D-жылдамдатқыш қолдауын қамтамасыз етеді. Бір қосымшада бір уақытта екі- және үш өлшемді графиканы қолдануға болады [14].
Android-тың 1.6 нұсқасында жасаушылар Native Development Kit комплектін қосты Онымен linux-кітапхананың стандарттарына қарайласа отырып, CС++ тілдік жүйесіне арнап төменгі дәрежелі модулдер жазуға болады.
Java қолданба жәй жылдамдықпен жұмыс жасайды, сонымен қатар оперативтік жадты үлкен көлемде қажет етеді (соңғы жетіспеушіліктің орны толтырылуы мүмкін).
Google Play және де Google-дің басқа қызмет түрлеріне ену үшін телефон жасаушы компания міндетті түрде Google-мен мақұлданған келісім-шартқа отыру керек.
Кейбір шолушылардың айтуы бойынша, Android өзінің бәсекелесі Apple iOS-тан бірнеше қызмет түрлерінен алда болып тұр екен, мысалға: уеб-серфинг, Google Inc. қызмет түрлерімен бірлесіп жұмыс жасау және т.б.. Android жүйесі iOS жүйесіне қарағанда ашық түрдегі платформа болып табылады, сондықтан онда көп функцияларды қолдануға болады.
IOS пен Windows Phone 7-ге қарағанда Android-та Bluetooth-дің бір мезетте файлды жіберіп және алуға мүмкіндік беретін толыққанды жасалған торшасы бар.
Android аппараттарда дәстүр бойынша құжаттарды компьютерден телефонға тез арада тасымалдай алатын MicroSD-кардридері болады.
PC Magazine баспасы Android 4.0 Ice Cream Sandwich операциялық жүйесін Редакция қалауы аты жүлдемен марапаттады, олардың айтуынша, жаңа ОЖ платформаға көптеген жаңартулар әкелді, соның ішінде смартфон мен планшеттік жүйелер арасындағы айырмашылықты кетірген.
2012 жылдың маусым айында Ведомости газетінің хабарлауы бойынша, Android өзінің басты қарсыласын Apple-ді планшетті компьютерлер нарығында жеңе алған. Сарапшылардың айтуынша, бұл сырғудың себебі Apple-дің өз құрылығыларын шығаруды кешеуілдетіп жатуынан дейді.
Маңызды стектің бірі Android Runtime болып табылады, ол виртуалды Java-машинасы Dalvik-тен және ядроның кітапханалар жиынынан тұрады. Dalvik бірнеше қосымшалардың бір уақытта орындалуын қолдайды және арнайы .dex форматында файлдарды орындайды. Бұл аз жадылы құрылғыларға тиімді етіп жасалған [17].
Келесі деңгей - Application Framework (қосымша каркасы). Мұнда Android-тың уникалды артықшылығы болып табылатын Content Providers (деректер провайдері) сияқты компонентін ерекшелеп айтуға болады. Деректер провайдері ғаламтордағы ақпаратты телефон деректері -контакттық ақпарат немесе географиялық орналасуымен біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл жаңа функцияларды іске асыруға мүмкіндік береді.
Қосымша каркасы арқылы ғана өңдеушілер бір деңгей төмен жүйе компоненттерімен берілетін API-ге рұқсат алады. Оның үстіне, деректер әр түрлі қосымшалармен бірге қолданыла алады. Әрбір қосымшаның негізінде жатқан және фреймворктың бөлігі болып табылатын қызметтер мен жүйелердің базалық жиынтығына келесілер кіреді:
1 Қосымшалардың визуалды компоненттерін жасау үшін қолданылатын кеңейтілген және бай көріністер жиынтығы (Views), мысалы, тізімдер, мәтіндік жолдар, кестелер, батырмалар және тіпті кірістірілген web-браузерлер.
2 Бір қосымша басқа қосымшалардың өзінің жұмыс жасауына пайдалана алатындай ашып беретін деректерді басқарушы контент-провайдерлер (Content Providers).
3 Кодтан тұрмайтын ресурстарға рұқсатын қамтамасыз ететін ресурстар менеджері (Resource Manager), мысалы, жолдық деректерге, графикаға, файлдарға, басқаларына.
4 Хабарлау менеджері (Notification Manager), бұның арқасында барлық қосымшаларда қолданушы үшін қалып-жағдай жолында жекелеген мәлімдемелерді көрсете алады.
5 Әрекеттер менеджері (Activity Manager) қосымшаның өмір сүру кезеңін басқарады, әрекеттермен жұмыс тарихы жайында деректерді сақтайды, сонымен қатар жүйеге ол бойынша бағыттауға мүмкіндік береді.
6 Тұрғылықты орын менеджері (Location Manager), қосымшаларға құрылғының ағымдағы географиялық жайы жайында жаңартылған деректерді алып отыруға мүмкіндік береді.
Бағдарламалық стектің ең жоғарысында қосымшалар (Applications) деңгейі жатыр. Android қосымшасының құрылымы компоненттерді өзімізге қажеттілігі бойынша қолдануға және алмастыруға мүмкіндік береді. Бұл компоненттер Android API-дан тұратын жоғары деңгейлі Java-класы болып табылады [13].
Android тарихы 2003-жылдың қазанында, Эндри Рубин бірнеше жолдастарымен мобильдік телефондарға операциялық жүйе құруды шешкенінен басталды. Олар уақыт пен нарықты басып озды, бірақ, кейіннен жеке ОЖ құру идеялары іске аспады. Үлкен құпия түрде жұмыс істеген Android Inc компаниясын алда құлдырау күтті, компания ақшасы жылдам уақытта бітіп, мүмкін потенциалды инвесторларды тарту мумкін болатындай нәтиже бермеді. Бұл құпиялық компания жұмсына кері әсерін берді. Эндри Рубиннің сұхбаттарынан компания GPS пен мобильдік телефондармен қатысы бар қызмет қосымшаларымен жұмыс жасып жүргені белгілі болы. Бір сөзбен айтқанда, түсініксіздік кесірінен бұл жоба инвесторлар тарапынан қызығушылық туғызбады.
2005-жылдың жазында компания ақшасы бітті. Бірақ, компанияға іздеу алыбы - Google қызығушылық танытты. 2005-жылдың 17-тамызында компания толығымен Google-дың қоластындағы компанияға айналды. Энди Рубин командасы Google кеңсесінен орын алып жұмысқа кірісті. 2005-жылдың жазында Android стратегиясы қайта анықталып, телефон өндіруші компанияларға не ұсына алатындығы қарастырылды. Oracle және Google компаеиялары арасындғы соттығ арқасында бізге android платформасына қатысты жоспарларға байланысты презентациялар қолжетімді болды.
Презентецияда 2006-жыл 26-тамыздан бастап платформа ашық (open sourse), Google қызметтеріне негізделген болуы айтылады. Титулдық слайд ретінде Google картасы орнатылған ашылып-жабылғыш мобильдік телефон суреті кірістірілген (сурет 2).
GPS пен мобильдік телефондармен қатысы бар қызмет қосымшаларымен жұмыс жасып жүргені белгілі болы. Бір сөзбен айтқанда, түсініксіздік кесірінен
Минималды техникалық сипаттамалары - процессор ARMv9 жиілігі 200 Мгц кем емес, GSM қамту (3G болуы міндетті емес), минималды жедел жады көлемі 64 мб, 64 мб флеш-жады, miniSD жады картасына арналған орын. Камера үшін арнайы батырма және оның өлшемі 2 магапикселден кем емес. Экран өлшемі 240x320 нүктеден (QVGA) кем емес, көрсетілуі 262000 түстен көп. GPS, Wi-Fi, Bluetooth 1.2 сияқты сымсыз стандарттар қарастырылған. Негізгі талап - екі софт-батырманың болуы. Бұл ешкім сенсорлы экранды қолдануды жоспарламағын білдіреді.

Сурет 2. Google картасы орнатылған ашылып-жабылғыш мобильдік телефон суреті

Бұл уақытта Google (бұрынғы Android Inc) компаниясында ешқандай телефондар прототиптері болмады. Олар бағдарламалық код және стратегия құрумен айналысты. 2006-жылы телефонның аппараттық өамтамасына алғашқы талаптар құрылды. Google-дағы бағдар ретінде Blackberry смартфондары алынды. Ешқандай құрылғыда сенсорлы экран болмады, барлық телефондар орнатылған QWERTY-пернетақталармен жұмыс істеді. Бірақ, пішін-факторымен ерекшеленді (сурет 3).
Минималды техникалық сипаттамалары - процессор ARMv9 жиілігі 200 Мгц кем емес, GSM қамту (3G болуы міндетті емес), минималды жедел жады көлемі 64 мб, 64 мб флеш-жады, miniSD жады картасына арналған орын. Камера үшін арнайы батырма және оның өлшемі 2 магапикселден кем емес. Экран өлшемі 240x320 нүктеден (QVGA) кем емес, көрсетілуі 262000 түстен көп. GPS, Wi-Fi, Bluetooth 1.2 сияқты сымсыз стандарттар қарастырылған. Негізгі талап - екі софт-батырманың болуы. Бұл ешкім сенсорлы экранды қолдануды жоспарламағын білдіреді.
2006-жылдың аяғында Google үшін маңызды жоспар ішіне телефондар өндіретін серіктес табу кірді. Motorola компаниясы бұндай серіктес бола алмайды, себебі, RAZR-мен бірге үлкен сатылуды бастан кешірді. Бірақ бірнеше айдан кейін компания құлдырауға ұшырады. Google-да NOKIA компаниясы серіктес ретінде қарастырылмады. Компания өте үлкен және ODM моделі бұл өндірушіні қолдамады. Сол сияқты RIM-мен серіктестік үшін де жол жабық болды. Компания өз модельдерін құрумен айналысты, өз құрылғыларының көшірмесін өндіруден бас тартты. Сонымен, ешқандай компания Google компаниясының жетістікке жететіндігіне сенбеді.
Google-да қатаң ішкі тәртіп қалыптасты, 3-4 ай ішінде құрылғы прототипін алу, 2007-жылдың 1-шілде мен 31-тамыз аралығында сертификациялау талабы қойылды. Android ОЖ-нің алғашқы іске қосылуы 2007-жылдың күзіне жоспарланды. Негізгі міндет телефон өндіретін серіктес табу болды

Сурет 3. Blackberry смартфоны

Google-да қатаң ішкі тәртіп қалыптасты, 3-4 ай ішінде құрылғы прототипін алу, 2007-жылдың 1-шілде мен 31-тамыз аралығында сертификациялау талабы қойылды. Android ОЖ-нің алғашқы іске қосылуы 2007-жылдың күзіне жоспарланды. Негізгі міндет телефон өндіретін серіктес табу болды.
Android командасы 2007-жылдың басында бірден улкен екі проблеммаға тап болды. Біріншісі - телефон шығаратын серіктестің жоқтығы. Екіншісі - АҚШ нарығында сенсорлы телефондардың қажеттілігі кезінде Apple iPhone пайда болуы.
HTC компаниясымен келісім кезінде компания жаңа платформаға қызығушылық танытып, нар тәуекелге баратындығы белгілі болды. Сонымен қатар HTC инженерлері қысқа уақыт ішінде Google-ға қажетті прототиптер құруға дайын болды. 2007-жылдың сәір айында Android прототипті алғашқы құрылғылар пайда болып, олардың саны өсе бастады. Бұл құрылғылар сенсорлы экрандарсыз QWERTY-смартфондар болды.

1.3.1. Android ОЖ-нің 2005-2007 жылдардағы эволюциясы

Android командасында 2006-жылдың бірінші жартысы интерфейс прототипін құрып, Google қызметтерімен байланыстыру жұмыстарына кетті. Бұл уақытта ОЖ қарапайым сенсорлы смартфондарға арналып құрылды (сурет 4).

Сурет 4. Android телефондарға арналған алғашқы интерфейс

Бұл ОЖ интерфейсі ДК-дегі эмуляторларда жұмыс істеді, яғни, нағыз протатиптерде қолданылмады
Жарық көрген Android-тың алғашқы нұсқаларына тоқталайық:
oo Google Sooner - HTC жобасы (сурет 4). Алғаш көзге түсетіні - сенсорлы экранның жоқтығы. Модель Android-тың алғашқы нұсқаларына негізделіп құрылған. Бұл құрылғы референсті болып құрылды, құрылғыда Google ішінде бағдарламалар, ОЖ тестілеу жүргізілді. Стивен Тротон-Смит блогында ОЖ-нің 2007-жылдың 15-мамыр кезіндегі құрылым моделі сипатталады. Android M3 алғашқы нұсқасы 2007-жылдың қарашасында ғана жарияланды. Бұл ОЖ нұсқасы бізге танымал нұсқалардың ішіндегі ең ескісі болып табылады.
HTC компаниясының ішінде модель HTC EXCA 300 деп аталды, ал, Google-да Sooner деген атауға ие болды. Техникалық сипаттамалары толығымен 2006-жылғы Android нұсқасына сәйкес болды. TI OMAP 850 платформасы қолданылды, 64 мб жедел жады, экран 240x320 нүктеден тұрды, 1.3 мегапиксельді камера қолданылды. Wi-Fi, 3G және miniSD-ға арналған орын қарастырылмады.

Сурет 5. Google Sooner

Бұл ОЖ нұсқасы бір жылдан аз уақыт өте құрастырылған ОЖ-сі арасында өте үлкен айырмашылық болды. Google-да жедел іздеу қызметі телефонның негізгі функциясына айналды (сурет 6).

Сурет 6. Google іздеу қызметі

Home батырмасы қосымша жарлықтарынан тұратын жолақты шақыруға жауап берді. Бұл жолға өз қосымшаларымызды қосуға мүмкіндік болды (сурет 7).

Сурет 7. Қосымша жарлықтарынан тұратын жолақты

oo M3 және M5 - Android нұсқалары. Apple iPhone-ның пайда болып, сенсорлы экранды телефондарға сұраныстың көбеюіне байланысты ескі нұсқалармен жұмысты тоқтату қажет болды. 2007-жылдың екінші жартысында M3 нұсқасы жарыққа шықты. 2008-жылдың басында M5 нұсқалары пайда бола бастады.
2008-жылдың қыркүйек айында 1.0 нұсқасын жариялау үшін, тамыз айында 0.9 нұсқасы құрастырылды. 2008-жылдың 22-қарашасынан бастап АҚШ-та T-Mobile операторы сенсорлы экранды алғашқы Android-смартфон HTC Dream сата бастады (сурет 8).

Сурет 8. HTC Dream (T-Mobile G1)

3.3. Android ОЖ және Android қосымшалардың жұмыс істеу приципі

Android ОЖ-не арналған қосымшалар негізінде Java бағдарламалау тілін қолданумен құрылады. Компиляцияланған код (барлық файлдық ресурстармен және т.б қажетті ақпараттармен бірге) AndroidPackage арнайы файлдық мұрағатта жинақталады. Бұл файл кеңейтілімі *.apk болып табылады aapttool арнайы утилитасымен жинақталады. Осы файл қосымша түрінде мобильді құрылғыға жүктеледі. Үнсіз келісім бойынша әр бағдарлама Linux ядросымен басқарылады. Осылай қосымша коды балық баска қосымшалардан жекеленіп орындалады. Android процессті қандай да бір кодты орындау қажеттілігі туғанда ғана іске қосып-өшіреді. Үнсіз келісім бойынша әр қосымшаға өзінің бірегей қолданушы ID Linux-сі меншіктеледі. Қолжетімділік құқығы қосымша файлдары осы қолданушыға және берілген қосымшаға ғана көрінетіндей болып орнатылады. Бірақ оларды басқа қосымшаларға экспорттау әдістері бар. Мысалы, бір қолданушы ID-ін екі қосымшаға қолдану мүмкіндігі бар. Бұндай жағдайда қосымшалар бір-бірінің файлдарын көре алады. Жүйелік ресурстарды үнемдеу мақсатында, бірдей ID-лі қосымшалар арасында бір Linux-процессте, бір виртуалды машинада іске асыруға келісуге болады [4,11,17].
Android Guideline - мобильдік қосымшалардың дисплейіның өлшемдері кішкентай болып шектелген. Шет жақтағы бағдарлама шығарушылар ілесетіндей етіп операциондық жүйе шығарушылар, сараптамашылар тобы әрбір мобильдік платформаларға арнайы ережелер шығаруда, осы ұсыныстардың барлығы guideline деп аталады. Осындай басқарулар элементтердің қосымшадағы нақты немесе шамамен өлшемдерін, орын ауысуын, өзара қарым-қатынастарын регламенттейді. Гайдлайндар операциондық жүйе бір принцип бойынша құралу үшін және ал қолданушы әртүрлі қосымшамен жұмыс жасай отыра өз мақсатына жету үшін бір алгоритмге сүйенуі үшін қажет. Бұл бағдарлама шығарушылардың мүмкіндігі шектелген деген мағына емес, керісінше бағдарлама шығарушылардың жұмысын оңайлатады және қосымшалар қолданушыларға түсінікті және қолжетімді болады. Әрине әрбір операциондық жүйенің экран өлшемдері және аппарат түзілістері әртүрлі болып келеді. Blackberry телефоны көбінесе физикалық клавиатурамен қамтамасыздандырылған, ал Android базасындағы телефондар физикалық және сенсорлық домой, меню, назад және поиск батырмаларына ие. Ал Apple компаниясының телефондары қосымшаны жабуға және жұмыс үстеліне қайтуға арналған тек бір батырмаға ие. Бұл бөлімде Android операциондық жүйесінің ерекшеліктері және сәйкесінше гайдлайнның соңғы нұсқалары қарастырылады. Телефон дисплейіндегі нақты орын жүйелік панельге жатады: жүйелік трей және навигация панелі.
Жүйелік трей - экранның оң жақ төменінде сағат орналасқан кішкентай ғана аумақ. Статус панелінде құрылығының жағдайы, сағат, навигациялық құрылғылар және де қолданушыға жаңа хабарлама немесе жаңалықтар жайында хабарлап тұратын кішкентай иконкасы көрсетіліп тұрады. Навигациондық панель жүйеге стандартты домой, назад және іске қосылған қосымшалар батырмаларын көрсетіп тұрады. Ерте шыққан телфон модельдеріне арналған Android-тың ескі нұсқаларында навигация панелі домой, меню, назад және поиск физикалық батырмалар түрлеріне ие, сейкесінше бұлар дисплейде көрсетілмейді. Ереже бойынша, жүйелік панельдер қосымшамен біруақытта көрсетіледі, қосымша графикалық бөлікке ие болса, сурет немесе бейне сияқты,қолданушыға бөгет келтірмеу үшін панельді уақытша жасыруға болады.
Android-тың 4.0 нұсқасынан бастап, экранның төменінде орналасатын іс-әрекет панелі пайда болды. Оның құрамында аса маңызды іс-әрекет жасауға арналған батырмалар бар. Маңызы төмен іс-әрекет батырмалары меню астына кетеді, сәйкесінше иконкаға басылған кезде шақырылады. Физикалық батырмалары бар телефондарда меню батырмасын баса отыра екінші реттегі іс-әрекетті шақыруға болады. Бұл басқару принципі Android 3.0 және одан жоғары базалардағы телефондарға жазылған қосымшаларға өзекті. Android 2.3 және одан төмен виртуалды навигациялы панелі базасына арналған қосымшаларда сурет көрсетілу барысы басқаша: меню батырмасы іске қосылған мұндай қосымшалармен жұмыс жасау барысында навигацияның виртуалды панелінің иконка пайда болады, қол тигізсе қалқу мәзірі пайда болады. Жаңа нұсқада сонымен қатар ым жүйесі өзгертілген, мысалғы, объектіге ұзақ уақыт басып тұру, объектімен контексттік қимыл таңдауын көрсететін, енді деректер таңдауға қолданылады, ал контексттік панель таңдалған деректермен басқарылып жатқан қимылды таңдауға мүмкіндік береді. Қолданушымен кері байланысты анимацияланған заставка көмегімен іске асыруға болады. Жаңа экран немесе файл жүктеліп жатқан кезде, батырмаларға тиген кезде олар түс ауысу іс-қимылымен әсерін беруі керек. Осының көмегімен қолданушы қандай батырмаға басқанын біліп отырады. Қолданушы төменге немесе жоғарыға дейін айналдырып апарса және ары қарай жол болмаса, егер экран сәйкесінше жоғарыға немесе төменге секіріп жатса, бұл қолданушыға ары қарай жол жоқ екенін түсіндіреді. Жасалып жатқан интерфейс ұзындығы және ені бойынша оңай созылуы тиіс, ол әртүрлі құрылғыларда қолдануға ыңғайлы болады. Егер ол мүмкін болмаса, әртүрлі экрандарға әртүрлі нұсқалар жасап шығарылуы тиіс. Әртүрлі экрандарға арналған интерфейс жасаудың 2 алгоритмі бар: тип өлшеміне сәйкес макет жасап шығару(medium size, MDPI) және соны керек болғанынша созу, немесе ең үлкен өлшемнен бастап, керек өлшемге кішірейтіп макет жасау.

3.4. Android қосымшасы компоненттері

Android жүйесінің ерекшелігі қосымша өз функциялары үшін, қолжетімділік болған жағдайда басқа қосымшалар элементтерін қолдана алады. Мысалы, егер біздің қосымшаға айналдырып көруге болатын суреттер тізімі керек болса, ал, басқа қосымшада бізге керек скроллер бар болса, оны басқа қосымшадан шақыруға болады.
Android -қосымшаларда компоненттердің төрт түрі бар:
oo әрекетшілдік (Activity);
oo қызмет (Service);ө
oo кең таратқыштық мақсатты қабылдағыш (Broadcast Recevier);
oo контент-провайдер (Content Provider).
Android операциялық жүйесінің қызықты қырларына факт ретінде, егер, әрине, олар осындай рұқсат ұсынса, ондағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының жазу тарихы
Қазақ жазуының бастаулары
Зерттеу жұмысының гипотезасы қазақ жазуының даму тарихын көрсете отырып, жазудың маңызы мен бүгінгі қызметін көрсету
Латын әліпбиінің жаңа замандағы тиімділігі
Жазудың шығу тарихы
Түркі тілдес мемлекеттердің латын графикасына көшуінің маңызы туралы
Латын әліпбиін оралу идеясының маңыздылығы мен ұтымды тұстары
Латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары
Араб жазуын орыс жазуына алмастыру
Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережесі
Пәндер