Мектеп оқушыларының қарым - қатынас негіздері


Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
«» 20__ж.
5В012300 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»
мамандығы бойынша
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қарым-қатынас арқылы мектеп оқушыларының
өзін-өзі тәрбиелеу ерекшеліктері
Орындаған: Қадырбек А. А.
Ғылыми жетекшісі:
п. ғ. к., профессор Албытова Н. П.
Нұр-Сұлтан 2019
Л. Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасы
5В012300 - әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
Шалғынбаева Қ. Қ
«___» 20__ ж.
Мазмұны
Кіріспе . . .
Негізгі бөлім
- Мектеп оқушыларының қарым-қатынас негіздері . . .
- Бастауыш мектеп оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуі . . .
- Қарым-қатынас арқылы оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіншіліктері . . .
Тәжірбиелік бөлім
2. 1 Анықтау . . .
2. 2 Қалыптастыру . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер . . .
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының өз азаматтарының алдындағы негізгі міндеті болашақта елдің қарқынды дамуын қамтамасыз етуге қабілетті азаматтардың еркін өзіндік дамуы мен қалыптасуына ықпал ету болып табылады. Адам тұлғасының өзін-өзі бағалауын және адами құндылықтардың басымдылығын бекіту бүгінгі күні әлемде басты назарда. Сол себептен де Қазақстан Республикасының Конституциясында өскелең ұрпақты өмірге дайындауға ерекше көңіл бөледі. [1] Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты мақсаты білім алуға қолайлы жағдай жасау, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік бағыт алуына жағдай жасау болып табылатыны көрсетіледі. [2]
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бастауыш мектеп бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін дамытуға бағытталуы тиіс екендігі көрсетіледі. Бастауыш мектепте оқыту мен тәрбиелеу оқу іс-әрекетінде оң мотивация мен іскерлікті қалыптастыруға бағытталуы тиіс. [3] Қоғам бастауыш мектеп алдына тұлғаның жеке бас тәрбиесін ізгілендіру міндеттерін қояды. Білім беру мазмұнын жаңғырту және оқыту әдістері мен құралдарын жаңарту жаңа педагогикалық ізденістердің негізі болып табылады. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында тәрбиенің міндеттері айқындалған, олардың ішінде азаматтық тәрбиеге, өзіндік тәрбиелеуге, патриотизмге, интеллигенттікке, тұлғааралық қарым-қатынасқа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздерді, салт-дәстүрді, ұлттық тарихты құрметтеуге тәрбиелеу ерекше маңызға ие. [4]
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауының он жетінші бағытын - Бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату деп атап, онда: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек, - деп көрсетті. [5] Ал мұны өз кезегінде білім беру саласында түбегейлі өзгерістер жасаудың алғы шарты деп атауымызға негіз болады. Өйткені, әлемдік білім кеңістігіне енуге байланысты білім саласында жүріп жатқан реформа осының айғағы. Мұның өзі ұлттық білім үлгісін жасауды талап етіп, оның негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігі және іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау болып табылады.
Тұлғаның жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуі, өзін-өзі жан-жақты дамытуыдың қаншалықты маңызды екендігі, жалпы айтқанда өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығы туралы мәселелер ұлы ғұламалар Ә. Фарабидан бастап, М. Қашқари, Х. Дулати, Ж. Баласағұн, А. Яссауи еңбектерінен көрініс алған.
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғааралық өзара қарым-қатынас мәселесін толық зерттеген шетел ғалымдары В. В. Абраменкова, И. В. Дубровина, Е. Е. Данилова, А. М. Прихожан, М. И. Лисина, В. С. Мухина, Я. Л. Коломинский, A. M. Прихожан, Е. О. Смирнова, И. С. Кон, Б. Г. Ананьев, В. Г. Утробина, Д. И. Фельдштейн, И. А. Зимняя, Л. Я. Гозман және т. б. [6; 7; 8; 9; 10; 11; 12; 13; 14; 15]
Тұлға дамуындағы қарым-қатынастың маңыздылығы жайлы жазған отандық ғалымдар Д. Кішібаев, Ә. Нысанбаев, Ұ. Сыдықов, М. Көпжасарова, С. Нұржанова, Қ. Жарықбаев, С. Б. Бап-Баба, Аймағамбетова, Бабаев, Майғаронова және т. б. [16; 17; 18; 19; 20; 21; 22; 23; 24] Қазақстандық әлеуметтанушылар Ж. Алтаев, Н. А. Аитов, А. И. Артемов, Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов, Қ. У. Биекенов, Г. Нұрышева және т. б. тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу кезіндегі бастысы шығармашылық іс-әрекетке бейімділігі екенін жаза отырып, оның әлеуметтенуімен байланыстыра қарастырған.
Баланың өзін-өзі тәрбиелеуі, өз бетімен іс-әрекет атқаруының маңыздылығы туралы шетел дидактика, педагогика, психологиясында жан-жақты зерттелді. Ең алғаш болып тұлғаның жеке бас ерекшеліктеріне мән беру керек екендігін, балаға еркін тәрбие беру арқылы оның өзін-өзі тәрбиелеудің шыңына жететіндігі туралы К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, Я. Корчак, Л. Н. Толстой практикалық тұрғыда зерттеп көрсеткен. [25; 26; 27; 28; 29] Қазақ даласында да бала тәрбиесінің маңыздылығ туралы, баланың дұрыс қалыптасуы үшін ортасының әсері туралы, баланың өзін-өзі тәрбиелеуі адамгершілік қасиеттерд бойына сіңіргенде ғана дұрыс іске асатындығы туралы ұлы ғұламаларымыз А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердіұлы өз заманында айтып кеткен. Олардың қалдырған тәрбие берудегі дана көзқарастары әлі күнге дейін өз маңыздылығын жоймаған. Ал, бастауыш сынып оқушысының тұлғасын қалыптастыруда бағыт-бағдар беруді тәрбиелеудің мазмұнына енгізген белгілі педагог М. Жұмабаев. Ұлы ғалымымыздың жолын жалғастырып, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуінің маңыздылығы туралы жазған отандық ғалымдар Т. Тәжібаев, С. Қ. Қалиев, Қ. Жарықбаев, К. С. Жұмасова, Таубаева, Н. Айғабылова, Дүйсенбаев, Б. Айтмамбетова, Ә. Жұмаханов, Ж. Ахметов, С. Әбенбаев және т. б. [30; 31; 32; 33; 34; 35; 36; 37]
Зерттеудің мақсаты:
- Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеудегі қарым-қатынас ерекшеліктерінің теориялық негіздерін нақтылап, оны іске асырудың әдіс-тәсілдерін ұсыну.
Зерттеудің міндеттері:
- Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас арқылы өзін-өзі тәрбиелеу әрекетінің теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындау.
- «Қарым-қатынас», «өзін-өзі тәрбиелеу» ұғымдарының мәнін ашып көрсету арқылы, « бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас арқылы өзін-өзі тәрбиелеу» ұғымына ғылыми анықтама беру;
- Бастауыш сынып оқушысының өзін-өзі тәрбиелеуде қарым-қатынастың негізгі ықпалын анықтау;
- Оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеудегі қарым-қатынас әдіс-тәсілдерін реттеу;
- Басауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас арқылы өзін-өзі тәрбиелеуінің ерекшеліктерін тәжірбиелік-эксперимент барысында дәлелдеу және ғылыми негізделген әдістемелік нұсқаулар беру.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу нысаны: Қарым-қатынас арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуі.
Зерттеу көздері ретінде зерттеу мәселесіне қатысты Отандық және шетел педагогтардың, социологтардың, психологтардың, философтардың тәрбие, тұлға, таным, даму, өзін-өзі тану және өзін-өзі тәрбиелеу, адамаралық қарым-қатынас, белсенділік, шығармашылық даму, оқыту мен тәрбиелеу, мотивация туралы ғылыми-зерттеу еңбектері, Қазақстан Республикасының ресми, нормативті құжаттары, (Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары ( Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, тәрбие тұжырымдамасы), бастауыш мектепке арналған оқулықтар, электрондық оқулықтар, білім беру мен тәрбиелеу туралы тұжырымдамалары, студенттің педагогикалық практика барысында жинақталған іс-тәжірбиесі алынды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Мектеп оқушыларының қарым-қатынас негіздері
Әлемде болып жатқан қарқынды даму тұлға дамуына барынша ықпал етуде. Қоғамда түрлі өзгерістер белең алып жатса да, адам капиталына, адамның тұлға ретінде өзіндік қалыптасуына, адам аралық қарым-қатынасына деген маңыздылық жойылған емес. Назекен бир созы керек.
Қарым-қатынас - көп жақты және көп функционалды құбылыс, оның сипаты өзара әрекеттесудің өзін анықтайды. Қарым-қатынасты қарастырудағы түрлі келістерді талдау негізінде қарым-қатынастың неғұрлым сәйкес стилі іс-әрекетшіл, демократиялық, достық стилі болып табылады. [9, 355] Ал, Нұржанова С. зертеуіне сәйкес: Қарым-қатынас - адамның рухани, қоғамдық, тұлғалық жағынан көрінуінің маңызды ортасы, түсіністікке қол жеткізу құралы. [18, 29]
Қарым-қатынас бүкіл әлемде белең алатын күрделі құбылыс. АҚШ-тың өзінде ғана осы проблемамен ондаған мың ғылыми қызметкерлер айналысады. Қарым-қатынасты зерттейтін арнайы орталықтар құрылған (мысалы, Карнеги орталығы) . Соның өзінде, осы уақытқа дейін «қарым-қатынас» түсінігінің өзін, оның салаларын, механизмдерін түсіндіруде бірлік жоқ. Әрине, зерттеушілердің түрліше, түрлі көзқарастар бойынша осы процеске түсініктеме беруі, оның түрлі моделін жасаулары, оны зерттеуде коммуникативтілік-ақпараттық, интерактивтік, іс-әрекеттік, т. б. түрлі келістерді ұсынулары орынды. [9, 361]
Адам арасындағы қарым-қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қайшылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жеккөрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны мен міндетіне тәуелді емес. [23, 84] Мысалы, бала өз ата-анасын жақсы көруі де, сыйламауы да мүмкін; күнде мектепке баратын бала бір мұғаліміне құрметпен қараса, екінші мұғаліміне жеккөрініштік танытуы.
М. И. Лисинаның зерттеуіне сәйкес, қарым-қатынас міндеті - мақсат, оған жетуге қарым-қатынас процесінде жасалынатын түрлі әрекеттер бағытталған. Қарым-қатынас міндетін ішкі және сыртқы жағдайлар анықтайды. Міндет, өз кезегінде, қарым-қатынас әрекетінің сипатын анықтайды. [14; 15]
Қарым-қатынасқа тез бейім ол балалар. Ынталы, энтузиазмга толы, шығармашыл, барлығын үйренуге асық бала қарым-қатынастқа түсу кезінде де белсенді. Өкінішке орай, көп жағдайда бала қоғам талаптарына сай болып қалыптасуы үшін ата-аналар өздерінің ықпалын көп түсіреді. Мысалға: Бала үстел басында шашып тамақ ішпеу керек, аулада ойнағанда үстін таза ұстауы керек, жолдан жүгіріп өтпе, сабақтан қалма т. с. с. Егер шамадан тыс шектеулер саны артса, бала өзін мүлдем жақсы көрмейтін болады. Баланың өмір сүруі адамдарға байланысты, сол себепті ол басқаларды зерттеумен болады: кімге бала сене алады, кімді бақылайды, кім онымен жақсы қарым-қатынаста болады, кім оны ұруға немесе мазақтауға тырысуда және т. б. Бала үлкендерге қарағанда адамдарды жақсы түсінеді. Үлкендер қанша адам психологиясын, бір көрген адамын зерттеу туралы қанша еңбек ақтарғанымен бала бұл тұрғыда басымырақ.
Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас стильдері ( Мухина В. бойынша) :
Бастауыш сыныптағы оқушылардың тұлға болып қалыптасу жолындағы алғашқы қадамдарға көптеген қарым-қатынас факторы ықпал етеді. Соның ішінде ересектермен (ата-анасы, пән мұғалімдері, сынып жетекшісі, тәрбиешісі), құрбы-құрдастарымен (сыныптастары) қарым-қатынастары, жаңа іс-әрекет түрлері (ойын, оқу) мектеп іс-шараларына қатысуы, жалпы ұжымдық ортаға енуі болып табылады. Оқушыда әлеуметтену процесі жүреді, ортаға ену барысында сол ортаның дағдыларын, жай-күй, мінезін (ұжым алдындағы жауапкершілік, көмек қолын созу, достық сезім және т. б. ) қалыптасады және орнығады.
Алғаш мектеп қабырғасын аттағанда баланың өмір сүру тәртібі толығымен өзгеріске ұшырайды. Бала ұжымдық қарым-қатынасқа түседі. Бұл ортаға дейінде бала ұжымдық ортада болған. (балабақша, ауладағы достары т. б. ) Бірақта мектептегі ұжымдық топ қатынасы ерекшеленеді. Бала ең бірінші оқушы статусын алады. Тапсырма берілгенде ұжымға деген жауапкершілік деңгейі бір дәрежеде болады. Ұжымдық қарым-қатынасқа түсуде әр бала әртүрлі белсенділік танытады. Бұл жағдайға себеп баланың жеке бас ерекшеліктері: бір бала ұялшақ, көптік ортаға үйренбеген, қарым-қатынас деңгейі тек үйдегі ата-ана, бауырларының айналасында ғана болуы мүмкін, ал енді бірі тым эмоцианалды, бірі өзін төмен ұстайды, басқасы керісінде тым асқақ, айналасына менсінбеушілікпен қарайды, бірі ашуланшақ, үйдегі шеттен тыс қамқорлық нәтижесінде ерке болуы. Жоғарыда көресетілген сипаттардың барлығы баланың қарым-қатынасқа тез түсіп кетуіне немесе қарым-қатынас орнатудағы қиындықтарға себеп болады.
Ең бірінші, отбасыдан жырақта әлеуметтік орта пайда болады. Ал балабақшаға бармаған балалар алғашқы балалар коллективін бастауыш сыныпта қалыптастырады. Мектепке балабақшадан келген бала болған күнде де, балалардың ортасында оның жағдайы бірден өзгереді: егер бала балабақшада бітіруші топ, жасы үлкен топқа жатса, мектеп табалдырығын аттағанда ең кіші бастауыш сынып оқушысы болып есептеледі. [13, 114] Бала сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсе отырып, үлкен өмірдің алғашқы сатыларына қадам жасайды.
Бастауыш мектеп оқушыларының тұлға болып қалыптасуында ең алғашқы бастама ол адамгершілік қасиеттерінің дамуы. Оған әсер бастауыш сынып оқушысының басқаларға деген сенімі, көнгіш мінезі, аңғалдығы, еліктеушілігі, қарым-қатынасқа тез бейімділігі.
Алғаш қатарластарымен араласа бастағанда, бастауыш сынып оқушысы өзіне тансық көптеген жайттарға тап болатыны белгілі. Бір-біріне ұқсамайтын әр түрлі балалар, мінездері де әр түрлі . . . Әрине, бәрімен достасқысы, сөйлескісі келеді, бірақ не екенін өзі де білмейді, ынғайсыз сезінеді. Бұл өзі қалыпты, әр балада болатын жағдай. Тек бұған дейін балаңыз үй ішінде үйреншікті адамдармен шектелетін, ол жерде еркелететін әжесі, әкесі, анасы, атасы бар. Ал, жаңа ортаға түскенде оларға дос табу керектігін сезінген бала қинала бастайды. [22, 1]
Бастауыш сынып оқушыларында көп таралған коммуникативтілік әрекет түрлері: бала өз қатарластарымен сөз таластырады, өзіндік көзқарасына сендіреді, талап етеді, бұйрық береді, жазалайды, алдайды, аяйды және т. б. Басқа балалармен қарым-қатынасқа түскенде, еліктіру, көзбояушылық, жасанды кейіп таныту, өзінің ренішін көрсету сияқты күрделі іс-әрекет түрлері пайда болады. Өз сыныптастарымен қарым-қатынас барысында балада 9-10 есе қатты экспресивті-мимикалық әрекеттер байқалады. Олар көп жағдайда баланың әр түрлі эмоционалды көңіл-күйін айқындайды: ашу ызадан шаттық-қуанышқа дейін, жұмсақтық мен мейірімділіктен қаһарлы, қырсықтыққа дейін . [11, 54]
Баланың қарым-қатынасқа түсу кезінде тек мектепте ғана емес отбасында да өзгерістер пайда болады. Баланың отбасындағы орны өзгереді: егер бала алдында тек кішкентай қыз немесе ұл, үйдің еркесі болып келсе, ал қазір ол - үйде маңызды тапсырмалары бар оқушы. Осыған сай үй үлкендерінің тарапынан балаға деген қарым-қатынаста өзгереді: жаңа ие болған әлеуметтік статусына байланысты оған жаңа міндеттер, атап айтатын болсақ, мектептің жоспарына сәйкес келетіндей күн тәртібін жоспарлап, орындау.
Баланың дамуы мен біліміне деген талап күшейе түседі, оның жетістіктері мен сәтсіздіктерін формальды бағалау пайда болады, ал ата-ана тарапынан үлгерім бағасына деген көзқарас туады. Осыған байланысты бала - отбасы мен мектеп секілді үлкен екі әлеуметтік институттың күрделі қарым-қатынасына түседі. [12, 88]
Баланың қоғамдық өмірмен белсенді қарым-қатынасқа түсу ауқымы кеңейе түседі. Бастауыш жасында бала тек мектепке барып қана қоймай, транспорт қолдану арқылы, басқа да әлеуметтік институттармен байланыс жасауы мүмкін. Мысалға, өнер мектебі, спорт мектебі.
Бастауыш мектеп жасында әлеуметтік қарым-қатынастың аумағы кеңейген сайын, күрделене береді. Әлеуметтік өмір бала үшін шексіз болып көрінеді, ал қарым-қатынас тереңдей, оның құрамы түрлене түседі.
Қарым-қатынасқа түсуге тек жас ерекшеліктері ғана емес, жыныстық ерекшеліктері де ықпал етеді. Тек 8% ұл балалар және 11% қыз балалар қарама-қарсы жыныстағы баламен дос бола алады. Топтық қарым-қатынаста адамдар саны бірінші сыныпта - 2-3 бала, ал төртінші сыныпта - 4-5 баланы құрайды. [38, 44] Нақты осы жаста бала өмірінде бауырмашылдық, басқа адамды сөзсіз қабылдау сезіміне негізделген өзара сүйіспеншіліктің негізінде әлеуметтік-психологиялық достық феномены пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz